Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Химия / Презентации / Презентация по химии на тему "Атом орбитальдарының гибридтенуі, молекулалар геометриясы" (10 класс)
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Химия

Презентация по химии на тему "Атом орбитальдарының гибридтенуі, молекулалар геометриясы" (10 класс)

Выберите документ из архива для просмотра:

Выбранный для просмотра документ Гибридтену 10 класс.docx

библиотека
материалов

Темиралиева Аяжан Джигеровна

Химия пәнінің мұғалімі

Дарынды балаларға арналған мамандандырылған

С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық қазақ

мектеп-интернат кешені

Қысқа мерзімді жоспар

Сыныбы, пәні: 10б , химия

Пән мұғалімі: Темиралиева А.Д


Сабақтың тақырыбы

Атом орбитальдарының гибридтенуі(sp, sp2, sp3), молекулалар геометриясы, зат қасиеттерінің молекулаларының химиялық, электрондық және кеңістік құрылысына, атомдардың өзара әсеріне, кристалдық торы мен химиялық байланыс типіне тәуелділігі

Жалпы мақсаты

- атом орбитальдарының гибридтенуі туралы, молекуланың геометриялық формасы туралы түсініктерді қалыптастыру;

- зат қасиеттерінің молекулаларының кристалдық тор мен химиялық байланыс типіне тәуелділігін, атомдардың өзара әсеріне тәуелділігін, олардың электрондық, кеңістік құрылыстарына тәуелділігін түсіндіру;

- оқушылардың пәнге деген қызығушылығын

дамытып, ұжымда жұмыс жасай алу қабілетін жетілдіру;

Сілтеме

Оқулық Химия 10 сынып Авторлары: Н.Н.Нұрахметов, Қ.Б.Бекішев, Н.А.Заграничная. Алматы"Мектеп" 2014 ж Қосымша материалдар: Анорганикалық және бейорганикалық химия Ж.Шоқыбаев. Алматы "Қайнар", 1992 ж, Химия 8-11 сыныптар

Химиядан дидактикалық материалдар” Авторлары: Н.Н.Нұрахметов, Қ.Б.Бекішев, Н.А.Заграничная. Алматы"Мектеп" 2003ж



Оқу нәтижесі



- Гибридтену, молекулалар геометриясы туралы түсінік қалыптастырады;

- Орталық атомның сыртқы электрондық орбитальдарының гибридтенуінің әр түрлі типіне сәйкес келетін молекулалардың геометриялық конфигурацияларын жазып, құрастырады;

- пәнге деген қызығушылығын дамытып, ұжымда жұмыс жасай алу қабілеті артады.


Негізгі идеялар

Презентация, флипчарт, шаблон

Ресурстар және керекті құрал-жабдықтар, реактивтер


Интернет материалын пайдаланады.Д.И.Менделеевтің периодтық жүйесі, интерактивті тақта, смайликтер, бағалау парағы, қима қағаздар,рефлексия парағы, тапсырмалар парағы, стикерлер, маркерлер

Оқыту формасы, технологиясы, әдіс-тәсілдер

Үй тапсырмасын жоғары және төмен дәрежелі сұрақтар арқылы тексеру, топтық жұмыс: жаңа білімді меңгерту, жетектеуші сұрақтар, ой бөлісу, бағалау әдістері, сыни тұрғыдан ойлау стратегияларыБлум таксономиясы, деңгейлік тапсырмалар.

С а б а қ б а р ы с ы :

Сабақ

кезеңдері

Мұғалім әрекеті

 Оқушы әрекеті

Кіріспе

Психологиялық дайындық











1.Білу














Ұйымдастыру

- Сыныптың санитарлық-гигиеналық жағдайын бақылау;

- Оқушылармен амандасу, түгелдеу.

- Топқа бөлу: Оқушыларды химиялық байланыстың типтерімен 3 топқа бөлемін. Әр оқушыға химиялық формулалар жазылған қима қағаздар таратылады .Солар бойынша:

І топ: Коваленттік байланыс

ІІ топ: Иондық, металдық байланыс

ІІІ топ: Сутектік байланыс

Әр топ өздерінің топ басшыларын сайлайды. Топ ережесін шығарады. Бағалау парағы таратылады.

Тапсырма № 1. "Ой түрткі" арқылы үй тапсырмасы сұралады.

І топ:

1.Коваленттік байланыс дегеніміз не? Түрлері қандай? Мысалдармен түсіндіріңдер.

2. Коваленттік байланыстың қандай сипаттамалары бар? (қанығуы, полюстенуі, бағытталуы)

3. Ковалентті байланыстың қанығуы деген не?

4. Ковалентті байланыстың полюстенуі деген не?

5. Ковалентті байланыстың бағытталуы деген не?


ІІ топ:

1.Иондық байланыс дегеніміз не?

2. Иондық байланыс пен коваленттік байланыстың ұқсастықтары мен айырмашылықтары қандай?

3. Металдық байланыс дегеніміз не?

4. Металдық байланыстың кристалдық торы қандай?

5. Металдық байланыс пен ковалентті байланыстың ұқсастықтары мен айырмашылықтары қандай?

ІІІ топ:

1.Сутектік байланыс дегеніміз не?

2. Сутектік байланыс түзіу үшін қандай жағдайлар қажет?

3. Тірі организмдер үшін сутектік байланыстың маңызы қандай?

Үй тапсырмасын қорытып, жаңа сабаққа көшемін.




Мұғаліммен амандасады.




Оқушылар химиялық байланыстың типтері арқылы 3 топқа бөлінеді. Топ басшысын сайлайды.Топ ережесін шығарады. Бағалау парағына топ басшысы өз тобындағы оқушылардың жауап беруіне қарай бағалап отырады.








Оқушылар үй тапсырмасы бойынша жауап береді. Флипчартта жазылған тапсырмалар орындалады. Топ басшысы жауап берген оқушыларды бағалау парағына бағалап отырады.

Оқушы тапсырманы жекелей, жұппен топпен орындайды.










2. Түсіну

3. Қолдану






Оқушылар күннің жады мен сабақтың тақырыбын жазады.

Сабақ тақырыбы: Атом орбитальдарының гибридтенуі(sp, sp2, sp3), молекулалар геометриясы, зат қасиеттерінің молекулаларының химиялық, электрондық және кеңістік құрылысына, атомдардың өзара әсеріне, кристалдық торы мен химиялық байланыс типіне тәуелділігі

Тапсырма № 2.

І топ:

Sp гибридтену, молекуланың геометриясы

ІІ топ:

sp2 гибридтену, молекуланың геометриясы

ІІІ топ:

sp3 гибридтену, молекуланың геометриясы

Постер қорғау

Оқушыға қосымша:

Гибридті орбитальдар түзілу үшін мына жағдайлар орындалуы керек:


Оқушылар жаңа тақырыпты меңгереді. Оқулықпен жұмыстанып, интернет материалдарын пайдаланып, әрбір топ өздеріне берілген тапсырманы топтық жұмыспен орындайды. Постер қорғайды. Осы арқылы жаңа тақырып ашылады. Топ басшысы жауап берген оқушыларды бағалау парағына бағалап отырады.Әрбір топ постер қорғап болған соң бір-бірін «Екі жұлдыз, бір тілек» арқылы бағалайды.


  1. Гибридтелетін электрондардың энергиялары шамалас болуы, яғни олар бір деңгейдің әр деңгейшелерінде орналасуы керек;

  2. Гибридті орбитальдар басқа элементтің электрон бұлттарымен мүмкіндігінше толық қабыса алуы тиіс;

  3. Гибридтелуге қанша орбиталь түссе, пайда болатын гибридті орбитальдар саны да сонша болады;

  4. Гибридтенуге тек ƃ байланысын түзетін электрондар ғана қатысады.

4.Талдау
















Кім жүйрік” ойыны

Оқушыларға интербелсенді тақтадан мынадай тапсырмалар беріледі. Әр топ тапсырманы бір-бірімен жарыса орындайды.

Тапсырма № 3.


І топ:

СО2, ССІ4 молекулаларының кеңістіктік формуласын құрастыр.

ІІ топ: SO3, BeH2 молекулаларының кеңістіктік формуласын құрастыр.

ІІІ топ: POCI3, BCI3 молекуласының кеңістіктік формуласын құрастыр.


Бағалау. Бағалау парағына топ басшысы жауап берген оқушыларды бағалайды.

Берілген тапсырмаларды оқушылар жеке орындайды, жұптық және топтық талқылайды, бір-бірін топтық бағалайды жұлдызшалармен. Тапсырманы бірінші аяқтаған топ марапатталады: Жарайсың, сенің қолыңнан келеді!!! (Вербальді бағалау)



5.Жинақтау


Тапсырма № 4.

Деңгейлік тест тапсырмасы

A деңгей

1.Әр деңгейшелердегі орбитальдардың пішіні мен энергиясының теңесу процесі не деп аталады?

a) Электрон жұбының ығысуы;

б) гибридизация;

с) иондану;

д) химиялық байланыстың түзілуі.


2. Атом орбитальдарының гибридизациясы ұғымын алғаш енгізген кім?

a) А.М.Бутлеров;

б) Л.Полинг

с) Э.Резерфорд

д) Д.И.Менделеев


3. BCI3 молекуласындағы гибридизация типін көрсетіңіз:

a) sp

б) sp2

с) sp3

д) dsp


4. sp2 гибридизациясы бар молекулалардың геометриясы қандай?

a) тетраэдр

б) бұрыштық

с) белгілі пішіні жоқ

д) сызықтық


В деңгей


5. Ацетилен молекуласындағы а) гибридтену типін, б) геометриясын көрсетіңіз:

a) sp – сызықтық;

б) sp2 – бұрыштық;

с) sp3 – бұрыштық;

д) sp3 – бұрыштық.


6. Молекуланың кеңістіктегі құрылысы ковалентті байланыстың қандай қасиетіне негізделген?

a) бағытына

б) беріктігіне

с) қаныққандығына

д) байланыс энергиясына

7. BF-4 ионының кеңістіктегі пішіні қандай?

a) сызықтық

б) бұрыштық

с) тетраэдр

д) үшбұрыштық

8. Мына қатарда гибридтену типі қалай өзгереді?

a) sp → sp2 → sp3

б) sp → sp3 hello_html_6ab8aa1c.gif sp2

с) sp2 → sp3 sp

д) sp3 → sp → sp2


С деңгей


9. 220 г 7%-тік күкірт қышқылы ерітіндісімен құрамында 2 моль барий хлориді бар ерітінді әрекеттескенде түзілген тұнбаның массасы

a)36,2 г

б) 35,25 г

с) 37,28 г

д) 35,52 г

10. Массасы 32 грамм мыс (ІІ) оксиді мен темір (ІІІ) оксидінің қоспасын термиялық тотықсыздандырғанда 9 грамм су түзілгендігі белгілі болса, осы қоспадан неше моль темір алуға болады?

a) 0,2 моль

б) 2 моль

с) 0,1 моль

д) 1 моль


Тест кілті:

1 - б, 2 -б, 3 - б, 4 - б, 5 - а, 6 - а, 7 - с, 8 - а, 9 - с, 10 - с


Тест тапсырмалары әрбір оқушыға жеке парақпен беріледі. Аяқтаған соң көршілерімен алмасып, флипчартқа шыққан тест жауабымен бір-бірін бағалайды. Топ басшысына айтады. Топ басшысы бағалау парағына түсіреді. Қорытынды баға шығарады.

10 жауап дұрыс – “5”

9 – 6 жауап дұрыс – “4”

5 – 4 жауап дұрыс – “3”







6. Бағалау




1)Бекіту сұрақтары:

  • Атом орбитальдарының гибриденуі дегеніміз не? Түрлері қандай?

  • Сызықты, бұрышты, пирамидалы молекулаларға мысалдар келтіріңдер және оларды ковалентті байланыстың бағытталу негізінде түсіндіріңдер.

  • Метан, аммиак және су молекулаларына ортақ не бар? Құрылысы бойынша олар немен ерекшеленеді?

2)Бағалау: Сабақ барысындағы жұмыстары бойынша, сабақ критерийлеріне сәйкес оқушыларды бағалап отырған топ басшылары өз бағаларын айтады, сыныппен кеңесе отырып бағалаймын, бағаға түсініктеме беріп, жетілу жолдарын айтамын.

3)Үйге тапсырма: Тақырыпты оқу, интернет материалдарынан қосымша мәліметтер жинақтап әкелу.

Ә.Темірболатова Есептер жинағынан

тақырыпқа байланысты есептер шығару.


4)Рефлексия:

Бүгін мен сабақтан --------------------------білдім.AG00317_

Бүгін мен сабақтан-----------------------үйрендім.

Бүгінгі сабақтан кейін мен------------------------------------------------------------білуім керек.


(рефлексия парақтарына түсіреді)

- Сабақ аяқталды!

- Сау болыңыздар!



Оқушылар тақырып бойынша алған білімдерін қорытындылайды.


Оқушылар бағаланады. Сабақ барысындағы жұмыстары бойынша, сабақ критерийлеріне сәйкес оқушыларды бағалап отырған топ басшылары өз бағаларын айтады.











Сабақтан алған әсерін баяндайды. Кей оқушы сыныпқа оқып береді.




Выбранный для просмотра документ гибридтену 10 класс.ppt

библиотека
материалов
Сабақтың тақырыбы: Атом орбитальдарының гибридтенуі (sp, sp2, sp3), молекула...
Үй тапсырмасын тексеру: Тапсырма № 1. "Ой түрткі" І топ: 1. Ковалентті байла...
Тапсырма № 2. І топ: Sp гибридтену, молекуланың геометриясы ІІ топ: sp2 гибри...
Гибридті орбитальдар түзілу үшін мына жағдайлар орындалуы керек: Гибридтелеті...
“Кім жүйрік” ойыны Оқушыларға интербелсенді тақтадан мынадай тапсырмалар бер...
Тест кілті: 1 - б, 2 - б, 3 - б, 4 - б, 5 - а, 6 - а, 7 - с, 8 – а, 9 - с, 10...
Бағалау парағы Дескрипторлары: Тапсырма толық емес – 3 балл Тапсырма жартылай...
Рефлексия: 1.Бүгін мен сабақтан ________________ білдім . 2.Бүгін мен сабақта...
9 1

Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Описание презентации по отдельным слайдам:

№ слайда 1 Сабақтың тақырыбы: Атом орбитальдарының гибридтенуі (sp, sp2, sp3), молекула
Описание слайда:

Сабақтың тақырыбы: Атом орбитальдарының гибридтенуі (sp, sp2, sp3), молекулалар геометриясы

№ слайда 2 Үй тапсырмасын тексеру: Тапсырма № 1. "Ой түрткі" І топ: 1. Ковалентті байла
Описание слайда:

Үй тапсырмасын тексеру: Тапсырма № 1. "Ой түрткі" І топ: 1. Ковалентті байланыс дегеніміз не? 2. Коваленттік байланыстың қандай сипаттамалары бар? (қанығуы, полюстенуі, бағытталуы) 3. Ковалентті байланыстың қанығуы деген не? 4. Ковалентті байланыстың полюстенуі деген не? 5. Ковалентті байланыстың бағытталуы деген не? ІІ топ: 1.Иондық байланыс дегеніміз не? 2. Иондық байланыс пен коваленттік байланыстың ұқсастықтары мен айырмашылықтары қандай? 3. Металдық байланыс дегеніміз не? 4. Металдық байланыстың кристалдық торы қандай? 5. Металдық байланыс пен ковалентті байланыстың ұқсастықтары мен айырмашылықтары қандай? ІІІ топ: 1.Сутектік байланыс дегеніміз не? 2. Сутектік байланыс түзіу үшін қандай жағдайлар қажет? 3. Тірі организмдер үшін сутектік байланыстың маңызы қандай?        

№ слайда 3 Тапсырма № 2. І топ: Sp гибридтену, молекуланың геометриясы ІІ топ: sp2 гибри
Описание слайда:

Тапсырма № 2. І топ: Sp гибридтену, молекуланың геометриясы ІІ топ: sp2 гибридтену, молекуланың геометриясы ІІІ топ: sp3 гибридтену, молекуланың геометриясы Постер қорғау

№ слайда 4 Гибридті орбитальдар түзілу үшін мына жағдайлар орындалуы керек: Гибридтелеті
Описание слайда:

Гибридті орбитальдар түзілу үшін мына жағдайлар орындалуы керек: Гибридтелетін электрондардың энергиялары шамалас болуы, яғни олар бір деңгейдің әр деңгейшелерінде орналасуы керек; Гибридті орбитальдар басқа элементтің электрон бұлттарымен мүмкіндігінше толық қабыса алуы тиіс; Гибридтелуге қанша орбиталь түссе, пайда болатын гибридті орбитальдар саны да сонша болады; Гибридтенуге тек ƃ байланысын түзетін электрондар ғана қатысады.

№ слайда 5 “Кім жүйрік” ойыны Оқушыларға интербелсенді тақтадан мынадай тапсырмалар бер
Описание слайда:

“Кім жүйрік” ойыны Оқушыларға интербелсенді тақтадан мынадай тапсырмалар беріледі. Әр топ тапсырманы бір-бірімен жарыса орындайды. Тапсырма № 3.     І топ: СО2, ССІ4 молекулаларының кеңістіктік формуласын құрастыр. ІІ топ: SO3, BeH2 молекулаларының кеңістіктік формуласын құрастыр. ІІІ топ: POCI3, BCI3 молекуласының кеңістіктік формуласын құрастыр.

№ слайда 6 Тест кілті: 1 - б, 2 - б, 3 - б, 4 - б, 5 - а, 6 - а, 7 - с, 8 – а, 9 - с, 10
Описание слайда:

Тест кілті: 1 - б, 2 - б, 3 - б, 4 - б, 5 - а, 6 - а, 7 - с, 8 – а, 9 - с, 10 - с

№ слайда 7 Бағалау парағы Дескрипторлары: Тапсырма толық емес – 3 балл Тапсырма жартылай
Описание слайда:

Бағалау парағы Дескрипторлары: Тапсырма толық емес – 3 балл Тапсырма жартылай – 4 балл Тапсырма толық орындалған – 5 балл 20- 18 ұпай – “5”, 17 – 14 ұпай - “4 ”, 13 - 9 ұпай - “3” , 8 – 6 ұпай – “2” № Оқушының тегі, аты Тапс.№1 Тапс. №2 Тапс. №3 Тапс.№4 Қорытынды 1 2 3 4 5 6 7 8

№ слайда 8 Рефлексия: 1.Бүгін мен сабақтан ________________ білдім . 2.Бүгін мен сабақта
Описание слайда:

Рефлексия: 1.Бүгін мен сабақтан ________________ білдім . 2.Бүгін мен сабақтан _______________ үйрендім. 3.Бүгінгі сабақтан кейін мен ___________________ білуім керек. Рефлекция

№ слайда 9
Описание слайда:


Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 21.10.2015
Раздел Химия
Подраздел Презентации
Просмотров1110
Номер материала ДВ-085628
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх