Для всех учителей из 37 347 образовательных учреждений по всей стране

Скидка до 75% на все 778 курсов

Выбрать курс
Инфоурок Биология ПрезентацииПрезентация по биологии и ботаники "Қызғалдақтар"

Презентация по биологии и ботаники "Қызғалдақтар"

библиотека
материалов
Қызғалдақтар

Описание презентации по отдельным слайдам:

1 слайд Қызғалдақтар
Описание слайда:

Қызғалдақтар

2 слайд Қызғалдақ (лат. Tulipa) – лалагүлдер тұқымдасына жататын көп жыл-дық шөптесін
Описание слайда:

Қызғалдақ (лат. Tulipa) – лалагүлдер тұқымдасына жататын көп жыл-дық шөптесін пиязшықты өсімдік. Қазақстан-ның далалық аймақтарында жиі кездеседі, 32 түрі бар, оның 11 түрі – Қазақстанның эн-демигі болып саналады. Бұлардың биіктігі 3 – 50 см. Сабағы жұмыр, тік өседі. Тамырымен жалғасқан буынында пиязшығы болады. Гүл қоршауы ақ, қызыл не сары. Жемісі – қауашақ. Қызғалдақтың пиязшығын күзде гүлі түскенен кейін жинап алып, оны құрғақ, салқын жерде сақтап, көктемде егеді. Қызғалдақ әсем-дік жә-не гүлінен хош иісті зат алу үшін өсіріледі. Қызғалдақтың өте сирек кездесетін 13 түрі (Альберт қызғалдағы, Борщов қызғал-дағы, Грейг қызғалдағы,Кауфман қызғал-дағы, Шренк қызғалдағы, т.б.) қорғауға алынып, Қазақ-станның “Қызыл кітабына” ен-гізілген.

3 слайд Қызғалдақ – пиязшықтардың ішіндегі табиғатта да кең таралған, көгалданды-руда
Описание слайда:

Қызғалдақ – пиязшықтардың ішіндегі табиғатта да кең таралған, көгалданды-руда да жиі пайдаланылатын өсімдік. Ерекше әсем көркімен даралана-тын гүл болғандықтан, оны білмейтін адам кемде-кем. Қазақстан таби-ғатында қызғалдақтың 35 түрі бар. Осы себепті де Қазақстан – қызғалдақтың отаны болып саналады. Сұрпы мен түріне қарай қызғал-дақтың гүлдеу мерзімдері де әртүрлі. Нау-рыз-мамыр айларында гүл ашады. Оның биіктігі 10 см-ден аспайтын аласа бойлы түрлері ерте көктемде гүлдейтін болса, “Рембрант қызғал-дағы” сияқты биік өсетін түрі маусым айының ортасына таман гүлдейді. Барлық түрі 20-25 күн аралы-ғында әдемі гүл жарып тұрады. Қызғалдақ гүлінің түсі ақтан қараға дейінгі аралықта алуан түрлі болып келеді. Көп жағдайда сабақ басына бір тал ғана гүл жарады. Гүлзарларға бірыңғай түсті қызғалдақтарды топтап отырғызған жақсы көрінеді. Ал, жеке ыдыстарға бойы аласа түрлерін отырғызған дұрыс. Бойы аласа қызғалдақтар альпі шоқысының да көркін асыра түседі.

4 слайд Қызғалдақтың пайда болу орталығы Орта Азия болып есептеледі. Оның көп бөлігі
Описание слайда:

Қызғалдақтың пайда болу орталығы Орта Азия болып есептеледі. Оның көп бөлігі шөл, айнала тау жүйесі қоршап жатыр:ортасында - Копетдаг, Ауғанстан шекарасына дейін Памир-Алай таулары, оңтүстік шығысында -Тянь-Шань. Үндістанның солтүстігінде, Ауғанстанда, Кавказ тауларында, Сирия мен Ливан шекарасында, Қара , Каспий және Жерорта теңізі маңында жабайы қызғалдақ түрлері өсетін оқшау ошақ-тары белгілі. Қызғалдақтардың эко-логиялық ауқымы өте кең. Бір түрі сусыз құмды және тасты шөлдерде, гипсті және сазды топырақта өссе, басқалары аңғарларда немесе тау етегінде, шөгінді тастарда, аяқ жетпейтін құлама жарда, қиыршық толған жартас қуыстарында, тау баурайымен теңіз деңгейінен 3000 м биіктікке дейін көтеріледі. Қызғалдақ өсімдігі ылғалды сүймейді.

5 слайд
Описание слайда:

6 слайд
Описание слайда:

7 слайд  Столон тюльпана
Описание слайда:

Столон тюльпана

8 слайд
Описание слайда:

9 слайд Систематика
Описание слайда:

Систематика

10 слайд Жатаған қызғалдақ Tulipa patens Биіктігі 10 - 25 см,пиязшығы жұмыртқа тәрізді
Описание слайда:

Жатаған қызғалдақ Tulipa patens Биіктігі 10 - 25 см,пиязшығы жұмыртқа тәрізді,жуандығы 1 - 1,5 см,жұқа қағаз тәрізді дерлік терілі,қара қоңыр,ішкі жағынан ұшы және түбі жатаған түкті қабықты. Саны мен таралу аймағы қысқарып бара жатқан түр. Түрдің таралу аймағы Қазақстанда орналасқан. Оған республиканың солтүстік аймағы дерлік түгел кіреді, шығыстаАлтай тауларын қосқанда, Арал маңынан және оңтүстікте Орталық шоқыларға дейін таралған. Сонымен қатар, Ресейдің Волга-Дон аудандарында және Батыс Сібірдің оңтүстігінде кездеседі. Шағыл тасты беткейлерде, далаларда, жиі жазықтықтар мен тау етегіндегі сортаң топырақтарда өседі. Құрылысы жағынан жауқазынға ұқсас, әсіресе Гербарийден айыру қиын. Сондықтан екі түрді айыру мүмкін емес. Өте әдемі түр, гүлінің алуан түсімен ерекшеленеді, аппақ қардай түстен қызғылт- ақшыл көк түске дейін ауытқиды. Тұқымымен, өте сирек вегетативті көбейеді. Көптеген ботаника бақтарында жақсы өседі. Алғашқы гүлдеу кезеңі өте ұсақ, Алматы қаласында екпе көшеттері жетінші жылы гүлдейді. Табиғаттағы популяциясының саныгүл шоқтарына жинау және жер жырту әсерінен азайып отыр. Бірен-саран популяциялары Науырзым және Батыс Алтай қорықтарында, сонымен қатар Қарқаралы мен Баянауыл ұлттық парктерінде қорғалады. Сәуір - мамыр айларында гүлдейді. Қазақстанда таралуы. Далалы,сортаң жерлерде. шоқылардың шағыл тасты және сазды беткейлерінде өседі. Тобыл-Есіл, Ертіс, Көкшетау, Торғай, Қарқаралы, Зайсан ,Арал маңы ,Қызылорда флористикалық аймақтарында, Батыс пен Шығыс шоқыларында, Алтайда кездеседі.

11 слайд Бема қызғалдағы Бема қызғалдағы (лалагүлдер тұқымдасы) Қазақстан шөлінің жерг
Описание слайда:

Бема қызғалдағы Бема қызғалдағы (лалагүлдер тұқымдасы) Қазақстан шөлінің жергілікті типтік түрі. Құмды және Балқаш-Алакөл шөлінің шұңқырлы, қиыршық тасты құмды жерлерінде және бетпақдаланың шығыс бөлігінде, Алматы және Жамбыл облыстарының жерлерінде, топырақта өседі. Басқа түрлерден пиязшығының ешқайсысына ұқсамайтын қабырша-ғының құрылысымен ерекшеленеді. Олар өте қатты жұмыртқаның қабығы тәрізді, қара қошқыл түсті топырақтың жоғарғы қабатына дейін созылған. Саны көп, қабыршақтардың бас жағы сабақтың жер беті бөлігінің айналасында тығыз қап құрайды. Түтіктің ұзындығы 15-20 сантиметрге жетеді. Мықты, жала-ңаш, төрт жапырағы ұшына қарай біртіндеп қысқара түседі. Жапырағы ұзын, бірақ гүлінен қысқа, қандауыр жиектері толқынданған, гүлі жалғыз, үл-кен, пішіні сәнді, бүршігінде иіңкі. Гүлсерігінің жа-пырақтары ашық сары түсті, жылтырақ, ұш жағына қарай тарылған, үлпілдек. Аталық жіпшелері және тозаңдары сары түсті, тозаңдарының қою сия немесе қара түстілері де кездеседі .Шөлге сән береді. Бема қызғалдағы сәуірде мамыр айының басында гүлдейді. Мамырдың аяғы маусымда жеміс береді. Тұқымымен және вегетативтік түрде кө-бейеді. (пиязшықтарымен). Бұл түрдің жоғары сәндік қасиеті- гүлі үлкен, сабағы биік әрі мықты, өкінішке орай мәдени түрде және сұрыптауда өсіру қиын-дығына байланысты таныла алмай отыр. Табиғатта ерте көктемде аралардың азығы ретінде маңызды. Гүлдері тозаңды көп өндіргенімен- шірнесіз.

12 слайд Бузовский қызғалдағы Бузовский қызғалдағы - лалагүлдер тұқымдасына жататын, ө
Описание слайда:

Бузовский қызғалдағы Бузовский қызғалдағы - лалагүлдер тұқымдасына жататын, өсімдіктің шөлдік түрі. Бема қызғалдағына қарағанда кең тараған. Қазақстанда Арал маңынан бастап Балқаш Алакөлге дейінгі аралықта және Жоңғар Алатауында кездеседі. Құмды, сазды қиыршық тасты шөлдерде, аласа таулардың құрғақ беткейлерінде өседі. Пиязшығы айтарлықтай ұсақ, диаметрі 1см, терлі қабыршағы қошқыл түсті, сабағының биіктігі 30 см - ге дейін ,кейде 40 см - ге дейін жетеді. Екі бір - бірінен алшақ орналасқан ұзын, жапырағы жіңішке таспа тәрізді. Гүлдері жалғыздан түпте екі - үштен немесе сегізге дейін, гүлсерігінің жапырақтары ұсақ (ұзындығы 1,5-3 см), үшкір, ішкі жағы ақ, түп жағында сары дақтар бар. Сыртқы шеңбер жапырақшаларының сырты сұрғыш - сия түске боялған. Сол себептен жабық тұрғанда гүлдердің түсі Алатау бәйшешегіне ұқсайды. Көптеген тұрғындар қызғалдақтың бұл түрін басқа ұсақ гүлді түрлер сияқты бәйшешек деп есептейді. Өте ерте гүлдейді (наурыздың соңы, сәуірдің басы тек тауда мамырдың басына дейін), жемісі мамырдың соңы маусымда піседі. Тұқымымен көбейеді, сирек түрде вегативті жолмен. Топтаса өскен түрінде өте тартымды өсімдік.

13 слайд Грейга қызғалдағы Грейг қызғалдағы (Регель қызғалдағы, Tulipa greigii) – лала
Описание слайда:

Грейга қызғалдағы Грейг қызғалдағы (Регель қызғалдағы, Tulipa greigii) – лалагүлділер тұқымдасы, қызғалдақ туысына жататын көп жылдық пиязшықты өсімдік. Қаратау жотасында, Шу-Іле тауларында, Қоржынтауда, Талас және Қырғыз Алатауында да кездеседі. Биіктігі 40 – 50 см. Сабағы жуан, түкті келеді. Жапырағы жалпақ таспа тәрізді, кейде жиегі иректеліп, үстіңгі бетінде қою күлгін таңбалары болады. Гүлі дара, қызыл, қызғылт сары түсті, көктемде гүлдейді. Тұқымы арқылы және вегетативті (өсімді) жолмен көбейеді. Жемісі – қорапша. Грейг қызғалдағы – өте әдемі, сәнді өсімдік. Қазір Ақсу-Жабағылы қорығында сақталған. Алматы, Қарағанды, Жезқазған ботаникалық бақтарында қолдан өсіріледі. Грейг қызғалдағы өте сирек кездесетін түр болғандықтан қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген. Сабағының жоғарғы жағы түкті, жапырақ саны - 3 - 4, шамалы жақын орналасқан, қайырылған, бұйра, көкшіл сұр, жоғарғы жағында көптеген күлгін дақтары бар, жоғарғысы едәуір түкті, кірпікшелі, әдетте гүлге жетеді, ең төменгісі сопақшадан жалпақ эллипске дейін тәрізді, ені 3,5 - 8 см. Сыртқылары түкті, жұмыртқа тәрізді, жоғарғы жағы қайырылған, ішкісінен шамалы қысқа, ішкілері кері жұмыртқа тәрізді; аталықтары гүл серігінен 3 есе қысқа, олардығ жіпшелері жалаңаш, сары немесе қаралау, тозаңдықтары сары, сирек күлгін, жіпшелерінен 2 есе ұзын, түйіні орнықты ауызды; қорапшасының ені 2 - 3 см, ұзындығы 4 - 6 см. Мамыр - маусым айларында гүлдейді.

14 слайд Регел қызғалдағы Қазақстанда Шу-Іле тауының аласа жоталары мен оның айналасын
Описание слайда:

Регел қызғалдағы Қазақстанда Шу-Іле тауының аласа жоталары мен оның айналасындағы шөл далаларында ғана өсетін эндемик өсімдік. Регель қызғалдағы қолдан өсіруге оңай көнеді, бірақ құрғақ және күн жақсы түсетін топырақты қажет етеді. Бұл түр әсемдігі жағынан аса құнды емес, сондықтан ботаникалық бақтарда аз кездесетіндіктен ерекше түр ретінде сақталады. Әсемдік сапасы жоғары болмағанмен теориялық мәні бар. Азайып кетуіне байланысты қорғауды қажет етеді. Регель қызғалдағының биіктігі бар болғаны 5-10 см ғана болатын шағын түр. Пиязшығы жұмыртқа пішінді, оның сыртын қатты және қоңыр қабықша қаптап жатады, диаметрі 3 см. Ұшы үшкірленіп келген сопақша, жалпақ қандауыр тәрізді, сырты тегіс және жасылдау келген немесе сұрғылт түсті жалғыз жапырағы бар. Ол жапырақ сабақты гүл жағынан қапсыра орап жатады. Гүлі кішкентай, ұзындығының бар болғаны 3 см ғана. Гүлінің ішкі жағы ақ, оның кішкене сары жолағы бар, сырты қызғылт қара-көк түсті. Гүл қоршауының екі есе қысқа аталығының тозаң қабы ашық жатады, ұзындығы 5-7. Табиғатта сәуір айының аяғында, Ташкент ботаника бағында өсірілгендері наурыз айында гүлдейді.

15 слайд Островский қызғалдағы Островский қызғалдағы - лалагүлдер тұқымдасына жататын
Описание слайда:

Островский қызғалдағы Островский қызғалдағы - лалагүлдер тұқымдасына жататын көп жылдық, жуашықты өсімдік. Іле Алатауында кездеседі. Жуашығы жұмыртқа сияқты. Жапырағы қандауыр пішінді, гүлсидам сабағының биіктігі 15-40 см. Әдетте, алқызыл түсті 1 ғана гүлі болады. Cәyip-мамырда гүлдеп, мамыр-маусымда жемістенеді. Жемісі - қауашақ. Сәндік үшін өсіріледі. Сирек кездесетін эндемик түр. Қазақстанның "Кызыл кітабына" енгізілген.таулардың төменгі, ортаңғы белдеулерінде, қоректік қоры мол топырақты беткейлерде өседі. Бүршік жарған кезінде барынша биік иілгіш(40 см-ге дейін) сабағымен, қандауырша тәрізді жиектері толқындаған үш жапырағымен және ұзарған әдемі гүлімен ерекшеленеді. жарық мықты болған кезде, жұлдызы тостаған тәрізді ашылады. Түсі - алқызыл, түбі қара немесе сары, кейде барынша күңгірт қызыл, сары, кейде сап-сары түстер кездеседі. Кеш гүлдейді, сәуірдің аяғынан мамырдың аяғына дейін, маусым шілдеде жеміс береді. Тұқымымен көбейеді. Тиімді декоративті түр, мәдени түрде жақсы өседі, тұқымымен төртінші жылы гүлдейді. Ботаникалық бақтарда танымал және Батыс Еуропаның, АҚШ және Канаданың жеке топтамаларында белгілі. Сұрыптауда қолданылмайды, бірақ көгалдандыруда үлкен қызығүшылық тудырып отырып, әсіресе Қазақстанның оңтүстік елді-мекендерінде. Жеке түрлердің саны табиғи популяцияларда мүлдем азайды, әсіресе Алматы маңында, себебі тау беткейлерін саяжайлар салу мақсатында жаппай игеруі және тұрғындардың гүлшоқтарын жинауы осындай күйге жеткізілді. Түрқорғауды қажет етеді. Басқа қызғалдақтардай ерте көктемде аралар үшін бағалы азық болып табылады.

16 слайд Леман қызғалдағы – Tulipa lehmanniana Биіктігі 20 - 50 см,пиязшығы жұмыртқа т
Описание слайда:

Леман қызғалдағы – Tulipa lehmanniana Биіктігі 20 - 50 см,пиязшығы жұмыртқа тәрізді,жуандығы 1,5 - 4 см,өте қатты терілі,қара қоңыр,жер бетіне дейін созылған,ішкі жағы қалың (кейде шамалы бұйра) түкті қабықты. Сабақтың жербеті бөлігі жерасты бөлігіне тең немесе ұзындау,гүл силамымен бірге жалаңаш;жапырақ саны төртеу,қайырылған немесе шамалы бүгілген,алшақ орналасқан,көкшіл сұр,жалаңаш,жиегі бұйра,тегіс,әдетте гүлде едәуір жетпейді,төменгісі таспа тәрізді немесе сызықты таспа тәрізді,ені 1,5 - 2,5 см. Гүлі біреу;гүл серігі сары,қызғылт сары немесе қызыл,әдетте тек ішкі жағының төменгі бөлігі қоңыр күлгін немесе қара күлгін дақты,ұзындығы 2,5 - 7 см,ұшы бірден сүйірленген қысқа сирек түктенген,сыртқылары кері жұмыртқа тәрізді немесе ұзынша ромб тәрізді,ішкілері кері үшбұрышты таспа тәрізді немесе кері үшбұрышты жұмыртқа тәрізді;аталықтары гүл серігінен 3 есе қысқа,жіашелері жалаңаш,сары немесе жоғарғы жағы қара күлгін,тозаңдықтары сары,жіпшелеріне тең;түйінінің аналық аузы орнықты;қорапшаның қалыңдығы 1 - 1,5 см,ұзындығы 2,5 - 3 см. Сәуір айында гүлдейді.

17 слайд Альберт қызғалдағы – Tulipa alberti Альберт қызғалдағы (Tulіpa albertі) – лал
Описание слайда:

Альберт қызғалдағы – Tulipa alberti Альберт қызғалдағы (Tulіpa albertі) – лалагүлділер тұқымдасы, қызғалдақ туысына жататын жуашықты көп жылдық шөптесін өсімдік. Қазақстанда Балқаш-Алакөл ойысында, Қаратауда, Батыс Тянь-Шаньда, Шу-Іле тауларында өседі. Биіктігі 12 – 20 см, қара қоңыр түсті жуашығы жұмыртқа тәрізді. Тік сабағына көкшіл сұр түсті, сыртына қарай қайрылған 3 – 4 жапырақтары кезектесіп орналасады. Дара гүлі сары, қызғылт немесе қан қызыл түсті болып келеді де, ал ішкі жағында қара дақтары болады. Тұқымынан және өсімді жолмен (вегетативті) көбейеді. Сәуір – мамыр айларында гүлдеп, маусымда жеміс береді. Жемісі – үш ұялы, көп тұқымды қауашақ. Альберт қызғалдағы өте сирек кездесетін өсімдік. Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген. Ақсу-Жабағылы қорығы мен Андасай қорықшасында қорғауға алынған. Биіктігі 12-20 см,пиязшығы жұмыртқа тәрізді,диаметрі 2-3 см,қара қоңыр түсті,шамалы сопақшалау,қабығының ішкі жағы түкті(ұщ жағында қвлыңдау) қабықты. Сабағы жоғарғы жағындағы гүл серігімен қоса үлпілдек түкті;жапырақ саны 3-4,қайырылған,жақын орналасқан,көкшіл сұр,үлпілдеген,жиегі кірпікшелі және бұйра,жоғырғы жағына қарай бірден қысқарады,көбіне гүлден биік,төменгі жапырағы жалпақ сопақша немесе эллипс тәрізді дерлік,ені 3-7 см. Гүлі біреу;гүл серігі қызыл,қызғылт немесе ашық сары,түб жағы сары,кейде қара дақты,сыртқыларының ұзындығы 3,5-6 см,ішкілерінен шамалы ұзын,сырты түкті,бірден үшкірленген түкті ұштары қайырылған,кері сопақшалы,ішкілері кері үшбұрышты жұмыртқа тәрізді,түбіне қарай сына тәрізді,ойыс,жоғарғы жағы шұңқыр;аталығы гүл серігінен 2-3 есе қысқа;олардың жіптері жалаңаш,сары,тозаңдықтары сары,жіптен шамалы ұзын;түйіні аталықтан шамалы қысқа,жасылдау,аналық аузы орнықты;қорапшаның ені 2-2,5 см,ұзындығы 3-5 см. Сәуір - мамыр айларында гүлдейді.

18 слайд Борщев қызғалдағы - Т. Борщова - T.Borszczowii Борщов қызғалдағы(Tulipa borsz
Описание слайда:

Борщев қызғалдағы - Т. Борщова - T.Borszczowii Борщов қызғалдағы(Tulipa borszczowii) – лалагүлдер тұқымдасының қызғалдақ туысына жататын көп жылдық жуашықты шөптесін өсімдік. Торғай, Арал өңіріндегі құмды шөлдерде, Қызылқұмда өседі. Биіктігі 20 — 40 см. Жуашығы жұмыртқа тәрізді, ені 2 — 4 см. Сабағын түк басқан. Жапырағы — 4, олар кезектесіп орналасады, сыртқа қайырылып, бұйраланған. Қызғылт-сары, қызыл, сия көк түсті гүлі — біреу. 6 аталығы, 1 аналығы болады. Тұқымынан көбейеді. Сәуір — мамыр айларында гүлдеп, мамыр — маусымда жемістенеді. Жемісі — үш ұялы көп тұқымды қауашақ. Оның ені 1,5 — 2 см, ұзындығы 2,5 — 4,5 см.[1] Гүл қоршауының бөліктері сары , қызғылт, негізінің екі жағында қара - күлгін бөлімдері бар, сыртқы бөліктері ромб тәрізді, ішкі және теріс сына тектес - жұмыртқа сынды әсем сәндік өсімдік. Ақтөбе облысындағы Ырғыз ауданының оңтүстік - шығыс жағында өседі. Борщов қызғалдағы — өте әдемі, сирек кездесетін өсімдік, қорғауға алынып, Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген.

19 слайд Кауфан қызғалдағы –Tulpa kaufmanniana Кауфман қызғалдағы (лат. Tulipa kaufman
Описание слайда:

Кауфан қызғалдағы –Tulpa kaufmanniana Кауфман қызғалдағы (лат. Tulipa kaufmanniana) – лалагүлдер тұқымдасының қызғалдақ туысына жататын көп жылдық жуашықты өсімдік. Қазақстанда Қаратаудың, Талас Алатауының, Өгем жотасы мен Қоржынтаудың тастақты жерлерінде, тауалды аймақтан субальпі белдеулеріндегі тау жылғаларының жағалауларында өседі. Биікт. 40 см-дей, жуашығының пішіні жұмыртқа тәрізді, сыртын қара қоңыр қабық жапқан. Жапырағының саны 2 – 3-тен аспайды, ұзынша немесе эллипс сияқты. Гүлі дара жетіледі, ішкі жағы ақ, онда ұсақ сары дақтар анық көрінеді, ал сыртқы беті қызыл немесе күлгін түсті. Тұқымынан көбейеді. Наурыздың аяғынан маусымға дейін гүлдейді. К. қ. – сәндік өсімдік, әсіресе селекцияда көп пайдаланылады, 200-ден астам сорты бар. К. қ-ның жылдан-жылға таралу аймағының азаюына байланысты сирек кездеседі. Қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген.‎

20 слайд Дарагүл қызғалдағы – Tulipa uniflora Дарагүл қызғалдағы (лат. Tulipa uniflora
Описание слайда:

Дарагүл қызғалдағы – Tulipa uniflora Дарагүл қызғалдағы (лат. Tulipa uniflora) – лалагүлдер тұқымдасының қызғалдақ туысына жататын өсімдік. Биіктігі 10 - 20 см,пиязшығының қалыңдығы 1 - 2 см,қара қоңыр,созылыңқы,ішкі жағының ұшы жатаған түкті қабықты. Саны қысқарып бара жатқан түр. Алтай, Тарбағатай таулары мен Зайсан шұңқырында кездеседі. Қазақстаннан тыс Оңтүстік Сібір мен Батыс Моңғолияда таралған. Тау етегінен жоғарғы белдеуіне дейінгі шағыл тасты баурайлары мен құмды жерлерінде өседі. Мәдени өсіру тек Қазақстанда сынап байқалды. Алтай ботаника бағында (Риддер қаласы) жақсы гүлдеп, жеміс береді. Тұқымы арқылы және вегетативті көбейеді. Алматы жағдайында толық төзімді емес. Көшіріп отырғызылған пиязшықтары гүлдейді, бірақ 12 жыл ішінде біртіндеп қурап қалады. Жыл сайын жеміс бермейді және вегетативті өте сирек көбейеді. Батыс Алтай қорығында қорғалады. Сәуір айының соңы мен мамыр айының басында гүлдейді. Қазақстаннын <<Қызыл кітабына>> еңгізілген.

21 слайд Шренк қызғалдағы - Tulipa Schrenkii Шренк қызғалдағы (лат. Tulipa schrenckii)
Описание слайда:

Шренк қызғалдағы - Tulipa Schrenkii Шренк қызғалдағы (лат. Tulipa schrenckii) – лалагүлдер тұқымдасының қызғалдақ туысына жататын көп жылдық баданалы өсімдіктер туысы. Баданасы жұмыртқа тәрізді, жуандығы 3 сантиметрге дейін жетеді. Сағағы жіңішке, биіктігі 30 см. Жапырақтары 3-4, ланцет тәрізді, жіңішке сопақша келген гүлінен сәл ұзын. Гүлдері ірі, ақ, қызыл не сары түсті. Гүлдерінде қара, ақ немесе сарғыш дақтар болады. Дәндерімен көбейеді. Мамырда гүлдейді, маусымда жемісі пісіп жетіледі. Қауашағы доғал пішінді. Тасты-қиыршықты жерлерде және беткейлерде өседі. Қазақстанның барлық өңірінде өседі. Шренк қызғалдағы — әсемдік өсімдік, алқабы жылдан-жылға қысқарып келеді. Жер жырту және егісті жедел игеру салдарынан оның қоры жылдан-жылға азаюда. Қызғалдақ Қазақстанның "Қызыл кітабына" енгізілген.

22 слайд Қорытынды Біздің еліміздің ерекше өсімдіктер байлығы қамқорлық пен асқан үнем
Описание слайда:

Қорытынды Біздің еліміздің ерекше өсімдіктер байлығы қамқорлық пен асқан үнемділікті талап етеді. Антропогендік факторлардың күшейе түсуіне байланысты көптеген өсімдіктер сиреп бара жатыр, олардың саны азайып, популяциясы қысқарып, өздігінен қалпына келуі бұзылуды. Әсіресе бұл жағдай пайдалы өсімдіктерге қатысты- емдік, сәндік, техникалық, азықтық. Флористикалық алуан түрлілікті сақтауды табиғи мемлекеттік қорықтардың маңызы зор, қазіргі кезде Қазақстанда 9 қорық бар. Олардың территориясында 2800 астам жоғарғы сатыдағы өсімдіктер түрі қорғауға алынған, яғни бүкіл қазақстан флорасының жартысына жуығы. Сонымен қатар, жастарды, өсімдіктер әлемін қорғау шараларына жұмылдыру, сондай-ақ өздері тұратиын қала, ауыл маңында өсетін гүлдері әдемі және сирек кездесетін өсімдіктерге бақылау ұйымдастыру арқылы қызығушылықтарын арттыру керек. Жабайы өсімдіктердің қайталанбас әртүрлілігін сақтау қазақстандықтар үшін аса маңызды мәселе.

23 слайд Қолданылған әдебиеттер: Аралбаев Н.К. Солтүстік Зайсан өңірінің флорасы. Алма
Описание слайда:

Қолданылған әдебиеттер: Аралбаев Н.К. Солтүстік Зайсан өңірінің флорасы. Алматы, 1997. Мұхитдинов Н.Н., Бегенов Ә.Б., Айдосова С.С., өсімдіктер морфологиясы және анатомиясы. Алматы, 2001. «Қазақ университеті» баспасы. Мұсақұлов Т. Ботаника\. Алма-ата, 1975. «Мектеп» баспасы. Баталова Э.Н. «қазақстанның өсімдіктер әлемі» Суретті энциклопедия 150-ден астам өсімдіктер. «Алматы кітап»баспасы,

Курс повышения квалификации
Курс профессиональной переподготовки
Учитель биологии
Курс профессиональной переподготовки
Учитель биологии и химии
Найдите материал к любому уроку,
указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:
также Вы можете выбрать тип материала:
Общая информация

Номер материала: ДБ-592116

Вам будут интересны эти курсы:

Курс повышения квалификации «Организация и руководство учебно-исследовательскими проектами учащихся по предмету «Биология» в рамках реализации ФГОС»
Курс профессиональной переподготовки «Биология: теория и методика преподавания в образовательной организации»
Курс повышения квалификации «Методические аспекты реализации элективного курса «Антропология и этнопсихология» в условиях реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «Государственная итоговая аттестация как средство проверки и оценки компетенций учащихся по биологии»
Курс повышения квалификации «Нанотехнологии и наноматериалы в биологии. Нанобиотехнологическая продукция»
Курс повышения квалификации «Основы биоэтических знаний и их место в структуре компетенций ФГОС»
Курс повышения квалификации «Гендерные особенности воспитания мальчиков и девочек в рамках образовательных организаций и семейного воспитания»
Курс профессиональной переподготовки «Биология и химия: теория и методика преподавания в образовательной организации»
Курс профессиональной переподготовки «Организация производственно-технологической деятельности в области декоративного садоводства»
Курс повышения квалификации «Составление и использование педагогических тестов при обучении биологии»
Курс повышения квалификации «Инновационные технологии обучения биологии как основа реализации ФГОС»
Курс профессиональной переподготовки «Организация и выполнение работ по производству продукции растениеводства»

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.