Инфоурок Физика КонспектыПрезентация по физике на тему "Күн жүйесі"

Презентация по физике на тему "Күн жүйесі"

Скачать материал

Күн жүйесі – Күннен, оны айнала қозғалатын 8 үлкен планетадан (Меркурий, Шолпан,Жер, Қызылжұлдыз, Есекқырған, Қоңырқай, Уран және Нептун ), планета серіктерінен, мыңдаған кіші планеталардан (астероидтардан), шамамен 1011 кометадан және толып жатқан метеорлық денелерден құралған ғарыштық денелер жүйесі. Күннен ең алыс орналасқан планетаға дейінгі орташа қашықтық шамамен 40 а.б. немесе 6 млрд. км-ге тең.


Күн – Күн жүйесіндегі орталық дене болып саналады, оның массасы Күн жүйесіндегі барлық денелердің жиынтық массасынан 750 есе артық. Сондықтан Күн жүйесінің массалар центрі Күн қойнауында орналасқан. Барлық 9 үлкен планета Күнді айнала, дөңгелек дерлік орбита бойымен, бір бағытта қозғалады. Олардың орбиталарының бір-біріне қатысты көлбеулігі өте аз. Планеталардың Күннен қашықтығы белгілі бір заңдылыққа бағынған, яғни көршілес орбиталардың ара қашықтығы Күннен алыстаған сайын арта түседі. Планеталар қозғалысының физикалық қасиеттеріне байланысты Күн жүйесінің үйлесімді екі топқа бөлінуі ғарыштық денелердің кездейсоқ жиынтық емес екендігін көрсетеді. Барлық кіші планеталар да үлкен планеталар қозғалған бағытта Күнді айнала қозғалады, бірақ олардың орбиталары едәуір созылыңқы және эклиптика жазықтығына көлбеу орналасады. Кометалардың көпшілігі параболаға жақын өте созылыңқы орбита бойымен қозғалады. Айналу периоды миллиондаған жылға жетеді. Мұндай комета орбиталарының эклиптика жазықтығына көлбеулігі алуан түрлі, олар Күнді айнала тура және кері бағытта да қозғалады.

Шолпан мен Ураннан басқа планеталардың барлығының өз осінен айналу бағыты Күнді айналу бағытымен сәйкес келеді. Уран планетасының осі орбита жазықтығына 98° көлбеу орналасқан, сондықтан оның айналысы сырттай қарағанда кері болып көрінеді. Шолпан планетасы кері бағытта өте баяу айналады. Күн мен планеталар арасындағы қозғалыс мөлшерінің таралуы маңызды космогониялық сипаттама болып есептеледі. Күн жүйесінің орталық денесі Күн – жұлдыз, яғни қызған газды шар. Ол өзінің қойнауынан үздіксіз энергия бөліп шығарады. Күн бетінің күшті сәуле таратуына қарамастан, ол өзінің жоғары температурасын сақтап қалады. Күн жүйесінің қалған денелері – салқын денелер. Олардың бетінің температурасы Күн сәулесінің қыздыруына байланысты анықталады. Планеталар массасына, химиялық құрамына, айналу жылдамдығына, серіктерінің санына қарай екі топқа бөлінеді.

A.

Күн жүйесінің планеталары.

A.

Алып планеталар.

1.   Күн жүйесінің төрт ішкері планетасы (Жер тобындағы планеталар – Меркурий, Шолпан, Жер, Марс) аса үлкен емес, олар тығыз тасты заттар мен металдардан құралған.

2.   Алып планеталар – Юпитер, Сатурн, Уран, Нептун және Плутон әлдеқайда көлемдірек, олар негізінен жеңіл заттардан (сутек, гелий, метан, т.б.) құралған, сондықтан олардың орташа тығыздығы қойнауындағы зор қысымға қарамай аз болады. Планеталардың екі тобының аралығында орналасқан кіші планеталардың химиялық құрамы Жер тектес планеталардың құрамына жақын. Біршама тар аймақта қозғалатын кіші планеталар бір-бірімен соқтығысып, өте майда сынықтарға ыдырайды. Осындай майда сынықтар метеорлық денелердің соққысынан да бөлінеді. Ал өте майда тозаңдар қосылғанда, зодиактік жарық құбылысы байқалады. Метеориттердің жасын өлшеу (құрамындағы радиоактивті элементтерге және олардың ыдырау өнімдері бойынша) Күн жүйесінің шамамен 4,6 млрд. жыл бұрын пайда болғанын анықтады.[1]

Күн жүйесінің құрылысы туралы ежелгі ғалымдардың көзқарастары[өңдеу]

Адамдар өзін қоршаған әлемнің құрылысын, ондағы болып жатқан құбылыстарды зерттеуге ежелден-ақ құмар болды. Көне замандағы әлем құрылысы туралы алғашкы түсініктер өте қарапайым және олар діни нанымдармен астасып жатты. Аспан мен Жер бөлек карастырылып, Жер дүниенің қозғалмайтын центрі ретінде қабылданды. Жердің бүкіл әлемнің центрінде орналасканы жөнінде қалыптасқан бұл көзқарасты Ежелгі Грекия ғалымдары дүниенің геоцентрлік жүйесінің негізіне алды. Мәселен, біздің заманымыздан бұрынғы IV ғасырда өмір сүрген ежелгі грек ойшылы, ғалым-энциклопедист Аристотельосы пікірді ұстанып, Жерді қозғалмайды деп есептеді. Сол кездің өзінде-ак Айдың тұтылуы бойынша жүргізілген бақылаулар арқылы, Жер пішінінің шар тәрізді екені белгілі болды. Ол Жердің қозғалуын аспандағы жұлдыздардың орнын ауыстыруынан байқауға болар еді деген болжам айтты. Аристотель Жер - Әлемнің табиғи центрі болғандықтан, ол ешқайда құлап кетпейді және барлық ауыр денелер осы центрге қарай ұмтылады деген пікірде болды.Аристотельдің мұндай түсіндірулері, қазіргі көзқараспен қарағанда, өте қарапайым болғанымен, сол кезең үшін әжептәуір жетістік еді.

Біздің заманымыздың II ғасырында өмір сүрген ежелгі грек ғалымы Александриялық Клавдий Птолемей (90-160 жж.) өзінен бұрын өмір сүріп, кейінгілерге жол салып кеткен Аристотель, Гиппарх, т.б. еңбектеріне сүйене отырып, дүниенің жетілдірілген, геоцентрлік (грекше гео - жер) жүйесін жасады. Ол дүниенің центріне қозғалмайтын Жерді қойды да, оны өзге шырақтар айналып жүреді деді. Дүниеге геоцентрлік көзқарас астрономияда он төрт ғасырға жуық уақыт бойы үстемдік етті. Дегенмен планеталардың орналасуы жөніндегі бақылау мәліметтері молайған сайын, К. Птолемей тұжырымдары түзетулер енгізуді қажет етті. Оны XVI ғасырда ұлы поляк ғалымы Николай Коперник жүзеге асырды.

973 жылы Хорезмде дүниеге келген ортаазиялық ғалым-астроном, математик, физик, географ, философ, этнограф, дәрігер Әбу Райхан Бируни өзінің 150 еңбегінің 50-ін астрономияға арнаған. Ол Птолемей құрған әлем жүйесінің дұрыстығына күмәнданып, гелиоцентризмді жақтады. Алғаш рет, Коперниктен500 жыл бұрын, Жердің Күнді айнала қозғалатыны туралы болжам жасаған Бируни болғаны бізге тарихтан мәлім. Ол Жердің қозғалысы мен пішіні, Жершарының радиусын анықтау тәсілі туралы жазды, Жер глобусын жасады, 20 жыл бойы Күннің қозғалысын бақылады. Бируни Күнді отты шар деп есептеп,Күн тәжінің түтінге ұқсас табиғаты жайлы пікір айтты. Оның еңбектері мұқият орындалған бақылаулар мен зерттеулерге негізделді. Бируни көп саяхат жасады. Сол кезде ол аспан шырақтарына қарап бағдарлаудың түрлі тәсілдерін ойлап тапты. Бируни жинақтаған материалдары мен бақылауларын қорыта отырып, 1031 жылы астрономияның әр түрлі мәселелерін баяндауды қамтитын үлкен еңбек жазды. Ол кітап 1887 жылы Лондонда алғаш рет араб тіліндебасылып шықты. Бируниге дейін мұндай ғылыми жүйеленген еңбек жазылмаған, әрі ортағасырлық әдебиеттерде бұған теңдес еңбек болған жоқ.[2]

Күн жүйесінің шегі[өңдеу]

https://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/6/62/Kuiper_oort_ru.png/300px-Kuiper_oort_ru.png

Оорттың бұлты

XX ғасырдың соңғы жылдарынан бастап планеталарды және Күн жүйесін қызу зерттеу дәуірінде өмір сүріп жатырмыз. Біз басқа жұлдыздардан планеталар жүйелерін тапқымыз келеді. Күн жүйесінің ішкі құрылымын зерттеп, түсінгіміз, жерді басқа планеталармен салыстырғымыз келеді. Бұл біздер үшін өте маңызды мәселе. Біздің бәрімізді толғандыратын сұрақтар: "Осының бәрі қалай пайда болды? Жерде тіршілік қалай пайда болды? Ол канша уақытқа созылады? Біздің болашағымыз қандай?

XVIII ғасырдан бастап Күн жүйесінің шегі үнемі ұлғайып келеді. Әрине Күн жүйесінің айқын шегі болуы неғайбыл. Орта бұлтының орбитасынан әрі шамамен 100 000 а.б. қашықтықта Күн жүйесінің планетааралық заттары шашырап, жұлдызаралық заттарға алмасады.

Күн жүйесінің перийферийі (шеткі аймағы) туралы біздің мәліметіміз өте мардымсыз. Ғарыштық зерттеулер бұл білімді елеулі түрде толықтыруға көмектеседі.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Презентация по физике на тему "Күн жүйесі""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 6 месяцев

Руководитель реабилитационного подразделения

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 662 852 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 20.01.2016 2308
    • DOCX 158 кбайт
    • 30 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Молдахметова Шынар Рахымғалиқызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 3196
    • Всего материалов: 2

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Бухгалтер

Бухгалтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 22 человека из 16 регионов

Курс повышения квалификации

Теоретическая механика: векторная графика

36 ч. — 180 ч.

от 1580 руб. от 940 руб.
Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Физика: теория и методика преподавания в образовательной организации

Учитель физики

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 539 человек из 70 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 132 человека

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к сдаче ЕГЭ по физике в условиях реализации ФГОС СОО

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 49 человек из 25 регионов
  • Этот курс уже прошли 457 человек

Мини-курс

Искусство понимания: техники успешной жизни, отношений и бизнеса

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

История классической музыки от античности до романтизма

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Подготовка менеджеров по продажам: аспекты телефонных переговоров

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе