Инфоурок Начальные классы Рабочие программыПрезентация по азбуку на тему "Қош бол сүйікті, Әліппем!"

Презентация по азбуку на тему "Қош бол сүйікті, Әліппем!"

Скачать материал

Тақырыбы: Қош бол, сүйікті Әліппем!



Мақсаты: Оқушылардың әліппеден алған білімдерін тиянақтау. Өз өнерлерін ата - аналарға көрсету, эстетикалық талғамдарын кеңейте түсу. Оқу - білім алуға, достық қарым – қатынас орнатуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: «Әліппе», «Ана тілі» макеті, шарлар, гүлдер, кеспе әріптер, сандар, таңбалар, интерактивті тақта, мультимедия.



Жүру барысы:



1.Мұғалім: Құрметті ата - аналар! Бүгінгі мерекеге қош келдіңдер! Кеше ғана мектеп табалдырығын имене аттаған жас бүлдіршіндер бүгін саналы оқушы болып, барлық ғылымның атасы, біздің болашағымыздың негізі - Әліппені бітіріп отырмыз. Мұғаліммен бірге оқушылармен қоса оқыған ата - аналар еңбегіміздің жемісін көрейік. Тойларыңыз тойға ұлассын.

Әліппені бітірді балаларым,

Әліппеден нәр алған даналарым.

Өзі оқып жазатын қалге жетті,

Құтты болсын білімі балалардың!

Ата - ана қуанып шаттанады,

Оқыды деп баласы мақтанады.

Алдарына бұлардың кім шығыпты,

Барлық маман мектептен аттанады.

Ал ендігі кезекті оқушыларға берейік.



1. Оқушылардың сәлемдесуі

1-оқушы

Ата - ана қуанып шаттанады,

Оқыды деп баласы мақтанады.

Алдарына бұлардың кім шығыпты,

Барлық маман мектептен аттанады.

2-о

Армысыздар, ұстаздар,

Білім іздеп инемен құдық қазғандар

Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді,

Би биленіп, ән де бүгін шырқалар.

3-о

Қош келіпсіз, ақ жаулықты аналар,

Жүздеріңнен мейірім мен нұр тамар.

Алдарыңда жауқазындай құлпыраған,

Біз алаңсыз балғын шақты балалар.

4-о

Қош келіпсіз, өр тұлғалы әкелер

Қыран құстай болашағын мәпелер

Бүгін міне, әліппемен қоштасады

Азамат боп кешегі сәби еркелер.

5-о

Есімде ұстаздың алғашқы қарсы алғаны,

Айқара есік ашып тастағаны

Бір мереке думан боп осы маңда,

Жетелеп бір сыныпқа ап барғаны.



2. Әліппені шақыру

Іші толған әріпке,

Білімдегі жарық не?

Болашаққа жол ашар.

Хормен: Ол сүйікті әліппе.

Ендеше, Әліппені ортаға шақырып, 4 ай бойы алған білімімізді көрсетейік. Кәне бәріміз хормен әліппені шақырайық,

-Әліппе, әліппе, әліппе.



Әліппе:

Армысыздар , жас достар!

Армысыздар, ата-ана!

Болашаққа жолбастар,

Әліппең келді ортаға.

Менің атым - Әліппе,

Мені анаңдай дәріпте.

Мені оқып ержеткен,

Ағаң менен Әпкең де.

- Балалар, мен бұл мерекеге қуана, толғана келіп отырмын. Сендер мені 4 ай бойы оқыдыңдар. Менен не үйрендіңдер? Кәне, соны айтыңдаршы. Маған дайындап келген қандай тақпақтарын бар?



3. Әліппеге байланысты тақпақтар.



1. Әліппені бітірдім,

Жаза аламын атымды

Әліппені бітірдім

Бала болдым ақылды.

Көп нәрсеге үйреттің,

Таныстырып әріппен,

Тақылдатып сөйлеттің.



2. Мама, папа атын сен,

Бізге үйреттің Әліппе.

Бізге нағыз жақын сен,

Сенен білдік әріпті



3. Ыстық әрбір беттерің,

Жазуыңды ұғамын.

Ақыл бердің Әліппе,

Ақылды сен мұғалім.



4. Әліппем менің, Әліппем,

Сені қолға алып мен.

Есігін аштым мектептің,

Ертеңгі сәуле жарықпен.



5. Әліппем менің, әліппем,

А деген бастап әріптен.

Сөз құрап жаза бастадым,

Тақылдап таңба танып мен.



6. Осылай алға аттадым,

Әр әріпті жаттадым.

Жаттаған сайын әріпті,

Сөз құрап жаза бастадым.



7. Әліппем менің, әліппем,

Өшпейтін нұрлі әріптен.

Есігін аштым білімнің,

Өзіңнен кілт алып мен.



8. Үйреттің бізге Әліппе,

42 дербес әріпті.

Сөз , сөйлем құрап әріптен,

Жаздырдың бізге Әліппе.



9. Оқитын әрі жазатын,

Білімге қол созатын.

Оқушы болдық сауатты,

Білімді тегін қазатын.



10. Бар кітапқа бас болған,

Әліппе ғылым данасы

Әліппеден басталған,

Даналықтың данасы.



4. Әліппе:

- Жақсы балалар маған ұнады.

- Ал, балалар, менің мына сұрақтарыма жауап беріңдерші?

Сыйлап үлкен ағаны

Сәлем берген баланы

Кім дейміз?

Хормен: Әдепті екен бұл дейміз!

Кітап, дәптер, қаламы

Кір шалмаған баланы

Кім дейміз?

Хормен: Ұқыпты екен бұл дейміз!

Таудай биік талабы

Жақсы оқитын баланы

Кім дейміз?

Хормен: Үлгілі екен бұл дейміз!

Өтірік сөз айтпаса

Уәдесінен қайтпаса

Кім дейміз?

Хормен: Шыншыл екен бұл дейміз!



5. Әліппе:



-Өте жақсы , балалар . Мен сендерге ризамын. Әрқашанда әдепті, ұқыпты,үлгілі,шыншыл болыңдар! Ал, балалар айтыңдаршы, қазақ тілінде қанша әріп бар? Менің оқулығымнан неше әріпті үйреніп шықтыңдар.



1) Альфавитті біліңдер

Онда қалып жүйе бар.

Біздің қазақ тілінде,

42 әріп бар.



2) Альфавиттің А тұрады басында,

Әрқашанда Ә тұрады қасында.

Байқадың ба, Б тұрады үшінші,

Ал осының сыры неде, түсінші?



3) А деген ол- аналар ғой ардақты,

Ә деген ол- әкелер ғой салмақты.

Б деген ол- балалар ғой әдемі,

Біздің елде үшеуі де кәделі.

Алшақ кетпей сондықтан да расында,

Тұрады олар , алфавиттің басында





Әліппе

- Балалар , сендер мені оқып, сауаттарыңды аштыңдар, жазуға , оқуға үйрендіңдер, Ал ,кәне, көпшілікке әріптердің сырын ашыңдар.



А – А дегенің – Ана ғой,

Ана деген дана ғой

Б - Б дегенің – бала ғой,

Жұмсаса апаң бара ғой

Г – Гу деп алғашбөбектер

Гуілдейді ақырын

Е – Елге есті ер керек,

Ер жет, өсіп ертерек

Ж – Жыр алыбы – Жамбыл ата,

Ардақтайды оны бала

Қ – Қартқа қол бер

Жасқа жол бер.

З – Зауза ұшады зырылдап,

Зымыранша зырылдап

И – Ирина енді іздейді,

Инженер мына біздейді

К – Кекілік –ау ,кекілік,

Кетіп қалма секіріп.

Л- Лашын биік самғайды,

Лашын көкті шарлайды.

М – Мектеп берген білімнен ,

Марқаясың, жас ұлан.

Н – Наурызайы келгенде,

Найрыз тойы тойлансын.

О – Озат болып оқыңдар,

Ойға білім тоқыңдар.

Ө - Өсті міне, бойларың,

Өсті ақыл, ойларың

Р – Роза шықса ән салып,

Риза болған бар халық

С – Сыйламаған жолдасын,

Сыйлай алмас өз басын.

Т – Тырау-тырау тырналар,

Тамаша әнін тыңдап ал.



6 «Әліппе» әні

Әліппе, әліппе,

Алғашқы әріппен

«Ана» деп қазір біз,

Жазуға әзірміз.



Әліппе, әліппе,

Екінші әріппен,

«Бала» деп қазір біз,

Жазуға әзірміз.



Әліппе, әліппе,

Талай бір әріппен,

«Отан» деп қазір біз,

Жазуға әзірміз.



7. Жұмбақ жасыру.



«Кішкентай сиқыршы»: Жұмбақ жасырам, шешін тапсаңдар бір сөз шығады.

Әжеде бар, атада жоқ

Әтеште бар, көжекте жоқ (Ә)

2.Мынау-доға қарайық

Ұқсайды оған қай әріп? (Л)

3.Ірімшік жедің ғой,

«Тәтті екен» дедің ғой.

Оның аты біз жазған,

Қайсы әріптен басталған? (І)

4.Ата-анаңмен барып сен,

«Пілді» көрдің «парктен»

Осы атауға зер салшы Басталған қай әріптен? (П)

5.Пілде бар, шілде жоқ.

Допта бар, шарда жоқ. (П)

6.Ешкіде бар, қойда жоқ

Кеседе бар, қасықта жоқ (Е)



- Ал, енді балалр қандай сөз шықты?

- Әліппе





8. Ұлағатты сөздер.

-Өздерін ұстаздар туралы қандай ұлағатты сөздер білесіңдер?

• Ұстаз болу - өз уақытын аямау, өзгенің бақытын аялау. Ж.Ж.Руссо

• Шәкірті жоқ ұстаз – мылқау ұстаз Ыбырай Жақаев

• Адамның адамшылдығы... жақсы ұстаздан болады.Абай Құнанбаев

• Маған жақсы мұғалім бәрінен де қымбат, өйткені мұғалім – мектептің жүрегі.Ыбырай

• Ұстазы жақсының ұстамы жақсы

Халық даналығы

• Ұстазыңды атаңнан да әзіз тұт

Халық даналығы.

Кімде-кім халқынан алмаса тәлім,

• Оны үйрете алмас ешбір мұғалім.

Ж. Баласағұн.

9. «Мұғалім-ол біздің» әні.

1. Білімнің кілтіндей,

Әліппе ұстатақан.

Оқуға іркілмй,

Тоқуға ұстартқан

Қамқоры ұл қыздың,

Мұғалім- ол біздің

2. Қиынға төзуге

Үйреткен қашан да,

Жаманнан безуге,

Жақсылық жасауға

Қамқоры ұл-қыздың

Мұғалім ол біздің



10 Ана тілі келуі.

Әліппе:

- Балалар, сендер мені жақсы игеріпсіңдер. Мен сендерге ризамын. Енді менен алған білімдеріңді « Ана тілімен » ұштайсыңдар.Міне менің досым Ана тілінің өзі де келіп қалыпты, қарсы алыңдар.



Хормен: Сәлеметсіз бе , Ана тілі!



Ана тілі:

Сәлем, ойшыл достарым!

Терең білім , ой саналы,

Әрбір сөзім , ой салады.

Ғылым, тәлім , өнерім көп,

Достасқанға берерім көп.



Әліппе:

Жарайсыңдар , балғындар! Сендерге ризамын.

Кәрі-жасқа ой сала,

Үйрететін ой сана.

Ана тілін сүйіңдер,

Осыған бас иіңдер.

1-о

Әліппемен қош айтысып қаламыз,

Енді қолға басқа кітап аламыз.

Ата-ана қуанышқа ортақ бол,

Сауатты боп шықты, міне балаңыз.

2-о

Таныстырған 42 әріппен

Қош бол менің қасиетті Әліппем.

Сенің арқаң оқи жаза білгенім,

Сауатты адам санатына кіргенім

3-о

Бітті әліппе сан сабақ

Бүгін үлкен салтанат

Өзге оқулық доспаспақ

Әліпемен қоштассақ

4-о

Қош бол құтты әліппем,

Көп нәрсені үйретің

Таныстырып әріппен

Тақылдатып сөйлетін.



Әліппе:

Айналайын , балдырған,

Менен білім алдыңдар!

Әр сөзімді жаттаған,

Достар үшін мақтаған.

Рахмет айтып шаттанам,

Риза болып аттанам

Алда ұзақ жасың бар,

Оқумен өсіп толыңдар,

Аман –есен болыңдар!



Хормен : Бәрімізді сүйіп өткен,

Балаларға үйреткен.

Әліппе мен ұстазға,

Бас иеміз құрметпен!



Ана тілі:

Шарықтап қиялың,

Зердеңе ой құямын.

Бір-бір мектеп-Ыбырай,

Абай, Ахмет зиялым

Табыстырам бәрімен.

Өлең-жыры, әнімен

Өрісіңді кеңейтіп,

Шежіре айтып әріден

Қысқы ілім-білімнің

Бәрі, бәрі, бәрі –мен



11. Он саусақ

- Мен сендердің баррлқ өнерлерінді тамашалап отырдым. Енді маған «Санамақ» айтып беріндерші?

1- Дегенім білім

Төртпен беске ілін,

Алып жүргін балам,

Мұғалімнің тілін



2- Дегенім- Еңбек,

Еңбекпен іс өнбек.

Жалқау болсаң балам

Бар қиындық төнбек.





3- Дегенім- Үміт,

Жайдары жүр күліп,

Сотқар болсаң балам,

Атанасың бұзқ.



4- Дегенім- төзім,

Сабырлы бол өзің

Ал асықсан балам,

Мәнсіз болар сөзің.



5- Дегенм берік

Жақсылық болсын серік

Жалқау досқа балам

Кете көрме еріп.



6-дегенім ақыл,

Бол ақылды батыр

Атаң не айтса балам,

Құп алғаның мақұл



7-дегенім жеңіс

Тұр алдыңда көп іс,

Тым ұзаққа созбай,

Орындап шқ тегіс.



8- дегенім - сенім,

Сенсін соған елің

Соны да ойла, сенім,

Ақталмайды тегін.



9-дегенім- тоқтам,

Қызулы бол шоқтан,

Сақ боолғайсыз балам

Тілсіз жауын оттан!



10-дегенім – оқу,

Қажет емес қорқу.

Білгеніңді балам

Көңіліне тоқу.



12. Ыбырай Алтынсарин «Әке мен бала» көрінісі.



- Өте жақсы балалар, мен сендердің өнерлерінді әліппемен тамашалап отырауын.

13. Қуыршақ әні

14. Веселый Кабой биі.

15. Менің Отаным.

16. Вальс

17. Мұғалімнің қорытынды сөзі.

1) Мектеп директоры.

2) Ата- аналарға сөз

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Презентация по азбуку на тему "Қош бол сүйікті, Әліппем!""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Научный сотрудник музея

Получите профессию

Экскурсовод (гид)

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 660 615 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 18.02.2016 637
    • DOCX 19.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Рыспаева Айгерим Елтайқызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Рыспаева Айгерим Елтайқызы
    Рыспаева Айгерим Елтайқызы
    • На сайте: 8 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 2809
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Секретарь-администратор

Секретарь-администратор (делопроизводитель)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Инклюзивное и интегративное образование детей с ОВЗ в условиях введения и реализации ФГОС НОО ОВЗ

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 304 человека из 61 региона
  • Этот курс уже прошли 1 198 человек

Курс повышения квалификации

Проективные методики в начальной школе в соответствии с ФГОС

72/144/180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 59 человек из 26 регионов
  • Этот курс уже прошли 450 человек

Курс повышения квалификации

Методика повышения техники чтения у младших школьников с ОВЗ

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 103 человека из 28 регионов
  • Этот курс уже прошли 414 человек

Мини-курс

ИТ-инструменты в управлении документооборотом

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Стратегии бизнес-развития

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Финансовый анализ

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 20 человек из 12 регионов