Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Доп. образование / Презентации / Презентация научной работы на тему "Сиыр малына қатысты сөздердің этнолингвистикалық сипаты"

Презентация научной работы на тему "Сиыр малына қатысты сөздердің этнолингвистикалық сипаты"


  • Доп. образование

Поделитесь материалом с коллегами:

Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде «мүйізді ірі қара мал; төрт түліктің бір...
Түркі жазба ескерткіштеріне көз салсақ, М.Қашқарида – інәк, сығыр, уй, уд ат...
Тана көз – мөлдіреп, жайнап тұратын үлкен көзді айтады. Мысалы, Малқар біреум...
Сиырдай мүйіздесті - өзара қырылысты, түртпектесті. Өзара ынтымағы, бірлігі,...
Сиырдың бүйрегіндей бытырады – бет-бетіне жан-жаққа тарап кетті, басы қосылма...
Сиыр мінез – сүйкімсіз қылық, көрінген нәрсеге орынсыз соқтыққанға айтылады....
Тағы да бір сиыр малын жағымсыз кейіпте көрсететін тұрақты тіркестің бірі – С...
Өгіз аяң – шабан жүріс, баяу қарқынды іс дегенді білдіреді. Мысалы, Ауылдан ш...
Өгіздей өкірді; өгізше өкірді – қатты айқайлап дауыс шығарды, бақырып жылады...
Мұрнын тескен өгіздей – кекесін, көнгіш, ырыққа ергіш, жуас дегенді білдіреді...
Жоғарыда келтірілген өгізге қатысты тұрақты сөз тіркестеріне көз жіберсеңіз,...
1 из 13

Описание презентации по отдельным слайдам:

№ слайда 1
Описание слайда:

№ слайда 2 Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде «мүйізді ірі қара мал; төрт түліктің бір
Описание слайда:

Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде «мүйізді ірі қара мал; төрт түліктің бірі» деген анықтама берілген (ҚТТС VIII т. 301 б.). Қарақалпақ, құмық, ноғай, татар тілдерінде – сиыр, Қырғызстанның оңтүстік аймағында – йинек, қазақтармен көршілес аудандарда – сиыр, жалпы қырғыз тілінде – уй, ұйғыр тілінде – сіиір, серә, кейде кала, түркімендерде – сығыр, сахаларда – ынах, туваларда – инек т.б. деп аталады.

№ слайда 3 Түркі жазба ескерткіштеріне көз салсақ, М.Қашқарида – інәк, сығыр, уй, уд ат
Описание слайда:

Түркі жазба ескерткіштеріне көз салсақ, М.Қашқарида – інәк, сығыр, уй, уд аталса, (ДТС 211, 502, 605, 606 б.), «Түркі-араб» сөздігінде сығыр, инек (78), «Аттуһфада» инек, сығыр (297, 373) т.б. Жинақтасақ, түркі жазба ескерткіштері мен қазіргі түркі тілдерінде бұл түлік атауы үш-төрт түрлі дыбыстық құрамда айтылатындығын байқауға болады. Сиыр атауының түп төркіні түркі тілдеріндегі сир, сири - сығу, сығып шығару, сауу мағыналарымен байланыстыруға болады. Яғни, сауатын мал, сығыр мал. Кейінірек мал сөзі түсіріліп, сығыр<сиыр түрінде қолданылған.

№ слайда 4 Тана көз – мөлдіреп, жайнап тұратын үлкен көзді айтады. Мысалы, Малқар біреум
Описание слайда:

Тана көз – мөлдіреп, жайнап тұратын үлкен көзді айтады. Мысалы, Малқар біреумен алысқандай ентігіп, терін сүртіп отырғанда Балқия енді. Әжімсіз ақ жүзінде, жайнаған тана көзінде сезік бар. Күйеуіне есіктен кіре қадаған көзін, жай жүріп келіп, жайласа отырып жатқанда да алған жоқ. (Ғ.Мұстафин)

№ слайда 5 Сиырдай мүйіздесті - өзара қырылысты, түртпектесті. Өзара ынтымағы, бірлігі,
Описание слайда:

Сиырдай мүйіздесті - өзара қырылысты, түртпектесті. Өзара ынтымағы, бірлігі, татулығы жоқ халық, әлеуметтік топ қолдағы барынан айрылады, бар байлығы ұстағанның қолында, тістегеннің аузында кетеді. Мысалы, Мүйіздескен сиырдай Байласаң бас жіп жетер ме? Еңбегің еш, тұзы сор, Қайратың селге кетер ме?

№ слайда 6 Сиырдың бүйрегіндей бытырады – бет-бетіне жан-жаққа тарап кетті, басы қосылма
Описание слайда:

Сиырдың бүйрегіндей бытырады – бет-бетіне жан-жаққа тарап кетті, басы қосылмады, берекесі кетті. Мысалы, Жүр, анда! Сиырдың бүйрегіндей бытырауға айналған екенбіз, тек арты қайырлы болсын! (С.Мұқанов)

№ слайда 7 Сиыр мінез – сүйкімсіз қылық, көрінген нәрсеге орынсыз соқтыққанға айтылады.
Описание слайда:

Сиыр мінез – сүйкімсіз қылық, көрінген нәрсеге орынсыз соқтыққанға айтылады. Ағаттық ісімізді білмедік пе? Көңілін бір нәрседен кірледік пе? Сықылды сиыр мінез жаман елміз, Орданың бір жеріне сүйкендік пе? (Ілияс Жансүгіров)

№ слайда 8 Тағы да бір сиыр малын жағымсыз кейіпте көрсететін тұрақты тіркестің бірі – С
Описание слайда:

Тағы да бір сиыр малын жағымсыз кейіпте көрсететін тұрақты тіркестің бірі – Сиыр құйымшақтатты. Бұл тіркестің мағынасы аяқсыз қалдырып, берекесіз етті, соңы сұйылып кетті дегенді білдіреді. Сонымен қатар, сиыр құйымшақтанып кетті деген нұсқасын да ұсынуға болады. Бұл тіркестің мағынасы – ол құр бос уәде беру, уәдесінде тұрмау дегенді білдіреді. Мысалы, Матайдың сөзінің басы таудай болса да, аяғы сиыр құйымшақтап келіп, қылдай болып кетті. (М.Ә.) Сағиттың жыртқыштығы әуелде осындай қатты түршігіп ызаланған хатшының екпінді сөзі мінезімен басталса да, кейін, тағы бірнеше күндер өткен соң, әлденеден бәсеңсіп, сиыр құйымшақтанып сұйыла берді. (М.Ә.)

№ слайда 9 Өгіз аяң – шабан жүріс, баяу қарқынды іс дегенді білдіреді. Мысалы, Ауылдан ш
Описание слайда:

Өгіз аяң – шабан жүріс, баяу қарқынды іс дегенді білдіреді. Мысалы, Ауылдан шыққалы өгіз аяң жүрістен аспаған екі жолаушы түс ауғанша көз көрім жерге жете алмапты. Шаруашылық бөлімінің меңгерушісі жүздікте тұрған тасын жайлап жылжытып, ежелгі өгіз аяңына кірісті.

№ слайда 10 Өгіздей өкірді; өгізше өкірді – қатты айқайлап дауыс шығарды, бақырып жылады
Описание слайда:

Өгіздей өкірді; өгізше өкірді – қатты айқайлап дауыс шығарды, бақырып жылады дегенді білдіреді.Мысалы, Патша қазақтан солдатқа аларда: «Ой, алда-ай! Ой, құдай-ай, бұл не деген заман болды! Алда-ай! «Ақ сарыбас!», Ой, алда-ай, «боз қасқа...!» деп, қазақ өгіздей өкіріп жылай бастаған». (С. Сейфуллин) Өгіздей болып ап – үп-үлкен, дап-дардай бола тұра деген мағынада. Мәселен, Жарайсың, Бектас! – деп, мұғалім мені ризашылықпен мақтайды да, Жанбосынға қарайды. Көрдің бе ананы. Ал сен өгіздей болып ап, мыңқ-мыңқ етіп тұрсың. Ұялмайсың ба?

№ слайда 11 Мұрнын тескен өгіздей – кекесін, көнгіш, ырыққа ергіш, жуас дегенді білдіреді
Описание слайда:

Мұрнын тескен өгіздей – кекесін, көнгіш, ырыққа ергіш, жуас дегенді білдіреді. - Кетсеңші енді, Махмұт, кетіп қал! Мынау тұрғансын, сені оңдырмайды. - Жоқ, саспаңыздар. Мұрнын тескен өгіздей жуасытып берем сендерге бұл аюды. Аузын буған өгіздей – жұмған аузын ашпау, тіс жармау, мыңқ етпеу дегенді меңзейді. Мысалы, Болыс аузын буған өгіздей тырп етпей, үйден шықпай жатып алды. Өгіздей өңкиген – денесі ебедейсіз үлкен, еңгезердей деген мағынада. Мысалы, Өш алғанына көңілі көншігендей, танауын шүйіріп, ыржия күлді күйеу. Өгіздей неме, - деді қыз ақырын.

№ слайда 12 Жоғарыда келтірілген өгізге қатысты тұрақты сөз тіркестеріне көз жіберсеңіз,
Описание слайда:

Жоғарыда келтірілген өгізге қатысты тұрақты сөз тіркестеріне көз жіберсеңіз, бұл тіркестерде өгіз малын көбіне жағымсыз кейіпте көрсетіп тұрғанын байқауға болады. Тілімізде бұл ірі қара төңірегінде кездесетін тұрақты сөз тіркестерінің кейбір тұстары міне осындай.

№ слайда 13
Описание слайда:


Автор
Дата добавления 09.02.2016
Раздел Доп. образование
Подраздел Презентации
Просмотров102
Номер материала ДВ-435556
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх