Инфоурок / Химия / Презентации / Презентация по химии на тему "Озон" (8 класс)

Презентация по химии на тему "Озон" (8 класс)



Московские документы для аттестации!

124 курса профессиональной переподготовки от 4 795 руб.
274 курса повышения квалификации от 1 225 руб.

Для выбора курса воспользуйтесь поиском на сайте KURSY.ORG


Вы получите официальный Диплом или Удостоверение установленного образца в соответствии с требованиями государства (образовательная Лицензия № 038767 выдана ООО "Столичный учебный центр" Департаментом образования города МОСКВА).

ДИПЛОМ от Столичного учебного центра: KURSY.ORG


Выберите документ из архива для просмотра:

4.29 МБ Антарктида к?г_ндег_ озон тес_г_ ??рлы? к?лем_нен 1,7 есеге ?л?ай?ан.mp4
1.23 МБ Озон 8 сынып.pptx
11.75 МБ Озон ?абаты видео.mp4
28.48 КБ Озон оттек аллотропиясы.docx
12.34 МБ озоновые дыры.mp4

Выбранный для просмотра документ Озон 8 сынып.pptx

библиотека
материалов
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, «Абай атындағы орта мектебі» ММ Алмаганбетов...
Қызығушылығын ояту Бірінші бөлігім «алда бол» деген бұйрық рай, екінші бөлігі...
Оттек аллотропиясы. Озон және озон қабатының маңызы.
Сабақтың мақсаты: жай зат озонның қасиеттерін оқыту арқылы бұрыннан білетін б...
Аллотропия сөзінің мағынасы Аллотропия ( көне грекше: аллос — «басқа», тропос...
Білу. Проблемалық сұрақ Озон туралы не білесіңдер? Озон қабаты дегеніміз не?
Түсіну 1. Озонның құрамы, құрылысы 2. Озонның алынуы 3. Озонның физикалық қас...
Құрамы, құрылысы 1785 ж голланд оқымыстысы М. ван Марум жаңа газды анықтаған,...
Алынуы 1. Табиғатта озон найзағайлы жаңбырдан кейін пайда болады. 2. Күкірт қ...
Озонатор Озонатор сыртынан металл сыммен оралған шыны түтіктен тұрады. Түтікт...
Физикалық қасиеттері Қасиеттері (қ.ж) Оттек Озон Агрегаттық күйі газ газ Түсі...
Химиялық қасиеттері Оттекке қарағанда озонның ерекше химиялық белсенділігі ба...
Қолданылуы Озонның түрлі заттармен қуатты әрекеттесуін пайдаланып, сасық иіст...
Қолдану. “Озон қабаты” бейнекөрсетілімі
Талдау 1. Озон концентрациясының азаюынан болатын жағдайлар 2.Озон қабаты қал...
Озон тесігі (жыртығы) (Озоновые дыры)
Жинақтау Блиц - сұрақтар 1. Озон қашан ашылды ? 2. Озонды кімдер ашты ? 3. Оз...
2. Дидактикалық тапсырмалар 1 тапсырма: О2→О3→О2 айналымды жүзеге асыр 2 тапс...
Үйге тапсырма Экзотермиялық және эндотермиялық реакциялар туралы оқып келу.
Бағалау (бағалау парағы бойынша) Оқушының аты-жөні Қызығу-шылығын ояту Жаңа с...
20 1

Описание презентации по отдельным слайдам:

№ слайда 1 Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, «Абай атындағы орта мектебі» ММ Алмаганбетов
Описание слайда:

Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, «Абай атындағы орта мектебі» ММ Алмаганбетова Тиллектес химия пәні мұғалімі

№ слайда 2 Қызығушылығын ояту Бірінші бөлігім «алда бол» деген бұйрық рай, екінші бөлігі
Описание слайда:

Қызығушылығын ояту Бірінші бөлігім «алда бол» деген бұйрық рай, екінші бөлігім сан есім, шипалы газ деп те есептейді. Озон

№ слайда 3 Оттек аллотропиясы. Озон және озон қабатының маңызы.
Описание слайда:

Оттек аллотропиясы. Озон және озон қабатының маңызы.

№ слайда 4 Сабақтың мақсаты: жай зат озонның қасиеттерін оқыту арқылы бұрыннан білетін б
Описание слайда:

Сабақтың мақсаты: жай зат озонның қасиеттерін оқыту арқылы бұрыннан білетін білімдерін толықтыру; аллотропия туралы түсінік бере отырып, озонның физикалық және химиялық қасиеттері жөнінде мағлұмат беру

№ слайда 5 Аллотропия сөзінің мағынасы Аллотропия ( көне грекше: аллос — «басқа», тропос
Описание слайда:

Аллотропия сөзінің мағынасы Аллотропия ( көне грекше: аллос — «басқа», тропос — «қасиет; сипат» ) - өзінің құрылысы мен қасиеті жағынан әр түрлі екі немесе бірнеше қарапайым  заттар түріндегі  химиялық элементтің болуы

№ слайда 6 Білу. Проблемалық сұрақ Озон туралы не білесіңдер? Озон қабаты дегеніміз не?
Описание слайда:

Білу. Проблемалық сұрақ Озон туралы не білесіңдер? Озон қабаты дегеніміз не?

№ слайда 7 Түсіну 1. Озонның құрамы, құрылысы 2. Озонның алынуы 3. Озонның физикалық қас
Описание слайда:

Түсіну 1. Озонның құрамы, құрылысы 2. Озонның алынуы 3. Озонның физикалық қасиеттері 4. Озонның химиялық қасиеттері 5. Озонның табиғатта кездесуі 6. Озонның қолданылуы

№ слайда 8 Құрамы, құрылысы 1785 ж голланд оқымыстысы М. ван Марум жаңа газды анықтаған,
Описание слайда:

Құрамы, құрылысы 1785 ж голланд оқымыстысы М. ван Марум жаңа газды анықтаған, бірақ оның атын озон деп атаған Кристиан Фридрих Шёнбей. Оның оттек атомынан тұратын жай зат екені анықталған. Оның формуласы О3 молекуласы үш атомнан тұратын оттектің түрөзгерісі екені мәлім болды. Атмосфераның көгілдір түске боялуы озонға байланысты. Озон стратосфера қабатында жер бетінен 15-тен 50 шақырым аралығында биіктікте. Құрылымдық формуласы О3 Молекулалық формуласы

№ слайда 9 Алынуы 1. Табиғатта озон найзағайлы жаңбырдан кейін пайда болады. 2. Күкірт қ
Описание слайда:

Алынуы 1. Табиғатта озон найзағайлы жаңбырдан кейін пайда болады. 2. Күкірт қышқылына барий пероксидін әрекеттестіру арқылы алуға болады: 3BaO2 + 3H2SO4 → 3BaSO4 ↓+ 3H2O + O3 ↑ Зертханада озонды озонатор дейтін құралдың көмегімен алуға болады. Реакция теңдеуі: 2О2 у.к.с, эл.зар.→ 2О3 Озон оңай ыдырайтын тұрақсыз қосылыс: О3 → О2 + О Жеке оттек атомдары өзара қосылып, оттек молекуласына айналады: О +О = О2

№ слайда 10 Озонатор Озонатор сыртынан металл сыммен оралған шыны түтіктен тұрады. Түтікт
Описание слайда:

Озонатор Озонатор сыртынан металл сыммен оралған шыны түтіктен тұрады. Түтіктің ортасынан екінші сым өтеді. Жоғары кернеулі ток алу үшін түтік арқылы аздап оттек газын жіберіп, сымдардың ұшын индукциялық катушкалардың полюстеріне жалғайды. Түтік ішінде газ арқылы электр зарядтары өткенде, оттек газы озонға айналады.

№ слайда 11 Физикалық қасиеттері Қасиеттері (қ.ж) Оттек Озон Агрегаттық күйі газ газ Түсі
Описание слайда:

Физикалық қасиеттері Қасиеттері (қ.ж) Оттек Озон Агрегаттық күйі газ газ Түсі түссіз көкшілдеу Иісі иіссіз иісті Тығыздығы 1,43 г/л 2,14 г/л Суда ерігіштігі Азериді Жақсы ериді Улылығы Улы емес Улы

№ слайда 12 Химиялық қасиеттері Оттекке қарағанда озонның ерекше химиялық белсенділігі ба
Описание слайда:

Химиялық қасиеттері Оттекке қарағанда озонның ерекше химиялық белсенділігі байқалады, сондықтан озоны көп ауамен тыныс алуға болмайды. Қыздырмай-ақ көптеген жай және күрделі заттармен озон реакцияға түседі. Мысалы, ауадағы оттек газы калий йодиді ерітіндісіне әсер етпейді. Егер калий йодиді ерітіндісіне озоны бар ауа жіберсе, йод бос күйінде бөлініп шығады: O3 + 2KI + H2O = O2 ↑ + I2 ↓ +2KOH Озон тым белсенді болғандықтан каучукты бүлдіреді, органикалық бояуларды түссіздендіреді. Спиртке озон жанасқанда бірден тұтанып, жана бастайды. Озон күміс, алтын және платина тәрізді металдарды да тотықсыздандырады. Ол күміспен оңай әрекеттесіп, оксид түзеді: 6Ag + O3 = 3Ag2O

№ слайда 13 Қолданылуы Озонның түрлі заттармен қуатты әрекеттесуін пайдаланып, сасық иіст
Описание слайда:

Қолданылуы Озонның түрлі заттармен қуатты әрекеттесуін пайдаланып, сасық иісті қалдықтарды зарарсыздандырып, сыртқы орта-ны ластамайтын заттарға айналдырады. Оны қолдану арқылы ауыз суы мен ағын судағы, бөлме ауасындағы бактерияларды жояды Жаңбырдан соң ауада озон мөлшері 0,00001 пайыз болғанның өзінде ауаны тазартып, таза оттекпен демалуға мүмкіндік туады. Озон шамамен 25 км биіктікте жер бетіндегі ауа атмосферасын түгелдей қоршаған 2-3 мм қабатша түрінде болады. Атмосферадағы озон қабатының қызметі ерекше, ол күннен келетін ультракүлгін сәулені жұтып, оның күйдіргіш әсерін азайтады. Соның арқасында озон қабаты Жердегі тіршілікті сақтайды.

№ слайда 14 Қолдану. “Озон қабаты” бейнекөрсетілімі
Описание слайда:

Қолдану. “Озон қабаты” бейнекөрсетілімі

№ слайда 15 Талдау 1. Озон концентрациясының азаюынан болатын жағдайлар 2.Озон қабаты қал
Описание слайда:

Талдау 1. Озон концентрациясының азаюынан болатын жағдайлар 2.Озон қабаты қалай пайда болады ? 3. Неге озон жоғалады ? 4. Веналық конвенция 5. Озон қалпына келе ме, оның қандай жолдары бар ?

№ слайда 16 Озон тесігі (жыртығы) (Озоновые дыры)
Описание слайда:

Озон тесігі (жыртығы) (Озоновые дыры)

№ слайда 17 Жинақтау Блиц - сұрақтар 1. Озон қашан ашылды ? 2. Озонды кімдер ашты ? 3. Оз
Описание слайда:

Жинақтау Блиц - сұрақтар 1. Озон қашан ашылды ? 2. Озонды кімдер ашты ? 3. Озон молекуласында қанша оттек атомы бар ? 4. Аллотропия дегеніміз не? 5. Озонның түсі қандай ? 6. Озонның массасы нешеге тең? 7. Зертханада озон алатын құрал қалай аталады? 8. Озон қабаты дегеніміз не? Ол Жерді неден қорғайды? 9. Озонды қайда қолдануға болады ? 10. Озон қабатына әсер ететін заттар ?

№ слайда 18 2. Дидактикалық тапсырмалар 1 тапсырма: О2→О3→О2 айналымды жүзеге асыр 2 тапс
Описание слайда:

2. Дидактикалық тапсырмалар 1 тапсырма: О2→О3→О2 айналымды жүзеге асыр 2 тапсырма: Реакция теңдеуін теңестіру Ca + O3 = CaO S + O3 = SO2 NO2 + O3 = N2O5 3 тапсырма 96г озонның зат мөлшерін есептеңдер. 4 тапсырма. Венн диаграммасын құру. (Оттек пен озонды салыстыру)

№ слайда 19 Үйге тапсырма Экзотермиялық және эндотермиялық реакциялар туралы оқып келу.
Описание слайда:

Үйге тапсырма Экзотермиялық және эндотермиялық реакциялар туралы оқып келу.

№ слайда 20 Бағалау (бағалау парағы бойынша) Оқушының аты-жөні Қызығу-шылығын ояту Жаңа с
Описание слайда:

Бағалау (бағалау парағы бойынша) Оқушының аты-жөні Қызығу-шылығын ояту Жаңа сабақ Блиц-сұрақ Дидактикалық тапсырмалар Рефлек сия Жалпы балл

Выбранный для просмотра документ Озон оттек аллотропиясы.docx

библиотека
материалов

Бекітемін: Сыныбы: 8 «Б» Күні: 26.01.2016ж

Пән мұғалімі: Алмаганбетова Тиллектес Исатайкызы (Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, «Абай атындағы орта мектебі» ММ)

Сабақтың тақырыбы: Оттек аллотропиясы. Озон және озон қабатының маңызы.

Сілтеме

8 - сынып оқулығы (2004 жылғы), интернет мәліметтері, «Химия мектепте» №5.2010ж

Сабақтың мақсаты

жай зат озонның қасиеттерін оқыту арқылы бұрыннан білетін білімдерін толықтыру;

аллотропия туралы түсінік бере отырып, озонның физикалық және химиялық қасиеттері жөнінде мағлұмат беру

нәтиже

Аллотропия ұғымын түсінеді. Оттектің аллотропиялық түрөзгерісі озон туралы біледі. Озон қабаты, озон жыртығы туралы бейнероликтен көреді. Химиялық қасиеттерін реакция теңдеуі арқылы жазу

Түйінді идеялар

Озон көкшілдеу түсті, өзіне тән иісі бар (грекше «озо»-иісті) газ. Суда аз ериді, қайнау-112С, балқу температурасы-193С. Оттек газынан 1,5 есе ауыр. Күшті тотықтырғыш, бояғыш заттарды түссіздендіретін қасиеті бар.

Сабақтың түрі

Аралас сабақ

Әдіс-тәсілдері

СТО, диалог, жұптық жұмыс, жеке жұмыс.

Пән аралық байланыс

Физика, география, биология

Ұйымдастыру кезеңі 1 минут

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

1.Сәлемдесу

2.Ұйымдастыру

3. Сабақ барысымен таныстыру

4.Балалардың назарын сабаққа шоғырландыру

1.Сәлемдесу

2.Өздерін ретке келтіру

3. Топқа бөліну

4. Кітап ,оқу құралдарын ,дәптерлерін дайындыққа келтіру

Қызығушылықты ояту 1 мин.

Бірінші бөлігім «алда бол» деген бұйрық рай, екінші бөлігім сан есім, шипалы газ деп те есептейді.

Оқушылар жауабын табады. Тақырып озон жайында екенін біледі.

Мағынаны тану (Мұғалім жаңа тақырыпқа шығады.Бүгінгі сабақтың мақсаты мен міндеттеріне тоқталады)

Сабақтың негізгі бөлімі 35мин.

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Білу. Проблемалық сұрақ

Озон туралы не білесіңдер? Озон қабаты дегеніміз не?

Түсіну.

1. Озонның құрамы, құрылысы

2. Озонның алынуы

3. Озонның физикалық қасиеттері

4. Озонның химиялық қасиеттері

5. Озонның табиғатта кездесуі

6. Озонның қолданылуы

Қолдану. Интербелсенді тақтадан «Озон қабаты» бейнеролигін тамашалау.

Талдау.

1. Озон концентрациясының азаюынан болатын жағдайлар

2.Озон қабаты қалай пайда болады ?

3. Неге озон жоғалады ?

4. Веналық конвенция

5. Озон қалпына келе ме, оның қандай жолдары бар ?

Жинақтау. 1. Блиц-сұрақтар

  1. Озон қашан ашылды ?

  2. Озонды кімдер ашты ?

  3. Озон молекуласында қанша оттек атомы бар ?

  4. Аллотропия дегеніміз не?

  5. Озонның түсі қандай ?

  6. Озонның массасы нешеге тең?

  7. Зертханада озон алатын құрал қалай аталады?

  8. Озон қабаты дегеніміз не ? Ол Жерді неден қорғайды ?

  9. Озонды қайда қолдануға болады ?

  10. Озон қабатына әсер ететін заттар ?

2. Дидактикалық тапсырма

1 тапсырма:

О2→О3→О2 айналымды жүзеге асыр

2 тапсырма: Реакция теңдеуін теңестіру

Ca + O3 = CaO

S + O3 = SO2

NO2 + O3 = N2O5

3 тапсырма

  1. 96г озонның зат мөлшерін есептеңдер.

4 тапсырма. Венн диаграммасын құру. (Оттек пен озонды салыстыру)

Оқушылар белсене қатысады.

Оқушылар сұрақтарға жауап береді.





Түсіну бөлімінде тақырып слайдтан түсіндіріледі.













Талдау бөлімінде оқушылар интернеттен алған мәліметтерін бөліседі.











Әр оқушы берілген сұрақтарға жауап береді.























Тапсырмаларды әр топтан бір оқушыдан шығып орындайды.

Қорытынды. Күтілетін нәтиже 4 мин.

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Сабақты қорытындылау.

Қорыта айтқанда, Жер бетіндегі тіршіліктің сақталуына оттек элементінің екі түрлі әсері бар.

1.Оттек - О2 газы тыныс алуға, организмнің тіршілік етуіне жағдай жасайды.

2.Озон - О3 газы өсімдіктерді, тірі организмді ультракүлгін сәуленің күйдіруінен сақтайды.



Қорытынды. Бір-бір сөйлемнен түйінді идея айтады.

Кері байланыс.Оқушылар сабақ туралы өз ойларын білдіреді

Бағалау 3 мин.

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бақылайды,бағалайды.

Оқушылар өз тобындағы көшбасшыларды анықтайды.

Үйге тапсырма 1 мин. Экзотермиялық және эндотермиялық реакциялар туралы оқып келу



Озон концентрациясының азаюынан болатын жағдайлар

Стратосферадағы озон концентрациясының бар болғаны 1 пайызға төмендеуінен ауыр жағдайға соқтырады.

  • Адамдар мен жануарлар арасында терінің онкологиялық ауруларының саны артады.

  • Иммундық жүйе қысымының арту саны көбейеді

  • Жер бетіндегі өсімдіктердің өсу қарқыны бәсеңдейді.

  • Өсімдік тағамдарының санының кемуінен, мұхит су асты жануарларының өлімі басталады.

Күн сәулесінің жұтылуынан ең бастысы біздің ғаламшарда жылудың тепе-теңдігі сақталады (қамтамасыз етіледі). Озонның ыдырауы кезінде жылу бөлінеді, ол стратосферадағы температураны көтеріп, жер бетінің көрпесі ретінде қызмет атқарады.

Озон қабаты қалай пайда болды?

Кәдімгі екі атомды оттектен озон пайда болуы үшін үлкен энергия қажет - 150 кДж жуық.

Бастапқы реакция кәдімгі екі атомды оттек атомдық оттекпен әрекеттеседі. O2 + O0 = O3

Өте қуатты күн көзінен тарайтын ультракүлгін сәулелерінің әсерінен оттек молекуласының атомдары О00 ыдырайды. Осы үздіксіз өнімнің әсерінен тұрақты озон қабаты пайда болады.

Неге озон жоғалды ?

Шын озонның шығыны ультракүлгін сәулелерді жұту кезінде, сол сияқты кейбір реакцияның өтілу кезеңінде байқалады, мысалы:

О3 + O0 =2O2

O3 +NO = NO2 +O0

Бұл жағдайда ХХ ғасырдың екінші жартысында басқа да жағдайлар қосыла бастады. Әуелі атомдық жарылыс, ракетаның және биікке ұшатын ұшақтардың әсерінен озон концентрациясы төмендеді десек, оған қоса химия зауыты өндірісінің басты кінәсі де бар. Олар озонмен реакцияға түседі. Сонымен бірге кәдімгі өндіріспен шығатын-фреон (хлорланған, фторланған көміртек). Ол нағыз бүлдіргіш (1985 жылы стратосферадағы озон концентрациясы 1 пайызға төмендеген).

Хлорфторокөміртек казіргі тұрмыстық және өндірістік тоңазытқыштарда, аэрозольдік баллондарда, химиялық тазартқыш орындарында, кейбір өндірісте транспорттар өртенгенде сөндіру үшін қолданылады. Хлорфторокөміртек озон қабатында кәдімгі «тәртіп бұзушы» қызметін атқарады. Хлор озонмен атомдық оттекті жеп қояды, тез жүретін еркін ағымдағы мына реакциялардың есебінен:

O3 +Cl0 = O2 +ClO0

ClO0 +O0 =Cl0 +O2 соңғы реакцияларда хлор белсенді күйге енеді.. Бұл жағдайда хлор жоғалып кетпей, озон қабатын бүлдіре береді. Ең бастысы хлор мен фтордың бұзу әрекетінен 1990 жылдың аяғында стротосферадағы озонның концентрациясы 10 пайызға төмендеген.

Веналық конвенция

Осының бәрін білгеннен кейін әлемнің әртүрлі елдерінің өкілдері жиналып, Венада 1985 ж озон қабатын қорғау жөніндегі Веналық конвенцияға қол қойды.

Монералдық протокол 1987 жылы қабылданды, онда қауіпті көміртек, хлор, фтордың қатары анықталды және оларды өндіретін өлкелерде олардың шығарылуын азайту міндеттелді. Лондонда 1990 жылдың маусымында монералдық хаттама нақтыланды: «1995 жылы фреон өндіру екі есе төмендетілсін, ал 2000 жылы оны өндіру мүлдем тоқтатылсын» делінді.

Қазір тіпті экологиялық қауіпсіз фреондар және оларды ауыстыратын өнімдер ойлап табылып шығарылуда, сонда да озон қабатына жетуі толық тоқтатылған соң ғана он жылдан кейін ол өзінің қалпына келеді.

Мәселені шешудегі жаңа жол

Озон қабатын қалпына келтіру үшін оны қоректендіріп отыру керек. Жер шарын «емдеудегі» бірінші жоба - озон фабрикасын ашып, оны ұшақ арқылы жеткізу болды, ол өзін ақтамайтын болып табылды.

Осы жолда Ресей консорциумы «Интер Озонды» ұсынды, атмосферада озонды үздіксіз өндіру. Жақын арада немістің «Даза» фирмасымен бірігіп, инфрақызыл лазерлі аэростатты 15 шақырым биіктікке көтеріп, соның көмегімен екі атомды оттектен озон алу жоспарлануда.

Егер бұл зерттеу сәтті болса, болашақта Ресейлік «Мир» орбиталь бекетінде пайдалануға және 400 шақырым биіктікке лазер және энергия көзі болатын бірнеше ғарыштық платформа жасау ұсынылады. Орталық озон қабаты бөлігіне лазер сәулесі бағытталады және оны тұрақты қоректендіріп отырады.

Күн батареялары энергия көзі болып табылады. Ұшақтар бұл платформаларды тұрақты тексеруден өткізіп жөндеу керек екендігін қорытындылайды.

Бұдан өзге тағы бір жоба –қуатты лазер көзін «жұлдыз соғысына» қолдану жоспары жасалған. Әлемдегі дабыл қағарлық жоба орындала ма, оны уақыт көрсетеді. («Химия мектепте» № 5. 2010 жыл)



Очень низкие цены на курсы переподготовки от Московского учебного центра для педагогов

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 65% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: KURSY.ORG


Общая информация

Номер материала: ДВ-501398

Похожие материалы

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>