Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Другое / Презентации / Презентация по казахсий язык и литературы на тему "«Қасым Аманжолов «Өзім туралы» өлеңіі"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Другое

Презентация по казахсий язык и литературы на тему "«Қасым Аманжолов «Өзім туралы» өлеңіі"

библиотека
материалов

Сабақтың тақырыбы: Қасым Аманжолов «Өзім туралы» өлеңі
Сабақтың мақсаты: Қасым Аманжоловтың өмірі мен шығармашылығы жайлы білімдерін қалыптастыру, ақынның өзіндік мұратын таныту,өлеңнің идеясы мен тақырыбын ашу
.
Оқушылардың ой - өрістерін,сөйлеу мәдениетін, әдеби тіл байлығын, сто технологиялары арқылы өз бетімен жұмысқа,шығармашылыққа дағдыландыру.Қасым поэзиясы арқылы Отанды,туған жерді сүюге,қастерлеуге, ана тілін қадірлеуге, қайсарлыққа, табандылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа тақырыпты меңгерту.
Сабақтың тегі: Кіріктірілген сабақ
Сабақтың әдісі: әңгімелеу, ассоциация, рафт, талдау, сұрақ – жауап
Сабақтың көрнекілігі. ақын портреті,қанатты сөздер, тірек-схема,автор туралы естелік
Пәнаралық байланыс: музыка
І. Ұйымдастыру кезеңі:
а)амандасу б)оқушыларды түгендеу.
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:
- Біз бұдан бұрынғы сабақта кімнің, қандай шығармаларымен таныстық.
Ғабит Мүсірепов кім? Әңгіме неге «Ананың анасы» деп аталған? Әңгімедегі кейіпкерлерді атап беріңіз? «Боранды түнде» әңгімесіндегі кейіпкерлерді атап, мінездеме беріңдер.
ІІІ. Жаңа сабақ:
«Ақынның адал, шыншыл мінезі өзімен бірге өлген жоқ, тамаша өлеңдерінде жүр»
Т.Ахтанов
Өкінбен мен де бір күн өлемін деп,
Өкінем ұқсата алмай келемін деп.
Күніне жүз ойланып, мың толғанам,
Өзіммен бірге өлмесін өлеңім деп, -
деп өз өмірін өлеңмен өрген қазақтың өр талантты ақыны, қиын да күрделі заманда туып, адалдық пен ақындықты тұмар етіп, батыл ойлы, шыншыл да сырлы, дауылды поэзиясымен ХХІ ғасыр ұрпақтарының жүрегінде терең із қалдырған Қасым Аманжоловтың өмірі мен өлеңіне тоқталамыз.
Қ.Аманжолов 1911 жылы 10 қазанда Қарағанды облысы Қарақаралы ауданында Қызыл ауылында туған. Әкесі сол жерде қайтыс болады. Әке-шешеден ерте айырылған Қасым жоқшылық,жетімдікті сәби кезінен басынан өткеріп,қой-қозы бағады,тезек тереді,кісі есігінде телміреді.Болашақ ақынның қажырлы, қайратты,тік мінезді,найзағайдай өткір тілді болып өсуіне әсер етті.Алғашында ауыл молдасынан білім алады,кейін ағасының көмегімен Семейдегі интернатта ауысып, онда үш жыл тәрбиеленеді.Одан кейін Семейдегі мал дәрігерлік техникумын оқып бітіреді.Оралдағы пединститутты,Ленинградтағы орман шаруашылығы институтарына түскенмен,денсаулығының сыр беруіне байланысты оқуын жалғастыра алмай, газеттерде редакторлық, кейін театрда қызмет жасаған.Ақын 1941-46 жылдар арасында майданға ілігіп, «қанды қырған,қып-қызыл өрттің ішінде» болды. Әртістік, әншілік өнерге бейім ақын домбыра, күйсандық,мандолина сияқты аспаптарды жақсы ойнап, өзінің бірқатар өлеңдеріне ән де шығарған сазгер болған.
Биыл ақынға 100 жыл толмақшы.Ол бар болғаны 44 жасында үзілді.Соғыс кезінде көп өлеңдері жоғалған,әндері де нотаға түспей қалған.Кейін бар мұрасын жинақтап бастырғанда, 3 том ғана кітап болды.(1955-57)
Енді Қасым туралы естеліктер не дейді? Соны тыңдап көрсек...
(Слайдтағы Сырбай мен Қасымның суретін көрсету)
Мына суретте Ағалы-інілі бауырдай болған дәмдес, рухани дос ақындар Қасым мен Сырбай. Қасым дүниеден өткен соң, олардың балалары отау құрып,екеуі құда да болған. Сырбайдың жұбайы сол күндерді былайша еске алады: «Біз Қасымның үйімен жақсы араласып кеттік.Қасым біз барғанда скрипка тартып немесе домбыра шертіп отыратын.Өзі арықша ғана аққұба жігіт болатын.Ол кезде Қасекең үйі жоқ,күйі жоқ жүрген кезі,К.Байсейітованың дачасында тұрады.Тар, 9 ш/м,өлеңді жерге чемодан қойып,чемоданның үстіне жазады екен.1955 жылы 17 январьда Қасым қайтыс болды.Артынан Сырбайлар 3 томдығын шығарды. 40 өткен соң біз ұлды болдық, атын Қасым қойдық» Ақынның осы бір қысылтаяң жағдайда туған өлеңіндегі:
Берсең бер, бермесең қой баспанаңды,
Сонда да тастамаймын астанамды.
Өлеңнің отын жағып асырармын,
Өзімді,әйелімді ,жас баламды,-
деген сөздерінен өмірдің көлеңкелі жақтарын көп көріп,өз заманында тиісті бағасын ала алмағанын, сөйте тұра өлеңді өмірінің өзегі еткен, туған елін ардақтаған ұлтжанды ақын екенін аңғару қиын емес.Өмірінің соңғы жылдары жазылған «Өзім туралы» өлеңі (кей жерлерде аяқталмай қалған делінеді) ақынның өзі туралы толғанысы, сезімі, ақындық мақсаты айтылады.
Мағынаны тану кезеңі
1. Өлеңді мәнерлеп оқу (не айтылғанын сұрау)
2. Ассоциация әдісі бойынша өлең шумақтарындағы негізгі ойларды топтап жазып,мазмұнын ашу
3. Сөздік қоржыны (дәптермен жұмыс)
Жасық - жігерсіз, былжыр, тартымсыз, әлсіз, уытсыз
Көрік – ұста дүкенінде көмірді үрлеп,темірді қыздыру үшін теріден жасалған үрлеуші
Тымырсық – сыр ашпайтын,сөйлемейтін
Торқа – ең қымбат жібек мата
Қазақта қара өлеңге дес бермеген Қасым ақын жырларымен де, азаматтық ,адамдық іс-әрекетімен де өзінен кейінгі толқын інілеріне үлгі бола білген, қазақтың біртуар азаматтарына ұстаз бола алған.Қасымның сынынан өту Ғафудың ақындық өнеріне де, әншілік өнеріне айтарлықтай әсерін тигізгенін айта кету. Бұл сәт жайлы Ғафу ақын естелігінен дәлел іздесек: «Екеуміз үйді әнге, өлеңге толтырып жіберетінбіз.Ол шығарған әндерін маған ептеп үйрететін. «Дариға», «Туған жер». Сондай-ақ өлеңді шынайы ақындықпен жазу – Қасымның бізге қалдырған аяулы үлгісі»
«Өзім туралы» әні орындалады.
Ой толғау кезеңі
1-топқа тапсырма.
А.С.Пушкиннің «Ескерткіш» өлеңі мен Қасымның «Өзім туралы» өлеңдерінің өзектестігі,үндестігін табу, пікір айту.
Қ.Аманжолов «Өзім туралы»
А.С.Пушкин «Ескерткіш» өлеңінен үзінді
Жоқ, өлмен, жаным жасар өлеңімде,
Шірімей, жасаңғырар денем мүлде.
Бар болса жалғыз ақын ай астында,
Ардақтап қасиеттер мені әр күнде.
(аудар. Ғ.Орманов)
2-топтың жұмысы
Абай мен Қасым ойындағы ұқсастық туралы пікір айту. Қандай адам өлмейді ?
Қасым «Өзім туралы»
Барым да, бақытым да осы өлеңім,
Жақыным, жүрегімнің досы өлеңім.
Өмірге келгенім жоқ бостан-босқа,
Мен қайтіп босқа жасап, босқа өлемін.
Абай «Өлсе өлер табиғат, адам өлмес » (өлеңінен үзінді)
Өлсе өлер табиғат, адам өлмес,
Ол бірақ қайтып келіп ойнап- күлмес...
Көп адам дүниеге бой алдырған,
Бой алдырып, аяғын көп шалдырған
Өлді деуге бола ма айтыңдаршы,
Өлмейтұғын артына сөз қалдырған.
3-топ Өлең құрылысына талдау
(25 шумақ, 100 тармақ, 11-12 буынды, а а б а түріндегі қара өлең ұйқасы)
Тақырыбы
Авторы
Шумағы
Тармағы
Буыны
Ұйқасы
4- топтың тапсырмасы
РАФТ әдісі бойынша шығармашылық жұмыс
Роль – Қасым
Аудитория – ХХІ ғасыр ұрпақтары
Форма - монолог
Тақырып – Сен неткен бақытты едің келер ұрпақ ?
5-топтың жұмысы – Ақын бейнесін талдау (өлең авторы мен өлеңнің лирикалық кейіпкеріне баға)
(ақ көңіл, досқа адал,ақын, жауынгер, сазгер, кеңпейіл,мырза,көпшіл)
Бекіту.
«Соңғы сөзді мен айтайын» стратегиясы
Әр топтан бір оқушы шығып, сабақтан не білді, не түсінді, не игергенін бір ауыз сөзбен білдіреді.
Қорытынды: Қасым өмірді сүйген ақын.Майданда от кешкен, тұрмыс тауқыметін тартып,дертті болған ақын еш мойымайды, күйзелмейді.Сөзі тозған жоқ, өлеңі ескірген жоқ, уақытпен үндесе алмай жатқан жоқ. Қасым сол баяғы Қасым күйінде қала береді. Тахауи Ахтанов айтқандай «Ақынның адал, шыншыл мінезі өзімен бірге өлген жоқ, тамаша өлеңдерінде жүр» деген. Қасымды өртке тиген дауылдай өлеңдерімен бірге арамызда жүр деп сезінеміз.
Бағалау
Үйге тапсырма: Қасым Аманжоловтың «Өзім туралы» өлеңінен үзінді жаттау,поэтикалық тіліне талдау жасау




Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 26.02.2016
Раздел Другое
Подраздел Презентации
Просмотров122
Номер материала ДВ-485893
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх