Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / История / Презентации / Презентация по истории на тему "Жапония"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 26 апреля.

Подать заявку на курс
  • История

Презентация по истории на тему "Жапония"

библиотека
материалов
Тақырыбы: Жапония мемлекеті Жоспары: Мемлекеттің қалыптасу тарихы Жапония қал...
ЖАПОНИЯ Ниппон, Нихон (“Күншығыс елі”)
Ел: 6852 аралдардан тұрады. Ең үлкендері: Хоккайдо, Хонсю, Сикоку,Кюсю. Жер а...
Туы
 Елтаңбасы
 Әкімшілік-аумақтық бөлінісі
Мемлекеттің қалыптасу тарихы Тарихи деректерге қарағанда, IV ғасырдың ортасын...
Жапония қалалары Жапония халқының бестен төрт бөлігі қалаларда тұрады. Кеме т...
Мемлекеттің ең үлкен қалалары Токио Иокогама Нагоя Саппоро Кобе Киото Фукуока...
Табиғаты Жапония аралдарының жан-жағын Тынық мұхит пен оған кіретін Жапон, Ох...
Географиясы Жапон аралдары солтүстіктен оңтүстікке қарай ұзыннан-ұзақ созылып...
Жапондардың салттары Жапондардың тұрмыс-тіршілігінде басқа бір мәдениетке ұқ...
Әдебиеті Жапон жазба әдебиетінің алғашқы үлгілері — “Коджики” шежіресі (712)...
Гейша Жапонияның астанасы Нора 8 ғасырда қытай үлгісімен салынды. 12 — 16 ғас...
 Главные ворота столицы Хейдзё-кё.
Образец керамики среднего периода дзёмон.
 Могильный курган императора Нинтоку
Самураи провинции Сацума во время войны Босин
Қазақстан мен Жапония арасындағы экономикалық ынтымақтастық Соңғы төрт-бес ж...
 Назарларыңызға рахмет!!!
20 1

"Инфоурок" приглашает всех педагогов и детей к участию в самой массовой интернет-олимпиаде «Весна 2017» с рекордно низкой оплатой за одного ученика - всего 45 рублей

В олимпиадах "Инфоурок" лучшие условия для учителей и учеников:

1. невероятно низкий размер орг.взноса — всего 58 рублей, из которых 13 рублей остаётся учителю на компенсацию расходов;
2. подходящие по сложности для большинства учеников задания;
3. призовой фонд 1.000.000 рублей для самых активных учителей;
4. официальные наградные документы для учителей бесплатно(от организатора - ООО "Инфоурок" - имеющего образовательную лицензию и свидетельство СМИ) - при участии от 10 учеников
5. бесплатный доступ ко всем видеоурокам проекта "Инфоурок";
6. легко подать заявку, не нужно отправлять ответы в бумажном виде;
7. родителям всех учеников - благодарственные письма от «Инфоурок».
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://infourok.ru/konkurs

Описание презентации по отдельным слайдам:

№ слайда 1 Тақырыбы: Жапония мемлекеті Жоспары: Мемлекеттің қалыптасу тарихы Жапония қал
Описание слайда:

Тақырыбы: Жапония мемлекеті Жоспары: Мемлекеттің қалыптасу тарихы Жапония қалалары Мемлекеттің ең үлкен қалалары Табиғаты Географиясы Жапондардың салттары Әдебиеті Өнері Қорытынды

№ слайда 2 ЖАПОНИЯ Ниппон, Нихон (“Күншығыс елі”)
Описание слайда:

ЖАПОНИЯ Ниппон, Нихон (“Күншығыс елі”)

№ слайда 3 Ел: 6852 аралдардан тұрады. Ең үлкендері: Хоккайдо, Хонсю, Сикоку,Кюсю. Жер а
Описание слайда:

Ел: 6852 аралдардан тұрады. Ең үлкендері: Хоккайдо, Хонсю, Сикоку,Кюсю. Жер аумағы : 372,2 мың км2. Халқы 126,2 млн. (1997). Астанасы : Токио қаласы (11,9 млн.). Әкімшілік жағынан: 47 префектураға бөлінеді.  Жапония - бір ұлтты ел. Халқы: 99,4%-і — жапондар. Бұдан басқа қытайлар, корейлер, америкалықтар тұрады. Ресми тілі: жапон тілі. Негізгі діндері: синтожәне будда діндері.  Жапония -конституциялы монархияны сақтаған ел.

№ слайда 4 Туы
Описание слайда:

Туы

№ слайда 5  Елтаңбасы
Описание слайда:

Елтаңбасы

№ слайда 6  Әкімшілік-аумақтық бөлінісі
Описание слайда:

Әкімшілік-аумақтық бөлінісі

№ слайда 7 Мемлекеттің қалыптасу тарихы Тарихи деректерге қарағанда, IV ғасырдың ортасын
Описание слайда:

Мемлекеттің қалыптасу тарихы Тарихи деректерге қарағанда, IV ғасырдың ортасына қарай Ямато тайпалық одағынан таптық негіздегі алғашқы мемлекет пайда болды. Елдің неғұрлым күшті дамыған оңтүстік-батысы VII ғасырда орталықтандырылған жапон мемлекетінің қалыптасуына негіз болды. Алғашқы астаналардың іргетасы Осака шығанағының жағалауында қаланған. Ұзақ уақыт бойы (VI-IXғғ.) елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына көршілес Қытайдың ықпалы зор болды. Олардан жапондар иероглифтік жазу үлгісін, буддизм мен конфуций діндерін, ғылым негіздері мен шаруашылық жүргізу тәжірибесін қабылдады. IX ғасырдың соңына қарай Жапония Қытаймен ресми қатынастарын үзді, бұл жапон өркениеті сипаты қалыптасуына қолайлы жағдай туғызды. XII ғасырдан бастап ел астанасының (алғашында Камакура, кейіннен Эдо, қазіргі Токио) солтүстіккe ығысуы, феодалдық қатынастардың дамуы солтүстіктегі аудандардың біртіндеп шаруашылық тұрғыдан игеріле бастауына ықпал етті. Осыған қарамастан, ұзақ уақыт бойы елдің шаруашылық қуаты, негізінен, оңтүстікте шоғырланып келді, экономикалық орталық қызметін Осака қаласы атқарды.

№ слайда 8 Жапония қалалары Жапония халқының бестен төрт бөлігі қалаларда тұрады. Кеме т
Описание слайда:

Жапония қалалары Жапония халқының бестен төрт бөлігі қалаларда тұрады. Кеме тоқтайтын айлағы мен зауыттары самсаған қалалар жағаны бойлай бір-бірімен иін тіресе созылып жатыр. Қала шетінде суға бөккен көк күріш алқабы жайқалады. Жапонияның ішкерірек аумақтарында, таулы аймақтары мен автомобиль магистральдары бойынан будда ғибадатханаларын, сондай-ақ хауызы мен нақышты тас қондырғылары бар шағын саябақтарды, сұлтан қамалдарын, шаруалардың сабанмен жабылған шошақ төбе ескі үйлерін көруге болады. Токио

№ слайда 9 Мемлекеттің ең үлкен қалалары Токио Иокогама Нагоя Саппоро Кобе Киото Фукуока
Описание слайда:

Мемлекеттің ең үлкен қалалары Токио Иокогама Нагоя Саппоро Кобе Киото Фукуока Кавасаки Осака Сайтам

№ слайда 10 Табиғаты Жапония аралдарының жан-жағын Тынық мұхит пен оған кіретін Жапон, Ох
Описание слайда:

Табиғаты Жапония аралдарының жан-жағын Тынық мұхит пен оған кіретін Жапон, Охот, Шығысында Қытай теңіздері қоршаған. Жерінің көп бөлігі таулы-қыратты болып келеді. Неғұрлым ірі таулары: Хидака мен Китами (Хоккайдо аралында), Оу,Эчиго, Хида, Кисо, Аканши (Хонсю аралында). Бұл тауларда сөнбеген жанартаулар әлі де көп. Ең белгілісі — Хонсю аралындағы 3776 м биіктікте орналасқан Фудзияма жанартауы. Елде жиі-жиі жер сілкіністері болады және мұхит жағалауларында цунами желі үнемі соғады. Жазық жерлер аз, ірі жазықтары Канто немесе Токио жазығы (Хонсюаралында), Ишикари (Хоккайдо аралында). Климаты муссонды. Территориясының басым бөлігі — субтропикалық белдеуде, солтүстік — қоңыржай, оңтүстік — тропикалық белдеуде орналасқан. Қаңтар айындағы орташа температура Хоккайдо аралында — 5ӘС, оңтүстікте 6ӘС, Рюкю топаралында 16ӘС, ал шілде айында 22, 27, 28ӘС. Жылдық жауын-шашын мөлшері ел аумағының көпшілік бөлігінде 1700 — 2000 мм, оңтүстікте 4000 мм-ге дейін. Көбінесе, жаздың аяғы мен күз айларында болатын тайфундар нөсер жауын алып келеді. Өзендері шағын, бірақ суы мол, сондықтан электр қуатын өндіру мен жер суғаруға пайдаланылады. Территориясының 68%-ін қолдан өсірілген ормандар мен бұта тоғайлары алып жатыр. Ұлттық саябақтар (Бандай — Асахи, Никко, Сето-Найкай, т.б.) мен қорықтар көп.

№ слайда 11 Географиясы Жапон аралдары солтүстіктен оңтүстікке қарай ұзыннан-ұзақ созылып
Описание слайда:

Географиясы Жапон аралдары солтүстіктен оңтүстікке қарай ұзыннан-ұзақ созылып жатыр. Жапонияның солтүстігінде, әсіресе Хоккайдо аралында, қар қалың түсіп, қысы едәуір суық болады, ал оңтүстігінің, Рюкю аралдарының ауа райы тропикалық климатқа жақын. Жапония – негізінен жылы әрі күн шуақты ел, алайда оның климаты әжептәуір ылғалды болып келеді. Жапон аралдарының бүкіл ауданының алтындан бес бөлігіне жуығын қалың орманды, жартасты таулар алып жатыр. Ең биік тауы – Фудзи тауы. Ол – сөнген жанартау. Фудзиді жапондар киелі тау деп есептейді. Жапонияда толып жатқан сөнбеген жанартаулар, көптеген шипалы арасандар (ыстық бұлақтар) бар. Мұнда жер сілкіну жиі болып тұрады.

№ слайда 12 Жапондардың салттары Жапондардың тұрмыс-тіршілігінде басқа бір мәдениетке ұқ
Описание слайда:

Жапондардың салттары Жапондардың тұрмыс-тіршілігінде басқа бір мәдениетке ұқсамайтын өзіндік салты мол сақталған. Жапон үйлерінде жиһаз аз болады, еденіне күріш сабанынан тоқылған төсеніш - татами - төселеді. Жапондықтар аяқ киімдерін босағаға тастап, үйде шұлықпен немесе жалаңаяқ жүреді. Тамақтанатын әрі ұйықтайтын жері – еден. Сондықтан еденді әрқашан айнадай таза ұстайды. Жапон өнері де, әсіресе кескіндеме өнері мен қуыршақ театры өзіндік ерекшеліктерге бай. Жапондар – сәнді гүл шоғын өте шебер жасайтын халық. Олардың дзю-до, каратэ, сумо күресі секілді ұлттық спорт түрлері бүгінде бүкіл дүние жүзіне белгілі. Жапонияда императордың билігі конституция арқылы шектелген: император - тек мемлекеттік символ боп табылады. Жапония Ұлыбритания сияқты – Конституциялық монархия болады.

№ слайда 13 Әдебиеті Жапон жазба әдебиетінің алғашқы үлгілері — “Коджики” шежіресі (712)
Описание слайда:

Әдебиеті Жапон жазба әдебиетінің алғашқы үлгілері — “Коджики” шежіресі (712) мен “Манъесю” өлеңдер жинағы (759). “Коджики” ертедегі мифтік әңгімелер, аңыздардан тұрады. “Манъесю” антологиясы халық поэзиясының 4516 үлгісін және алғашқы жазба әдебиет өкілдерінің (500-дей автордың) шығармаларын қамтыған. Шығармалардың көпшілігі танка жанры үлгісінде жазылған. 9 — 10 ғасырларда жапон прозасының алғашқы үлгілері пайда болды. Мурасаки Шикибудың “Генджи — моногатори” романы (11 ғасыр) — әлем әдебиетіндегі алғашқы романдардың бірі. “Хейке — моногатори” (“Тайр әулеті туралы әңгіме”, 13 ғасыр), “Тайхейки” (“Алып әлем туралы әңгіме”, 14 ғасыр) гунки (әскери эпопея) жанрында жазылған. 15 — 16 ғасырларда поэзия жетекші рөл атқарды. Театрлар ашылып, драматургиялық шығармалар жазыла бастады. Онда, көбінесе, әскери тақырыптар қамтылды. 15 ғасырда әскери эпопеяларды серілік романдар ығыстырып шығарды. Мысалы, “Согамоногатари” (“Ағайынды Согалар туралы әңгіме”), “Ешицуне-ки” (“Ешицуне туралы әңгіме”), т.б. 17 ғасырда Ихара Сайкакудың (1642 — 1693) “Бір еркектің махаббат машақаты” (1682) романы, Чикамацу Монзаемоның (1655 — 1724) пьесалары танымал болды. Бұл жылдары ақындар Басе (1643 — 1694), Бусано (1716 — 1783), Исса (1763 — 1827) шығармалары әдебиет тарихынан елеулі орын алды. 18 ғасырда Цурия Нанбоку (1755 — 1829), Каватаке Мокуами (1816 — 1893) сияқты драматургтердің есімі танымал болды. 20 ғасырдың басында Киносита Наоенің“Отты бағана” романы, ақын Ишикава Такубокудың (1885 — 1912) “Бір уыс құм” (1910), “Көңілсіз ойыншық” (1912) шығармалары әдебиеттің даму бағытын айқындады.

№ слайда 14 Гейша Жапонияның астанасы Нора 8 ғасырда қытай үлгісімен салынды. 12 — 16 ғас
Описание слайда:

Гейша Жапонияның астанасы Нора 8 ғасырда қытай үлгісімен салынды. 12 — 16 ғасырлардаЖапония тұрғын үйінің жаңа түрі қалыптасты. 19 ғасырдың 2-жартысынан бастап Жапония архитектурасы Батыс Еуропа мен Американың ықпалында болды. 2-дүниежүзілік соғыстан кейін Жапония архитектурасы ұлттық дәстүрде дами бастады, ірі қалаларды жаңарту ісі қолға алынды (Жапония музыкасы туралы алғашқы деректер 3 ғасырдан сақталған. 7 ғасырда сарай музыкасы дамыды. Жапония ұлттық музыкасынан корей, қытай, үнді халықтары музыкалық мәдениетінің ықпалы да байқалады. Ежелгі музыкалық дәстүрлер де жақсы сақталған. Соның бір түрі — кагура. Бұл — мифтік сюжетке негізделген ғұрыптық би. Қазіргі кезде халық биі түрінде кездеседі. Музыка халық аспаптары: сямисэн кото (ішекті аспаптар), хи тирики(үрлемелі аспап), фуэ, шакухачи (бамбук флейталар). 16 ғасырдан бастап Еуропа музыкасы тарай бастап, 1868 жылдан кейін кең өріс алды. Жапонияның қазіргі музыкасын шартты түрде дәстүрлі, ұлттық және батыс мектебі деп 3 бағытқа бөледі. Дәстүрлі мектептің көрнекті өкілі композитор Миячи (1883 — 1956) болды. Қазіргі ұлттық мектептің өкілдері: Ясуджи, Мақудайра, Ифукуба, т.б. Жапонияның музыкалық орталықтары Токио', Осоко, Киото, Нагоясияқты консерваториялары бар ірі қалаларға шоғырланған. Жапония театры тарихында гигаку (7 ғасыр), бугаку (11 ғасырдан кейін), сингаку, саругаку деп аталатын халық өнерінің түрлері белгілі орын алады. Өнері

№ слайда 15  Главные ворота столицы Хейдзё-кё.
Описание слайда:

Главные ворота столицы Хейдзё-кё.

№ слайда 16 Образец керамики среднего периода дзёмон.
Описание слайда:

Образец керамики среднего периода дзёмон.

№ слайда 17  Могильный курган императора Нинтоку
Описание слайда:

Могильный курган императора Нинтоку

№ слайда 18 Самураи провинции Сацума во время войны Босин
Описание слайда:

Самураи провинции Сацума во время войны Босин

№ слайда 19 Қазақстан мен Жапония арасындағы экономикалық ынтымақтастық Соңғы төрт-бес ж
Описание слайда:

Қазақстан мен Жапония арасындағы экономикалық ынтымақтастық Соңғы төрт-бес жыл бедерінде екі елдің өзара сауда-экономикалық қатынастары еселеп арта түскен. 2005 жылы Қазақстан мен Жапония араcындағы тауар айналымы 736,1 миллион долларды құраса, 2006 жылдың жарты жылында ол 439,2 миллион долларға жетіп отыр. Біраз жылдардан бері Жапонияның халықаралық ынтымақтастық банкі Қазақстанда несие беру арқылы бірқатар жобаларды жүзеге асыра бастады. Олардың ішінде темір жол көлігінің тасымал қуатын арттыруға, Ертіс өзені үстінен көпір құрылысын салуға, Астанадағы халықаралық әуежайды қайта жөндеуден өткізуге, Батыс Қазақстанда көлік жолдары жүйесін дамытуға, Атыраудағы мұнай өңдеу зауытын күрделі жөндеуден өткізуге арналған жобалар бар. Қазақстан мен Жапония арасындағы өзара ынтымақтастықтың жаңа сатыға көтеріліп, байланыстардың орныға бастауына 1994 жылдың сәуірінде және 1999 жылдың желтоқсанында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың осы елге жасаған ресми сапарлары негіз қалағанын атап өткен жөн. Екі мемлекеттің гуманитарлық саладағы ынтымақтастығы да уақыт өткен сайын жақсарып келеді. Оған Қазақстан басшысының Токиоға жасаған алғашқы сапары барысында Нұрсұлтан Назарбаевтың Жапонияның сол кездегі Премьер-Министрі М.Хосокаваға соғыс жылдарында Қазақстан аумағында әскери тұтқында болып, қайтыс болғандардың тізімі бар “Естелік кітапты” табыс еткені дәлел болмақ.

№ слайда 20  Назарларыңызға рахмет!!!
Описание слайда:

Назарларыңызға рахмет!!!

Автор
Дата добавления 24.03.2016
Раздел История
Подраздел Презентации
Просмотров278
Номер материала ДВ-553140
Получить свидетельство о публикации

"Инфоурок" приглашает всех педагогов и детей к участию в самой массовой интернет-олимпиаде «Весна 2017» с рекордно низкой оплатой за одного ученика - всего 45 рублей

В олимпиадах "Инфоурок" лучшие условия для учителей и учеников:

1. невероятно низкий размер орг.взноса — всего 58 рублей, из которых 13 рублей остаётся учителю на компенсацию расходов;
2. подходящие по сложности для большинства учеников задания;
3. призовой фонд 1.000.000 рублей для самых активных учителей;
4. официальные наградные документы для учителей бесплатно(от организатора - ООО "Инфоурок" - имеющего образовательную лицензию и свидетельство СМИ) - при участии от 10 учеников
5. бесплатный доступ ко всем видеоурокам проекта "Инфоурок";
6. легко подать заявку, не нужно отправлять ответы в бумажном виде;
7. родителям всех учеников - благодарственные письма от «Инфоурок».
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://infourok.ru/konkurs


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ


Идёт приём заявок на международный конкурс по математике "Весенний марафон" для учеников 1-11 классов и дошкольников

Уникальность конкурса в преимуществах для учителей и учеников:

1. Задания подходят для учеников с любым уровнем знаний;
2. Бесплатные наградные документы для учителей;
3. Невероятно низкий орг.взнос - всего 38 рублей;
4. Публикация рейтинга классов по итогам конкурса;
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://urokimatematiki.ru

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх