Инфоурок Начальные классы Другие методич. материалыПрезентация по букварю мал баласын сүйеді

Презентация по букварю мал баласын сүйеді

Скачать материал

                                                                

Сабақтың тақырыбы: Мал баласын сүйеді. Сөз.

Сабақтың мақсаты:

Оқушыларға cөз және оның мағынасы туралы түсінік алуға мүмкіндік жасау, мәтінді түсініп оқуға және әдемі жазуға дағдыландыру; сөздік қорларын байыту, сөйлеу дағдысын жетілдіру; оқушылардың төрт түлікке деген қамқорлық сезімін ояту.

Көрнекілігі:   үй жануарларының суреті, дидактикалық ойынға қажетті құрал-жабдықтар, АКТ.

Әдіс – тәсілдері: сұрақ-жауап, түсіндіру, көрнекілік, топпен жұмыс, ойын, әңгімелеу, сергіту жаттығуы.

Сабақ түрі: аралас

І. Ұйымдастыру.

ІІ. Психологиялық дайындық.

Шаттық шеңбері:

Амансыңба Алтын Күн,

Амансыңба Жер ана,

Амансыңба достарым,

Сендерді көрсем қуанам!

Сәлеметсіздер ме қонақтар,

Қош келдіңіз, бәріңіз.

Мұғалім:Балалар отырыңдар.

Мұғалім:

·         Қазір жылдың қай мезгілі?

·         Жыл мезгілі көктем.

·         Қазір көктем мезгілінің қай айы?

·         Сәуір

·         Дұрыс.

·         Көктем айларын атаңдар?

·         Наурыз, сәуір, мамыр.

·         Дұрыс.

·         Балалар, көктем мезгілінің ерекшелігін атаңдар?

·         Көктемде қар ериді. Құстар ұшып келеді.Ағаштар бүршік жарады. Жан- жануарлар оянады, төлдейді.

ІІІ.Сабақтың барысы.

Мұғалім:

Үй жануарлары деп үйде ұстайтын жануарларды айтамыз. Оларға мыналар;қой, ешкі, сиыр, түйе, жылқы жатады. Суретке қараңдар, үй жануарлары төлімен жайылып жүр екен. Осы үй жануарларымен, төлдерімен таныс болайық.

Қазақ халқының ежелгі кәсібі мал бағу. Ол сауса сүт, сойса ет, кисе киім, мінсе көлік. Халық малды өте қастерлеген. Сондықтан көптеген мақал – мәтел, жұмбақтар, өлеңдер, тыйым сөздер, аңыз әңгімелер айтып кеткен.

IV.Үй тапсырмасы: Төрт түлік малға байланысты тақпақтар тауып, жаттап келіңдер дегем. (Әр топтан оқушылар айтады.)

V.Жаңа сабақ.

Жұмбақ.

Жем-шөп беріп бағамыз,

Сүтін сауып аламыз. (сиыр)

Сиырдың төлі бұзау. Сиыр жем, шөп жейді, су ішеді. Бұзау сүт емеді. Сиыр сауса сүт, сойса ет, терісінен киім тігеді. Сиырдың пірі – Зеңгі баба. Сиырдың сүтінен қаймақ, айран, сүзбе, құрт, май, ірімшік алынады.

Май, сүт, құртты көрсету

Қамыс құлақ, тастаған тұяқ,

Мінсе көлік, сүті дәрі, еті ем. (жылқы)

Жылқының төлі  құлыншақ. Жылқы сұлы, жем жейді. Құлыншақ сүт емеді. Жылқының сүтін – қымыз деп атайды. Жылқы мінсе көлік, сойса ет, сүті дәрі. Жылқының пірі – Қамбар ата.

Кезекті бір жануар,

Үстінде екі тауы бар.  (түйе)

Түйенің төлі бота. Түйе тікен жейді, су ішеді. Ботасы сүт емеді. Түйенің сүтін – шұбат деп атайды. Түйе мінсе көлік, сойса ет, сүті дәрі. Түйенің пірі -   Ойсылқара.

Кішкене ғана бойы бар,

Айналдырып киген тоны бар. (қой)

Қойдың төлі қозы. Қой шөп, жем жейді, су ішеді. Қозысы сүт емеді. Қойды сойса ет, терісінен түрлі заттар жасайды.  Қойдың пірі – Шопан ата.

Басында екі таяғы бар,

Төрт аяғы бар,

Иегінде екі сақалы бар? (ешкі)

 

Ешкінің төлі лақ. Ешкі шөп, жем жейді, су ішеді. лақ сүт емеді. Ешкіні сойса ет, терісінен түрлі заттар жасайды. Ешкінің пірі – Сексек ата.

          Үй жануарларын қалай шақырамыз?

Қойды  пұшайт - пұшайт.  

Ешкіні  шөре - шөре

Жылқына  құрау -құрау

Сиырды  әукім - әукім.

Түйені  көс-көс.

VI.Оқулықпен жұмыс

Өлеңді мұғалім оқиды.

Оқушылардың түсініп оқуы.

Өлеңге қатысты сұрақтар мен тапсырмалар:

Өлеңде не туралы айтылған?

Мал баласын қалай сүйеді екен?

Төрт түлік туралы тағы қандай өлең білесің?

(Әр мал баласын қалай сүйетінін мұғалім жеке-жеке сұрай отырып, оны өлеңнен тауып оқытады).

Қой, сиыр,түйе, ешкі, жылқы сөздерінде неше дыбыс, неше буын бар?

Қорытынды ереже Сөз- заттың атын, түсін, сапасын, қимылын білдіреді.

Балалармен жұмыс мысал келтіру.

VII. Сергіту сәті;

Үй жануарлар қалай дыбыстайды . Соны атап көрелік.

Түйе боздайды. Бе-бе-бе, бе-бе-бе.

Қой-ешкі маңырайды. Қой м-ә-ә-ә, м-ә-ә-ә. Ешкі м-е-е-е, м-е-е-е.

Жылқы кісінейді. И-и-и-о-о-о.

Сиыр мөңірейді. Му-му-му.

VIII.Дәптермен жұмыс 

1.     Әр малды өз төлімен сызық арқылы қос.

2.     Берілген сөздердің алдына әріп қосып, жаңа сөз жазу тапсырылады. Ол сөздердің мағынасы түсіндіріледі.

      өрік,       аға,       ара,      ана,      ақ,

өрт,       ар,       ық,         асық,         ала.

3.     Көркем жазу

Тт

Тәтті

Төлдер

Т – тай, тана, ....

 IX Шығармашылық жұмыс.

Әр топқа төлдерді беру, құрастыру.

X. Үй тапсырмасын беру

«Мал баласын сүйеді» мәтінін оқып келу. 108 бет. Дәптердегі 3-ші тапсырманы аяқтау.

 Қорытынды.

   Балалар менің қолымда дорбаны көріп тұрсыздар, оның ішінде асықтар бар. Сол асықта жасырылған әріптер бар. Енді сендерге сол асықтарды таңдап алып, сол әріпке сөз құрайсыз және неше әріп, неше дыбыс бар екенін айтыңдар.

«Қошақаным» әні қосылады. Әннің сөзін тауып алған соң, қошақан сөзінде талдау жасайды. Неше әріп, неше дыбыс, неше буын бар екенін табады.

Балалар топпен «Қошақаным» әнін бірге орындайды. Балалар сабақта қатысқандарыңызға рахмет.

Оқушыларды мадақтау және бағалау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жақсы №1 орта мектебі

 

 

Ашық сабақ

Тақырыбы: «Мал баласын сүйеді»

 

 

 

 

Пәні: Ана тілі

Сынып: 1 «Ә»

Орындаған: Жанабергенова А.Е.

 

 

 

                                               

 

 

 

2015-2016 оқу жылы

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Презентация по букварю мал баласын сүйеді"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Старший рекрутер

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 625 730 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 26.01.2017 647
    • DOCX 23.7 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Жанабергенова Асемгуль Есеналиевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 7 лет и 11 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 2817
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Интернет-маркетолог

Интернет-маркетолог

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Методика преподавания курса «Шахматы» в общеобразовательных организациях в рамках ФГОС НОО

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 268 человек из 55 регионов

Курс повышения квалификации

Психолого-педагогические аспекты развития мотивации учебной деятельности на уроках по физической культуре у младших школьников в рамках реализации ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Развитие предметных навыков при подготовке младших школьников к олимпиадам по математике

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 42 человека из 16 регионов

Мини-курс

Стартап: от идеи к успеху

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 20 человек из 13 регионов

Мини-курс

Особенности психологической помощи детям

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 396 человек из 65 регионов

Мини-курс

Подготовка менеджеров по продажам: аспекты телефонных переговоров

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе