Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Физкультура / Презентации / Презентация открытого урока по физической культуре на тему "Тоғызқұмалақ ойыны"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Физкультура

Презентация открытого урока по физической культуре на тему "Тоғызқұмалақ ойыны"

библиотека
материалов
ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚ қазақтың ұлттық ойыны Дайындаған: дене тәрбиесі пәнінің оқытушыс...
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушылар арасында тоғызқұмалақ ойынын насихатта...
Тоғызқұмалақ ойының тарихы Тоғызқұмалақ –қазақта кең тараған қызықты ойын түр...
Тоғызқұмалақ тақтасының түрлері
Отаулардың аттары 1 отау « Арт» 2 отау « Тек тұрмас» 3 отау « Ат өтпес» 4 ота...
1 отауды « Құйрық», « Арт» дейді. Себебі ондағы құмалақтар көпке дейін өзгерм...
Тоғызқұмалақ ойынының негізгі терминдері: 	 • Құмалақ • Қазан • Отау • Бастау...
Тоғызқұмалақ ойынының  негізгі ережелері 	 Тоғызқұмалақ ойыны арнайы тақтада...
Тоғызқұмалақ ойынының  негізгі ережелері 	 Егер соңғы құмалақ қарсыластың тақ...
Қостаушының отаулары Бастаушының қазаны Бастаушының отаулары Қостаушының қаза...
Тоғызқұмалақта құмалақтан басқа ойында бір рет қарсыластың отауын ұтып алу...
Ойын аяқталуға жақындаған сайын әр ойыншының отауларындағы құмалақ кеми бас...
ТОҒЫЗ ҚҰМАЛАҚ Ұлттық қадір-қасиетімізді қастерлей білу Математи калық амалдар...
Тоғызқұмалақ ойыны қазақтың ұлттық ойын түріне кіре ме? Тоғызқұмалақ тақтасы...
Тоғызқұмалақтан облыс біріншілігі
Тоғызқұмалақ- қазақта кең тараған қызықты ойын түрі. Қаратай қазбаларының ар...
16 1

Описание презентации по отдельным слайдам:

№ слайда 1 ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚ қазақтың ұлттық ойыны Дайындаған: дене тәрбиесі пәнінің оқытушыс
Описание слайда:

ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚ қазақтың ұлттық ойыны Дайындаған: дене тәрбиесі пәнінің оқытушысы Кажимов Д.У.

№ слайда 2 Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушылар арасында тоғызқұмалақ ойынын насихатта
Описание слайда:

Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушылар арасында тоғызқұмалақ ойынын насихаттау. Дамытушылық: Тоғызқұмалақ ойыны арқылы оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту. Тәрбиелік: Тоғызқұмалақ ойыны арқылы оқушылардың ұлттық ойындарға деген қызығушылығын арттыру және өз елін сүюге тәрбиелеу. Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту сабағы Сабақтың түрі: презентация сабағы Сабақтың әдіс-тәсілдері: көрнекілікті пайдалану арқылы түсіндіру, «Тоғызқұмалақ» электронды ойыны Көрнекілігі: слайдтар, диаграммалар, тоғызқұмалақ тақтасы Пәнаралық байланыс: тарих, математика

№ слайда 3 Тоғызқұмалақ ойының тарихы Тоғызқұмалақ –қазақта кең тараған қызықты ойын түр
Описание слайда:

Тоғызқұмалақ ойының тарихы Тоғызқұмалақ –қазақта кең тараған қызықты ойын түрі. Қаратау қазбаларынының арасынан табылған тас “қазан” осы тоғыз құмалақты еске салады. Бұл ойын Қырғызстан, Монғолия, Қарақалпақстан, Өзбекстан, тіпті алыс шетел қазақтарының арасында тараған. Бас шынықтыратын бұл ойынды біздің ұлттық “шахматымыз” десе де болады. 162 таста ойнатылады. Қазақ халқының ежелгі ұлттық спортының бірі – тоғызқұмалақ. Зерттеушілердің пайымдауынша, бұл ойынның пайда болуы шамамен 4 мың жылдық кезеңді қамтитын көрінеді. Алайда, өкінішке қарай, елімізде тоғызқұмалақ ойыны туралы білетін жандар өте аз. Осыған орай, бүгінгі тақырыбымызда оқырмандарымызды аталмыш ойынмен таныстырсақ дейміз. Бүгінде тоғызқұмалақ ойынының әлемде әртүрлі үлгілері бар. Мәселен, Египетте осыған ұқсас ойынды «калах» деп атаса, Шри-Ланкада «олинда калия», қырғыздарда «тогузкоргоол», африкалықтарда «манкала», «габата», «абапа», «нам-нам», «бао», «тамподуо», «омвесо», «маработ» деп аталады екен. Сол сияқты америкалықтарда да тоғызқұмалақтың өз үлгілері бар. Олар оны «аджи-бото» немесе «варри роунд» деп атайды.

№ слайда 4 Тоғызқұмалақ тақтасының түрлері
Описание слайда:

Тоғызқұмалақ тақтасының түрлері

№ слайда 5 Отаулардың аттары 1 отау « Арт» 2 отау « Тек тұрмас» 3 отау « Ат өтпес» 4 ота
Описание слайда:

Отаулардың аттары 1 отау « Арт» 2 отау « Тек тұрмас» 3 отау « Ат өтпес» 4 отау « Жаман үй» 5 отау « Бел» 6 отау « Сары дала» 7 отау « Қосан жылаған» 8 отау « Көк мойын» 9 отау « Аққасқа»

№ слайда 6 1 отауды « Құйрық», « Арт» дейді. Себебі ондағы құмалақтар көпке дейін өзгерм
Описание слайда:

1 отауды « Құйрық», « Арт» дейді. Себебі ондағы құмалақтар көпке дейін өзгермей түгел қалып отырады. 2 отауды « Тек тұрмас» дейді. Себебі, жүріс көбінесе осыдан басталады. 3 отауды « Ат өтпес» дейді. Себебі, қарсы жақтың аты бұған түспей кете алмайды. 4 отауды « Жаман үй» дейді. Себебі, қарсы жақтың адамы бұл жерден үнемі жеп отырады. 5 отауды « Бел» дейді. Бұл екі орталық аса қауіпті емес. 6 отауды « Сары дала» дейді. Себебі, бұл жүріске де, «тұздық »алуғада ыңғайлы жер. 7 отауды « Қосан жылаған» дейді. Себебі – бұрынғы заманда Қосан деген ойыншыны тағы бір ойыншы дәл сол 7 отауда әлденеше рет «тұздық» отырғызыпты, соған ыза болып жылапты. 8 отауды «Көк мойын» дейді. Себебі мұнда да көптен-көп «тұздық» алынатын көрінеді және бұл жерге көп құмалақ жиналып қала береді. 9 отауды « Аққасқа» дейді. Себебі бұл шұңқырда құмалақ көп жатады. (байлап қойған ит сияқты). Ойыншы бұл жақтың отауына түседі, бірден оған аттап түсу ойыншыға пайдалы болмайды. Өзін жауып кетіп барып жүрсе, әрине, тиімді болады.

№ слайда 7 Тоғызқұмалақ ойынының негізгі терминдері: 	 • Құмалақ • Қазан • Отау • Бастау
Описание слайда:

Тоғызқұмалақ ойынының негізгі терминдері: • Құмалақ • Қазан • Отау • Бастаушы • Қостаушы • Тұздық • Атсырау

№ слайда 8 Тоғызқұмалақ ойынының  негізгі ережелері 	 Тоғызқұмалақ ойыны арнайы тақтада
Описание слайда:

Тоғызқұмалақ ойынының  негізгі ережелері Тоғызқұмалақ ойыны арнайы тақтада екі адам арасында ойналады. Ойын тақтасы  2 қазан, 18 отау, 162 құмалақтан тұрады. Ойын басында әр ойыншыға бір қазан, тоғыз отауға тоғыз-тоғыздан салынған 81 құмалақ тиесілі. Алғашқы жүріс жасаған ойыншыны бастаушы, екінші жүріс жасаған ойыншыны қостаушы деп атайды. Жүріс жасау үшін өз жағыңыздағы отаулардың бірінен сегізін алып, біреуін орнында қалдырып, қалған құмалақтарды қолға алып, солдан оңға қарай бір-бірлеп таратамыз. Тарату сәтінде құмалақтар өз отауларымыздан асып кететін болса, қарсыластың отауына таратамыз.

№ слайда 9 Тоғызқұмалақ ойынының  негізгі ережелері 	 Егер соңғы құмалақ қарсыластың тақ
Описание слайда:

Тоғызқұмалақ ойынының  негізгі ережелері Егер соңғы құмалақ қарсыластың тақ санды құмалағы бар отауына түсіп, ондағы құмалақтарды жұп қылса (2, 4, 6, 10, 12), сол отаудағы құмалақтар ұтып алынып, өз қазанымызға салынады. Егер соңғы құмалақ қарсыластың жұп санды құмалағы бар отауына түсіп (3 құмалақтан басқа), тақ қылса немесе өз отауымызға түссе, құмалақ «Х» деген шартты таңбамен белгіленеді. Тұздық ойында бір рет алынады және №9 отаудан ешқашан алынбайды. Сондай-ақ тұздық аттас отаулардан алынбайды. Мәселен, егер бастаушы сіздің №2 отауыңызға тұздық қойса, сіз оның №2 отауына тұздық сала алмайсыз.

№ слайда 10 Қостаушының отаулары Бастаушының қазаны Бастаушының отаулары Қостаушының қаза
Описание слайда:

Қостаушының отаулары Бастаушының қазаны Бастаушының отаулары Қостаушының қазаны 9 8 7 6 5 4 3 2 1 1 2 3 4 5 6 7 8 9

№ слайда 11 Тоғызқұмалақта құмалақтан басқа ойында бір рет қарсыластың отауын ұтып алу
Описание слайда:

Тоғызқұмалақта құмалақтан басқа ойында бір рет қарсыластың отауын ұтып алуға да болады. Оны ежелде «тұзды үй» деп атаған. Бүгінде «тұздық» дейді. Тұздық алу үшін жүріс жасаған кезде қарсыластың екі құмалағы бар отауына сіз таратқан құмалақтардың соңғысы түсуі керек. Сонда сол отауда қалыптасқан үш құмалақпен бірге отау да ұтып алынып, сол отау ойынның соңына дейін сіздің меншігіңізге айналады. Яғни жүріс жасалған сайын тұздық алынған отауға түсетін бір құмалақ міндетті түрде сіздің қазаныңызға салынып отырады. Тұздық алынған отауға арнайы белгі қойылады. Тұздық ойында бір рет алынады және №9 отаудан ешқашан алынбайды. Сондай-ақ тұздық аттас отаулардан алынбайды. Мәселен, егер бастаушы сіздің №2 отауыңызға тұздық қойса, сіз оның №2 отауына тұздық сала алмайсыз. Тұздық алу

№ слайда 12 Ойын аяқталуға жақындаған сайын әр ойыншының отауларындағы құмалақ кеми бас
Описание слайда:

Ойын аяқталуға жақындаған сайын әр ойыншының отауларындағы құмалақ кеми бастайды. Әр құмалақ ұтып алынған сайын немесе тұздыққа түскен сайын қарсыластардың жүріс мөлшері азая береді. Сондықтан ойын соңында қарсыластардың бірі өз отауларында жүріс жасай алмай қалатын жағдай да кездеседі. Ойыншылардың бірінің отауларындағы құмалақты бірінші тауысып алып, жүріссіз қалуы «атсырау» деп аталады. Мәселен, қостаушы атсырауға ұшыраса, бұл жағдайда бастаушы қосымша бір жүріс жасап, барлық құмалақтарды өз қазанына салып алады. Сөйтіп, бастаушы жеңімпаз атанады. Егер ойыншы ойын барысында 82 құмалақ жинаса, ойын бірден тоқтатылып, сол ойыншы жеңімпаз болып танылады. Атсырау ережесі

№ слайда 13 ТОҒЫЗ ҚҰМАЛАҚ Ұлттық қадір-қасиетімізді қастерлей білу Математи калық амалдар
Описание слайда:

ТОҒЫЗ ҚҰМАЛАҚ Ұлттық қадір-қасиетімізді қастерлей білу Математи калық амалдарды пайдалану Жазбаша және ауызша есептеу Ойлану қабілетін дамыту Логикалық ойды жетілдіру Тез шешім қабылдау Психоло гиялық жүйелерін жетілдіру

№ слайда 14 Тоғызқұмалақ ойыны қазақтың ұлттық ойын түріне кіре ме? Тоғызқұмалақ тақтасы
Описание слайда:

Тоғызқұмалақ ойыны қазақтың ұлттық ойын түріне кіре ме? Тоғызқұмалақ тақтасы неше бөлікке бөлінген? Әр бөлікте неше отау, неше қазандық бар? Тұздық ашуға болама және оны қалай ашамыз? Тоғызқұмалақ терминдерін ата? Отаулардың аттарын білесің бе? Бірінші ойынды бастаған ойыншыны қалай атаймыз? СУРАҚ ЖАУАП

№ слайда 15 Тоғызқұмалақтан облыс біріншілігі
Описание слайда:

Тоғызқұмалақтан облыс біріншілігі

№ слайда 16 Тоғызқұмалақ- қазақта кең тараған қызықты ойын түрі. Қаратай қазбаларының ар
Описание слайда:

Тоғызқұмалақ- қазақта кең тараған қызықты ойын түрі. Қаратай қазбаларының арасынан табылған тас «қазан» осы тоғызқұмалақты еске салады. Бұл ойын Қырғыстан, Монғолия, Қарақалпақстан, Өзбекстан, тіпті алыс шетел қазақтарының арасында тараған. Бас шынықтыратын бұл ойынды біздің ұлттық «шахматымыз» десе де болады. 162 тастан ойнатылады. Қазақ халқының ежелгі ұлттық спортының бірі тоғызқұмалақ. Зерттеушілердің пайымдауынша, бұл ойының пайда болуы шамамен 4мың жылдық кезенді қамтитын көрінеді. Алайда, өкінішке қарай, елімізде тоғызқұмалақ ойыны туралы білетін жандар өте аз. Осыған орай, бүгінгі тақырыбымызда аталмыш ойынмен таныстырсақ дейміз. Бүгінде тоғызқұмалақ ойынының әлемде әртүрлі үлгілері бар. Мәселен, Египетте осыған ұқсас ойынды «калах» деп атаса, Шри-Ланкада «олинда-калия», қырғыздарда «тогузкоргоол», африкалықтарда «манкала», «габата», «абапа », «нам-нам », «бао», «тамподуо», «омвесо», «марабат» деп аталады екен. Сол сияқты, америкалықтарда да тоғызқұмалақтың өз үлгілері бар. Олар оны «аджи-бото» немесе, «варри роунд» деп атайды. Бүгінгі таңда осы ұлттық ойынымыз әлемдік деңгейге көтерліп, жас ұрпақты зияткерлікке, ойлау қабілеттерін арттыруға, жан-жақты ой-өрісін жетілдіруге ерекше маңызға ие болып отыр. Сондай-ақ әлем елдерінің де тоғызқұмалақ ойынына деген қызығушылығы ұлттық ойынымыздың бағын жандырып, елімізді, ұлтымызды әлемге әйгілей бастады. Бұның дәлелі, 2010ж. өткен тоғызқұмалақтан алғашқы әлем біріншілігі және 2012ж Чехияда өткен екінші әлем чемпинаты. 2007ж. Македонияның Охрид қаласында өткен түркі тілдес халықтардың жастар құрылтайында 40 елден келген 240делегатқа ұлттық ойыннан семинар өткізілді. Тоғызқұмалақ үш рет Лондонда, 2008-2009 ж. Чехияда дүниежүзілік зияткерлік олимпиадалардың бағдарламасына енді. Қазіргі кезде тоғызқұмалақ әлемнің біраз елдерінде, Еуропаның Англия, Испания, Германия, Чехия, Франция сияқты мемлекеттерінде де насихатталуда.

Автор
Дата добавления 13.01.2016
Раздел Физкультура
Подраздел Презентации
Просмотров215
Номер материала ДВ-333183
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх