Инфоурок Химия ПрезентацииПрезентация по химии на тему "Комлексті қосылыстар" (11 класс)

Презентация по химии на тему "Комлексті қосылыстар" (11 класс)

Скачать материал
Скачать материал "Презентация по химии на тему "Комлексті қосылыстар" (11 класс)"

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Педагог-организатор

Описание презентации по отдельным слайдам:

  • Павлодар облысы
Екібастұз қаласы
Қарасор ЖОББМ

Химия пәнінің мұғалімі: 
Ауыт...

    1 слайд

    Павлодар облысы
    Екібастұз қаласы
    Қарасор ЖОББМ

    Химия пәнінің мұғалімі:
    Ауыт. Алтынгүл Ауытқызы

  • Комплексті  қосылыстар

    2 слайд

    Комплексті қосылыстар

  • Сабақтың мақсаты мен міндеті:

А) білімділік: Комплексті  қосылыстар  жайында...

    3 слайд

    Сабақтың мақсаты мен міндеті:

    А) білімділік: Комплексті қосылыстар жайында білімді қалыптастыру және комплексті қосылыстардың химиялық қасиеттерін қарастыру;

    Б) дамытушылық: Комплексті қосылыстардың алыну жолы мен номенклатурасы жайлы білімді тереңдету;

    В) тәрбиелілік: Қосылыстың құрамы мен қасиеттері жайлы себеп- салдарлық байланыстың қалыптасуын жалғастыру; оқушылардың танымдық белсенділіктері мен ой өрісін дамыту;


  • Құрал – жабдықтар : шыны таяқша, пробиркалар, штатив.
 Реактивтер:  аммиак ер...

    4 слайд

    Құрал – жабдықтар : шыны таяқша, пробиркалар, штатив.
    Реактивтер: аммиак ерітіндісі, тұз қышқылы, мыстың (ІІ) тұзы, натрий гидроксиді, алюминий хлориді, қызыл қан тұзы, сары қан тұзы, темірдің (ІІ) және (ІІІ) тұздары.

  • «Отсыз түтін»  атты  қызықты  тәжірибе  (аммиак ерітіндісі мен тұз қышқылы)...

    5 слайд

    «Отсыз түтін» атты қызықты тәжірибе (аммиак ерітіндісі мен тұз қышқылы) екі заттан аммоний хлориді алынады;
    Реакция теңдеуін жазайық:
    NH4ОН + HCl = [NH4]Cl + H 2O

    алынған қосылыс – тұз (аммоний хлориді ) деп аталады, оны комплексті қосылыстар түрінде жазуға болады.


  • Қандай қосылыстар комплексті қосылыстар деп аталады? 
Олардың құрамы  қандай?...

    6 слайд

    Қандай қосылыстар комплексті қосылыстар деп аталады?
    Олардың құрамы қандай?
    Мұндай қосылыстарды қалай алуға болады?
    Қайда қолданылады?
    Қандай химиялық қасиет көрсетеді? Берілген қосылыстарды номенклатура бойынша қалай атауға болады?

  • Комплексті  қосылыстар (лат. complexus — үйлесімділік, қамту),  немесе  коорд...

    7 слайд

    Комплексті қосылыстар (лат. complexus — үйлесімділік, қамту), немесе координациялық қосылыстар (лат.. со — «бірге» және ordinatio — «реттілік») — бөлшектер (бейтарап молекулалар немесе иондар), берілген комплекс түзушіге ионға (немесе атомға) лиганда деп аталатын бейтарап молекуланың немесе басқа ионның қосылу нәтижесінде түзілетін қосылыс.

  • Ашылу тарихы
1871 ж. Д.И.Менделеев комплексті қосылыстар жайлы баяндама жасад...

    8 слайд

    Ашылу тарихы
    1871 ж. Д.И.Менделеев комплексті қосылыстар жайлы баяндама жасады. Комплексті қосылыстардың құрылысы жайлы өз көзқарасын білдірді. Әртүрлі қосылыстар (аммиакаттар, кристаллогидраттар, қос тұздар) арасында ұқсастық бар екендігін дәлелдеп, соның нәтижесінде осы заттардың құрылысы жайлы баяндады. Ол, бұл заттардың табиғаты бірдей болады деген қорытындыға келді. Комплексті қосылыстар орталығында металл атомы орналасады, ал оның айналасы атомдар, молекулалар топтарымен «қоршалады». Бірақ ол орталық металл атомының айналасына қанша атом немесе молекуланы орналастыруға болады? деген сұраққа жауап бере алмады. Бұл сұрақтың жауабын тек қана А.Вернер ғана берді.

  • Координациялық теорияның  негізін  қалаушы  Швед химигі Альфред Вернер болды....

    9 слайд

    Координациялық теорияның негізін қалаушы Швед химигі Альфред Вернер болды. А.Вернер координациялық теорияны ұсынған кезде әлі атомның құрылысы ашылмаған еді. Сондықтан ол ұсынған теория негізгі және қосымша валенттіліктің мәнін түсіндіре алмады.
    1911 ж. құрамында көміртек атомы кездеспейтін, 40 жуық оптикалық белсенді молекулаларды синтездеді.
    1913 г. Цюрих университетінің профессоры Вернерге ертеректе жасаған зерттеу нәтижелеріне байланысты Нобель сыйлығы берілді. Бұл теорияны орыс ғалымдары Л.А.Чугаев, И.И.Черняев және А.А.Гринберг еңбектерінде толықтырды.



    (1866 – 1919)
    Швед химигі
    Альфред Вернер

  • Қазір атом құрылысы тұрғысынан негізгі және қосымша валенттілік мәні толық ан...

    10 слайд

    Қазір атом құрылысы тұрғысынан негізгі және қосымша валенттілік мәні толық анықталды. Негізгі валенттілік ионды немесе ковалентті байланыс, ал қосымша валенттілік – ковалентті байланыстың бір түрі – донорлы –акцепторлы механизм арқылы түзіледі. Донорлы – акцепторлы механизм арқылы ковалентті байланыс түзілуі үшін бір элемент атомының бос орбиталі, ал басқа атомның байланыс түзуге қатыспаған жұп электроны болуы тиіс. Жұп электроны бар атом электрондарын бос орбиталі бар атомға беріп байланысады. Құрамында донорлы – акцепторлық механизм арқылы ең кемінде бір байланысы бар қосылыстарды комплексті қосылыстар деп атайды.

  • Комплексті қосылыстардың қолданылуы:           Полимерлер синтездеуде  катал...

    11 слайд

    Комплексті қосылыстардың қолданылуы:

    Полимерлер синтездеуде катализатор ретінде қолданылады;
    атмосфералық азотты байланыстыру үшін қолданылады;
    синтетикалық жуғыш заттарды алу үшін;
    металдар коррозиямен күресу үшін;
    лак пен бояғыш заттарды алу үшін;

  • Комплексті қосылыстар әдетте ашық түсті келеді    Гемоглобин - қанға қызыл  т...

    12 слайд

    Комплексті қосылыстар әдетте ашық түсті келеді
    Гемоглобин - қанға қызыл түс береді;
    хлорофилл –
    өсімдіктерге жасыл түс береді;
    – бұл комплексті қосылыстар.

  • транс-[Coen2Cl2]ClK3[Cr(C2O4)3[Ni(NH3)6](NO3)2[N(CH3)4][ICl4][Co(NH3)5Cl]Cl2

    13 слайд

    транс-[Coen2Cl2]Cl
    K3[Cr(C2O4)3
    [Ni(NH3)6](NO3)2
    [N(CH3)4][ICl4]
    [Co(NH3)5Cl]Cl2

  • Комплекстер құрылысы
                        NH3
             NH3...

    14 слайд

    Комплекстер құрылысы

    NH3
    NH3 +3 NH3
    Co Cl3
    NH3 NH3
    NH3
    Ішкі сфера
    Ішкі сфера
    Лигандалар
    Орталық
    атом

  • Калий гексацианоферраты (III)Fe3+CN-CN-CN-CN-CN-CN-K+K+K+Комплекстүзуші  ион...

    15 слайд

    Калий гексацианоферраты (III)
    Fe3+
    CN-
    CN-
    CN-
    CN-
    CN-
    CN-
    K+
    K+
    K+
    Комплекстүзуші ион
    лигандалар
    Ішкі сфера
    Ішкі сфера
    [ (CN)6]
    К3
    [Fe
    →3K+
    [Fe (CN)6]3-
    Комплекстер құрылысы

  • [Cu(NH3)4]SO4   Комплексті  қосылыстар, немесе жай комплекстер,  деп  біз ком...

    16 слайд

    [Cu(NH3)4]SO4
    Комплексті қосылыстар, немесе жай комплекстер, деп біз комплексті иондарды және комплексті молекулаларды атаймыз.

    Комплексті қосылыстар дегеніміз бұл қалыпты жағдайда әрқайсысы дербес түрде кездесе алатын, анағұрлым қарапайым ауыстырылмайтын бөлшектердің (атомдар, иондар немесе молекулалар) әрекеттесуі нәтижесінде түзілетін күрделі қосылыстар.
     

    NH3
    CuSO4
    Na[Al(OH)4]
    NaOH
    Al(OH)3

  • Координациялық  теорияның  негізгі қағидалары1) Комплексті  қосылыстарда  оң...

    17 слайд

    Координациялық теорияның негізгі қағидалары
    1) Комплексті қосылыстарда оң зарядты ортада орналасқан атомның (металл) комплекс түзушінің -орны зор. Комплекс түзуші (орталық катион) - ваканттық е -орбитальдары бар металл катионы.

    Катиондар:
    металдар (d-элементтер):
    Сu+2, Co+3, Fe+3, Hg+2 және т.б.
    (р-элементтер сирек): Al+3
    (бейметалдар кейде): В+3, Si+4.
    Комплекс түзуші
    ваканттық е - орбитальдар

  • 2.Комплекс түзушінің  айналасында  бөлінбеген электрон  жұптары бар теріс...

    18 слайд

    2.Комплекс түзушінің айналасында бөлінбеген электрон жұптары бар теріс зарядты иондар немесе бейтарап молекулалар - лигандалар орналасады.
    Координациялық теорияның негізгі қағидалары


    Молекулалар:
    H2O, NH3,
    Аниондар:
    CN-, OH-,
    Cl-, Br-, NO2-
    ..
    ..
    ..
    Лигандалар
    Бөлінбеген электрон жұптары
    тағы басқа галогендер

  • Координациялық  теорияның  негізгі қағидаларыКоординация саны  – комплекс түз...

    19 слайд

    Координациялық теорияның негізгі қағидалары
    Координация саны – комплекс түзуші қоса алатын лигандалар саны.
    3.
    Координация саны – орталық ионға қарағанда 2 еседей көп болады
    +1(2)
    +2(4, 6)
    +3(6, 4)
    +4(8, 6)
    [Cu(NH3)4]+2
    +2
    Л- лиганданың белгісі
    Комплекс түзуші

  • Координациялық  теорияның  негізгі қағидалары     4.Комплекс түзуші мен лиган...

    20 слайд

    Координациялық теорияның негізгі қағидалары
    4.Комплекс түзуші мен лигандалар комплекстің ішкі сферасын құрайды. Ішкі сфераға сыймай сыртта тұратын иондар – комплексті қосылыстың сыртқы сферасын түзеді. Ішкі сфераны сыртқы сферадан квадрат жақшаның көмегімен бөледі.

    [Cu(NH3)4]+2
    Ішкі сфераның жиынтық зарядын қалай анықтауға болады?
    Комплекс ионның ішкі сферасы
    Комплекс түзуші
    Донорлы- акцепторлы байланыс

  • Комплекстің  ішкі  сферасындағы  әрбір  лиганданың орын саны -  лиганданың  к...

    21 слайд

    Комплекстің ішкі сферасындағы әрбір лиганданың орын саны - лиганданың координациялық сыйымдылығы деп аталады.
    Монодентанты лигандалар – координациялық сыйымдылығы = 1 Cl-, Br-, I-, CN-, NH3 және т.б.
    Бидентантты лигандалар – координациялық сыйымдылығы =2
    SO42-, CO32-, C2O42- және т.б. К3[Fe(C2O4)3]
    Полидентантты лигандалар – лигандалардың координациялық сыйымдылығы 3,4,6.

  • Комплексті ион  мен комплекс түзушінің зарядын анықтау. 
Комплексті қосылыс м...

    22 слайд

    Комплексті ион мен комплекс түзушінің зарядын анықтау.
    Комплексті қосылыс молекуласының заряды болмайды, яғни электробейтарап бөлшек болып табылады.
    Егер лиганда болып молекула табылатын болса, онда комплексті ионның заряды комплекс түзушінің зарядына тең болады.
    Егер лиганда болып молекула және ион табылатын болса, онда комплексті ионның заряды комплекс түзуші мен лигандалардың зарядтарының алгебралық қосындысына тең болады.
    Комплексті ионның заряды арқылы комплекс түзушінің зарядын есептеуге болады.
    Ол үшін барлық лигандалардың зарядын ескеру қажет:

    K3[Fe3+(CN)6]3- (-3)-(-1*6)=-3+6=+3
    K4[Fe2+(CN)6]4- (-4)-(-1*6)=-4+6=+2

  • Комплекс  түзуші  ионның  тотығу  дәрежесін  анықтау.Na3[AlF6]жауап: Na+3[Al+...

    23 слайд

    Комплекс түзуші ионның тотығу дәрежесін анықтау.
    Na3[AlF6]
    жауап: Na+3[Al+3F-6]
    K[MgCl3]
    Na[Al(OH)4]
    Na4[Fe(CN)6]
    Na3[Al(OH)6]
    [Cu(NH3)4]Cl2
    жауап: Na+[Al+3(OH)-4]
    жауап: K+[Mg+2Cl-3]
    жауап:Na+4[Fe+2(CN)-6]
    жауап:Na+3[Al+3(OH)-6]
    жауап:[Cu+2(NH3)04]Cl-2

  • Комплексті  қосылыстардың  құрылысыАяқталмаған d – деңгейшесі бар қосымша топ...

    24 слайд

    Комплексті қосылыстардың құрылысы
    Аяқталмаған d – деңгейшесі бар қосымша топша металдарынан түзілген координациялық қосылыстарда:
    Валенттік байланыс әдісі (ВБ) донорлық- акцепторлық механизм арқылы комплекс иондар түзілетіні анықталды. Комплексті ионның түзілуін d –металдары үшін s-, p-, d-   және  f- деңгейшедегі вакантты орбитальдар арқылы түсіндіруге болады.
     

    Co3+
    3d

    4s
    Co0
    4s

    3d

  • Комплексті  қосылыстардың  құрылысыҚазіргі кезде комплекс қосылыстарындағы хи...

    25 слайд

    Комплексті қосылыстардың құрылысы
    Қазіргі кезде комплекс қосылыстарындағы химиялық байланысты мына үш түрлі теория түсіндіреді: валенттік байланыс әдісі; кристалл өрісі теориясы; молекулалық орбитальдар әдісі. Бұл теориялар комплекс қосылыстарының құрылысын, қасиетін түсіндіруде бір-бірін толықтырып тұрады.
    Валенттік байланыс (ВБ) әдісі негізінде жұп ортақ электрондар көмегімен және көбінесе донорлық- акцепторлық механизм арқылы комплекс иондар түзілетіні алынады.
    Осы әдіс көмегімен көптеген комплекс қосылыстарының түзілуі, олардың магниттік қасиеттері, координациялық санның мәні жақсы түсіндіріледі. Осы әдіс арқылы комплекс қосылыстарға түсінікті анықтама берілген.

  • Комплексті  қосылыстардың  құрылысыКристалл өрісі теориясы бойынша комплекс т...

    26 слайд

    Комплексті қосылыстардың құрылысы
    Кристалл өрісі теориясы бойынша комплекс түзуші ион мен лигандалар арасында ионаралық не ион - дипольдік және электрстатикалық тартылыс күштері арқылы байланыс түзіледі. Бұл теория комплекс қосылыстарының оптикалық қасиеттерін жақсы түсіндіреді, ал ковалентті байланысы бар болған кезде қиыншылыққа кезігеді.
    Молекулалық орбитальдар әдісі комплекс түзуші мен лигандаларды біртұтас алып қарастырады. Комплекстің қасиеті ядролармен электрондардан тұратын жүйе математикалық есептеу жолымен анықталады. Ядролар сыртында электрондар байланыстырушы және босаңдатқыш орбитальдар бойымен атомдық орбитальдардың сызықтық комбинациясы негізінде орналасады.

  • Комплексті  қосылыстардың  құрылысыІшкі комплексті қосылыстарда берік байланы...

    27 слайд

    Комплексті қосылыстардың құрылысы
    Ішкі комплексті қосылыстарда берік байланыс түзілуі үшін электрондарды жұптастыру арқылы екі d-орбитальді босату тиімді болады:
     
     
    Co3+
    4s

    3d
    Кобальт атомының бос орбитальдары, аммиак молекуласындағы азот атомдарының бөлінбеген электрон жұптары үшін ваканция болып табылады. Комплексті қосылыстағы ішкі координациялық сфераның түзілуі төмендегіше орындалады:
    ..
    NH3
    NH3
    ..
    NH3
    ..
    NH3
    ..
    NH3
    ..
    NH3
    ..
    Co3+

  • Валентті байланыс әдісіPt2+[Pt(NH3)4]2+dsp2

    28 слайд

    Валентті байланыс әдісі
    Pt2+
    [Pt(NH3)4]2+
    dsp2

  • Валентті байланыс әдісіСо3+[СоF63-][Со(NH3)63+]

    29 слайд

    Валентті байланыс әдісі
    Со3+
    [СоF63-]
    [Со(NH3)63+]

  • Со3+   комплекстері үшін МО әдісі[CoF6]3- [Co(NH3)6]3+(sсв)2(рсв)6(dсв)4(...

    30 слайд

    Со3+ комплекстері үшін МО әдісі
    [CoF6]3-
    [Co(NH3)6]3+
    (sсв)2(рсв)6(dсв)4(d)4(dразр)2
    (sсв)2(рсв)6(dсв)4(d)6

  • Кристалдық өріс теориясы

    31 слайд

    Кристалдық өріс теориясы

  • Комплекс  қосылысындағы  изомерияЗаттардың сандық және сапалық құрамы бірдей,...

    32 слайд

    Комплекс қосылысындағы изомерия
    Заттардың сандық және сапалық құрамы бірдей, бірақ қасиеттері әртүрлі болатын құбылысты изомерия деп атайды. Изомерия құбылысы комплекс қосылыстарына да тән. Мұндай изомерияның бірнеше түрі кездеседі: геометриялық, оптикалық, гидраттық, ионизациялық және басқа. Геометриялық изомерия комплекс құрамындағы лигандалардың өзара орналасуына байланысты. Егер лигандалар біріне - бірі жақын орналасса – цис, қарама-қарсы орналасса транс изомер болады.
    Егер комплексті қосылыста су молекулалары болса, оның ішкі және сыртқы сферада орналасуына қарай әртүрлі гидратты изомерия болады.
    Комплекс қосылыстарында қышқыл қалдықтарының ішкі және сыртқы сферада орналасуына байланысты ионизациялық изомерия болады.

  • Комплекстер
изомериясықұрылымдықКеңістік Тұздық
ИонизациялықКоордина-циялық...

    33 слайд

    Комплекстер
    изомериясы

    құрылымдық
    Кеңістік
    Тұздық

    Ионизациялық
    Координа-циялық
    Оптикалық
    Геометриялық

  • Геометриялық изомериягран-изомерос-изомер

    34 слайд

    Геометриялық изомерия
    гран-изомер
    ос-изомер

  • Оптикалық изомерия

    35 слайд

    Оптикалық изомерия

  • Ионизациялық изомерия

    36 слайд

    Ионизациялық изомерия

  • Координациялық изомерия[Co(NH3)6][Cr(CN)6]  және [Cr(NH3)6][Co(CN)6]

[Pt(NH3...

    37 слайд

    Координациялық изомерия
    [Co(NH3)6][Cr(CN)6] және [Cr(NH3)6][Co(CN)6]

    [Pt(NH3)4][PdCl4] және [Pd(NH3)4][PtCl4]

  • Темір  катиондарына   сапалық   реакция...

    38 слайд

    Темір катиондарына сапалық реакция
    Fe(+2)
    3FeCl2 + 2K3 Fe(CN)6 = Fe3 Fe(CN)6 2 + 6KCl
    қызыл қан тұзы турнбулл көгі

  • Fe(+3) 
4FeCl3 + 3K4 Fe(CN)6  = Fe4 Fe(CN)6 3↓ + 1...

    39 слайд

    Fe(+3)
    4FeCl3 + 3K4 Fe(CN)6 = Fe4 Fe(CN)6 3↓ + 12KCl
    сары қан тұзы берлин көгі
    FeCl3 + NH4SCN = Fe(SCN)3↓ + 3NH4Cl
    қызыл – қан тқзы

  • 3KCN + Fe(CN)3 = K3[Fe(CN)6]...

    40 слайд



    3KCN + Fe(CN)3 = K3[Fe(CN)6]

    4NH3 + CuSO4 = [Cu(NH3)4]SO4

  • K3[Fe(CN)6]             3K+ + [Fe(CN)6]3-                


[Ag(NH3)2]Cl...

    41 слайд

    K3[Fe(CN)6] 3K+ + [Fe(CN)6]3-


    [Ag(NH3)2]Cl [Ag(NH3)2]+ + Cl-
    Сыртқы сфера бойынша комплексті қосылыстардың диссоциациясы
    (біріншілік диссоциация)

  • [Ag(NH3)]+        Ag+ + NH3
[Ag(NH3)2]+             [Ag(NH3)]+  + NH3[Ag(NH...

    42 слайд

    [Ag(NH3)]+ Ag+ + NH3

    [Ag(NH3)2]+ [Ag(NH3)]+ + NH3
    [Ag(NH3)2]+ Ag+ + 2 NH3

    [
    ]
    NH
    3
    4
    10

    4,8
    -
    ×
    =
    K
    1
    Н
    =
    [
    ]
    Ag
    +
    [
    [
    ]
    )
    Ag(NH
    +
    3
    ]
    K
    2
    Н
    =
    [
    [
    ]
    )
    Ag(NH
    +
    3
    ]
    [
    ]
    NH
    3
    [
    [
    ]
    )
    Ag(NH
    +
    3
    ]
    2
    =
    4
    10

    1,2
    -
    ×
    [
    ]
    [
    ]
    [
    ]
    )
    (NH

    Ag

    NH
    ]
    [Ag
    K
    2
    2
    3

    3
    жалпы
    Н
    .
    10
    8
    ,
    5
    8
    -
    ×
    =
    =
    +
    +
    Ішкі сфера бойынша комплексті қосылыстардың диссоциациясы
    (екіншілік диссоциация)

  • Сыртқы  сфера  бойынша  комплексті қосылыстар  реакциясы2K3[Fe(CN)6] + 3FeSO4...

    43 слайд

    Сыртқы сфера бойынша комплексті қосылыстар реакциясы
    2K3[Fe(CN)6] + 3FeSO4 =
    Fe3[Fe(CN)6]2 + 3K2SO4

    [CoCl2(NH3)4]Cl + AgNO3 =
    [CoCl2(NH3)4]NO3 + AgCl

    K4[Fe(CN)6] + 4HCl = H4[Fe(CN)6] + 4KCl

    H2[PtCl6] + 2CsOH = Cs2[PtCl6] + 2H2O

    Fe4[Fe(CN)6]3 + 12 KOH =
    4Fе(OH)3 + 3K4[Fe(CN)6]

  • 2. Араластыру
K[AgCl2]   =   KCl + AgCl3. Қыздыру...

    44 слайд

    2. Араластыру
    K[AgCl2] = KCl + AgCl
    3. Қыздыру
    t0
    K3[Cr(ОH)6] = 3KOH + Cr(OH)3
    1. Аз еритін қосылыстардың түзілуі
    [Ag(NH3)2]NO3 + KI = AgI + 2NH3 + KNO3

  • лигандалардың  түрлеріне  байланыстыКомплексті  қосылыстардың   жіктелуіко...

    45 слайд

    лигандалардың түрлеріне байланысты

    Комплексті қосылыстардың
    жіктелуі

    комплекстің зарядына байланысты
    по составу внешней сферы
    сыртқы сфераның құрамына байланысты

  • Комплекстің  зарядына  байланысты жіктеуКатиондыКатионды - аниондыБейтарапАн...

    46 слайд

    Комплекстің зарядына байланысты жіктеу

    Катионды
    Катионды - анионды
    Бейтарап
    Анионды
    [Cr(H2O)4]3+Cl3
    [PtCl4(NH3)2]
    K2[PtCl6]2-
    [Cu(NH3)4]2+[PtCl4]2-

  • Сыртқы   сфераның  құрамына  байланысты жіктеуҚышқылдарНегіздерТұздарБейэлек...

    47 слайд

    Сыртқы сфераның құрамына байланысты жіктеу

    Қышқылдар
    Негіздер
    Тұздар
    Бейэлектролиттер
    H2[PtCl6]
    Na3[AlF6]
    [Pt(NH3)2Cl2]
    [Ag(NH3)2]OH

  • Аквокомплекстер.
Олардың құрамындағы лигандалар су молекулалары болады. Кей а...

    48 слайд

    Аквокомплекстер.
    Олардың құрамындағы лигандалар су молекулалары болады. Кей аквокомплекстер құрамындағы су молекулалары сыртқы сферада болуы мүмкін. Олар кристалданған кезде құрамына су молекулалары да кіреді. Алайда, су молекуласы қыздырғанда бөлініп кетеді.
     
    Ациодокомплекстер.
    Олардың құрамындағы лигандалар қышқыл қалдықтары болып табылады. Кейбір қышқылдарды комплекс түрінде көрсетуге болады. Гидросокомплекстерді де осы типке қосады.

  • Аммиакаттар және амминнаттар.
Комплекс ион құрамында аммиак не амминдер болад...

    49 слайд

    Аммиакаттар және амминнаттар.
    Комплекс ион құрамында аммиак не амминдер болады. Амминдер әртүрлі болады.
     
    Көпядролы комплекстер қосылыстар.
    Құрамына екі немесе одан да көп бір элемент не әртүрлі элемент комплекс түзуші кіреді. Ол комплекс түзушілер бір-бірімен топтар көмегімен байланысады.
     
    Циклді немесе хелат комплекс қосылыстар.
    Ішкі сферада лигандалар цикл түзеді.

  • Лигандаларға байланысты жіктеуАквакомплекстерАраласАцидокомплекстерАминокомп...

    50 слайд

    Лигандаларға байланысты жіктеу

    Аквакомплекстер
    Аралас
    Ацидокомплекстер
    Аминокомплекстер
    [Fe(H2O)6]SO4
    K[Au(CN)4]
    [Zn(NH3)4]Cl2
    [CoCl(NH3)3(H2O)2](NO3)2

  • Комплексті қосылыстардың номенклатурасы мен аталуыБірінші катион, сонан соң...

    51 слайд

    Комплексті қосылыстардың номенклатурасы мен аталуы
    Бірінші катион, сонан соң анион атауы аталады. Комплекс атауы бір сөз болып жазылады.
    Комплексті қосылыстарды атау ережесі:
    2. Комплексті атағанда алдымен лигандаларды санайды (алфавиттің алғашқы әріптерімен сонан соң, орталық атомды атайды.
    3. Бейтарап лигандаларды өзгеріссіз атайды; теріс зарядталған лигандалар үшін «о» жалғауы жалғанады.
    4. Егер комплексте бірдей лигандалар саны бірнеше болса, онда олардың атауының алдына сәйкес келетін грек сандарын қолданады;
    5. Комплекс түзушінің заряды комплекстің зарядына байланысты.
    5.1. Бейтарап және катионды комплекс үшін – атау септігі
    5.2. Анионды комплекс үшін - латын тілінде («ат») жұрнағы жалғанады.

  • КОМПЛЕКСТІ  ҚОСЫЛЫСТАРДЫҢ  НОМЕНКЛАТУРАСЫ 2-4-3-5-6-ди-три-тетра-пента-гекса-...

    52 слайд

    КОМПЛЕКСТІ ҚОСЫЛЫСТАРДЫҢ НОМЕНКЛАТУРАСЫ
    2-
    4-
    3-
    5-
    6-
    ди-
    три-
    тетра-
    пента-
    гекса-
    САНАҚ бойынша АТАУЫ:
    ЛИГАНДАНЫҢ АТАУЫ:
    H2O - аква
    NH3 - амин
    СO - карбонил
    OН- - гидроксо-
    (СN)- - циано
    F-, Cl-, Br-, I- - фторо-, хлоро-, бромо-, йодо-
    (NO2)- - нитро

  • КОМПЛЕКСТІ ҚОСЫЛЫСТАР НОМЕНКЛАТУРАСЫ  КОМПЛЕКСТІ  АНИОНДАР АТАУЫ:Fe - ферратC...

    53 слайд

    КОМПЛЕКСТІ ҚОСЫЛЫСТАР НОМЕНКЛАТУРАСЫ
    КОМПЛЕКСТІ АНИОНДАР АТАУЫ:
    Fe - феррат
    Cu - купрат
    Ag - аргентат
    Au - аурат
    Hg - меркурат
    Al - алюминат
    Zn - цинкат
    Комплекс түзушінің латынша атауына байланысты
    ат
    жұрнағын жалғау арқылы түзіледі
    +3
    +2
    +3
    +
    +2
    +3
    +2

  • натрийдің  тетрагидроксоцинкатыКОМПЛЕКСТІ  ҚОСЫЛЫСТАРДЫҢ НОМЕНКЛАТУРАСЫNa+24]...

    54 слайд

    натрийдің тетрагидроксоцинкаты
    КОМПЛЕКСТІ ҚОСЫЛЫСТАРДЫҢ НОМЕНКЛАТУРАСЫ
    Na+2
    4]
    (OH)-
    [Zn+2
    [Cr+3
    (H2O)0
    6]
    Cl-3
    хромның (ІІІ) гексааквахлориді
    K+2
    [Hg+2
    I-
    4]
    калийдің тетрайодо (ІІ) меркураты

  • КОМПЛЕКСТІ   ҚОСЫЛЫСТАРДЫҢ  АТАУЫNa3[AlF6]Na[Al(OH)4]K4[Fe(CN)6]натрийдің  ге...

    55 слайд

    КОМПЛЕКСТІ ҚОСЫЛЫСТАРДЫҢ АТАУЫ
    Na3[AlF6]
    Na[Al(OH)4]
    K4[Fe(CN)6]
    натрийдің гексафтороалюминаты
    натрийдің тетрагидроксоалюминаты
    калийдің гексационоферраты (II)

  • [Cu(NH3)4]SO4мыстың (ІІ) тетрааминсульфаты[Ag(NH3)2]Clкүмістің  диамминхлорид...

    56 слайд

    [Cu(NH3)4]SO4
    мыстың (ІІ) тетрааминсульфаты
    [Ag(NH3)2]Cl
    күмістің диамминхлориді
    хромның (ІІІ) гексааквахлориді
    [Cr(H2O)6]Cl3
    КОМПЛЕКСТІ ҚОСЫЛЫСТАРДЫҢ АТАУЫ

  • Калийдің    гексахлороплатинаты (IV)Кобальттың (ІІІ) хлоронитротетрааммино  н...

    57 слайд

    Калийдің гексахлороплатинаты (IV)
    Кобальттың (ІІІ) хлоронитротетрааммино нитраты
    Натрийдің гексагидроксохроматы (III)
    ЗАТТАРДЫҢ ФОРМУЛАСЫН ҚҰРАСТЫРУ
    Никель (ІІ) гексааммино нитраты

  • Жауабы: K2[PtCl6]Калийдің    гексахлороплатинаты (IV)Кобальттың (ІІІ) хлорони...

    58 слайд

    Жауабы: K2[PtCl6]
    Калийдің гексахлороплатинаты (IV)
    Кобальттың (ІІІ) хлоронитротетрааммино нитраты
    Натрийдің гексагидроксохроматы (III)
    ЗАТТАРДЫҢ ФОРМУЛАСЫН ҚҰРАСТЫРУ
    Жауабы: [Co(NH3)4(NO2)Cl]NO3
    Жауабы: Na3[Cr(OH)6]
    Никель (ІІ) гексааммино нитраты
    Жауабы: [Ni(NH3)6](NO3)2

  • Қорытынды:Комплексті қосылыстар – құрамына  комплексті иондар кіретін күрделі...

    59 слайд

    Қорытынды:
    Комплексті қосылыстар – құрамына комплексті иондар кіретін күрделі заттар.
    Комплексті ион – бұл d-металдар мен лигандалардан тұратын иондар.
    Лиганда – d-металмен донорлы-акцепторлы байланыс түзетін комплексті ионның құрамына енетін молекула немесе ион.
    Координациялық сан – комплексті ионның құрамына енетін лигандалар саны.

  • Үй тапсырмасы           Мына төменде  берілген  қосылыстар үшін  қосылыстың...

    60 слайд

    Үй тапсырмасы

    Мына төменде берілген қосылыстар үшін қосылыстың ішкі және сыртқы сферасын анықтап, металдың координациялық санын, орталық металл ионының зарядын, комплексті ион зарядын анықтаңдар:
    H4 [PtCl 6] [Cu(NH3)2] SO4 [Cr(H2O)6 ]Cl2

    Егер молекула құрамында мынадай иондар
    Ni (+2), 3Cl (-), сонымен қатар молекулы NH3 болса, қосылыстың формуласын құрастырыңдар.

  • Қолданылған әдебиеттерЖ.Шоқыбаев. «Бейорганикалық  және  аналитикалық химия»...

    61 слайд

    Қолданылған әдебиеттер
    Ж.Шоқыбаев. «Бейорганикалық және аналитикалық химия»
    Н.С. Ахметов. Общая и неорганическая химия. М.: Высшая школа . 2003. С. 107-113.
    Чернобельская Г.М. Методика обучения химии в средней школе. М.: ВЛАДОС, 2000.
    Учебная программа по дисциплине «Общая и неорганическая химия». 2001. 19 с.
    М.И. Сафарова. Общая и неорганическая химия в схемах и таблицах. Ч.1. Теоретические основы неорганической химии. Учебное пособие. Саратов. СВИРХБЗ. 2006. С. 80.
    Интернет желісі
     

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 656 249 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 10.04.2016 12162
    • PPTX 4.6 мбайт
    • 166 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Ауыт Алтынгул .. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Ауыт Алтынгул .
    Ауыт Алтынгул .
    • На сайте: 8 лет
    • Подписчики: 1
    • Всего просмотров: 74185
    • Всего материалов: 16

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Методист-разработчик онлайн-курсов

Методист-разработчик онлайн-курсов

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 120 человек из 43 регионов

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к сдаче ОГЭ по химии в условиях реализации ФГОС ООО

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 59 человек из 31 региона
  • Этот курс уже прошли 656 человек

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы преподавания химии в школе в условиях реализации ФГОС

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 56 человек из 38 регионов
  • Этот курс уже прошли 261 человек

Курс профессиональной переподготовки

Химия: теория и методика преподавания в образовательной организации

Учитель химии

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 471 человек из 69 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 350 человек

Мини-курс

Цифровая трансформация в бизнесе: аспекты управления и развития

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Литература и культура

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

GR-технологии и взаимодействие с СМИ

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе