Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Информатика / Презентации / Презентация по информатике на тему "Ақпараттық құқық"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 26 апреля.

Подать заявку на курс
  • Информатика

Презентация по информатике на тему "Ақпараттық құқық"

библиотека
материалов

Ақпараттық құқық түсінігі. Ақпараттық құқықтың даму тарихы.


1997жылы шыққан «Ақпараттық құқық», пәнінің алғашқы басылымында ақпараттық құқық пәні құқық жүйесіне кірген жаңа пәндердің бірі ретінде қарастырылды. Басты назар ақпараттар аумағына, ақпараттар мен оны пайдалануға байланысты туындағын қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеуге арналды. Ақпараттық құқық объектілерінің ерекшеліктеріне, ақпараттардың түрлері мен таралу формаларына, ақпараттық технологияларға, оны қамтамасыз ету мен ақпараттық қауіпсіздікке де баса назар аударылды. Ақпараттық құқықтың қайнар көздерінің сипаттамалары берілді.Уақыт өте келе адам мен қоғам даму процесінде ерекше рол атқаратын ақпараттар жүйесінің жаңа ақпараттық технологиялары дами түсті, сөйтіп бүкіл әлемге әйгілі ақпараттық Интернет жүйесі пайда болды.

Ақпараттық құқық саласының жан-жақтылығын, бұл саланың ақпараттарды даярлау, беру, талдау жасау, іздеу, пайдалану таратуға байланысты туындайтын барлық қоғамдық қатынастарды ретке келтіріп отыратындығымен түсіндіруге болады. Ақпарат адам және қоғам өмірінің барлық деңгейінде, барлық саласында бірдей қолданылады, адаммен қоғамның күнделікті ақпараттарсыз дамуы, алға басуы мүмкін емес.

Ақпараттық құқықтың да құқық саласы ретінде ретке келтіріп отыратын өз алдына қоғамдық қатынастары бар-ол ақпараттарды пайдалануға байланысты орнайтын қоғамдық қатынастар.Құқық саласының өзге түрлерінен басты айырмашылығының бірі құқықтық қатынастарды реттеуде құқықтық информатика, құқықтық кибернетика тәсілдерін қолданатындығында.

Құқықтық информатика және құқықтық кибернетика тәсілдері ақпараттық аумақтарда ақпараттарды зерттеу, басқару, объектілердің бір-бірімен байланысын құқықтық реттеуге, ақпараттық технологиялармен және құралдармен қамтамасыз етуге байланысты туындайды. Бұл ақпараттық құқықтық қатынастар орнатқан объектілер арасындағы қатынастардың сапалылығын және екі жаққа бірдей тиімділігін орнатады.

Ақпараттық құқық құқық әлемінде аралық ғылым ретінде күрделі әлеуметтік жүйедегі ақпараттық маңызын түрлі әдіс-тәсілдерді қолдана отырып зерттейтін ғылым саласы.

«Ақпараттық құқық» пәнін орта мектептерде, арнайы және жоғары білім беретін оқу орындарында білім алып жүрген болашақ мамандарға оқытудың өзектілігі-ақпараттық құқықтың XXI ғ. ақпараттық қоғамның негізділігіне байланысты.

Ақпараттық құқық пәнінің жүйесін Жалпы және Ерекше бөлімдер құрайды.

Жалпы бөлімі ақпараттық құқық жүйесін құрайтын жалпы мәліметтерден тұрады, атап айтқанда; ақпараттық құқық пәнінің түсінігі, әдістері, тәсілдері, қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеуде қолданылатын қағидалар және олардың түрлері т.б жалпылама мәліметтер. Ақпараттық қатынастарды құқықтық реттеуге, ақпараттық технологиялар мен құралдарды пайдалануды қамтамасыз ету, Интернетті пайдалануға байланысты туындайтын сұрақтардың шешімін табу жайлы мәліметтер береді.

Ақпараттық құқықтың Ерекше бөлімінде түрліше салалардан ақпараттарды алу, пайдалану, таратуға байланысты туындайтын қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеудің жолдары, әдіс-тәсілдері жайлы оқытады.Сөйтіп, ақпараттық құқықтық институттың екі тобы –ашық мәліметтерді тарату институты және таратуға шектеу қойылған мәліметтер институты, ақпараттық құқықтың екі білімін құрайды.

Ақпараттық құқықтың ашық мәліметтерді тарату институтына жеке меншік институты, бұқаралық ақпарат институты, кітапханалық ақпарат институты, мұрағаттық ақпарат институттары жатады. Таратуға шектеу қойылған мәліметтер институтына, мемлекеттік құпия, коммерциялық құпия, жеке құпиялар институты жатқызылады.

Ақпарат мемлекет және қоғам өмірінің дамуының барлық кезеңдерінде маңызды мәселелерге байланысты қажетті шешімдер қабылдауда басты рол атқарды. Ақпараттарға талдау жасап, тиісті шешімдер қабылдау нәтижесінде қоғамда күн сайын үлкен өзгерістер болып жатады.

Алғашқы ақпараттық революция жазуды ойлап шығарумен тікелей байланысты, сөйтіп қоғамда болып жатқан өзгерістерді тіркеу мүмкіндігі пайда болды. Екінші ақпараттық революция кітап басуды ойлап шығарумен тікелей байланысты. (XVIғ.) (алғашқы кітап басуды ойлап шығарғандар Гуттенберг және Иван Федоров). Келе-келе ірі тираждармен кітап басып шығару жолға қойылды да адамдардың білім алу мүмкіндігі кеңіді.

Үшінші ақпараттық революция (XIXғ. ) электрді ойлап табумен тікелей байланысты, өйткені сол уақытта телеграф, телефон, радио құралдары арқылы көп мөлшердегі ақпараттарды беру мүмкіндігі пайда болды.

Төртінші ақпараттық революция (XX ғ. ортасы.) есептеу техникаларын және жеке компьютерлер, телекоммуникация жүйесін пайдалануды ойлап табумен байланысты.Мәліметтерді электрондық пошта жүйесі арқылы жинау, сақтау, талдау жасау, пайдалануға ұсыну мүмкінлігі пайда болды.

Бесінші ақпараттық революция барлық мемлекеттер мен елдерді байланыстыратын, барлық адамдардың бір уақытта пайдалануына мүмкіндігі бар Интернет жүйесінің ашылуы.


Ақпараттық құқық реттетін қоғамдық қатынастар. Ақпараттық құқықтың әдістері мен қағидалары


Ақпараттық құқық құқықтың өз алдына жеке саласы ретінде ақпаратқа байланысты қоғамдық қатынастарды реттеу міндетін жүзеге асыруы ақпараттық қатынастардың орнауы деп аталады. Ақпараттық құқықтық қатынастардың орнауында қандай ерекшеліктер бар, ақпараттық құқық үшін бұл ерекшеліктердің маңызы неде ? Ең алдымен ақпараттық құқықтық қатынастардың орнауының басты ерекшелігі объектілердің түрлерінде, олар ақпарат және ақпараттық объектілер және ақпарат аумағында олардың арасында туындайтын құқықтық қатынастар. Ақпараттық құқықтық қатынастар объектілердің ерекшеліктеріне және заңдылық маңыздылығына байланысты орнайды. Көбінесе ақпараттық құқықтық қатынастардың объектілері болып ақпарат, ақпараттық объектілер, ақпараттық технологиялар, құрал-жабдықтар, байланыс құралдары және телекоммуникация жүйесі жатады.

Ақпараттық аумаққа бірлесе отырып жасалған талдаулар нәтижесі, бұл аумақта ақпаратқа байланысты әрекет ететін субъектілермен объектілердің құқықтары мен міндеттерін есепке ала отырып, олардың түрліше бағыттағы қоғамдық қатынастарына қарай, ол қатынастарды негізгі блоктар бойынша бір жүйеге топтастыру керек деген шешімге келді. Ақпаратық қатынастардың пайда болуына төмендегідей ерекшеленген ақпараттар әсер етеді:

  • пайда болады, дамиды, ақпаратқа айналған соң ақпараттық аймақта таратылу үшін қалады;

  • адамдар мен азаматтардың ақпараттық аймақтағы құқықтары мен бостандықтарын мемлекетттік саясаттың құптауын қамтамасыз етеді;

ақпараттар алуда ақпараттар мен ақпараттық объектілердің заңдық қасиеттері және

арнайы ерекшеліктерін ескере отырып қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеудің

жария-құқықтық және азаматтық құқықтық әдістерін қолданады.

Ақпараттық қатынастардың азаматтық-құқықтық аспектілері азаматтардың ақпараттық құқық пен бостандықтарын пайдалану ерекшеліктерін, ең алдымен ақпараттық аумақтағы мүліктік құқыққа байланысты қоғамдық қатынастарды, ақпараттық ресурстарды ақпараттық қатынастардың объектілері ретінде қарастыруды ұсынады.

Ақпараттық қатынастардың жария-құқықтық аспектілері азаматтардың конституцияда көрсетілген ақпараттар алуға,ақпараттық мәліметтерді алуды басқаруға, құруға және ақпараттық қауіпсіздікке байланысты құқықтары мен бостандықтарын пайдалануға байланысты қоғамдық қатынастарды ретке келтіру турасындағы мәліметтерді реттейді.

Ақпараттық аумақтағы қоғамдық қатынастарға тән мәселе- олар пайда болады, дамиды және қажеттілік жойылғанда қоғамдық қатынастар да жойылады. Ақпараттық құқық пәні арқылы неғұрлым сапалы және тиімді ақпараттар алу әдістерін, адамды, қоғамды, мемлекетті қауіпті және кері ақпараттар алудан сақтандыру формаларын оқып үйренеді.

Ақпараттық құқық мен бостандықтың өзекті мәселесі алдына қойған басты мақсаты-жоғары инттеллектуалды дамыған тұлғаның санын көбейту, ерікті және демократиялық қоғамда ақпарат алу мүмкіндігін пайдалана білетін адамдар санын күн сайын артуына жол ашу, осы мақсатты жүзеге асыруда жалпықұқықтық және арнайы құқықтық қағидаларды пайдалана білу.

Ақпараттық құқықтың әдістері


Ақпараттық құқықтағы құқықтық реттеу әдістері - бұл ақпараттық құқық салаларының ақпараттық қатынастарға әсер ету тәсілдерінің жиынтығы. Құқықтың кез келген салаларын қарастыра отырып, ғалымдар әрбір саланың құқықтық реттеуді жүзеге асыратын өз әдіс-тәсілі бар деген тұжырымға келді. Бірақ, барлық құқық салалары құқықтық реттеуді жүзеге асыру мақсатында бірыңғай құқықтық механизмді пайдаланды, олар: бұйыру, тыйым салу және ерік беру.

Бұйыру —қоғамдық қатынасқа қатысушылардың барлығы құқықтық нормалардың талаптарына қарай әрекет етуі керек. Бұл әдіс көбінесе әкімшілік құқықта қолданылады, өйткені ондағы нормалардың басым көпшілігі бұйрық сипатында болады.

Тыйым салу- —қоғамдық қатынасқа қатысушыларға құқықтық нормаларда көрсетілген кейбір әс-әрекеттеерді жүзеге асыруға тыйым салынады.Бұл әдісті көбінесе қылмыстық құқықта қолданады.

Ерік беру —қоғамдық қатынасқа қатысушыларға заңдық маңызы бар кейбір әрекеттерді орындауға немесе өз еркі бойынша орындамауға рұқсат етіледі.Бұл әдіс көбінесе азаматтық құқықта қолданылады, өйткені ондағы нормалардың көпшілігі қатысушы жақтардың теңдігі негізін басшылыққа ала отырып құрастырылған.

Ақпараттық құқықта жоғарыда келтірілген құқықтық реттеу тәсілдерінің барлығы да қолданылады. Шынында да ақпараттар адам дамуының барлық сатысында қолданылатындықтан ақпараттық қатынастарды реттеуде ақпараттардың түрлері мен субъектілердің ақпараттарды пайдалануына байланысты жеке және жария құқықтың барлық әдістері қолданылады

Ақпараттық құқық аумағындағы қоғамдық қатынастарды реттеуге төмендегідей ерекше белгілер тән:

Құқықтық қатынас субъектілерінің теңдігі, атап айтқанда, өз еркінше әрекет ету және еркінің тәуелсіздігі;

Құқықтық қатынасқа қатысушылардың бостандығы және өз құқықтарын жүзеге асырудағы еріктілігі;

Құқықтық қатынасқа қатысушы субъектілердің өз міндеттемелері бойынша жауаптылығы.

Ақпараттық құқықта құқықтық реттеудің диспозитивтік әдістері меншіктерге байланысты ақпараттық қатынастар пайда болғанда қолданылады, атап айтқанда, (мүліктік және интеллектуалдық), ақпараттық технологиялар мен құралдарды жасап шығарғанда және пайдаланғанда ( авторлық құқық, меншікке байланысты құқық, ақпараттық технологияларға тапсырыс берушілер мен жасап шығарушылар арасындағы қоғамдық қатынастар) т.б.

Ақпараттық құқықта құқықтық реттеудің императивтік әдістеріне тән белгілер:

Биліктік қатынасты пайдалану «команда — орындау» или «билік — бағыну» (тараптардағы келісімнің жоқтығы, тараптардағы теңсіздіктің орын алуы );

субъектілердің құқықтарының құқық шеңберімен тікелей байланыстылығы (жария құқық субъектілері өз қалаулары бойынша әрекет етеді, бірақ заң шеңберінен шығуына болмайды, яғни өкілеттілік тізімінің жабықтығы);

субъектілердің мақсатқа жетуі үшін белгілі бір бағыт бойынша әрекет етуі;

кейбір әрекеттерге құқық бқзушылық орын алмауы үшін тыйым салынуы;

сендіру мен мәжбүрлеудің бірлестігі.

Ақпараттық құқықта ақпараттық қатынастарды реттуде императивтік әдістер қолданылады:

Мемлекеттік билік пен жергілікті атқару органдарының ақпараттарды өндіру мен таратуға байланысты өкілеттілігін бекіту;

Мемлекеттік ақпараттық жүйе мен технологияларды құру және пайдалану тәртібін, ақпараттардың кейбір түрлеріне талдау жасау тәртібін қадағалаудағы мемлекеттік билік пен жергілікті атқару органдарының өкілеттілігін жүзеге асыру;

Ақпараттық қоғам құру және оның дамуына жағдай жасау жөніндегі мемелекеттің саясатын жүзеге асыруда;

Ақпараттық ресурстар мен мемлекеттік ақпараттық жүйені тіркеуге байланысты әрекетті жүзеге асыруда;

Бұқаралық ақпарат аумағындағы ақпараттық қатынастарды реттеуге байланысты әрекеттерді жүзеге асыруда;

Ақпараттық қауіпсіздік аумағындағы қатынастарды реттеуде, атап айтқанда мемлекеттік, коммерциялық, жекелеген т.б құпия түрлеріне байланысты;

Ақпарат аумағындағы өнімдер мен қызмет көрсету түрлерін пайдалануға байланысты қызметтерге лицензия беруге байланысты;

Ақпарат аумағындағы мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдарының түрліше әрекеттеріне байланысты.

Ақпараттық құқықтың қағидалары


Ақпараттық құқық аймағындағы ақпараттық-құқықтық қатынастар төмендегі қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады:

1. Жеке тұлғаның құқықтары мен бостандықтарының жоғарылығы. Бұл қағида Конституцияның 2 бабын басшылыққа ала отырып жүзеге асырылады., ол бойынша адамның құқығы мен бостандығын қорғау мемлекеттің басты міндеті. Сондықтанда мемлекет ақпарат аумағында жеке тұлғалардың құқығы мен бостандығын қорғауға міндетті.

2. Заңмен шектеу қойылмаған ақпараттарды тарату еріктілігі. Адамның, қоғамның, мемлекеттің мүддесіне қайшылық келтірмейтін және заңмен таралуына тыйым салынып немесе шектеу қойылмаған кез келген ақпараттарды таратуға болады.

3. Адамның, қоғамның, мемлекеттің мүддесіне қайшы келетін, қауіп төндіретін ақпараттардың таралуына тыйым салу қағидасы. Мұндай ақпараттардың таралуына арнайы заң нормалары арқылы тыйым салынады және заңсыз таратылған жағдайда заңмен қудаланады.

4. Ақпарат алу еркіндігі ( ашықтығы) заңмен тыйым салынбаған және заң бойынша шектеу қойылмаған кез келген ақпаратты алуға және таратуға, оқып танысуға әрбір тұлға ерікті.

5. Ұсынылған ақпараттардың толықтығы және жеделдігі. Мемлекетік билік және жергілікті ақтару органдары өз өкілеттіліктері шегінде толыққанды ақпараттар жинауға, сақтауға, таратуға және пайдалануға ұсынуға құқылы.

6. Заңдылық қағидасы.Ақпараттық құқық субъектілері ақпараттық құқықтық қатынастарды жүзеге асырғанда заңдылық шегінен шықпауы керек, әрекеттері Конституцияға сәйкес жүргізілуі керек.

7. Жауаптылық қағидасы. Ақпараттық құқықтың субъектілері өз әрекеттері шегінде келтірілген зардап көлеміне сай жауаптылыққа тартылуы мүмкін.

Заңдық ерекшеліктеріне және маңызына қарай төмендегідей қағидаларды ұсынуға болады:

8. Ақпарат алушының ақпаратты ұсыну құқығы. Ақпарат алушыға ақпарат ұсынушы субъект ақпараттық құқықтық қатынасқа түскен кезде сол ақпаратқа байланысты құқықтары мен міндеттерін қоса ұсынады, ал ақпарат алушы ақпаратты пайдалануда құқық бұзушылық әрекет жасаса, келтірген зардабына қарай жауаптылыққа тартылады.

9. Айналымға түскен ақпаратты құқықтық реттеу қағидасы. Айналымға түскен ақпарат оған қатысушылардың мүдделерін қорғау мақсатында заңмен қорғалады.

11. Ақпараттың таралым қағидасы. Мазмұнына өзгеріс енгізілмей бір ақпарат бірнеше рет айналымға ұсынылуы мүмкін және таралымына шектеу қойылмайды, егер ол туралы заңмен шектеу қойылмаса.

12. Ақпараттарды таратуды ұйымдастыру формасы қағидасы. Ақпараттарды таратуды ұйымдастырудың арнайы формасы көзделген, мысалы, құжат түрінде. Ақпарат арнайы құжат түрінде бекітіліп заңдастырылуы мүмкін.


Ақпараттық құқықтың субъектілері. Ақпараттық құқықтың жүйесі, ақпараттық құқықтың құқық жүйесіндегі орны

Мемлекеттік органдар, жергілікті ақтару органдары, заңды және физикалық тұлғалар ҚР заңдарына сәйкес әрекеттері ақпараттық құқықтық нормалар арқылы реттелетін ақпараттық құқықтық қатынастардың субъектілері бола алады. Ақпараттық құқық субъектілерінің аумағы өте кең. Ақпараттық құқықтың субъектілері болуы үшін субъектінің жеке басына тән қасиеттері болуы керек, олар: ақпараттық құқыққабілеттілік және ақпараттық әрекетқабілеттілік.

Ақпараттық құқыққабілеттілік мемлекет бекіткен және мемлекетпен қорғалатын құқықтық қатынастарға түсуге мүмкіндік берілген жалпықұқыққабілеттіліктің көрінісі. Бұл жағдайда субъектіге құқықтар беріліп, міндеттер жүктеледі, яғни құқыққабілеттілік құқықтық қатынгастарға түсудің алғы шарты болып табылады. Субъект заңмен бекиітілген құқығы көлемінде әрекет етіп, өзіне жүктелген міндеттерді жүзеге асырады және әрекеті шегінде келтірген зардабы үшін құқықтық жауаптылыққа тартылады. Ақпараттық құқық нормаларына сәйкес құқықтар беріліп, міндеттер жүктелген кез-келген тұлға ақпараттық құқықтың субъектісі бола алады.

Бірақ осыған қарамастан ақпараттық құқықтың субъектісі болу үшін құқыққабілеттілік жеткіліксіз, онымен қоса субъектіде әрекет қабілеттілік те болуы керек. Субъектінің әрекет қабілеттілігі бұл-жеке өз әрекеті арқылы құқыққа ие болу, өзіне заңды міндет жүктеу, сонымен қатар жасаған әрекеті үшін жауап беру мүмкіндігінің болуы. Біздің жағдайымызда субъекті өзінің ақпараттық құқыққабілеттілігін нақты ақпараттық құқықтық қатынастар жасауға жұмсау мүмкіндігі.

Жария құқықтық ережелер бойынша ақпараттық аумақта ақпараттық құқықтық қатынастарға түсетін негізгі субъектілер жеке және заңды тұлғаларды ақпараттармен қамтамасыз ететін мемлекеттік басқару және жергілікті атқару органдары. Мұндай жағдайлар мекемелер мен кәсіпорындарға да қатысты. Бірақ бұл жағдайда, ақпараттық әрекетқабілеттілік кәсіпорынның тікелей өзімен емес, оның атқарушы органдары арқылы жүзеге асырылады. Ақпараттық аумақтағы азаматтық құқыққабілеттілік бұл-мемлекеттің азаматтардың ақпараттық аумақтағы құқықтарын жүзеге асырып, міндеттерін орындауын тануы болып табылады. Бұл жерде негізгі құқықтық қатынастардың субъектілері- бір-бірімен ақпараттық аумақтарыда азаматтық-құқықтық қатынастрға түсетін заңды және физикалық тұлғалар, мемлекеттік басқару және жергілікті атқару органдары болып табылады. Ақпараттық аумаққа және онда әрекет ететін субъектілерге талдау жасау нәтижесі субъектілерді негізгі үш санатқа бөліп қарастыру қажеттілігін айқындады:

1) ақпарат өндірушілер, ақпараттық ресурстар, ақпараттық өнімдер, ақпараттық қызмет, ақпараттық жүйе, технология және құралдармен қамтамасыз ету;

2) ақпарат таратушылар (иелері), ақпараттық ресурстар, ақпараттық өнімдер, ақпараттық қызмет, ақпараттық жүйе, технология және құралдармен қамтамасыз ету;

3) ақпараттарды тұтынушылар, ақпараттық ресурстар, ақпараттық өнімдер, ақпараттық қызмет. Ақпараттық аумақта әрекет ететін барлық субъектлер үшін келтірген залалдарынынң сипатына қарай азаматтық-құқықтық, әкімшілік-құқықтық, және қылмыстық құқықтық жауаптылық туындауы мүмкін.

Ақпараттық құқықтың жүйесі, ақпараттық құқықтың құқық жүйесіндегі орны

Ақпараттық құқық құқық саласы ретінде , ақпараттық аумақтағы субъектілердің әрекеттерін реттейтін құқықтық нормалар жиынтығын құрайды. Ақпараттық құқықтың ішінде бұл нормалар салалық және құқықтық болып екі институтқа бөлінеді, бірақ бұл екі институттың қамтитын нормалары бір-бірімен тығыз байланыста болады.

Ақпараттық құқық екі бөлімне тұрады: Жалпы және Ерекше.

Ақпараттық құқықтың жалпы бөлімінде ақпараттық құқық туралы негізгі түсініктер, қағидалары, құқықтық қатынастарды реттеу формалары мен әдістері, пәннің мазмұны, мәні , қайнар кқздері туралы мәліметтер беріледі. Ақпараттық құқық жүйесінде құқықтық қатынастарды реттеуге байланысты, атап айтқанда ақпараттарды іздеу, алу, пайдалану, тұтыну, тарату, сақтау , ақпараттық қауіпсіздікке байланысты құқықтық реттеулер жайлы да осы Жалпы бөлімді оқытылады.

Ерекше бөлімді ақпараттық құқықтың жекелеген институттарының жұмыстарын ұйымдастыру мәселелерінге жеке-жеке тоқталады және ол институттарды үлкен екі бөлімге бөліп қарастырады. Ашық, жалпыға бірдей тұтынуға ұсынылатын ақпараттармен және тұтынуға шектеу қойылған немесе құпия мәліметтерді таратумен айналысатын институттар.

Сонымен ақпараттық құқық жүйесі төмендегідей:

Жалпы бөлім

  • Кіріспе. Ақпараттық құқық пәні, пәннің әдістері, түсінігі.Ақпараттық құқықтың қайнар көздері

  • Ақпааратарды іздеу, алу және пайдалану құқығы.Ақпарат-жеке айналым объектісі ретінде.

  • Ақпараттық технологиялар мен құралдар және олармен қамтамасыз ету-ақпараттық құқықтық қатынастардың объектлері ретінде.

  • Ақпараттық қауіпсіздіктің құқықтық проблемалары. Интернет жүйесінің құқықтық проблемалары.

Ерекше бөлім

  • Жеке меншік құқығының ақпараттық аспектлері. Жалпыға ортақ ақпараттарды жасау және таратуды қүұқықтық реттеу.

  • Кітапхана ісі бойынша ақпараттық қатынастарды құқықтық реттеу. Мұрағат және мұрағат ісі бойынша ақпараттық қатынастарды құқықтық реттеу

  • Мемлекеттік құпия бойынша ақпараттық қатынастарды құқықтық реттеу

  • Коммерциялық құпия бойынша ақпараттық қатынастарды құқықтық реттеу. Жекелеген ақпараттар бойынша ақпараттық қатынастарды құқықтық реттеу.

Ақпараттық құқықтың құқық жүйесіндег орны туралы: ақпараттық құқық мемлекет және құқық теориясының негізгі қағидаларын басшылыққа ла отыры, конституциялық, әкімшілік, қаржы, қылмыстық азаматтық, еңбек т,б, құқықтармен тығыз байланыста дамып, өзінің құқықтық қатынастарын дамытып отырады.


Ақпараттық құқық жеке өз алдына пән және ғылым саласы ретінде


Ақпараттық құқық пәні ақпараттық аумақтағы әрекет етуші субъектілердің әрекеттерін реттейтін нормалар жиынтығын құрайды. (азаматтардың, кәсіпорындар мен мекемелердің, жергілікті басқару және атқару органдарының) Егер ақпараттық құқық пәні ақпараттық аумақтағы ақпараттық қатынастарды ретке келтіретін нормалар жиынтығын құрайтын болса, ақпараттық құқық ғылымы осы құқықтық нормаларды оларды пайдалануына байланысты зерттеп, жіктейді, белгілі бір жүйеге келтіреді, құқықтық институттарға біріктіреді. Ақпараттық құқық ғылымы жаңада ғана дамып жетіліп келе жатқан ғылым саласының бірі. Бұл сала бойынша зерттеу жұмыстары арнайы статьялар, монографиялар жазу, конференциялар мен дөңгелек үстелдерге қатысып, Интернет жүйесі арқылы пікір алмасулар арқылы да жүргізіліп отыр.

Ақпараттық құқық ғылым саласы ретінде ақпарат аумағына байланысты өзекті мәселелерді зерттеумен айналысатын ғылым саласы ретінде танылып отыр.

Негізгі бағыттар:

-Ақпарттық құқық түсінігінің, терминдерінің нақты анықтамасын беру;

-Ақпараттық құқықты құқықтың жаңа саласы ретінде зерттей отырып, оның өзіне тән ерекшеліктерін анықтау;

-Жалпы құқық саласы ретінде ақпараттық құқық жүйесінің құрамын және құрылымын зерттеу,бұл саланың басқа құқық салаларымен өзара байланысын зерттеу;

-Ақпараттық - құқықтық нормаларды зерттеу, ақпараттық - заңға сүйінген нормалардың олардың құрылымдарының ерекшеліктерін зерттеу , ерекшеліктерді бағалау олардың толықтығын және сапалы дайындалуын қадағалау;

-Ақпараттық құқықтық қатынастардың зерттелуіне көңіл бөлу , ақпараттық құқықтық қатынастардың субъектілерінің мінез-құлық ерекшеліктерін зерттеу, құқықтардың, міндеттерін және тараптардың жауаптылығының анықтау — ақпараттық құқықтық қатынастардың қатысушыларының , заңгерлік фактілердің орынды болуына назар аудару;

-Ақпараттық ерекшеліктердің зерттелуі және ақпараттық объектілердің заңдық қасиеттері жөнінде қайсылардың ақпараттық болуын ажыратуға баса көңіл бөлу ;

Зерттеу және ақпараттық құқық қағидаларының өңделуі , ақпараттық құқықтың заңға сүйінген жөнге салу әдістерінің қолдану ерекшеліктерінің пайдалуды жүзеге асыруы арқылы пайда болады.Ақпараттық құқықтың қайнар көзі-ақпараттық заң шығарулар, сот шешімдерінің, құқыққолданушылық саласындағы басқа да заңдық актілер болып табылады.

Жүйеге келтіру және кодификация ақпараттық - заңға сүйінген нормаларды біріктіру: оларды институттарға және ақпараттық құқық топтарға бөлу болып табылады.

Теориялық негіздерді өңдеу және қажетті тәсілдерді қолдану арқылы ҚР ақпараттық кодекс құрулары негізгін салу - зерттеу қолдану тәжірибелілері және әдістердің ақпараттық құқық нормаларының нәтижелілік жоғарылаулары арқылы жүзеге асырылады.

Ақпараттық құқық әдісі-әртүрлі ақпараттық құқық зерттеуі жанында қолданылатын дәстүрлілер сияқты - заңға сүйінген ғылымның әдістернің топтамасы . Маңызды назар әдістерге арналғанымен, ақпараттық объектілердің зерттеуіне арналған ерекше объектілердің арасындағы құқықтық қатынастарды орнататын ерекше әдістер де болуы мүмкін.

Әдістер ең алдымен ақпараттық құқық зерттеуі үшін қолданылатындықтан, ең алдымен заңға сүйінген нақты әдістердің ғылымижәне методологиялық негіздері құрастырылады .

Формалдық - догмалық әдіс. Ол қатынастарды суреттеу сияқты және ақпараттық - заңға сүйінген нормаларды талдау және құқықтық қатынастарды суреттеумен қоса түсіндіру, топтастыру және құбылыстарды жүйеге келтіру, ұғымдарды, нормаларды, құқықтық қатынастарды, актілерді суреттеу арқылы бір топқа немесе институтқа біріктіру.

Ақпараттық құқық жүйелері ақпараттық - заңға сүйенген құбылыстарды топтастырып,ұғымдардың және нормалардың, басқа элементтер нәтижесінде салыстырудың олардың пайдалануына айқын негіздермен зерттеушіге ыңғайлы және өлшемдес мүмкіншілік береді , ал толық ұсыну демек , көбірек олар туралы көбірек мәліметтер жинастыру . Топтастыру арқылы жекеленген білім бір жүйеге келтіріледі жәнепайдалануға ұсынылады.Ақөпараттық құқық туралы білім формалдық - догматтық әдісті қолдану нәтижесінде жүйеге келеді, есте сақтауына айқын және ыңғайлы түрі ұсынылады.

Әдіс салыстырмалы заңға сүйенген зерттеулер негізінде жүзеге асырылады, яғни, екінің немесе көбірек біртүрлі ұқсас элементтердің ақпараттық құқықтардың ( институттардың , нормалардың , ұғымдардың және т . б .) басқа элементтерімен ұқсастығы немесе айырмашылығы зерттеледі. Салыстыру қисынды қабылдау сияқты болжанады, не зерттейтін объектілердің элементтеріндегі міндетті ұқсастықтар есепке алынады. Сондай салыстырмалы зерттеулер зерттеу қорытындыланыр шетінен алып пайдалануға маңызды материалды алуға рұқсат етеді Дәл осылай , ақпараттық құқық зерттеулерінің мақсатымен құқықтың жалпы теориялары , конституциялық құқықтар , әкімшілік құқықтар , азаматтық құқықтар , қаражаттық құқықтар , қылмыстық құқықтар және құқық басқа да құқық саласында салыстыр әдістері нәтижелі қолданыла алады . Салыстырмалы зерттеулер ақпараттық құқық зерттеуінде ыңғайлы және жеткілікті нәтиже алу үшін қолданылады және табиғи ғылымның , мысалы , информатика және заңға сүйенген информатика , заңға сүйенген кибернетика салаларында да қолданылады.

Жеке бақылау әдістері. Жеке бақылау әдістері ең маңызды әдістердің бірі болып саналады және нақты бақылау жүргізу барысында материал жиналады. Жиналған материалдар статистикалық өңдеулерден өткізіледі,ол әдісті қолдану құбылыстардың қайталанғыштық , оқиғалардың жиілігі, ақпараттық құқық жүйесінде фактілерді табуға рұқсат етеді .

Салыстырма - тарихи әдіс құру тарихтері талдауда негізі салынған және ақпараттық құқық дамуының тарихына зерттеу жүргізе отырып жаңа зерттеу қорытындыларын алу және оларды бір-бірімен салыстыру арқылы жүзеге асырылады.

Алгоритмдеу әдістері және үлгілеудің ақпараттық құқық жүйелері , құрылымдардың суреттеулері зерттеу үшін белсенді қолданылады және субъектілердің мінез-құлық суреттеуіне арналған.

Жүйелік жақын келу әдісі –зертеу жүргізудің барлық сатыларында қолданыла алады және ақпараттық құқық зерттеуі кезеңдерінде , онымен элементтердің және бөлімдердің әмбебаб комплексті әдіс сияқты , негізі салынған барлық мүмкін жолдардың толық толық зерттеуінде , тәсілдердің және түрлердің мақсат шешімдері , сонымен қатар әдістердің қолдануының зардаптардың және шешім тәсілдерінің зерттеу мақсаттарын ашуға болады.


Ақпараттық құқық-ақпарат аумағындағы қатынастарды реттейтін нормалар жүйесі ретінде


Ақпараттық құқық-ақпарат аумағындағы қатынастарды реттейтін нормалар жүйесі ретінде ақпарат аумағындағы қатынастарды реттеуді , ақпараттық-құқықтық қатынастардың объектілері мен субъектілерін анықтау, ақпараттық құқықтың әрекет ету аумағындағы қолданылуға тиісті нормативтік-құқықтық актілер жобасын дайындау және ол актілердің ақпараттарды ақпараттық технологиялар бойынша даярлау, жариялау және пайдалануда қолдынылуының әсерін анықтау мақсатын қойып отыр.

Ақпараттық құқықтың негізгі міндеттері болып табылады:

-ақпараттық заңдар мен заңдық актілердің әрекет етуін оқыту;

-ақпараттық құқықтың қайнар көздері бойынша жіберілген кемшіліктерді анықтау және осы сала бойынша жаңа заңдар мен нормативтік-құқықтық актілер жобасын жасауға ат салысу;

-ақпараттық құқықтық актілер мен заң нормаларының іс жүзінде қолданылуына талдау жасау, заңдардың қолданыстағы тиімділігіне талдау жасау, ақпарат аумағындағы құқықтық қатынастарды реттеу бойынша ұсыныстар енгізу, заңдар мен нормативтік-құқықтық актілерге өзгерістер мен ұсыныстар енгізу жөнінде ұсыныстар жасауға даярлау және үйрету;

-ақпарат аумағында қолдануға қажетті заңдар мен нормативтік-құқықтық актілер жобасын даярлауға ат салысу;


Автор
Дата добавления 24.05.2016
Раздел Информатика
Подраздел Презентации
Просмотров200
Номер материала ДБ-096957
Получить свидетельство о публикации

"Инфоурок" приглашает всех педагогов и детей к участию в самой массовой интернет-олимпиаде «Весна 2017» с рекордно низкой оплатой за одного ученика - всего 45 рублей

В олимпиадах "Инфоурок" лучшие условия для учителей и учеников:

1. невероятно низкий размер орг.взноса — всего 58 рублей, из которых 13 рублей остаётся учителю на компенсацию расходов;
2. подходящие по сложности для большинства учеников задания;
3. призовой фонд 1.000.000 рублей для самых активных учителей;
4. официальные наградные документы для учителей бесплатно(от организатора - ООО "Инфоурок" - имеющего образовательную лицензию и свидетельство СМИ) - при участии от 10 учеников
5. бесплатный доступ ко всем видеоурокам проекта "Инфоурок";
6. легко подать заявку, не нужно отправлять ответы в бумажном виде;
7. родителям всех учеников - благодарственные письма от «Инфоурок».
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://infourok.ru/konkurs


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ


Идёт приём заявок на международный конкурс по математике "Весенний марафон" для учеников 1-11 классов и дошкольников

Уникальность конкурса в преимуществах для учителей и учеников:

1. Задания подходят для учеников с любым уровнем знаний;
2. Бесплатные наградные документы для учителей;
3. Невероятно низкий орг.взнос - всего 38 рублей;
4. Публикация рейтинга классов по итогам конкурса;
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://urokimatematiki.ru

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх