Алтын Орда
Күні:26.04.2013
Сыныбы: 7
Пәні: Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы
Сабақтың тақырыбы: Алтын Орда
Білімділік мақсаты: Алтын Орда мемлекетінің құрылуын, саяси және экономикалық
даму ерекшеліктерін түсіндіре отырып, Орданың әлсіреу себептерін ашу;
Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың тарихи оқиғаларды өз бетінше тұжырымдай
білуіне бағыт беру, логикалық ойлау қабілетін арттырып, ойын еркін айтып
жеткізе білуге дағдыландыру;
Тәрбиелік мақсаты: Оқушыларды өз тарихын құрметтеуге, ұлттық намысын оятып,
ерлікке, отансүйгіштікке тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Ауызша баяндау арқылы түсіндіру.
Сабақтың көрнекілігі: Карточка, Оқулықтардан, рефераттардан көрме, Алтын Орда
мемлекетінің картасы, түсіндірмелі тірек-сызбалар, танымдық ойындар, Шыңғысхан,
Бату хандардың портреттері (слайд) ақпараттық компьютерлік технология бойынша.
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен сәлемдесіп, түгендеп алған соң, сынып
тазалығына көңіл бөліп, оқушылардың назарын сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: Монғолдардың Қазақстан жерін жаулап алуы тақырыбы
бойынша үй тапсырмасы сұралады.
Үй тапсырмасын пысықтау арқылы жаңа сабаққа көшу.
Шыңғысхан жаулап алған жерлерін өзінің төрт баласына бөліп береді. Бөліп
берілген жерлер ұлыс деп аталды.
Шыңғысхан
Жошы ұлысы Шағатай ұлысы Үгедей ұлысы Төле ұлысы
Ертіс өзенінен Оңтүстік және Батыс Монғолия мен Монғолия
бастап, батысы Оңтүстік Қазақстан Алтай, Тарбағатай, жерін
мен Еуропа жер- (Жетісу аймағы) Ертістің жоғары ағысы билеген.
леріне дейін ат Орта Азия жерлері бойындағы жерлер
тұяғы жететін берілген. Қараған.
жерлердің бар-
лығы қараған.
Батый Ежен Шайбан
Батый – Алтын босағалы «Ақ Орда»,
Ежен – Күміс босағалы «Көк Орда»,
Шайбан – Болат босағалы «Боз Орда» ға кіргізеді.
Алтын босағалы Ордаға Батыйды кіргізіп, Жошының орнына хан сайлаған. «Алтын
Орда» деген атау осыдан шыққан тәрізді.
ІІІ. Жана сабақ
Жоспары:
І. Алтын Орданың құрылуы.
ІІ.Алтын Орданың күшеюі.
ІІІ. Алтын Орданың әлсіреуі.
ІV. Алтын Орданың қоғамдық құрылысы.
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.