Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Иностранные языки / Презентации / Презентация по английскому языку на тему "Бұл Нора"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Иностранные языки

Презентация по английскому языку на тему "Бұл Нора"

библиотека
материалов
Танымдық ойындарды сабақта қолдану Орыс педагог-ғалымы А.Гин өзінің еңбегінде...
І.Сабақтың басталуы “Иә-жоқ” ойыны. “Бағдаршам” әдісі. “Кездейсоқтық” ойыны....
ІІ.Жаңа білім игеру “Қиялдау” тәсілі. “Театрландыру” тәсілі. “Қатені тап!” т...
ІІІ.Бекіту “ҒЗО” ойыны. “Пресс-конференция” ойыны. “Көзқарас” ойыны. “Иә-жоқ...
ІV.Қайталау “Үй тапсырмасын талдау” әдісі. “Өзіндік тірек” тәсілі. “ҒЗО” ойы...
V.Бақылау “Бағдаршам” әдісі. “Қайталау сұрақтары” әдісі. “Таңдамалы тексеру”...
VІ.Үйге тапсырма “Үш деңгейлі тапсырма” әдісі. “Шығармашылық шарт” ойыны. “А...
VІІ.Сабақты қорыту “Күтпеген шешім” тәсілі”. “Сұрау-қорытындылау” тәсілі. “А...
“Бағдаршам” әдісі: Әр оқушы сабаққа немесе сұраққа өз дайындығы туралы түрлі-...
“Иә-жоқ” ойыны: мұғалім немесе алдын ала дайындалған оқушы сыныпқа бір ұғымды...
“Қайталау сұрақтары” әдісі: Оқушылар бұрынғы өтілген тақырыптар бойынша сұрақ...
“Пайымдау сұрақтары” әдісі: Сабақ соңында мұғалім оқушыларды ой-толғаныс жаса...
“Тізбек бойынша сұрау” әдісі: Қойылған сұраққа беріліп жатқан оқушының жауабы...
“Таңдамалы тексеру” әдісі: Мұғалім оқушылар жазған бақылау (диктант) жұмыстар...
“Кәдімгі керемет” ойыны: Мұғалім үй тапсырмасын ерекше түрде береді: кезекші...
“Келешекке көмек” ойыны: Оқушылар топтарға бөлініп, өтілген тарау, тақырыпқа...
“Кездейсоқтық” ойыны: Сыныпта немесе үйде орындалатын тапсырманың номері мен...
“Ондық нысана” ойыны: Оқушылар бірнеше топқа бөлініп, тиісті тапсырмаларды ор...
“Қызметке қабылдау” ойыны: Жұмысқа қабылдаушылар белгілі бір тақырып бойынша...
Сабақтағы сергіту сәттері “Алыптар мен ергежейлілер” ойыны: Жүргізуші біресе...
“Бір-екі-үш-төрт-бес” ойыны: Қатысушылардың бәрі бір мезгілде, алдымен оң қол...
“Жаңылыспаймын” ойыны: Қатысушылар дөңгелене тұрып, кезекпен бірден отызға де...
“Дирижер” ойыны: Жүргізуші бір қимыл көрсетіп, сұқ саусағымен кімді көрсетсе,...
“Түлкі-тауық-балапан” ойыны: Түлкі болған қатысушыдан басқалары тауық болған...
“Үй-адам-жер сілкіну” ойыны: Қатысушылар үш-үштен топтарға бөлініп, екі адам...
“Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау” жобасының стратегиялары “Түртіп а...
“ДЖИГСО” әдісі: Сынып төрт-төртеуден топтарға бөлініп, топтағы өз нөмірін аны...
“Идеяны суреттеу” әдiсi: Алдыңғы стратегиядан айырмасы тақырыпты ауызша емес,...
“Кең ауқымды лекция” әдiсi – алдыңғыдан айырмасы мұғалiм жетекшiлiгiмен екi т...
“Кубизм” әдiсi – жақтарына зерттеңiз, суреттеңiз, салыстырыңыз деген сияқты ж...
“Модульдік оқыту” технологиясындағы оқыта үйрету ойындары “Бейнелі жады” ойын...
“Сұрақ-жауап” ойыны: I бөлім: Оқушылар мәтінді жылдам және мұқият оқып шығады...
“Мән-мағына” ойыны: Кез келген мәтіннің мәнін табу біршама оңай: мәтіннің нег...
“Мені түсін” ойыны: Оқушылар мәтіннің бөлігін оқиды да, белгілі бір уақыт іші...
“Жарысты жалғастыр” ойыны: Жүргізуші сыныпты үш командаға бөледі де, оқып-үйр...
“Білімдарлар” ойыны: Бірінші ойынның алдында “білгірлер” анықталады, олар өзд...
“Семинар-сабақ” ойыны: Даярлық бөлімі: Жүргізуші-мұғалім оқушыларға семинарлы...
“Конференция” ойыны: Даярлық бөлімі: Конференцияға дейін “ұйымдастыру комитет...
“Аукцион” ойыны: Жүргізуші өтілген тақырып (оқиғалар, фактілер, олардың мерзі...
“Бас қатырғылар базары” ойыны: Оқушылар үйде сөзжұмбақтар, сөзтізбелер, тарих...
40 1

Описание презентации по отдельным слайдам:

№ слайда 1 Танымдық ойындарды сабақта қолдану Орыс педагог-ғалымы А.Гин өзінің еңбегінде
Описание слайда:

Танымдық ойындарды сабақта қолдану Орыс педагог-ғалымы А.Гин өзінің еңбегінде «Сабақ құрастырушысы» атты әдістемені пайдалана отырып, сабақтың кезеңдерін жетіге бөледі және әр кезеңге қатысты тиімді әдіс-тәсілдерді арнайы бөліп көрсетеді:

№ слайда 2 І.Сабақтың басталуы “Иә-жоқ” ойыны. “Бағдаршам” әдісі. “Кездейсоқтық” ойыны.
Описание слайда:

І.Сабақтың басталуы “Иә-жоқ” ойыны. “Бағдаршам” әдісі. “Кездейсоқтық” ойыны. “Күтпеген шешім” тәсілі”. “Өзіндік бағалау” әдісі. “Таң қалдыр” ойыны. “Үй тапсырмасын талдау” әдісі. “Қиялдау” тәсілі. “Жұптық сұрақ-жауап” әдісі. “Театрландыру” тәсілі. “Білімді өзара тексеру” тәсілі.

№ слайда 3 ІІ.Жаңа білім игеру “Қиялдау” тәсілі. “Театрландыру” тәсілі. “Қатені тап!” т
Описание слайда:

ІІ.Жаңа білім игеру “Қиялдау” тәсілі. “Театрландыру” тәсілі. “Қатені тап!” тәсілі. “Теорияның қолайлылығы” тәсілі. “Мәтінге сұрақ” тәсілі. “Баяндама” тәсілі. “ҒЗО” ойыны. “Пресс-конференция” ойыны.

№ слайда 4 ІІІ.Бекіту “ҒЗО” ойыны. “Пресс-конференция” ойыны. “Көзқарас” ойыны. “Иә-жоқ
Описание слайда:

ІІІ.Бекіту “ҒЗО” ойыны. “Пресс-конференция” ойыны. “Көзқарас” ойыны. “Иә-жоқ” ойыны. “Компетенттілік” ойыны. “Жаттығу” ойыны. “Қатені тап” ойыны. “Бақылауға дайындық” әдісі. “Ауызша бағдарланған жауап” тәсілі. “Өзара сұрау” тәсілі. “Жұптық сұрақ-жауап” әдісі.

№ слайда 5 ІV.Қайталау “Үй тапсырмасын талдау” әдісі. “Өзіндік тірек” тәсілі. “ҒЗО” ойы
Описание слайда:

ІV.Қайталау “Үй тапсырмасын талдау” әдісі. “Өзіндік тірек” тәсілі. “ҒЗО” ойыны. “Көзқарас” ойыны. “Иә-жоқ” ойыны. “Компетенттілік” ойыны. “Тақырыптардың түйісуі” ойыны. “Өзіндік мысал” ойыны. “Қайталау сұрақтары” әдісі. “Қосымша сұрақтар” әдісі. “Қорытындыны қайталау” тәсілі. “Сұрау-қорытындылау” тәсілі.

№ слайда 6 V.Бақылау “Бағдаршам” әдісі. “Қайталау сұрақтары” әдісі. “Таңдамалы тексеру”
Описание слайда:

V.Бақылау “Бағдаршам” әдісі. “Қайталау сұрақтары” әдісі. “Таңдамалы тексеру” әдісі. “Блиц-бақылау” әдісі. “Деректі диктант” әдісі. “Сыбырлап сұрау” әдісі. “Қосымша сұрақтар” әдісі. “Бағдарлы сұрау” әдісі.

№ слайда 7 VІ.Үйге тапсырма “Үш деңгейлі тапсырма” әдісі. “Шығармашылық шарт” ойыны. “А
Описание слайда:

VІ.Үйге тапсырма “Үш деңгейлі тапсырма” әдісі. “Шығармашылық шарт” ойыны. “Айрықша тапсырма” әдісі “Топтамалы тапсырма” әдісі. “Мазмұнды тапсырма” әдісі. “Келешекке көмек” ойыны.

№ слайда 8 VІІ.Сабақты қорыту “Күтпеген шешім” тәсілі”. “Сұрау-қорытындылау” тәсілі. “А
Описание слайда:

VІІ.Сабақты қорыту “Күтпеген шешім” тәсілі”. “Сұрау-қорытындылау” тәсілі. “Адвокат” ойыны. “Қорытындылаушы” ойыны. “Психолог” ойыны. “Үй тапсырмасын талдау” әдісі.

№ слайда 9 “Бағдаршам” әдісі: Әр оқушы сабаққа немесе сұраққа өз дайындығы туралы түрлі-
Описание слайда:

“Бағдаршам” әдісі: Әр оқушы сабаққа немесе сұраққа өз дайындығы туралы түрлі-түсті қалақшалар арқылы белгі береді: “жасыл” – дайын, “сары” – күмәнді, “қызыл” – дайын емес. “Өзіндік бағалау” әдісі: Оқушылар берілген тапсырмаға өзінің дайындық деңгейін мұғалім сұрағына қол көтеру арқылы байқатады: Кім “беске” дайын? Кім “төртке” дайын? Кім “үшке” дайын? Кім мүлде дайын емес? “Жұптық сұрақ-жауап” әдісі: Сұрақтарды мұғалім қояды, ал оқушылар жұптасып, бір-бірін бағалайды немесе “+”, “-” белгісін қойып отырады. Келесі нұсқамен жұмыс кезінде жауап беруші оқушы бағалаушыға айналады.

№ слайда 10 “Иә-жоқ” ойыны: мұғалім немесе алдын ала дайындалған оқушы сыныпқа бір ұғымды
Описание слайда:

“Иә-жоқ” ойыны: мұғалім немесе алдын ала дайындалған оқушы сыныпқа бір ұғымды (бұйым, құрал, кейіпкер, автор, т.б) жасырады. Оқушылардың қойған сұрағына тек “иә”, “жоқ” немесе “иә, әрі жоқ” деп жауап беріледі. “Бақылауға дайындық” әдісі: Бір сабақ бұрын келесі сабақтағы бақылау жұмысына дайындық жүргізіледі. Оқушылар ұқсас нұсқа бойынша бақылау жұмысын орындайды және қалауы бойынша анықтамалықтарды, жолдастары мен мұғалімнің кеңесін пайдалана алады. “Адвокат” ойыны: Сабақ барысында “Адвокат” рөлін алған оқушы басқа оқушыларды қиын тапсырмалардан, тапсырманы орындауы мен өз пікірін айтуын бағалаудағы қателіктерден қорғап отырады. Бұл роль белгілі бір оқушыларға тұрақты түрде берілуі де, әр сабақта ауыстырылып отырылуы да мүмкін.

№ слайда 11 “Қайталау сұрақтары” әдісі: Оқушылар бұрынғы өтілген тақырыптар бойынша сұрақ
Описание слайда:

“Қайталау сұрақтары” әдісі: Оқушылар бұрынғы өтілген тақырыптар бойынша сұрақтар тізімін дайындайды. Ең жақсы тізімге байқау өтіп, қайталау сабағы сол бойынша жүргізіледі. “Қосымша сұрақтар” әдісі: Оқушылар бұрынғы өтілген тақырыптар бойынша алған білімді толықтыратын қосымша сұрақтар тізімін дайындайды. Оқулықта жауабы жоқ болғандықтан кейбір сұрақтарға мұғалім жауап беруіне, кейбір сұрақтарды арнайы тапсырма ретінде беруі мүмкін. “Тақырыптардың түйісуі” ойыны: Оқушылар топтарға бөлініп, өтілген материалдың мұғалім көрсеткен тақырыппен байланысатын тұстарын табады, мысалдар келтіріп, тапсырмалар құрастырады, сұрақтар дайындап, жорамалдар жасайды.

№ слайда 12 “Пайымдау сұрақтары” әдісі: Сабақ соңында мұғалім оқушыларды ой-толғаныс жаса
Описание слайда:

“Пайымдау сұрақтары” әдісі: Сабақ соңында мұғалім оқушыларды ой-толғаныс жасауға итермелейтін сұрақтар қояды: Сабақта не маңызды болды, не қызық болды, жаңадан не білдіңдер, не үйрендіңдер т.с.с. Бір сұраққа бірнеше оқушы жауап беруі мүмкін. “Өзіндік мысал” ойыны: Жаңадан өтілген тақырыпқа оқушылар өз мысалдарын келтіріп, өз тапсырмалары мен жорамалдарын дайындайды. “Үлгі жауап” ойыны: Ең жақсы оқушылардың бірі тақтаға шығып, қойылған сұрақтарға жауап береді, басқалар кейін оны өзара бақылау жүргізгенде үлгі есебінде пайдаланады. Бұл ойын қиын немесе күрделі тақырыптарды өткенда тиімді. “Таңдау және негіздеу” әдісі: Оқушыларға бірнеше жауабы бар сұрақ беріліп, оған осы жауаптар ішінен біреуін таңдау және таңдау себебін негіздеу тапсырылады. Мұғалім кейде дұрыс емес жауапты қорғауы мүмкін.

№ слайда 13 “Тізбек бойынша сұрау” әдісі: Қойылған сұраққа беріліп жатқан оқушының жауабы
Описание слайда:

“Тізбек бойынша сұрау” әдісі: Қойылған сұраққа беріліп жатқан оқушының жауабы кез келген жерінен тоқтатылып, ары қарай басқа оқушының жауап беруі сұралады. Бұл әдіс оқушылардың зейінін аудару және байқағыштығын дамытуға пайдалы. “Деректі диктант” әдісі: Оқушыларға 5-7 түйінді сұрағы бар бірнеше нұсқалы сұрақтарға жазбаша жауап беру тапсырылады. Оның бір-екеуі бұрынғы материалдарға қатысты. Оқушылардың алдында таза парақ пен қаламнан басқа ештеңе болмауы тиіс. Соңынан стресстік жағдайдан шығу үшін сергіту ойындары ойналады. “Сыбырлап сұрау” әдісі: Басқа оқушылар жазба жұмыспен (бақылау, диктант сияқты) айналысып жатқан кезде, мұғалім бір немесе бірнеше оқушыдан (қасына барып не шақырып) сабақ сұрайды. Олар қойылған сұрақтарға сыбырлап қана жауап береді.

№ слайда 14 “Таңдамалы тексеру” әдісі: Мұғалім оқушылар жазған бақылау (диктант) жұмыстар
Описание слайда:

“Таңдамалы тексеру” әдісі: Мұғалім оқушылар жазған бақылау (диктант) жұмыстарының ішінен теріп алып, тек бірнешеуін ғана тексереді. Қайсысын тексеретінін ешкім де білмейді. “Блиц-бақылау” әдісі: Шартын алдын ала таныстыра отырып, мұғалім әрқайсысының жауабы 1-2 сөзден ғана тұратын бірнеше (7-10) сұрақты біртіндеп айтып тұрып, аз уақыт ішінде (30-60 секунд) қысқаша жауаптар жаздырады. Соңынан мұғалім дұрыс жауаптарды айтады, оқушылар жауап нөмерінің алдына “+” немесе “-” белгісінің бірін қойып, соңына нәтижесі мен берілген шартқа байланысты бағасын жазып, мұғалімге өз парағын өткізеді. “Релелік бақылау” әдісі: Мұғалім бақылау жұмысын оқушылардың бұрынғы орындаған тапсырмалары (шығарған есептері) бойынша алады. Бұл бақылаудың жүгін жеңілдетеді және үй тапсырмасына жауапкершілікпен қарауға үйретеді.

№ слайда 15 “Кәдімгі керемет” ойыны: Мұғалім үй тапсырмасын ерекше түрде береді: кезекші
Описание слайда:

“Кәдімгі керемет” ойыны: Мұғалім үй тапсырмасын ерекше түрде береді: кезекші оқушы хат таратады, тапсырма әр қырына әр түрлі әріп жазылған кубик арқылы таңдалады, қорапшадан тапсырма номері лоторея сияқты алынады, т.б. “Шығармашылық шарт” ойыны: Қабілетті немесе тілек білдірген оқушыларға міндетті тапсырмамен қоса шығармашылық шарт тапсырылады. Ол шарт бойынша оқушы сол тапсырмаға байланысты сөзжұмбақ құрастырып, қызықты деректер жинауы немесе тірек белгі жасап, әзіл сурет дайындауы қажет. “Айрықша тапсырма” әдісі: Қабілетті оқушылар үйге ешкім орындамаған күрделі де, қиын тапсырма алады. Ол салтанатты түрде табыс етіледі және арнайы дәптерге орындалады. Орындалған тапсырмаға “төрттен” төмен баға қойылмайды.

№ слайда 16 “Келешекке көмек” ойыны: Оқушылар топтарға бөлініп, өтілген тарау, тақырыпқа
Описание слайда:

“Келешекке көмек” ойыны: Оқушылар топтарға бөлініп, өтілген тарау, тақырыпқа байланысты дидактикалық тапсырмалар жинағын дайындау туралы ұзақ мерзімді үй тапсырмасын алады. Оған сұрақтар тізбесі, тірек белгі сияқты міндетті деңгейдегі тапсырмалармен қатар, сөзжұмбақтар мен қызықты деректер сияқты шығармашылық тапсырмалар да кіреді. “Идеал тапсырма” әдісі: Әр оқушы өзі орындайтын үй тапсырмасын өз таңдайды. Таңдау тапсырма нөмері мен саны ғана емес, орындау сипатына да әсер етеді. Біреу қосымша дерек жинаса, келесісі сурет салуы, үшіншісі мақала жазуы мүмкін. “Үй тапсырмасын талдау” әдісі: Өткен сабақта үйге берілген қиын тапсырма ешкімнен сұралмайды, қайта оқушылармен бірлесе талданады. Егер толық орындалып бітпеген болса, тағы да кейінге қалдырылуы мүмкін.

№ слайда 17 “Кездейсоқтық” ойыны: Сыныпта немесе үйде орындалатын тапсырманың номері мен
Описание слайда:

“Кездейсоқтық” ойыны: Сыныпта немесе үйде орындалатын тапсырманың номері мен сипаты айтылған соң, оны кімнің орындайтыны ойын сүйегі не қағаз ұшақ арқылы анықталады. “ҒЗО” ойыны: ҒЗО (ғылыми зерттеу орталығы) қызметкерлері (оқушылардың бір немесе бірнеше тобы) тапсырыс берушіден (мұғалім немесе арнайы бекітілген оқушы) алынған тапсырманы топтасып талдай отырып, өзара міндет бөлінісі арқылы шығармашылықпен орындайды. Біткен жұмысты сызба түрінде дайындап, қабылдау комиссиясына (2-3 үздік оқушы) жоба қорғау түрінде өткізеді. Комиссия қабылдамаса, жұмысты қайта толықтыру керек. “Тендер” ойыны: Оқушылардың бірнеше (тең шамалас) тобы бір тапсырманы орындайды да, кезекпен тендерлік комиссия алдында жұмысты таныстырады. Комиссия қай топтың жұмысын “үздік” деп тапса, сол топ “жеңімпаз” деп танылады.

№ слайда 18 “Ондық нысана” ойыны: Оқушылар бірнеше топқа бөлініп, тиісті тапсырмаларды ор
Описание слайда:

“Ондық нысана” ойыны: Оқушылар бірнеше топқа бөлініп, тиісті тапсырмаларды орындап жарысады. Қай тапсырманың қанша ұпайлық екенін тақтадағы “нысана” көрсетеді. “Байыпты баяндамашы” ойыны: Оқушыға жұрт алдына шығардан 5 минут бұрын баяндама жасауға қажетті тірек сөздер беріледі. Ол сол сөздерден баяндама мәтінінің жобасын құрастыруы керек. Баяндама мазмұнын айту барысында баяндамашыны (сөзге шешен оқушыны) өзге оқушылар тақырыпқа қатысты әр түрлі сұрақтар арқылы жаңылыстыруға тырысады. Әр сұраққа тақырыптан ауытқымай, салмақты түрде жауап бере отырып, баяндамашы белгіленген уақыт ішінде (5-7 минут) өз баяндамасын аяқтауы керек.

№ слайда 19 “Қызметке қабылдау” ойыны: Жұмысқа қабылдаушылар белгілі бір тақырып бойынша
Описание слайда:

“Қызметке қабылдау” ойыны: Жұмысқа қабылдаушылар белгілі бір тақырып бойынша бәсекелес екі топтың біліктілік дәрежесін анықтайды. Ол үшін 5-6 адамнан құралған екі топ алдын ала ақылдаса отырып, бір-біріне кезекпен бес-бестен тапсырма береді. Егер қарсылас топ кезекті тапсырманы орындай алмаса, топтың өзі орындауы қажет. Жұмысқа қабылдаушылар әр тапсырманы 5 ұпаймен, ал әр жауапты он ұпаймен бағалайды да, ақылдаса отырып, қай топтың жұмысқа қабылданғанын айтады. Бұған дейін мұғалім топтық тапсырмалардың орындалу барысын талдайды, кемшілік-жетістіктердің себебін көрсетеді. Даулы мәселелерді арнайы тағайындалған төрешілер шешеді.  

№ слайда 20 Сабақтағы сергіту сәттері “Алыптар мен ергежейлілер” ойыны: Жүргізуші біресе
Описание слайда:

Сабақтағы сергіту сәттері “Алыптар мен ергежейлілер” ойыны: Жүргізуші біресе қолдарын жоғары көтеріп, біресе төмен түсіріп, алыптар мен ергежейлілерді бейнелейді және “алып”, “ергежейлі” деп айтып тұрады. Жүргізуші кейде айтқан сөзі мен қимылын керісінше етіп, қатысушыларды жаңылыстыруға тырысады. Кім қателессе, орнына отырады. Соңында қалған үш адам жеңімпаз деп танылады. “Еден-төбе-мұрын” ойыны: Жүргізуші сұқ саусағымен біресе төбені, біресе еденді, біресе мұрнын көрсетеді және “төбе”, “еден”, “мұрын” деп айтып тұрады. Жүргізуші кейде айтқан сөзі мен қимылын керісінше жасап,қатысушыларды жаңылыстыруға тырысады. Кім қателессе, орнына отырады. Соңында қалған үш адам жеңімпаз деп танылады.

№ слайда 21 “Бір-екі-үш-төрт-бес” ойыны: Қатысушылардың бәрі бір мезгілде, алдымен оң қол
Описание слайда:

“Бір-екі-үш-төрт-бес” ойыны: Қатысушылардың бәрі бір мезгілде, алдымен оң қолын, сонан соң сол қолын жоғары қарай сермеп тұрып, бірден беске дейін санайды. Келесі жолы төртке дейін, сосын үшке, сосын екіге дейін, ең соңынан бірге дейін санайды. Келесі жолы осы ретпен бірақ орысша, сонан соң ағылшынша санайды. Әр тілде санаудың орнына “Ха-ха”, “Хи-хи” деп айтуға да болады. “Севен-ап” ойыны: Қатысушылар дөңгелене отырып, кезекпен бірден жетіге дейін санайды. Жеті санын айтатын адам “Жеті” деудің орнына, орнынан тұрып, “Севен-ап” деп айтуы керек. Кім жаңылысса, сол ойыннан шығады.

№ слайда 22 “Жаңылыспаймын” ойыны: Қатысушылар дөңгелене тұрып, кезекпен бірден отызға де
Описание слайда:

“Жаңылыспаймын” ойыны: Қатысушылар дөңгелене тұрып, кезекпен бірден отызға дейін, сосын кері қарай санайды. Үшке еселік санды айтатын адам сол санның орнына “Жаңылыспаймын”деп айтуы керек. Кім жаңылысса, сол ойыннан шығады. “Белгісіз басшы” ойыны: Бір қатысушы сыртқа шығарылып, сол кезде басқалары іштерінен біреуін басшы етіп сайлайды. Басшының міндеті сырттан келген адамға білдірмей, бір қимыл көрсетуі керек, қал,андары сол қимылды бірдей қайталауы керек. Сырттан келген адам кімнің басқарып тұрғанын табу керек. Егер тапса немесе бірнеше қимыл ауысқанға дейін таба алмаса, басқа адаммен ауысады.

№ слайда 23 “Дирижер” ойыны: Жүргізуші бір қимыл көрсетіп, сұқ саусағымен кімді көрсетсе,
Описание слайда:

“Дирижер” ойыны: Жүргізуші бір қимыл көрсетіп, сұқ саусағымен кімді көрсетсе, сол адам сол қимылды қайталауы керек. Кім тез қайталай алмаса, сол ойыннан шығады. Жүргізуші бір қимылды бірнеше адамға жасатып, белгілі бір дыбыстар шығаруы керек. “Көңілді жылан” ойыны: Қатысушылар бірінің артынан бірі ұстап, жылан болады. Ойынның негізгі мақсаты жыланның басы құйрығын ұстап алуы керек. Белгілі бір уақыт ішінде ұстай алмаса немесе басы құйрығын ұстап алса, жыланның басы құйрығына айналады, екінші тұрған басы болады.

№ слайда 24 “Түлкі-тауық-балапан” ойыны: Түлкі болған қатысушыдан басқалары тауық болған
Описание слайда:

“Түлкі-тауық-балапан” ойыны: Түлкі болған қатысушыдан басқалары тауық болған адамның соңына тізіле тұрады. Түлкінің мақсаты тауықты айналып өтіп, соңғы балапанды ұстап алуы керек. Белгілі бір уақыт ішінде ұстай алмаса, түлкі тауыққа, соңғы балапан түлкіге айналады. “Жыланша” ойыны: Қатысушылар айнала отырады. Сосын бірі бастап келесі адамнан бастап кезекпен қолын алып, тілегін айтады. Оның соңынан келесісі ереді. Ойын осылайша қашан барлығы бір-біріне тілек айтып болғанша жалғасып кете береді.

№ слайда 25 “Үй-адам-жер сілкіну” ойыны: Қатысушылар үш-үштен топтарға бөлініп, екі адам
Описание слайда:

“Үй-адам-жер сілкіну” ойыны: Қатысушылар үш-үштен топтарға бөлініп, екі адам өзара қол ұстасып үйді құрайды, үшіншісі сол үйде тұратын адам болады. Жүргізуші “Үй” деген кезде, үй боп тұрған екі адам қолдарын жазбастан, келесі адамның үйіне айналуы тиіс. “Адам” деген кезде үйдегі адамдар басқа үйге барып кіруі керек. “Жер сілкіну” деген кезде барлығы тарап кетіп, қайтадан топтарға бөлінуі керек. Осы қимылдардың барысында жүргізуші топтардың біріне қосылып кетеді, ал үйсіз қалған адам жүргізуші болады. “Атомдар мен молекулалар” ойыны: Жүргізуші “атомдар” деген кезде ойыншылар жеке дара жүреді де, “молекулалар, бесеуден” немесе “молекулалар, үшеуден” деген кезде, бес немесе үш адамнан тез арада топтасады. Кім топқа қосыла алмай қалса, айып төлейді: өз өнерін көрсетеді немесе көпшіліктің тілегін орындайды.

№ слайда 26 “Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау” жобасының стратегиялары “Түртіп а
Описание слайда:

“Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау” жобасының стратегиялары “Түртіп алу” әдісі: Жиегіне тиісті белгілер (“” – бұрыннан білемін, “+” – енді білдім, “?” – түсіне алмадым, “-” – келісе алмаймын) қоя отырып, әр оқушы мәтінмен алдымен жеке, сонан соң жұптасып жұмыс жасайды. Жұптық жұмыс барысында жаңадан білген мәліметтер мен түсініксіз жайлар талқыланады. Соңынан сол мәселелер тақтаға жазылады да, жауабы бірлесе ізделінеді. Кейде жауабын тауып келу үйге беріледі. Төменгі сыныптарда соңғы белгі пайдаланылмайды.

№ слайда 27 “ДЖИГСО” әдісі: Сынып төрт-төртеуден топтарға бөлініп, топтағы өз нөмірін аны
Описание слайда:

“ДЖИГСО” әдісі: Сынып төрт-төртеуден топтарға бөлініп, топтағы өз нөмірін анықтайды. Сонан соң сол нөмірлері бойынша үлкен топтарға жиналып, тапсырманың бір бөлігін сарапқа салады. Талқылап болған соң, өз топтарына қайтып, өзгелерге өз білгенін баяндайды. Соңынан әр топтан бір адам жұрт алдында мәліметтердің барлығын жинақтап айтады. Әр топқа ортақ бір баға қойылады. Бұл әдiстiң бiрiншi нұсқасында үй топтарының жұмыстары ортақ болса, екiншi нұсқасында әр топтың атына сай қызметтерi де өзгеше болады. “Ой қозғау” әдiсi: Баланың басынан өткен бұрынғы тәжiрибесiне сүйене отырып, жеке, топтық және ұжымдық талқылау арқылы берiлген тақырып мазмұнымен өз бетiнше жұмыс жасауына бағытталған, қызығушылықты оятуға арналған стратегия.

№ слайда 28 “Идеяны суреттеу” әдiсi: Алдыңғы стратегиядан айырмасы тақырыпты ауызша емес,
Описание слайда:

“Идеяны суреттеу” әдiсi: Алдыңғы стратегиядан айырмасы тақырыпты ауызша емес, сөзбен жазбаша не сызбалар арқылы суреттеп беретiндiгiнде. “ББҮ” әдiсi (Бiлемiн-бiлгiм келедi-үйрендiм): мұның басты ерекшелiгi үш бөлiктi кестенiң бірінші бөлігіне осы тақырыпқа байланысты не білетіндері, екiншi бөлiгiне балалардың ғылыми – танымдық мәтiнмен танысу барысында “не бiлгiсi келетiнi” жазылады. Үшінші бөлігі (не білдім) мәтінмен танысып, талдап болған соң толтырылады. “Болжау” әдiсi: Баланың iшкi түйсiгiне сүйене отырып, жеке, топтық және ұжымдық талқылау арқылы көркем - әдеби мәтiн мазмұнымен өз бетiнше жұмыс жасауына бағытталған, мағынаны тануға арналған стратегия.

№ слайда 29 “Кең ауқымды лекция” әдiсi – алдыңғыдан айырмасы мұғалiм жетекшiлiгiмен екi т
Описание слайда:

“Кең ауқымды лекция” әдiсi – алдыңғыдан айырмасы мұғалiм жетекшiлiгiмен екi түрлi мәтiнмен де жұмыс жасауға арналғандығында. Көбiне балаларға таратып беретiн мәтiн болмаған жағдайда жиi қолданылады. “Галерея аралау” әдiсi – өзгелердiң қабырғаларға iлген көрнекi материалдарын жеке аралап жүрiп, өз ойын көбiне сол нәрсеге жазуға арналған стратегия. “Әлемдi шарлау” әдiсi – алдыңғы екi стратегияға ұқсас, бiр топтан екiншi топқа ауысып жүрiп, түрлi талқылауларға қатысуға бағытталған стратегия. “Бес жолды өлең” әдiсi – аты өлең болғанымен, ұйқас құрап, буын сақтау мiндеттi болмағандықтан, заты бөлектеу, кез келген мәтiнмен жеке жұмыс жасауға бағытталған, ой-толғанысқа арналған стратегия: 1 жол – тақырыбы, 2 жол – екi сын есiм, 3 жол – үш етiстiк, 4 жол - өлеңнiң негiзгi идеясы, 5 жол – тақырыпқа балама сөз.

№ слайда 30 “Кубизм” әдiсi – жақтарына зерттеңiз, суреттеңiз, салыстырыңыз деген сияқты ж
Описание слайда:

“Кубизм” әдiсi – жақтарына зерттеңiз, суреттеңiз, салыстырыңыз деген сияқты жұмыс бағыттары жазылған кубиктi пайдаланып, қай қыры түссе, сол қырындағы тапсырманы жеке не топтасып орындауға бағытталған мағынаны тануға және ой-толғанысқа арналған стратегия. “Вен диаграммасы” әдiсi – екi нәрсенi, екi мәселенi қиылысқан екi шеңберлi сызбамен салыстыруға бағытталған, мағынаны тануға арналған стратегия. “Екi түрлi түсiнiктеме” әдiсi – парақтың бiр жағына мәтiннiң ұнаған жерлерiнен үзiндi, ал екiншi жағына оның себептерi жазылады. Бұл әдiс балаларды рефлексияға үйретуге тиiмдi.

№ слайда 31 “Модульдік оқыту” технологиясындағы оқыта үйрету ойындары “Бейнелі жады” ойын
Описание слайда:

“Модульдік оқыту” технологиясындағы оқыта үйрету ойындары “Бейнелі жады” ойыны: Мұғалім мен жүргізуші қазылар алқасын құрайды. Оқушыларға мәтінді оқып шығып, бастысын атау тапсырылады. Сынып топтарға бөлінеді. Мұғалім мәтіннің мәнді бір бөлігін мылқау сахналық қойылым түрінде көрсетуді ұсынады. Сөздер, мәтіннің мәнді бәр бөлшектері (деталі) жазылған парақтар пайдалануға, мәтін бөліктерінің өзара байланысы ретінде қолдарынан ұстасуға болады. Өз нұсқасын алдымен бір команда, сосын екіншісі бейнелеп көрсетеді. “Емтихан” ойыны: Оқушылар өзара жұптарға бөлініп, бірі мұғалім, екіншісі оқушы болып жұмыс жасайды. Оқушы болғаны серігіне өз конспектісінде не жазылғанын айтып, сосын оның қойған сұрақтарына жауап беруге тырысады. Серігі түсінік пен жауапты оқулық мәтінімен салыстырып, өз ұпайын береді. Сосын олар өзара орын алмасып, келесі оқушы мұғалім болады. Әр оқушы айтқан түсінігі мен жауаптарына ұпай жинайды. Берілген уақыт ішінде кім көп ұпай жинаса сол жеңімпаз болады.

№ слайда 32 “Сұрақ-жауап” ойыны: I бөлім: Оқушылар мәтінді жылдам және мұқият оқып шығады
Описание слайда:

“Сұрақ-жауап” ойыны: I бөлім: Оқушылар мәтінді жылдам және мұқият оқып шығады. Сосын сұрақтар құрастырады. Кім көп сұрақ құрастырса, сол жеңімпаз болып табылады (10 минут). II бөлім: Оқушылар кезекпен көршісіне сұрақ қояды, ол қысқа жауап қайтарады. Әр жауап ұпаймен белгіленеді. Анықтамаларға бір заңдылықтарға екі, ал ережелерге үш ұпай берілуі мүмкін. “Баяндама” ойыны: Мұғалім балаларға берілген мәтінді оқып, соңынан оның мазмұнын сурет, белгі, сызба түрінде беруді ұсынады. Бұл шпаргалканы оқушы оң жақтағы көршісіне береді. Енді әрқайсысы өз көршісінің сутеттерін немесе сызбаларын қолдана отырып, осы мәтін бойынша баяндама жасайды. “Шпаргалка” ойыны: Конспект түрінде шпаргалка жасау оқу материалын игеруге мүмкіндік береді. Сондықтан оқушылар 1 бетке 1-2 минут жібере отырып, небары бірнеше түінді сөздерарқылы жоспар-конспект құрайды. Жұмыс аяқталғанда мәтін бойынша сұрақтар құрастырылады. Сұрақтар ммәтіннің мәнін ашатындай, талас тудыратындай қызықты және проблемалық болуы керек.

№ слайда 33 “Мән-мағына” ойыны: Кез келген мәтіннің мәнін табу біршама оңай: мәтіннің нег
Описание слайда:

“Мән-мағына” ойыны: Кез келген мәтіннің мәнін табу біршама оңай: мәтіннің негізгі мағынасын құрайтын жолдардың астын қарындашпен сызып қою керек. Жүргізушінің белгісімен оқушылар өздері негізгі деп есептейтін жолдардың астын сызады. Бір бетті қарап шығуғы 1 минут уақыт беріледі. Мәтіннің көлемін мұғалім таңдайды. Оқушылар аты-жөнін қарындашпен жазады. Кітаптар шеңбер бойымен жылжида. Әрқайсысы қарап шығып, алдындағы ойыншыға бес баллдық жүйе бойынша баға қояды. Бұған тек бірнеше секунд қана беріледі. Жүргізушінің белгісімен кітап көршісіне өтеді. Кітаптар бір бағытта ғана жылжи отырып, алғашқы иесіне қайта оралуы тиіс. Ұпайларын есептейміз! Мұғалім ең көп ұпай жинаған жеңімпаздарды шығарып, құттықтайды. Ойын аяқталды.

№ слайда 34 “Мені түсін” ойыны: Оқушылар мәтіннің бөлігін оқиды да, белгілі бір уақыт іші
Описание слайда:

“Мені түсін” ойыны: Оқушылар мәтіннің бөлігін оқиды да, белгілі бір уақыт ішінде түйінді сөздерін дәптерлеріне жазып алады. Сонан соң мұғалім оқушылардың кітаптарын жабуын, қолдарына парақ пен қарындаш алып, осы мәтіннің негізгі ойын білдіретін 10 шақты сөз жазуларын талап етеді. Соңынан мұғалім парақтарды жинап алып, өзі алдын-ала даярлаған түйінді сөздермен салыстырады. Кімнің осы түпнұсқамен сәйкес келген сөздері көп болса, сол жеңімпаз деп танылады.

№ слайда 35 “Жарысты жалғастыр” ойыны: Жүргізуші сыныпты үш командаға бөледі де, оқып-үйр
Описание слайда:

“Жарысты жалғастыр” ойыны: Жүргізуші сыныпты үш командаға бөледі де, оқып-үйренуге тиісті мәтін бөлігін береді. Оқушылар белгі бойынша 5-7 минут оқиды. Сонан соң жүргізуші нөмірленген үш парақ дайындап, оларды әр командаға береді. Белгі бойынша оқушылар оқиғаларды, фактілерді, олардың мерзімдерін жазып, үндеместен бір-біріне жылжытып отырады (бір-бірін қайталамауы тиіс). Бұған үш минуттай ғана уақыт бөлінеді. Сосын ойынның қорытындысын шығарылып, қай команда неғұрлым көп фактілерді, оқиғаларды, олардың мерзімдерін көрсеткенін; қай команда неғұрлым толық, нақты, анық жауап бергенін жүргізуші анықтайды да, жеңімпаздарды құттықтайды.

№ слайда 36 “Білімдарлар” ойыны: Бірінші ойынның алдында “білгірлер” анықталады, олар өзд
Описание слайда:

“Білімдарлар” ойыны: Бірінші ойынның алдында “білгірлер” анықталады, олар өздеріне команда құрады. Ойынға қатысушылар командалары бойынша парта басына отырады. Бір команда тақта жанында қалады. Басқа командалардың өкілдері оларға оқылған тақырып бойынша сұрақтар қояды. Команданың сұрақты өз ішінде талдауы 20 секунд қана жүреді де, бір оқушы жауап береді (кезекпен). Жеңімпаз команда дұрыс жауаптар мөлшерімен анықталады. “Тұлғаны танып-біл” ойыны: Жүргізуші ойынға қатысушыларға парақтар таратады, оларға қазақстан тарихында елеулі із қалдырған кемеңгер адамдардың (саясаткерлер, өнер және әдеби қайраткерлер және т.б.) портреттері жапсырылған. Ойыншылар 5-6 адамнан топтарға бөлініп отырады. Балалар портреттегі тұлғаның аты-жөнін, тарихтағы рөлін, қызмет ету кезеңін, оның атына байланысты оқиғаларды, ол жазған шығармаларды және т.б. естеріне түсіруі тиіс. Топ ішінде талдау 5 минуттан аспайды. Өз командасын топтың бір адамы қорғайды. Жүргізуші сыныптағы неғұрлым толық жауап берген команданы анықтайды. Жүргізуші ойынға қатысушылардың барлығына рахмет айтады.

№ слайда 37 “Семинар-сабақ” ойыны: Даярлық бөлімі: Жүргізуші-мұғалім оқушыларға семинарлы
Описание слайда:

“Семинар-сабақ” ойыны: Даярлық бөлімі: Жүргізуші-мұғалім оқушыларға семинарлық сабақ туралы бірнеше күн бұрын айтып, тақырыбын, сұрақтарын береді. Оқушылар тақырып бойынша қосымша материалдар дайындайды, мерзімді баспасөзді оқиды, алынған ақпаратты талдайды. Ойын бөлімі: Жүргізуші тақырыпты жариялайды, кіріспе сөз сөйлейді, рет-ретімен сұрақтарды жариялады. Оқушылар баяндама жасап, өз орындарынан баяндамашылардың жауабын толықтырып отырады. Семинар барысында әрбір оқушының қанша балл жинағанын жүргізуші анықтайды. Семинарлық сабақтың соңында жүргізуші ақырғы сөзбен шығып, қорытынды жасайды. Әрбір оқушының ұпай санын есептейді. Алғыс айтады.

№ слайда 38 “Конференция” ойыны: Даярлық бөлімі: Конференцияға дейін “ұйымдастыру комитет
Описание слайда:

“Конференция” ойыны: Даярлық бөлімі: Конференцияға дейін “ұйымдастыру комитетін” сайлаймыз. “Ұйымдастыру комитеті мүшелерінің” санын жүргізуші анықтайды. Ұйымдастыру комитеті мүшелеріне конференцияға дейін дайындалуы тиіс мәселелерді: конференцияның мерзімін белгілеу, жарнама, ақпараттық хабарлама (конференцияның тақырыбы, жұмыс тәртібі, баяндамашылардың аты-жөні, баяндама тақырыптары)беру, жұмыс бағдарламасын құру, оны көбейді, шақыру қағаздарын даярлау, оларды тарату, сыныптан секция төрағаларын таңдау, олардың жұмысының негізгі мәселелерін дайындау, керекті тану белгілерін жасау сияқты іс-әрекеттерін орындауға уақыт беріледі. “Пленарлық мәжіліс” өткізіледі. Аяқталған соң, “секция хатшылары” “секциялардың” тиісті атауларын іліп, “баяндамашыларды” жариялайды. Бірнеше “секция” қатар жұмыс істейді. Жүргізуші жұмысты басқарады. “Баяндамашының” уақыты 5 минуттан аспайды. Жұмыс аяқталған соң, барлығы “қорытынды отырысқа” жиналады. Конференцияның жұмысы қорытындыланып, ақырғы сөзбен “ұйымдастыру комитетінің төрағасы” сөйлейді.

№ слайда 39 “Аукцион” ойыны: Жүргізуші өтілген тақырып (оқиғалар, фактілер, олардың мерзі
Описание слайда:

“Аукцион” ойыны: Жүргізуші өтілген тақырып (оқиғалар, фактілер, олардың мерзімі) бойынша сынып оқушыларына арнап сұрақтар дайындайды. Ойынды жүргізу үшін гонг (немесе ағаш балғаша) қажет. Жүргізуші аукцион өткізеді: сұрақтар қояды, жауаптарға түсініктеме беріп, бағалайды, жеңімпазды анықтайды. Дұрыс жауаптары үшін неғұрлым көп фишка жинаған оқушы жеңімпаз болады. “Шешендер жарысы” ойыны: Бірнеше оқушы алдын-ала берілген тақырыпқа хабарлама жасайды. Жарысты жүргізуші (мұғалім) немесе арнайы сайланған қазылар алқасы бағалайды. Тек білімі ғана емес, дәлелді сөйлей білу шеберлігі де бағаланады.

№ слайда 40 “Бас қатырғылар базары” ойыны: Оқушылар үйде сөзжұмбақтар, сөзтізбелер, тарих
Описание слайда:

“Бас қатырғылар базары” ойыны: Оқушылар үйде сөзжұмбақтар, сөзтізбелер, тарихи домино, хронологиялық лото, викториналар, құпиясөздер және т.с.с. құрастырады да, сабақта оларды шешеді. Жеке де, ұжыммен де жұмыс істеуге болады. Оқушыларға оқулықты, картаны, көмекші және құжаттық материалдарды пайдалануға рұқсат етіледі. Жүргізуші ең белсенді, кәсіпкер, тапқырларды анықтайды. Үйде жұмыс істеген оқушыларды да, сабаққа белсене қатысқандарды да атап өтеді.  

Автор
Дата добавления 24.03.2016
Раздел Иностранные языки
Подраздел Презентации
Просмотров141
Номер материала ДВ-552210
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх