Инфоурок Информатика КонспектыПрезентация по информатике на тему "Математика, информатика және физика пәндері апталығының ашылуы" (8 класс)

Презентация по информатике на тему "Математика, информатика және физика пәндері апталығының ашылуы" (8 класс)

Скачать материал

Маңғыстау облысы

Мұнайлы ауданы

«Қызылтөбе лицейі» ММ

 

 

 

 

 

 

Математика, информатика және физика пәндері апталығының ашылуы

 

 

Тақырыбы: «Білім-өркениет өрісі»

Мерзімі: 20.01.2017 ж.

Уақыты: 1340

 

 

 

 

 

 

 

2016-2017 оқу жылы

Тақырыбы: «Білім-өркениет өрісі».

Мақсаты:  -оқушылардың пәнге қызығушылығын, олардың танымдық ізденістерін ояту; -логикалық ойлау қабілеттерін пәнге деген ынтасын, белсенділігін арттыру;  -білімдерін жүйелі болуын қамтамасыз ету.

1-жүргізуші:

Қайырлы күн қадірлі қонақтар,  ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі «МИФ» әлеміне саяхат атты кешімізге қош келдіңіздер.

-Әрбір өскелең жастың ішкі резервін, талантын, дарынын тәрбиелеу, еліміздің үлкен тірегі болатын жас ұрпақтың терең білімді, жан – жақты дамыған зерек болуы – заман талабы. Осыған байланысты оқушылардың шығармашылықпен айналысуына сыныптан тыс пәндік сайыстар өткізудің тигізер септігі мол. Сондықтан 5-10 сынып оқушылар арасында математика, физика,  информатика пәндері бойынша өткізілген сыныптан тыс әр-түрлі іс-шаралар апта бойы өткізілмек. Атсалысып белсенділік көрсетіңіздер.

2-жүргізуші: Апталық тақырыбымен, мақсатымен және жоспарымен таныс болыңыздар.

М - математика ғылымдар патшасы
И - информатика ақпараттар ғылымы
Ф - физика табиғаттың патшасы

І. Кіріспе бөлім.

1-жүргізуші:

8 «а» сынып оқушыларының дайындаған физикалық көрінісіне назар қойып тыңдайық.

Физикалық көрініс: «ИНЕРЦИЯНЫ АЙЫПТАУ»

         Сот: Бүгін Инерцияны айыптау туралы №1 істі қараймыз. Оның айыбы мынада: инерцияның салдарынан жол апатына көп жол берілді. Басқа да қайғылы оқиғалар болып жатты. Сондықтан куәгерлердің сөзін тыңдап, әділ жаза қолдануымыз керек. Айыпталушыны әкеліңдер.

         Екі сақшы әкелді.

         Сот: Айыпталушы, сіздің фамилияңыз, аты жөніңіз?

         Инерция: Физикалық инерция.

         Ата – анаңыз?

         Инерция: Галилео Галилей, Исаак Ньютон.

         Өмірбаяныңыз?

         Инерция: ертедегі грек ғалымы Аристотель денеге басқа дененің әрекеті тоқталғаннан соң ол дене тыныштық күйге ұмытылады деді. Сондай – ақ тастың қолдан шығып кеткеннен соң да қозғалысын тоқтатпайтыны сияқты мәселелерді түсіндіру қиын болды.

         Бұл сұраққа жауапты менің тууыма байланысты  Галилео Галилей берді, ал кейінірек оны Исаак Ньютон нақты тұжырымдады.

         Сот: Айыпталушыға сұрақ бар ма?

         Бас қорғаушы: менің сотқа сұрағым бар.

         Инерцияның ата – аналары Галилео Галилей мен Исаак Ньютон сияқты атақты адамдар екенім ескеріле ме?

Сот: барлық фактілер де ескеріледі.

Хатшы: инерция болғанда сіз қандай денелерге тәнсіз, қолданылатын орныңыз?

Инерция: Мен барлық денелерге тәнмін. Қолданылатын орыным: физика, техника, өмір.

Хатшы: сотқа келген жедел хатты оқып береді.

1 жеделхат: «Мен ертедегі ойшылдардың бірі – Аристотельмін. Сот жұмысын дұрыс емес деп есептеймін. Сіз қойған айыптың бірде –бірі Инерцияға тән емес.»

2 жеделхат: «Мен  Галилео Галилей – орта ғасырдың ұлы физигі. Кім табиғаттың құпиясын ашқысы келсе, оны өте құрметтеймін. Сондықтан сіздерге өзімнің құрметімді білдіремін. Істеріңізге сәттілік тілеймін!»

3 жеделхат: «Мен Исаак Ньютон ағылшын физигі және математигі. Табиғат заңдарының сіздерді де бейтарап қалдырмағанына қуаныштымын.айтыстан шындық туындайды. Егер сіздер оны тапсаңдар, механиканың 1 – ші заңы –инерция заңы ғажайып ғалымдар елінің сырын ашады.»

Сот: Енді сөзді айыптаушыларға берейік!

1 – Айыптаушы:

- Мен, (физика оқулығына қол қойып тұрып ант етеді)

Бір адам жолды кесіп өте беріп еді, бұрылыстан үлкен МАЗ машинасы шыға келді де, оны қағып кетті. Инерцияның салдарынан машина тоқтай алмады.

2 – Айыптаушы:

- Мен спортты өте жақсы көремін . өткенде бір веложарыста велосипедші жол жатқан тасқа соқтығып, өзі ұшып кетті. Қалған  велосипедшілер инерцияның әсерінен тежей алмай, жол үстіндегі велосипедке соқтықты. Сөйтіп, жарыс тоқтатылды. Бұл адам төзбес оқиға еді.

Сот: сөз бас айыптаушыға беріледі.

Бас айыптаушы:

- Мен  осы залда отырғандардың барлығын бұл іске мұқият қарауын сұраймын. Осы айыптаушының кесірінен болған оқиғаларды еске түсіріңдер. Сөйтіп, айыптаушыға тиісті  жазасын беріңіздер.

 Айыптаушы:

- Анам тәрелкемен сорпа әкелуді тапсырып еді, дастарханға қоя бергенде ол, инерцияның әрекетінен төгіліп кетті де, мен ұрыс естідім. Шын мәнінде оған инерция кінәлі еді. 

Айыптаушы:

- Тайып жығылып,  аяғым ілгері кетіп, ал өзім инерцияның әрекетінен тез қозғала алмай аяғым сынды. Ауруханаға түстім.

Сот: Енді сөз қорғаушыларға беріледі.

1 қорғаушы:

- Мен, Ньютонның атынан шындықты, тек шындықты айтуға ант етемін.Егер жалған сөйлесем, онда мені бүкіл физика заңдары мен Ньютонның заңдары ұрсын. Жеңешем кілем тазалау жөніндегі тапсырмасын мен инерцияның жәрдемімен тап – тұйнақтай етіп орындап, алғыс алдым.

2 қорғаушы:

- Велосипедші жылдамдық алған соң, педальді аяғымен айналдыруын тоқтатады. Ары қарай велосипед инерцияның көмегімен қозғалады.

Сот: Сөз бас қорғаушыға беріледі.

Бас қорғаушы:

-   Залда отырған жолдастар, әрқайсыңыз инерцияның жақсы жақтарын еске түсіріп,оны қорғап алыңыздар!

Қорғаушы:

- Спортшыларға ядроны неғұрлым алысқа лақтыруға инерцияның көмегі зор. Қорғаушы:

- Менің атам ағаш ұстасы. Ол балғаны сабымен жерге ұрғанда, балға инерциямен қозғала отырып, өз сабына жақсы кіреді.

 Бас айыптаушы:

 - Құрметті сот! Қымбатты жолдастар! Инерция артық заң, оны жоюымыз керек? Ол үнемі қайындық әкеледі. Мына отырған айыпкердің кесірінен қаншама машина патқа ұшырап, қаншама қайғылы оқиғалар болып жатыр, сондықтан оған тиісті жазасын беруіміз керек. Инерцияны құрту керек, құрту керек оны!

Сот: Сөз бас қорғаушыға беріледі.

Бас қорғаушы:  

- Біз инерцияның кемшілігінен гөрі пайдалы жағының басым түсетіні үнемі назарға ұстау тиіспіз. өте жақсы жүргізуші инерцияның арқасында бензинді үнемдейді.жүріп келе жатқан транспорттың алдынан жолды кесіп өтуге болмайды. Ол өте қауіпті, машина тежелгеннің өзінде тез тоқтай алмайды. Спортта секіру, лақтыру, жүгіру кезінде инерция дүние жүзілік рекорд туғызады. Шын мәнінде инерцияға алғыс айтуымыз керек. Егер инерция болмаса, барлық планеталар орбитасы шығып кеткен болар еді. Ай Жерге, ал Жер Күнге түскен болар еді.

Сот: Сот кеңесуге кетеді.

Сот: Екі жақты да жете тыңдап сот мынадай шешімге келді.

Инерцияның көлеңкелі жақтарын, табиғат заңдарын, оның құпияларын жете зерттеп, оны адам иелігіне жаратуымыз керек. Сондықтан инерцияны айыпты деп таба алмаймыз. Инерция толық ақталды.

Осымен сот жабық деп жариялаймын.

Барлығы хормен:

Дененің басқа денелер әрекет етпегенде өзінің жылдамдығын сақтау құбылысы  инерция деп аталады.   

(Инерция – латын сөзі, ол «қозғалыссыздық, әрекетсіздік» - деген мағына білдіреді.)

5 «ә» сынып оқушылары

Уа, жараңдар! 
Зейін қойып бізді біраз тыңдаңдар.
Ғылымдардың ғылымы
Математика, физика информатика жайында
Бөлісейік! ортаға сап ойларды.
Жиылған мына балалар
Білім жолын қуғандар
Бәрің де
Білімді болып жан – жақты
Саналы болып салмақты
Шығамын деген биікке
Үлкен, үлкен арман бар.

Шындықты алғаш таратқан
Жыл күніңді санатқан
Тауып ғажап жаңалық
Жоқтан барды жаратқан
Есеп емей немене.
Білмегенді білгізген
Өлшеп киімді кигізген
Барлық істі атқарып
Пайдасын елге тигізген
Есеп емей немене
Информатика әлемі
Қызығы мол ғой әдемі
Компьютердей құралды
Меңгердік қой кәделі.

5 «а» сынып оқушылары

Ғылымдардың патшасы – нақты ғылым жайында,
Апталықта бастаймыз.
Білім құмар достарым қызыққа толы сұрақты
Алдарыңа тастаймыз.
Сұрақ сырын тереңірек ұғайық,
Математика, физика, информатика құрметтеуге лайық.


Дүниеде құбылыстың мәнінде,
Зерттейді ол өзгерістің бәрінде.
Нақты ғылым дүние кілті бүгінде,
Бүкіл әлем сөйлейді, нақты ғылым тілінде.

5 «б» сынып оқушылары

Математика – 1,2,3...натурал саннан тарайды,
Алгебра сырын ашсам деп,
a,b,c,d әріптер жан – жағына қарайды.
Үшбұрыш, төртбұрыш, конус пен цилиндр,
Геометриялық денелер нүкте менен түзуді арғы атасы санайды.

Синус пенен косинус, тангенс пен котангенс
Жүрген жерде таңданып сұлуға өзін балайды.
Үшбұрыштар Бәйтеректе көз ұшында көрінген,
Пирамида орын алған Астананың төрінен.
Математика күллі әлемді өз тілінде сөйлетіп,
Білімнің нұрлы шуағы шар тарапқа тарайды.

1-жүргізуші:

Шақырамыз келіңдер!
Есеп – қисап, жұмбақ ойды шешуге
Күш, өнерді, жиып келіп, білімді
Жиып бәрін ойды ортаға салуда.

І – сұрақтар.
1. Атомның құрылысын ашқан кім? (Резерфорд )
2. Компьютердің ауруы........? ( Вирус )
3. Үш сызықтан пайда болған фигура? ( Үшбұрыш )
4. «Компьютер» сөзі ағылшын тілінен аударғанда нені білдіреді? ( Есептеуіш )
5. “Эврика” - кімнің сөзі? ( Архимед )
6. Кері санның көбейтіндісі? ( 1 )
7. Көз бен монитордың ара қашықтығы неше см болуы тиіс? ( 60 - 70 см)
8. Электр заряды жоқ бөлшектер? ( нейтрон )
9. 45 минут сағаттың қандай бөлігі? ( ¾ бөлігі )
10. Ең үлкен хорда? ( диаметр )

ІІ - сұрақтар.
1. Алғашқы әйел ғарышкер? (Валентина Терешкова)
2. Қандай санның бір ғана квадрат түбірі бар? (нөл)
3. “Ақпарат” сөзі латын тілінен аударғанда қандай мағына береді?
(түсіндіру, баяндау )
4. Күннің энергиясы Жерге қандай жолмен беріледі? (сәуле шығару)
5. Обсерватория деген не? (аспан жұлдыздарын бақылайтын орын)
6. Ең алғашқы әйел математик? (Софья Ковалевская )
7. Екі қатынастың теңдігі? (пропорция )
8. Компьютердің теледидары? (монитор )
9. Компьютердің ең басты бөлігі, миы? (процессор)
10. Барлық екі таңбалы сандарда 5 цифры неше рет кездеседі? (18 рет)

«Ой жалғасы». Мақал – мәтелдер.
1) Жеті рет өлшеп, бір рет кес
2) Бір тал кессең, он тал ек
3) Жігіт бір сырлы, сегіз қырлы
4) Алтау ала болса, ауыздағы кетеді
Төртеу түгел болса, төбедегі келеді
5) Алты аға бірігіп, әке болмас,
Жеті жеңге бірігіп, ана болмас
6) Досың болғанына мақтан,
Дұшпаның жалғыз болса да сақтан.
7) Жеті жұрттың тілін біл,
Жеті түрлі ілім іл
8) Білгенін бір тоғыз,
Білмегенің тоқсан тоғыз.

2-жүргізуші: Енді кезекті қызықты жұмбақтарға береміз. Физика пәні бойынша 

«Қызықты жұмбақтар»  
Физика пәні бойынша 
1. Жердің жүзін шарлайсың, 
Онсыз еш жерге бармайсың. 
Көлікпен де жаяу да, 
Саралайсың, таңдайсың. (Жол) 
2. Жылдамдықты өзгертеді, 
Қоғалысты тездетеді. 
Қарсы шықса қоғалысқа, 
Тоқтарына көз жетеді. (Үдеу) 
3 Көп болса асықпайсың, 
Мезетте қашықтайсың. 
Асықсаң аз болады, 
Табасың мұны қайсың? (Уақыт) 
4. Қозғалысқа келтіріп, 
Жылдамдығын береді. 
Өлшемдерін қарасаң, 
Ньюонға ол келеді. (Күш) 
5. Біз, біз, біз едік, 
Бірегей жарқын қыз едік. 
Тамашада көп болдық- 
Таң атқанда жоқ болдық. (Жұлдыз) 
Иформатика 
1. Бір бетшені аштым да, 
Мәтін жаза бастадым 
Бірақ тілін шет елдің 
Аудара алмай тастадым 
Тілді қалай өзгертем 
Көмектесші,достарым! ( Shift + Alt ) 
2. Ұзынтұра Жалқаубек, 
Тұрмай ылғы жатады. 
Қозғала қалса артынан, 
Ешбір белгі қалмайды. (бос орын) 
3. Биологияда бұл паразит, 
Көзге зорға көрінер. 
Информатикада өлшем бірлік, 
Ақпараттарды өлшер (бит) 
4. Тетігін бассаң алаңсыз, 
Жазады қалам, қағазсыз. (пернетақта) 
5. Батырмасын басасың 
Қажетті файлды ашасың (тінтуір) 
Математика 
1. Оң сандарға қол шатырдай 
Қалпақ болған беделі 
Квадраттасаң егер оны 
Белгімсі оның кетеді (квадрат түбір) 
2. Екі бұрыш ежелден 
Тату көрші болған екен 
Бірін-бірі толықтырып 
Бір түзуде жатады екен (сыбайлас) 
3. Екі түзу қатар жүріп 
Үшіншісін қияды 
Сонда шыққан бұрыштарды 
Кімдер айтып жияды (айқыш, тұтас, сәйкес) 
4. Қарама –қарсы қабырғалары 
Паралель боп қосылған 
Оқыңызшы аталуын 
Параллель, грамм сөзі қосылған (параллелограм) 
5. Үлкен, кіші сандар арасына 
Таңбаларды қойған кезде 
Алынады қандай өрнек 
Білейікші оны біз де (теңсіздік) 

Қорытынды. Е. Хасанғалиевтің «Атамекен» әнінің әуенімен орындалады.
Хор

Біз жастары жаңа ғасыр дәуірдің
Білім берген ұста деген қауымның
Бойға жинап қайрат, жігер, намысты
Бағындырып МИФ әлемін, ғарышты

Біз лицейдің ұланымыз
Бар екпінмен самғаймыз

Жаңа, жаңа асуларда.
Білім алып шыңдаймыз

Бар білімді болашаққа арнаймыз
Желбіретіп, татулық пен достықты
Жеңіс туын биік ұстап самғаймыз.

Бағындырып МИФ әлемін, ғарышты

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Презентация по информатике на тему "Математика, информатика және физика пәндері апталығының ашылуы" (8 класс)"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Директор по маркетингу

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 624 521 материал в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 08.02.2017 1365
    • DOCX 28.3 кбайт
    • 23 скачивания
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Елжанова Гульназ Жексенбаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Елжанова Гульназ Жексенбаевна
    Елжанова Гульназ Жексенбаевна
    • На сайте: 8 лет и 8 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 6728
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Бухгалтер

Бухгалтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Специфика преподавания информатики в начальных классах с учетом ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 40 человек из 20 регионов

Курс профессиональной переподготовки

Информационные системы и технологии: теория и методика преподавания в профессиональном образовании

Преподаватель информационных систем и технологий

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Педагогическая деятельность по проектированию и реализации образовательного процесса в общеобразовательных организациях (предмет "Информатика")

Учитель информатики

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Основы программирования и мультимедиа: от структуры ПО до создания проектов

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 29 человек из 19 регионов

Мини-курс

Архитектурное творчество для подростков (обучение детей от 12 лет и старше)

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Стратегии и инструменты для эффективного привлечения и удержания клиентов

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе