Инфоурок Биология ПрезентацииПрезентация по биологии на тему "Оңтүстік – батыс Алтайдың зоофильді шыбындарының (Diptera, Cyclorrhapha) фаунасы, экологиясы және олармен күрес шаралары "

Презентация по биологии на тему "Оңтүстік – батыс Алтайдың зоофильді шыбындарының (Diptera, Cyclorrhapha) фаунасы, экологиясы және олармен күрес шаралары "

Скачать материал
Скачать материал "Презентация по биологии на тему "Оңтүстік – батыс Алтайдың зоофильді шыбындарының (Diptera, Cyclorrhapha) фаунасы, экологиясы және олармен күрес шаралары ""

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Бухгалтер

Описание презентации по отдельным слайдам:

  • Тақырыбы:Оңтүстік – батыс Алтайдың зоофильді шыбындарының (Diptera, Cyclorr...

    1 слайд

    Тақырыбы:
    Оңтүстік – батыс Алтайдың зоофильді шыбындарының
    (Diptera, Cyclorrhapha) фаунасы, экологиясы
    және олармен күрес шаралары

  • Зерттеудің мақсаты мен міндеттеріОңтүстік - батыс Алтайдағы марал жайылымдары...

    2 слайд

    Зерттеудің мақсаты мен міндеттері
    Оңтүстік - батыс Алтайдағы марал жайылымдарында кездесетін зоофильді шыбындардың түр құрамын, экологиясын зерттеу және үй жануарлары мен маралдарды олардан қорғау шараларын сынап, күресу әдістерін жасау осы жұмыстың негізгі мақсаты болып табылады.
    Осы мақсатқа жету үшін төмендегі міндеттер қойылды:
    - зоофильді шыбындардың түрлік құрамын, таралуын және ландшафттық орналасуын анықтау;
    - шыбындардың фенологиясын, маусымдық сан өзгерістері мен тәуліктік белсенділігін зерттеу;
    -зерттеу жүргізілген аймақта маралдар мен үй жануарларын қорғау іс - шаралары жүйесін жасау.

  • Зерттеудің ғылыми жаңалығыАлғаш рет Оңтүстік - батыс Алтайдың марал жайылымда...

    3 слайд

    Зерттеудің ғылыми жаңалығы
    Алғаш рет Оңтүстік - батыс Алтайдың марал жайылымдарында таралған зоофильді шыбындардың түр құрамы, таралуы, экологиясы толығымен зерттелді. Қазақстанда бірінші рет Hydrotaеa туыс түрлері толық көрсетіліп, тістіаяқ шыбындардың 11 түрі: H. albipuncta, H. armipes, H. dendipes, H. irritans, H. meteorica, H. palaestrica, H. pandаlei, H. pilitibia, H. tuberculata, H. velutina, H. ringalli анықталды. Бұрын кездеспеген 6 тұқымдастың (Syrphidae, Sphaeroceridae, Scatophagidae, Empididae, Аsilidae, Psilidae) 10 түрі Қазақстанда алғаш рет көрсетіліп отыр.
    Оңтүстік - батыс Алтай жағдайында зоофильді шыбындардың маусымдық сан өзгерістері мен тәуліктік белсенділігі көрсетілді.
    Алғаш рет Шығыс Қазақстанның марал шаруашылықтарында зоофильді шыбындарға қарсы каратэ, фьюри, цимбуш, К-отрин, стомазан дәрілік заттары тексеріліп, қолданылды.

  • Зоофильді шыбындардың түр құрамы, экологиясы мен зияндылығының зерттелу деңге...

    4 слайд

    Зоофильді шыбындардың түр құрамы, экологиясы мен зияндылығының зерттелу деңгейі
    Зоофильді шыбындар - тіршілігі үй және жабайы жануарлармен тығыз байланысты қысқа мұртты [Brachicera], дөңгелек жікті [Сyclorrhapha] қос қанатты [Diptera] жәндіктер. Олар даму сатыларында жануарларды және олар бөліп шығаратын заттарды қоректік қор және қоршаған орта ретінде пайдаланады.
    Шыбындардың түр құрамы мен экологиясын зерттеу алғаш рет адамдардың «миаз» ауруын зерттеуден басталған. Адам дәрігері Вольфарт [1770] ауру адамның танау қуысынан бірнеше дернәсілдерді («құрт») бөліп алып, одан ересек шыбындарды шығарып, олардың барлық сатысының суреті мен сипаттамасын берген.

  • Зоофильді шыбындардың эпидемиологиялық және эпизоотологиялық  маңызыАдам мен...

    5 слайд

    Зоофильді шыбындардың эпидемиологиялық және эпизоотологиялық маңызы
    Адам мен жануарларға аса қауіпті шыбындар – гематофагтар. Олар қан сорып, жануарлар организміне тікелей әсер етуімен қатар, қоректену барысында көптеген ауру қоздырушыларын таратуы мүмкін. Нағыз шыбындардың денелерінің сыртында: аяқтары, қанаттары, басы және ас қорыту жүйесі әртүрлі микроағзаларға үнемі толы болатындығы анықталған. Е. Н. Павловскийдің [1948] деректері бойынша нағыз шыбындар [Muscidae] патогендік микроағазалардың 63 түрін тасымалдайды. Олардың арасында адам мен жануарларға аса қауіпті сары сүзек, туберкулез, дифтерия таяқшасы, бруцеллез, аусыл, шошқа обасы мен тілмесі, туляремия аурулары қоздырушылары бар

  • Шыбындармен күрес әдістері және құралдарыАдам мен жануарларға шыбындардың кел...

    6 слайд

    Шыбындармен күрес әдістері және құралдары
    Адам мен жануарларға шыбындардың келтіретін зияны өте көп болғандықтан, жазда барлық табиғи жағдайда, елді – мекендер мен жайылымдарда шыбындардың зияндылық әсерін азайту үшін, оларға қарсы нәтижелі күрес шаралар жүйесін жүргізу қажет. Бұл жүйенің негізін санитарлық – гигиеналық алдын – алу шаралары және шыбындардың барлық даму сатыларын олардың табиғи биотоптары және елді – мекенді жерлерде, қора – жайда ең нәтижелі және экологиялық зиянсыз заттарды қолданып, жою қалауы қажет. Қазіргі уақытта шыбындарға қарсы химиялық, физикалық, биологиялық және механикалық әдістер кеңінен қолданылады. Табиғат жағдайына, мал шаруашылығы технологиясына, шыбындардың қалыңдығы мен экологиялық ерекшеліктеріне сәйкес көрсетілген әдістердің бірін немесе бірнешеуін бірден қолданып, зиянкестерді жояды.

  • Оңтүстік - батыс Алтайдың физикалық – географиялық сипаттамасы мен табиғи – к...

    7 слайд

    Оңтүстік - батыс Алтайдың физикалық – географиялық сипаттамасы мен табиғи – климаттық ерекшеліктері
    Қазақстанның кешенді физикалық–географиялық аудандарға бөліну сызбасына және Қазақ ҒА Секторының мәліметтеріне сәйкес зерттеу аймағы орналасқан территория айқын байқалатын таулы аймақтарға: Кенді және Оңтүстік Алтайға бөлінеді.
    Территорияның жер бедері кең ауқымды тау жүйесінің бір бөлігі болып табылады. Аймақтың солтүстік бөлігін Листвяга сілемінің оңтүстік қыраттары алып жатыр, олар Қатын мен Бұқтырма өзендерінің суын бөліп тұрады. Сілем Кенді Алтай тау жүйесіне де енеді. Территорияның оңтүстік бөлігі Оңтүстік Алтай сілемдерінің солтүстік қыраттарында: Сарымсақты және Алтай Тарбағатайында жатыр.

  •  Зерттеу жұмыстары жүргізілген аймақтың картасы

    8 слайд


    Зерттеу жұмыстары жүргізілген аймақтың картасы

  • Syrphidae тұқымдасыКөлемі орташа немесе ірі шыбындар. Басы жартылай дөңгеле...

    9 слайд


    Syrphidae тұқымдасы

    Көлемі орташа немесе ірі шыбындар. Басы жартылай дөңгелек немесе дөңгелек, басының ортаңғы бет бұдыры жақсы дамыған. Мұрты үш жұптан тұрады, ұзын. Кейбір туыстарының дернәсілдері жыртқыш, бітелердің колонияларында өмір сүріп, олармен қоректенеді, өсімдікқоректі дернәсілдері қияқ, түйежапырақ сияқты жапырағы ірі өсімдіктердің сабағында тіршілік етеді, үшіншілері шіріген заттары көп суда өсіп - өнеді.

  • Syrphidae тұқымдасы

    10 слайд

    Syrphidae тұқымдасы

  • Erystalis tenax Latrielle Кәдімгі араға ұқсас шыбынТаралуы. Космополит. Сол...

    11 слайд

    Erystalis tenax Latrielle
    Кәдімгі араға ұқсас шыбын

    Таралуы. Космополит. Солтүстіктен басқа жердің барлығында кең таралған шыбын. Қазақстанның оңтүстігі мен батысында кәдімгі шыбындар қатарында. Оңтүстік- батыс Алтайда алғаш рет анықталған.
    Экологиясы. Ересек шыбындар сапрофагтар. Мал қора- жайы, маралдардың мүйізін алу орындарына, шалғынды белдіктерде өсімдіктерде жиі кездеседі. Дернәсілдері копрофагтар. Жануарлар нәжістері мен көң суларында, ластанған суларда дамиды. Дернәсілдерін «егеуқұйрық» деп атайды, өйткені олардың құрсағының ұшында тыныс алатын ұзын түтікшелері болады. Бұлар көп жағдайда мал азығын бүлдіреді, әсіресе сүрлем шөпті.

  • Erystalis tenax Latrielle Кәдімгі араға ұқсас шыбын

    12 слайд

    Erystalis tenax Latrielle
    Кәдімгі араға ұқсас шыбын

  • Muscidae тұқымдасы – нағыз шыбындар Қос қанаттылар қатарының ең түрге бай т...

    13 слайд


    Muscidae тұқымдасы – нағыз шыбындар

    Қос қанаттылар қатарының ең түрге бай тұқымдасы. Басқа тұқымдастармен, салыстырғанда нағыз шыбындар жануарларға жақын, тікелей қарым- қатынастағы жәндіктер. Бұл тұқымдас түрлері табиғатта кең таралған, экологиялық иілімділігі өте жоғары, табиғат өзгерісіне тез бейімделгіш шыбындар. Нағыз шыбындардың жалпы биологиясы толық зерттелген деуге болады. Олардың ересектері (имагосы) облигатты және факультативті гематофагтар, ал дернәсілдері жайылымда жануарлардың қиында, бөлме шыбыны мен істік тұмсық күзгі қан сорғыш шыбынның дернәсілдері көңде, құс саңғырығында дамиды.

  • 14 слайд

  • Musca domestica LinneausБөлме шыбыныТаралуы. Космополит. Дүние жүзінде тара...

    15 слайд

    Musca domestica Linneaus
    Бөлме шыбыны

    Таралуы. Космополит. Дүние жүзінде таралған. ТМД кеңістігінде Поляр шеңберіне, Волга, Таймыр аралдарына жеткен . Тундрада тек елді – мекенді жерлер мен мал қораларынан басқа, ненецтердің чумдарын паналайды. Қазақстанда барлық табиғи аймақтарда таралған

  • Cурет 8 - Зоофильді шыбындардың қалың түрлерінің тау бөктеріндегі маусымдық с...

    16 слайд

    Cурет 8 - Зоофильді шыбындардың қалың түрлерінің тау бөктеріндегі маусымдық сан өзгерістері (Маралды ШҚ, Шұбарағаш жайлауы, теңіз деңгейінен 600-700 м биіктікте, жылқыда жүргізілген есеп бойынша, 2006 жыл)

  • Мал мен маралдарды зоофильді шыбындардан қорғау шараларының  жүйесіШыбындарме...

    17 слайд

    Мал мен маралдарды зоофильді шыбындардан қорғау шараларының жүйесі
    Шыбындармен күресті алдын – алу және жою шаралары арқылы жүзеге асырады. Алдын –алу шараларын ең алдымен, шыбындардың бар-жоқтығына қарамастан мал қораларында жүргізеді. Бұл ағаш еден мен астаулар астында, қоршаулар ішінде нәжіс, азық қалдықтарының қалуын болдырмауға негізделеді.
    Шыбындарды жою шаралары олардың өсіп-өну орындарын құрту, имаголарын әртүрлі инсектицидтермен мал түгін бүркіп-шылау арқылы, аэрозольдар шашу, аулағыш еліктіргіш құралдар арқылы жоюды қарастырады.
    Маралдарды зоофильді шыбындардан қорғау мақсатында ұсынылған іс – шаралардың ішінде жәндіктердің ең жоғарғы белсенділік көрсету кезеңінде (шілде – тамыз) маралдарды инсектицидтер және репелленттермен өңдеудің маңызы зор.

  • қорытынды	Оңтүстік – батыс Алтайдың марал жайылымдарында зоофильді шыбындарды...

    18 слайд

    қорытынды
    Оңтүстік – батыс Алтайдың марал жайылымдарында зоофильді шыбындардың 10 тұқымдас, 26 туысының, 54 түрі таралғандығы анықталды. Тау бөктерінің далалық белдігінде 30 (55,55%) түр, орманды – шалғынды белдікте 46 (85,18%) түр, таудың барлық табиғи аймақтарында зоофильді шыбындардың 22 (40,74%) түрі таралған. Олардың 28 (60,86 %) түрі жануар-лармен (ірі қара, жылқы, қой, марал) қоректік және мекен ету ортасы жағынан тығыз байланысты.
    Далалық белдік жайылымдарында шыбындардың маусымдық сан өзгерісі үш шыңды қисықпен сипатталады. Бұл сызба негізінен сол аймақтағы ең қалың шыбындардың (Мusса tempestiva, Моrellia simplех) фенологиясы және маусымдық сан өзгерісімен байланысты. Орманды – шалғынды белдікте шыбындар кеш шығады да (мамырдың екінші жартысы), маусым – шілдеде ең қалың деңгейіне жетеді

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 169 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 20.01.2016 2192
    • PPTX 9.3 мбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Алдабергенова Балнур Арапбеккызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 15110
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Методист-разработчик онлайн-курсов

Методист-разработчик онлайн-курсов

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 130 человек из 45 регионов

Курс профессиональной переподготовки

Биология и химия: теория и методика преподавания в образовательной организации

Учитель биологии и химии

500/1000 ч.

от 8900 руб. от 4150 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 324 человека из 68 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 138 человек

Курс повышения квалификации

ФГОС общего образования: формирование универсальных учебных действий на уроке биологии

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 86 человек из 39 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 360 человек
аудиоформат

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы преподавания биологии в условиях реализации ФГОС

72/108/144 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 63 человека из 35 регионов
  • Этот курс уже прошли 809 человек

Мини-курс

Басня как педагогическая технология

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Интегрированное управление бизнес-процессами

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Финансовое руководство: от планирования до успеха

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 45 человек из 24 регионов
  • Этот курс уже прошли 15 человек