Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / История / Презентации / Презентация по истории на тему " Бұхар Жырау" ( 8 - класс)
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 26 апреля.

Подать заявку на курс
  • История

Презентация по истории на тему " Бұхар Жырау" ( 8 - класс)

библиотека
материалов

Бұқар жырау Қалқаманұлы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Мында өту: шарлау, іздеу



Қалқаманұлы, Бұқар жырау

hello_html_24f88cac.jpg
Бұқар жырау

Дүниеге келгені:

1668

Қайтыс болғаны:

1781

Мансабы:

жырау

Бұқар жырау Қалқаманұлы (1668—1781) — қазақтың ұлы жырауы, 18 ғ. жоңғар басқыншыларына қарсы Қазақ-жоңғар соғысының бастаушысы әрі ұйымдастырушысы атақты Абылай ханның ақылшысы.

Шыққан тегі Арғын тайпасының қаржас руынан. Заманындағы сыншылар оны «көмекей әулие» деген. Сөйлегенде көмекейі бүлкілдеп, аузынан тек өлең сөз төгіледі екен.Сырдария облысы Қазалы уезі көшербай болысының 6 шы ауыл. "ҚараҚ" деген жер

Мазмұны

Өмірбаяны

Бұқар Жырау қазақ халқының Жоңғар басқыншылығы тұсында, елдің болашағы қыл үстінде тұрған кезде өмір сүріп, сол алмағайып замандағы күрделі мәселелерге өз жырларымен жауап бере білді. Осындай ауыр сәттерде Абылай ханға дұрыс кеңес беріп, ел-жұртты басқыншы жауға қарсы күресте біріктіруге, бір тудың астына топтастыруға күш салды. Өзінің саяси-әлеум. мәнді жыр-толғауларымен сол жалынды күрестің жыршысына айналды. Осы мақсатта ол Абылай ханды бірден-бір қажетті басшы санап, оған халық бірлігін сақтап қалатын көсем тұрғысында үлкен сенім артты. Абылай хан да сол биік талаптан табылып, елдің бірлігі мен жарқын болашағы үшін жан аямай қызмет етті. Жырау сол азаттық жолында өлімге бас байлап, ерліктің небір ғажайып үлгілерін көрсеткен хан мен оның батырларын жырға қосып, олардың өшпес әдеби бейнелерін жасады. Әсіресе, Абылай ханның көрегендігі мен даналығын, ауыр кезең, қиын сәттерде ел ұйытқысы бола білгенін асқақ жырлады:

Қайғысыз ұйқы ұйықтатқан, ханым-ай, Қайырусыз жылқы бақтырған, ханым-ай, Қалыңсыз қатын құштырған, ханым-ай. Үш жүзден үш кісіні құрбан қылсам, Сонда қалар ма екен қайран жаның-ай!”.

Осы бір шумақ жырда халық пен ханның байланыс-бірлігін қиыннан қиыстыра білген. Жыраудың “Абылай ханның қасында”, “Ал, тілімді алмасаң”, “Ай, Абылай, Абылай”, “Қазақтың ханы Абылай”, “Ханға жауап айтпасам”, “Басыңа біткен күніңіз”, “Ай, Абылай, сен он бір жасыңда”, “Ал, айтамын, айтамын” атты толғауларында ханның сол кездегі ұстанған саясаты мен көрегендігі, алғырлығы мен білгірлігі сипатталады. Ал, “Садыр, қайда барасың?”, “Бұқарекең біз келдік, Ақан, Төбет байларға” деген жырларында ол ел болашағы, татулық мәселелерін сөз етеді. Бұқар Жыраудың Абылай хан саясаты жөніндегі байламды пікірлері де орнықты, әділ. Ол қасындағы Қытай мен Ресей туралы да ұстамды бағыт ұстанады. Соның арқасында ата жауы Жоңғарлардың іштей іріп, азып-тозуы үшін ұтымды саясат қолдана отырып тарих сахнасынан кетуіне қолайлы жағдай жасағанын мақтанышпен жырлайды. Бұл орайда жырау Абылай ханды “әділдігі Наушаруандай, жомарттығы Хатымдайдай” деп бейнелейді. Тіпті, ханның әділдігі мен адамгершілік қасиеттерін де жоғары бағалай келіп, оның байлық-салтанатын “қырық мың атан тарта алмас” деп сипаттайды. Мұның бәрін жырау ханның жас кезеңдерімен тығыз байланыста алып қарастырады:

Қырық жасқа келгенде, Алтынды тонның жеңі едің. Қырық беске келгенде, Жақсы-жаман демедің. Елу жасқа келгенде, Үш жүздің баласының, атының басын бір кезеңге тіредің!”.

Жырау жас мөлшерін сипаттағанда, бұрыннан келе жатқан дәстүрді ұстанып, оның күш-қайратқа байланысты екенін, әсіресе, жастықтың шыңы жиырма бесті шалқыта жырлайтыны бар. Алайда ол адамның жас кезеңдерін үнемі сол қалыпта сипаттай бермей, оның ақыл-парасат, толысу, кемелдену тұрғысынан да алып суреттейтінін де көреміз. Бұл орайда жырау жас сипаттамаларын Қожа Ахметше жырлайтынын аңғартады:

Отыз жасқа келгенде, Дүниедей кең едің. Отыз бес жасқа келгенде, Қара судың бетінде, Сығылып аққан сең едің. Қырық жасқа келгенде, Алтынды тонның жеңі едің… Елу бес жасқа келіпсің, Елу бес жасқа келгенде, Жақсы болсаң толарсың, Жаман болсаң, маужырап барып соларсың”…

Бұқар Жырау Абылай ханның “бәйгелі жерде бақ болған” әйгілі батырларын “өзіңе тұғыр болған төрт тірек” деп лайықты бағалай отырып, олардың тарихи ерлік істерін қазақтың абырой-арына біткен ерлер деп асқақ жырлайды.

Толғаулары

Жыраудың “Он екі айда жаз келер”, “Абылай ханның қасында”, “Ханға жауап айтпасам” атты толғаулары халық болашағы мен бейбітшілікті сақтау, отарлауды көздеген елден жыраққа, Жиделі байсынға көшу мәселесін қозғайды. Бұл жырлардың үгіт-насихаттық, дидактикалық сипаты басым. Жыраудың табиғат пен адам өмірін астастыра суреттейтін жырлары да мол: “Бұл, бұл үйрек, бұл үйрек”, “Әлемді түгел көрсе де”, т.б. Осының бәрі жыраудың кәнігі шеберлігі мен талғампаздығын танытады. Бұқар Жыраудың толғаулары, шын мәнінде, Абылай дәуірінің айнасы. Ұлтының тамаша рухани адамгершілік қасиеттерін бойына дарытқан көкірегі даңғыл, алмас тілді, дуалы ауыз кемеңгерді Абылай хан да қасынан бір елі қалдырмаған. Ақыл-ойға кемел “Көмекей әулие” Абылай ханның дұрыс шешім, парасатты пайым қабылдауына, қос бүйірдегі екі алып мемлекеттің арасында оңтайлы саясат ұстауына, әскери дипломатиялық қарым-қатынастарды реттеуге барынша ықпал жасайды. Заман келбеті, Отан тағдыры, болмыс шындығы, ел тұтқасын ұстаған асқан қолбасшы, біртуар баїадүр, үздік мәмілегер, зерделі мемлекет басшысы Абылай ханның жортуыл-жорық күндеріндегі іс-қимылдары, ұлтының ұлы мұраттар жолындағы ізгі, жалынды күресі — жырау мұраларында шынайы шыншылдықпен суреттеледі. Әсіресе, Бұқар Жырау толғауларында Ресей империясының отарлаушылық, басқыншылық саясаты, зұлымдық әрекеттері әшкереленеді. Мысалы, “Қилы заман” толғауындағы мына бір жайлар табандап жылжып келе жатқан қайшылығы мол заманды елестетеді:

Күнбатыстан бір дұшпан,
Ақырында шығар сол тұстан.
Өзі сары, көзі көк,
Діндарының аты боп,
Күншығысқа қарайды.
Шашын алмай, тарайды,
Құдайды білмес, діні жоқ,
Жамандықта міні жоқ, Затсыз,
тексіз бір кәпір,
Аузы-басы жүн кәпір,
Жемқорларға жем беріп,
Азды көпке теңгеріп,
Ел қамын айтқан жақсыны,
Сөйлетпей ұрар ұртына.
Бауыздамай ішер қаныңды,
Өлтірмей алар жаныңды,
Қағазға жазар малыңды.
Есен алар пұлыңмен,
Солдат алар ұлыңнан,
Күндердің күні, Абылай,
Жаяулап келер жұртыңа,
Жағалы шекпен кигізіп,
Балды май жағар мұртыңа,
Есе тимес өзіңе, Есіктегі құлыңнан.”

Қазақ қоғамының сәнінен, мәнінен айрылатынын, дінінің, тілінің, жерінің тозатынын, қабілетсіздер сұңғылаларды илеп билейтінін, дәрменсіздік жалайтынын, марқасқалар төбесінде бұлт үйірілетінін баяндаған. Бұл “Қилы заман” толғауының қалай туындағанын Мәшїүр Жүсіп Көпеев былайша түсіндіреді. Абылай хан бір салтанатты күнде ат үстінде Бұқардан сұраған: “Асан қайғының қилы-қилы заман болар, қарағай басын шортан шалар дегені не тантық, суда жүрген шортан тауға біткен қарағайдың басына қайдан шығады. Миға қонбайтұғын сөз ғой” — деп. Сонда Бұқарекең қырын қарап тұрып, атының басын бұрып, қамшысын ерінің үстіне арта салып, көзіне жас алып; “Әй, хан! Бұл сөзді сен сұрамасаң керек еді, мен айтпасам керек!” деп, осы толғауды айтыпты. Отарлаудың небір қанқұйлы амал-айлаларын қапысыз ойластырған Ресей империясы сахарада қара шекпенділер мен келімсектерді түпкілікті қоныстандыру үшін, алдымен, тұс-тұстан қалалар мен бекіністер салды. Нулы, сулы, шүйгінді, орман-тоғайлы жерлерден қазақтарды қырға ығыстырды. Атамекенінен, ата кәсібінен ажырап, абдырай бастаған тағдыр тәлкегіне ұшыраған халқының күйін Бұқар Жырау былайша жоқтап зарлайды: “Өзің қонған Көкшетау,
Кәпір қала салды, ойла!
Жарқайың деген жерлерге,
Шашылып шеті барды, ойла!
Атбасар мен Қалқұтан,
Балығы тәтті су еді.
Өзен бойын шаңдып ап,
Сүзекісін салды, ойла!
Нұрада бар Ақмола,
Есілде бар Қараөткел,
Екі өткелдің аузынан,
Қараөткелді салды, ойла!
Баянауыл, Қызылтау,
Оны да кәпір алды, ойла! ….
Кетпейін десе жері тар,
Кетейін десе алды-артын,
Қарқаралы деген тауларға,
Қарқарасын шанышты, ойла!
Ұлытау, шеті Созақтан,
Берекелі жерлерден,
Көкорай шалғын көре алмай,
Шұбырып қазақ кетті, ойла!
Қоршап алған кәпір бар.
Ұйлыққан қойдай қамалып,
Бүйірден шаншу, қадалып,
Сорлы қазақ қалды, ойла!”.

Бұқар Жырау поэзиясының негізгі ерекшеліктерін, ішкі ағыс-толқындарын, күйлі-қуатты толғамдарын білімпаздықпен бажайлаған М. Әуезов: “Жырау… заман сыншысы, сөйлесе шешілмеген жұмбақ, түйіні шатасқан сөздерді ғана сөйлейді. Өзі тұрған заманның белгілеріне қарап, келешек заман не айтатынын болжайды. Сөзінің бәрі терең ой, терең мағынамен сөйлейді. Сыртқы түрі құбажондатқан толғау, салыстырған суреттермен ұқсатқан нобай, жағалатқан белгімен келеді… Не айтса да, көптің мұңы мен қамы, көптің жәйі туралы: не көпке арнаған ақыл, өсиет есебінде айтылады”, — дейді. Бұқар Жырау есілтіп-төгілтіп, алмастай жарқылдап, дария суындай құйылып отырады. Бұған: “Еліңнің қамын же — сана, Есіліп кеңес айт — сана” деген лебізі куә. Кейде сәуегей абыз ишаратпен, тәмсілмен сөйлейді. Оның қапияда шығарылған филос.-дидактикалық сипатқа бөленген құдіретті ой-толғаныстары, тапқыр билік-кесімдері толғау түрінде беріледі. Қиыннан қиыстырылған құрыштай тастүйін сөздер, қанатты кесек ойлар, пайымды терең байламдар белгілі бір нақысты мақалмен тақпақтата, түйдектете, толқындата айтуды қалайды. Бұқар Жырау дәуір, өмір, тұрмыс-тіршілік құбылыстарын және олардың себеп-салдарын түп-тамырынан қозғап қана қоймаған, білгір дана қиял қанатында самғап, келешек заманның кереметін де көре білген, көрегендікпен болжай таныған:

Әлемді түгел көрсе де,
Алтын үйге кірсе де,
Аспанда жұлдыз аралап,
Ай нұрын ұстап мінсе де,
— Қызыққа тоймас адамзат!”

Ұлы ойшыл-философ сөзін де, пікірін де ойнатып, жайнатып, етек-жеңі жинақы, ықшам, жүзіктің көзінен өткендей сырлы да сұлу мінсіз түйдек әкелген. “Әлемді түгел көру”, “Аспанда жұлдыз аралап, ай нұрын ұстап міну” деген данышпандық толғамдары есіңді аларлықтай есті сөздер. Бұқар Жырау толғауларының сыртқы сымбаты мен ішкі қасиет-қуатында, көркем ойлау процесінде шиыршық атқан жалынды шешендіктің буы, асқақ қаїармандық рухтың лебі білінеді. Негізінде, толғаудың құрылысы күрделі ой ағымына, пікір еркіндігіне, ауызекі сөйлеу стиліне бағынады. Тармақтар 7 — 8 буынды, ұйқастары еркін. Тегінде, толғау муз. аспаптардың (қобыз яки домбыра) сүйемелдеуімен орандалады. Бұқар Жырау толғауларының поэзиялық сәулеті, ерекше қасиеті және оның сөз қолдану ерекшелігі де өзгеше. Қара суды теріс ағызған Абылай ханды “Ай, Абылай, сен бір он бір жасыңда”, “Күпшек санды күреңді” дейтін толғауларында: “Қара судың бетінде, Шайқалып аққан сең едің… Алтын тонның жеңі едің”, “Алтын тұғыр үстінде, Ақсұңқар құстай түледің…. Бақ үйіне түнедің”, деп “Айбалтасын алтынменен булатқан”, “Періштесін жұрт үстінен дулатқан”, “Жасыл көлге мәслихатқа келтіріп, Зәмзәм суын мыс табаққа толтырған. Қазығын қалайыдан қақтырып, тоқпағын сом алтыннан соқтырып, Нақыра күміш шаптырып…”, “Орындығын оймыштан, Ою нақыш салдырған, Сануылғын сары алтынға малдырған” деген поэзиялық сипаттаулары; ердің ері Бөгембай батырдыҚазақтың қамал қорғанына”, “Бұтақты мүйіз бұғысына” ұқсатуы, жыраулардың пірі өзін “Мен — Арғын деген арыспын, Аузы кере қарыспын. Сен — бұзау терісі шөншіксің, Мен — өгіз терісі талыспын” деген метафоралық салыстырулары яки өзінің образдық көркемдік бейнесін сомдауы келісті кесек, немесе: “Бірі етек, бірі жең болған”, “Найзасының ұшы алтын” тәрізді кестелі, келісті, көркем суретті сөйлемдер жырау поэзиясының муз. архитектоникасын, образдық-бейнелілік табиғатын анықтайды. Осылардың баршасы Бұқар Жыраудың жаратылысы, дүниені, ғаламды жан-жақты ұғып-түсінуден, танып-білуден, “тұрмыс қазанында қайнап піскен”, сөз-ұғымдарды, сөз-образдарды жаңғырта, көркейте түсер шығарымпаздық қабілетінен, филос. көзқарасынан туған деуге болады. Б. ж. поэзиясында ақындық даналықтан, тапқырлықтан нәр алған әсерлі, көркем теңеулер де кездеседі. Мыс., “Ұрғашының жақсысы, Абжыландай есіліп… Бозжорғадай бұлғаңы”; “Ормандай көп Орта жүз”; “Қорғасындай балқыған”; “Киігін қойдай қайырған”; “Құланы құлындай тулаған, түлкісі иттей шулаған”; “Буыршындай тіздесті”; “Ағып жатқан бұлақтай Жарға ойнаған лақтай”; “Ерттеп қойған құр аттай”; “От орындай тұяқтым… Саптыаяқтай еріндім, Сарымсақтай азулым… Кекілін қыздай тараған” және т.с.с. Бұлар ұлттық поэзия тілінің құлпыра түсуіне, сырты сұлу, іші ну оюлы, өрнекті сөздердің молая беруіне жойқын ықпал жасайтындығы даусыз. Бұқар Жырау толғауларының танымдық-эстетикалық мәні, сұлулық әлемі даралық-авторлық айқындаулардан да байқалады. Айталық: “сегіз қиыр шартарап”, “Төсі аршынды сұлу”, “құрсағы жуан боз бие” “алпыс басты ақ орда”, “еңсесі биік кең сарай”, “құбылып тұрған бәйшешек”, “ардақталған сұлулық”, “ойнай басқан аяқтым”, “қиғаш қамыс құлақтым” “Шұбар көсем сары аяқ”, “Қоспақ өркеш сары атан”, “Тостаған көзді торыны” және т.б. Сөз кестесі мен бунақталу тәртібінің әуенін, орайын, шырайын түрлендіріп келтіруде меруерттей мөлтілдеген фразеологиялық оралымдардың бір-бірімен әсем қиысып, табиғи құйылып отыруы — жырау поэзиясының басты ерекшелігі. Мыс., “өкпеңменен қабынба, өтіңменен жарылма”, “омыртқасы үзілген”, “Өлетұғын тай үшін, “Қалатұғын сай үшін”, “Тар құрсағын кеңіткен, Тас емшегін жібіткен”, “Назыменен күйдірген, Құлқыменен сүйдірген” “Қайғысыз ұйқы ұйықтатқан, Қайырусыз жалқы бақтырған, Қалыңсыз қатын құштырған”, “екі қара көзді алар”, “Ауыздағы сөзі алар, Бойыңдағы әлді алар, Бетіндегі нұрды алар, Бойыңдағы шарды алар, Аузыңдағы тісті алар, Қолыңдағы істі алар”, “Еңкейіп орақ орарға, Тоңқайып масақ терерге”, т.б. Бұқар Жырау ой-пікірін, лебізін құйқылжыта, тамылжыта жеткізуде бірінен бірінің артықшылығын, айырмашылығын көрсетуде қарама-қарсы құбылыстарды шендестіре суреттейді:

Айналасын жер тұтқан,
Айды батпас демеңіз.
Айнала ішсе таусылмас,
Көл суалмас демеңіз
”.

Я болмаса:

Құландар ойнар қу тақыр,
Қурай бітпес демеңіз.
Қурай бітпес құба жон,
Құлан жортпас демеңіз”.

Бұқар Жырау шығармаларында замандар бойы мысқалдап жиналып, ақыл-ой таразысынан өткізілген өмір тәжірибесінің, ұлттық тарихи санасының даналық қорытындысы, адамгершіліктің ереже-қағидасы іспетті нақыл-ғибрат сөздер мол. Әсіресе, белгілі бір құбылыстарды, заттар мен нәрселерді тізбелеп, салыстырып айтатын “Қара құлаш жүйрік деп”, “Ежелгі дос жау болмас”, “Бағаналы орда, басты орда”, “Жар басына қонбаңыз”, “Көкте бұлт сөгілсе”, “Алыстан қызыл көрінсе”, “Биік тауға жарасар”, “Қорғанды шаїар қаласын”, “Жал, құйрығы қаба деп”, “Асқар таудың өлгені”, “Ақсаңнан биік тау болмас” секілді термелерінде неше алуан мақал-мәтелдер мен нақыл сөздерді келтіруге болады. Мыс.,

“Тар пейілді кеңімес,
Кең пейілді кемімес”,

“Ер жігітке жарасар,
Қолына алған найзасы.
Би жігітке жарасар,
Халқына тиген пайдасы”.

Бұқар Жырау шығармаларының тақырыптық аясы, шеңбері — Жақсылық пен Жамандық, Елдік пен Ерлік, Ізгілік пен Зұлымдық, Әділдік пен Әдептілік, Жастық пен Кәрілік, Татулық пен Араздық, Достық пен Дұшпандық, Адалдық пен Арамдық, Тектілік пен Азғындық, Тұтастық пен Бірлік. “Бұхарекең сөйлеген уақытында сөзі мұндай жүз есе, мың есе шығар. Бізге келіп жеткен тамыры ғана, — деп жазады жыраудың тұңғыш библиографы Мәшїүр Жүсіп Көпеев — бұл кісінің сөзін түгел жазамын деушіге Нұқтың өмірі, Айыптың сабыры, Аплатонның ақылы керек”. Бұқар Жырау шығармаларының текстологиясы әлі күнге ретке келтірілмеген. Ең қажетті таңдамалы сөздер, сөз тіркестері, сөйлемдер іріктеліп, сұрыпталып алынбаған, дұрыс, түзу, мұқият салыстырулар жүргізілмеген. Бұл — болашақтың ісі. Бұқар Жырау мұрасын жинауда, жариялауда және зерттеуде Мәшїүр Жүсіп Көпеев, Қ. Халид, Г.Н. Потанин, Ш.Уәлиханов, Әуезов, С.Сейфуллин, С.Мұқанов, Қ. Жұмалиев, Қ.Мұқаметқанов, М.Мағауин, Р.Сыздықова секілді ұлт зиялылары еңбек сіңірді. Әдебиеттанушылар Бұқар Жырау толғауларының жазба әдебиетке тән сипат белгілерін атап айтқанда, әлеуметшілдік сарынын, азаматтық нысанасын, сондай-ақ, жыраудың даралық өзгешеліктерін талдаса (Әуезов), екіншілері өмірі мен шығарм-на үңіледі (Мұқанов, Жұмағалиев, Мұқаметқанов, Мағауин), соңғылары жыраудың тілі мен стилін қарастырады (Сыздықова). Сөз жоқ, Бұқартану ілімінің қалыптасуы мен дамуы тарихы бар. Болашақта ұлы жырау мұралары жаңаша көзқарас, дүниетаным тұрғысынан (ислам құндылықтарымен сабақтастығы, мораль философиясы, мемлекет мүддесі, поэтикасы) тексерілуге тиіс. [1] [2] [3] [4][5]

hello_html_m262e908d.jpg

hello_html_m5f547484.png

Қалқаманұлы, 1993, Қазақстан пошта маркасы, (Michel № 29)

Мирас толғаулар

  • «Бірінші толғау»

  • «Күллі әлемді жаратқан»

  • «Құбылып тұрған бәйшешек»

  • «Он сегіз мың ғаламды жаратқан»

  • «Керей, қайда барасың»

  • «Әлемді түгел көрсе де»

  • «Ай, заман-ай, заман-ай»

  • «Абылай ханның қасында»

  • «Айналасын жер тұтқан»

  • «Ай не болар күннен соң»

Дереккөздер

  1. Jump up Тарихи тұлғалар. Танымдық - көпшілік басылым. Мектеп жасындағы оқушылар мен көпшілікке арналған. Құрастырушы: Тоғысбаев Б. Сужикова А. – Алматы. “Алматыкітап баспасы”, 2009 ISBN 978-601-01-0268-2

  2. Jump up “Қазақ Энциклопедиясы”, II-том

  3. Jump up Ислам. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2010 ISBN 9965-26-322-1

  4. Jump up Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007. ISBN 9965-32-491-3

  5. Jump up Отырар. Энциклопедия. – Алматы. «Арыс» баспасы, 2005 ISBN 9965-17-272-2















Сарыұлы Ақтамберді (1675 - 1768)

 

Сарыұлы Ақтамберді (1675 - 1768) атақты жырау, қолбасшы батыр, қоғам қайраткері. Ұлы жүздің Ошақты руынан. Әкесі Сары мен шешесі Сырбикеден жалғыз туған. Жыраудың «атадан жалғыз туғанның жүрегінің бастары сары да жалқын су болар» деуінде өз өмірінің шындығы бар.

Қазақ тарихындағы аласапыран кезеңде өмір сүрген Ақтанберді «дұшпаннан көрген қорлығым, сары су болды жүрекке. Он жетіде құрсанып, қылыш ілдім білекке. Жауға қарай аттандым, жеткіз деп, құдай, тілекке» деп, өзі айтқандай, он жеті жасында ақ қолына қару алып, ел қорғауға аттанады.

Жыраудың ақындық даңқымен балуандық, батырлық даңқы қатар шығады. Орта Азия хандықтарымен, қалмақтармен арадағы ұрыстарға қатысып алғашқы кезде жеке басының ерлігімен, соңынан қолбасшылық қабілетімен көзге түседі. Сақа батырлар санатына қосылған кезде атақты «Ақтабан шұбырындының» куәгері болады.

Осы кезде ол жоңғар басқыншыларына қарсы ұлт азаттық күресін ұйымдастырушылардың және жеңісті жорықтарға дем берушілердің бірі ретінде танылады.

Жоңғар мемлекеті талқандалып, шығыстағы бұрынғы жау қолында қалған жерлер босатылған кезде сонда қайта қоныс аударған қазақтарды ата мекеніне біржола орнықтыру жолында Ақтанберді айтарлықтай роль атқарады. Өзіне қараған руларды отырықшыландырмақ болып, арық, тоған қаздырады, егін ектіреді.

Ақтанберді шығармалары негізінен нақылдық толғаныстар түрінде болп келеді. Олар көшпелі қазақтардың ой арманымен, мақсат мүддесімен астасып жатады. Жыраудың «Түйе мойнын тұз кесер», «Күлдір күлдір кісінетіп», «Жылқыдан асқан мал бар ма?» тәріздес әйгілі толғауларынан қазақ халқының мінез құлық ерекшеліктері, болмысқа өзіндік көз қарастары анық аңғарылады. Мал атаулының, оның ішінде жылқы түлігінің көшпелілер өміріндегі орыны жайында өз тұстастары арасында дәл Ақтанбердідей толғаған ақын жоқ. Ол жылқыны тіршілік көзі, жігіттің көркі деп есептейді. Әсіресе, батырдың жан серігі, жауға мінер тұлпары ретінде мадақтайды.

Ақтанберді жырларындағы негізгі сарын ерлікке үндеу, жауға қарсы күреске жігерлендіру. Ол жау табанында қалған жерлерді азат етуді аңсайды, бүкіл қазақ болып бірігіп атқа қонуды, жоңғарларға күйрете соққы беруді армандайды. «Балпаң балпаң кім баспас», «Жауға шаптым», «От басар орыны отаудай» секілді біраз жырларында жұртшылықты ата жаумен айқасқа шақырады. Ел қорғау жолында өлген ерде арман жоқ деп білді.

Аласапыран кезеңде туып, шайқас алаңында шыңдалып өскен Ақтанберді жырлары қазақтардың он сегізінші ғасырдағы жаугершілікке толы өмірінің шынайы суреттерін алға тартады.

 

Күлдiр де күлдiр кiсiнетiп,

Күреңдi мiнер ме екемiз,

Күдерiден бау тағып,

Ақ кiреуке киер ме екемiз!

Жағасы алтын, жеңi жез,

Шығыршығы торғай көз

Сауыт киер ме екемiз!

Ор қояндай жүгiнтiп,

Аш күзендей бүгiлтiп,

Жолбарыстай шұбарды

Таңдап мiнер ме екемiз!

 

Сол шұбарға мiнген соң,

Қоңыраулы найза қолға алып,

Қоңыр салқын төске алып,

Қол төңкерер ме екемiз.

Жалаулы найза жанға алып,

Жау қашырар ма екемiз!

Тобыршықты әндiген

Толтыра тартар ма екемiз!

Тобылғы түбi құралай,

Бытыратып атар ма екемiз!

Жарлауға бiткен жапырақ –

Жамылсақ тоңар ма екемiз.

Жазыққа бiткен бүлдiрген –

Сұғынсақ тояр ма екемiз!

 

Тобылғы сапты қамшы алып,

Тұмар мойын ат мiнiп,

Қоныс та қарар ма екемiз!

Ел жазылып жайлауда

Жақсылар кеңес құрғанда

Мұртымыз өрге шаншылып,

Бұрын да сөйлер ме екемiз!

 

Ақтамберді Сарыұлы (1675-1768) – жырау, қолбасы, қазақтың көне жыраулық мектебінің белді өкілі, дипломат.

Қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. «Он екіде аттанып, қылыш ілдім білекке» дегеніне қарағанда күреске ерте араласқан жауынгер жырау санатына жатады. Тұрмыстың қыр-сырын, отбасы, елдік, ерлік, жер мәселелерін жырларында жақсы бейнелеген. Қысқа, нақыл, шешен сөздердің шебері.

Ол 1742 жылы Орта жүз ру басшыларының Орынборда ант беру жиналысына өкіл болған. 1738-1752 жылдары қазақ-қалмақ арасында болған қанды қақтығыстардың барлығына дерлік қатысқан. «Ақтабан шұбырынды» оқиғасының зұлмат қан кешуін бастан өткерген. Ес білгеннен бастап 70 жыл бойы ат үстінен түспей елі мен жерін қорғаған қас батыр, айтулы шешен, қабырғалы би, атақты жырау болған. Қазақ жауынгерлерінің азаттық, құлдық жөніндегі түсініктері, көшпелі халықтың тыныс-тіршілігі болашаққа деген сенімі, адалдық-жауыздық, қиянат, әділетсіздік хақындағы таным-түсініктері Ақтамберді талғамынан өтіп жыр-толғауға айналған.

Ақтамберді жырау өз ғұмырнамасын толғауларына көркемдік қуаты зор, келісті нақыштармен түсірген. Шығармалары зиялы зергердің қолтаңбасын танытады. Әлі де қолға түспеген толғаулары ел аузында сақталуы ықтимал. Қазіргі қолда бары 300 жолдан аспайды. Азғантай қазынасының өзі афоризмдерге толы. «Күмбір-күмбір кісінетіп», «Уа, қарт Бөгенбай», «Менімен ханым ойнаспа», «Жауға шаптым ту байлап», «Заманым менің тар болды» және тағы да басқа өлең-толғаулары батылдыққа, ізгілікке, патриоттық күй-сезімдерге толы.

Ақтамбердінің «Балаларыма өсиет» деп аталатын толғауы соңғы туындыларының бірі болса керек. Жырау балаларын тірліктегі бірлікке, талап-мұратқа, татулыққа үндейді. Жас ұрпақтың бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығаруы елді мақсатына жеткізерін ескертеді. Халықты алауыз мінездерден сақтандырады.

Ақтамберді толғаулары мен жырлары С.Мұқановтың «Қазақтың 18-19 ғасырдағы әдебиетінің тарихынан очерктер», «Ертедегі әдебиет нұсқалары», «Алдаспан», «15-18 ғасырдағы қазақ поэзиясы», «Бес ғасыр жырлайды» жинақтарына енгізілген.

Сыпыра жырау

Сыпыра жырау (туған - өлген жылдары белгісіз) – Дешті Қыпшақтың әйгілі жыршыларының бірі, ноғай, қарақалпақ, башқұрт, барабы, құрдақ, қырым татарларына ортақ тұлға. Оның жырлары бізде өз атымен жетпеген, толғаулары «Құбығұл», «Едіге би», «Тоқтамыс ханның хикаяты» аңыз-әңгімелер мен «Ер Тарғын», «Едіге батыр» эпикалық жырларында сақталған. Қазақ зерттеушілері Сыпыра жырауды ноғайлы дәуірінен жеткен көптеген эпикалық жырлардың бірден-бір авторы санайды. Қазақ аңыздары мен батырлар жырында жырау ел бірлігін көздеген дана ретінде суреттеледі, бірде 120, бірде 180 жасаған, көпті көрген тәжірибелі қарт кейпінде көрінеді. Ауыз әдебиеті дәстүрі біздің заманымызға Сыпыра жыраудың қиын кезеңде өзінен ақыл-кеңес сұраған Алтын Орданың сол кездегі билеушілеріне арнаған бірнеше толғау-монологын жеткізді. Бұл толғау-монологтарда жырау билеушінің өзін, оның ата-бабалары мен төңірегіндегілерді сипаттап, қалыптасқан жағдайға баға берген, болашақты болжап, содан кейін ақыл-кеңесін айтқан. Оның қиын жағдайда өзінен көмек сұрап, хандармен жауласқан батырларды бітістіру мақсатында жырлаған толғаулары белгілі. Бұл толғаулар Сыпыра жыраудың негізінен мәңгілік жыршы және бітістіруші болғандығын дәлелдейді. Сыпыраның Едіге туралы эпоста бейнеленген Тоқтамыс ханға арнаған өлеңі оның толғауының классикалық үлгісі болып табылады. Арнау жырда Сыпыра жырау алдымен өзін таныстырған соң өзінің Тоқтамыстың сегіз атасын, соның ішінде Шыңғыс ханды да көріп-білгенін айтады, олардың әрқайсысына тиісінше мінездеме береді. Содан кейін Едігенің Тоқтамыстан қашуы кездейсоқ емес екендігін, оның Темірмен одақ құрып, қайта келіп соғыс ашуы мүмкін екендігін жырлайды. Сонымен бірге жырау Тоқтамыстың күйзеліске ұшыраған ұлысы мен тұтқынға түскен қыздары мен әйелдерінің тағдырын әдемі суреттейді. «Ер Тарғын» жырында Сыпыра жырау туралы «өз өмірінде толғау айтып, тоғыз ханды түзеткен кісі» делінген, ал «Телағыс» жырында ол ноғайлы ішіндегі өзара қырқысты өршітпей, ел арасындағы беделімен тегеуірінді жырымен жауласушы жақтарды бітістіріп отырған тұлға ретінде көрінеді. Ноғай халқында кездесетін «Тоқтамыс ханның хикаяты» атты аңызда Сыпыра жыраудың атынан қара сөзбен аралас айтылатын жырлар өзінің табиғи сипаты жағынан жыраудың «Мен қартыңмын, қартыңмын» атты толғауына ұқсас келеді. «Қырымның қырық батырын» жырлаған әйгілі Мұрын жырау өзін Сыпыра жыраудың ұрпағы санаған. Сыпыра жырау шығармашылығы көптеген түркі халықтары әдебиетінде көркем үлгі ретінде орын алды. Мысалы, ол ноғайлықтарға ? Сыбыра йырау, башқұрттарға ? Сыбрй йырысы, татар барабиндіктерге ? Сафардау, қырымдарға ? Сыпара жырау ретінде белгілі. Ал қарақалпақтар Сыпыраны өздерінің ең үлкен эпосшы жыраулар мектебінің негізін салушы санайды. Дереккөзі: Қазақстан ұлттық энциклопедиясы, 8 том «Тарихи тұлғалар» кітабы

Сыпыра жырау қанша жыл өмір сүрген?

hello_html_520944a3.png

Астана. 20 тамыз. BAQ.KZ – Шамамен ХIV ғасырдың екінші жартысында дүниеге келген Сыпыра жыраудың нақ қанша жыл өмір сүргендігін тарихшылардың өздері де нақ басып айта алмайды. Өйткені жыраудың өмірбаянын былай қойғанда, біздің заманға оның шығармашылығы да жеткен жоқ деуге болады. Барының өзі тым аз, жай үзінділер ғана. Рас, Сыпыра ойдан шығарылмаған, ноғайлы-қазақ даласында жасаған ұлы тұлғалардың бірі. Ол Тоқтамыс хан мен Едіге тұсында өмір сүріп, ханның кеңесшісі, сарайды жыршы қызметтерін атқарған деген деректер бар. 

Сыпыра көзі тірісінде-ақ аты аңызға айналған жандардың бірі болған деседі. Оның мұндай абыройлы болуына әсер еткен ең басты себеп – аузының дуалылығы және хан-қара демей бетке айтып тастауы. Аңыздарға сенсек, жыраудың шығармалары сансыз болған. Кейбір әдебиетшілер айтуынша, ол «Ер Тарғын», «Ер Сайын», «Ер Қосай», «Ер Көкше» сынды ноғайлы циклындағы жырларды атсалысқан эпик жырау болған.
Сыпыра жырау – қазақ пен ноғай, қарақалпақ пен башқұрт, барабы, құрдақ, қырым татарларына бірдей ортақ әдеби тұлға. Мәселен, қазақтар оны «Сыпыра», «Сып жырау» (Шоқан) деп атаса, ноғайлар «Сыбыра жырау», қарақалпақтар «Сопбасылы Сыпыра жырау», башқұрттар «Сыбырырай жыршы», барабы татарлары «Сафардау», құрдақ татарлары «Сұрғантайұлы Сыпыра», ал Қырым татарлары «Сыпыра жырау» деп атап кеткен. Демек, Сыпыра жайында бір пікір айтпастан бұрын оның өзге түркі тілдес ұлттардың әдебиетінде кезігетін келбетіне ерекше зер салып, салыстырғанымыз жөн. Жалпы, қай ұлттың аңызына қарасаңыз да, Сыпыра халық басына күн туып, іс түскенде түбегейлі ой айтатын дана қария кейпінде бейнеленеді.
Сыпыраның есімі аталатын «Тоқтамыс жырын» алғаш бастырған П.М.Мелиоранский өзінің алғы сөзінде жыраудың қыпшақ даласының көп хандарын көрген көне ақыл иесі екендігін айтады. Тоқтамыс ордасында ол 1393 жылы ең соңғы толғауын айтқан еді деп жазады. Бұл мәліметті негізге алсақ, Сыпыра 1213-1393 жылдар арасында өмір сүрген болып шығады.
Атақты жырау жайында «Құбағұл», «Едіге би», Тоқтамыс ханның хикаяты» сынды халық әңгімелерінде және «Ер Тарғын», «Едіге батыр», т.б. батырлар жырында айтылған. «Едіге» жырын 1841 жылы Жұмағұл ақыннан жазып алған Шоқан аталмыш шығарманы ХIV ғасырдың ақыры мен ХV ғасырдың басында туған дегенді айтады. Сондай-ақ, осыған ұқсас деректер Греков пен Якубовскидің еңбектерінде де бар. Олар өз шығармаларында «Едігенің Тоқтамыс ханнан ең соңғы рет қол үзуі 1391 жылдан аз кейін болды. Тоқтамыс ханның тарих сахнасынан біржолата кетуі 1405 жылдың қаңтар айында еді» деп келтірген. Демек, Сыпыра жырау Едігенің замандасы деген дерекке сүйенсек, жырау расында да ХIV ғасырда дүниеге келген болып шығады. Ал, оның қанша жыл өмір сүргендігі жайында бірнеше дерек бар.
Әңгімелердің бірінде Сыпыра 120 жыл өмір сүрсе, екіншісінде 180 жасында қайтыс болған дейді. Тағы бір аңызда оның жасын тіпті 390-да деп көрсеткен. Әрине, үшінші нұсқасында тым асыра көрсетіліп жіберілген шығар. Алайда, жыраудың бірнеше ханның көзін көріп, оларға ақылшы болғанын ескерсек, бірінші және екінші нұсқаларын шындыққа жақын жорамал деуімізге болады.
Барабы татарларының әңгімесінде Сыпыра жайында былай айтылады:
Ханым, ием, төрем,
Мен де білбес иш иган,
Сен де білбес иш иган,
Канлаулай бажы қашқайган,
Күндіздей тіжі сарғайған,
Азулар тіжі божаған,
Юз жигирма яшаған,
Білсе, білмесе бу ішкі,
Сафардау білер бу ішкі,-дейді. Ал, қырым татарлары болса:
Уч иуз токсан яшаган,
Атқа мінер алы жоқ.
Арбага мінер амал жоқ.
Уч иуз токсан яшаган,
Оның бойы шошаган,
Тішілерін інжі салып,
Ши ибекпен қоршаған.
Атқа мінер амал жоқ.
Арбага мінер алы жоқ, - деп суреттейді. Ноғайлар аңызында жырауға байланысты мынадай жолдар бар:
Юз де сексен ясаган,
Азу тиси босаган.
Сыбыра атлы, сып топли
Бизим элде қарт – жырау, -
Сүйін аяқ ат мінген,
Судай болат байланған,
Сусар бөріклі, сұп тұтлы,
Юз де сексен ясаган,
Атанден ақ ат қоқын асаған,
Сыпыра деген жырау бар,
Құбаулдың асылын
Ол білмесе, кім білер?!-деп қария жырауды бейнелейді.

Сыпыраны суреттейтін жолдар қазақтың «Ер Тарғыны» мен «Едіге батыр» жырларында да кезігеді. Әйгілі «Ер Тарғын» жырында ол «Жүзден асқан жасында басынан тоғыз ханды өткізіп, толғау айтып тоғыз ханды түзеткен қарт» болып суреттелсе, «Едіге» жырында Сыпыра көптеген хандарды бастан өткізген, 180 жастағы «сұм аяқ, сұпа бөрікті» сұңғыла қария:
Аузында отыз тісі жоқ,
Адам көрер түсі жоқ,
Сұм аяқ, сұпа бөрікті,
Сыпыра сынды сұм жырау
Жібекпен жағын тарттырып,
Салтанатқа үлде мен бүлде арттырып,
Алып бір келші деп еді...
Сыпыраның бізге жеткен мұрасының тым аз екендігін айттық. Оның бізге дейін келген кейбір шығармалары эпостық жырлардың ішінде, аңыздарда кезігеді. Осындай аңыздардың бірінде жырау өзі туралы былай дейді:
Мен қартыңмын қартыңмын,
Не көрмеген қартыңмын.
Бастыққа бастық, Бастық хан,
Оны көрген кәріңмін.
Одан соңғы Кедей хан
Оны көрген кәріңмін.
Онан соңғы Ала хан,
Оны көрген кәріңмін.
Онан соңғы Қара хан,
Оны көрген кәріңмін.
Құлағы шұнақ Хазар хан,
Оны көрген кәріңмін.
Он екі тұтам оқ атқан,
Онан соңғы ер Шыңғыс,
Оны да көрген кәріңмін.
Мұнарасы қырық құлаш
Өзден сұлтан Жәнібек
Оны көрген кәріңмін.
Ұлы бабам Домбауыл,
Соны көрген кәріңмін.
Жүз сексенге келгенде,
Сонша хандар өткенде,
Жас та болсаң Тоқым хан
Сені көрген кәріңмін,- дейді ол Тоқтамыс ханға.

Осынау өлең жолдары расында да Сыпыра жыраудың өз аузынан шыққан болса оның жасының жүзден әлдеқайда асқандығына күмәніміз жоқ.
Аңызды ертегімен шатастырғанның жөні жоқ, әр аңыздың түбінде бір шындықтың жатқаны ақиқат. Сыпыра жыраудың дәл қанша жыл өмір сүргендігін енді ешкім анықтай алмайтын шығар, алайда, қазақ тарихында ол өте ұзақ өмір сүрген данагөй қариялардың бірі болып қала бермек.
Бәлкім бүгінгі асырадіншілдер «сүйегі қурап қалған аталарыңның жасын қайтпексіңдер» дейтін шығар. Десе дей берсін. Сыпыра сынды әрбір тұлға қазақ тарихының бір бөлшегі, тарихымыздың айнасы. Осы тұлғаларымызды тану арқылы біз өзіміздің тегімізді танимыз. Сол данагөй қарияларға қарап бүгінгі шалдар бой түзесе дейміз. Тарихи тұлғаларымыз жайындағы әрбір мәлімет, әрбір дерек біз үшін құнды.

Серғали Балажан, BAQ.KZ
 


Автор
Дата добавления 19.11.2015
Раздел История
Подраздел Презентации
Просмотров496
Номер материала ДВ-170890
Получить свидетельство о публикации

"Инфоурок" приглашает всех педагогов и детей к участию в самой массовой интернет-олимпиаде «Весна 2017» с рекордно низкой оплатой за одного ученика - всего 45 рублей

В олимпиадах "Инфоурок" лучшие условия для учителей и учеников:

1. невероятно низкий размер орг.взноса — всего 58 рублей, из которых 13 рублей остаётся учителю на компенсацию расходов;
2. подходящие по сложности для большинства учеников задания;
3. призовой фонд 1.000.000 рублей для самых активных учителей;
4. официальные наградные документы для учителей бесплатно(от организатора - ООО "Инфоурок" - имеющего образовательную лицензию и свидетельство СМИ) - при участии от 10 учеников
5. бесплатный доступ ко всем видеоурокам проекта "Инфоурок";
6. легко подать заявку, не нужно отправлять ответы в бумажном виде;
7. родителям всех учеников - благодарственные письма от «Инфоурок».
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://infourok.ru/konkurs


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ


Идёт приём заявок на международный конкурс по математике "Весенний марафон" для учеников 1-11 классов и дошкольников

Уникальность конкурса в преимуществах для учителей и учеников:

1. Задания подходят для учеников с любым уровнем знаний;
2. Бесплатные наградные документы для учителей;
3. Невероятно низкий орг.взнос - всего 38 рублей;
4. Публикация рейтинга классов по итогам конкурса;
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://urokimatematiki.ru

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх