Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / История / Презентации / Презентация по истории на тему "Атыраулық Ұлы Отан соғысының батырлары"(10 класс)

Презентация по истории на тему "Атыраулық Ұлы Отан соғысының батырлары"(10 класс)

  • История
Сабақ жоспарының презентациясы Сабақтың тақырыбы: Атыраулық Ұлы Отан соғысыны...
Сабақтың тақырыбы: Атыраулық Ұлы Отан соғысының батырлары
Ешкім де, еш нәрсе де ұмытылмайды
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға Ұлы Отан соғысындағы кеңес әскерлерінің жеңісін...
ІІ. «Ой шақыру» сұрақтары 1.«Соғыс», «Ерлік», «Жеңіс» деген сөздерді естіген...
Жаңа сабақтың жоспары: 1.Ұлы Отан соғысының басталуы 2. Атырау соғыс жағдайы...
Адамзат тарихында екі дүниежүзілік соғыс болды. 1.1914-1918 жылдары 38 мемлек...
Атырау облысынан 42508 жерлесіміз Отанды жаудан қорғауға аттанса, олардың 132...
Александр Никифорович Афанасьев 1914 жылы Құрманғазы ауданы Ганюшкино селосын...
Мұса Баймұханов 1910 жылы 16 қазанда қазіргі Қызылқоға ауданы Қарабау ауылынд...
Березин Иван Николаевич 1923 жылы Индер ауданында дүниеге келген. Қызыл Армия...
Канцев Георгий Федорович 1907 жылы Махамбет ауданы Махамбет селосында дүниеге...
Ф.С.Мазуров 1903 жылы Құрманғазы ауданының Кудряшово селосында дүниеге келген...
Махорин Иван Федорович 1916 жылы Индер ауданы Горы селосында дүниеге кеген. Ә...
Мұқат Мұсаев 1919 жылы Құрманғазы ауданы Қошалақ елді мекенінде Дүниеге келге...
Боран Нысанбаев 1918 жылы Индер ауданы Көктоғай селосында дүниеге келген. Қат...
СМАҒҰЛОВ Қайырғали. (1919-1993) Қайырғали Смағұлов 1919 жылы 5 қыркүйекте бұр...
Хиуаз Қайырқызы Доспанова  1922 жылы Теңіз ауданы  Ганюшкин ауылында дүниеге...
№ Аты-жөні туған жылы Туған жері Қай шайқастаерліккөрсетті 1 Афанасьев А.Н 19...
«Даңқ» ордені- КСРО Жоғарғы Кеңес Президиумының Жарлығымен 1943 жылы 8 қараша...
Еркінов Шүкір Таңатарұлы 1924 жылы Қызылқоға ауданының Дәулетиман елді мекені...
Әліпов Ғизат Мұқашұлы 1924 жылы Құрманғазы ауданында дүниеге келген. Соғысқа...
Гавриил Петрович Шамин 1923 жылы Индер ауданынын, Гребенщик ауылында дүниеге...
Евгений Михайлович Полынин 1914 жылы Жылой ауданының Құлсары қаласында дүниег...
Сәйкестендіру тестісі М.Баймұхановтың дүниеге келген жері Ф.С.Мазуров Ш.Еркін...
ӘН ЖҰМБАҚ 1. Бұл ән Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 30 жылдығына арнап жазылған...
2.   Бұл әннің Сөзін жазған Владимир Харитонов Музыкасын жазған Давид Тухманов 
3. Бұл әннің “жұлдызы” осы әншінің орындауында жанды. Бұдан басқа бұл әнді Ио...
Жағымды және жағымсыз сөздер Бүгінгі сабақтың барысында естіген жағымды сөзде...
1 из 31

Описание презентации по отдельным слайдам:

№ слайда 1 Сабақ жоспарының презентациясы Сабақтың тақырыбы: Атыраулық Ұлы Отан соғысыны
Описание слайда:

Сабақ жоспарының презентациясы Сабақтың тақырыбы: Атыраулық Ұлы Отан соғысының батырлары Пәндік саласы: Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 10-сыныпқа арналған «Атырау: өлке тарихынан әңгімелер» тақырыбындағы қолданбалы курсы Авторы: Дюсекенова Нургуль Тулеугалиевна Лауазымы: тарих, қоғам тану және құқық пәндерінің мұғалімі Білім беру ұйымының атауы: “Жалпы білім беретін Жұмабай Мырзағалиев атындағы орта мектеп” мемлекеттік мекемесі Ауданы: Исатай ауданы Облысы: Атырау облысы

№ слайда 2 Сабақтың тақырыбы: Атыраулық Ұлы Отан соғысының батырлары
Описание слайда:

Сабақтың тақырыбы: Атыраулық Ұлы Отан соғысының батырлары

№ слайда 3 Ешкім де, еш нәрсе де ұмытылмайды
Описание слайда:

Ешкім де, еш нәрсе де ұмытылмайды

№ слайда 4 Сабақтың мақсаты: Оқушыларға Ұлы Отан соғысындағы кеңес әскерлерінің жеңісін
Описание слайда:

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға Ұлы Отан соғысындағы кеңес әскерлерінің жеңісіне атыраулықтардық қосқан үлесімен таныстыру, оның ішінде жерлестеріміздің есімдерін, өшпес ерліктерін дәріптеу.Ел есінде мәңгі сақталатындығын таныту. Сабақтың міндеттері: 1.Кеңес-герман соғысы жылдарындағы қазақстандықтардың ерен ерліктің үлгісін көрсеткендігін,олардың ерліктерін насихаттау,тарихи танымдарын арттыру. 2.Оқушылардың осыған дейінгі білгендерін еске түсіре отырып, Атырау халқының жеңіске қосқан үлесі, жауынгерлеріміздің өшпес ерліктері туралы қосымша деректермен толық таныстыру. Оқушылардың ой-өрісін дамыту және іздену қабілетін арттыру. 3.Оқушыларды Отан қорғау жолындағы батырлардың ерліктеріне бас ие отырып,өз елін ,жерін сүюге және құрметтеуге тәрбиелеу.

№ слайда 5 ІІ. «Ой шақыру» сұрақтары 1.«Соғыс», «Ерлік», «Жеңіс» деген сөздерді естіген
Описание слайда:

ІІ. «Ой шақыру» сұрақтары 1.«Соғыс», «Ерлік», «Жеңіс» деген сөздерді естігенде қандай ой келеді? (топтастыру үш топқа) 2.Ұлы Отан соғысы қашан болды? 3.Ұлы Отан соғысы қай елдердің арасында болды? 4.Ұлы Отан соғысы қай елдің жеңісімен аяқталды? 5.Ұлы Отан соғысының аяқталуына биыл неше жыл толады? 6.Ұлы Отан соғысындағы ерліктері үшін Кеңес Одағының Батыры атағын алған қазақстандықтарды атайық. 7.Өз ауылымыздан Ұлы Отан соғысына қатысқан ардагерлер деп кімдерді атар едің?

№ слайда 6 Жаңа сабақтың жоспары: 1.Ұлы Отан соғысының басталуы 2. Атырау соғыс жағдайы
Описание слайда:

Жаңа сабақтың жоспары: 1.Ұлы Отан соғысының басталуы 2. Атырау соғыс жағдайында болған жалғыз облыс 3. Атыраулық жауынгерлердің жеңіске қосқан үлесі

№ слайда 7 Адамзат тарихында екі дүниежүзілік соғыс болды. 1.1914-1918 жылдары 38 мемлек
Описание слайда:

Адамзат тарихында екі дүниежүзілік соғыс болды. 1.1914-1918 жылдары 38 мемлекет қатысты 2.1939-1945 жылдар 61 мемлекет қатысты. 1939 жылы қыркүйекте КСРО мен Германия арасында бір-біріне шабуыл жасаспау туралы келісімге қол қойылды. 1940 жылы Германия «Барбаросса» жоспарын дайындап, 1941 жылы 22 маусымда соғыс жарияламастан КСРО-ға басып кірді. Армия қатарына 1196164 қазақстандық алынды яғни, Қазақстанның әрбір бесіншісі тұрғыны майданға аттанды. Жалпы есеп бойынша 1миллион 870 мың қазақстандық жаумен шайқасты.Соғыстың алғашқы күнінен бастап отандастарымыз ірі шайқастарға қатысып,ерлік көрсетті Ұлы Отан соғысындағы ерліктері үшін 11600 адамға Кеңес Одағының Батыры атағы берілсе,оның 497-сі қазақстандық,оның ішінде 98(105)-і қазақ. 110 қазқастандық Даңқ орденінің толық иегері атанды.

№ слайда 8 Атырау облысынан 42508 жерлесіміз Отанды жаудан қорғауға аттанса, олардың 132
Описание слайда:

Атырау облысынан 42508 жерлесіміз Отанды жаудан қорғауға аттанса, олардың 13287-сі майданнан оралмады. Облысымыз бойынша 9 адам Кеңес Одағының Батыры атағын алды, 4 адам Даңқ орденінің толық иегері, 344 адам түрлі орден, медальдармен марапатталды. 2004 жылы желтоқсанда ҚР Президенті жарлығымен Хиуаз Доспановаға «Халық Қаһарманы» атағы берілді. Кең байтақ Кеңес Одағы, Еуропа елдерін азат ету жолында ерен ерліктің үлгісін көрсетті. Кеңес Одағының Батыры, марқұм Қайырғали Смағүловтың ерлігі Социалистік Еңбек Ері, ұлы жазушы Ғабит Мүсіреповтың «Қазақ солдаты» романына арқау болса, Кеңес Одағының Батыры Боран Нысанбаев Орел облысының Лecки деревнясында шабуыл кезінде жау дзотын кеудесімен жауып, мұндай ерлікті әйгілі Александр Матросовтан 19 күн бұрын жасағаны мәлім. Кеңес Одағының Батырлары: Александр Никифорович Афанасьев, Мұса Баймұқанов, Георгий Федорович Канцев, Иван Федорович Махорин, Филипп Савельевич Мазуров, Мұқат Мұсаев, Иван Николаевич Березин сынды жерлестеріміздің қаһармандығы облыс халықының мақтанышына айналды.

№ слайда 9
Описание слайда:

№ слайда 10 Александр Никифорович Афанасьев 1914 жылы Құрманғазы ауданы Ганюшкино селосын
Описание слайда:

Александр Никифорович Афанасьев 1914 жылы Құрманғазы ауданы Ганюшкино селосында дүниеге кеген. 1942 жылы Қызыл Армия қатарына алынған. Воронеж майданы 68-гвардиялық атқыштар дивизиясының 202-гвардиялық атқыштар полкі 2-ротасының құрамында Ұлы Отан соғысына қатысты. 1943 жылы 25 қыркүйекте Днепр өзенінің оң жағалауындағы Балыка селосына таяу жердегі биіктікке бекінген Афанасьев жауынгерлері қалған бөлімшелердің өзеннен қауіпсіз өтуін қамтамасыз етті. Позициясын қайтармақ болған жау бірнеше қарсы шабуылдарға шықты. Афанасьев рота басқаруды өз қолына алып, жауынгерлермен бірге жау траншеясына басып кірді де, оларды плацдармнан қуып шықты. Оның жеке басының батылдығы жауынгерлерді ерлікке жігерлендірді. Осы ұрыста Афанасьевтің пулеметшілері жаудың 2 пулемет расчетін, 50-ден астам әскерін жойды. 1943 жылы 11 қазанда Днепрден өтуде Балыко-Щучинка селосы маңында қаза тапты 1943 жылдың 13 қарашасында КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. АФАНАСЬЕВ Александр Никифорович (1914-1943)

№ слайда 11 Мұса Баймұханов 1910 жылы 16 қазанда қазіргі Қызылқоға ауданы Қарабау ауылынд
Описание слайда:

Мұса Баймұханов 1910 жылы 16 қазанда қазіргі Қызылқоға ауданы Қарабау ауылында дүниеге келді. Гурьев облысында прокуратура жүйесінде тергеуші-хатшы болып жұмыс істеген. 1941 жылы Кеңес Армиясы қатарына шақырылған. 1942 жылы Елабуг қаласындағы әскери-саяси училищені, 1944 жылы Мәскеу пулемет училищесін бітірген. Кіші лейтенант М.Баймұханов 1945 жылдың қаңтарында Оппельна аймағында жұқа мұздың үстімен жүріп бірінші болып Одер өзенінен өтіп, полктың басқа бөлімдерінің өзеннен жылдам өтіп кетуіне жәрдемдесті. Одерфельде деревнясына басып кіріп, взвод көптеген қарсы шабуылдарды қайтарды. Баймұханов 1945 жылы 18 наурызда мерт болды. Кеңес Одағының Батыры атағы 1945 жылы 10 сәуірде берілді. Ленин орденімен, "Алтын жұдыз" медалімен, Отан соғысының I дәрежелі орденімен марапатталған. БАЙМҰҚАНОВ Мұса (1910-1945)

№ слайда 12 Березин Иван Николаевич 1923 жылы Индер ауданында дүниеге келген. Қызыл Армия
Описание слайда:

Березин Иван Николаевич 1923 жылы Индер ауданында дүниеге келген. Қызыл Армия қатарына 1943 жылы 8 қыркүйекте шақырылған. Аздаған әскери даярлықтан кейін, қан құйлы майданға белсене араласып, кеңестік Балтық жағалауын жаудан азат етуде 1944 жылғы 26 маусымда асқан ерлікпен шайқасып қаза тапты. Батыс Двина өзенінің сол жоқ жағалауына өту үшін болған шайқастағы ерлігі үшін КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1945 жылғы 24 наурызғы Жарлығымен оған Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. БЕРЕЗИН Иван Николаевич (1923-1944)

№ слайда 13 Канцев Георгий Федорович 1907 жылы Махамбет ауданы Махамбет селосында дүниеге
Описание слайда:

Канцев Георгий Федорович 1907 жылы Махамбет ауданы Махамбет селосында дүниеге келген. 1941 жылдың қыркүйек айында майданға аттанады. Майданда Суворов орденді, Қызыл Тулы 354-атқыштар дивизиясының 1199-атқыштар полкінің взвод командирі болып жауыңгерлік өмірі басталады. 1944 жылдың 5 қыркүйегі күні жаудың қарша жауып тұрған оғы астында Георгий Канцев өжет те батыл қимыл жасай отырып, алғашқылардың бірі болып Нарев өзенінен өтіп, ротаның алдыңғы тобымен бірге батыс жағалауға бекініп алады. Осы шайқаста Канцев өзінің қарауындағы қаһарман жауынгерлермен жаудың жеті рет үздіксіз шабуылына тойтарыс бере отырып, немістердің 50-ден астам солдаты мен офицерінің көзін жойды. Соғысты толық аяқтап жауынгерлік ерліктері үшін «Қызыл Жұлдыз», III дәрежелі жауынгерлік «Даңқ», «Отан соғысы» ордендерімен марапатталды. 1945 жылдың қазан айында туған өлкесіне оралып, бейбіт еңбекке құлшына араласты. 1978 жылы Махамбет селосында қайтыс болды. КАНЦЕВ Георгий Федорович (1907-1978)

№ слайда 14 Ф.С.Мазуров 1903 жылы Құрманғазы ауданының Кудряшово селосында дүниеге келген
Описание слайда:

Ф.С.Мазуров 1903 жылы Құрманғазы ауданының Кудряшово селосында дүниеге келген. 1942 жылы армия қатарына алынды. Белоруссияның Гомель облысы, Лоев ауданы маңында Днепрден өту кезінде 1943 жыл қазаннан 3-інен 4-іне қараған түнде ефрейтор Филипп Савельевич қардай бораған от астында шыбын жанын шүберекке түйе жүріп, жауынгерлерді өзеннің келесі жағасына қайықпен тоғыз рет өткізеді. Сөйтіп, өз бөлімшесінің 55 жауынгері мен офицерін қару-жарақтарымен қоса аман алып шығады. Жау плацдармымын басып алып,қоршауға алады. Днепр өзенінен өтудегі ефрейтор Филипп Мазуровтың тамаша ерлігін Отаны лайықты бағалап, КСРО Жоғарғы Кеңесінің 1944 жылғы 15 қаңтарындағы Жарлығымен оған Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Соғыс аяқталғаннан кейін отбасы жағдайына байланысты Ф.С. Мазуров көрші Астрахан қаласында тұрды, сонда еңбек етті. 1970 жылы желтоқсан айында қайтыс болды. МАЗУРОВ Филипп Савельевич (1903-1970)

№ слайда 15 Махорин Иван Федорович 1916 жылы Индер ауданы Горы селосында дүниеге кеген. Ә
Описание слайда:

Махорин Иван Федорович 1916 жылы Индер ауданы Горы селосында дүниеге кеген. Әкесі Атырау өңірін ақ бандылардан азат етуде қаза тапқаннан кейін жанұясымен Қарақалпақстанға көшіп,сол жерден 1942 жылы әскер қатарына алынады.Бірінші Украина майданынының құрамында Днепр өзені бойында көрсеткен ерлігі мен батырлығы үшін 1944 жылы оған Кеңес Одағының Батыры атағы беріледі.Соғыстан кейін Қызылорда қаласында тұрған, жұмыс істеген. өз мамандығы бойынша "Қызылордастрой " тресінде еңбек етіп, туған жері Атырауға келіп тұрды.1998 жылы қайтыс болды. МАХОРИН Иван Федорович (1916-1998)

№ слайда 16 Мұқат Мұсаев 1919 жылы Құрманғазы ауданы Қошалақ елді мекенінде Дүниеге келге
Описание слайда:

Мұқат Мұсаев 1919 жылы Құрманғазы ауданы Қошалақ елді мекенінде Дүниеге келген, Астрахань облысының Қарабалы ауданынан Қызыл Армия қатарына шақырылған. Қатардағы жауынгер. Пулеметші. Тисса өзенінен өту үшін болған ұрыста жаудың 60 солдаты мен офицерін, 3 пулемет ұясын жойған. Қызыл Армияның Дебрецен операциясын орындаудағы жанқиярлық батырлығы, ұрысты батыл ұйымдастырып, өзінің өжеттік пен ерлік көрсеткені үшін Мұқат Мұсаевқа КСРО Жогарғы Кеңесі Президиумының 1944 жылғы Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді Соғыстан кейін Сталинград облысында еңбек етті. 1954 жылы Астрахан облысы Нариманов ауданында қайтыс болды. МҰСАЕВ Мұқат (1919-1954)

№ слайда 17 Боран Нысанбаев 1918 жылы Индер ауданы Көктоғай селосында дүниеге келген. Қат
Описание слайда:

Боран Нысанбаев 1918 жылы Индер ауданы Көктоғай селосында дүниеге келген. Қатардағы жауынгер. 1942 жылы армия қатарына алынып, 137 атқыштар дивизиясының 770 полкінде минометші болған Боран Лески деревнясы үшін болған ұрыста 1943 жылы 6 ақпан күні жаудың атыс ұясын ерлікпен жойып, қаза тапқан. Кейін жолдастары шабуылға шығып, жау тобын қайтарып, Лески деревнясын алған. Атыс саябыр тапқанда Боранның денесі жанында жаудың 28 жендетінің өлігі жатыр екен. Шындығында, ол мектептегі оқулықтан белгілі Александр Матросовтың ерлігін одан 19 күн бұрын жасап, жау ұясын кеудесімен басып, беліне байлап барған гранаталарын ішке лақтырып үлгерген. Лески қаласында болған шайқаста жауып тұрған оққа қарамастан жаудың бірнеше атыс ұясын гранатамен талқандап, ерлікпен қаза тапқан. Осы ерлігі үшін Нысанбаевқа  1943 жылы 23 қыркүйек күні КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Орел облысы Покров ауданы Дросково деревнясында жерленген. НЫСАНБАЕВ Боран (1918-1943)

№ слайда 18 СМАҒҰЛОВ Қайырғали. (1919-1993) Қайырғали Смағұлов 1919 жылы 5 қыркүйекте бұр
Описание слайда:

СМАҒҰЛОВ Қайырғали. (1919-1993) Қайырғали Смағұлов 1919 жылы 5 қыркүйекте бұрынғы Гурьев облысы Қайыршақты ауылында дүниеге келген. 1939 жылдың күзінде Қызыл Армия қатарына шақырылып, Закавказьедегі 31-атқыштар дивизиясында артиллерист болады. Краснодар, Минводы, Пятигорск, Нальчик, Гемрюк, Орджоникидзе, Грозный және т.б. қалаларды, сонымен қатар 1943 жылы 16 қыркүйекте Новороссийскіні азат етуге қатысады. Бұл қаланы азат етудегі аты шулы шайқаста Смағұлов үлкен ерлік көрсетеді. Керчь-Эльтиген десанттық операциясында ерлік көрсеткені үшін 1943 жылы 17 қарашасында КСРО Жоғарғы Кеңес Президиумының Жарлығымен Кеңестер Одағының Батыры атағы берілді. Елге келгеннен кейін бейбіт еңбеке араласты, 1963 жылдан 1973 жылдарға дейін Гурьев педагогика институтда сабақ берді. 1993 жылы 23 қазанда дүниеден өтті.

№ слайда 19 Хиуаз Қайырқызы Доспанова  1922 жылы Теңіз ауданы  Ганюшкин ауылында дүниеге
Описание слайда:

Хиуаз Қайырқызы Доспанова  1922 жылы Теңіз ауданы  Ганюшкин ауылында дүниеге келген. Әкесi  Қайыр — балықшы, анасы Меруерт — мұғалiм болып еңбек еткен. Ұшқыштық өмір жолын Оралдың аэроклубында бастап, кейін әйгілі ұшқыш  Марина Раскова басқарған 46-гвардиялық полкінің құрамында 300-ден астам әуе шайқастарына қатысқан Хиуаз Доспанова сол кездің өзінде теңдессіз ерлігі үшін «қанатты қыз» атанған еді. 2004 жылы желтоқсанда ҚР Президенті жарлығымен Хиуаз Доспановаға «Халық Қаһарманы» атағы берілді. Соңғы жылдары Алматыда тұрып 2008 жылы 21 мамырда 85 жасында қайтыс болды. Халық Қаһарманы

№ слайда 20 № Аты-жөні туған жылы Туған жері Қай шайқастаерліккөрсетті 1 Афанасьев А.Н 19
Описание слайда:

№ Аты-жөні туған жылы Туған жері Қай шайқастаерліккөрсетті 1 Афанасьев А.Н 1914 Құрманғазы ауданы Днепр өзенінің оң жағалауынаөту шайқасында 2 БаймұхановМ 1910 Қызылқоға ауданы Днепр өзенінің оң жағалауынаөту шайқасында 3 Березин И. В 1916 Индерауданы Батыс Двина өзенінің сол жоқ жағалауына өту 4 КанцевГ.Ф 1907 Махамбетауданы Венгрия,Нарев өзенінен өтуүшін шайқас 5 МазуровФ.С 1903 Құрманғазы ауданы Днепр өзенінің оң жағалауынаөту шайқасында 6 МахоринМ.Ф 1916 Индерауданы Днепр өзенінің оң жағалауынаөту шайқасында 7 МұсаевМ 1919 Құрманғазы ауданы Дебрецен операциясындағыерлігі үшін 8 НысанбаевБ 1916 Индерауданы Лески деревнясы үшін болған ұрыстағы ерлігі үшін 9 СмағұловҚ 1919 Махамбетауданы Керчь-Эльтиген операциясында ерлік көрсеткені үшін 10 ДоспановаХ 1922 Құрманғазы ауданы Марина Расковабасқарған46 –гвардиялықполкінің құрамында соғысқан

№ слайда 21 «Даңқ» ордені- КСРО Жоғарғы Кеңес Президиумының Жарлығымен 1943 жылы 8 қараша
Описание слайда:

«Даңқ» ордені- КСРО Жоғарғы Кеңес Президиумының Жарлығымен 1943 жылы 8 қарашада бекітілген әскери орден.

№ слайда 22 Еркінов Шүкір Таңатарұлы 1924 жылы Қызылқоға ауданының Дәулетиман елді мекені
Описание слайда:

Еркінов Шүкір Таңатарұлы 1924 жылы Қызылқоға ауданының Дәулетиман елді мекенінде дүниеге келген. 1942 жылы өз еркімен майданға аттанып, 222-Смоленск атқыштар дивизиясының 43-өздігінен жүретін артиллериялық танкіге қарсы жойғыш дивизияның барлаушысы қызметін атқарады. Отан алдындағы адал қызметі үшін сегіз рет Бас Қолбасшының алғысын алды, эр майдандағы ерлігі үшін «1941-1945 жылдары Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін», «Варшаваны азат еткені үшін», «Кенгисбергті азат еткені үшін», «Ерлігі үшін» және т.б. медальдарімен, бірінші, екінші, үшінші дәрежелі «Даңқ» орденіне марапатталды. 1947 жылы елге оралып соғыс кезіндегі алған жаралақаттарының салдарынан 25 жасында қайтыс болды.

№ слайда 23 Әліпов Ғизат Мұқашұлы 1924 жылы Құрманғазы ауданында дүниеге келген. Соғысқа
Описание слайда:

Әліпов Ғизат Мұқашұлы 1924 жылы Құрманғазы ауданында дүниеге келген. Соғысқа дейін шаруашылықтың түрлі салаларында еңбек етумен өтті. 1942 жылдың маусым айында Қызыл Армия қатарына алынған. Орынбор облысындағы Краснокоми қаласындағы жаяу әскерлер училищесін бітірген. 1943 жылғы шілдесінде. Курск доғасындағы, 1944 жылғы Буг өзенінен өту кезіндегі, 1945 жылғы Одер өзенінен өтудегі ерліктері үшін бірінші, екінші, үшінші дәрежелі «Даңқ» орденіне марапатталды . Майданнан елге оралысымен еңбекке білек сыбана кірісті. Ол көптеген жылдар бойы өзі туып-өскен Құрманғазы ауданындағы «Память Ильича», Ворошилов атындағы колхоздарды басқарды. Кейіннен Орал қаласындағы ауылшаруашылығы мамандығы даярлайтын оку орнын бітірген соң Құрманғазы атындағы кеңшарда зоотехник, ұзақ жылдар бойы ферма басқарушысы сияқты жұмыстар атқарды.

№ слайда 24 Гавриил Петрович Шамин 1923 жылы Индер ауданынын, Гребенщик ауылында дүниеге
Описание слайда:

Гавриил Петрович Шамин 1923 жылы Индер ауданынын, Гребенщик ауылында дүниеге келген. Сол кездегі төрт сыныпты баста- уыш мектепті бітіргеннен кейін 1934 жылдан бастап аудандағы ірі шаруашылықтың бірі Амангелді атындағы колхозда қосалқы жұмыспен еңбек жолын бастайды. 1941 жылдың 14 тамызында өз еркімен Қызыл Армия қатарына алынып, майданға аттанды. 379-моторлы дивизиясы құра- мында барлаушы болған. Ұлы Отан соғысы кезінде ерлігі үшін бірінші, екінші, үшінші дәрежелі «Даңқ» ордендермен қатар, бірінші дәрежелі «Отан соғысы», екі «Қызыл Жұлдыз» ордендерімен марапатталды. Соғыстың басынан аяғына дейін болғандықтан Г.Шамин 1945 жылдың 24 маусыында Кеңес Одағының сол кездегі астанасы Мәскеу қаласында өткен Жеңіс шеруіне қатысқан.

№ слайда 25 Евгений Михайлович Полынин 1914 жылы Жылой ауданының Құлсары қаласында дүниег
Описание слайда:

Евгений Михайлович Полынин 1914 жылы Жылой ауданының Құлсары қаласында дүниеге келген. 1931 жылы Гурьев қаласына қоныс аударады. Мұнда 1934 жылға дейін қалалық шаруашылық мекемесінің қарауында ағаш шеберінің көмекшісі қызметін атқарады. 1934 жылдан бастап 1937 жылға дейін Микоян атындағы колхозда балықшы болып еңбек етеді. 1937 жылдан бастап Балықшыдағы балық-құты комбинатында ағаш шебері болып еңбек жолын жалғастырады. Ұлы Отан соғысы басталған сәттен-ақ әскер қатарына алынып, Қиыр Шығыстағы Хабаровск қаласындағы байланысшылар полкінің бөліміне жіберілді. Витебск облысындағы Днепр өзеніне жақын орналасқан Орне қаласы түбінде 192-атқыштар дивизиясының құрамында болған Е.Полынин аса қиын жағдайда байланыс орнатып, жауға қарсы шабуылға шығуды қамтамасыз еткені үшін, Пруссияның берілмес қамалдарына айналған шағын Пилькалин, Кенигсберг қамалына шабуыл жасау кезінде байланыс орнатып, ерлік көрсеткені үшін бірінші, екінші, үшінші дәрежелі «Даңқ» ордендерімен марапатталған.

№ слайда 26
Описание слайда:

№ слайда 27 Сәйкестендіру тестісі М.Баймұхановтың дүниеге келген жері Ф.С.Мазуров Ш.Еркін
Описание слайда:

Сәйкестендіру тестісі М.Баймұхановтың дүниеге келген жері Ф.С.Мазуров Ш.Еркінов «Халық Қаһарманы» Х.Доспанованың дүниеге келген жері Индер Махамбет Қызылқоға «Қазақ солдаты» романының кейіпкері Б.Нысанбаев Қ.Смағұлов А.Матросов ерлігін жасаған атыраулық батыр А.Афанасьев Құрманғазы Атыраулық «Даңқ» орденінің толық иегері Г.Ф.Канцев

№ слайда 28 ӘН ЖҰМБАҚ 1. Бұл ән Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 30 жылдығына арнап жазылған
Описание слайда:

ӘН ЖҰМБАҚ 1. Бұл ән Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 30 жылдығына арнап жазылған. Содан бері 9-мамыр Жеңіс күні бұл ән жеңістің гимні ретінде шырқалып келеді.

№ слайда 29 2.   Бұл әннің Сөзін жазған Владимир Харитонов Музыкасын жазған Давид Тухманов 
Описание слайда:

2.   Бұл әннің Сөзін жазған Владимир Харитонов Музыкасын жазған Давид Тухманов 

№ слайда 30 3. Бұл әннің “жұлдызы” осы әншінің орындауында жанды. Бұдан басқа бұл әнді Ио
Описание слайда:

3. Бұл әннің “жұлдызы” осы әншінің орындауында жанды. Бұдан басқа бұл әнді Иосиф Кобзон, Муслим Магомаев, Юрий Богатиков, Юрий Гуляев, Эдита Пьеха орындаған.

№ слайда 31 Жағымды және жағымсыз сөздер Бүгінгі сабақтың барысында естіген жағымды сөзде
Описание слайда:

Жағымды және жағымсыз сөздер Бүгінгі сабақтың барысында естіген жағымды сөздерді қызыл стикерге, жағымсыз сөздерді көк стикерге жазып, әр оқушы оқиды, барлық оқушы оқып болғаннан кейін “жағымсыз” сөдерді қоқыс жәшігіне лақтырамыз, елімізде мәңгі бейбітшілік болсын деп “жағымды” сөздерді бір-бірімізге арнаймыз

Автор
Дата добавления 06.01.2016
Раздел История
Подраздел Презентации
Просмотров491
Номер материала ДВ-311494
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх