Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / История / Презентации / Презентация по истории на тему "Хорезмшах мемлекеті"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • История

Презентация по истории на тему "Хорезмшах мемлекеті"

библиотека
материалов


hello_html_m176b9285.jpg

Қызылорда облысы

101орта мектеп

тарих пәнінің мұғалімі Шопанова Айгерім

Сабақтың тақырыбы: §6 Египеттегі ғылыми мен мәдениет.
Сабақтың мақсаты:
а) білімділік мақсаты:
Оқушыларға Египетте ең жоғары дәрежеде дамыған ғылыми білімдердің негізгі заңдылықтарын ашып көрсету және ежелгі Египет өнері - архитектурасы, мүсіндері және көркем әдебиеті өзінің көркемдік дәрежесінің жоғарылығымен бағалы екенін, адамзат тарихындағы тұңғыш мүсіндер Египетте жасалғанын баяндау.
ә) дамытушылық мақсаты: Оқушылардың өнерге деген ықыластарын арттыру және ежелгі Египетте математикалық, геометриялық және аспан денелерінің қозғалысын бақылап отыратын астрономиялық ғылыми білімдердің болғанын баяндау арқылы білімдерін дамыту.
б) тәрбиелік мақсаты: білім мен ғылымның ежелгі Египеттен бастау алғаны туралы айтып, оқушылардың білім алуға деген құштарлығын арттыру. Адамзат баласының қолымен жасалған көркемөнердің озық туындыларын сезіне білуге, бағалай білуге, көркемөнерді сүйе білуге тәрбиелеу.
Сабақ түрі: аралас сабақ
Сабақ әдісі: түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ - жауап,
пікір айту
Жұмыс түрі: топпен жұмыс
Көрнекілігі: слайд, видео, карта, тест
Пәнаралық байланыс: география
 

Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру

а) Оқушылармен амандасу, түгелдеу;

ә) Оқушы назарын сабаққа аудару;

б) Оқушыларды топқа бөлу.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау .

§5 Ежелгі Египеттегі әлеуметтік құрылым.
«Иә», «Жоқ» тесті:
 
1. Ежелгі Египеттің патшалары перғауындар деп аталған (иә)
2. Перғауындардың билігі шектеулі болған. (жоқ, шексіз болған)
3. Елде храмдар салғызып, Африканың шығысына жаулаушылық жорықтар жасаған Хатшепсут
 патшайым Рамзес перғауынның әйелі (жоқ, ІІ Тутмос перғауынның әйелі)
4. Перғауыннан кейінгі беделдісі әкімдер болған (иә)
5. ІІІ Тутмос б.з.б. 1535-1481 жж билік құрған. (жоқ, б.з.б. 1525-1491 жж)
6. Египет жылнамасында 50 жыл ішінде 200 мың құл тұтқынға алынды деп жазылған. (жоқ, 100 мың)
7. ІІІ Тутмос Нубияға 17 рет жорық жасаған. (жоқ, Сирияға)
8. Нубияның алтын кеніштері Египетті қатты қызықтырған (иә)
9. Вавилон, Ассирия және Хетт патшалары Египетке алым төлеп отырған. (иә)
10. Египет әскерінің негізгі бөлігі атты әскерлер болды (жоқ, жаяу жауынгерлер)
Тест
1. Египетте шағын мемлекеттер қашан пайда болды?
а) б. з. б. ІҮ мыңжылдықта б) б. з. б. ІІІ мыңжылдықта
ә) б. з. б. І мыңжылдықта в) б. з. б. Ү мыңжылдықта
2. Египетті ең алғаш біріктіруші патша кім?
а) Мардук б) Навуходоносор
ә) Менес в) Тутмос
3. Египеттіктер “тірі өліктер” деп кімдерді атады?
а) жазғыштарды б) тұтқындарды
ә) қолөнершілерді в) мумияларды
4. Ніл өзенінің ұзындығы қанша?
а) 6565км б) 6995км
ә) 5565км в) 5589км
5.
Жаратушы құдай қалай аталды?
а) Анибус б) Сет
ә) Амон в) Ра
6. “Шадуф” деген не?
а) егін құралы б) құдық
ә) бөгет в) құлды солай атаған
7. Перғауыннан кейінгі беделдісі кім болды?
а) Әкімдер б) шабармандар
ә) Сақшылар в) жазғыштар
8. Египет әскерінің негізгі бөлігін кімдер құрады?
а) құлдар б) жаяу жауынгерлер
ә) шаруалар в) тұтқындар
9. Қолөнершілер көбінесе нені әзірлеген?
а) Перғауынға киім тоқыған б) асыл тастарды безендірген
ә) Қару - жарақ в) түскі асты
10. Перғауын ІІІ Тутмос Сирияға неше рет жорық жасаған?
а) 11 б) 19
ә) 13 в) 17

Тест жауаптары:
1 - а
 
2 - Ә
3 - Б
4 - В
5 - Ә
6 - Б
7 - А
8 – Б
9 – Ә
10 - В

ІІІ. Жаңа сабақтың жоспары:
  §6 Египеттегі ғылым мен мәдениет.
1. Египеттік жазудың шығуы мен дамуы.
2. Математикалық білімдер.
3. Аспан әлемі. Египеттегі медицина.
4. Ежелгі Египеттегі мектеп.
5. Әдебиеті.
6. Ежелгі Египет діні.
7. Египеттегі храмдар.

8. Пирамидалар салу.

Египетте жазу өнері б. з. б. IV м. ж. пайда болды. Ең алғаш жазулар сурет ретінде салынған. Ең алғаш жазуларды таңбалар мен суреттер құрады. Бұндай таңбалар иероглифтер деп аталды, ал египеттік жазу иероглифика деп аталады. Олардың саны 700 - ден аса болды, ал кейінірек тіпті бірнеше мыңға дейін жетті. Иероглифтер ондағы бейнелер қайда қарап тұр, солай оқылады. Оңнан солға немесе солдан оңға. Египеттіктер тасқа, ағаш қабығына, балшыққа, теріге жазған. Соның ішінде ең көп тарағаны папирус өсімдігінен жасалған қағаз - папирус болды.
Тұрмысы мен діни нанымы
Мысырлықтар кең пішілген жейделер киеді, жәй адамдар әдетте ақ түсті таңдайды, ал әйелдер әр түрлі түстегі элементтермен әрлендірген, қара түсте киінеді, арасында әшекеймен немесе шілтермен безендіреді. Көптеген әйелдер мұсылмандық құндылықтарға бет бұра күйеулерінің немесе жанұясының дегенімен хиджаб – бетті жаппай, тек шашты жауып тұратын паранжының бір түрін, және ұзын кең көйлек – галабей киеді.
Ғылыми білімдердің дамуы
Астрономиядағы жетістіктері:
• 365 күннен тұратын күнтізбені құрастырды.
• Суда ұстайтын шыдамды сағатты ойлап тапты.
• Жұлдыздарды жұлдыздар бірлестігіне біріктіріп, оларға атау берді.
• Күн сағаттары арқылы күндізгі уақытты анықтады.
• Түнгі уақытты анықтайтын жұлдыздар кестесін жасады.
Египеттіктердің медициналық жетістіктері біздің күнге дейін жеткен. Олардың дәрігерлері әр сала бойынша маманданған: біреулері көзді қараған, екіншілері - тіс, енді біреулері - аяқ.
Математикадағы жетістіктер:
• Пирамидалар салғанда оның көлемін есептеп отырған.
• Күрделі геометриялық құрылыстар салған.
• Архитектура мен сурет өнерінің бірлестігін анықтап, ұтымды пайдалана білген.
• Дөңгелек көлемін қандай әдіспен анықтау керектігін білген.
• Түбірасты квадраттарын анықтай білді.
• - Кез келген заттың көлемін есептей алған.
• Арифметикалық және геометриялық прогрессия туралы білді.
Гизадағы әйгілі Сфинкс осыдан 5000 жыл бұрын салынған деп есептеледі. Бұл - әлемдегі көне және ең ірі ескерткіштердің бірі. Оның қандай мақсатта және кім үшін қойылғаны әлі күнге дейін жұмбақ.
Жосер пирамидасы Мысыр классикалық сәулет өнерінің алғашқы қарлығашы болып табылады. Бұл сәулет өнеріне үлкен бетбұрыс әкеліп, тың инженерлік жүйенің пайда болуына жол ашты. Егер бұрын Мысыр сәулет кешендері бір қабатты мастабалардан [1] тұратын болса, бұл пирамида бақандай жеті мастабадан тұратын зәулім сәулет кешенін құрады. Сондықтан да оны "сатылы пирамида" деп атады. Пирамиданың биіктігі 60 метрге дейін жетті, б. э. д. 2630 жылы жасалынған.


А) Өз бетімен жаңа тақырыпты меңгеру
 
І топ – лингвистик-ғалымдар – «Жазуы мен әдебиеті»
ІІ топ – зерттеуші- ғалымдар – «Математикалық білімдер. Медицина. Мектеп»
ІІІ топ – дінтанушылар – «Ежелгі Египет діні»
ІV топ – археологтар «Храмдар мен пирамидалар»

Ә) Алған жаңа білімді практика жүзінде пысықтау :
Саяхат: «Ніл өзені бойындағы қалаларға саяхат» 
Саяхат бағыттары:
 
Сиена Фивы Карнак Сиут Ахетатон Мемфис Гелиополь Саис
 

1-аялдама тапсырмасы:
а) Жазу біржолата қалыптаспаған кезде египеттіктер өз ойларын не арқылы білдірген?
ә) Иероглиф деген не?
б) Иероглифтердің саны қанша болған?

2-аялдама тапсырмасы: 
а) Египетте жазу үшін не пайдаланылды?
ә) Египетте қанша дыбысты таңбалайтын алфавиттік жүйе болды?
б) Ленталардың кейбіреуінің ұзындығы қанша метрге жеткен?

3-аялдама тапсырмасы: Тарихи диктант - «Египеттегі медицина»
Египет дәрігерлері -------,---------,----------,-------- т.б. мамандары болып бөлінді. Адамдарды емдеу барысында әр түрлі ------------- мен ------------ жиі пайдаланып отырған. Египет дәрігерлері -------------
тәсілін пайдалана отырып та емдеген. Олар ота жасауға әр түрлі --------------- жасалған медициналық ---
 
--------------пайдаланды.
 

4-аялдама тапсырмасы: «Сандар сөйлейді»
2600, 150, 2 млн 300 мың , 20, 100 мың , 80 мыңдай, 12, 365.
 

5-аялдама тапсырмасы: Сәйкестендір - «Ежелгі Египеттіктердің діні»
Күн құдайы Хапи
 
Тас құдайы Ра
Ніл өзені құдайы Бенбен
 
Ақыл құдайы Тот

6-аялдама тапсырмасы: 
«Үлкен сфинкс», «Хеопс пирамидасы» / әңгімелеу/

7-аялдама тапсырмасы: 
«Өз қолыңмен жазып, өз аузыңмен оқы...» /мектеп туралы әңгімелеу/

8-аялдама тапсырмасы: 
«Синухет әңгімесінде» не туралы баяндалады?

ІV. Бекіту.
1. Египетте жазудың қалай пайда болып, дамығанын сипаттап беріңдер.

2. Ежелгі Египеттегі жазудың қазіргі жазудан қандай ерекшелігі бар?

3. Оқулықта берілген сурет таңбаларды дәптерлеріңе түсіріңдер.

4. Египетте ғылыми білімдердің қандай түрлері дамыған?

5. Математика ғылымының шығуына қандай жағдайлардың әсері болды?

6. Ежелгі Египет мектептерінде қандай тәртіп болды?

7. Ежелгі Египетте шығармалардың қандай түрлері болған?

8. Пирамидалар не үшін салынды?

9. Египетте діннің шығуына не әсер етті?

V. Қорытындылау.
Көне Египет мәдениеті Көне Египет жер шарындағы тұңғыш мемлекет қана емес, сонымен бірге дүниежүзілік үстемдікке талпынған қуатты да, құдіретті мемлекетгердің бірі болды. Ауыз бірлігі күшті, ұйымшылдығы берік, халық — билік жүргізуші тапқа толық бағынған мемлекет. Египеттің жоғары өкіметі мызғымастық және түсініксіздік принциптері негізінде құрылды, ал өз кезегінде бұл принциптер біртұтас Египет мемлекеті пайда болған кезден бастап-ақ оның толық билеушілері — перғауын перғауындарды құдай деп санауды өмірлік қажеттілікке айналдырды. Фараондар (перғауындар) құдайдың ұлы деп саналды, сондықтан да фараон өзін «Ра» күн деген мағына береді. Ол — құдайлардың құдайы және «алтын» ұғымымен қосыльш айшлады. — «Алтын» нұр шашқан күн ұлымын деп жариялады.

Египеттің Қазақстанмен қандай байланысы бар деп ойлайсыңдар? (Бейбарыс сұлтан туралы айту: Бейбарыс Сұлтанның Дамаскідегі кесенесі жаңартылды, сұлтан туралы кино түсірілді. т.б.)
VI. Үйге тапсырма беру.
 
1)
§6 Египеттегі ғылым мен мәдениет.

2) Осы тақырыптар бойынша білімдеріміз де тағы да жетілдіреміз. Интернеттен, басқа әдебиеттерден қосымша материалдар іздестіреміз.



Автор
Дата добавления 13.04.2016
Раздел История
Подраздел Презентации
Просмотров330
Номер материала ДБ-029251
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх