Инфоурок Всеобщая история ПрезентацииПрезентация по истории на тему "Ежелгі Қытай мемлекетінің қалыптасуы мен дамуы"

Презентация по истории на тему "Ежелгі Қытай мемлекетінің қалыптасуы мен дамуы"

Скачать материал

 

Қызылорда облысы

№ 101орта мектеп     

тарих пәнінің мұғалімі Шопанова Айгерім

Пәні: Ежелгі дүние тарихы

Сабақтың тақырыбы: §20. Ежелгі Қытай мемлекетінің қалыптасуы мен дамуы

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Ежелгі Қытай мемлекетінің қалыптасуы мен дамуы, Қытайда алғашқы мемлекеттердің құрылуы, Цинь патшалығы және Қытайлықтардың шаруашылығы мен қоғамдық құрылысы жөнінде ауызша баяндау.

Дамытушылық: Оқушылардың тақырыппен жұмыс істеу, салыстыру, талдау жасау машықтарын жетілдіру, логикалық ойлау жүйесімен өз ойын белгілі дәрежеде жеткізе білуге үйрету.

Тәрбиелік: Оқушыларға өзге елдің тарихына құрметпен қарауға, мақсатқа жете білуге, елдік пен ерлікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа тақырыпты игеру

Сабақтың әдіс- тәсілдері: Сұрақ – жауап, пікір білдіру.

Сабақтың көрнекілігі: Ұлы Жібек Жолы картасы, Ежелгі Қытай мемлекетінің картасы, слайд, сөзжұмбақ.

Пәнаралық байланыс: География

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі

А) Оқушылармен сәлемдесу

Ә) Оқушыларды түгендеу

Б) Оқушылардың назарын сабаққа аудару

 

ІІ Үй тапсырмасын сұрау

§19. Ежелгі Үнді мәдениеті

Ұяшықтар ішіне жасырылған сұрақтар арқылы үй тапсырмасы сұралады.

  1. «Махабхарата» мен «Рамаяна» жырдастандары бойынша

И. «Махабхарата» дастанында билік үшін қанша тайпа күресті  (10 тайпа)

Н. «Махабхарата» дастанындағы Кауравтар мен Пандавтардың арасындағы соғыс қанша күнге созылды? (18 күнге)

Д. «Махабхарата» дастаны неше кітаптан тұрады? (18 кітаптан)

И.  «Рамаяна» дастанында Рама өзінің әйелі Сита Ракша деп аталған зұлым құбыжықтар елінің патшасы Раванадан құтқару үшін кімдерден әскер жасақтады? (маймылдардан)

Я. Ситаны құтқаруға көмек көрсеткен өте ақылды, әрі білгір маймыл қалай аталды? (Хануман)

2. «Ману заңдары» бойынша

И. Ежелгі Үнділіктердің шаруашылығы, басқару жүйесі, әлеуметтік жағдайы, әдет – ғұрыптары туралы мәлімет беретін шығарма («Ману заңдары» шығармасы)

Н. «Ману заңдары» бойынша адамдардың ішіндегі ең қасиетті билеушіні қалай атады? (патша)

Д. «Ману заңдары» бойынша тұрақты әскер құрылған топ (Кшатрийлер)

И. Ежелгі Үндістанда патша елден жыл сайын алым салық алып отыру қажет болды. Салық не себептен алынды? (Патша өзінің қызметкерлері мен үлкен әскерді қамтамасыз ету үшін)

Я. «Ману заңдары» бойынша салықтан кімдер босатылды? (Оқымысты брахмандар)

3.Будда діні бойынша

И. Будда дінін негіздеуші (Сиддхардһа)

Н. Будда сөзінің мағынасы (Жарық сәулелі)

Д. Үндінің қай патшасының кезінде буддизм мемлекеттік дәрежеге ие болды? (Ашок патша)

И. Буддизм пайда болмай тұрғанда үнділіктер қандай құдайға сыйынды? (Брахма)

Я. Брахманы уағыздаушылар мен таратушылар қалай аталды? (Брахмандар)

4. Өнер мен білім негіздері

И. Үнділердің жыл санауы бойынша бір жыл қанша күнге тең келді? (360 күн, 12 ай, әрбір ай 30 күнге тең келді)

Н. Ондық санау жүйесін ойлап тапқан ел (Үнділіктер)

Д. Қай ғасырда үнді оқымыстылары  жердің шар тәрізді домалақ екенін білді? (б.з. V – VI ғасырларында)

И. Үнді қоғамында храмдар көп жағдайда кімге арнап салынды? (Буддаға)

Я. Қазіргі таңда буддизм діні қолданыста бар ма? (Бар, оған бүгінгі таңдада  дүние жүзінің көптеген халықтары сенеді және уағыздайды)

Үй тапсырмасын қорытындылау

Ежелгі Үнді мәдениеті өзінің басқаларға ұқсай бермейтін ерекшелігімен ертеден – ақ халықтар аузында аңыз болып келді. Ол Азияның орталық және шығыс бөліктеріндегі халықтарға үлкен әсер етті. Қазіргі таңдада үнді мәдениеті ешқандайда халықтан төмен емес және дүние жүзінде  Үнді мемлекеті мәдениетінің өз ерекшелігі бар.

 

ІІІ. Жаңа сабақ

 §20. Ежелгі Қытай мемлекетінің қалыптасуы мен дамуы

Сабақтың жоспары:

  1. Қытайдағы алғашқы мемлекеттер
  2. Цинь патшалығы
  3. Қытайдың шаруашылығы
  4. Ғылыми білімі мен өнер табыстары

 

1) Б.з.д. ІІ мың жылдықта Хуанхе мен Янцзы өзендерінің аралығын «Ұлы Қытай» жазығы деп аталды. Өте ертедегі замандарда батыстан шығысқа қарай созылып ағып жатқан Хуанхе мен Янцзы өзенінің төменгі ағысы бойында Қытай тайпалары өмір сүрді. Б.з.б. ІІ мың жылдықтың бас кезінде ол тайпалар арасында өктемдік жүргізу үшін   күрес болып жатты. Сол, б.з.б ІІ мың жылдықтың ортасына қарай Хуанхе өзенінің төменгі ағысы бойында Шан – Инь мемлекеті пайда болды. Бұл мемлекеттің негізін салушы Чэн Тан атты адам болыпты. Оның билігі тайпа одағы көсемінің басқару жүйесіне ұқсас болған.

            Бұл кезеңде елге батыстағы және солтүстіктегі көшпелілер жиі шабуыл жасап отырған екен. Ұзаққа созылған соғыстар Шан – Инь мемлекетін әлсіретті. Вэй өзені бойын мекендеген Чжоу тайпалары ежелгі Шан – Инь патшалығын талқандап, орнына жаңа мемлекет құрды. Сөйтіп, Хаунхенің ортанғы және төменгі ағысы бойында б.з.б ІІІ ғасырға дейін  Чжоу мемлекеті өмір сүрді. Оның алғашқы билеушілері мемлекеттік басқару жүйесін күшеутуге тырысты. Шонжарлардың ірі жеке меншікті шаруашылықтар құрып алуына жағдай жасады. Бірақ жергілікті жерлердегі шонжарлардың күшеюі кейіннен патша үкіметіне тиімді болмады.

            Чжоу мемлекетінің әлсіреу себептері

-          Шонжарлардың күшеюі патша үкіметін әлсіретті;

-          Жергілікті шонжарлар мемлекеттік қазынаға алым – салықтар төлеуден бас тартты;

-          Ел ішінде үкіметке наразылық  күшейді;

-          Солтүстік пен батыстан көшпенділердің соққысынан  мемлекет әлсіреді.

2) Б.з.д. IV  ғасырда шағын Цинь мемлекеті құрылып, онда заңдар шығарыла бастады. Оны патшаның Шан Ян атты қызметкері бастап жүзеге асырды.

 

 

Заң бойынша

-          Қауымдық жердің орнына жеке меншік орнады;

-          Жерді сату мен алуға рұқсат берілді;

Сөйтіп, Цинь билеушілері жерді сату және одан көптеп салық жинау арқылы көп қаржы жинап алды.

            Әскердеде үлкен өзгерістер жасау қолға алынды. Соның арқасында Цинь патшасының әскері басқа шағын патшалықтардың әскерінінен әлде қайда мықты болып шықты. Осындай өзгерістер жалпы Цинь патшалығын өзі сияқты басқада ұсақ мемлекеттерден күшті болуға алып келді. Нәтижесінде б.з.б. ІІІ ғасырдың алғашқы жартысында Цинь патшалары өзінің қарсыластарын жеңіп шықты.  Хуанхе мен  Янцзы өзендерінің орта және төменгі ағысы бойындағы мемлекеттерді бағындырып, елді біріктіру ісін жүзеге асырған Ин Чжен атты Цинь патшасы болды. Барлық патшалықтарды өзіне бағындырған Ин Чжен б.з.б. 221 жылы ұлы билеуші – Хуанди атағын алып, ендігі жерде Цинь Ши Хуанди – «Тұңғыш Цинь патшасы» деп аталатын болды. Ел 36 әкімшілік бөлікке бөлінді. Барлық билік патшаның қолында еді.

Цинь Ши Хуанди жорықтары:

-          Цинь Ши Хуанди алғашқы жорықтары  Янцзы өзенінің оңтүстігіндегі күрішті алқапқа 500 мың әскермен бағытталып жерін басып алды.

-          Солтүстіктегі көшпелі ғұндарға қарсы 300 мың жауынгермен соғысқа шыққаны мен 500 км ілгерілеп кейін қайтуға мәжбүр болды. Себебі Ғұн державасына қарсы соққы беру мүмкін болмай қалды.

Цинь патшалығы ғұндардан қорғану үшін мықты қорғаныс алдырды.

Қорған:

-          Топырақтан;

-          Тастан;

-          Кірпіштен қаланды.

 

Қорғанның биіктігі 10 м. Ұзындығы 4000 км. Оның үстінен алты атты адам қатар жүре алатындай қабырғасы қалың етіп жасалды. Сондықтан оны Ұлы Қытай қорғаны деп атайды. Бұл әлемдегі ең алғашқы және әзірге соңғы ірі қорған. Оның үстіне әр жерден жауды алыстан бақылау үшін мұнаралар тұрғызылды. Ұлы Қытау компартиясының көсемі: Мао Цзе Дун (1893-1976)  «Егер Ұлы Қытай қорғанында болмасаң, сен нағыз қытай емессің...» деген сөздері Қытай қорғанының  кіре берісінде жазылып тұр.

            Цинь империясында мықты әскерді басқару жүйесін ұстау үшін Ұлы Қытай қорғаны мен сарайлар салу үшін көп қаржы қажет етті. Сондықтан алым – салықтар көбейді. Жердің сатылуы, салық төлей алмағандардан тартып алынуы, еңбекші халықтың күйзелуіне алып келді. Мұның бәрі Цинь Ши Хуанди қайтыс болысымен елде жаппай көтерілістің тууына әсер етті. Үздіксіз жүргізілген соғыстар, ірі жер иелерінің пайда болуы, салықтың көбеюі, халықтың көтеріліске шығуына себеп болды.

 

Ежелгі Қытай мемлекетінің ыдырауына себеп болған көтерілістер:

 

 

 

 

184 жылы «Сары орамалдылар» көтерілісі болды. Көтеріліс басшысы Чжан Цзяо мен 2 бауыры Чжандар басқарған 20 жылға созылған көтеріліс болды. 

 

Б.з. 18 жылы «Қызыл қастылар»  көтерілісі болды. Көтеріліс басшысы Фан Чун б.з. 23 жылы көтерілісшілер елдің астанасын басып алып, жаңа патша сайлады. Бірақ патша халықты алдап көтеріліс уақытша тоқтады.

 
        

 

            Онымен қоса солтүстіктегі көшпелі ғұн тайпаларының шабуылы Қытай мемлекетінің үшке бөлініп ыдырауына мәжбүр етті.

 3) Ежелгі Қытайда ауыл шаруашалығы әрқашанда басты шаруашылық саласы болып келеді. Далалы және таулы аймақтарда арнайы мал бағатын аудандар болды. Олар әсіресе жылқы бағуға ерекше мән берді. Өйткені атты әскерлер құру үшін жылқы қажет еді. Сондай – ақ, қой, ешкі, сиыр, буйвол, шошқа өсіруде кең таралды.

Ең маңызды шаруашылық саласы – егіншілік болды. Ол негізінен өзен аңғарлары мен жазықтарда үлкен орын алды. Бұл жерлерден көп өнім алуға болатын еді. Мұнымен қатар күздік және жаздық егістік жүйелерін, тыңайтқышты пайдаланудыда білді. Әртүрлі көкөністер мен жеміс - жидектер өсіретін бау - бақша шаруашылығыда жақсы дамыды. Қытайда ауыл шаруашылығы мен қатар қолөнер өндірістеріде дамыды. Ірі – ірі мемлекеттік шеберханалар болды.

            Бірте-  бірте әртүрлі аудандарда қолөнердің белгілі бір саласына мамандану басталды. Бір аудандарда тоқымашылық, екіншілерінде темірден еңбек құралдарымен қару – жарақтар, үшіншілерінде теріден әртүрлі бұйымдар жасау басым болды. Мұнымен байланысты ішкі және сыртқы сауда дами түсті. Қолөнер бұйымдары, мал мен жер шаруашылық өнімдері базарларға шығарылды. Қалалар, әсіресе бір орталыққа бағынған Цинь дәуірінен бастап сауда мен қолөнер орталықтарына айналды. Қытайда өте ерте  кезден  - ақ жібек маталар жасау кеңінен дамыды. Сәндіде үлбіреген жібек маталар елдің ішінде ғана емес, шет елдерде де белгілі бола бастады. Бұл кейінірек Ұлы Жібек Жолының қалыптасуына әсер етті.

Ұлы Жібек Жолы.  ІІІ – IІ ғасыр. Қытайлықтар жібек маталарын жасау тәсілдерін ешкімге білдірмеуге тырысты. Ерте кездерде мұндай мата жасауды басқа елдер білмеді. Сондықтанда Қытай жібегіне шет елдерден сұраныс көп болды. Әсіресе байлар мен шонжарлар , хакімдер өздерінің артықшылықтары мен салтанатты өмірін ерекшелеп көрсету үшін жібек маталардан киім киюге ұмтылды.

            Осынау тарихи жолды жібек матасы саудасына байланысты «Жібек Жолы» деп аталды. Ал «Ұлы» сөзінің қосылуы жолдың кең – байтақ, шығыс өлкелерімен батыс өлкелерін байланыстырып жатуынан. Сондықтанда бұл жол «Ұлы Жібек Жолы» болып тарихқа енді.

            Ұлы Жібек Жолының бойымен сауданың дамуы шаруашылықтың жандануына, өнім өндіру тәсілдерінің артуына себеп болды.

Ұлы Жібек Жолымен тек бұйымдар гана емес халықтардың мәдени жетістіктеріде тарады. Жібек жолымен діни сенімдерде таралды, әр алуан уағыздаушылар (миссионерлер) өздерінің діндерін құрлықтың арғы бетіндегі елдерге ала барды.

            Ұлы Жібек Жолы XIV – XV  ғасырларда өз маңызын жоя бастады. Кейінірек су жолының (кемемен сауда жасау) пайда болуына байланысты «Ұлы Жібек Жолы» мүлде өмір сүруін тоқтатты.

 

4) Б.з.д І мың жылдықтың бірінші жартысында Қытайда иероглифпен жазу пайда болып, жоғарыдан төменге қарай ағаш тақтайшаларға жазды. Әдемі жазатындарды білімді деп есептеді.

            Б.з.д І мыңжылдықта Қытайда кітаптар жазылды. Олардың ені 1 см, ұзындығы 20 см – 40 см дейінгі ағаш тақтайшаларға жазылды.

Конфуций -  Б.з.д. 551 жылы дүниеге келген Қытайлық данышпан. Ол кішіге ілтипат, үлкенге құрмет етуді уағыздады. Оның басты еңбегі «Нақылдар» деп аталды. Қытай ойшылы данышпан Конфуций б.з.д. 479 жылы 72 жасында қайтыс болды. Оның ілімін шәкірттері таратып, одан әрі дамыта түседі.

Сыма Цянь – Қытай тарихының атасы.

 Сыма Цянь – тұңғыш Қытай тарихшысы. Б.з.д. 151 жылы Сарай жұлдызнамашысының отбасында дүниеге келген. Ол әкесінің өсиеті бойынша қытай елінің тарихын жазуға кірісті. Ол кітабын «Тарихи жазбалар» деп атады.

Өнер табыстары.

-          Ежелгі Қытайда қытай жұлдызнамашылары жұлдызды аспанның картасын жасап, 28 шоқ жұлдызды көрсетті.

-          «Шай» сөзіде тұңғыш рет қытайлықтардан шықты. Алғашында шайды сырқаттарды емдеуге, кейін жалпы қолданысқа енді.

-          Қытайда әлемдегі  ең алғашқы Құбыланама (компас) ойлап табылды. Ол қазіргі құбыланамаға ұқсамағанымен, сол дәуірдің өзінде дүниенің төрт бұрышын дәл бағдарлауға мүмкіндік  берді. Әсіресе Қытай теңізшілері осы құбыланама арқылы ашық теңізге шығып, Үндістан жеріне дейін бара алатын.

-          Ең ежелгі сейсмографты, яғни жер сілкінісін алдын – ала болжауға, жер сілкінген кезде оның қай жерде, қаншалықты дәрежеде болғанын айқындауға мүмкіндік  беретін аспаптыда ойлап тапқан қытайлықтар болды.

-          Қытайда б.з.д. ІІ ғасырда ойлап табылған адамзат әлемінен бүгінге дейін кең түрде қызмет етіп келе жатқан заттың бірі  - қағаз.

-          Мылтық атуға арналған оқ дәріні де, жібек матаныда, жұлдыздар картасында алғаш қытайлықтар ойлап тапты.

 

ІV. Сабақты бекіту сұрақтары

1.      Ежелгі Қытайда өте ерте  замандарда батыстан шығысқа қарай созыла ағып жатқан екі үлкен өзен? (Хуанхе мен Янцзы)

2.      Б.з.б. ІІ мыңжылдықтың ортасына қарай Хуанхе өзенінің төменгі ағысы бойында пайда болған Шан – Инь мемлекетінің негізін салушы? (Чэн Тан)

3.      Цинь империясы кімдерден қорғану үшін «Ұлы Қытай қорғанын» салды? (Солтүстігіндегі көшпелі ғұн тайпаларынан)

4.      «Ұлы Жібек Жолы» деп неге аталған? (Сауданың негізгі көзі жібек матасы болғандықтан және батыс пен  шығысты қосып жатқан жолдың ұзақтығы)

5.      Қытай өнертабыстарына нелерді жатқызуға болады? (Құбыланама, сейсмограф, қағаз, оқ дәрі, жібек матасы, жұлдыздар картасы)

 

 

V. Сабақты пысықтауға арналған тапсырмалар

 

1. Кесте толтыру.

Оқушылар мұғалім оқыған сөздердің сабаққа қатыстысын бір бағанға, сабаққа қатысы жоқ сөздерді екінші бағанға толтырып жазып отырады.

 

 

Сабаққа қатысты сөздер

Сабаққа қатыссыз сөздер

Хуанхе, Янцзы

Тигр, Евфрат

Цинь

Хетт

Қорған

Сақтан

Жібек

Сәтен

Қызыл қастылар

Қара қастылар

Иероглиф

Сына

Компас

Климат

 

2.      Сөзжұмбақ шешу

 

 

 

Сұрақтары:

  1. Қытайда ойлап табылған, адамзат әлеміне бүгінге дейін кең түрде қызмет етіп келе жатқан заттың бірі? (Қағаз)
  2. Қытай тарихының атасы (Сыма Цянь)
  3. Ең алғаш рет Қытайда жібек құртынан жасалынған зат? (мата )
  4. Қытайда жасалған, дүниенің төрт бұрышын дәл бағдарлауға мүмкіндік беретін құрылғы? (компас)
  5. Жер сілкінісін  алды – ала болжауға, жер сілкінісінің жерде қаншадықты дәрежеде болғанын анықтайтын құрылғы?

 

 

VI. Сабақты қорытындылау.

  1. Қытай елдері мәдениет саласында бүкіл адамзаттың дамуына көптеген жаңалықтар алып келді. Ғылыми білімнің барлық салалары бойынша ірі бастамалар жасады. Өнердің барлық салаларының негізін қалыптастырды. Бүкіл адамзат тарихының жаңа сатыда, жаңа қарқынмен дамуына жол салды.

 

VІI. Үйге тапсырма.  

1. §20. Ежелгі Қытай мемлекетінің қалыптасуы мен дамуы

2. Хронологиямен, тестпен жұмыс жасау.

3. «Мен Ұлы Қытай қорғанын салуға қатыстым» тақырыбында эссе жазу

 

VІIІ. Оқушыларды бағалау.  Сабаққа жақсы араласып, тапсырмаларды ойдағыдай орындап отырған оқушыларды бағалау

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Презентация по истории на тему "Ежелгі Қытай мемлекетінің қалыптасуы мен дамуы""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Руководитель ремонтной службы

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 656 290 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 13.04.2016 5880
    • DOCX 394.5 кбайт
    • 52 скачивания
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Шопанова Айгерім Ғабитқызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Шопанова Айгерім Ғабитқызы
    Шопанова Айгерім Ғабитқызы
    • На сайте: 8 лет
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 10986
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Секретарь-администратор

Секретарь-администратор (делопроизводитель)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Достижение эффективности в преподавании истории на основе осуществления положений историко-культурного стандарта

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 44 человека из 24 регионов
  • Этот курс уже прошли 638 человек

Курс повышения квалификации

Федеральный государственный образовательный стандарт ООО и СОО по истории: требования к современному уроку

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 152 человека из 52 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 278 человек

Курс профессиональной переподготовки

История и обществознание: теория и методика преподавания в образовательной организации

Учитель истории и обществознания

500/1000 ч.

от 8900 руб. от 4450 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 1355 человек из 79 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 904 человека

Мини-курс

Психологические исследования и поддержка психического здоровья

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Развитие предметно-практических действий, игровых навыков и математических представлений у детей раннего возраста

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Практические навыки трекинга и менторства

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе