Инфоурок Всеобщая история ПрезентацииПрезентация по историй на тему "Саки" 6 класс

Презентация по историй на тему "Саки" 6 класс

Скачать материал
Скачать материал "Презентация по историй на тему "Саки" 6 класс"

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Психолог

Описание презентации по отдельным слайдам:

  • Мекендеген жері, қоғамыТәуелсіздік жолындаМәдениетіТСГС а Қ т а р

    1 слайд

    Мекендеген жері, қоғамы
    Тәуелсіздік жолында
    Мәдениеті
    Т
    С
    Г
    С а Қ т а р

  • Қоныстанған жерлері

          Б. з. б. I мыңжылдықта Солт...

    2 слайд




















    Қоныстанған жерлері

    Б. з. б. I мыңжылдықта Солтүстік Үндістанды, Ауғанстанды, Орта Азияны және Қазақстанның оңтүстігін қамтитын кең-байтақ аумақта жинақтап алғанда «сақ» деп аталатын көптеген тайпалар мекендеген. Геродот (б. з. б. V ғ.) және баска антик тарихшылары оларды Азия скифтері деп атаған.

    Fылымда сақтардың бұл топтарының Орта Азия мен Қазақстан аумағында шоғырланғаны туралы көптеген болжамдар бар. Олардың біреуіне сәйкес Шаш (Ташкент ауданы), Солтүстік Қырғызстан аумағында және Қазақстанның оңтүстігінде тиграхауда-сақтар мекендегені, бұл сақ тайпаларының этникалық аумағы кеңірек болған, оған Оңтүстік Орал еңірі мен Таулы Алтайда енген.Ахемендік Иранның сына жазу ескерткіштерінде Сақтар үш топқа бөлінеді. Олар: хаумаварға Сақтар (хаому шарабын ішетіндер немесе амюрийліктер); тиграхауда Сақтар (шошақ бөріктілер); тьяй-парадарая Сақтар (теңіздің арғы жағындағылар). Бұлар Орта Азияның оңтүстігін, Арал теңізінің төңірегін, Сырдария бойын, Жетісу алқабын мекендеген. Сақтар одақтарына яксарт, массагеттер, исседон, дайлар, астақ, қамақ, аримаспы сияқты көптеген көне тайпалар біріккен. Бұлар Кавказ тауын «Қаз» тауы деп атаған. Сақ жерінде Яксарт (Сырдария), Оксус (Өкіссу – Әмудария) үлкен өзендер болған. Сырдарияны Бақтиярлар (бактрлар) Яксарт, ал Сақтар Сілес (Сіле, Сілеті) деп атаған. Сақтардың б. з. б. мәдениетті ел болғаны туралы дерек мол. Археологтар Қазақстанның оңтүстік ауданы мен Қырғызcтан, Тәжікстан және Алтай жерлерінен Сақтар тайпаларының қорғандары мен обаларын тапты. Парсы патшасы Дараявауштың Парсаға (гр. Persepolis) жақын Накширустамдағы тас жазуларында сақаларды үш топқа бөліп көрсеткен:

  • Теңіздің арғы жағындағы сақтарҚара теңіздің солтүстігі, Сырдария мен Әмудария...

    3 слайд

    Теңіздің арғы жағындағы сақтар
    Қара теңіздің солтүстігі, Сырдария мен Әмударияның төменгі ағысында
    Шошақ бөрік киетін сақтар
    Сырдарияның орта ағысы, Тянь – Шаньда, Жетісуда
    Дайлар, аргиппей-лер, исседондар
    Орал тауының оңтүстік өңірлерінде
    Хаома сусынын дайындай-тын сақтар
    Мургаб аңғары

  • Сақ қоғамыЖауынгерлер
Ежелгі үнді – ирандық тілінде “Ратайштар” деп аталған
К...

    4 слайд

    Сақ қоғамы
    Жауынгерлер
    Ежелгі үнді – ирандық тілінде “Ратайштар” деп аталған
    Киім түсі қызыл, сары қызыл
    Абыздар
    Танымал белгісі – Тостаған мен айрықша бас киім
    Киім түсі ақ
    Малшылар мен егіншілер
    “Сегізаяқтылар” деп те аталған. Бұл соқаға жегетін екі өгізі барлар дегенді білдіреді.
    Киім түсі сары, көк

    Мүлік теңсіздігі орнықты, әскери демократия пайда бола бастаған кезең. Тайпа көсемдері бас қолбасшы болды.

  • Сақтардың тәуелсіздік үшін күресі
 1)Кир әскерінің басып к...

    5 слайд




















    Сақтардың тәуелсіздік үшін күресі
    1)Кир әскерінің басып кіруі.
    2)Шырақтың ерлігі.
    3)Александр Македонскийдің сақ еліне жорығы.
    1 - Б.з.б. 530ж. Парсы патшасы Кир сақ жеріне басып кіреді, бұл кезде сақтардың билеушісі Томирис еді. Томирис жайында Рим тарихшысы Помпей Трог былай дейді: «Әйел болса да, жаудың шапқыншылығынан қорыққан жоқ». Ұсынылған келіссөзден бас тартқан Томириске Кир соғыс ашады. Осы соғыста Кирдің алдауына түскен ханзада Спаргапис қаза болады. Ұлы үшін кек алуды көздеген Томирис, Кирді осы соғыста жеңеді. Кирдің басын шапқызып, қан толы торсыққа салады.
    2 - Кирдің қазасынан 11 жылдан соң б.з.б. 519ж. Дарий І бастаған парсылар қайта сақ жеріне шабуыл жасайды. Бұл соғыста сақтарды Скунха атты көсем басқарады. Бірақ, ол бұл соғыста жеңіліс табады. Бұл соғысқа сақтардың дайындығы жоқ еді, олар өздерінің күнделікті бейбіт шаруашылықтарымен айналысып жатқан кез болатын. Осы соғыстың таңғажайып бір оқиғасын грек тарихшысы Полиэн тамаша суреттейді. Мысалы, Шырақ есімді жауынгердің ерлігі жайлы. Ол өзін елі үшін құрбандыққа шалып, парсыларды алдап сусыз шөлге апарып қырады. Шырақ сияқты жауынгердің арқасында сақтар тәуелсіздіктерін сақтап қалады.

    3 - Б.з.б. 4 ғасырдың 30-шы жылдары сақ жеріне македондық Александр Македонский (қазақша аты Ескендір Зұлқарнайын) бастаған грек әскерлері қауіп төндіреді. Грек-македон әскерлеріне қарсы 3 жыл бойы партизан соғысын Спитамен жүргізді. Күннің ыстығы мен сақтардың жиілей түскен шабуылдары гректерді әбден әлсіретеді. Мұны пайдаланған сақтар гректердің әскерін талқандайды. Осы сақтардың гректермен соғысы жайлы дерек, грек тарихшысы Аррианның жазбаларында кездеседі. Осылайша А. Македонскийдің сақтарға қарсы жасаған жорығы сәтсіз аяқталады.

  • Тапсырма № 1

    6 слайд



    Тапсырма № 1

  • С а р м а т т а рА р г и п п е й л е рИ с с е д о н д а рАримаспылар        Ү...

    7 слайд

    С а р м а т т а р
    А р г и п п е й л е р
    И с с е д о н д а р
    Аримаспылар
    Ү й с і н д е р
    Қ а ң л ы л а р
    Ғ ұ н д а р
    Т и г р а х а у д а л а р
    Массагеттер
    Х а у м а в а р г а л а р

  • САҚ МӘДЕНИЕТІ — ерте темір дәуірінде Қазақстан мен оған жапсарлас өлкелерді м...

    8 слайд

    САҚ МӘДЕНИЕТІ — ерте темір дәуірінде Қазақстан мен оған жапсарлас өлкелерді мекендеген тайпалар қалдырған археологиялық ескерткіштер жиынтығы. Бұл тайпалардың тарихы бізге сақ атауы негізінде көне парсы және грек жазба деректерінен жеткен. Археологиялық зерттеулер Қазақстандағы Сақ мәдениеті жөнінде (б.з.б. 7 — 3 ғ-лар) неғұрлым толығырақ деректер береді. 1930 жылдардың соңында басталған зерттеу жұмыстары іс жүзінде 1946 жылдан кейін ғана кеңінен өрістеді. Жетісу, Төменгі Сырдария, Орталық, Солтүстік, Шығыс Қазақстанда Сақ мәдениеті ескерткіштері ашылды, көптеген қорымдар, ғұрыптық орындар, т.б. жәдігерлер қазылып, зерттелді. Жетісудағы Есік (Алтын адам) Бесшатыр обалары мен көптеген көмбелер, Сырдың төменгі ағысындағы Үйғарақ қорымы, Орталық және Солтүстік Қазақстандағы Тасмола мәдениетінің обалары, Шығыс Қазақстандағы Берел, Шілікті қорымдары, т.б. көптеген нысандар көне сақтардың тамаша ескерткіштері ретінде танымал. Кең байтақ аумақтарға тарағандықтан, әр өлкенің мәдениетін зерттеудің өзіндік жүйелері қалыптасқан.
    Олардың жерлеу ғұрпы, мүліктік мәдениеттегі жергілікті ерекшеліктері мен өзара жақындығы да анықтала бастады. Беріге дейін сақтар тек қана бақташы, көшпелі тайпалар болған деген ескі көзқарастың әсерімен көп уақыт бойы бұлардың отырықшы орындары, яғни қоныстық мекендері зерттеулер аясынан тыс қалған. Ондаған жылдар бойы зерттелген жерлеу ескерткіштерімен (обалар) қатар, қазір жер-жерлерде сақ дәуірінің көптеген қоныстары да ашылды.
    Талғар өңірінде ашылған 50-ге жуық қоныстың деректері мұнда сақ тайпалары егіншілікті де кеңінен өрістеткенін көрсетті. Қарқаралы өңіріндегі Қарақуыс, Едірей тауларымаңынан табылған 20-дан астам сақ қоныстары осы пікірді дәлелдей түседі. Мұндағы беткейлерде тау ықтасындарында орналасқан қоныстар кейінгі қазақ қыстауларына топографиялық тұрғыдан өте жақын орналасқан.
    Қазбалар барысында көптеп табылған тас кетпендер мен дәнүккіштер Орталық Қазақстан сақтары егіншіліктің қыстақ маңында орналасқан түрін ұстанған деген пікірді негіздеді. Сақ ескерткіштерін зерттеуде әлемдік ғылымның бүгінгі қол жеткен әдіс-тәсілдерін қолданудың маңызы зор. Қазақ Алтайынан ашылып отырған Берел обаларындағы жасанды тоң қабатында сақталған жылқы денелері, шірімей жеткен ағаш бұйымдар, сондай-ақ бальзамдалған адам мәйітін зерттеу маңызды мәліметтер береді. Сақ мәдениеті ескерткіштерін тек зерттеу ғана емес, оларды сақтап қалу, қалпына келтіру мен консервациялау, музейлендіру шаралары қолға алынды. Б.з.б. 7 — 6 ғ-ларда қалыптасқан сақ өнерінің хайуанаттық нақышы дүниежүзілік адамзат өркениетінің тамаша жетістіктеріне жатады. Осындай атаумен белгілі болып отырған сақ қолданбалы өнерінің бұйымдары Қазақстанда, Сібір, Орталық Азия өлкелерінде, Еуропаның оңтүстігінде кеңінен тараған. Нақыштың негізгі құрамын жыртқыш аңдар мен басқадай жануарлар, сондай-ақ мифол. зооморфтық құбыжықтар түрінде жасалған бейнелер түзеді. Бұлар жекелеген бұйымдар немесе бұйымдар мен беттердегі бейнелер, аралас тұрған күрделі композициялар арқылы беріледі. Мазмұны бойынша мифологиялық, пішімі бойынша реалистік деп атауға болатын хайуанаттық нақышты қолдану бағыты бойынша декоративтік өнер болып табылады.

  • Хайуанаттық нақыш дәстүрімен берілген қолдану тәсілдері көбіне металл қазанд...

    9 слайд


    Хайуанаттық нақыш дәстүрімен берілген қолдану тәсілдері көбіне металл қазандар мен құрбандық ыдыстарды, қанжарлар мен семсерлерді, қорамсақтар мен айбалталарды, ат әбзелдері мен айналарды, сондай-ақ тулар мен түрлі киімдерді әшекейлеуде пайдаланылған. Табиғат аясын ерекше құрметтеп, оны астарлы мағынада қабылдай білген сақтар арқар, таутеке, жолбарыс, қабан, бұғы, марал, түйе, жылқы, бұлан, бүркіт, сайғақ, қасқыр, қоян сияқты жануарлардың өздеріне етене таныс тұлғаларын тамаша шеберлікпен бейнелеген. Бізге жеткен бұйымдар, ең алдымен, қола, алтын сияқты металдардан, ішінара сүйек, мүйіз, темірден жасалған. Ағаш, тері, киізден жасалған аң бейнелері де бар.
    Тарих, археология ғылымдарында сақтардың хайуанаттық нақышының шығу тегіне байланысты екі түрлі пікір бар.
    С.Руденко, М.Артомонов сияқты ғалымдар бұл өнер, ең алдымен, Алдыңғы Азиядан бастау алған, оның сақтар арасында қалыптасуына сақтардың б.з.б. 7 ғ-да Алдыңғы Азияға (Мидия) жорық жасауы әсер еткен десе,
    К.Ақышев, С.Киселев, С.Черников, т.б. зерттеушілер Алдыңғы Азия өнерінің сақтарға ықпалы болғанымен, бұл ықпал б.з.б. 6 ғ-дың соңына таман, ахемен әулеті дәуірі тұсында бой көрсеткенін айтады (дәл осы кезде сақтарға мүлдем тән емес арыстан, фантастикалық арыстан-грифон, ортада қасиетті ағаш немесе құдай бейнесі бар геральдик. композициялар, лотос түйіні немесе оның гүлі араласқан өсімдік оюлар расында да пайда болады). Олар хайуанаттық нақыштың шығу тегі жергілікті ортамен, далалық тайпалардың соңғы қола дәуіріндегі мәдениетімен байланысты деп санайды.
    Сақ мәдениеті дәуірінен жеткен сәнді бұйымдардағы асқақ дүниетанымдық рухта берілген бейнелер мен әшекейлер Қазақстанның мемлекеттік рәміздерінде, бүгінгі өнерде, ел өмірінің басқа да салаларында қолданылады. Ғылымда С. м-нің мемл. қалыптасу деңгейінде тұрғандығы жайлы мәселе айқындалып келеді. Есік обасынан табылған тостағандағы жазу сақтардың әліпби қолданғандығынан хабардар етеді. Сақ мәдениетіне байланысты “Далалық өркениет” деген ғылыми ұғым тарих, археология салаларында кеңінен қалыптасты.

  • Ғалымдар хайуанаттық нақыштың даму барысын үш кезеңге бөледі.Ерте кезеңге (б....

    10 слайд

    Ғалымдар хайуанаттық нақыштың даму барысын үш кезеңге бөледі.
    Ерте кезеңге (б.з.б. 8 — 7 ғ-лар) тән маңызды белгілерге жануарлардың қозғалыссыз немесе басын бұрып тұрған (түрегеп тұрған немесе жатқан) сәтте берілуі жатады.

    Екінші кезеңде (б.з.б. 6 — 4 ғ-лар) хайуанаттық нақыш стилистик. қайта қалыптасуды бастан кешіреді. Статик., яғни қозғалыссыз, көбіне жалғыз тұрған бейнелердің орнына динамикаға толы бейнелер, олардың күрделі топтамалары келеді. Жануарлардың өзара айқасы немесе жыртқыштардың шабуылы, әсіресе денесі бұралып берілген бейнелер осы кезеңге тән.



    Үшінші кезеңде (б.з.б. 3 — 2 ғ-лар) өнердің дамуында саябырлау мен құлдырау байқалады. Хайуанаттық нақыш бірте-бірте ою-өрнекке айналған. Оның орнына атақты ғұн дәуірінің ескерткіштері келген.

  • Дарийге қарсы күрескен сақ батыры Сақ әйелдерінің ержүректігін баяндайдыСақ б...

    11 слайд

    Дарийге қарсы күрескен сақ батыры
    Сақ әйелдерінің ержүректігін баяндайды
    Сақ батыры Шырақтың ерлігін суреттейтін грек тарихшысы
    Томирис пен Кирдің шайқасы туралы баяндаған Рим тарихшысы
    Сақтар туралы жазған грек географы
    Македонскийге қарсы күрескен сақ батыры
    Томирис патшайымның ұлы
    Александр Македонский-дің тарихшысы
    Сақтар туралы жазған грек тарихшысы
    Страбон
    Скунха
    Ктесий
    Спаргапис
    Спитамен
    Арриан
    Помпей Трог
    Геродот
    Полиэн

  • Сақтардың Берел, Есік қорғандарынан табылған мәдени мұралары

    12 слайд

    Сақтардың Берел, Есік қорғандарынан табылған мәдени мұралары

  • 13 слайд

  • Археологтар Қызыл-ордадан 300 шақырым жерде Шірік – Рабат қаласына қазба жұмы...

    14 слайд

    Археологтар Қызыл-ордадан 300 шақырым жерде Шірік – Рабат қаласына қазба жұмыстарын жүргізді. Ол қыратта орналасқан. Қаланың орталығында күзет мұнаралары бар қамал (цитадель) салынған. Археологтар цитадель орталығынан жебенің қола ұштарын, алтын қапсырма-лар, саздан жасалған бұйымдар тапты. Бұл табылған заттар б.з.б. 4 – 2 ғасырларға жатады.
    Шірік – Рабат қаласының орнынан табылған сақ жауынгерінің темір қару – жарағы мен сауыт – сайманы болды. Ал мұндай қарулар Еуропада тек орта ғасырларда ғана пайда болған.
    Алматының күн-шығыс жағында 50 шақырымдай жерде, Іле Алатауының баурайындағы жазықта 40 – тан астам оба бар. Солардың көрнектісі “Есік обасы”.
    Қабір қарағайдан қиып, қиюластырып салынған төртбұрышты кішкене үй сияқты. Еденіне бір – бірімен қиюластырылған 10 тақтай төселген.Зерттеуші ғалымдардың пікірінше, еденге әр жеріне уақ алтын түймешелер, қаптырмалармен апталған мәйіт жатқызылған. Жерленген адамға салтанатты киім кигізілген. Мәйіт қаруымен жерленген. Оң жағына, бел тұсына ағаш қыны бар семсер қойған. Беліндегі белдікке ағаш қынды қанжар – ақинақ ілінген. Белдік аң, жануар бейнелері салынған алтын қаптырмалармен әшекейленген. Мәйіттің сол жағында алтын ұшты жебе, одан жоғарырақ сабы жалпақ алтын таспамен бунақтала оралған қамшы, шағын жібек қоржын жатыр. Қабір ішінен басқа да көп алтын түймешелер, алтынмен апталған қола тегенелер табылды. Олардың ұзын саны 4000 – нан астам. Ерекше заттардың бірі 26 таңбадан тұратын жазуы бар күміс табақша.
    Антропологтардың анықтауынша, Есік обасында жерленген адам 17-18 жастағы жауынгер. Есік қорғанынан таблған алтын бұйымдардың молдығына қарап, бұл мәйіт “Алтын киімді адам” аталды.
    Бесшатыр қорымы
    Шірік – Рабат қаласы
    Бесшатыр қорымы Іле өзенінің оң жақ жағалауындағы Желшалғыр тауының етегінде орналасқан. Қорым үлкен, орташа және шагын 31 обадан тұрады. Бесшатыр обалары солтүстіктен оңтүстікке қарай 2 км, ал шығыстан батысқа қарай 1 км аймақты алып жатыр. Үлкен Бесшатыр обасын ғалымдар «патша» қорғандары деп атайды. Бесшатырда үш үлкен оба бар. Олар Бірінші, Үшінші және Алтыншы Бесшатыр обалары. Бесшатыр сағанасы бірнеше бөліктен тұрады : дәліз(дромос), қабір алдына кірер ауыз және жерлеу бөлмесі. Бесшатыр обасынан семсер – ақинақтар, қола ұшты жебелер, темір пышақтар, шаш түйрегіштер, ақық моншақтар табылған. Осы заттарға талдау жасап, Бесшатырды б.з.б. 5-4 ғасырға жатады деп айтуға болады.
    “Алтын адам”

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 976 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 22.10.2015 2812
    • PPTX 5.6 мбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Жумагалиева Алмажан Жасуланкызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 9 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 1
    • Всего просмотров: 30301
    • Всего материалов: 15

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Секретарь-администратор

Секретарь-администратор (делопроизводитель)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

История: теория и методика преподавания в образовательной организации

Учитель истории

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 167 человек из 57 регионов
  • Этот курс уже прошли 771 человек

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к проведению ВПР в рамках мониторинга качества образования обучающихся по учебному предмету "История" в условиях реализации ФГОС ООО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 87 человек из 41 региона
  • Этот курс уже прошли 540 человек

Курс повышения квалификации

Организация проектно-исследовательской деятельности в ходе изучения курсов истории в условиях реализации ФГОС

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 47 человек из 23 регионов
  • Этот курс уже прошли 399 человек

Мини-курс

Возрастные кризисы

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 29 человек из 17 регионов
  • Этот курс уже прошли 18 человек

Мини-курс

Создание и продвижение сайтов для достижения максимальных результатов

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 31 человек из 15 регионов

Мини-курс

Вероятность и статистика в рамках обновленного ФГОС

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе