Инфоурок Информатика ПрезентацииПрезентация по информатику на тему "Қазақстаным менің" (6 класс)

Презентация по информатику на тему "Қазақстаным менің" (6 класс)

Скачать материал
Скачать материал "Презентация по информатику на тему "Қазақстаным менің" (6 класс)"

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Семейный психолог

Описание презентации по отдельным слайдам:

  • №1 Т. Әлиев атындағы орта мектепТақырыбы: “Қазақстаным менің”Дайындаған: 6 «Ә...

    1 слайд

    №1 Т. Әлиев атындағы орта мектеп
    Тақырыбы: “Қазақстаным менің”
    Дайындаған: 6 «Ә» сынып оқушысы Рахмедов Малик
    Мұғалімі: Таласбаева Алия
    2015/2016 оқу жылы

  • Мақсаты:

Қазақстан Республикасының еліне, жеріне, тарихына, рәміздеріне...

    2 слайд

    Мақсаты:

    Қазақстан Республикасының еліне, жеріне, тарихына, рәміздеріне, байлықтарына қысқаша шолу жасай отырып, өз Отанымыз Қазақстан туралы білімдерін кеңейту, ел тарихында болған оқиғалардың маңыздылығын таныту.

    Жас ұрпақтың Қазақстан Республикасы туралы білімін кеңейте отырып, олардың ой - өрісін, сана – сезімін ояту. Ақпараттық технологияға қызығушылығын арттыру, шығармашылық белсенділіктерін дамыту.

    Оқушылардың елге, жерге деген патриоттық сезімдерін ояту. Отанды сүюге, байлығын қорғауға, елжандылыққа тәрбиелеу, эстетикалық талғамын арттыру. Ұлттық сана – сезімін, ұлттық намысын қалыптастыру.

  • Қазақстаным менің

    3 слайд

    Қазақстаным менің

  • Отан... Атамекен... Атажұрт...Тарих...  Бұл қай құлаққа да асқақ естіл...

    4 слайд

    Отан... Атамекен... Атажұрт...Тарих... Бұл қай құлаққа да асқақ естілер асыл ұғымдар. Адам өмірге келіп, ес жиып, етек жия бастаған сәттен өз Отанының тарихына ден қоя бастайды...
    Адам адам болып жаралғаннан бері ұлан – асыр даму көшінің өн бойында жер үшін, ел үшін сан қилы дүрбелеңдер көп болған. Әдетте, осындай дүрбелеңдерден, яғни үлкен аумақтарды қамтыған қанқұйлы соғыстардан соң ғана, әлем картасы аталатын ала қағаз бетіне түзетулер түсетін. Ал жиырмасыншы ғасырдың соңында әлем келбеті ешқандай дүрбелеңдерсіз – ақ өзгеріп шыға келді. Оған жер жаһанның алтыдан бір бөлігіне иелік етіп, қаһарымен алыс – жақын жұрттардың бәрін ықтырып келген алып империяныңың –шыңсыз ыдырай бастауы себеп болды. Ыдыраған империяның орнына он бес тәуелсіз мемлекет өсіп шықты. Солардың бірі Орталық Еуразия алабындағы ғажайып әрі қайталанбас тарихы бар – Қазақстан Республикасы.


    Отан... Атамекен... Атажұрт...Тарих...

  • Қазақстанның жер бедерінде, негізінен, жазық далалы, шөлді және шөлейт а...

    5 слайд

    Қазақстанның жер бедерінде, негізінен, жазық далалы, шөлді және шөлейт аймақтар басым. Олардың арасында Сарыарқа мен Үстірт, Тұран ойпаты мен Батыс Сібір ойпаты, Мойынқұм мен Бетпақдала ұлы өңірлері бар. Таулы аймақтар республиканың оннан бір бөлігін алып жатыр. Оларға Алтай, Жоңғар Алатауы және Тянь-Шань тау жоталары кіреді. Ірі өзендер: Ертіс, Есіл, Жайық, Іле, Сырдария, Тобыл.
    Қазақстан Республикасы Еуразия құрлығының түкпірінде орналасқан. Қазақстан батыста, солтүстік –батыста және солтүстікте Ресеймен, оңтүстікте, оңтүстік-батыста Орта Азия республикалары Түрікменстан, Өзбекстан және Қырғызстанмен, оңтүстік-шығыста және шығыста Қытай Халық Республикасымен шектеседі. Қазақстан шекарасының жалпы ұзындығы –13034км. Қазақстан аумағының көлемі –2 млн. 714,9 мың шаршы км. Оған Батыс Еуропаның Франция, Португалия, Испания, Италия, Греция, Норвегия және Финляндия мемлекеттері түгел сыйып кетер еді. Міне, қазақ даласы – кең байтақ! Қазақстан жер көлемі жөнінен Ресей, Қытай, АҚШ, Австралия мен Үндістаннан кейін алтыншы орын алады. Сондығынан ғой, күмбір – күмбір көне күй мен толғауы тоқсан жырларымызда – «Ұшса құстың қанаты талады, шапқан аттың тұяғы тозады, Атырауы – айшылық, Қаратауы – күншілік,» - деп толғаған

    Кең байтақ жерім менің

  • Қазақстан - қазақ халқының ата-баба мекені, ежелгі қонысы. Бұл жерде ата-...

    6 слайд

    Қазақстан - қазақ халқының ата-баба мекені, ежелгі қонысы. Бұл жерде ата-бабамыз туды, тұрды, өмір сүрді, оның топырағында ата-бабамыздың кіндігі кесілген кең жазира жері.
    Бұл жерді мекен еткен көшпелілер мен отырықшылардың бір – бірімен шендескен әлемі ғасырлар қойнауында талай- талай ұлыстар мен ұлағаттарды дүниеге әкеліп, мәдениеті мен діні жаңғыра түлеп, әйгілі күре жолдардың үстінде саудасы қызып, Шығыс пен Батыс арасы тұтастанып жататын болған. Біздің еліміздің жерінен Жерорта теңізінен Қытайға дейін Еуразияны көктей өтіп жатқан «Ұлы Жібек жолының» керуендері тоғысқан кіндік Азияны басып өтетін Қазақстандық телімі болған.
    Қазақстанның табиғаты таңғажайып: мұнда аспанмен тілдескен мұзарт шыңдарды, тұңғиығы тұнжыраған жұмбақ көлдерді, ақ жал толқындары асау арғымақтардай көкке шапшыған шалқар теңізді, күні от шашқан шөлейтті, арналы өзен, ну орманды көруге болады.

    Дархан далам алаулаған

  • Ғаламындағы ғажап тіршілігінің қасиетті мекенін сүймейтін адам болмайды....

    7 слайд

    Ғаламындағы ғажап тіршілігінің қасиетті мекенін сүймейтін адам болмайды. «Отан – оттан ыстық», «Ер ел үшін туады, ел үшін өледі» - деп түйген халықтың қаһарманы Бауыржан батыр: «Отаның үшін отқа түс күймейсің», - дейді.
    Қазақ елінің есімі аңызға айналып, дастандарға арқау болған батыр ұл – қыздары толып жатыр. Олар – атамекенін, туған елін жан аямай қорғап, ата- бабаларының ерлік дәстүрін сақтау арқылы өздерінің өшпес даңқын шығарғандар.
    Біздің халқымыздың атамекенді ардақтау сезімі өте терең, олар үшін туған жерді қасиет тұту – қанға сіңген мінез, ежелгі дәстүр. Бұл таным біздің жанымызға ана сүтімен тараған, ана сүтімен дарыған.
    Батырлар жырындағы: Атам күйеу болған жер,
    Анам келін болған жер,
    Кіндік қаным тамған жер, - деген қарапайым жолдарда адамның туған жерге деген шексіз сүйіспеншілігі мен терең де ыстық сезімі тамаша бейнеленген.

    Елім деп, жерім деп егілген менің қазағым

  • «…Уақыт қарқыны зымыран. Күні кеше өткен сияқты уақиғалар бүгінде тарих...

    8 слайд

    «…Уақыт қарқыны зымыран. Күні кеше өткен сияқты уақиғалар бүгінде тарих беттеріне айналып та үлгерді. Бұл жаңа мемлекет пен жаңа қоғамның дүниеге келуінің азапты толғаққа толы, сонымен бірге ғаламат сәті еді. Сол сәт әлі аяқталған жоқ, бірақ ең қиын белестерден аса білдік. Ең қиын жылдар дәл қазір артымызда қалды, сондықтан да мен еліміздің еңсесі биіктей беретініне сенімдімін .»
    Н.Назарбаев

  • Қазақстан рәміздері  «Біз Тәуелсіздікке аңсап, зарығып жеттік. Енді сол тәуел...

    9 слайд

    Қазақстан рәміздері
    «Біз Тәуелсіздікке аңсап, зарығып жеттік. Енді сол тәуелсіздіктің қасиетті белгілерін де ерекше қадірлеуіміз, қастерлеуіміз керек. Әрбір азамат Қазақстанның Туын, Елтаңбасын, Әнұранын тұмардай қасиет тұтуы қажет. Елдігіміздің сыналатын бір тұсы-осы»,- деген Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың арнау сөзін Қазақ елінде тұратын және оны өз отаным деп білетін әрбір азамат жүрегінің терең түкпірінде сақтап, қашанда жадында ұстауы керек. Бұл баршамыздың туған ел алдындағы перзенттік борышымыз! Әрине, мемлекеттік рәміздерімізді қастерлеп, қасиеттеу үшін, алдымен мемлекеттік рәміздер туралы терең түсінік болуға тиісті. Мемлекеттік рәміздер де белгілі бір елдің өзіндік өмір салтын, бүкіл болмыс ерекшелігін, айрықша арман-аңсарын, басқалармен байланыс мұратын білдіретін белгі.
    Туымыздағы нұр шұғылалы алтын күн бейнесі, қыран көңіл халқымыздың асыл арманын арқалаған дала бүркіті мен рухани болмысымыздың жарқын бір көрінісі болып табылатын ұлттық өрнек-сондай айтары мол астарлы айшықтар. Ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тікбұрышты көгілдір түсті мата. Оған қоса, Туды сабының тұсынан ұлттық өрнек нақышталған тік жолақ көктеп өтеді. Күн, шұғыла, қыран және өрнек бейнелері алтын түсті болуы керек. Тудың ені мен ұзындығының бір-біріне қатынасы ½ бөлшегімен өрнектеледі. Яғни, ені-1,5 метр болса, ұзындығы 3 метр.
    Шаңырақ тектес елтаңба бұрын-соңды әлемдік геральдика тарихында болмаған. Қазақтың қасиетті қара шаңырағының бейнесі бүтін қазақ елінің символы іспеттес. Қара шаңырақ-біздің ұлттың алтын бесігі. Асыл діңгек аман болса, алтын бесік мәңгілік өмір жырымен тербеле береді деген ұғым бар. Тәуелсіз мемлекетіміздің құшағы бес құрлыққа бірдей ашық, әлемдік өркениет көшіне өз болмыс-бітімімізді сақтай отырып ілеспек ниетіміз бар дегенге мегзейтін бесбұрышты жұлдыз.


    Әнұран
    Алтын күн аспаны,
    Алтын дән даласы,
    Ерліктің дастаны,
    Еліме қарашы!
    Ежелден ер деген,
    Даңқымыз шықты ғой.
    Намысын бермеген,
    Қазақғым мықты ғой!

    Қайырмасы:
    Менің елім, менің елім,
    Гүлің болып егілемін,
    Жырың болып төгілемін, елім!
    Туған жерім менің – Қазақстаным!

    Ұрпаққа жол ашқан,
    Кең байтақ жерім бар.
    Бірлігі жарасқан,
    Тәуелсіз елім бар.
    Қарсы алған уақытты,
    Мәңгілік досындай.
    Біздің ел бақытты,
    Біздің ел осындай!

  • Қазақстан – ежелгі ел, бірақ әлемнің қазіргі картасынан ол таяуда ғана,...

    10 слайд

    Қазақстан – ежелгі ел, бірақ әлемнің қазіргі картасынан ол таяуда ғана, яғни 1991 жылы орын алды. Біздің Отанымыз – егеменді, тәуелсіз Қазақ мемлекеті. Жүз жиырмадан аса ұлт өкілдері тұратын осынау қасиетті мекенде, асқақтаған Алатаулы өлкеде, кеңшілігі керемет, дархан дастарқандай далада, егіні теңіздей толқыған, төрт түлігі мыңғырған, өндірісі өркендеген мекенде өмір сүруші әрбір адам өз Отанын жанындай сүйіп, оның көк байрағын көкке көтеруді мақтаныш тұтады!
    Еліміз Егемендік алған жылдардан кейін көптеген жетістіктерге қол жеткіздік. Өз тарихымыз, салт-дәстүріміз зерделеніп, жинақталған, кең мағыналы кітаптар, әдеби зерттеулер жарық көре бастады. Қазақстан Республикасы экономикасы, әлеуметтік тұрмысы тұрақты дамып келе жатқан Орта азиядағы беделді мемлекеттер қатарына қосылды.


    Астана – бас қала

  • ТМД елдері арсында алғаш рет қазақ елінің ЕҚЫҰ-на төрағалық етуі

    11 слайд

    ТМД елдері арсында алғаш рет қазақ елінің ЕҚЫҰ-на төрағалық етуі

  • Қазақстан экономикасының өрлеуі

    12 слайд

    Қазақстан экономикасының өрлеуі

  • Туған жердің қандай жақсы күзі де,
Туған жердің қандай жақсы қысы да!
Туған ж...

    13 слайд

    Туған жердің қандай жақсы күзі де,
    Туған жердің қандай жақсы қысы да!
    Туған жердің қандай жақсы көктемі!
    Туған жердің қандай жақсы жазы да!
    Жақсы екен туған жердің күні де,
    Жақсы екен туған жердің түні де!
    Жақсы екен туған жердің суы да,
    Еш жаманын таба алмайсың осында!

    * * *

    Тілдесіп көкпен тауларың,
    Жайқалды жасыл орманың.
    Алатау, Қаратауларым,
    Елдікті бізге мұра етіп,
    Ерліктің күйін толғадың.
    Салтанат пенен сән құрған,
    Елім бар бүгін жаңғырған.
    Бақытым-атамекенім,
    Тұлпарлар тұяқ шалдырып,
    Сұңқарлар қанат талдырған.
    Қазақты әлем таныды
    Сәлемін жолдап сан қырдан.
    Берекелі елмін, құтты елмін,
    Атты азат таңым-күткен күн.
    Қазақстаным мекені-
    Ынтымақ пенен достықтың,
    Кеңдік пен кемелдіктердің.
    Даламды бабам мұра еткен,
    Жайқалтар соны түлек мен.
    Қалалар жайып қанатын,
    Ауылымды арай, нұр өпкен.
    Қазақстанымды қасиетті
    Сүйемін алау жүрекпен!

    Жақсы екен туған жердің күні де

  • Еліміз күн өткен сайын еңсесін тіктеп, қияға құлаш ұруда. Көкті сүйген көг...

    14 слайд

    Еліміз күн өткен сайын еңсесін тіктеп, қияға құлаш ұруда. Көкті сүйген көгілдір Туымыз желбіреп, Әнұранымыз асқақтап, Елтаңбамыз елдігімізді айғақтап тұрғанда көңіліміз күмбезденіп, көкірегіміз мақтаныш сезіміне толады. Туған жер, туған Отан, ақ арман аялап, аты жер жарып, дүниені дүбірлетіп тұрған Қазақстан азаматы болған қандай ғанибет десеңізші!
    Тәуелсіздік – қасиетті ұғым! Бұл азаттықты біз бір кездегі жоғалтқан дәуірімізге қайта оралу үшін алған жоқпыз. Ол дәурен бізге ілесе алмай, тарих түкпірінде қалып қойды. Біз сол кезден мирасқа жеткен мұраларымызды мұқият меңгеріп, жоғалта бастаған даралық сипаттарымызды қалпына келтіріп, бірақ тек соған қанағаттанып қалмай, озып кеткендерін қуып жетіп, болашаққа ұлт ретінде, ел ретінде жер бетінде қалуымыз үшін жан аямай күресуіміз керек. Себебі, біз – еліміздің келешегіміз. Тәуелсіздігіміздің бағы сонда ғана жанады. Бұл жолда ар-намысымызды, жігерімізді жоғалтпауымызды керек!
    Осы орайда қаз дауысты Қазыбек атамыздың мына өлең жолы еріксіз еске түседі:
    Біздің қазақ елші –
    Жау аяғына басылмаған елміз,
    Дұшпан аяғына жаншылмаған елміз,
    Басымыздан намысты асырмаған елміз,
    Адалдықты әрқашан жасырмаған елміз.
    Бабалардың қолына бірде қару алдырған, енді бірде кеудесін оққа тостырған отансүйгіштік қасиет – бізге мұра. Олар бізге “Тәуелсіздік” атты қасиетті ұғымды және туған жерді мұраға қалдырды. Біз соны қорғай білейік. Бейбіт күннің әр минутын бағалап, тәуелсіздігімізді беріктеп, бекіте түсуге үлес қосайық!
    Алтын сандығымның кілтін баламның баласына аманат ету үшін, тыныштық деп аталатын талбесік Тәуелсіздігімді тербете берсе екен! Замана дарасы, заңғар жазушымыз Әбіш Кекілбайұлы жазғандай, “Тәуелсіздік – тәу етер жалғыз кие!” Киеден қорыққан, киені қадір тұтқан елдің баласы бұл сөзді Құран сөзіндей жатқа білуі тиіс. Бас иер, Маңдай тигізіп, тәу етер тұғыр да, тіпек те – сенсің, Тәуелсіздігім! Тыныштығың бұзылмасын! Талайымызға жазылған бақтың бәрі сенің еншің болсын!

    Тәуелсіздік туы берік қолда
    Болашаққа нық сеніммен...

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 651 790 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 19.01.2016 1307
    • PPTX 8.6 мбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Таласбаева Алия Нураллаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Таласбаева Алия Нураллаевна
    Таласбаева Алия Нураллаевна
    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 5788
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Няня

Няня

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Математика и информатика: теория и методика преподавания в профессиональном образовании

Преподаватель математики и информатики

500/1000 ч.

от 8900 руб. от 4450 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 41 человек из 23 регионов
  • Этот курс уже прошли 52 человека

Курс профессиональной переподготовки

Информационные технологии в профессиональной деятельности: теория и методика преподавания в образовательной организации

Преподаватель информационных технологий

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 192 человека из 53 регионов
  • Этот курс уже прошли 968 человек

Курс повышения квалификации

Специфика преподавания информатики в начальных классах с учетом ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 39 человек из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 284 человека

Мини-курс

Инновационные технологии для бизнеса

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Event-менеджмент и видеопродакшн: от концепции до успешной реализации

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 10 человек

Мини-курс

Развитие мотивации к обучению

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 158 человек из 47 регионов
  • Этот курс уже прошли 142 человека