Инфоурок / Химия / Презентации / Презентация по химии "Химиялық элементтер өмірде"
Обращаем Ваше внимание: Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии (2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации).

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Законы экологии», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

ПРИЁМ ЗАЯВОК ТОЛЬКО ДО 21 ОКТЯБРЯ!

Конкурс "Законы экологии"

Презентация по химии "Химиялық элементтер өмірде"

библиотека
материалов
Химиялық элементтердің тірі және өлі табиғатта таралуы және адам ағзасындағы...
Гранат гранат – еңбекқор адамға арналған тас, Өйткені, ол өзінің түсіне сәйке...
корунд Корунд – алюминийдің оксиді. Табиғатта бокситті өңдеп одан бағалы әрі...
АЛТЫН Алтын күмістің бактерицидтік қасиетін арттырады. Ағзадағы иммундық проц...
КҮМІС Күміс әшекей тынышсыз, күйгелек, күмәншіл адамдарды сабырға шақыруда бе...
Сынап Сынап адам ағзасына теңіз балықтарынан, күріштен түседі. Оның тәуліктік...
Темір . Темірдің рөлі денсаулық үшін өте зор. Темір жетіспесе анемия (қаназды...
Кальций Адам ағзасында 1000-1200 грамм кальций болады, соның 99 пайызы сүйект...
Йод Қалқанша безі мен гипофиздің жұмысын жақсартады. Радиация әрекетінен қорғ...
Мыс . Егер ағзада мыс жетіспесе, бауырда қорланған темір гемоглобинмен байлан...
Көміртек Көміртек тірі организмдердің негізгі құрам бқлігі, себебі ол барлық...
Алюминий Алюминий адам ағзасында маңызды физиологиялық қызмет атқарады. Ол фо...
Кремний Кремнийдің коллогенді фибрилдің негізгі элементі екені анықталды. Ол...
Магний Магний жүйке ұлпаларының жұмысын жақсартады, сүйек түзуге қатысады. Ад...
Натрий Адам ағзасында (қанда және ұлпаларда) 250-300 г NaCl болады, тамақпен...
Фосфор Фосфор — күш-қуат көзі. Қаңқаның мықтылығы құрамындағы фосфор мен каль...
16 1

Описание презентации по отдельным слайдам:

№ слайда 1 Химиялық элементтердің тірі және өлі табиғатта таралуы және адам ағзасындағы
Описание слайда:

Химиялық элементтердің тірі және өлі табиғатта таралуы және адам ағзасындағы рөлі. Дайындаған: Қызылорда қаласы, «Мұрагер» дарынды балалар мектебінің химия пәні мұғалімі Аплатинова Күнзияш Шәкімқызы.

№ слайда 2 Гранат гранат – еңбекқор адамға арналған тас, Өйткені, ол өзінің түсіне сәйке
Описание слайда:

Гранат гранат – еңбекқор адамға арналған тас, Өйткені, ол өзінің түсіне сәйкес адамға ерекше шабыт, іскерлік қасиеттерді сыйлайды. Гранат таққан адам бұл тастың құрылымының әсерінен бұрынғыдан да жинақы, жылдамырақ болады. Оның табысқа жеткізетін кілт екенін түсінеді. Гранатты қандай металлмен де тағуға болады. Гранат иесіне экономикалық табысқа жетуге көмектеседі. Гранаттар адамның жүйке жүйесіне қажетті күш-қуатын молайтады. Негізінен, гранаты бар сақина, жүзіктер адамның сұқ немесе аты жоқ саусағына тағылады. Төменгі энергетикалық орталықтың (ішек-қарын, несеп жолдары жүйесі) жұмысын жақсартады деп есептелетін гранатты бір күн (24 сағат) суға салып қойып, сол суды ем ретінде ішетіндер де бар. Сонан соң бір апта демалу қажет. Гранатты денеңдегі қызыл түсті энергетикалық орталыққа қарайтын жерің ауырғанда, соған қоюға болады.

№ слайда 3 корунд Корунд – алюминийдің оксиді. Табиғатта бокситті өңдеп одан бағалы әрі
Описание слайда:

корунд Корунд – алюминийдің оксиді. Табиғатта бокситті өңдеп одан бағалы әрі құнды әшекейлер жасайтын сапфир(қызыл яхонт), рубин(көк яхонт, жасыл түсті шығыс зүбәржаты(изумруд), шығыс аметисті), падпараджа алынады. Рубин мен сапфир жүйке жүйесін тыныштандырып, депрессияны басады. Қорқыныш пен үрейден арылтып, батылдық пен күш береді. Қан қысымын төмендетеді, жүрек-қан тамырлары ауруларын, омыртқа мен буын ауруларын емдеуде пайдалы. Бүйрекке, бауыр мен ас қорыту мүшелеріне жақсы әсер етеді.

№ слайда 4 АЛТЫН Алтын күмістің бактерицидтік қасиетін арттырады. Ағзадағы иммундық проц
Описание слайда:

АЛТЫН Алтын күмістің бактерицидтік қасиетін арттырады. Ағзадағы иммундық процесті қалыпты етеді. Көне Греция мен Римде алтынды (пластинкаларын) ауызға салып, тамақ ауруларын емдеген екен. Сондай-ақ қазіргі медицинада да алтын қоспалары кеңінен қолданылады.

№ слайда 5 КҮМІС Күміс әшекей тынышсыз, күйгелек, күмәншіл адамдарды сабырға шақыруда бе
Описание слайда:

КҮМІС Күміс әшекей тынышсыз, күйгелек, күмәншіл адамдарды сабырға шақыруда белгілі бір дәрежеде қызмет атқарады. Күмістен жасалған алқаның мойында, жүзіктің аты жоқ саусақта болғаны қан қысымын төмендетсе, сол қолдың сұқ саусағына салынған жүзік ішек жолдары қызметін жақсартып, әжімнің алдын алуға көмектеседі. Ал, сол қолдың шынашақ саусағына салынған жүзік жүрек ауруларының алдын алады. суға салынған күміс өзінен иондар бөліп, бұл арқылы ұзақ жылдар бойы жинақталған токсиндерді ыдыратып, адам ағзасының иммундық жүйесіне сауықтырарлық күш беретінін бүгінгі медицина толық дәлелдеді де.

№ слайда 6 Сынап Сынап адам ағзасына теңіз балықтарынан, күріштен түседі. Оның тәуліктік
Описание слайда:

Сынап Сынап адам ағзасына теңіз балықтарынан, күріштен түседі. Оның тәуліктік мөлшері шамамен 0,2 мг/кг. Сынап адамның барлық ұлпалары мен мүшелерінен табылған. Дегенмен сынаптың физиологиялық қызметі әлі анықталмаған. Сынаптың адам ағзасында маңызды роль атқаруы мүмкін. Оның адам ағзасына ең көп қарқынды түсу мөлшері күніне 1-5 мкг, алайда теңіз балығы мен теңіз өнімдерін жиі қолданғанда бұл көрсеткіш күніне 10-20 мкг-ға жетеді. Ол ағзада мөлшерден 50 мкг –дан асып кетсе улы әсер етуі мүмкін.

№ слайда 7 Темір . Темірдің рөлі денсаулық үшін өте зор. Темір жетіспесе анемия (қаназды
Описание слайда:

Темір . Темірдің рөлі денсаулық үшін өте зор. Темір жетіспесе анемия (қаназдық) ауруы пайда болады. Бұл элементтің ағзадағы тәуліктік мөлшері — 11-30 мг. Адам қанында 3 г жуық темір бар. Оның мөлшері көрсетілген шамадан азайса, қанның қызыл жасушасының түзілуі бұзылып, тыныс алу қызметі нашарлайды. Темір ағзаға сырттан түседі, тамақтың құрамындағы темір ионы он екі елі ішектің жоғарғы бөлігінде қанға сіңеді. Темірдің ағзаға дұрыс сіңбеуі асқазандағы тұз қышқылының жетіспеуінен немесе темірдің ақуызбен байланысының нашарлауынан болады. Ал тұз қышқылының жетіспеуі бауыр мен өт жолдарының дұрыс қызмет атқармауынан болады, яғни, оларда әр түрлі тұздар тас түрінде жиналады. Тастардың пайда болуы судың, қоректің сапасына байланысты. Темір жетіспеген кезде тері бозарады, тырнақ жұмсарады, әрі тез сынады, ауыз қуысы және асқазанның сілемейлі қабаты бүлінеді. Темір жұмыртқаның сарысында, қарақұмықта, грек жаңғағында, күнжіт, фасоль, өрікте, мейізде көп болады. Көкбауырда 24% темір бар, оны жеу пайдалы.

№ слайда 8 Кальций Адам ағзасында 1000-1200 грамм кальций болады, соның 99 пайызы сүйект
Описание слайда:

Кальций Адам ағзасында 1000-1200 грамм кальций болады, соның 99 пайызы сүйекте, тіс кіреу-кесінде. Отандық дәрігерлердің айтуынша,  Қазақстандағы әрбір үшінші әйелде және әрбір бесінші ер адамда кәрі жілік және сан сүйегінің сынығы бар. Нақты айтқанда, елімізде жарты миллионға жуық адам остеопороз ауруының зардабын тартуда. Ал бұл тікелей осы кальций элементінің жетіспеуінен туындайды екен. Кальций сүйектің саулығы мен беріктігін сақтайды. Әйтсе де адамда 35 жастан кейін сүйектен кальций кеми түседі. Бұл дертке көбіне ақ жаулықты аналар шалдығады. Нақтырақ айтсақ, 60 жастан асқан әрбір төртінші әйел зардап шегеді. Ал ер азаматтарда төрт есе сирек кездеседі. Остеопороз бүкіл қаңқаны, әсіресе сан, иық, омыртқа сүйектерін зақымдайды. Тіпті әлсіз соққының өзі (мәселен, көшеде құлап қалу) сыныққа алып келуі мүмкін. Осы ретте кальций мен магний — қаңқаның беріктігін сақтайтын негізгі ағза жанашыры. Қан құрамындағы холестеринді төмендетеді. Кальций ағзаға сіңімді болуы үшін D витамині, фосфат, магний, мырыш, марганец, аскорбин қышқылы ауадай қажет. Кальций сүтте, жалпы ағарғанда, балықта, теңіз өнімдерінде көп болады.

№ слайда 9 Йод Қалқанша безі мен гипофиздің жұмысын жақсартады. Радиация әрекетінен қорғ
Описание слайда:

Йод Қалқанша безі мен гипофиздің жұмысын жақсартады. Радиация әрекетінен қорғап, радиоактивті йодтың жиналуын ескертеді. Йод селенге тәуелді, ол ағзада селенсіз әрекет етпейді. Бұл элементтің жетіспеуі негізгі зат алмасу процесін төмендетеді. Ағзадағы йодтың аз болуы ең әуелі орталық жүйке жүйесіне әсер етеді. Бала қажетті мөлшердегі йодты ана құрсағында жатқан кезден бастап алуға тиіс. Балалардағы гипотиреоз ауруы жүйке қызметінің ерекше бұзылуына, адамдағы интеллектуалдық мүмкіндіктің тежеліп дамуына, кретинизмге әкеліп соқтырады. Ал ересек адамдарда ойлау қабілетінің төмендеуі, жүректің соғу жиілігі азаюы байқалады. Йод жетіспеушілігі иммундық жүйені әлсіретеді, ісік дамуының қатерлілігін арттырады, ең алғашқы кезекте қалқанша безінің ауруын қоздырады. Йод ас тұзында болады. Соңғы уақытта ұнды да йодпен байытып жүр.

№ слайда 10 Мыс . Егер ағзада мыс жетіспесе, бауырда қорланған темір гемоглобинмен байлан
Описание слайда:

Мыс . Егер ағзада мыс жетіспесе, бауырда қорланған темір гемоглобинмен байланысқа түсе алмайды. Мыстың мөлшерінің аз немесе көп екендігінің көрсеткіші — адамның шашы. Мыстың мөлшері төмендеген кезде немесе жетіспеген жағдайда шаш тез ағарады. Мыс қанға оттегінің өтуін қамтамасыз етеді. Мыс көптеген ферменттердің құрамына кіреді, ұлпалардағы тотығу реакциясын жылдамдатады. Мыс ағзаға тағам арқылы түседі. Әсіресе, теңіз тағамдарында, қырыққабатта, картопта, қалақайда, жүгеріде, сәбізде, алмада көбірек кездеседі. 

№ слайда 11 Көміртек Көміртек тірі организмдердің негізгі құрам бқлігі, себебі ол барлық
Описание слайда:

Көміртек Көміртек тірі организмдердің негізгі құрам бқлігі, себебі ол барлық органикалық заттардың құрамында болады: көмірсу, нәруыз, майлар мен нуклеин қышқылдары. Дегенмен оның адам ағзасына зиянды да қосылыстары бар. Иіс газы (СО) иісі, түсі жоқ, адам оны сезбейді. Иіс газының қауіпті шамасы – 2%, ол қанның гемоглобинімен мықтап байланысып алғанда өлім қаупі туады. Адам терісі тыныс алуға да қатысады, тәулігіне тері арқылы 7-9 г көмірқышқыл газын бөліп, 3-4 г оттегін сіңіреді. Сондықтан теріні таза ұстау керек. Шолпан ғаламшарының атмосферасының 95%-ы көмірқышқыл газынан тұрады. Адам дем шығарғанда бөлінетін газдың құрамында 4% көмірқышқыл газы бар. Сонымен бірге көмірқышқыл газынан құрғақ мұз алады(балмұздақтарға).

№ слайда 12 Алюминий Алюминий адам ағзасында маңызды физиологиялық қызмет атқарады. Ол фо
Описание слайда:

Алюминий Алюминий адам ағзасында маңызды физиологиялық қызмет атқарады. Ол фосфатты негіздер мен нәруыздың түзілуіне қатысады. Дәнекер, эпителий ұлпаларының қалпына келуіне әсер етеді. Концентрациясына байланысты ас қорыту мүшелерінің ферменттеріне қызметін тежеуі не қоздыруы мүмкін; қалқанша маңы бездері жұмысын реттеуге қатысады. Оның мөлшері асып кетсе де ағзаға зиянды әсер етеді. Негізінен алюминийді улы, зиянды (иммундыулы) элементтер қатарына жатқызады.

№ слайда 13 Кремний Кремнийдің коллогенді фибрилдің негізгі элементі екені анықталды. Ол
Описание слайда:

Кремний Кремнийдің коллогенді фибрилдің негізгі элементі екені анықталды. Ол шеміршектің, қантамырлары қабырғаларының , жүректің қақпақшаларының және ішектің дәнекер ұлпаларының иілгішітігі мен серпімділігіне жауап беретіндігі анықталды. Егер кремний жетіспесе терінің , шаш пен тырнақтың аурулары пайда болады. Кремний – негізгі құрылымдық элемент. Ол жүйке жүйесінің өзге мүшелер жүйесі жұмыстарын реттеп отыруына әсер етеді. Оның мөлшері азайса, онда қантамырларының серпімділігі төмендеп, мидың қантамырларын тарылту не кеңейтуге берген ьұйрықтарын орындай алмайды. Оның орнын кальций басып, тамырларды қатайтып, оған холестерин жинақталып, жүрек ауруларының пайда болуына жол ашады. Кремний 70-тей минералды тұздар мен витаминдердің метаболизміне қатысады. Ол жетіспесе кальций, темір, кобальт, марганец, фтор т.б. заттардың сіңірілуі төмендеп, зат алмасу бұзылады.

№ слайда 14 Магний Магний жүйке ұлпаларының жұмысын жақсартады, сүйек түзуге қатысады. Ад
Описание слайда:

Магний Магний жүйке ұлпаларының жұмысын жақсартады, сүйек түзуге қатысады. Адамға күніне шамамен 400 мг магний керек. Магний жетіспеген кезде көңіл-күй құбылады. Адам ашуланшақ, жылауық болады, ұйқысы нашарлайды. Ал магний — күйзеліске қарсы макроэлемент. Жүрек соғысының ырғағын қалыпқа келтіреді, тамыр кеңейтуге қатысып, оттегімен қамтамасыз етуге көмектеседі, сондықтан да магнийді жүрек ауруына шалдыққан науқастарға қолданады. Ғалымдар қант диабеті және бронхит ауруларында да магнийді мырыш, хром, селенмен бірге қолдану да оң нәтиже беретінін айтып жүр. Магний жасыл жапырақты көкөністерде, авокадо, балықта және кептірілген цитрусты жемістерде, нанда, сұлының жармасында, сүт тағамдарында, жаңғақтарда көп болады.

№ слайда 15 Натрий Адам ағзасында (қанда және ұлпаларда) 250-300 г NaCl болады, тамақпен
Описание слайда:

Натрий Адам ағзасында (қанда және ұлпаларда) 250-300 г NaCl болады, тамақпен 10-15 г күнделікті толықтырылып отырады. Тұзды артық қолдану ағзаға зиянды, әсіресе бүйрегі ауыратын адамдар аздап тұздалған диетаны сақтау керек. Ас тұзының зиянды мөлшері 5г/кг. Қанда 0,9% NaCl бар, физиологиялық ертіндінің концентрациясы да дәл осындай, ол қанның плазмасын уақытша ауыстыру үшін қолданылады. Көздің жасында 1,5% NaCl бар. Na+ ионы қанның плазмасында және лимфада болады, жасушаның сыртында орналасады. Сонымен қатар натрий өкпеде, мида, бүйректе, жұлын сұйықтығында, сүйек ұлпасында болады.

№ слайда 16 Фосфор Фосфор — күш-қуат көзі. Қаңқаның мықтылығы құрамындағы фосфор мен каль
Описание слайда:

Фосфор Фосфор — күш-қуат көзі. Қаңқаның мықтылығы құрамындағы фосфор мен кальцийдің мөлшеріне тығыз байланысты. Фосфордың мөлшері кальцийден бір жарым есе көп болуы керек. Ондай болмаған жағдайда тепе-теңдік мөлшерін белгілі бір деңгейде ұстап тұру үшін жеткіліксіз мөлшерін сүйектегі қордан алады. Бірақ D витамині оның арақатынасын реттеп отырады. Фосфор жүйке жасушаларының қызметі үшін де ке­рек. Сондықтан оның мөлшері барлық уақытта біркелкі болуы керек. Фосфор ақуызы мол ет, сүт өнімдерінде кездеседі.


Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 25 октября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru

Общая информация

Номер материала: ДВ-394962

Похожие материалы