Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Биология / Презентации / Презентация по биологии "Балықтар класы"

Презентация по биологии "Балықтар класы"


До 7 декабря продлён приём заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)

  • Биология

Поделитесь материалом с коллегами:

hello_html_75ac674a.gifhello_html_m574cbf31.gifhello_html_m72dcad9f.gifhello_html_m5caeccb3.gifhello_html_m61d0f120.gifhello_html_m7a67bf64.gifhello_html_135e5240.gifКласс: 7 «А»

Сабақтың тақырыбы: Балықтар класына жалпы сипаттама

Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушыларды балықтар класымен таныстырып, олардың тіршілік әрекеттері мен негізгі түрлері, табиғаттағы маңызы туралы мәліметтер беру

Дамытушылық: Оқушылардың дүниетанымын кеңейту, шығармашылық

қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: оқушыларды өз бетінше ізденімпаздыққа, шығармашылық қабілеттерін дамытуға еңбектенуге, өзара білімдерін тексеріп бағалауға, балықтарды қорғай білуге, адамгершілік пен ұжымдық қарым - қатынас жасауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: ойын сабақ
Сабақтың әдіс - тәсілі: ойын, баяндау ,сұрақ - жауап, үлестірме материалдармен жұмыс, кесте, тірек – сызбалармен жұмыс, тест
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, кестелер, үлестірме қағаздар, бейне слайдтар, балық суреттері
Сабақтың басқа пәндермен байланысы: география, әдебиет
Күтілетін нәтиже:

Білуге тиіс:       Әрбір бала балықтардың түрлерін,аттарын білуі керек.

Талапты болу: Су асты әлеміндегі жануарлар мен жәндіктерге деген қызығушылық болу керек.

Қолынан келуі тиіс: Балықтарға қамқор бола білуді үйренуі керек.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Сәлемдесу.

Балалар, біз бүгін кемемен ойын әлеміне саяхатқа шығамыз.
- Кемемен қайда жүруге болады?
- Суда, өзенде, мұқитта, теңізде.
- Дұрыс, балалар. Олай болса

«Кім жылдам »ойыны ойнаймыз.


1.. Желілілер қандай жануарлар?

2. Омыртқалы жануарлар дегеніміз не?

3. Тип неліктен желілілер деп аталады?

4.Желілілер қайда мекендейді?

5. Омыртқалы жануарлар дегеніміз не?
Енді бір сәтті мына жер шары яғни глобусқа көз салып көріңдерші.
Жер шарының үштен екі бөлігін су алып жатыр. Жер бетіндегі барлық адамдардың тіршілігі теңіздермен, мұхиттармен тығыз байланысты екенін білесіңдер.

Олай болса мына жұмбақтың шешуін табыңдаршы?
Қанаты бар ұшпайтын
Сусыз жерде тұрмайтын
Желбезекпен тыныс алатын ол не ?
Оқушылар жасырын сөздің
«балық» екенін айтады.

Яғни бүгінгі сабағымыз балықтар туралы болады.

Жаңа сабақ. Қызығушылықты ояту сатысы.

Енді балалар осы «БАЛЫҚ» сөзіне ассоциация құрайық



https://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/1/13/Cyprinus_carpio_GLERL_1.jpg















Балықтар сулы ортада тіршілік етуге бейімделген төменгі сатыдағы жануарлар. Балықтарды зерттейтін зоология ғылымының саласы — ихтиология деп аталады. Себебі грекше «ихтис» қазақша: «балық» деген сөз.

Мәтінмен жұмыс Кесте толтыру

hello_html_m1d32aada.gif

Слайдтарды пайдалана отырып, баяндау әдісімен түсіндіріледі.

Келесі кезек «Балық аулау» ойыны. (топтастыру)

Картинки по запросу балықтар суреттері

Балалар, менің қолымдағы не деп ойлайсыңдар?
- Бұл - қармақ.
- Қармақпен не істеуге болады?
- Балық аулауға.
- Жарайсыңдар! Балалар, бұл- жәй қармақ емес, сиқырлы қармақ. Осы қармақпен балық аулап көреміз бе? Жәшіктің ішіне балықтардың суреті бар үлестірме қаіаздар салынады.

(Магнитті қармақпен балалар біртіндеп балықтарды аулайды. Аулаған балықтардың аттарын қайталап айтқызу)
. Қандай балық екен?
ШОРТАН
http://nexplorer.ru/load/Image/1113/1121.jpg

(Сипаттама астында жазулы түрады, оны оқушы оқып береді)

Солтүстік жарты шарда кең таралған, бала кезден ер. тегіден таныс жыртқыш балық.. Денесінің астыңғы жағы алға шығыңқыраған, жалпақ тұмсықты. Аузында тістері көп, олар ұшымен кері бағытталған, сондықтан аузына түскен жемтігі мұндай қақпаннан қайтып шыға алмайды. Шортан – жыртқыш, балықты басынан бастап жұтады, 1,5 метрге дейін өседі, салмағы 30-35 кг

Қандай балық екен?Сазан.

http://sdelanounas.ru/i/c/2/c2RlbGFub3VuYXMucnUvdXBsb2Fkcy80LzkvNDk5MTM0MDcxMjM1OC5qcGVnP19faWQ9MTg5MjQ=.jpg

Сазан (калантыр) – тұкы балық тұқымдасының ірі балығы, мәдени тұқының жабайы шыққан тегі. Тығыз жалпақ денелі, денесі жасыл-сұр, кейде сары түсті, ол тығыз ірі қабыршақпен қапталған. Тез өседі, екінші жылдың соңында ұзындығы 30 см, салмағы 0,5-0,6 кг-ға жетеді (ең үлкені 2 метрге дейін өсіп, салмағы 20 кг). 30 жылға дейін өмір сүреді. Қазақстанда барлық жарамды су қоймалары, көлдер және ну өсімдікті өзен шығанақтарында мекендейді. Қорек талғамайтын балық.
- Жарайсыңдар, балалар, енді аулаған балықтарыңа назар аударайықшы, сендер балықтардың аттарын білдіңдер. Балалар, балықтар қайда тіршілік етеді?
- Суда.
- Дұрыс айтасыңдар. Негізінде балықтардың түрлері көп. Бұл балықтар өзіміздің Әйтеке би кентінде кездесетін, көріп жүрген балықтар. Балалар, балықтардың дене бітімі қандай пішінге ұқсас екен?
- Сопақша.
- Балықтардың мынау несі?
- Басы.
- Басында желбезегі болады.
(Көрсету, қайталау)
Несі болады екен?
- Желбезегі.
- Олар осы желбезегі арқылы дем алады. Ал денесінде нелері бар екен?
- Қабыршақтары.
- Дұрыс айтасыңдар. Ал денесіне жалғасқан мынау не екен?
- Құйрығы.
- Денесінің арқасындағы
, бауырындағы жүзбе қанаттары.

Сергіту сәті:
Көзімізді жұмамыз
Балық болып жүземіз
Ұстап алып біреуін
Қазанға әкеп саламыз


Ой толғау Балалар енді мына жаққа қараңдар мына ыдыста бір балық жүзіп жүр..
- Қандай балық болды екен?
«Алтын балық» туралы ертегіні еске түсіру
https://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/e/e9/Goldfish3.jpg/150px-Goldfish3.jpg
Ертеде өте кедей балықшы бала болыпты. Ол ұстаған балығын тамақ қылып өзінің еңбегімен күнелткен екен.
Бірақ соңғы уақыттарда оның құрған торына ешқандай балық түспей бала әбден қиналған екен. Бір күні баланың құрған торына анау – мынау емес алтын балық түсіпті. Бала қатты қуанып балықты қуырып жемекші болғанда алтын балық: ей, балақай егер мені босатсаң мен саған күнде таңертең бір сыйлық жасап тұратын боламын деп сөйлеп қоя беріпті. Қарны аш бала балықты босатқысы келмепті. Сонда балық: ол жай ғана сыйлық емес. Сыйлықтар сені бар бақытыңа жеткізетін болады. Ол үшін сен тапсырмалар орындап отыруың қажет – дейді. Бала әрі ойланып, бері ойланып балықтың қойған шартына көніпті.

Таңертең ұйқысынан тұрған бала есіктің алдында құлыптаулы сандықты көреді. Оның іші толған ақша еді.

«Сандық ашу» ойыны. Сандықтың ішінде балықтар суреті болады, оқушылар сонда жасырылған сұрақтарға жауап береді

http://surak.szh.kz/?qa=blob&qa_blobid=15912651780940566066http://surak.szh.kz/?qa=blob&qa_blobid=15912651780940566066http://surak.szh.kz/?qa=blob&qa_blobid=15912651780940566066http://www.kz.all.biz/img/kz/catalog/405196.jpeghttp://surak.szh.kz/?qa=blob&qa_blobid=15912651780940566066





. Енді балалар жағаға шығамыз. Қорытындылау.

«Құрастыру» ойыны

. http://alashainasy.kz/userdata/%D0%91%D0%B5%D0%B7%D1%8B%D0%BC%D1%8F%D0%BD%D0%BD%D1%8B%D0%B92%2815%29.jpg

Балықтың әр бөлігіндегі сұрақтарға жауап беру арқылы, балық құрастыру

1. Балық немен тыныс алады?

2. Балықтың жұмыртқасын қалай атаймыз?

3. Балықтар қайда тіршілік етеді?

4. Уылдырықтан пайда болған жас балық не деп аталады?

5. Балық түрлерін атап бер.

6. Балық ненің көмегімен жүзеді?


Бекіту

«Кім көп біледі?» ойыны.
Бір оқушы тақтаға шығып, сынып оқушыларына қарап тұрады. Мұғалім тақтаға бір сөз іледі, ал оқушылар сол сөзге анықтама береді. Тақта алдында тұрған оқушы оның қандай сөз екенін табады.

Сүйекті балық ----- Латимерия
Торсылдақ --------- Сетінектер (треска)
Шоғал --------------- Қызыл кітап
Уылдырық --------- Жеңсік албырт
Бекіре --------------- Табан

Әріптері адасқан сөздерден балықтардың аттарын құра
Хабхат
Батан
Кеңөм
Азанс
Ісбрек
Нартош

Бағалау

Үйге тапсырма беру. Балықтар класына сипаттама тақырыбын оқып келу



















57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)

Автор
Дата добавления 05.02.2016
Раздел Биология
Подраздел Презентации
Просмотров331
Номер материала ДВ-420142
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх