Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Биология / Другие методич. материалы / Презентация по биология на тему"Биология сабағында жобалау технологиясын қолдану тиімділігі
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Биология

Презентация по биология на тему"Биология сабағында жобалау технологиясын қолдану тиімділігі

библиотека
материалов

hello_html_m339b49c9.jpg




hello_html_m5bff7e9a.gif








Баяндама тақырыбы:


БИОЛОГИЯ САБАҒЫНДА ЖОБАЛАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ҚОЛДАНУ ТИІМДІЛІГІ










Мұрынова Ақмарал Исақызы

биология пәнінің жоғары санатты мұғалімі





Жаңашаруа қазақ орта мектебі



























Биология сабағында жобалау технологиясын қолдану тиімділігі


Мұғалімдердің инновациялық іс - әрекетін қалыптастыру, жаңа педагогикалық технологияларды оқу – тәрбие процесінде пайдалану арқылы оқушылардың биологиядан білім сапасын арттыру – бүгінгі таңдағы өзекті мәселе.

Бұл мақалада жеке тұлғаны қалыптастыруға бағытталған қазіргі оқыту технологиялардың бірі жобалап оқыту технологиясының тиімділігі қарастырылған.

Жобалау технологиясы оқушылардың дербестігін, ынталылығын, шығармашылық қабілетін дамытуға ықпал етеді. Осы технология ХХ ғасырдың 20 жылдарында АҚШ – та жарық көрді және оның негізгі идеяларын Дж.Дьюи мен У.Килпатрик жасады.

Негізгі идеялар

  • бала өзі таңдаған іс - әрекетті жоғары қызығушылықпен орындайды;

  • іс - әрекет тек оқу пәнінің саласында ғана құрылмайды;

  • балада қызығушылықтың пайда болған сәтін қалт жібермеу, соған сүйену;

  • шынайы оқыту ешқашанда бір жақты болмайды, қосымща берілетін мәліметтер де өте маңызды.

Карл Фрей жобалау әдісінің 17 айырықша белгілерін атап көрсетті. Олардың бірнешеуін келтірейік:

  • жобаға қатысушылар өмірде әйтеуір бір адамның жобалау бастамасын іліп әкетеді;

  • жобаға қатысушылардың оқыту түрі туралы бір – бірімен келіседі;

  • жобаға қатысушылар жобалау бастамасын дамыта отырып, оны басқалардың назарына алуын қамтамасыз етеді;

  • жобаға қатысушылар өздерін жұмысқа дайындайды, ұйымдастырады;

  • жобаға қатысушылар бір – біріне жұмыс барысы туралы ақпараттар беріп отырады;

  • жобаға қатысушылар пікірталастарға қатысады.

Енді жобалап оқыту дегеніміз не деген сұраққа жауап іздейік.

Карл Фрей жобалау әдісін жоба жасаудағы оқушы мен мұғалім әрекетінің жүйесі деп қарастырған.

Н.Г.Чернилова жобалап оқытуды: «Базалық теориялық білімді меңгеру үшін комплексті оқу жобаларын ақпараттық мәліметтермен кезектестіріп орындауға негізделген дамыта оқыту» дейді. Автордың пікірінше, жобалап оқыту дамыта оқытудың бір түрі.

Қазіргі таңда жобалап оқытуға былай анықтама беруге болады: Жобалау әдісі деп, туындалған проблеманы шешуге бағытталған оқушы мен мұғалімнің бірге атқаратын іс - әрекетін айтады.

Жобалау әдісі әр кезде оқушылардың өз бетімен жұмыс істеуіне бағытталған.

Оқыту процесін толығымен жобалап оқытуға көшіру мүмкін емес екені мәлім. Алайда, білім жүйесінің қазіргі даму кезінде педагогикалық практиканы жеке тұлғаға бағытталған технологиялармен байыта түсу көкейтесті міндеттердің бірі.


Жобалап оқыту мақсаты:

· жеткіліксіз білімді әртүрлі ақпарат көздерінен оқушылардың өз бетінше және ықыласпен оқып үйренуі;

· танымдық және практикалық міндеттерді шешуге алған білімді пайдалану;

· әр түрлі топтарда жұмыс істей отырып коммуникативтік біліктерді игеру,

· зерттеу біліктерін (проблеманы анықтау, ақпарат жинау, бақылау, тәжірибе жүргізу, талдау, жорамал жасау, қорытындылау) дамыту;


Жобалап оқытудың бастапқы теориялық ұстанымдары:

· басты назар – оқушыда, оның шығармашылық қабілетінің дамуына ықпал етеді;

· оқыту процесі оқу пәнінің логикасына сай емес, оқушы үшін жеке мәні бар іс - әрекет логикасына сай құрылады, бұл оның оқуға деген ынтасын артырады;

· жоба жасаудағы жеке жұмыс қарқыны әр оқушының өз даму деңгейіне шығуын қамтамасыз етеді;

· оқу жобасын комплексті жасау оқушының негізгі физиологиялық және психологиялық қызметінің тепе – тең дамуына септігін тигізеді;

· базалық білімнің терең де саналы меңгерілуі оның әртүрлі жағдайларда

жан – жақты қолданылуы есебінен қамтамасыз етіледі.

Сонымен жобалап оқытудың негізгі мәні не ?

Оқу жобасын жасау процесінде оқушының нақты жағдайларды бастан өткізуі процестердің, құбылыстардың мәніне терең бойлауы, жаңа нысандарды жобалауы – технологияның негізгі мәні десе де болады.

Ал мұндай жетістіктерге жету үшін оқытудың ерекше түрі қажет.

Жобалаудың жіктелуі. Қазіргі кезде осы технологияны жан – жақты қарастыру мақсатында әртүрлі жіктеулер бар. Олары жалпылай отырып, белгілі жобалардың жіктелуін 1 – суреттегідей көрсетейік.

Жобалауға кеткен уақытқа байланысты оқу жобасы 3 – ке бөлінеді:

· қысқа мерзімді (2 – 6 сағат)

· орташа мерзімді (12 – 15 сағат)

· ұзақ мерзімді

Интеграциялау деңгейіне қарай оқытылатын пән мазмұны негізінде жасалған жоба пәндік және пәнаралық болуы мүмкін. Оқушыларға пәнаралық жобалар қызығушылық тудырады.

Жобаға қатысушылардың саны бойынша жеке және ұжымдық болып бөлінеді. Ұжымдық жобаны екі оқушы орындаса қосарлы, ал егер бір топ оқушылардың қатысуымен болса оны топтық деп атайды.

Іс - әрекеттің басымдылығына байланысты жобалар шығармашылық, зертеушілік, танымдық, ойын арқылы және практикаға бағытталған деп бөлінеді.

Зерттеушілік жобалар ғылыми проблеманы шешуге бағытталған. Мұнда тақырыптың көкейтестігін, мақсатын, міндеттерін, зертеу нысандарын, нәтижелерді талқылау мен қорытындылау өте маңызды. Бұл жобаларды сабақ үстінде немесе сабақтан тыс уақытта жасауға болады. Мысал ретінде аймақтағы экологиялық проблемаларды шешуге, табиғи байлықтарды ұтымды пайдалануға, өсімдіктерден қажетті дәрілік заттарды алуға және т.б. жобаларды келтіруге болады. Кез – келген зерттеушілік жоба дайындауда оқушылардың шығармашылық қабілеті оянады.

Ойын түріндегі жобалар жасауда оқушылар өздеріне белгілі бір рөлді қабылдайды. Мысалы, аймақты кешенді түрде зертеу иақстаында ғылыми топ құру қажет.

Практикаға бағытталған жобалар практикалық нәтижелер беретін болуы қажет. Мысалы, су қоймаларын биологиялық жолмен тазарту, автокөліктердің қоршаған ортаны ластаын химиялық жолмен азайту және жергілікті жердің дәрілік өсімдіктерін меге пайдалана білу т.б. Соңғы кездері оқушылар интернет арқылы Республикалық ғылыми танымдық жобаларға қатысып жүр.

Дидактикалық құралдардың қолданылуына қарай жобалар классикалық, ақпараттық және коммуникативтік болып бөлінеді. Классикалыққа жататындар: басылымдар (оқулықтар, ғылыми – көпшілік әдебиеттер, ғылыми журналдар), көрнекіліктер (кестелер, сызбанұсқалар, суреттер) жатады. Компьютерді қолдану арқылы оқушылар ақпараттарды тез жинақтауға, талдауға, өңдеуге мүмкіндік алды.

Жобалау технологиясы биологияны оқытуда екі бағытта болуы керек:

  1. Жоба оқу тақырыбымен байланыста болады, яғни сабақта қарастырылады.

  2. Жоба іс - әрекетін сыныптан тыс уақытта қолдану (сабақтан тыс іс - әрекет)





hello_html_m15ee11a6.gifhello_html_476db034.gifhello_html_3bbfc23c.gifЖобалау типтерінің жіктелуі

hello_html_57ae547.gifhello_html_m31127d1f.gifhello_html_m40e014.gif




Уақыт мерзіміне қарай

Дидактикалық құралдарды қолдануына қарай

Іс - әрекеттің

басымдылығына қарай





hello_html_m294b5e27.gifhello_html_m686e315.gifhello_html_57aed7ff.gifhello_html_4641c3ba.gifhello_html_57aed7ff.gifhello_html_m2df47aa7.gifhello_html_57ae547.gifhello_html_m2b63dd5b.gif

қысқа дәстүрлі зерт-

мhello_html_57aed7ff.gifерзімді ақпараттық теушілік

орташа және танымдылық

мерзімді коммуникациялық шығарма-

ұзақ шылық

мерзімді ойын

практикаға

Жобаға қатысушылар санына қарай

бағдарлы

Интеграциялау деңгейіне қарай





hello_html_57aed7ff.gifhello_html_4641c3ba.gifhello_html_57aed7ff.gifhello_html_57aed7ff.gif

Жеке ұжымдық пәндік пәнаралық

hello_html_m6dae7b6f.gifhello_html_m5afdc040.gif


Қосарлы топтық


1 – сурет. Оқытуда қолданылатын жобалардың жіктелуі.


Жобалармен жұмыс істеу кезеңдері

Қазіргі кезде жобаны мынадай кезеңдерден құру кеңінен орын алған: жобалық тапсырманы дайындау; жобаның өзін құру; нәтижелерді алу; көпшілікке таныстыру (презентация); рефлексия.

Жобалау іс - әрекетін ұйымдастыру үшін мұғалімнің белгілі – бір дайындығы болуы керек. Жоба жасаудағы ең маңыздысы – проблеманы анықтау, соның нәтижесінде жоба жасалынады. Мұнда проблема оқушыларға дайын күйінде ұсынылады, олар проблемалық жағдайларды негізге ала отырып өздері проблеманы тұжырымдайды.

Мысал ретінде биология пәнінің 11 – сынып оқушысы аудандық ғылыми жарыстардан

ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталған Жаңашаруа қазақ орта мектебінің 11 – сынып оқушысы Қосщиева Гүлзаттың жобасын келтірейік.


Тақырыбы: Жергілікті жерде кездесетін өсімдіктердің емдік қасиеттері


Зерттеудің мақсаты:

Халық медицинасында пайдаланып жүрген өлкемізде өсетін дәрілік өсімдіктердің түрлерімен таныса отырып, оларды бір – бірінен ажырата білуге, емдік қасиеттерін айыра білуге баулу болып табылады.




Зерттеу жұмысының ғылыми болжамы (гипотезасы):

Егер, дәрілік өсімдіктерді іріктей біліп, пайдалану мүмкіндіктерін айқындай отырып, әдістемелік ұсыныстар жасаса, онда мектеп қабырғасында – ақ өсімдіктерді бағалай білетін, елін, жерін, табиғатын қорғай білетін санасы жоғары тұлға қалыптасады.

Зерттеудің теориялық мәнділігі:

Өсімдіктердің түрлерін ажырата білетін, негізгі ерекшеліктерін анықтай алатын, ғылыми жобаны жаза білетін тұлға қалыптастыру.

Зерттеудің жаңалығы және дербестік дәрежесі:

Ғылыми жұмыстың кіріспе, теориялық зерттеу бөлімдерін өз бетімше орындадым, ал тәжірибені жетекшім Мұрынова Ақмаралмен бірлесе отырып орындадым.

Зерттеудің практикалық мәнділігі:

Өсімдік медициналық препараттардың сарқылмас көзі екенін, улы деген өсімдіктердің өзі пайдалы екенін анықтады.

Зерттеудің жаңалығы және дербестік дәрежесі:

  1. Дәрілік өсімдіктердің негізгі ерекшеліктеріне, түрлеріне талдау жасалынды.

  2. Дәрілік өсімдіктердің морфологиялық сипаты айқындалды.

  3. Дәрілік өсімдіктердің емдік қасиеттері, емдеу тәсілдерінің тиімді жолдары мен қолдану әдістері анықталды.

Жұмыстың орындалу әдістері:

Өсімдіктердің түрлерімен танысу, өз өлкемізде өсетін өсімдіктерді жинақтау, дер кезінде кептіріп, шөп қайнатпаларын дайындау жанға шипа, дертке дауа екенін анықтады.

Қорытынды

Табиғатпен жан – тәніміз бірге болғандықтан биология әлеміне деген қамқорлықта көп болғаны орынды. Қазіргі заманда өсімдіктер дүниесін қорғау бүкіл жас ұрпақтың қасиетті парызы.Бүгінгі білім беру процесінде оқушының бақылау жұмысында танымдық дербестікті дамыту құралы ретінде қызығуды қалыптастыру проблемасының мәні барған сайын ұлғайып келеді. Өйткені,бүгінгі өмір оқушыдан ұдайы құбылып отыратын қоршаған әлем бағдарын таба білуді талап етеді. Туған өлкенің өсімдіктер тіршілігін зерттеп, бақылаудың нәтижесінде оқушы өсімдіктердің сыртқы орта жағдайларына бейімделуін, ерекшеліктерін анықтап көрді, бақылады.Өсімдіктердің дәрілік құрамын және оны ата – бабаларымыз бұрын қалай пайдаланда және казір қалай пайдаланатыны жөнінде ізденіс жұмысы жүргізіліп анықталды. Дана қазақ халқы «Бірінші байлық - денсаулық»,- деген екен. Денсаулығымыз мықты болуы үшін «Мысқылдап кірген ауруды» дәрілік өсімдіктермен емдеп шығаруға болады. Дертке дауа болатын дәрілік өсімдіктер денсаулығымызды сақтауға көмектеседі.Иә, табиғат сырына қаныға түскен сайын адамзат оның құпиясын барынша ашып, оны қорғай отырып, қажетіне жарата білуі тиіс екенін әрбір ұрпақ есінде сақтауы тиіс.

Ұсыныс:

  1. Зерттеу нәтижесінде біз дәрілік өсімдіктердің (тамырын, сабағын, жапырағын және тұқымын) мүшелерінен дәрілік қайнатпа жасау арқылы дәрі алуға болады.

  2. Тәжірибе көрсеткендей ақшаға сатып алатын дәрінің орнына үй жағдайында дайындалған дәрілік қайнатпаларды пайдалануға болады. Дәрілік өсімдіктерді дәрі ретінде пайдалануға болатынын ұсынамыз.


Меніңше, адамды танып – білу, оның бойындағы ерекше қабілетті көре білу мұғалім үшін аса қажет қасиет. Ол үшін ерінбей еңбек етіп, баланың ерекше қабілетін байқауда күнделікті сабақта, тәрбие жұмысында, үйірме жұмысында оқушыны үзбей бақылап, рейтинг жүйесімен білімін қадағалай отырып, бала бойындағы дарындылықты немесе жүйелі білім алуға қабілетті жеке тұлғаны анықтауға болады. Егер мұғалім күнделікті сабақта оқушыға тапсырманы күрделендіріп беріп, бағыт – бағдар көрсетіп отырса, оқушы бұл тапсырманы орындағанда оқулық материалымен шектеліп қана қоймай, өзінің бойындағы барлық қабілетін аша отырып, ойланып, ізденіп жауап береді. Деңгейлік тапсырмалар беру арқылы – оқушының жан – жақты ойлау қабілетін, теориялық тапсырмалар беру арқылы тақырыпты меңгеру қабілетін, венн диаграммасы арқылы салыстыру қабілеті, эссе жазу арқылы – оқушының іздену қабілетін, ал тест әдісін қолдана отырып оқушының есте сақтау қабілетінің деңгейін анықтауға болады. Сонымен бірге сабақта «дебат» әдісін қолдану оқушының өз ойын ашық айтуға, дәлелді сөйлей білуге, өз ойын жан – жақты толық жеткізе білуге дағдыландырады.

Бала бойындағы дарындылықты ашуда әрбір ұстаз өз сабағында жаңашыл әдіс – тәсілдерге сүйеніп, сабақ жүргізсе өскелең жастың өмірге нақты көзқарасын қалыптастыра алады. Дәстүрден тыс сабақтарды оқушылармен жүйелі өткізу олардың сол пәнге деген қызығушылығын арттырады.

Биология сабағын өтуде өз пәніме деген оқушылардың қызығушылығын артыру үшін сабақта түрлендіріп, өмірімен байланыстырып отырып, қазіргі заман талабына қажетті білім алуға жағдай жасауға тырысамын. Оқушыларды сабақтан жалықтырып алмас үшін бүгінгі күндегі жаңа технология бойынша сабақ үлгілерін ойластырып, күнделікті жоспарға өзгерістер ендіріп, сайыс, дебат, ХХІ ғасыр көшбасшысы түрінде сабақтар өткіземін. Және сабақта оқытудың интерактивті әдістері мен СТО бағдарламасының кейбір элементтерін көп қолданып жүрмін. Сонымен бірге биология сабақтарында оқушыларға мынандай талаптар қоямын:

  • үйге берілген тапсырманы оқулық бойынша оқу;

  • оқыған материалды биологиялық тілде айтып шығу;

  • тақырыпқа байланысты кесте жасау, тірек - сызбасын сызу, негізгі терминдерді жатқа айту;

  • тақырыпқа сай өз пікірін айта білу,

  • қосымша ақпарат көздерінен алынған материалдармен тақырыпты толықтыра білу.

Осы талаптарды өз деңгейінде орындаған оқушыны қабілетті деп танып, ол оқушымен мынадай жұмыстар жүргіземін.

Оқу материалын толық игеру: Жарыстарға қатыстыру:

- салыстыру; - ғылыми жоба жарысы;

- кесте, тірек – сызба; - білім сайысы;

- биосуреттермен жұмыс, - ХХІ ғасыр көшбасшысы.

Тұлғаны тану Дарынды баламен Тестпен жұмыс

жұмыс

Анықтамалармен жұмыс Қосымша материалмен

жұмыс

  • жаздырту,

  • есте сақтау;

Дебат технологиясын қолдану оқушыны зерттеу, іздену қабілетін шыңдайды. Оны дебат сабағының мынандай тиімділігінен көруге болады:

  • оқушы пікірін ашық, іркілмей айтуға үйренеді;

  • өз ойын дәлелді түрде жеткізе біледі;

  • оқушының шығармашылық белсенділігі артады;

  • ізденеді;

  • өзіндік көзқарас қалыптасады;

  • сөйлеу мәдениеті қалыптасады;

  • материал жинақтап үйренеді;

  • зертеу жұмысын жүргізеді.

Нәтижесінде оқушы оқулық материалымен шектеліп қана қалмай, қосымша материалдармен өз білімін толықтырады, кез – келген биологиялық заңдылықтарға талдау жасай біледі, өзіндік пікір қалыптастырып, шешендік өнерді игерген тұлғаға айналады. Сонымен бірге оқу, сөйлеу, жазу белсенділігі артады. Өз тәжірибемде осындай тәсілдерді пайдалана отырып шығармашылық жұмыс жасайтын балалардың мынадай ерекшеліктерін анықтадым:

  1. Ойлау қабілеті басым, түрлі болжам жасауға қабілетті, қиялға ұшқыр өзін тануға құштар келеді.

  2. Шығармашылықпен айналысуға, өз білімін сынауға тырысады.

  3. Қиялы жүйрік, жан дүниесі нәзік, табиғатты танып білуге тырысады.

  4. Ақыл – ой қабілетін тек өзін қызықтыратын іске бағыттайды.

Осыны ескере отырып, зерттеу жұмыстарын жасату арқылы оқушылардың шығармашылық қабілетін шыңдадым және тест әдістерін түрлендіре отырып, жылдан – жылға оқушыларымның есте сақтау қабілеттерінің артқандығын байқадым.

2006-2007оқу жылынан бастап оқушыларым ғылыми жұмыстармен айналысуға бел буды, ғылыми жұмысқа деген қызығушылығы оянды. Сол кезеңнен бастап өзім жүргізетін биология пән үйірмесін «Жас зерттеуші» деп алып, оқушыларды түрлі зерттеу жұмыстарына баули бастадым. Оқушылардың ой – пікірлерін тыңдап, олардың ойларын жетілдіре түсіп, қосымша тапсырмалар беру арқылы, оқушылардың ғылыми ізденіске баулу мақсатында жұмыстар жүргізе бастадым. Оқушыларға жыл басында тапсырмаларды бөліп бердім, олар жыл бойы ізденіп жұмыс жасады. Нәтижесінде жыл аяғында мына әдіспен бағаладым:

Аты– жөні

Тақы-рыбы

Т-ң

өзек-

тілігі

Таным-дық құндылы-ғы

Экс-пери-мент

Ой қоры-ту

Зерттеу шебер-лігі

Жұмыс

құры-

лымы

Баяндау тілі

Қоры-тынды












Сонымен бірге оқушылардың ғылыми жұмыспен айналысуға деген құлшынысын одан ары арттыру мақсатында «Зерттеу шеберлігі үшін», жасына қарай «Ең жас зерттеуші» бағамдарымен марапаттап отырдым.

Нәтижесінде бірнеше оқушыларым екі жыл бойы ізденеіп түрлі тақырыптарда ғылыми зерттеу жұмыстарын жазып, облыстық ғылыми конференцияларда өз еңбектерін қорғап шықты. Атап айтқанда, 2007 – 2008 оқу жылында 11 – сынып оқушысы Мұқанова Нұрбану « Алғыс хатпен» марапатталды. Осы жылы 11 сынып оқушысы Қосщиева Гүлзат ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.

2010 – 2011 жылғы Республикалық ғылыми – танымдық педагогикалық журналда ұйымдастырылған «Жас биолог» сайысына шығармашылық топ «Бәйшешек» тобы қатысып, нәтижесінде топ мүшелері – Амангелді Тоғжан, Болат Гүлбану, Тәттібай Ақжол, Мұхтарова Фаризат, Аманжол Қайдар, Қасымғали Гүлмарал, Орынбасарова Эльмира «Жас биолог - 2011» сайысының алғыс хатына ие болды.

Ғылыми жұмыспен айналысу барысында, оқушының қызығушылығын арттыру үшін және зерттеу жұмысын ілгерілету үшін кітапханаларға бірге бардым. Өсімдік көшеттерін отырғызуда және оларды үнемі бақылауда ұстауда көмек беріп отырдым. Жұмыспен айналысу барысында оқушыларға материал жинақтау әдістемесін, зерттеу нәтижелерін таблицаларға түсіру, олардың салыстырмалы мониторингісін шығара білуді кең көлемде таныстырдым. Бұған қоса әдебиеттерді пайдалану тәртібі, жасаған жұмысының негізгі түйінін, қорытындысы мен өз ұсынысын белгіленген уақыттың ішінде жатық тілде жеткізе білуге дағдыландырып отырдым. Бұл жерде ата – анамен де байланыс жұмыстарын жүргізіп отырдым:

  • ата – ананың рухани сауаттылығын байқау;

  • отбасының әлеуметтік жағдайына көңіл бөлу;

  • оқушымен ғылыми жұмыс жүргізуге ата – ананың келісімін алу;

  • кездескен проблемаларды бірлеесе отырып шешу.

Қорыта айтқанда, қабілетті, дарынды оқушыларды дәл таба біліп, әрқайсысына жеке тұлға ретінде қарап, олардың өздеріне деген сенімдерін және пәнге деген қызығушылығын арттыра білуіміз керек. Ең бастысы, оқушының табиғи талантын одан әрі дамытып, ерекше қабілеті бар баланы дарындыға айналдыра білуіміз қажет. Сонда ғана өз қабілетінің арқасында бәсекелестікке, көшбастылыққа, түрлі байқаулар мен конференцияларға қатысуға ұмтылатын балалар саны көбейді.

Ойымды қорыта келе, өзімнің жұмыстарыма талдау жасай отырып, мынандай ұсыныстарды ұсынамын:

  • Оқушылардың пәндер бойынша қызығушылығын арттыру бағытында, мұғалімдердің өзара көбірек тәжірибе алмасуына оң әсер беретін конференция – семинарлар жиі болып тұрса (әсіресе, химия – биология пәндері бойынша);

  • Дарынды балалармен жұмыс жүргізу іс – тәжірибелерінен жинақтар шықса;

  • Ғылыми жұмыспен айналысып, нәтижеге қол жеткізе білген оқушыларға нақты жеңілдіктер қарастырылса;

  • Бар уақытын бала үшін сарп етіп жүрген ұстаздар қауымына арнайы марапаттаулар тағайындалса.

Жетекшімен оқушының ғылыми жұмысындағы әзірлік


hello_html_m24b4d017.jpg



hello_html_m1975698f.jpg






«Жас биолог - 2011» сайысының алғыс хатына ие болған «Бәйшешек» тобы


hello_html_41c88d5c.jpg



hello_html_m5cfc6677.png













Пайдаланылған әдебиеттер:


  1. Құрманәлиев М.Қ. Қазіргі педагогикалық технологиялар. – Алматы, 2010 / 5-6 бет/

  2. Ү.Б.Жексенбаева «Балалар дарындылығын диагностикалау».

Алматы. 2005 ж /12-13 бет/

  1. М.Жұмабаев «Педагогика». Алматы. 1993 ж /3-4 бет/

  2. «Дарын» журналының жинақтамалары. № 2 /4-5 бет/

  3. А.И.Савенков «Одаренный ребенок и массовой школе» Москва. 2001 г /6-7 бет/

  4. Загрекова Л.В., Николаева В.В. Теория и технология обучения – М., 2004 /5-7 бет/

  5. Новые педагогические и информационные технологии в системе образования (под ред Е.С.Полат.,2005 /15-16 бет/


Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 25.03.2016
Раздел Биология
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров505
Номер материала ДВ-554098
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх