Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Информатика / Конспекты / Презентация по информатике (10-11-класс)
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Информатика

Презентация по информатике (10-11-класс)

библиотека
материалов

Сыныбы:11 «А» Күні:
Сабақтың тақырыбы: Деректер қоймасын ұйымдастыру және оның терминологиясы.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды деректер қоймасын ұйымдастыру және оның терминологиясымен
таныстыру;
Тәрбиелілік: Оқушыларды тәрбиелілікке, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа үйрету.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, логикалық-абстракциясын дамыту.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: компьютер, оқулық, жұмыс дәптері,
электронды оқулықтар
Сабақтың өту барысы:
1. Оқушыларды ұйымдастыру .
2. Үйге берілген тапсырманы тексеру .
3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
4. Тапсырмаларды орындау
5. Сабақты бекіту.
6. Үйге тапсырма беру.

Өткен материалды қайталау сұрақтары:
• Ақпаратты жүйенің ұғымы дегеніміз не?
• Білім дер базасын айқындау дегеніміз не?
Жаңа түсініктер:
Access мәліметтер базасы жөнінде негізгі мағлұматтар
Мәліметтер базасы (МБ)(деректер қоймасы) - белгілі бір пәндік аймаққа жататын объектілерді (процестерді, құбылыстарды, оқиғаларды), олардың қасиеттерін және өзара қатынастарын бейнелейтін, өзіндік аты бар мәліметтер жиыны. Пәндік аймақ дегеніміз мәліметтер базасын қамтуға тиісті нақты дүниенің бір бөлігі болып табылады.
Microsoft Access 97/2000 СУБД-сы Windows 98/2000 ортасында жұмыс істейтін, жаңа буынға жататын реляциялық мәліметтер базасының 32-разрядты басқару жүйесі болып табылады. Оның Windows-технологиясының барлық жақсы қасиеттерін сақтай отырып, тұтынушының жайлы жұмыс істеуіне бағытталған, өте қолайлы графикалық интерфейсі бар. Access кестелер, формалар, сұраныстар, басылымдар, макростар және модулъдер сияқты мәліметтер базасының объектілерімен жұмыс істейді.
Кестелер - мәліметтерді сақтау үшін жасалған, өрістерден және жазбалардан тұратын мәліметтер.
Кесте (Tables) - мәліметтер базасымен жұмыс істеуге арналған негізгі объект, мәліметтер жиыны. Ол өрістер (поля) мен жазбалардан (записи) тұрады.
Жазба (Record) - кестенің бір қатары, яғни жолы. Ол СУБД мәліметтерін сақтайтын негізгі блок болып табылады. Жазба сипатталатын бір объект туралы толық мәлімет береді.
Өріс (Field) - кестедегі бағана немесе тік жол. Access-те өріс мәліметтерін сипаттайтын оның бірсыпыра қасиеттері болады. Енгізу өрісі деп басқару элементі ретінде мәлімет енгізілетін бір бағанадағы жолды айтады, оған пернелер арқылы мәндер енгізіледі.
Объектінің әрбір сипаты (қасиеті) белгілі бір өріс мәні болып табылады. Әрбір кесте үшін бастапқы түйінді мәнді, яғни негізгі (кілтті) өрісті анықтауға болады, ол әрбір жазбаны басқаларынан бөліп идентификациялау үшін пайдаланылады (әрбір жазба үшін бірегей мағынаны білдіреді) және ол бір немесе бірнеше өрістен тұруы мүмкін.
Түйінді өріс (ключевое поле) - кестедегі жазбаларды таңдап алу үшін мәндері қолданылатын негізгі өріс.
Кілт (ключ) немесе түйін - кесте жазбаларын анықтайтын немесе кестелер арасындағы байланыстарды ұйымдастыратын бір немесе бірнеше түйінді өрістер.
Санауыш - кестедегі жазбалардың реттік нөмірлері орналасатын өріс.
Сұраныс (Queries) - жұмыс істеуші адамның керекті мәліметтерді бір немесе бірнеше кестеден белгілеген шарттарға байланысты таңдап алу тәсілі. Таңдап алу жолымен сұраныс беру арқылы кестедегі мәліметтерді жаңартуға, жоюға, көбейтуге немесе бұрынғы кестелер негізінде жаңа (виртуальды) кестелер құруға болады. Access-те сұраныстардың бірнеше түрі бар.
Форма (Forms) - мәліметтерді экранда бейнелеу жолы немесе оларды басқару мүмкіндіктері, яғни өзара байланысқан мәліметтерді тұтынушыға ыңғайлы түрде бейнелеуге, қарауға немесе енгізуге арналған тәсілдер.
Басылым (отчет) - мәліметтерді баспаға шығарып қағазда бейнелеу тәсілі, яғни қағазға басып шығаруға арналған нәтижелік құжаттар.
Индекс - индекстелетін өріс мәні арқылы кесте жазбаларын автоматты түрде сұрыптау тәсілі.
Жазбаны белгілеу аймағы - кесте жолын толық белгілеуге мүмкіндік беретін оның сол жақ шетіндегі тіктөртбұрышты аймақ.
Өрісті белгілеу аймагы - өріс тақырыбы аймағы. Оны шерту сол өрісті түгел белгілеу мүмкіндігін береді.
Конструктор - мәліметтер базасы объектілерінің (кестелер, сұраныстар, формалар, басылымдар, макростар, модульдер) касиеттерін анықтау режимі.




Тапсырмалар: Жұмыс дәптеріндегі 2.2.1, 2, 3, 4, 5 тапсырмаларды орындау
Сабақты бекіту сұрақтары:
• Деректер қоймасы дегеніміз не?
• Деректердің реляциялық қоймалары дегеніміз не?
• Кесте, өріс дегеніміз не?
Үйге тапсырма: 2.1-тақырып.








































Күні:

Сыныбы:10 «Ә», «Б»

Сабақтың тақырыбы: Стильдер, стильдерді өзгерту, жаңа стиль құру.

Сабақтың мақсаты:

а) Білімділігі: білімділікке, сауаттылыққа, ойлау ұшқырлығын дамыту

ә) Тәрбиелігі: икемділік қасиетімен шабытты болуға қалыптастыру

б) Дамытушылығы: оқушылардың ойлау қабілетімен қызығушылығын арттыру

Сабақ түрі: Аралас сабақ

Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: Компьютерлер, топтамалар, тапсырмалар, т.б.

Сабақтың өту барысы:

Оқушыларды ұйымдастыру

Жаңа тақырыпты түсіндіру

Сабақты бекіту

Үйге тапсырма

Пішімдеуді жеңілдетудің тағы бір әдісі - стильдер мен үлгілерді пайдалану.

Стандартты стильдерді қолдану

Стильдер пішімдеудің атрибуттарының жиынын ұсынады, яғни қаріптің өлшемін және жазылуын, гарнитурасын, туралауды және т.б. қоса алады. Мәтінің ерекшеленген үзіндісіне стильдерді пішімдеудің барлық атрибуттары бір уақытта қолданылады. Стильдерді пайдаланудың бірінші қолайлылығы осында. Екінші қолайлы жағдай қажетті параметрлерді бір рет бергеннен кейін оны барлық уақытта тіпті әр түрлі құжаттарда пайдалануға болады.

Стильдерді қолдану үшін лентада Басты қосымшасындағы Стильдер тобы пайдаланылады

Стильдің атының қасында сәйкес келетін таңбашасы бар:


hello_html_40c225f4.png- абзац үшін (абзацтың стилін беру үшін курсорды оның кез келген жеріне орналастырып, қалаған стильді таңдау қажет);


· hello_html_m288e888a.png- символдар үшін (мәтінің еркін бөлігіне стиль беру үшін оны ерекшелеңіз және қажет стильді таңдаңыз);


· hello_html_38221e00.png- кестелер үшін (кестенің стильін беру үшін курсорды оның кез келген жеріне орналастырып, стильді таңдау қажет);


· hello_html_74863f02.png- тізімдер үшін (мәтінің еркін бөлігіне стиль беру үшін оны ерекшелеңіз және қажет стильді таңдаңыз).

Стильді қолдану үшін Жедел- стильдер менюін ашыңыз, қолайлы стильді таңдаңыз. Таңдалған стиль мәтінде қалай көрінетінін қарау үшін оны қолданудың қажеті жоқ. Ол үшін мәтінді ерекшелеп немесе курсорды қажетті жерге орналастырып жылдам- стильдер менюін ашса жеткілікті. Курсорды стильдерде жылжытыңыз, сол кезде құжат терезесінде сіздің мәтініңізге стильдердің қалай әсер ететіні бейнеленеді . hello_html_m7ba9fabf.png

Жылдам- стильдер менюінің көмегімен силь таңдау


Егер Жылдам- стильдер менюінде сізге қажетті стильь жоқ болса, онда сіз Стильдерді қолдану тапсырмалар аймағын немесе Стильдер терезесін пайдалана аласыз. Сіз стильдің атын білсеңіз, онда Стильдерді қолдану тапсырмалар аймағын пайдаланған ыңғайлы. Жылдам- стильдер менюінен немесе CTRL+SHIFT+S пернелер үйлесімінің көмегімен Стильдерді қолдану тапсырмалар аймағын шақырып, стильь атының бірінші әріпін енгізіңіз Бағдарлама іздеу жүргізеді және қолайлы нұсқаны таңдайды. Осыдан кейін тек Қолдану батырмасын басу қажет.

Стильдер терезесі ағымдағы құжатта қолданылып жатқан барлық стильдерді көруге мүмкіндік береді. Оны шақыру үшін Стильдер тобының төменгі бөлігіндегі, төменге бағытталған бағыттауыш түріндегі батырмаға шертіңізhello_html_46527a5b.png


Үнсіз келісім бойынша Жылдам- стильдер менюіндегі барлық стильдер Стильдер терезесінде бейнеленеді. Қалған барлық қол жетімді стильдерді көру үшін , Параметрлер сілтемесін шертіңіз және Стильдер аймағының параметрлері терезесіндегі Бейнеленген стильдер тізімінен Барлығы нұсқасын таңдаңыз hello_html_7dbefbd7.png

hello_html_781eedb6.png


Үйге тапсырма

Стильдер, стильдерді өзгерту, жаңа стиль құру

Сабақты қорытындылау

Жаңа материалды пысықтау, оқушылардың меңгерген білімдерін талдау, бағалау.

Бағалау.

















































Күні:

Сыныбы:11 «Ә»

Сабақтың тақырыбы: Импорттау немесе экспорттау әрекеттерін жоспарлау


Сабақтың мақсаты:

а) Білімділігі: білімділікке, сауаттылыққа, ойлау ұшқырлығын дамыту

ә) Тәрбиелігі: икемділік қасиетімен шабытты болуға қалыптастыру

б) Дамытушылығы: оқушылардың ойлау қабілетімен қызығушылығын арттыру

Сабақ түрі: Аралас сабақ

Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: Компьютерлер, топтамалар, тапсырмалар, т.б.

Сабақтың өту барысы:

Оқушыларды ұйымдастыру

Жаңа тақырыпты түсіндіру

Сабақты бекіту

Microsoft Office Access 2007 бағдарламасында үнемі қолданылатын импорттау және экспорттау әрекетін спецификация жасау арқылы және осы спецификацияны жегу туралы еске салу үшін Microsoft Office Outlook 2007 бағдарламасында тапсырма жасау арқылы оңайластыра аласыз. Қосымша ыңғайлық жасау үшін Office Outlook 2007 тапсырмасының құрамында Access дерекқорын ашпай әрекетті жегу мүмкіндігін беретін түймешік бар. Осы мүмкіндікті қолдану үшін компьютеріңізде Office Outlook 2007 бағдарламасы орнатылған және теңшелген болуы тиіс.

Не істеуді қалайсыз?

Жаңа импорттау немесе экспорттау спецификациясын жасау және жоспарлау

Бар импорттау немесе экспорттау спецификациясын жоспарлау

Жоспарланған импорттау немесе экспорттау спецификациясын жегу

Жаңа импорттау немесе экспорттау спецификациясын жасау және жоспарлау

Шеберді қолдану арқылы импорттау және экспорттау әрекетін сәтті бітірген кезіңізде Access бағдарламасы әрекет туралы егжей-тегжейлі ақпаратты спецификация ретінде сақтау мүмкіндігін береді. Спецификация құрамында әрекетті ақпарат енгізуді сұрамай қайталау үшін Access бағдарламасына қажет болған ақпараттың бәрі бар.

Мысалы, деректерді Microsoft Office Excel 2007 жұмыс кітабынан импорттайтын импорттау спецификациясы бастапқы Excel файл атауын, тағайындалған дерекқор атауын және ақпарат кестеге қосылған ба немесе жаңа кесте жасалған ба, бастапқы кілт ақпараты мен өріс атаулары сияқты басқа да егжей-тегжейлі мәліметтерді сақтайды.

Спецификацияны сақтау барысында Access бағдарламасы әрекетті Outlook тапсырмасы арқылы жоспарлауға мүмкіндік береді.

Сіз Office Access 2007 бағдарламасында қолдау көрсетілген файл пішімдерін қолданатын импорттау және экспорттау әрекеттерін сақтай және жоспарлай аласыз. Әйткенмен, байланыстыру әрекетінің немесе деректер кестесінің бір бөлшегін экспорттау әрекетінің егжей-тегжейлі мәліметтерін сақтай және жоспарлай алмайсыз.

Мына қадамдарды жаңа импорттау немесе экспорттау спецификациясын жасау және жоспарлау үшін ұстаныңыз:

Access бағдарламасынан импорттау немесе экспорттау әрекеттерін жегіңіз. Импорттау немесе экспорттау шеберлері Сыртқы деректер қойындысында қатынаулы болады.

Шебердегі нұсқауды ұстаныңыз. Дайын түймешігін нұқыған соң және Access бағдарламасы әрекетті бітірген болса, шебер әрекет мәліметтерін сақтауға шақырады.

Импорт қадамдарын сақтау немесе Экспорт қадамдарын сақтау түймешігін нұқып, әрекет мәліметтерін спецификация ретінде сақтап алыңыз.

Басқаша сақтау жақтауында спецификация үшін атау теріңіз.

Сипаттама жақтауында Сізге немесе бөтен пайдаланушыларға әрекетті кейінірек анықтауға көмектесетін сипаттаманы теріңіз.

Outlook тапсырмасын жасау құсбелгі көзіне құсбелгі қойыңыз.

Импортты сақтау немесе Экспортты сақтау дегенін нұқыңыз.

Access бағдарламасы Outlook бағдарламасын бастайды және жаңа тапсырма жасайды.

Ескерту   Егер Outlook бағдарламасы орнатылмаған болса, Access қате хабарламасын бейнелейді. Егер Outlook бағдарламасы тиісті теңшелінбесе, Outlook жегу шебері басталады. Outlook бағдарламасын теңшеп алу үшін шебердегі нұсқауларды орындаңыз.

Outlook бағдарламасында Мерзім және Еске салу сияқты тапсырма параметрлерін қайта қарап шығыңыз және өзгертіңіз.

Тапсырманы қайталанатын етіп қою үшін Қайталау дегенін нұқыңыз. Мына суретте кейбір әдеттегі параметрлері бар тапсырма жоспарлаушысы көрсетілген:

Outlook тапсырмаларды жоспарлаушы

«Outlook тапсырмасы» терезесінде орналасқан Тапсырма қойындысындағы Әрекеттер тобында Сақтау және жабу дегенін нұқыңыз.

Ескертулер   Егер деректерді импорттау немесе экспорттау үрдісімен таныс болмасаңыз, келесі мақалалар жиі қолданылатын файл пішімдерінен деректерді қалай импорттауды немесе экспорттауды түсіндіреді:

Бар импорттау немесе экспорттау спецификациясын жоспарлау

Егер импорттау немесе экспорттау спецификациясы бар болса, келесі іс рәсімін пайдаланып, ол үшін Outlook тапсырмасын жасай аласыз.

Құрамында спецификация бар Access дерекқорын ашыңыз, егер ол ашылмаған болса. Импорттау спецификациясымен жұмыс жасаған кезде бұл тағайындалған дерекқор болады. Ал экспорттау спецификациясымен жұмыс істегенде бұл бастапқы дерекқор болады.

Сыртқы деректер қойындысында Сақталған импорт түймешігін (Импорттау тобында) немесе Сақталған экспорт түймешігін (Экспорттау тобында) нұқып, спецификацияны таңдап алыңыз.

Деректерді басқарудың тапсырмалары тілқатысу терезесінде Сақталған импорт немесе Сақталған экспорт қойындысының астында спецификацияны нұқып таңдап алыңыз.

Outlook тапсырмасын жасау дегенін нұқыңыз.

Егер Office Outlook 2007 орнатылған болса, Access оны бастайды.

Ескерту   Егер Outlook бағдарламасы орнатылмаған болса, Access қате хабарламасын бейнелейді. Егер Outlook бағдарламасы тиісті теңшелінбеген болса, Outlook жегу шебері басталады. Outlook бағдарламасын теңшеу үшін шебердегі нұсқауларды орындаңыз.

Outlook бағдарламасындағы Әрекет-атауы-Тапсырма терезесінде Мерзім және Еске салу сияқты тапсырма параметрлерін қайта қарап шығыңыз және өзгертіңіз.

Егер тапсырманы тек қана бір рет жегуді қаласаңыз Басталу күні жақтауында күн-айды белгілеңіз.

Егер тапсырманы белгілі уақыт аралығында жегуді қаласаңыз, Тапсырма қойындысында орналасқан Параметрлер тобында («Outlook тапсырмасы» терезесінде) Қайталау дегенін нұқыңыз. Тапсырманы қайталау тілқатысу терезесінде әрекетті жегу үшін қалаған уақыт аралығын белгілеңіз, сонан соң OK түймешігін басыңыз. Қайталанатын тапсырмаларды орнату туралы анықтама алу үшін Outlook бағдарламасының анықтамасына қараңыз.

«Outlook тапсырмасы» терезесінде орналасқан Тапсырма қойындысындағы Әрекеттер тобында Сақтау және жабу дегенін нұқыңыз.

Outlook жаңа тапсырма жасайды.

Спецификацияны бірнеше күн өткен соң жегу үшін тапсырманы Outlook бағдарламасында ашыңыз. Тапсырма қойындысында орналасқан Microsoft Office Access тобында Импортты орындау түймешігін немесе Экспортты орындау түймешігін нұқыңыз, одан кейін OK түймешігін басып әрекетті орындаңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Жоспарланған импорттау немесе экспорттау спецификациясын жегу

Жоспарланған уақытта Outlook еске салу хабарламасын бейнелейді. Әрекетті жегу үшін келесі қадамдарды қолданыңыз:

«Еске салу» тілқатысу терезесінде Элементті ашу түймешігін басып, тапсырманы Outlook бағдарламасында ашыңыз.

Тапсырма қойындысында орналасқан Microsoft Office Access тобында Импортты орындау немесе Экспортты орындау түймешігін басыңыз.

ОК түймешігін басып, әрекетті орындаңыз.

Сондай-aқ, тапсырманы мына қадамдарды ұстау арқылы қалаған уақытта жеге аласыз.

Тапсырманы Outlook бағдарламасында ашыңыз. Бұны істеу үшін Outlook шарлау аумағында Тапсырмалар дегенін нұқыңыз, одан кейін орындағыңыз келетін тапсырманы нұқыңыз.

Тапсырма қойындысында орналасқан Microsoft Office Access тобында Импортты орындау немесе Экспортты орындау түймешігін басыңыз.

ОК түймешігін басып, әрекетті орындаңыз.

Үйге тапсырма: Қайталау, мазмұндау


Күні:

Сабақтың тақырыбы: Құжаттың құрылымы, беттердің нөмірленуі, колонтитулдар.

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Оқушыларға MS Word мәтіндік редакторы, оны іске қосу және ондағы элементтермен қалай жұмыс істеу керек екендігін сипаттай отырып жалпы білім беру.

Дамытушылығы: Оқушыларға MS Word мәтіндік редакторы тақырыбын түсіндіре отырып, олардың Word-ты іске қосып, ондағы элементтермен дұрыс жұмыс істей алу дағдыларын дамыту.

Тәрбиелілігі: Оқушылар компьютермен жұмыс істеу кезінде техникалық қауіпсіздік ережесін сақтауға, компьютерлік құрылғыны ұқыпты пайдалануға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақты меңгерту

Сабақта қолданылатын ақпараттық құралдар: Компьютерлер, тапсырмалар, слайд, тірек-сызба

Сабақтың жоспары: І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.

ІV. Жаңа сабақты бекіту.

V. Қорытынды.

VІ. Үйге тапсырма.

VІІ. Бағалау.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

Бүгін үйге берілген сабақ «Microsoft Excel» құжаттың құрылымы тақырыбы сұралады.

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.

Microsoft word – бұл құжаттарды құру, қарап шығу, өзгерту және басып шығару үшін арналған Microsoft office жүйесінің құрамына кіретін программа.

hello_html_m2258e9a3.jpg

Беттің нөмірлерін қою. Құжаттың беттерін қағазға баспай тұрып, әдетте оны нөмірлеп алады. Бетің нөмірлерін қою үшін Қою (Вставка) менюіндегі Беттің нөмірлері (номера страниц) командасын шақыру керек.

Орналасу (Положение) өрісінде беттің нөмірлерінің орналасуын (жоғары немесе төмен) ал Туралау (құжаттың бірінші бетіне, егер ол титул парағы болса, нөмір қойылмайды) өрісінде-бет нөмірлерінбет өрісіне сәйкес (сол, ортаға қарағанда, оң, т.с.с.) таңдаңыз. Егер жалаушаны Бірінші жолдағы нөмір (Номер на первой страница) өрісінен алып тастасақ, онда бірінші бетке нөмір қойылмайды. Содан кейін ОК батырмасын шертіңіз, сол кезде құжаттың барлық беттері нөмірленеді.

Колонтитулдарды орналастыру. Колонтитул-құжаттың әрбір бетінің жоғары немесе төмен жағына басылатын мәтін немесе суреттері немесе ағымдағы бөлім аттары (беттің жоғары немесе төменгі өрісінде) жазылады. Колонтитулға енгізілген мәтін, кәдімгі мәтін секілді құрылады. Колонтитулды жасау үшін Түрі менюіндегі Колонтитулдар командасын таңдау керек. Кәдімгі колонтитул көрінбегендіктен, ол Бетке бөлу (Разметка страниц) экранына автоматты түрде өтіп, экранда Колонтитул аспаптарының тақтасы шығады. Үзік сызық қоршау ішіне колонтитул мазмұны енгізіледі. Егер колонтитулға сурет керек болса, онда ол Қою→Сурет командасымен қойылады. Колонтитул рәсімделіп болғасын Колонтитулдар тақтасының Жабу (Закрыть) батырмасын басыңыз.

Тапсырмалар.

  1. MS Office қапшығының Word бағдарламасы.....үшін арналған?

  2. Word бағдарламасы терезесінің айналдыру жолағы.....мүмкіндік береді.

  3. Word бағдарламасында орфографиялық қателердің асты....түспен сызылады.

  4. Word бағдарламасындағы мәзір тақтасында САҚТАУ командасы.....қайда орналасқан?

  5. Word бағдарламасын қалай іске қосамыз?

ІV. Бекіту кезеңі.




V. Қорытынды. Осымен балалар біз бүгін MS Word мәтіндік редакторы тақырыбын өттік. Оның терезе элементтерін жаңа өздеріңіз байқап көріп, олардың қандай өызмет атқаратынын білдіңдер. Енді бүгінгі сабақ бойынша түсінбеген жерлеріңіз болса менен сұрап алуларыңызға болады. Жалпы бүгінгі сабақ сіздерге ұнады ма? Сонымен бәріміз түсіндік.

VІІ. Үйге тапсырма.

1. Microsoft Word бағдарламасына 10 сұрақтан тұратын тест құру. Microsoft Word бағдарламасын оқып келу.

VІ. Бағалау.






























































Сыныбы:___11Ә___ Күні:___________ Тексерген: ______________


Сабақтың тақырыбы: Дайын кітапханалардағы графикалық объектілерді өңдеу, қисықтармен жұмыс, әсерлер.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларды ақпаратты енгізу манпуляторларыменг (маус, трекбол, терте, сканер) және принтердің түрлерімен, оның жұмысының ерекшеліктерімен таныстыру.

Дамытушылық: Оқушыллардың компьютерлік білімдерін көтеру.

Тәрбиелік: оқушыларды тәрбиелікке, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа үйрету.


Сабақтың түрі: аралас сабақ. .


Сабақта қолданылатын көрнекі құралдар: компьютер, оқулық, жұмыс дәптері, электронды оқулық.

Оқушының білуі тиіс:

  • манипулчтордың түрлері мен міндеттерін;

  • принтердің түрлері мен міндеттерін;

  • принтерге шығаратын ақпараттың типтерін;

  • принтер жұмысының принциптерін


Сабақтық барысы:

1. Ұйымдастырылуы: оқушылармен амандасу және түгендеу. Бүгінгі сабаққа дайындықтарын тексеру, өтілетін сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру .

2. Үйге берілген тапсырманы тексеру: сұрақ-жауап түрінде, дәптерлерінен тексеру.

Өткен материалдарды қайталау сұрақтары:

  • Компьютердің құрамына кіретін негізгі құрылғыларды атаңдар.

(Монитор, жүйелік блок, пернетақта.)

  • Компьютердің жадының қандай түрлері бар?

(Ішкі және сыртқы жад. Ішкі жад- жедел жад немесе оперативті жадтайтын құрылғы. Оның екі түрі бар: тұрақты жадтайтын, жедел жадтайтын құрылғы)

  • Тұрақты жад пен жедел жадтың айырмашылықтарын атаңдар.

(ТЖҚ ақпаратты тұрақты сақтайды, компьютр өшірілген кезде ондағы ақпарат бұзылмайды, ал ЖЖҚ ақпаратты уақытша сақтауға арналған, компьютерді өшіогенде ақпарат бұзылады).

  • Ақпаратты енгізу- шығару құрылғыларын атаңдар.

( пернетақта, маус, джойстик, сканер т.б.)

  • Монитордың түрлерін атаңдар.

( түрлі- түсті немесе монохромды)


Жаңа сабақты түсіндіру:

Adobe Photoshop программасы графикалық объектілерді өңдеу, өзгерту, сақтауда қолданылатын пакеттердің бірі. Adobe Photoshop – палитрамен жұмыс істеу, калибровка жасау, сканерлеу, импорттау және экспорттау, облыстарды, контурларды бөлу, салу/өзгерту, түстерді, қабаттарды, каналдар және маскаларды, таңдау және тағы басқа мүмкіндіктерді ұсынады. Adobe Photoshop программасының басты беті төменде келтірілген.



http://aitaber.kz/uploads/images/00/00/14/2012/02/20/cfd6e7.jpg

Міне басты беті осы. Енді әр бөлігіне жеке жеке тоқталып кетейін:



http://aitaber.kz/uploads/images/00/00/14/2012/02/20/104333.jpg

0.

Программа терезесінің атауы. Бұл енді кәдімгі Windows-тың стантартты қатары, яғни ағымдағы программаның атауы жазылған.


1.

Меню жолы
Терезе атауының төменгі жағында меню жолдары орналасқан. Ол құрамына редактордың негізгі меню атауларын қамтиды. Қандай да бір меню командасын таңдау үшін, оның үстінен тышқанмен шертсе болғаны.

Егер соңында көп нүктесі бар команданы орындасақ, экранда диалогты терезе немесе диалог ашылады. Ол жерде сіз кейбір атрибуттарды көрсетіп кетуіңізге тура келеді. Мысалы, Файл менюінің Открыть командасын таңдаған кезде құжаттары бар диалогты терезе ашылып, керекті құжатты таңдап, бағдарламаға жүктеуге болады.

Әртүрлі меню көмегімен бірнеше мәселелерді шешуге болады:
Файл (File) – файлдармен жұмыс: құжаттарды құру, ашу және сақтау; баспаға жіберу және оны ұйымдастыру; құжаттарды импорттау және экспорттау; құжат жайлы ақпаратты теру; редактордан шығу; бейнелерді автоматты өңдеу;


Правка (Edit) – редакторлау: таңдап алынған облыстарды көшіру, өшіру және орнату; іс-қимылдарды кері қайтару; бөлінген облыстарды трансформациялау;

Изображение (Image) – бейнелермен жұмыс істеу: дубляж жасау, холст өлшемдерін және бейнені өзгерту; оны айналдыру, ақ-қара түсті және түрлі-түсті коррекция, түстік моделді өзгерту, түстік қақпанды құру және т.б.;

Слой (Layer) – қабаттармен жұмыс: құру, өшіру, дубляж, қабаттар эффектісі, қабаттарды топтау, байланысқан қабаттарда объектілерді реттеу, қабаттар маскалары және т.б.;

Выбор (Select) – ерекшеленген аумақпен жұмыс: бейнені толығымен ерекшелеу, ерекшелеуді алып тастау және қайтару, ерекшеленген аумақты инвенторлау және трансформаторлау, қысу, жиіліктік мүмкіндігі, берілген түстің облыстарын ерекшелеп алу, ерекшелеуді жүктеу және сақтау;

Фильтр (Filter) –Photoshop фильтрлары;

Вид (View) – редактордың сыртқы келбетімен жұмыс: құжатты көрсету режимдері және масштаб; бағыттауыштарды, торларды, координатты сызықтарды көрсету; бағыттауыштарды құру, торға және бағыттауышқа байланыстыру;

Окно (Window) – әр түрлі құжаттармен бір уақыттағы жұмыс немесе әр терезеде бір құжатпен жұмыс істеу; экранға құралдар панелі мен өзгермелі палитраларды шақыру;
Помощь (Help) – қолданушыға арналған көмекші құжаттарын ашу.

2.

Құралдар панелі
Құралдар панелінің көмегімен біз сурет саламыз, бояймыз, бейненің керекті облыстарын бөліп аламыз, оларды жылжытып өзгертеміз, мәтін енгіземіз және т.б. амалдарды орындаймыз. Жоғарғы жақта редактор терезесінің қалпын өзгертетін батырма орналасқан.

1. Ағымдағы форма облыстарын ерекшелеп алуда қолданылатын құралдар
Тікбұрышты облыс (Rectangular Marquee), Shift+M;http://aitaber.kz/uploads/images/00/00/14/2012/02/20/132e96.jpghttp://aitaber.kz/uploads/images/00/00/14/2012/02/21/887701.jpg

Эллипс типті облыс (Elliptical Marquee), Shift+M;

Жалғыз жол (Single Row Marquee), Shift+M;

Жалғыз баған (Single Column Marquee), Shift+M.


2. Облыстарды ерекшелеп алуда қолданылатын құралдар
Лассо (Lasso), Shift+L;

Көпбұрышты лассо (Polygonal Lasso), Shift+L;

Магнитті лассо (Magnetic Lasso), Shift+L.


3. Шеттер бойынша қиып алу құралдары Кадрлау (Crop), Shift+C.

4. Ретуш операциясына қажетті құралдар:

Қайта келтіру кисть (Healing Brush), Shift+J;

Заплатка (Patch), Shift+J.


5. Бейне бөліктерін көшіру құралдары

Клондаушы штамп (Clone Stamp), Shift+S;

Өрнек штампы (Pattern Stamp), Shift+S.


6. Өшіруге арналған құралдар:

Өшіргіш (Eraser), Shift+E;

Фонды өшіргіш (Background Eraser), Shift+E;

Сиқырлы өшіргіш (Magic Eraser), Shift+E.


7. Дәлдікті басқару құралдары

Жуу (Blur), Shift+R;

Дәлдік (Sharpen), Shift+R;

Саусақ (Smudge), Shift+R.


8. Векторлық контурларды салу және өңдеу үшін құралдар

Перо (Pen), Shift+P;

Бос форма(Freeform Pen), Shift+P;

Тіректі нүктені қою (Add Anchor Point), Shift++;

Тіректі нүктені жою (Delete Anchor Point), Shift+-;

Нүктені түрлендіру (Convert Point).


9. Векторлық контурларды бөліп алу құралдары

Контурды бөліп алу (Path Selection), Shift+A;

Тік бөліп алу (Direct Selection), Shift+A;


10. Комментарий құруға арналған құралдар

Комментарий (Notes), Shift+N;

Аудиоаннотация (Audio annotation), Shift+N.


11. Қол (Hand) терезесінде бейнелердің орнын ауыстыру үшін құралдар, Shift+H.


12. Активті түстерді басқару үшін қолданылатын құралдар


13. Жылдам маскілеу режимінде редакторлайтын батырманы қосу (edit in quick Mask Mode), Shift+Q

Өңдеудің стандартты режимін қосып қою құралы. (Edit in stardart Mode), Shift+Q.


14.Бөлінген облыстардың орнын ауыстыру (Move) үшін қолданылатын құралдар, Shift+V.
15. Бір түсті облыстарды бөліп алуда қолданылатын құрал (Magic Wand), Shift+W.
16. Бейнені фрагментке кесуде қолданылатын құралдар

Фрагмент (Slice), Shift+K;

Фрагментті бөліп алу (Slice Select), Shift+K.


17. Сурет салуда қолданылатын құралдар

Кисть (Brush), Shift+B;

Карандаш (Pencil), Shift+B.


18.Бейнелердің алдында болған жағдайына келтіретін құралдар Қалпына келтіретін кисть (History

rush), Shift+Y;


19. Бөлініп алынған облыстарды бояу құралдары

Градиент (Gradient), Shift+G;

Бояуы бар шелек (Paint Bucket), Shift+G.


20. Жарықтылықты басқару құралдары

Жарықтағыш (Dodge), Shift+O;

Қараңғылатқыш (Burn), Shift+O;

Губка (Sponge), Shift+O.


21. Мәтін енгізу үшін қолданылатын құралдар

Горизонтальды мәтін (Horizontal type), Shift+T;

Вертикалды мәтін (Vertical Type), Shift+T;

Горизонталды мәтін маскасы ( Horizontal Type Mask), Shift+T;

Вертикалды мәтін маскасы (Vertical Type Mask), Shift+T.


22.Векторлық фигураларды салуда қолданылатын құралдар Тікбұрыш (Rectangle), Shift+U;

Дөңгелектенген тікбұрыш (Rounded Rectangle), Shift+U;

Эллипс (ellipse), Shift+U;

Көпбұрыш (Polygon), Shift+U;

Түзу (Line), Shift+U;

Қолданушы формасы (Custom Shape), Shift+U.


23. Қашықтық пен бұрыштарды өлшеуде, түстерді өлшеу және көшірмесін алатын құралдар

Пипетка (Eyedropper), Shift+I;

Түстік пробалар (Color Sampler), Shift+I;

Өлшеуіш (Measure), Shift+I.


24. Бейнені әртүрлі масштабта қарап шығу құралы Лупа (Zoom), Shift+Z.

3.

Қасиеттер панельі

Ағымдағы құралды баптауға арналған панель

4.

Бейнелермен жасалатын операциялардың барлығы палитралар көмегімен іске асады. Олардық барлық саны 21. Бірге қолданылатын палитралар «бір шатырдың астында» орналасады.


http://aitaber.kz/uploads/images/00/00/14/2012/02/21/ea1578.jpg

5.

Бұл да басқаруға арналған палитралар, жинақтастырылып қойылған

Тапсырмалар: Жұмыс дәптеріндегі 2.2.13,14,15 тапсырмаларды орындау.


Сабақты бекіту: - Қандай ақпаратты енгізу манипуляторлары бар? Айырмашылықтары қандай?

  • Қандай графикалық деректерді енгізу құрылғылары бар?

  • Олардың айырмашылықтары қандай?

  • Принтерлердің қандай түрлері бар?

  • Олардың айырмашылықтары қандай?

Бағалау: оқушылардың білімін бағалау.

Сабақты қорытындылау: Сұрақтарға берген жауаптарын толықтыра отырып, сабаққа қысқаша шолу жасау арқылы қорытындылау.

Үйге тапсырма: оқулықтағы 2.2. тақырыпты оқу, сөзжұмбақ, ребус дайындау



Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 18.02.2016
Раздел Информатика
Подраздел Конспекты
Просмотров307
Номер материала ДВ-464749
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх