Инфоурок Всеобщая история ПрезентацииПрезентация по истории на тему "Тәуелсіздік ел тұғыры"

Презентация по истории на тему "Тәуелсіздік ел тұғыры"

Скачать материал

Еңбекшілдер орта мектебі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ашық сабақ
"Тәуелсіздік ел тұғыры"

(Тәуелсіздік күніне арналған іс шара)

 

                                                                                       

 

 

Сыныптар: 9-11

Дайындаған: Байгабулова Г.А.

Жунусов Ж.З.

 

 

xtk b jcnfkmyjt

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2015-2016 оқу жылы

Сабақтың тақырыбы: Тәуелсіздік ел тұғыры

Сабақтың  мақсаты:

Білімділік: 1986 жылғы Алматы оқиғасының себептерін, сипатын, қозғаушы күштері мен тарихи маңызы білдіру. Ұлттық қатынастағы жылдар бойы қордаланған шиеленіс пен жүйенің ұлт саясатын өзгертуге қабілетсіздігін таныту. Ұлттық байланыстың тоналуы; қазақ халқының экономикалық мүддесінің құлдырау себебін алу. Ұлтшылдық, ұлтжандылық, ұлттық сөздерінің мән - мағынасын алу. 80 - жылдардағы Пленумдар мен конференциялардың мән - мағынасы, мәніне талдау жасау, қоғамдық саяси өмірдің іріп - шіріп бара жатқан принциптерімен таныстыру

Дамытушылық: ізденімпаздық, ұйымдастырушылық қабілетін дамыту;
Тәрбиелік: оқушыларды ұйымшылдыққа, жаратылыстану пәндеріне қызығушылыққа, жауапкершілікке, өзін-өзі тәрбиелеуге тәрбиелеу;

Көрнекілігі: безендендірілген зал, нақыл сөздер, слайдтар, логикалық есептер, әр топқа даярланған үстел.

І. Ұйымдастыру.

ІІ. Негізгі бөлім:

Жүргізуші: -Армысыңдар, бүгінгі “Тәуелсіздік ел тұғыры” атты сайысға жиналған қауым! Бүгінгі біздің іс шараға қош келдіңіздер

Бүгінгі іс шарамызға  8, 9, 10, 11 сынып оқушылары қатысады.

Жаса елім, жаса достық бірлікпен,

Көштен қалма, қалма және тірліктен.

Елім менің – Қазақстан Отаным,

Алға өрле үшінші мың жылдықпен

Мұғалімнің алғашқы сөзі. Сабақ жоспарында көрсетілген тақырып бойынша қаралатын білімдік, танымдық, тәрбиелік мәселелерге сипаттама жасайды. Бұл тақырыпты зерттеуге уақыт берілгендігі, онымен тарихшы, саясаткер, заңгер, сарапшы оқушылар айналысқанына тоқталып өтеді

«Мен қазақпын» өлеңі

Видео слайд жүргізіліп тұрады

Бірінші 9-10 сынып оқушылары ақпаратпен алмасады.

Тарихшы оқушы

Елбең – елбең жүгірген

Ебелек отқа семірген

Арғымақ мінген жаратып,

Ақсауыт киген темірден.

Алатаудай бабалар

Аруағыңмен жебей көр!

(Қ. Рысқұлбеков)

Ғасыр айрығына жақындаған кезде бұрынғы өткен ата - баба рухы көтерілген тәрізді. Азаттық жолында халқына адал қызмет еткен еткен хандар мен батырлар есімі тарих бетінде алтын әріппен жазылып қалды. Енді солардың қатарына Қайрат пен Ләззат сияқты мыңдаған Отан сүйгіш ұлдар мен қыздардың есімі тіркелді. Олар ғасыр айрығында халқының азаттығы жолында құрбан болды.
Әміршіл - әкімшіл жүйенің қабырғасы қақырайтын уақыт келіп жетті. Бұл жүйенің қабырғасын қақыратып, күлін көкке ұшырған 1986 жылы Алматыдағы Желтоқсан оқиғаның дүмпуі алты құрылықты аралап кетті. Бұл оқиға себеп 1986 жылы Желтоқсанның 16 күні таңертеңгілікте Қазақстан Компартиясы Комитетінің 5 Пленумы болды. Пленумда КОКП Орталық Комитетінің хатшысы Г. П. Разумовский жүргізді. Пленум бар болғаны 17минутқа созылды. Республиканы ширек басқарған саяси қайраткерді ауыстыру сияқты аса маңызды мәселе осыншалықты қысқа мерзімде шешілді. Д. А. Қонаевты орнына Г. П. Разумовскийдың ұсынысы бойынша бұған дейін КОКП - нің Ульяновск облыстық комитетінің бірінші хатшысы болып істеген, республикаға мүлдем бейтаныс

Г. В. Колбин тағайындалды.  Мұндай волюнтаризммен Қазақстан бірнеше рет кездесіп отырған жақ еді. Желтоқсанның 17 - сі күні таңертең Алматыда жаппай толқу басталды. Ол республиканың Басқа қалаларына тарады. Шеру бейбіт және саяси сипатта болды, онда басқа халықтарға қарсы атой салушылық, мемлекеттік құрылысты жоюға деген үндеулер болмады. Әміршілдікке дағдыланған республика басшылары жастардың талап - тілектерін тыңдағысы келмеді. Саяси наразылықты үкімет билігіне төнген қатер деп бағалады. Алматы гарнизонын жауынгерлік дайындыққа келтіріп, сан жағынан демонстранттарды тарату кезінде партия комитеттері мен үкімет тарапынан бақылаусыздыққа жол берілді. Үкімет орындарының жағдайды болжау алмауы қасіретті салдарларға соқты. Демонстранттар мен тәртіп сақшылары жағынан адамдардың қазаға ұшырауына жол берілді.
1986 жылғы желтоқсан оқиғасының қозғаушы күші студент жастар болып, кейінгі күндері әр түрлі мамандық иелері мен оқу орындарының, мекемелердің басшылары болды.
1986 желтоқсан оқиғасының тарихи маңызы өте зор. 17желтоқсан жаңару, жаңғыруды тарих бетіне алып келді. Тәуелсіздікке жол ашты. Қоғам ағзасында асқынып кеткен тоталитаризмнің жүрегін жаншып, миын шашты. Әміршіл - әкімшіл жүйенің ауыр зардабынан белін көтере алмай тұрған демократияның басын көтеріп, қолына таяқ ұстатып, тәй - тәй бастырған қазақ жастары бүгінде халқының мақтанышы. Қазақ халқының әлемдік қауымдастыққа танылуына. әлеуметтік - экономикалық, саяси - идеологиялық, жағынан еркін дамуына кедергі болған отаршылдықтың қамытын жұлып лақтырған желтоқсанның жұлдыздары еді.

Саясаткер оқушы:

Дүниені дүр сілкіндірген, тәуелсіздік туын ең алғаш көтерген әйгілі 86 - ның желтоқсаны туралы шындық, мерзімді баспасөз беттерінде аз жазылған жоқ. «Қылышы - жоқ» деп баспасөз өз бетінен алаңдағы оқиғаның ақиқатын батыл айта білген қазақ ақын жазушылардың есімін бүгінде бүкіл әлем таниды. Ақын Мұхтар Шаханов былайша жыр толғады. Әр дәуірдің еркіне сай нарқы өзгерген алтынның Айналайын, алтын әнім,, жас өркені халқымның Желтоқсанда шындық жырын жырлаймын деп шарқ ұрдың, Желтоқсанда егеменді ел болсақ деп талпындық. Кеудеңде әлі сызы жатыр сол кездегі салқынның. Айналайын, жас өркені халқымның Егемендікке жетіп, еркін өмір сүру еліміз үшін қымбатқа түсті Қайрат пен Ләззат сияқты қызғалдақтардың өмірі қиылды. Ұлттық қатынастағы жылдар бойы қордаланған шиеленіс, әкімшіл - әміршіл жүйенің ұлт саясатын өзгертуге қабілетсіздігі мен құлықсыздығы 80 - жылдардың ортасында басталған қоғамға реформа жасау жағдайында 1986 жылдың желтоқсанында әлі буыны бекімеген жас демократияның әміршіл - әкімшіл жүйемен ашық қақтығысын алып келді. Желтоқсанда Алматыда болған оқиғалардың негізінде тұтас тарихи, әлеуметтік - экономикалық және саяси факторлар жатыр. Мұның тарихи тамыры патша үкіметінің отаршылдық саясатында жатыр, большевиктер оны индустрияландыру, ұжымдастыру, тың және тыңайған жерлерді игеру барысында одан әрі жалғастырды. Осылардың салдарынан ұлт демографиялық жағынан үнемі «аза» берді, жалпы одақтың министрліктер мен ведомстволар ұлттық байлықты тонау саясатын мығым ұстап Қазақстанның мемлекеттік егемендігі аяққа басылды.
Маңызды саяси шешімдер Мәскеуде қабылданып, ұлттық республикаларға директива ретінде жіберіліп отырды. Қандай болмасын жоғарғы жақпен келіспеушілік немесе қарсылық «партиялық тәртіпті бұзу» немесе «ұлтшылдық» деп бағаланып, іле - шала қатаң жазаланды. Теміртау оқиғасы, Ақмоладағы жаппай толқу жасырын, жабық күйде қалдырылды. 70 - 80 жылдардағы ұлттық санадан гөрі Кеңестік салт - сана көбірек дәріптелді. Ұлт республикаларында, қоғамдық - саяси өмірде европоцентризм басым болды. КСРО халықтар мен ұлттарының дамуындағы орыс мәдениетінің асыра бағалау процесі жүрді, мұның өзі социалистік республикалардың ұлттық мемлекеттік, егемендік мемлекеттік және территориялық тұтастығын мойындамауға алып келді. Біздің тарихымыздың бөліп алмауға болмайтын бөлігі болып табылатын көшпелілік цивилизациясы мен шығыс мәдениетінің бүкіл қабаты жауып тасталды, адамдардың тарихи санасын жою процесі жүрді
1917 жылғы Қазан төңкерісіне дейінгінің бәрін ұмытуға табандылықпен мәжбүр етілді. Интернационализм түсінігі жаттанды идеологиялық құрсауда болды. Ұлттық проблеманың бәрін тек интернационалдық тәрбиені жақсарту арқылы ғана шешуге болады деп пайымдады.
Бұл бағыттағы тәрбие нақты өмірден алшақ жүргізілді интернационализм идеяларын насихаттаумен шектелді. Одақтас республиканың құқықтары шектеліп, нақты егемендігі жоқ автономия ретінде дамыды. Ұлттардың эзін - өзі билеуі іс жүзінде болмады. Интернационализмді дұрыс түсінбеу Қазақстанда тіл саясатында тек ұлтаралық қатынас тілін ғана қолдап, ал ұлт тілі туралы үндемей қалуға әкеліп соқтырды. Орыс тілін республикада қазақтардың 60 пайызы, қазақ тілін орыстардың 1 пайызы меңгерді. Кітаптың 95 пайызы орыс тілінде басылып, теледидар хабарларының 70 пайызы эфирге орыс тілінде шықты. Қазақ елінің аясы тартылып, елдің тозуына, Семей полигонындағы жарылыстан жер тозуға айналды. 1986 жылғы желтоқсаншы жастардың жан жарасының түйіні осында жатты. Г. В. Колбиннің республиканың жоғары басшылығына тағайындалуы толқу үшін сылтау болды. Наразылыққа жылдар бойы қорланған себептер түрткі. Халықты ашындырған орталықтың дәстүрлік өктемдік әрекеттері мен қайта құру жарияланған демократиялық принциптер арасындағы қарама қайшылықтар еді. 1986 жылы желтоқсан оқиғасы үшін жауапқа тартылғандар өздерінің «Желтоқсан» партиясын құрды. Республика Жоғарғы Кеңесінің төралқасы 1986 жылы 16 - 17 желтоқсанда Алматыда болған оқиғаға байланысты жағдайларға түпкілікті баға беру жөнінде арнаулы комиссия құрды. Оқиғаға тарихы әділ саяси баға берілуін талап ету үшін 1986 жылы мамыр айында Алматыда «Желтоқсан» ұйымдық партия құрылды. Сонау жиырмасыншы жылдардың бас кезінде «Алашорда» партиясы тартылғаннан кейін Қазақстандағы құрылған алғашқы ұлттық саяси ұйым осы «Желтоқсан» болды. 1989 жылы Алматы медицина институтында өткен үлкен жиында 1986 жылғы оқиға кезінде өздерінің заң бұзар әрекеттерін ақтауға тырысқан сот, прокуратура өкілсымақтарына «Желтоқасандықтар» мықты тойтарыс берді. Содан кейін «Желтоқсан» оқиғасының үш жылдығы ҚазҰҮ - да, Қыздар педагогикалық, Халық шаруашылығы және Театр - көркемсурет институттарында үлкен басқосулар арқылы атап өтілді. Осы жиыннан кейін 1989 жылғы 14 қарашада негізсіз жабылған М. Шаханов басқарған «Желтоқсан» тексеру комиссиясы өз жұмысын қайтадан жалғастыру керектігі туралы үкімет басшыларының алдында талап қойылды. Үкімет орындары бұл талапты атүсті тыңдағандықтан 1990 жылы 15 мамырда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің үйі жанында «Желтоқсандықтар» аштық жариялауға мәжбүр болды. Қазақстан тарихында тұңғыш рет саяси аштық жариялаушы «Желтоқсандық» азаматтар Ә. Мүлкібаев, Қ. Халмұратов, М. Көбенов, Қ. Тәшеновтердің жанкешті батылдығының жанашыры бола білген астана халқы ауызбірлігінің нәтижесінде 14 жылға сотталған К. Күзембаев, 15 жылға сотталған Ж. Тайжұмаев түрмеден босатылды. Қазақстанның мемлекеттік Тәуелсіздігін қалпына келтіруде, қоғамды демократияландыруға бағытталған мәселелерді көтерді. 1990 жылы бірнеше рет мыңдаған адам қатысқан саяси митингілер өткізді. Сол жылы 20 мамырда «Желтоқсан» Қазақстанның ұлттық демократиялық партиясы болып жарияланды. Ақиқат үшін, ел намысы үшін қандықол жазалаушыларға әділ жаза талап ету тек «Желтоқсандықтардың» ғана емес, демократияшыл барлық адамдардың азаматтық парызы деп білу керек.

Заңгер оқушы:

Алматыдағы желтоқсан оқиғасы «Қазақ ұлтшылдығының көрінісі» деп бағаланады. Демонстранттарды уақытша ұстау бөлмелері мен арнайы бөлімдерге, тергеу бөлімдеріне жеткізіліп, қаланың сыртына әкетілген адамдардың саны 8, 5 мың адамнан асқан. Оқиғаға қатысқандарға қарсы қылмыстық істер қозғау, сот - тергеу жұмыстары кезінде дөрекі заңсыздықтарға орын берілді. Тергеу, әдеттегідей асығыс, ойдан шығарылған және айыптаушылық пейілде жүргізілді.
Жоғары оқу орындары мен кәсіпорындарда қудалау жүргізілді. Ашық сот процестері жүргізілді, Барлық жерде комсомол, партия кәсіподақ жиналыстары өткізіліп, оқиғаға қатысқандарды институттардан, жұмыстан шығару ұсынылды. Бұл шаралардың барысында 99 адам сотталды, 264 адам жоғары оқу орындарынан, жұмыстан шығарылды. 52 адам партия қатарынан шығарылды. Ішкі істер министрлігінен 1200 адам, денсаулық сақтау және көлік министрліктерінен 309 адам жұмыстан шығарылды, Жоғары оқу орындарынан 12 ректоры қызметінен алынды. Тәртіп сақтау органдары ұстағандарын ұрып - соққан, киімсіз қала сыртына апарып тастаған. Партия органдары құқық органдарына айыптау қорытындыларын тез шығару жөнінде қысым жасады. Демонстранттарды қуып таратуда темір таяқтар, саперлық күректері, иттер пайдаланған. Прокуратура мұндай заңсыздыққа көңіл бөлмеді. Көптеген кінәсіз адамдар түрмеде жатты. Демонстранттарға нашақор, маскүнемдер деген жала жабылды. Әр түрлі себептермен Ләззат Асанова, Ербол Сиатаев, Сабира Мұхамеджанова сияқты қызғалдақтардың өмірі қиылды. Алматы сәулет құрылыс институтының студенті Қайрат Рысқұлбеков Тұтқындалды. Оған түрмеде Савицкийді өлтірдім деп мойнына алуды талап етіп, азаптап ұрып соғып қысым көрсетті. Қайрат Рысқұлбеков 1987 жылғы 16 маусымда Қазақстан Жоғарғы сотының үкімімен қылмыс кодексінің 60, 65, 73 - і бабымен айыпталып, ату жазасына кесілді. Кейін КСРО Жоғарғы Кеңесінің Президиумі оған кешірім жасап, жазаны 20 жыл бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырды. Ресейдің Ивдель қаласындағы колонияға кетіп бара жатқан жолда 1988 жылы 13 мамырда Семей түрмесіне әкелінген ол 21 мамыр күні өмірімен қоштасты. Еврейде, орыста, ұйғырда басқарған, қолы жеткеннің бәрі биліктің билігін үйіріп келіп, басынан құс ұшырмаған қазақ елінің кезекті 21 - шы басшысының зобалаңына ұшырып, 21 жасқа қараған шағында тұтқындалып, 21 кұн нақақтан шырылдап, Семей түрмесінің 21 - камерасында 1988 жылы 21 мамыр күні қапылыста дүниеден өткен Қайрат 21 ақпан 1992 жылы ақталды.
Кеңес Одағы Жоғарғы Кеңесіне Венгрия, Польша, Германия, Америка, Түркиядан өлім жазасына кесілген қазақ жасына кешірім жасауды сұраған жедел хаттар бірінен соң бірі келіп жатты
Бұл демократияның алғашқы қарлығашына деген дүние жүзі халықтарының көрсеткен құрметі еді.
М. С. Горбачев қайта құруды қолға алған сәтінде бостандық, гуманизм, демократия, адам құқығын биікке көтері идеяларына әрқашан бас иетінін мәлімдейтін еді. Бірақ оның бәрі құр ауа, бос лепес болып шықты. Көп ұзамай КСРО бір - біріне жауыққан республикалар одағына айналып, көп жерде азамат соғысының алғашқы ұшқындары жылтырады. Деке адамның құқығы түгілі, бүкіл ұлттың құқығын табанмен таптап тұрған әкімшіл - әміршіл жүйедегі мемлекеттің Конституцияның күлі көкке ұшты. Қоғамдық өмірі қозғалмайтын қара судай болып борсып қалған коммунистік қоғам - КСРО - да демократия, адам құқығы, бостандық жолында қарлығаштай болып қазақ жастарының бас көтеруі бүкіл әлем халықтарын әлі күнге таң қалдырады. Халық қаһарманы атанған Қайрат Рысқұлбековтің есімі тарих бетінде мұзда жанған алау болып мәңгі қалды.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясаты туралы» 2002 жылы мамыр айында заң жобасы жасалды. Осы заңның 3 - бабында Мемлекеттік жастар саясатның мақсаттары мен принциптері қарастырылған. Жастардың рухани, мәдени білімін, кәсіптік қалыптасуы мен дене тәрбиесін дамыту үшін әлеуметтік - экономикалық, құқықтық, ұйымдастырушылық жағдайлары мен

жеңілдіктер жасау, бүкіл қоғам мүддесі үшін олардың шығармашылық әлеуметін ашу. Олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау. Жастарға көмек беру және әлеуметтік қызметтер көрсету. Жастардың әлеуметтік – маңызды бастамаларын қолдау мақсатында жүзеге асырылады. 2 тармақ 1 тарау Қазақстан Республикасының тарихи және мәдени құндылықтарының басымдығы Тән саулығын сақтау және нығайту. Адамгершілік және рухани даму Қазақстандық патриотизмді қалыптастыру жастардың құқықтары мен бостандығын қорғау. Азаматшылықты қалыптастыру .

Сарапшы оқушы

Кеңес дәуірінде қазақ мектептерінде ұлт тарихы оқытылмады. Тіл мен дінді жойып, ұлт тарихын жауып тастап, салт - дәстүр, әдет - ғұрыптан жұрдай етіп жалаңаштап, гендік жағынан жоюды мақсат еткен сұрқия саясат жүзеге аспай қалды. Тарихшы оқиғасының мазмұнын толық ашты.
Саясаткер оқушы қоғам ағзасындағы ауруларды дәл тауып, оның асқынбаған жағдайларын нақтылап көрсете білді. Отаршылдық саясаттың бейнесін ашты. «Алаш» партиясының ізін басқан «Желтоқсан» ұлттық саяси ұйымының жұмысының жеңіске толы істерін толық баяндап өтті.
Саясаткер өз сөзінде қоғамдық дағдарысқа жеткізген процестер мен ситуациялық жағдайларға тоқталып идеологиялық күретамырына балта шабу ешқандай нәтижеге апармайтынын мәлімдеп өтті. Авторитарлық өктемдіктің ешуақытта абырой таппайтындығын, ерте не кеш пе оның күйремей қоймайтын жағдайларын көрсетті. Бақыттың бастау бұлағы еркіндік екендігіне тоқталды. Авторитарлық тұрған жерде еркіндік жоқ, еркіндік болмаған жерде дамудың болмайтындығына көз жеткізді. Ия, еліміз еркіндік алды және еркіндікте дамудың, танылудың әлемдік деңгейге көтерілудің қиындықтарын бастан көшіріп көптеген жеңістерге өзі жеткізіп келеді. Тұңғыш Президент сайлауда, мемлекеттік рәміздер қабылдаудан бастап ұлы оқиғаға толы жылдарды өткізіп келеміз. Тәуелсіздік алғаннан бері бүгінгі күнге дейін, атқарылып жатқан істер, көзі ашылған бұлақтың өзіне айналып, өзінің теңізге құйылғаны тәрізді. Еуразиялық экономикалық САММИТ - тен, Еуропалық саяси ұйымдар мен әлемдік даму деңгейінен көріне білу, қазақ халқының рухани күштің иесі екендігінің дәлелдеді

Дүниені дүр сілкіндірген «Желтоқсан оқиғасы» туралы видео

 

Үшінші мақал-мәтелдердің мағынасын ұғындыру

1.       Бұлбұл гүлзарын сүйеді, 
Адал адам Отанын сүйеді.

2.       Отан елдің анасы, 
Ел ердің анасы.

3.       Отансыз адам — ормансыз бұлбұл.  

4.       Отан үшін еңбек етсең 
халқыңның сүйген ұлы боласың.

  1. Елінен безген ер болмас, Көлінен безген қаз болмас.
  2. Сағынған елін аңсайды, Сары ала қаз көлін аңсайды.
  3. Опасызда oтан жоқ.
  4. Отан оттан да ыстық.
  5. Отансыз адам — ормансыз бұлбұл
  6. Ер — елінде, гүл — жерінде.

 

1.       Родной край – сердцу рай.

2.       Нет в мире краше Родины нашей.

3.       Человек без Родины, что соловей без песни.

4.       Одна у человека мать, одна у него и родина.

5.       У народа один дом – Родина.

6.       Нет сына без отчизны.

7.       Родина – всем матерям мать.

8.       Родина – мать, чужбина – мачеха.

9.       Береги Родину, как зеницу ока.

10.   Будь не только сыном своего отца – будь и сыном своего народа.

Төртінші сұрақ жауаптар

1.      Мемлекет деген сөзді қалай түсінесіңдер?

2.      Қазақстанның Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы қашан құрылды? 1991жылы  8 желтоқсан

3.      Қазақстан Республикасының тұңғыш Президентінің сайлауы нешінші жылы болды? 1991жылы 1 желтоқсан

4.      Қазақстан Республикасының бірінші конституциясы қабылданған жыл? 1993 жылы 28 қаңтар

5.      Қазақстанның ұлттық валютасы қай жылы қолдана бастады? 15 қараша 1993 жыл

6.      Қазақстан халқы Ассамблеясы нешінші жылы құрылды? 1995 ж 1 наурыз

7.      Еліміздің рәміздерін атаңыздар? Елтаңба, ту, әнұран.

8.      Қазақстан мемлекетінің тәуелсіздік күні қашан? 16 желтоқсан

9.      ҚР Конституциясы неше бөлімнен неше баптан тұрады? 9 бөлім, 98 бап

10.   Қазақстан Республикасын Тілдер күні мерекесі қашан тойланады? 22 қыркүйек

Бесінші КСРО құрамында болған одақтас республикалардың ақшаларын қай мемлекеттікі екненін орналастырындар

 

 

А) лит
Б) сом
В) крона
Г) гривна
Д) драм
Е) манат
Ж) теңге
З) лат
И) лей
К) сум
,А) Литва
Б) Қырғызстан
В) Эстония
Г) Украина
Д) Армения
Е) Әзербайжан
Ж) Қазақстан
З) Латвия
И) Молдавия
К) Өзбекстан
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Мұғалімнің қорытынды сөзі:
Сарапшы оқушының сөзін қуаттай келіп Мағжан Жұмабаевтың: «Мен жастарға сенемін» өлеңінен бірнеше шумақтар оқиды.
Арыстандай айбатты,
Жолбарыстай қайратты
Қырандай күшті қанатты,
Мен жастарға сенемін!
Көздерінде от ойнар.
Сөздерінде жалың бар,
Жаннан қымбат оларға ар,
Мен жастарға сенемін!

Қорытынды: Қадірменді ұстаздар мен оқушылар және сайыскерлер осымен сайысымыз аяқталды.  Баршыңызға сәттілік тілеймін!

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Презентация по истории на тему "Тәуелсіздік ел тұғыры""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Инструктор по волейболу

Получите профессию

Методист-разработчик онлайн-курсов

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 662 863 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 24.12.2015 884
    • DOCX 133.2 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Байгабулова Гулжанар Айтжановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 131563
    • Всего материалов: 40

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Бухгалтер

Бухгалтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 22 человека из 16 регионов

Курс профессиональной переподготовки

История: теория и методика преподавания в образовательной организации

Учитель истории

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 166 человек из 57 регионов
  • Этот курс уже прошли 771 человек

Курс повышения квалификации

Моделирование современных уроков истории

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 82 человека из 41 региона
  • Этот курс уже прошли 464 человека

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к проведению ВПР в рамках мониторинга качества образования обучающихся по учебному предмету "История" в условиях реализации ФГОС СОО

72/108 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 25 человек из 19 регионов
  • Этот курс уже прошли 170 человек

Мини-курс

Основы игровой деятельности дошкольников: роль игр в развитии детей

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 23 человека из 14 регионов
  • Этот курс уже прошли 20 человек

Мини-курс

От романтизма к современности: шедевры и новаторство

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Общая химия

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе