Инфоурок Всеобщая история ПрезентацииПрезентация по историй на тему "Ұлы Отан соғысы"

Презентация по историй на тему "Ұлы Отан соғысы"

Скачать материал
Скачать материал "Презентация по историй на тему "Ұлы Отан соғысы""

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Директор дома творчества

Описание презентации по отдельным слайдам:

  • Ұлы Отан Соғысы

    1 слайд

    Ұлы Отан Соғысы

  • 2 слайд

  • Соғыстың басталуы, оның сипаты 
Соғыстың басталуы

        Шабуыл жасаспау т...

    3 слайд

    Соғыстың басталуы, оның сипаты
    Соғыстың басталуы

    Шабуыл жасаспау туралы (23 тамыз 1939 ж) Совет Одағымен жасаған келісімді бұзып, фашистік Германия 1941 жылы 22 маусымда соғыс жарияламастан КСРО аумағына басып кірді. Ұлы Оотан соғысы осылай басталды.
    Соғыстың сипаты - Германия тарапынан бұл соғыс агрессиялық, жаулап алушы, әділетсіз соғыс болды, ал Совет Одағы тарапынан әділетті өз жерін қорғаған, азаттық Отан соғысы болды.
    1940 жылдың орта кезеңінде – ақ (18 желтоқсан) Гитлер командованиесі СССР – ге басып кірудің «Барборосса жоспары» деп аталатын стратегиялық жоспарын жасауға кіріскен болатын. Бұл жоспар бойынша фашистік Германия мен оның қол шоқпарларының құрғақтағы, әуедегі және соғыс теңіз күштері КСРО-ға бір мезгілде шабуыл жасайтын болды. Бұл жоспардың басты мақсаты (идеясы) қысқа мерзім ішінде (3–4 ай), «қауырт соғыс» идеясы бойынша соғысты 1941 жылдың күзінде (қараша) аяқтау тиіс еді.

  • «Барбаросса» жоспарын жасаған кезде фашистік Германияның басшылары КСРО...

    4 слайд

    «Барбаросса» жоспарын жасаған кезде фашистік Германияның басшылары КСРО – ны «сансыз» көп ұлттың жасанды және «тұрақсыз бірлестігі», өзінше бір «ішкі бірліктен жұрдай этникалық конгломерат» деп қарастырды. «Россияның кең – байтақ жерін мекендеген халықтар жөніндегі біздің саясатымыз, - деді Гитлер өз сыбайластарына, - алауыздық пен жікке бөлінудің кез келген түріне қолдау көрсету болуға тиіс.
    Фашистік Германияның негізгі мақсатының саяси және экономикалық астары болды. Германия империясы шикізат үшін, азық – түлік базасы ретінде қуыршақ мемлекет құруды көздеді.
    Қуыршақ мемлекет жобасы фашистер жасап «Барбаросса» жоспарында көрсетілді. Жоспар бойынша фашистер КСРО жерінде Остланд, Украина, Московия, Еділ – Орал, Түркістан сияқты рейх комиссарияттарын құруды көздеді. Жоспарда көрсетілген «Үлкен Түркістан» отарының құрамына Қазақстан, Татарстан, Башқұртстан, Орта Азия, Әзірбайжан, Кавказ, Қырым, АуғанстанБиылғы жылы Ұлы Отан соғы­сы­ның аяқталғанына 66 жыл толып отыр. Соңғы мәліметтер бойынша, бұрынғы Кеңес Одағының 27 миллиондай адамын жалмаған сұрапылда Қазақстаннан да көптеген жауынгерлер жауға қарсы жан аямай шайқасты.

  • 5 слайд

  • Қазақстан Экономиканы соғысқа бейімдеп қайта құру

Соғыстың басталуына байла...

    6 слайд

    Қазақстан Экономиканы соғысқа бейімдеп қайта құру

    Соғыстың басталуына байланысты ел экономикасын соғыс жағдайына бейімдеу басталды.
    Республика экономикасы әскери бағытқа көшірілді (милитарландырылды).
    Бейбіт мақсаттарға жұмсалатын қаржы мейлінше қысқартылды.
    Көптеген кәсіпорындар қорғаныс өнімдерін шығара бастады.
    Өскемен қорғасын – мырыш комбинаты, Қарағанды көмір шахталары сияқты соғысқа қажетті өнімдер шығаратын өнеркісіп құрылыстарын салып аяқтады.
    Соғыс жүріп жатқан жерлерден және майданға жақын аймақтардан 220 завод пен фабриканы, кәсіпорындары Қазақстанға көшіру жүргізілді.

  • Өнеркәсіптерді Қазақстанға көшіру екі рет жүргізілді:

 1941 жылдың аяғы мен...

    7 слайд

    Өнеркәсіптерді Қазақстанға көшіру екі рет жүргізілді:

    1941 жылдың аяғы мен 1942 жылдың басы;
    1942 жылдың күзінде өнеркәсіп орындары, кәсіпорындар, негізінен, Москва, Ленинград облыстарынан, Украина, Белорусь жерлерінен әкелінді.

    Көшіріліп әкелінген 54 завод пен фабрика тамақ өнеркәсібі халық комиссариатының қарамағында болды. Жеңіл және тоқыма өнеркәсібінің 53 кәсіпорны көшіріліп әкелінді. Республикада аяқ киім саласының қуаты 12 есе, былғары саласының қуаты 10 есе өсті.

  • Москва қаласы және Москва облысынан көшірілген кәсіпорындар: 
Москва авиация...

    8 слайд

    Москва қаласы және Москва облысынан көшірілген кәсіпорындар:
    Москва авиация жасау заводы;
    Урюпа етконсерв заводы;
    Дзержинский атындағы электротехника заводы;
    Москва рентген заводы;
    № 3 Александр радио заводы;
    С. Орджоникидзе атындағы механика заводы;
    Жалпы Қазақстанда Москва қаласы мен облысынан көшірілген 40 завод орналастырылды.

    Украинадан Қазақстанға көшіріліп әкелінген кәсіпорындар:
    Харьков электротехника заводы;
    Подольск механика заводы;
    Запорожье ферроқорытпа заводы;
    Днепропетровск вагон жасау заводы;
    Украина ККС – інен Қазақстанға 70 өнеркәсіп орны мен жабдығы әкелінді.

  • Майдандағы қазақстандықтар. 

Соғыстың алғашқы күндерінен бастап қазақстандық...

    9 слайд

    Майдандағы қазақстандықтар.

    Соғыстың алғашқы күндерінен бастап қазақстандықтар барлық майданда шайқасты. Олар Отан үшін фашистерге қарсы бағытталған ұрысқа аянбай кірісті. Қазақстанда ұйымдастырылған көптеген әскери бөлімдер майданға жіберілді. Даңқты Брест қамалын қорғаушылардың қатарында мыңдаған қазақстандықтар болды. Олардың арасында Ғ. Жұматов, В. Фурсов, К. Тұрдиев, Ш. Шолтырев, К. Иманқұлов, Е. А. Качань т. б. жаумен жан аямай шайқасып, ерліктің үлгісін көрсетті. 1941 жылы 24 маусымда 219 атқыштар полкі Литваның Шяуляй қаласында алғаш рет ұрысқа кірісті. Қазақстандықтар жау әскерлерімен Перемышев, Мурманск, Одесса, Севостополь, Сталинград түбіндегі, Украина, Белоруссия жеріндегі жанқиярлық қарсылығына қарамастан немістер соғыстың бастапқы кезінде үлкен басымдылыққа ие болды. Оның бірнеше себебі бар еді.

    Біріншіден, басынан бақайшағына дейін қаруланған, Европаның көптеген елдерін бағындырған жау әскерінің соғыс жүргізу тәжірибесі мол болды.

    Екіншіден, тұтқиылдан жасалған шабуылға Кеңес әскерлері әзір емес еді.

    Үшіншіден, Кеңес әскерін қайта құру, қаруландыру тиісті дәрежеде болмады.

    Төртіншіден, 1939 – 1940 жылдардағы Қызыл Армияны тазалау кезінде әскердің көптеген қолбасшылары, жоғары, орта буындағы офицерлері ұсталып атылып кетті. Осының бәрі Қызыл Армия бөлімдерінің соғыстың бастапқы кезінде үлкен сәтсіздікке ұшырап, мыңдаған жауынгерлерден айырылуына соқтырды.

  • 10 слайд

  • Қазақстандық Кеңес Одағының Батырлары

Соғыстың басынан аяғына дейін әскери б...

    11 слайд

    Қазақстандық Кеңес Одағының Батырлары

    Соғыстың басынан аяғына дейін әскери бөлімдер ретінде шайқасқан 12 қазақстандық дивизияға құрметті атақтар берілді. Олардың бесеуі - бір орденмен, төртеуі - екі орденмен, екеуі үш орденмен марапатталды. 5 дивизия (олардың ішінде Кеңес Одағының Батыры И. В. Панфилов атындағы 8-гвардиялық дивизия да бар) гвардиялық дивизияларға айналды. Әскери ерліктері үшін жүздеген мың қазақстандықтар ордендер мен медальдармен марапатталды, 497 қазақстандық Кеңестер Одағының Батыры атанды.
    Бұл атақты 97 қазақ иеленді, олардың ішінде қазақ қыздары - Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Мәметова бар.
    Төрт қазақстандық ұшқыш - Талғат Бигелдинов, Леонид Беда, Иван Павлов, Сергей Луганский Кеңес Одағының Батыры атағына екі рет ие болды.
    1990 жылы 11 желтоқсанда көрнекті қолбасшы Бауыржан Момышұлына да осы құрметті атақ берілді. 1941 жылы Бауыржан Момышұлы аға лейтенант шенінде батальонды басқарып, Мәскеу түбіндегі шайқастарда өз құрамасын жау қоршауынан үш рет алып шықты. Соғысты Б. Момышұлы полковник шенінде аяқтады. Әділеттілік тек 45 жылдан соң, қазақтың ұлттық батыры өмірден қайтқаннан кейін ғана қалпына келтірілді. «Даңқ орденінің толық иегері» атағына 110 қазақстандық ие болды. 1941 жылы 26 маусымда әуеде от-жалынға оранып бара жатқан бомбалаушы ұшағын жау танкісі колоннасы үстіне шүйілтіп, жандарын пида еткен казақтың баһадүр ұшқышы Бақтыораз Бейсекбаев пен ұшақ экипажына 1996 жылы 2 мамырда Ресей Федерацясының Батыры атағы берілді. Рейхстагқа тікелей шабуыл жасап, оған Жеңіс туын тіккендердің қатарында қазақстандықтар Р. Қошқарбаев, капитан Б.В.Чупрета, минометші А. Бақтыгереев, пулеметші А.Е.Вицко, байланысшы К.М.Волочаевтар болды.

  • Әлия МолдағұловаМәншүк Маметова

    12 слайд

    Әлия Молдағұлова
    Мәншүк Маметова

  • Бауыржан Момышұлы

    13 слайд

    Бауыржан Момышұлы

  • Ұшқыш- Талғат Бигелдиновұшқыш-Сергей Луганский

    14 слайд

    Ұшқыш- Талғат Бигелдинов
    ұшқыш-Сергей Луганский

  • казақтың баһадүр ұшқышы-
 Бақтыораз БейсекбаевЖеңіс туын тіккендердің
 қатары...

    15 слайд

    казақтың баһадүр ұшқышы-
    Бақтыораз Бейсекбаев
    Жеңіс туын тіккендердің
    қатарындағы
    қазақстандық Р. Қошқарбаев

  • Қазақстан - майдан арсеналы

     1941-1945 жылдары республика бұрынғы КСРО-д...

    16 слайд

    Қазақстан - майдан арсеналы

    1941-1945 жылдары республика бұрынғы КСРО-дағы қорғасын (85%), мыс (35%) қорыту, полиметалл және мыс рудаларын өндіру жөніндегі жетекші орнын сақтап қалды. Барланған кен орындарының негізінде металл өндіру, байыту мен қорыту кәсіпорындары салынды (Шығыс Қоңырат молибден, Жезді марганец, Донской хромит кеніштері (рудниктері), Ақшатау молибден-вольфрам, Текелі полиметалл, Өскемен қорғасын-мырыш комбинаты т. б.). Осының арқасында Қазақстан одақтағы молибден мен марганец рудаларының 60%-ын, висмуттың 65%-ын, полиметалл рудалары мен қорғасынның 80%-ға жуығын өндірді. Соғыс кезіндегі он оқтың тоғызы Қазақстанда өндірілген қорғасыннан құйылды. Соғыс қызып тұрған кезде республика қара металлургиясының «тұңғышы» - Ақтөбе ферроқорытпалар зауыты іске қосылды,ал 1943 жылы Қазақ (Қарағанды) металлургиялық зауыты алғашқы 200 тонна көлеміндегі жоғары сапалы болат қорытып шығарды, бұл көрсеткіш 1945 жылы 4,6 мың тоннаға жетті.

  • Соғыс жылдарында республиканың қара металлургиясы ойдағыдай дамыды. Донбасты...

    17 слайд

    Соғыс жылдарында республиканың қара металлургиясы ойдағыдай дамыды. Донбасты фашистер басып алғанда Қарағанды көмір кеніші соғысқа қажетті отынның 65 пайызын өндірген. Қарағанды шахтерлері төрт жыл ішінде 34 млн тонна көмір қазды. Елімізде соғыс жылдарында 19 жаңа шахта, жылдық қуаты алты миллион тонналық үш көмір разрезі салынып, пайдалануға берілді. Өлкеде көмір өндіру 1940 жылғы 6,6 млн тоннадан 1944 жылы 11,2 млн тоннаға жетті. Осы жылдары 4 жаңа мұнай кәсіпшілігі ашылды. Атырауда мұнай айыратын зауыт салынды. Соғыстың 4 жылында алдыңғы жылдармен салыстырғанда 887,9 мың тонна мұнай жөнелтілген. Ал республика жеңіл өнеркәсіп өнімдері бойынша одақта РКФСР-ден кейін екінші орынға шықты. Қызыл Армия жауынгерлерін киім-кешекпен, азық-түлікпен қамтамасыз етуде республиканың жеңіл және тамақ өнеркәсібінің кәсіпорындары қыруар жұмыстар атқарды. Ер-азаматтары майданға алынып, бар ауыртпалық егде адамдардың, әйелдер мен балалардың мойнына түсті. Олардың еңбегінің арқасында соғыс жылдары Қазақстан колхоздары мен совхоздары елімізге 56 млн пұт астық, 733,9 мың тонна ет, 1142 мың тонна сүт, 62,4 мың тонна жүн өткізді. Тары өсірудің шебері Шығанақ Берсиев (әр гектардан 202 центнер), атақты күрішшілер Ы. Жақаев, Ким Ман Сам, дәнді дақылдардан мол өнім алғандар М. Сатыбалдина, А. Дацкова, Н. Алпысбаевалардың ерен еңбектерін атап өтуімізге болады.
    Қазақстан еңбекшілері өздерінің жеке қаражатынан майдан қорына 4,7 млн сом ақша, 2 млн дана жылы киім, 1600 вагон сыйлық жөнелтті. Қару-жарақ, көлік, киім-кешек, азық-түлікті майданға жылдам жеткізу мақсатында қысқа мерзімде Қандыағаш-Орск, Жамбыл- Шолақтау, Талдыкорған-Текелі темір жол желілері тартылды. Соның нәтижесінде шикізат көздері өнеркәсіп ошақтарымен жалғасты. 1942 жылы Алматыда құрылысы басталған вагон жөндеу зауыты соғыстың соңына таман пайдалануға берілді.

  • Құрылыстың қарқын алуына орай Теміртау, Текелі, Жезді, Шығыс Қоңырат, Ақшатау...

    18 слайд

    Құрылыстың қарқын алуына орай Теміртау, Текелі, Жезді, Шығыс Қоңырат, Ақшатау, Макин секілді жаңа қалалар мен жұмысшы поселкелері бой кетерді. Қазакстандағы қалалар саны 5-ке, поселкелер саны - 35-ке өсті.
    Соғыстың соңғы жылдарында Қазақстан Республикасы еңбеккерлері фашизмнен зардап шеккен 48 аудан мен 12 қаланы қамқорлыққа алды.
    Қазақстан мұнайының да маңызы аз болған жоқ. Жұмыс істеп тұрған «Эмбімұнай» тресіне 4 жаңа мұнай кәсіпшілігі, ондаған бұрғылау скважиналары қосылды. Гурьев мұнай өңдеу зауыты жұмыс істей бастады. Соғыс жылдары республика мұнай өндіруді 40%-ға дейін арттырды. Жұмыс істеп тұрған электрстанциялар жүйесі Солтүстік Қазақстан мен Қарағанды облыстарындағы энергетиканың жаңа ірі және орташа нысандарымен толықты.
    Соғыс жылдары жалпы 460 зауыт, фабрика, кеніш, шахталар мен жеке өндіріс орындары, оның ішінде 300-дей эвакуацияланған кәсіпорындар салынды. Темір жол құрылысы жалғасты. 1942-1943 жылдары Мақат-Орск, Ақмола-Магнитогорск желісінің құрылысы аяқталды.

  • Республикада танкілер мен ұшақтар жасау үшін ақша жинау қозғалысы жүргізілді...

    19 слайд


    Республикада танкілер мен ұшақтар жасау үшін ақша жинау қозғалысы жүргізілді. 1941 жылы күзде БЛКЖО (Бүкілодактық Лениндік Коммунистік Жастар Одағы) атындағы танк колоннасын құруға қаржы жинау басталды. Қазақтың белгілі балуаны, әлем чемпионы Қажымұқан Мұңайтпасов жеке қаражатынан қорға 100 мың сом өткізді. Нәтижесінде 1942 жылы армия қазақстандық комсомолдардан 45 жаңа таңк алды. 1942-1943 жылдары халықтан жиналған қаржыға 10 танк колоннасы, бірнеше авиация эскадрильясы, торпедалық катерлер мен жеке ұшақтар жасалды. Соғыс жылдары Қазақстан халқы әскери техника жасауға 480,3 млн сом қаржы қосты.

    Елдің корғаныс қабілеті армияны киім-кешек, азық-түлікпен жабдықтаумен де анықталды. Соғыс мұқтаждықтарын қанағаттандыруға женіл және тамақ өнеркәсібінің өндіріс орындары да бейімделді. Жеңіл өнеркәсіпте тігін, тоқыма, тері, аяқ киім салалары жылдам дамыды. 1941 жылы Алматыда тігін-тоқыма және тері-былғары фабрикалары, майдан үшін жұмыс істей бастаған фурнитура зауыты іске қосылды. 1943 жылдын басында республиканың жеңіл өнеркәсібі өнім өндіру көлемі жағынан бұрынғы КСРО-да Ресейден кейінгі екінші орынға шықты. 1945 жылы 1940 жылмен салыстырғанда шұлық бұйымдарын өндіру - 11,3 есе; мақта-мата - 7,4 есе, тоқыма бұйымдары - 4 есе, жүн мата - 2 есе, былғары аяқ киім өндіру 1,3 есе өсті. Соғыс жылдары 500-дей дивизия солдаттардың жазғы киім-кешегімен, 70 дивизия - шинельдермен, 67 дивизия — қысқы аяқ киіммен, 59 дивизия - жылы киімдермен, 25 дивизия — шолақ тондармен қамтамасыз етілді. Соғыс кезіндегі дивизиялардағы әскер саны 10000 адамға жеткенін ескерсек, тауарлардың келтірілген тізімі бойынша қандай мөлшерде өнім дайындалғанын есептеп алу қиын емес. Бүтіндей алғанда республика енеркәсібі өндірісі соғыс жылдары 37%-ға өсті. Бұл нәтижелерге үлкен қажырлы еңбектің арқасында қол жеткізілді. Республика индустриясының одан арғы дамуы, оның жаңа салаларының, әсіресе жетекші салаларының пайда болуы Қазақстанды майданның қуатты арсеналына, маңызды экономикалық аудандардың біріне айналдырды.

  • 20 слайд

  • Қазақстан Ұлы Отан соғысының аяқталу кезеңінде (1944-1945 жж.) 

Қазақстанды...

    21 слайд

    Қазақстан Ұлы Отан соғысының аяқталу кезеңінде (1944-1945 жж.)

    Қазақстандық жауынгерлер Украинаны, Белоруссияны, Балтық бойын, Молдовияны азат етуге қатысты. Мыңдаған қазақ жігіттері Кеңес әскерінің құрамында Шығыс Европа халықтарын Гитлердің тепкісінен азат етуіне ат салысты.
    1-Украин майданы учаскелерінің бірінде біздің жауынгерлік қатарымызға фашистік танкілер лап қойды. Жаудың біраз танкісі қиратылды, бірақ фашистік танкілер ілгері ұмтылуын тоқтатпады. «Жолбарыс» танкісінің қарсы алдынан сапер Абдолла Усенов қарсы жүріп, кеудесіне танкіге қолданылатын минаны қысып, қаймықпай шынжыр табан астына құлады, сұмдық жарылыс жер сілкіндірді.
    Әрқайсысы 200-ден астам жауынгерлік ұшу сапарын жасап, бірнеше жүз фашистерді жоқ қылған шабуылшы ұшқыштар: Талғат Бигельдиновке, Леонид Бедаға және Павловқа, соңдай-ақ 37 ұшақты және топтасып жүргізілген ұрыстарда жаудың тағы 6 ұшағын (самолет) атып түсірген Сергей Луганскийге екі мәрте Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
    Кеңестік Шығыс әйелдері арасынан бірінші болып Ленин орденімен және Алтын жұлдыз медалімен марапатталғандар-қазақ қыздары: пулеметші Мәншук Маметова мен 54-атқыштар бригадасының Мергені (снайпер) Әлия Молдағұлова болды.

  • 1945 жылдың қысқы операцияларда кеңес әскерлері жаудың «Солтүстік», «Орталық...

    22 слайд


    1945 жылдың қысқы операцияларда кеңес әскерлері жаудың «Солтүстік», «Орталық», «Висла», «Оңтүстік» армиларының ірі топтарын талқандады. Қызыл Армия Польшаны азат етуді аяқтап, Венгрияны және Чехословакияның едәуір бөлігін азат етті, Венаны алып, Шығыс Пруссияға кірді, Одер және Нейсе өзендеріне шығып, Померанияға, Брандербург пен Силезияға тереңдеп енді.

    1945 жылғы сәуірдің 16-ында Берлин операциясы басталды. Оған 3,5 млн.-ға жуық адам, 52 мың зеңбірек пен миномет, 7750 танкпен өздігінен жүретін зенбірек, 10800 ұрыс ұшағы қатысты. Балтық теңізінен Судет тауларына дейінгі 700 км-лік өңірде ұрыс қимылдары жүргізілді. Батыл қимылдар жасап, Кеңес әскерлері мамырдың 2-інде Германияның астанасы Берлинді толық бақылауына алды. Берлин операциясы барысында Кеңес жауынгерлері ержүректілік, ерлік және жоғары шеберлік көрсетті.

    Кеңес Одағының батыры, Қазақстан республикасының қорғаныс министрі Сағадат Нұрмағамбетов те Берлин үшін ұрыстарға өз жауынгерлерін бастап кірді. Берлинге шабуыл жасауға жерлестеріміз Есжанов, И.Я.Сянов, Х.Қайдаусов, З. Тұрарбеков, Х. Көбеков, Т. Бигелдинов, А.Еремеев, Н.Шелихов және т.б. көптеген адамдар қатысты. Жас офицер Р.Қанқарбаев өзінің досы Г.Булатов пен бірге рейстаг терезелерінің біріне алғашқыларының бірі болып алқызыл Жеңіс туын желбіретті, ал Орал өңірінің жас офицерлері Қ.Меденов пен Р.Қараманов Берлин ратушасының төбесіне тікті.

    Қазақстандықтар партизандық қозғылысқа белсене қатысты. Толық емес мәліметтерге қарағанда Украинаның партизандық құрамалары мен отрядтарында 1500, Ленинград облысында 220-дан астам қазақ жігіттері соғысқан. Белоруссияның әр түрлі аудандарында әрекет еткен 65 партизандық бригадалар мен шоғырларда 1500-ден аса қазақстандықтар болған. Партизан қозғалысына қатысқан даңқты қазақ жігіттері: Ғ.Ахмедьяров, Ғ.Омаров, В.Шарудов, Қ.Қайсенов, Ә.Шәріпов, Ә.Жангелдин, Ж.Саин, Н.Көшекпаев т.б. есімдері бүгінде зор қүрметке ие болды.

  • -1945 жылы 2 мамырда Берлин қаласы алынды. 

-1945 жылғы 8 мамыр- фашистік Ге...

    23 слайд

    -1945 жылы 2 мамырда Берлин қаласы алынды.

    -1945 жылғы 8 мамыр- фашистік Германияның тізе бүккендігі туралы шартқа қол қойылды.

    -1945 жылғы 9 мамыр- Қызыл Армия жеңіске жетіп, Ұлы Отан соғыс аяқталды.

    1945 жылғы 9 тамыз-одақтастық міндеттемелерге сәйкес КСРО соғыстың соңғы ошағы Жапонияға қарсы соғыс басталды. Қиыр шығыста Жапониянияға қарсы соғысқа аттанған әскери бөлімдер арасында қазақстандық құрамалары да болды. Тынық мұхит флоты әскери-әуе күштерінің 12-шабылдаушы авиация дивизиясының звено командирі,көкшетаулық Михаил Янко 1945 жылғы тамыздың 10-ында Гастэллоның ерлігін қайталады.

    Жапонияға қарсы шайқастарға Ақтөбеде құрылған 74-жеке теңіз атқыштар бригадасының негізінде ұйымдастырылған 292-атқыштар дивизияның жауынгерлері Кеңес Қарулы Күштері дәстүрінің даңқын шығарды. Забайкалье сонан соң 1-Қиыр Шығыс майдандары әскерлерінің құрамында қазақстандық 129-миномет полкі шайқас жүргізді. Қазақстан минометшілері батылдық және ерлік көрсеткені үшін 2027-жауынгерлік ордендер мен медальдарға, соның ішінде 14 адам «Кореяны азат еткені үшін», 234 адам «Жапонияны жеңгені үшін» медальдарына ие болды.

    Қызыл Армияның Қиыр Шығыстағы соғысы 24 күнге созылды.

    1945 жылғы 2 қыркүйекте Жапония жеңілгендігі туралы шартқа қол қойды. Сөйтіп, екінші дүниежүзілік соғыс аяқталды.

  • 24 слайд

  • 25 слайд

  • 26 слайд

  • Ұлы Отан соғысындағы ерліктері үшін Кеңес Одағының Батыры атағын алғандар: 1...

    27 слайд

    Ұлы Отан соғысындағы ерліктері үшін Кеңес Одағының Батыры атағын алғандар:
    1.Барлығы-11600 адам;
    2.Қазақстандықтар-497, оның ішінде қазақтар-97;
    3.Қазақ қыздары-2.
    Екі мәрте Кеңес Одағының Батыры атағын алғандар: Талғат Бигелдинов, Леонид Беда, Иван Павлов, Сергей Луганский.
    Үш мәрте Кеңес Одағының Батыры атағын алған: И.Н.Кожедуб- Шымкентте орналасқан Чугуев әскери авиация училищесі түлегі.
    Солдат ерлігі орденінің толық иегері-142 қазақстандық. Кеңес Одағының орден, медальдарымен марапатталған қазақстандықтар-96638.
    Жалпы екінші дүниежүзілік соғыстағы жеңіс Кеңес Одағына қымбатқа түсті. Елдің 27 млн астам адамдары соғыста қаза болды. Оның 603 мыңы (400 мың) қазақстандықтар.

  • 28 слайд

  • Назарларыңызға рахмет!!!

    29 слайд

    Назарларыңызға рахмет!!!

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 609 998 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 25.12.2015 5590
    • PPTX 2.5 мбайт
    • 100 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Омирбаева Меруерт Даулетбековна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 8 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 32502
    • Всего материалов: 7

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Экскурсовод

Экскурсовод (гид)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

История и философия науки: теория и методика преподавания при подготовке кадров высшей квалификации

Преподаватель философии науки

600 ч.

9500 руб. 4750 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 20 человек из 16 регионов

Курс повышения квалификации

Методика преподавания истории и обществознания в общеобразовательной школе

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 328 человек из 69 регионов

Курс профессиональной переподготовки

История и обществознание: теория и методика преподавания в профессиональном образовании

Преподаватель истории и обществознания

500/1000 ч.

от 8900 руб. от 4450 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 40 человек из 20 регионов

Мини-курс

Расстройства пищевого поведения: обзор и основы психологической работы

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Проведение и применение трансформационных игр

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 31 человек из 21 региона

Мини-курс

Эффективное взаимодействие с детьми: стратегии общения и воспитания

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 119 человек из 40 регионов