Инфоурок Всеобщая история ПрезентацииПрезентация по историе "Тарихи тулгалар"

Презентация по историе "Тарихи тулгалар"

Скачать материал

 

Куттыгожин нурлан сапарулы

КММ чкаловская СШ №2

Тарихи тулгалар

 

Махамбет ӨтемісұлыМАХАМБЕТ ӨТЕМІСҰЛЫ

Халықтың азаттығын көксеген күрескер, ел бастаған батыр, өр рухты ақын. Бекетай елді мекенінде (Бөкей ордасы, Орал облысы, Жәнібек ауданы) дүниеге келді.

Жастайынан аңшылық өнерге құмартып өсті. Асқан дарындылығына қалың жұртшылық бас иген. Махамбет тек от ауызды сөз шебері ретінде ғана ел құрметіне бөленген жоқ, сонымен бірге, өзінің батырлығы, даналығы мен адамгершілігі арқасында да даңққа бөленді. Ол халық арасында болып жататын келеңсіз құбылыстар мен келелі істерді өлеңдеріне арқау еткен.

Есімі қалың жұртшылыққа таныла бастаған асқақ ақынды Жәңгір хан өз еркіне көндіріп, билік басында отырғандарға қарсы өлеңдер шығаруына тыйым салғысы келеді. Алайда көзі ашық, көкірегі ояу ақын оның бұйрығына мойын ұсынбады. Ал Жәңгір хан болса, оған үстемдік жасау мақсатымен, Махамбетті қамауға алғызды. 1829-1830 жылдар аралығында Махамбет қала бекінісінің түрмесінде отырды, бостандыққа шыққан соң Исатай Таймановқа қосылды.

Махамбет Өтемісұлы Исатай Тайманұлы бастаған халық көтерілісінде мағызды рөл атқарды, ол өзінің өлеңдері арқылы халықты патша өкіметі мен хандардың езгісіне қарсы күреске шақырды. Махамбеттің өлеңдері бостандық пен әділдікті, халық көсемдерінің батырлығын қалың халық бұқарасына паш ету мақсатында жазылды.

1838 жылы Исатай қаза болған соң, Махамбет шағын тобымен орыс әскерлерінің арасынан өтіп, Хиуа хандығына кетеді. Ол көтерілісшілерді жауға қарсы күреске қайта жұмылдырғысы келеді, алайда оның бұл әрекеті жүзеге аспайды. Ол Бөкей ордасына жасырынып келіп, шаруалар арасында хан мен патшаға қарсы үгіт-насихат жұмыстарын жүргізе бастайды, бірақ ол қайта тұтқындалып, Орынборға жөнелтіледі. Орынборда оған "енді қайтып бүлікке қатысушы болма" деген ескерту жасап, босатады.

Өмірінің соңғы жылдарын ақын ауылда өткізеді. Жәңгір хан мен Баймағамбет сұлтан халықтың бүлік шығаруына ықпал етуінен секем алып, оның сыртынан бақылау қояды. Ақыры ханның тыңшылары Махамбетті асқан опасыздықпен өлтіреді.

Ақын өлеңдерінің негізгі тақырыбы - әділдік үшін күрес, бостандық, отаршылдық жүйеге қарсылық болып келеді.

 

 

Тәттімбет ҚазанғапұлыТӘТТІМБЕТ ҚАЗАНҒАПҰЛЫ

Адам баласының тағдыры әрқалай. Табиғат берген өнер бойынша қанша күш-қуат құйса да, Сегіз серінің, Құрманғазының, Біржан салдың, Ақан серінің, Жаяу Мұсаның өмірлерінің оншама бақытты болмағанын білеміз. Олар өз ортасына сыймай, азулылармен, қиянатшыл адамдармен алысып өтті. Ал қазақ халқының күй өнерінде айрықша орын алатын Дәулеткерей мен Тәттімбет тағдыры мүлде бөлек. Екеуі де ауқатты отбасында тәрбиеленген, ешкімнен қиянат-зорлық көрмеген. Бірақ жүректі тербейтін, көңілді оятатын саз ешуақытта тоқмейілсуден, жайбарақат жағдайдан тумайды. Өнер адамының ойын шайқайтын, сезімін қозғайтын құбылыстар өмірде көп.

Қазіргі Қарағанды облысының Қарқаралы аймағында туып-өскен Тәттімбеттің айналасы тамаша табиғат - Арқаның мөлдір сулы, шалғынды жайлауы еді. Той жасап, ат шаптырып, балуан күрестіріп, қазы-қартаға, қымызға қарық болып жатқан елде ержетті Тәттімбет.

Құдай берген дарынның арқасында Тәттімбет ауыл ішіндегі күйшілерден тәлім-тәрбие алып, өзі де өнер жүйрікке айналады. Жиын-тойлардың гүлі - әсем жігіт, қыз-қырқындардың ішінде күйшілік өнерін таныта бастайды. Бір домбырашы қызбен жарысқанда 39 күй орындаса да жеңілмеген қызды бір аяғын шешіп тастап, қырқыншы күйді башпайымен тартып сүріндірген екен дейді. Ол кездегі салт бойынша, қыз бала аяқ киімін шешіп, башпайларын көрсете алмай, жеңіледі. Осындай ойын-сауықтарда кездескен қыздардың өнеріне, сұлулығына қызығып, көңілі шалқыған Тәттімбет "Былқылдақ", "Сылқылдақ" деген тамаша күйлер шығарған.

Өнерлі жігітті ел басқарушылар үлкен жиындарға, ас, тойларға ертіп баратын еді. Омбының генерал-губернаторы қатысқан арқадағы үлкен бас қосуда өнерпаз жігіт күй тартып, боз жорға атын билеткен деген аңыз бар. Ол осындай өнерінің арқасында үлкен делегациямен бірге Ресей мемлекетінің астанасы - Петербургке де саяхат шеккен.

Ел ішіндегі жайбарақат күндер артта қалып, аспанды ала бұлт қаптай бастайды. Ресей отаршылдары бірте-бірте ішке кіріп, қазақтың шұрайлы жерлерін, өзен, тоғайларын иеленуге кіріседі. Еліміздің ең сұлу өлкелерінің бірі - Қарқаралы маңайына отаршылдар қаптап келе бастайды. Орыстар өзен-бұлақ бойларына үйлерін салып, бекет орнатып, жайлауларға картоп егеді. Осының бәріне, өмір құбылыстарына ойлы көзбен қарайтын, елі мен жерінің келешегін болжағанда жүрегі сыздайтын Тәттімбет "Көкейкесті", "Сарыжайлау" күйлерін шығарған. Мәңгі өлмейтін бұл күйлерде өмірдің өткінші, өкінішті екені де айтылады. Тәттімбет туралы тамаша әңгіме жазған Тәкен Әлімқұлов: "Өмірдің барлық қызығын Сарыжайлау арқылы танып, сол жайлауға шексіз шаттанған, шаттық арқылы жапа шеккен, қуанышы мен өкініші аралас жат лебіз! Шалқыған жаздың, салтанатты жайлаудың дерегін жартастан сұраған ащы әуен! Өмірдің өзі жайлаудай түлеп, алмасып, өзгеріп тұратынын анық пайымдаған түйсікшіл пенденің шын сыры. Сарыжаздың, Сарыжайлаудың шежіресі!" - дейді.

Тәттімбет күйлері қазақ операсының інжу-маржаны саналатын "Қыз Жібекте", "Абайда", симфониялық шығармаларда, оркестрлердің орындауында халық жүрегінде мәңгі сақталып келеді.

 

              ҚҰРМАНҒАЗЫ САҒЫРБАЙҰЛЫ

Құрманғазы СағырбайұлыҚазақ елі өз жерінің қазына-байлығымен ғана емес, әлемді аузына қаратқан атақты талант иелерімен де белгілі. Елді өзінің өзгеше өнерімен оятқан жасампаз күйші Құрманғазы Сағырбайұлы болды. Ол ХІХ ғасырдың басында, Батыс Қазақстан өңірінде, Орал облысы, Жанғали ауданының Жиделі елді мекенінде, кедей шаруа отбасында дүниеге келді.

Құрманғазыны күй өнеріне баулыған және оның ұстазы болған Ұзақ күйші еді. Құрманғазы жастайынан домбыра шертіп, көпшіліктің ілтипатына бөленді. Күйшінің шығармашылық табыстарға қол жеткізіп, өрлеуіне Бөкей ордасының Байжұма, Баламайсан, Байбақты, Соқыр Есжан сынды атақты күйшілері үлкен ықпал еткен. Олардан тәлім алып өскен Құрманғазы қазақ халқының ұлы сазгері атанды.

Құрманғазының күйлері қазақ елі өмірінің әлеуметтік жыр-сыры, азаткерлік рух ұраншысы іспетті. Ұлттық тарихымыздың әуен тілінде жазылған ұлы эпопеясы деуге болатындай. Күйші шығармашылығындағы өзекті мәселелер - халықтың азаттығы мен жеке тұлға бостандығы. Өз туындыларында ХІХ ғасырдың 30-жылдары Исатай Тайманұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліске ерекше назар аударған. Құрманғазы бұл көтеріліске өзінің алғашқы туындыларының бірі "Кішкентай" күйін арнаған. Одан кейінгі "Ақбай", "Ақсақ киік", "Түрмеден қашқан", "Адай" күйлерінде ол халықтың азаттықты көксеген арманын, әділетсіздікке қарсылықты, қоғамдық мүдделердің өзара қақтығысын білдіреді. Құрманғазы туындыларында қоғам мен адамның арақатынасындағы айрықша әлеуметтік-психологиялық жағдайлар бейнеленеді.

Оның "Аман бол, шешем, аман бол", "Қайран шешем", "Ертең кетем", "Бұқтым-бұқтым" деген күйлерінде адам даусының ырғағы айқын берілген.

Құрманғазының ойнақы, мерекелік көңіл күйді білдіретін би ырғағымен жазылған күйлері ("Балбырауын", "Әсем") де бар.

Құрманғазы Сағырбайұлы бірнеше мәрте түрмеге де қамалған, алайда халықтың азаттығы жолындағы күрескер сазгердің рухы ешқашан түспеген. Ол Орал, Орынборда, Үркіт түрмелерінде де отырған. Қуғын-сүргін мен сергелдеңге түскен күйші халықтың тәуелсіздік пен бостандық туралы терең ой-толғамын бейнелеген. "Алатау" және "Сарыарқа" күйлерін дүниеге келтірген.

1880 жылы Астрахань түбіндегі Сақма елді мекеніне қоныс аударады. Қауым арасында ерекше құрметке бөленген Құрманғазы Д. Нұрпейісова, Е. Есжанов, М. Сүлейменов сынды мирасқорларын жинайды. Сол дәуірде әйгілі болған Көкбала, Менетай, Менқара, Сүгірәлі, Торғайбай, Шора сынды домбыра тарту шеберлері Құрманғазыны ұстаз тұтқан.

"Байжұма", "Бозқоңыр" туындылары да Сағырбайұлының асқан өнерпаз күйші екенін білдіреді. Құрманғазы өз күйлері арқылы орындаушылық өнердің ерекше дарыны мен бірегей әуен тілін паш етті. "Итог" атты күйінде күйші ауыр да азапты өмір жолының қорытындысын айқын бейнелейді. Сазгер шығармашылығында әуендік жанрдың лирика, халық тарихын баяндау, адамның табиғаттан, қоршаған ортадан алған әсері сияқты арналары айрықша орын алады.

Құрманғазының күйлері қазақ халқы шығармашылығында аса маңызды тарихи орын алады. Ол өз туындылары арқылы халқымыздың мәдени дамуына қомақты үлес қосты.

Құрманғазы күйлері Қазақстан сазгерлерінің шығармашылығынан кең орын алды. Республика сазгерлері күйшінің күйлерін, үлкенді-кішілі шығармаларында пайдаланды. Би де қойылды, спектакльдер де, кинофильмдер де, хор музыкасы болып та пайдаланды.

Ә. Тәжібаев хорға арналған "Көбік шашқан", "Қайран шешем" күйлеріне сөз жазса, композиторлар Е. Брусиловский, А. Зильбер, Ғ. Жұбанова, Л. Хамиди, М. Қойшыбаевтар өздерінің симфониялары мен операларында күйшінің шығармаларын кеңінен пайдаланды.

Көптеген оқу орындарының, музыкалық ұжымдардың, аудандардың, көшелердің аттары Құрманғазы есімімен аталады.

1. Туған жылы.

1818

1817

1816

1819

2. Неше жыл өмір сүрді?

63

61

62

64

3. Туған жері.

Орал облысы

Алматы

Тараз

Ақмола

4. Оның ұстазы.

Дина

Тәттімбет

Ұзақ

Есжан

5. Құрманғазы күйі.

«Ақбай»

«Аңсау»

«Анашым»

«Арнау»

6. Қай жылы ол Сақма елді мекеніне қоныс аударады?

1887

1881

1888

1880

7. Ойнақы, мерекелік көңіл күйді білдіретін күй.

«Байжұма»

«Балбырауын»

«Көбік шашқан»

«Ертең кетем»

8. Исатай Тайманұлы бастаған көтеріліске арналған күйі.

«Ақбай»

«Кішкентай»

«Алатау»

«Әсем»

9. Ол қай қалада түрмеде отырды?

Оралда

Ташкентте

Таразда

Москвада

10. Құрманғазы атында не бар?

саябақ

мектеп, көше, оқу орындары

стадион

мұражай

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ШОҚАН УӘЛИХАНОВ

Шоқан Уәлиханов (шын аты - Мұхаммедханафия) Шыңғысұлы (қараша, 1835, Шоқан УәлихановҚұсмұрын бекінісі, қазіргі Қостанай облысы, сәуір, 1865, Алтынемел, қазіргі Алматы облысы) - қазақтың ұлы ғалымы, ориенталист, тарихшы, этнограф, географ, фольклорист, ағартушы, демократ. Омбының кадет корпусын бітірген (1853), Петербург университетінің тарих-филология факультетінде лекция тыңдаған (1861-1862). Арғы атасы - Абылай. Оның үлкен ұлы Уәли (1741-1821) - Шоқанның туған атасы. Уәли өліп, әкенің бас мұрагері - оның үлкен ұлы Ғұбайдолла (Абайділда) Сібірге айдалып кеткендіктен, хан шаңырағы хандық, билік Уәлидің кіші әйелі Айғанымда қалды. "Уәлидің бәйбішеден туған балалары әкесінің Ресей қол астына қарағандығын мойындағысы келмей жатқанда, Айғаным мен оның балалары Ресейге адал ниетін сақтап қалды. Уәлиханның осы жесіріне Александр І аса бір ықылас білдірді. Сөйтіп, қазақ даласында оған сәулетті үй салып беруге әмір етті, сол үйде Шоқан Уәлиханов туып еді", - деп жазды П. П. Семенов-Тянь-Шанский. Балалық шағы әуелі Құсмұрында (әкесі аға сұлтан болғанда), кейін Көкшетаудағы ата мекені Сырымбетте халықтың қайнаған ортасында өткен. Уәлиханов жас күнінен тарихи өлең, жыр, аңыз, әңгімелерді қызықтап, соларға құлақ түріп өскен. Тіпті Құсмұрындағы шағының өзінде "Қозы Көрпеш-Баян сұлу" жырын жазып алғаны бар. Сырымбетте аңыз, жырлар сюжетіне сурет салатын болған. Сөйтіп, табиғатынан алғыр, зерек баланың рухани бағыт-бағдары ерте қалыптаса бастайды.

Ш. Уәлиханов әуелі Құсмұрында қазақ мектебінде оқып, арабша хат таниды. Дәстүр бойынша "жеті жұрттың тілін білуге" тиісті хан баласы Шығыс тілдерінен араб, шағатай тілін жасынан жақсы үйренген, кейінірек Орта Азияның түркі тілдерін меңгерген.

1847 жылы күзде 12 жасар Шоқанды әкесі Омбыға әкеліп, орыс достарының көмегімен Омбы кадет корпусына оқуға орналастырады. Сібірдегі ең таңдаулы оқу орны болып есептелетін бұл корпус, декабрист А. Завалишиннің сөзімен айтқанда, "ағартушылық пен патриотизмнің өркен жайған жері" болатын.

"Корпуста ой-өрісі, білімі жағынан Шоқан тез өсті, орыс жолдастарын басып озып отырды. Екі-үш жылдан кейін-ақ Шоқан өз класындағылардан ғана емес, өзінен екі жас үлкендердің класындағыларды да идея жағынан басып озды" - дейді бірге оқыған досы Г. Н. Потанин. Шоқанның рухани өсуіне орыс әдебиетінің мұғалімі ориенталист Н. Ф. Костылецкий (1818-1867), мәдениет тарихы курсын жүргізген айдаудағы ғалым Гонсевский, әдебиетші В. П. Лободовский (Н. Г. Чернышевскийдің жас кезіндегі досы, кейін идеялас әріптесі) елеулі ықпал етеді. Костылецкий арқылы 1852 жылы Шоқан мен И. Н. Березин арасындағы тікелей достық қатынас басталады. Березиннің тапсырмасы бойынша Шоқан Тоқтамыстың "Хан жарлығына" талдау жасайды. Бұл - оның алғашқы ғалыми жұмысы.

Осылайша, Шоқан корпустың мұғалімдері мен Омбының алдыңғы қатарлы интеллигенциясының көзіне түседі. 14-15 жасар Шоқанға мұғалімдері болашақ ғалым, зерттеуші деп қарайтын еді. Шоқан тарих, география кітаптарын бас алмай оқиды. Сирек кездесетін көне кітаптарды қол жете бермейтін фундаментальдық кітапханадан алып оқуға корпус басшылары оған арнайы рұқсат еткен. Орал, Еділ, Каспий алабын, Оңтүстік Сібір, Байкал, Алтайды зерттеген П. С. Палластың (1741-1811) "Саяхатын", Еділ, Каспий, Оралдың тарихы мен этнографиясын жазған П. И. Рычковтың күнделікті жазбаларын, әсіресе, кітаптардың туған жерге арналған беттерін қызыға оқыған. Жас Шоқанның білімдарлығын, Шығыс әдебиетін жақсы білетіндігін С. Ф. Дуров, П. П. Семенов-Тянь-Шанский, Г. Н. Потанин, Н. М. Ядринцев жоғары бағалаған.

1853 жылы Уәлиханов кадет корпусын бітіріп, атты әскер корнеті атағын алып шығады. Сібір казак-орыс әскері 6-атты әскер полкіне офицер болып тағайындалады. Іс жүзінде Батыс Сібір генерал-губернаторының кеңсесінде қалдырылады. Бір жылдан кейін Батыс Сібір мен Қазақстанның солтүстік-батыс аймағын басқарған генерал Г. Х. Гасфорттың (1790-1874) адьютанты қызметіне белгіленеді. Екінші жағынан Батыс Сібір өлкесінің Бас басқармасы оны айрықша тапсырмаларды орындайтын офицер етіп ұстайды.

1856 жылы Шоқан М. М. Хоментовский басқарған әскери-ғылыми экспедицияға қосылады. Экспедиция қырғыз елін жете зерттеуге, Ыстықкөл аймағының картасын түсіруге тиіс болады. Бұл Шоқанның ғылыми жұмыс жүргізуіне мүмкіндік ашады. Осы жылы ол "Манасқа" назар аударады. Іленің басындағы Манас жорық жасады деген қаланың орнын барып көреді. Маусымның ортасында Ыстықкөлге жетіп, оның шығыс, солтүстік-шығыс жағалауының, тау асуларының картасын түсіреді. Бірнеше маршрутта Шоқан Семенов-Тянь-Шанскиймен бірге жүреді. Онымен 1856 жылы көктемде Омбыда Гутковскийдің үйінде танысып, содан былай дос боп кеткен. 1856-1857 жылдары екеуі Жетісуда жиі кездесіп, бірге ғылыми жұмыстар жүргізген. Жетісу, Тянь-Шань сапарларында Семенов-Тянь-Шанский Орта Азия мәселесіне келгенде Шоқанды ғана бедел тұтқанын жазған.

Экспедицияда Шоқан ориентологиялық, энтомологиялық коллекция жинап, гербарий құрастырады. Жетісу, Ыстықкөл аймағынын фаунасы мен флорасын зерттейді. Ыстықкөлдің картасын жасауға қатынасады. Сол алаптағы қираған көне қалалардың мәдениетіне - көне заманғы суару жүйелерінің, архитектуралық мұралардың қалдықтарына, этнографикалар мен тас мүсіндерге үңіледі. Ресей қол астындағы Жоңғарияда, әсіресе, Іле бойында отырықшылықтың болғанын анықтайды. Алакөлден Тянь-Шаньға дейінгі жерді түгел шарлаған ол қырғыздың Бұғы, Сарыбағыш, Солту руларында болып, қырғыз халқының шежіресін, өлең, жыр, аңыздарын, "Манас" жырын жазып алады.

Ш. Уәлихановтың тарих, география саласындағы даңқы Петербург ғалымдарына жетіп, 20-дан жаңа асқан Шоқанды 1857 жылы 27 ақпанда Орыс География қоғамының толық мүшесі етіп сайлайды. Бұл - оның орыс ғылымы алдындағы зор еңбегін мойындағандықтың белгісі еді.

1858-1859 жылғы Қашғария сапары Шоқанның ғылым ағартушылық саласындағы творчествосы жаңа белеске көтеріліп, дәуірлеп өсуіне жол ашты. Петербургте Шоқан орыстың Шығысты зерттеуші ғалымдарымен, әсіресе, "Орыс География қоғамы" жазбаларының редакторы профессор А. Н. Бекетовпен, Азия департаментіндегі Е. П. Ковалевский, Ф. С. Остен-Сакенмен, Петербург университетінің профессоры, Құлжада консул болған И. И. Захаровпен тығыз байланыс жасайды. Захаровпен бірге Азия департаментінің жоғары мектебінде түркі тілінен сабақ береді. Ш. Уәлихановтың пәтеріне В. Б. Григорьев, В. П. Васильев, В. В. Вельяминов-Зернов т. б. жиі келіп тұрады. Петербургте Шоқан ғылыми, әдеби журналдарға қатысады, энциклопедияға мақала жазады. Шоқанның материалдарын Қазақстан, Орта Азия, Ыстықкөл туралы енбек берген А. Ф. Голубев, Д. И. Романовскийлер пайдаланады. Бас штабтың офицерлері одан алып тұрады.

Науқасы (туберкулез) меңдеген Шоқан дәрігерлердің ақылымен 1861 жылы көктемде туған елге оралды. Ел ішінде тұрып, туған халқының екі бірдей қанаудың астында езілгенін көрген Шоқан 1862 жылы Атбасар округының аға сұлтаны болуға ризалық білдіреді. "Елдестеріме пайдамды тигізу үшін аға сұлтан болғым келді, оларды чиновниктерден, қазақ байларынан қорғамақ болдым. Сондағы ең алдымен көздегенім - өз басымның мысалы арқылы жерлестеріме оқыған аға сұлтанның пайдалы екенін көрсету еді", - депті ол Достоевскийге жазған хатында.

Аз өмірінде Ш. Уәлиханов Қазақстан мен Орта Азия халықтарының тарихына, географиясы, этнографиясы, фольклорына және қоғамдық-саяси құрылысына арналған көптеген құнды еңбектер қалдырды. Қазақстан географиясында - Балқаш пен Алакөлдің бұрын бір тұтас су айдыны болғандығы және Жоңғар қақпасынан соғатын Ебі желі туралы ғылыми деректерді алғашқы келтіруші де сол. Ол Березиннің "Хан жарлығына" рецензиядан кейін Жалайыридің "Жәми-ат-тауарихын" зерттеп, оның негізгі тарауларын алғаш рет орысшаға аударды, ондағы Шығыс терминдерінің сөздігін жасады. "Шайбани-наме", "Шежре-и түрік" Абулғазы туындылары негізінде теориялық мәні зор "Қазақтың шежіресі" атты еңбек берді. "Жәми-ат-тауарихты" Шоқан сирек кездесетін тарихи шығарма, қазақтың XV-XVI-XVII-ғасырдағы тарихи аңыздарының жиынтығы деп таниды. Кейін "Бабур-наме", "Тарих-и-Рашидиге" терең үңілген ол өз еңбектерінде солардың деректерін орынды пайдаланды. Өле-өлгенше Бас Штаб пен Азия департаментінің қызметкері болып есептеледі. Меңдеген ауруына шипа таба алмай, 1865 жылы сәуірде Шоқан Уәлиханов Алтынемел жотасының етегіндегі Көшентоған деген жерде Тезек ауылында қайтыс болады.

Заманында дүние жүзі ғылымына елеулі үлес қосқан Ш. Уәлихановтың барлық саладағы еңбектері әр кезеңде де жоғары бағаланды.





Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Презентация по историе "Тарихи тулгалар""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Психолог-перинатолог

Получите профессию

Экскурсовод (гид)

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 662 872 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 08.02.2016 2428
    • DOCX 335 кбайт
    • 11 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Куттыгожин Нурлан Сапарулы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Куттыгожин Нурлан Сапарулы
    Куттыгожин Нурлан Сапарулы
    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 6604
    • Всего материалов: 6

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Менеджер по туризму

Менеджер по туризму

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Моделирование современных уроков истории

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 82 человека из 41 региона
  • Этот курс уже прошли 464 человека

Курс профессиональной переподготовки

История: теория и методика преподавания в образовательной организации

Учитель истории

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 167 человек из 57 регионов
  • Этот курс уже прошли 771 человек

Курс повышения квалификации

Федеральный государственный образовательный стандарт ООО и СОО по истории: требования к современному уроку

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 153 человека из 52 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 278 человек

Мини-курс

Эволюция и современное состояние искусства

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Музыкальная журналистика: история, этика и авторское право

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Жизненный цикл продукта и методология управления проектами

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе