Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Биология / Презентации / Презентация на тему "Жұмыр құрттар"

Презентация на тему "Жұмыр құрттар"


  • Биология

Поделитесь материалом с коллегами:

Тақырыбы:Жұмыр құрттар типіне жататын жәндіктердің негізгі ерекшеліктері Жам...
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға жалпақ құрттарды естеріне түсіре отырып,жұмыр құ...
Күтілетін нәтиже: - Сынып оқушыларының ой-өрісі жетіледі. - Сыни ойлау арқыл...
І.Ұйымдастыру кезеңі: а)оқушылармен сәлемдесу. Түстер бойынша топқа бөлу.Топ...
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.Миға шабуыл 1.Жалпақ құрттар қалай көбейеді? 2.Сірқ...
1.Суретке қарап құрттарды ата
Жұмбақтар 1)Төрт сорғышпен қармақшалар басында, Етпен бірге қосылады асыңа, Ш...
 Жалпақ құрттар типінің кластарын ата
Жалпақ құрттар типінің кластарын ата Кірпікшелі құрттар Сорғыш құрттар Таспа...
Ойланып сұрақтарға жауап бер 1.Әбден пісірілмеген сиыр етін жеген адам қандай...
IIІ Жаңа сабақ Тақырыбы: Жұмыр құрттар типіне жататын жәндіктердің негізгі е...
Жұмыр құрттар Жұмыр құрттар- денесі буылтықтарға бөлінбеген,шұбаланқы, цилинд...
Денесі буылтықтарға бөлінбегендіктен бұл типке жататын құрттар жұмыр құрттар...
 ІV Электронды оқулық
V. Мәтінмен жұмыс. Рольдегі оқушылар “Оқы, жұптас, талқыла” І-топЖұмыр құртта...
VІ. Термин сөздермен жұмыс “Кір жаятын жіп” (глоссарий) Жіпшеқұртпен зақымдан...
VІІ. Семантикалық карта Жұмыр құрттар 	 Ішексорғы	 Қылқұрт	 Үшкірқұрт	 Жіпшеқ...
VІІІ.. Қорытындылау І-топ. Жұмыр құрттар типіне жататын құрттарды ата бауырсо...
ІІ-топ. Сөйлемдерді толықтыр 1.Жұмыр құрт деп атаймыз 2.Денесінің сыртынан қа...
ІІІ-топОйланып, сұраққа жауап бер. Жуылмаған таңқурайды жеген балада бір апта...
ІХ.Бағалау Х Үйге тапсырма Жұмыр құрттар типін қайталап оқу Жұмыр құрттар ти...
1 из 21

Описание презентации по отдельным слайдам:

№ слайда 1 Тақырыбы:Жұмыр құрттар типіне жататын жәндіктердің негізгі ерекшеліктері Жам
Описание слайда:

Тақырыбы:Жұмыр құрттар типіне жататын жәндіктердің негізгі ерекшеліктері Жамбыл облысы,Жуалы ауданы №30 Көктөбе орта мектебінің биология пәні мұғалімі Қалдасбекова Айшат

№ слайда 2 Сабақтың мақсаты: Оқушыларға жалпақ құрттарды естеріне түсіре отырып,жұмыр құ
Описание слайда:

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға жалпақ құрттарды естеріне түсіре отырып,жұмыр құрттар типіне жататын жәндіктерге түсінік беру. Міндеттері: Жалпақ құрттардың құрылысы,тіршілік әрекеттері туралы танысады. Ішексорғы, үшкір құрт, олардың құрылысы, тіршілік әрекеттері және адам мен жануарларға тигізетін пайда-зиянын талдауда теориялық білімдерін пайдаланады.

№ слайда 3 Күтілетін нәтиже: - Сынып оқушыларының ой-өрісі жетіледі. - Сыни ойлау арқыл
Описание слайда:

Күтілетін нәтиже: - Сынып оқушыларының ой-өрісі жетіледі. - Сыни ойлау арқылы психологиялық сенім қалыптасады Жұмыр құрттардың құрылысы, тіршілік әрекеттері және адам мен жануарлар үшін маңызын, пайда-зиянын талдай алады. Сабақтың түрі: Аралас сабақ. Көрнекілігі: Электронды оқулық,суреттер,маркер,постер,А3 форматты қағаздар

№ слайда 4 І.Ұйымдастыру кезеңі: а)оқушылармен сәлемдесу. Түстер бойынша топқа бөлу.Топ
Описание слайда:

І.Ұйымдастыру кезеңі: а)оқушылармен сәлемдесу. Түстер бойынша топқа бөлу.Топ басшысын сайлау.Бағалау парағын тарату.Критериймен таныстыру 1Тапсырманы толық орындауы,2.Сұраққа дұрыс жауап беруі 3.Оқушылардың дәлелді түсіндіруі.Әр тапсырмаға 2 ұпай беріледі. 8-10 ұпайға-5 6-7 ұпайға-4,4-5 ұпай-3,1-3 ұпай-2 ә)Психологиялық дайындық. Оқушыларды сабаққа дайындау. Сабақтың барысы:

№ слайда 5 ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.Миға шабуыл 1.Жалпақ құрттар қалай көбейеді? 2.Сірқ
Описание слайда:

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.Миға шабуыл 1.Жалпақ құрттар қалай көбейеді? 2.Сірқабық деген не?Ол қандай қызмет атқарады? 3Мүшелер жүйесі деген не,жалпақ құрттарда қандай жаңа жүйе пайда болған? 4.Сорғыш құрттар не себептен бауырсорғыш деп аталады? 5Энтопаразиттер,эктопаразиттер деп қандай жәндіктерді атайды? 6.Паразит құрттарды зерттейтін сала қалай аталады? 7.Жалпақ құрттардың денесі неше қабаттан тұрады? 8.Жалпақ құрттардан сақтану шаралары туралы не білесіңдер?

№ слайда 6 1.Суретке қарап құрттарды ата
Описание слайда:

1.Суретке қарап құрттарды ата

№ слайда 7 Жұмбақтар 1)Төрт сорғышпен қармақшалар басында, Етпен бірге қосылады асыңа, Ш
Описание слайда:

Жұмбақтар 1)Төрт сорғышпен қармақшалар басында, Етпен бірге қосылады асыңа, Шала піскен етті жесең байқамай, Қауіп – қатер туғызады басыңа. 2). Кірпікшелер көп денесін қаптаған, Су ішінде тыным тауып жатпаған, Екі құлақ, екі көзі тағы бар, Осы құрттың атын өзін тауып ал.

№ слайда 8  Жалпақ құрттар типінің кластарын ата
Описание слайда:

Жалпақ құрттар типінің кластарын ата

№ слайда 9 Жалпақ құрттар типінің кластарын ата Кірпікшелі құрттар Сорғыш құрттар Таспа
Описание слайда:

Жалпақ құрттар типінің кластарын ата Кірпікшелі құрттар Сорғыш құрттар Таспа құрттар

№ слайда 10 Ойланып сұрақтарға жауап бер 1.Әбден пісірілмеген сиыр етін жеген адам қандай
Описание слайда:

Ойланып сұрақтарға жауап бер 1.Әбден пісірілмеген сиыр етін жеген адам қандай паразит құртты жұқтырып алуы мүмкін. 2.Мысалы,бақша иелері отырғызған көкөністерін жақын маңдағы шалшықты судан суарады делік.Егер сол бақшадан алынған көкөністерді жақсылап жумай жесек,қандай паразит жұқтырып алуымыз мүмкін

№ слайда 11 IIІ Жаңа сабақ Тақырыбы: Жұмыр құрттар типіне жататын жәндіктердің негізгі е
Описание слайда:

IIІ Жаңа сабақ Тақырыбы: Жұмыр құрттар типіне жататын жәндіктердің негізгі ерекшеліктері

№ слайда 12 Жұмыр құрттар Жұмыр құрттар- денесі буылтықтарға бөлінбеген,шұбаланқы, цилинд
Описание слайда:

Жұмыр құрттар Жұмыр құрттар- денесі буылтықтарға бөлінбеген,шұбаланқы, цилиндр пішінді немесе ұршыққа ұқсас жәндіктер Құрсақ кірпікшелі құрт Зымырық Жіпше құрт Қылтыңбас Қылқұрт

№ слайда 13 Денесі буылтықтарға бөлінбегендіктен бұл типке жататын құрттар жұмыр құрттар
Описание слайда:

Денесі буылтықтарға бөлінбегендіктен бұл типке жататын құрттар жұмыр құрттар деп аталады Жіпшеқұрт-өсімдік тамырында ауру тудыратын паразит жәндіктер Шаруашылыққа зияны көп Мөлшері 1мм-ден аспайды Жіпшеқұртпен зақымданған қант қызылшасы

№ слайда 14  ІV Электронды оқулық
Описание слайда:

ІV Электронды оқулық

№ слайда 15 V. Мәтінмен жұмыс. Рольдегі оқушылар “Оқы, жұптас, талқыла” І-топЖұмыр құртта
Описание слайда:

V. Мәтінмен жұмыс. Рольдегі оқушылар “Оқы, жұптас, талқыла” І-топЖұмыр құрттардың ерекшеліктері,қылтыңбас,зымырақ. ІІ-топҮшкірқұрт,жіпшеқұрт ІІІ-топІшексорғы,қылқұрт,суыртқы

№ слайда 16 VІ. Термин сөздермен жұмыс “Кір жаятын жіп” (глоссарий) Жіпшеқұртпен зақымдан
Описание слайда:

VІ. Термин сөздермен жұмыс “Кір жаятын жіп” (глоссарий) Жіпшеқұртпен зақымданған қант қызылшасы

№ слайда 17 VІІ. Семантикалық карта Жұмыр құрттар 	 Ішексорғы	 Қылқұрт	 Үшкірқұрт	 Жіпшеқ
Описание слайда:

VІІ. Семантикалық карта Жұмыр құрттар Ішексорғы Қылқұрт Үшкірқұрт Жіпшеқұрт Тері-бұлшықет қапшығы Денесі сірқабықпен қапталған Адамға еш зияны жоқ, бунақденелердің денесінде паразиттік тіршілік етеді Шаруашылыққа орасан зор зиян келтіреді. Ішектің қабырғасына Қадалып,қан сорады

№ слайда 18 VІІІ.. Қорытындылау І-топ. Жұмыр құрттар типіне жататын құрттарды ата бауырсо
Описание слайда:

VІІІ.. Қорытындылау І-топ. Жұмыр құрттар типіне жататын құрттарды ата бауырсорғыш эхинококк ақ сұлама үшкірқұрт адам ішексорғысы қылтыңбас шошқа жармасқағы қылқұрт

№ слайда 19 ІІ-топ. Сөйлемдерді толықтыр 1.Жұмыр құрт деп атаймыз 2.Денесінің сыртынан қа
Описание слайда:

ІІ-топ. Сөйлемдерді толықтыр 1.Жұмыр құрт деп атаймыз 2.Денесінің сыртынан қапталған. 3.Денесінің үшінші қабаты қабаты. 4.Денесінің алдыңғы жағында орналасады. 5.Денесінің соңғы бөлігінде болады.

№ слайда 20 ІІІ-топОйланып, сұраққа жауап бер. Жуылмаған таңқурайды жеген балада бір апта
Описание слайда:

ІІІ-топОйланып, сұраққа жауап бер. Жуылмаған таңқурайды жеген балада бір аптадан соң жөтел басталып,өкпеге суық тигендіктің(күн жылы болатын)белгілері байқалады.Екі жарым айдан соң зертханалық сараптаманың нәтижесі балада паразит құрттардың жұмыртқасы бар екенін анықтады.Бұл қандай құрт болуы мүмкін?

№ слайда 21 ІХ.Бағалау Х Үйге тапсырма Жұмыр құрттар типін қайталап оқу Жұмыр құрттар ти
Описание слайда:

ІХ.Бағалау Х Үйге тапсырма Жұмыр құрттар типін қайталап оқу Жұмыр құрттар типіне жататын жәндіктердің пайда-зияны туралы әңгімелеңдер ХІ Рефлексия


Краткое описание документа:

Оқыту үрдісінде сабақтың білімділігін, мақсатымен қатар дамытушылық функцияларына, тәрбиелік мүмкіндіктеріне, өмірмен байланысына айрықша назар аударады.

Білімі – жоғары, 2005 жылы «Жаңа технологиялар және химия пәнінің оқыту әдістемесі» атты тақырыпта облыстық педагог кадрлардың білімін жетілдіру және қайта даярлау институтында өз білімін көтерді, куәлік берілді. 2009 жылы СТО әдістерін оқып арнайы сертификат алған. 2009 жылы интерактивті тақтаны қолдану туралы курс оқып, сертификат алған. 2011 жылы 12 жылдық білім беру аясында «Бағдарлы оқыту жағдайында білім алушылардың құзіреттілігін қалыптастырудың әдіснамалық негізі» тақырыбында облыстық педагог кадрлардың білімін жетілдіру және қайта даярлау институтында өз білімін көтерді, сертификат берілді.2012жылдан пән мұғалімінің авторлық бағдарламасы облыс көлемінде таратылуға ұсынылды.2013 жылы пән мұғаліміҚазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курсының бірінші(ілгері) деңгейін 3-айлық курсты бітірді.Пән мұғалімі Кембридж тәсілі бойынша сабақтар жүргізуде.Осы оқу жылыбірнеше халықаралық байқауларға қатысып сертификаттармен марапатталды.

Айшаттың бойында тапқырлық қасиеттері басым, кез-келген сабақ пен іс-шараларды ұйымдастыру қабілеті бар, мінезі ұстамды, еңбексүйгіш ұстаз. Шәкірттердің жүрегінежол таба біледі. Тұрмыста: 2 ұл, 3 қызы бар.

Мінездеме қажетті орынға берілді.

№30Көктөбе орта мектебінің химия

және биология пәнініңмұғалімі

Калдасбекова Айшатқа

Қызметтік мінездеме.

Калдасбекова Айшат мектепте 1987 жылдан беріеңбек етіп келеді.

Ол 2004 жылы ТарМУ – дың«Химия және Биология» факультетін бітірген. 2001 жылдан бастап биология пәнінің мұғалімі қызметін атқарып келеді. Ол ұжымда шығармашылық қабілетімен танылған, ізденімпаз, білімді де білікті, әрі жаңашыл маман. Химия - биология маманы. Оқушыларға сапалы білім берумен қатар, оларды шығармашылық, ғылыми жұмыстарға баулуға айрықша көңіл бөледі. Түрлі мектепішілік және аудандық, облыстық ғылыми-әдістемелік шараларға белсене атсалысады. Кәсіби біліктілігін арттыруға үлкен жауапкершілікпен қарайды. Қалдасбекова Айшат 2005 жылдан оқушыларды ҰБТ-ға дайындауда жоғары жетістікке жетіп, оқушылары жоғары оқу орнында грант иеленуде. 2005 жылы 5 оқушы ҰБТ-да тест тапсырып 80%, ал 2006 жылы 5 оқушы ҰБТ-да тест тапсырып 100 %, 2008 жылы 6 оқушы тест тапсырып 50%. 2009 жылы биология пәнінен 5 оқушы 80% , 2010 жылы 12 оқушы ҰБТ-да биология пәнінен 100%, 2011 жылы 5 оқушы тест тапсырып 100% білім сапасын көрсетті. 2012 жылы пән мұғалімі 13 оқушыны дайындаудады.100 % білім сапасын көрсетті.2013 жылыпән мұғалімі 1-алтын белгі,қалған 4-оқушыда 5-тік бағамен ҰБТ-да100 %,білім сапасын көрсетті. Сонымен қатар олеліміздің жаңа білім беру реформасы «12 жылдық білімберуге көшу» арқылы шығармашылықпен дамыған жеке тұлғаны қалыптастыруға белсене атсалысып жүрген, жаңалыққа жаны құмар, тәжірибелі де үздік ұстаздарымыздың бірі. Сонымен бірге Қалдасбекова Айшат 2006 жылдан бері бірлестік жетекшісі қызметін атқарып келеді. 2008 жылы ең үздік бірлестік жетекшісі байқауында ІІІ орын, 2011 жылы ең үздік бірлестік байқауында І орын иеленіп, еңбек кітапшасына алғыс жазылды. 2008 жылы оқушыларға сапалы білім, саналы тәрбие берудегі қажырлы еңбегі үшін аудандық білім басқармасының құрмет грамотасымен, 2009 жылы жасжеткіншектерді оқыту мен тәрбиелеудегі еңбегі үшін Нұр Отан ХДП алғыс хатымен, 2012 жылы VIII ші облыстық авторлық бағдарлама жұмысы үшін сертификатпен марапатталды. Көптеген мектепішілік және аудандық мақтау қағаздары бар. 2008 жылы биология пәні мұғалімдерінің II ші аудандық олимпиадасына қатысып жүлделі ІІ орынға ие болды. Биология пәнінен аудандық олимпиадаға қатысып оқушылары жүлделі орындарды иеленуде. 2010 жылы 9-сынып оқушысы Сағындық Ұлзана ІІІ орын,2011 жылы 10-сынып оқушысы Бастаубай Ақжан ІІ орын, 9-сынып оқушысы Әсілбек Боранкүл ІІІ орын, 2012 жылы 10-сынып оқушысы Ысқақ Анар ІІ орынды иеленді.

2010 жылы облыстық экофорумға ғылыми жоба «Экология және адам денсулығы» байқауына 8-сынып оқушысы Бастаубай Ақжанға ғылыми жетекші болып жұмыстары облысқа өтті. Аудандық «Экология және балалар» аттыоқушылардың зерттеу жұмыстары мен жобаларының аудандық экофорумға қатысқаны үшін пән мұғалімі алғыс хатпен марапатталды. Ал Бастаубай Ақжан ауданнан бірінші орын иеленіп, алғыс хатпен марапатталды.

Қалдасбекова Айшаттың жетекшілігімен мектепішілік ғылыми жоба байқауына Бастаубай Ақжан «Экология және балалар» І орын, Әсілбек Боранкүл «Витаминдер және олардың адам өміріндегі маңызы» ІІІ орын, Иманқұлова Жанат «Жуалы ауданының дәрілік өсімдектері» тақырыбында ғылыми жұмыс қорғап І орын иеленді. І орын иеленген оқушылар аудандық ғылыми жоба байқауына қатысты.

2012 жылы VIII ші аудандық «Ең үздік авторлық бағдарлама» байқауына қатысып, жұмыс облысқа өтті.Қалдасбекова Айшаттың «Жасыл дәріхана» атты авторлық бағдарламасы VIII ші облыстық «Үздік авторлық бағдарлама» байқауының қорытындысы бойынша облыс көлемінде таратылуға ұсынылды және сертификатпен марапатталды. Жұмысының нәтижесі облыстың Білім шуағы газетінде қаңтар айында жарияланды.

Қалдасбекова Айшат оқу үрдісінде оқушының логикалық ойлау және танымдық қабілетін арттыруға ықпал ететін ойындарды, интерактивті тақтаны, иллюстрацияларды, түсіндірмелі тірек-сызбаларды, электронды оқулықтарды ұтымды пайдаланады. Осының айғағы ретінде биология пәнінен «Витаминдер және олардың маңызы», «Тыныс алу мүшелері», «Иммунитет, қан құю, қан топтары», «Генетика және оның зерттеу әдістері», «Ашық тұқымды өсімдіктер» тақырыбындағы сабақтарын атауға болады. Өтілген сабақтар өте жақсы деп бағаланды.

Сонымен қатар «Білекті бірді, білімді мыңды жығар» атты интеллектуалды ойын, мектепішілік «Өз денсаулығың, өз қолыңда», «Зиянды әдеттер» тақырыбында дөңгелек үстелдер өткізіп, шәкірттерінің ойынан шығып жүр.

«Тәні саудың - жаны сау» атты тақырыпта өткізген тәрбие сағатының тәрбиелік мәні зор.

Автор
Дата добавления 24.04.2015
Раздел Биология
Подраздел Презентации
Просмотров2297
Номер материала 253472
Получить свидетельство о публикации


Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх