Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Классному руководителю / Презентации / Презентация на тему "Жан-жақты сауаттылық"

Презентация на тему "Жан-жақты сауаттылық"


До 7 декабря продлён приём заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)

  • Классному руководителю
Жан-жақты сауатты болу үшін.... Жан-жақты сауатты және жоғары білімді адамның...
Жаңалықтарға құлақ түріп жүру Бұл ғасыр сіздің жаңалықтардан уақытылы хабарда...
Саясаттан хабардар болып отыру. Әр елдің билік органдары сол елдің азаматтары...
Заң білуі. Еліміздің ата Заңынан хабардар боп отырудың пайдасы мол. Сіз осы а...
Тегін білу Қазақ болғасын кез келген жерде бірінші тегіміз сұралады. Жеті ата...
Кітап оқу Кітап дегенде тек көркем шығармалар ғана емес, түрлі жанрлардағы ту...
Адамдармен араласу Мейлі ол адам сізше жаман не жақсы болса да, сіз онымен қа...
Тарихты білу Өзінің өткен тарихынан мақұрым адам болашаққа текке аяқ басып ке...
Мәдениетті болу Бұл заман-мәдениеттілікті қатаң талап ететін заман. Кез келге...
Назар қойып, тыңдағандарыңызға рахмет!
1 из 10

Описание презентации по отдельным слайдам:

№ слайда 1 Жан-жақты сауатты болу үшін.... Жан-жақты сауатты және жоғары білімді адамның
Описание слайда:

Жан-жақты сауатты болу үшін.... Жан-жақты сауатты және жоғары білімді адамның өзгеден сыйы жоғары екендігін мойындау керек. Еге сіз өз ісіңіздің нағыз маманы болсаңыз, бұл сізге әлі де аздық етеді. Бұл заман адамдардан өз кәсібінің білгірі ғана болуды талап етпейді. Нан тауып, қоғамда қысылмай жүру үшін білімнің керегі көп. «Кім айтты сізге: «Білім тек кітапта ғана» деп? Олай емес, білімді белгілі бір жерден оқып, түйіп ала салмау керек. Оны іздеу керек. Білімнің мекен-жайы белгісіз., бірақ оның бары анық. Сондықтан жан-жақты сауатты болуды бірге үйренейік.

№ слайда 2 Жаңалықтарға құлақ түріп жүру Бұл ғасыр сіздің жаңалықтардан уақытылы хабарда
Описание слайда:

Жаңалықтарға құлақ түріп жүру Бұл ғасыр сіздің жаңалықтардан уақытылы хабардар болып отыруыңыз үшін барлық жағдайды жасап қойған. Интернет бар, теледидар, газет-журналдар және бар. Әлемде және өз елімізде, тіпті өз өңірімізде болып жатқан түрлі жаңалықтардан ешқашан құр қалмауға тырысу қажет. Бұл арқылы ел танисың. Жер танисың. Теледидардан көрсетіп жатқан бейнежаңалықтар менғаламшарда орнап жатқан оқиғаларды интернетен тауып оқуды әдетке айналдырған дұрыс. Жаңалықтан хабары жоқ адам қоғамдық ортада өз орнын таппай ойсырап жататыны шындық.

№ слайда 3 Саясаттан хабардар болып отыру. Әр елдің билік органдары сол елдің азаматтары
Описание слайда:

Саясаттан хабардар болып отыру. Әр елдің билік органдары сол елдің азаматтары үшін жұмыс атқарып жүр. Заң шықса да, жаңарса да министрліктер бірігіп ажыраса да бәрі де халықтың қамын күйттеудің мақсатында жүріп жатқан іс. Сондықтан да сізді жоғарыдан басқарып отырған саясат алаңында не болып жатқандығын хабардар болып отыру керек. Саясаттағы жасалып жатқан әрбір қадам бізбен тығыз байланысты.

№ слайда 4 Заң білуі. Еліміздің ата Заңынан хабардар боп отырудың пайдасы мол. Сіз осы а
Описание слайда:

Заң білуі. Еліміздің ата Заңынан хабардар боп отырудың пайдасы мол. Сіз осы арқылы кез-келген жерде өз құқығыңыздың пайдасына қарай әрекет жасайсыз. Ненің дұрыс, ненің бұрыс екендігін біліп ажыратуға әдеттенесіз. Заң білген адам еш жерде ұмтылмайды. Көптеген адамдар Заңды білмеуінен көп жерден жеңіліс тауып жатады.

№ слайда 5 Тегін білу Қазақ болғасын кез келген жерде бірінші тегіміз сұралады. Жеті ата
Описание слайда:

Тегін білу Қазақ болғасын кез келген жерде бірінші тегіміз сұралады. Жеті атасын білмегенді жетесіз санайтын қазақ руынан басқа дәнеңені білмейтін адамды сауаттыға жатқызбайды. Кез келген азамат өзінің шыққан тегін, ата-бабасын және олардың жасаған ерліктерін біліп жүргені дұрыс.Өзінің қайдан шыққандығын және ата-бабасының қай рудың тумасы болғандығын білмеген азамат баласына тегі туралы қандай мәлімет бермек?

№ слайда 6 Кітап оқу Кітап дегенде тек көркем шығармалар ғана емес, түрлі жанрлардағы ту
Описание слайда:

Кітап оқу Кітап дегенде тек көркем шығармалар ғана емес, түрлі жанрлардағы туындылар мен шығармаларды назардан тыс қалдырмау керек. Кез келген шаңырақта кітап толы сөре болғаны жөн. Бұл сауаттылыққа жол ашады.

№ слайда 7 Адамдармен араласу Мейлі ол адам сізше жаман не жақсы болса да, сіз онымен қа
Описание слайда:

Адамдармен араласу Мейлі ол адам сізше жаман не жақсы болса да, сіз онымен қатынасыңызды үзуге асықпаңыз. Бастысы – жаманнан жиренуді, жақсыдан үйренуді тиімді пайдалансаңыз болғаны. Нашар адамдарды өзіңізді жақсартып, өзіңізді адам ету жолында пайдаланыңыз. Біреуді өзіңізге үлгі етуден бұрын, өзіңіз өзгеге қалай үлгілі болуды ойлаңыз. Қоғаммен тығыз байланысып, біз сабырлы, кешірімшіл болуды үйренеміз. Адамның адам болу жолында қоғамның ролі басымырақ.

№ слайда 8 Тарихты білу Өзінің өткен тарихынан мақұрым адам болашаққа текке аяқ басып ке
Описание слайда:

Тарихты білу Өзінің өткен тарихынан мақұрым адам болашаққа текке аяқ басып келе жатқандығын білуге міндетті. Біздің артымызда жаңғырып жатқан талай тарих бар. Бүгінгі жету үшін заман талай кешені артқа тастап, талай уақытпен қоштасты. Әр сағатта әр минутта тұніп тұрған тарихтың бары шындық. Өткен тарихтан хабары бар адамның кез келген ортада сыйы көрініп тұрады. Тарихты тану-өзіңді тану. Тарихты білмесеңіз өзіңіздіөзіңіз әлі таппай жүрген екенсіз.

№ слайда 9 Мәдениетті болу Бұл заман-мәдениеттілікті қатаң талап ететін заман. Кез келге
Описание слайда:

Мәдениетті болу Бұл заман-мәдениеттілікті қатаң талап ететін заман. Кез келген ортаның мәдениетін сақтайтын және өз бойындағы әдептілік пен мәдениетті ұялтпайтын адам сауаттыға саналмай қайтсін? Сіздің әр жасаған әрекетіңіз бен аузыңыздан шыққан сөзіңіз сіздің қаншалықты мәдениетті екендігіңізден хабар беріп тұратынын ұмытпаңыз. Мәдениетті үйрену өзінше бір мектеп. Адам болғасын мәдениеттіліктің адамның бойында болуы керек-ақ дүние.

№ слайда 10 Назар қойып, тыңдағандарыңызға рахмет!
Описание слайда:

Назар қойып, тыңдағандарыңызға рахмет!


57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)

Краткое описание документа:

Бұл презентация қыркүйектің алғашқы апталарында өтілген тәрбие сағатында қолданылды. Презентацияның балаларға берері мол. Оқушылар жан-жақты сауаттылықтың мағынасын түсінеді. Өз ой қорытындыларын шығарып, болашақта пайдалануға дағдыланады. Қосымша коучинг түрінде өтсеңіз қосымша материал ретінде пайдалансаңыз тәрбие сағатыңыздан алар тәрбие мол екенін ұғасыз.

Автор
Дата добавления 12.06.2015
Раздел Классному руководителю
Подраздел Презентации
Просмотров188
Номер материала 304916
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх