Инфоурок Другое КонспектыПрезентация по экологий на тему "Өсімдіктер-табиғат қорлары, қорғау шаралары"

Презентация по экологий на тему "Өсімдіктер-табиғат қорлары, қорғау шаралары"

Скачать материал

Тақырыбы:Өсімдіктер- табиғат қорлары, қорғау шаралары.

Мақсаты:

1.Өсімдіктерге қамқорлық жасап, қорғау жайлы түсінік беру.

Оқушылардың тақырып бойынша  білімдерін тереңдете түсу, нығайту.

2.Балалардың ойлау дағдыларын қалыптастыру, жүйелі сөйлеуге үйрету, пәнге  деген қызығушылықтарын арттыру.

3.Өсімдіктерге деген сүйіспеншіліктерін  ояту, жасыл әлемді қорғай білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі : жарыс сабақ .

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, топтық жұмыс.

Көрнекіліктер: суреттер, тірек-схемалар, бүктеме.

Сабақтың  барысы:

Ұйымдастыру кезеңі

Тәлім сәт: Әр ертеңгі күнге сенімділікпен қарау қажет, сонда ғана адамның алдына қойған мақсаты мен тілегі орындалады. Ол үшін адам өз бойындағы жақсы қасиеттерін аша білу керек.
Яғни, мен ақылдымын.
Білімділік деген мен,
Күш деген мен
Табиғатты сүюші мен
Отанды қорғаушы мен
Сауаттылық деген мен
Жастық шақ деген мен
Денсаулық деген мен
Бәрі біздің қолымызда, жақсы іс жасап, нәтиже көрсете білу де біздің қолда!

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру

.(шығармашылық тапсырма)

І топ:Топырақ, топырақтың құрамы

ІІ  топ.Топырақтың маңызы, қорғау

ІІІ.Жаңа сабақ

Жаңа сабағымыздың тақырыбы  « Өсімдіктер табиғат қорлары, қорғау шаралары»

Сабағымыздың мақсаты :

Өсімдіктерді қорғау үшін не істек керек?-деген сұраққа жауап іздейміз.

-Бүгіңгі сабағымызды жарыс түрінде өткіземіз, ол үшін ІІ топқа  шығармашылық  тапсырма беріледі.
Ой қозғау.

Өсімдіктің маңызы қандай?
Оқушылардан күтілетін жауап: 
- таза ауа 
- баспана 
- қорек 
- тағам 
- жиһаз 
- дәрі-дәрмек 
- демалыс орны 

. Мұғалімнің түсіндірмесі
Өсімдік- тіршілік тірегі. Өсімдіктер жылына ауа қабатына 400 млн. тонна оттегін бөліп шығарады. Жылына бір адам тыныс алу үшін 173 мың литр оттегін қабылдайтыны анықталған. Өсімдіктер ауада ауру тудыратын бактерияларды жоятын ерекше зат бөліп шығарады. 
Сонымен бірге жануарлар үшін қорек, баспана . Ал адам тағам, үй, жиһаз, ауырғанда ем ретінде пайдаланады. 
Адамның түрлі іс-әрекеттері өсімдікке әсер етеді. Тікелей әсері-орманды кесу.Кешенді әсері- ауылшаруашылық зиянкестерімен күресу үшін егістіктерді, бау-бақшаны, егістіктерді жояды.Ойланбай істелетін іс-әрекеттері-шаруашылық саласында, демалыс кездерінде байқамай өрт шығып , өсімдіктерге зардабын тигізеді. Кейінгі жылдары республикамыздың орман қоры аумағында 2257 орман өрті орын алды.
Бұл өрттің 70%-зы отты дұрыс пайдаланбаудың салдарынан болған.
Топтық жұмыс. 

1-топ.Өсімдіктердің  пайдасы туралы не айтасыңдар?

2-топ. Өсімдіктердің өсуіне не қажет деп ойласыңдар?

Әр топқа өз тапсырмаларын  орындаған сайын гүл беріліп отырады жарыс соңында осы гүлдердің санына байланысты  жеңімпаз топ анықталады.
Бекіту. 
Экология балалар көзімен.
-«Экология» деген ұғымды қалай түсінесіңдер? 
- 1886 жылы «экология» терминін атақты неміс биологы Эрнест Геккель ғылымға енгізген және «табиғат пен тірі ағзалардың қарым-қатынасын зерттейтін» ғылым деген анықтама берген. 
- Адам ақыл-ойының нәтижесі атом станциялары, зауыттар өмірімізді байыта, жеңілдете түсумен қатар қауіп туғызуда. 
- Экологиялық, санитарлық жағдайдың нашарлауы салдарынан жұқпалы аурулар көбейіп отыр. 
- Орманда 400 жыл жасайтын жөке ағашы қала ауасында 50-80 жыл ғана өмір сүреді. 
І топ «Табиғатты аялайық» шығармашылық жұмыс
. (сурет салу) 
Тыйым салынады! 
- Ағашты кесуге, сындыруға болмайды. 
- Отты көрсең сөндір! 
- Қалдық заттарды тастама! 
ІІ топ Таза болса табиғат, аман болар адамзат. 
Бөлме өсімдіктерінің  маңызы
Ойын. Табиғаттан нені үйрендім? Тақтада бейнелеу.(22 слайд) 
- Мен күннен мейірімділікті үйрендім (күнді салу) 
- Мен судан тазалықты үйрендім (суды салу) 
- Мен әдемі гүлдерден нәзік болуды үйрендім (гүлді салу) 
- Мен ағаштан мықты, төзімді болуды үйрендім (ағаштың суреті) 
- Мен табиғаттан қайырымдылықты үйрендім (құсты бейнелеу) 
- Мен табиғатты қорғауды үйрендім (шөпті бейнелеу) 
- Міне балалар, білімдеріңмен еліміздің бірнеше жерлерін гүлдендірдіңдер. 
Ең көп еңбек сіңірген топты атау, бағалау. 
Үйге тапсырма, аяқтау.

 

 

                                           Аристангалиев  Ерлан

                                                 Ақжайық ауданы

                                                 Есенсай ОЖББМ   

 

 

 

 

 

 

 

 



Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Презентация по экологий на тему "Өсімдіктер-табиғат қорлары, қорғау шаралары""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Ученый секретарь

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 647 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 28.03.2016 2456
    • DOCX 15.2 кбайт
    • 21 скачивание
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Малдыбаева Надежда Абухановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Малдыбаева Надежда Абухановна
    Малдыбаева Надежда Абухановна
    • На сайте: 9 лет и 1 месяц
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 9868
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой
Сейчас в эфире

Информационная интоксикация: методы исцеления

Перейти к трансляции