Инфоурок / Обществознание / Презентации / Презентация по казахсий язык и литературы на тему "М. Мақатаев поэмаларының тәрбиелік мәні "

Презентация по казахсий язык и литературы на тему "М. Мақатаев поэмаларының тәрбиелік мәні "

библиотека
материалов

Қызылорда медицина колледжі



«Бекітемін»

Әдістемелік кеңес төрайымы

__________ Н.Д.Әкімниязова

«___» ____________ 2014 ж.



Ә Д І С Т Е М Е Л І К Т А Л Д А М А


hello_html_m679d87b.jpg


Пәні: Қазақ әдебиеті


Тақырыбы: М. Мақатаев поэмаларының тәрбиелік мәні

(«Райымбек, Райымбек», «Аққулар ұйықтағанда»

поэмалары).


Мамандығы: «Мейірбике ісі» бөлімі 39 топ


Семестр: II


Курс: I









Қызылорда қаласы

Күні: 04.05.2014 жыл

Пәні: Қазақ әдебиеті

Тобы: «Мейірбике ісі» бөлімі 39-топ

Оқытушы: Абизова Әлия Маханбетжанқызы

Сабақтың тақырыбы: М. Мақатаев поэмаларының тәрбиелік мәні.

«Райымбек, Райымбек!», «Аққулар ұйықтағанда»

поэмалары.

Сабақтың мақсаты : а) Білімділік:

Ақынның өмірі мен шығармашылығына шолу жасау, сөзімен өлең өрген жыр пырағы - Мұқағали туралы дерек. Поэмаларының тақырыбы мен идеясы, тәрбиелік мәні, композициялық құрылысын, сюжетін толық меңгере отырып, ақын поэзиясының өміршеңдігін таныту, көркемдік тілін ашу.

ә)Дамытушылық:

Оқушының сөйлеу тілін дамыту, мәнерлеп оқу

дағдысын, шығармашылық

тапсырмалар арқылы ізденімпаздық

қасиеттерін қалыптастыру. Өз бетімен іздене

білуге, ой қорытуға үйрету,

б)Тәрбиелік:

Оқушы бойына тарихи саналылықты

қалыптастыра отырып, адал махаббатқа,

жақсы мен жаман қасиеттерді ажырата білуге,

туған жерге деген сүйіспеншілікке,

адамгершілікке, табиғат әсемдігін түсінуге,

қасиетті нәрселерді қадір тұтуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі : Құрама

Сабақтың әдісі : талдау, шығармашылық, салыстырмалы, ассоциация,

ВЕНН диаграмма, «Бес жолды өлең»

Көрнекілігі : инт.тақта, фото сюжет, электронды оқулық, бейнетаспа.

Пәнаралық байланыс: тарих, география, қазақ тілі, музыка


Сабақтың барысы :


І .Ұйымдастыру кезеңі

а) оқушыларды түгелдеу;

б) сабаққа әзірлеу.





ІІ. Жаңа сабақ.

  • Бейнетаспа көрсетіледі.

Оқытушының кіріспе сөзі:

Поэзия әлемінде өз ойын көркемдікпен, асқан шеберлікпен бере білу екінің бірінің қолынан келе бермейді. Бұл тек шабыты өте жоғары, өлең шығару дарыны үлкен талант иесінің қолынан ғана келеді.

Сондай талант иесі, қазақ поэзиясында өзіндік жарқын із қалдырған дарынды ақын – Мұқағали Мақатаев 1931 жылы ақпанның тоғызы күні Алматы облысының Райымбек ауданына қарасты Қарасаз деген жерде дүниеге келген.

Өмірі мен шығармашылығы туралы баяндайды (оқушы)

Оқытушы сөзі:

  Иә, сонымен қатар, Мұқағали поэзия жанрында ғана емес, проза, драма, сын саласында да қалам тартты. Қаламгердің “Қош, махаббат” жинағына (1988 ж.) әр жылдары жазылған “Құлпытас”, “Марусяның тауы”, “Өзгермепті”, “Әже”, әңгімелері, “Қос қарлығаш”, “Жыл құстары” повестері мен “Қош, махаббат” пьесасы, бірнеше сыни еңбектері енген. “Рух және сезім”, “Сезім найзағайы”, “1969 жылғы қазақ поэзиясы“ атты әдеби сын еңбектерінде Олжас Сүлейменов, Мұзафар Әлімбаев, Қадыр Мырзалиев, Жұмекен Нәжімеденов, Сырбай Мәуленов, тағы басқа шығармаларына талдау жасап, өнерпоэзия туралы ой толғайды.

Мұқағали — өзіне дейінгі өлең өру мен жыр сомдаудағы қазақ халқының ұлттық мектептері мен дәстүрлерін жалғап қана қоймай, оны жан-жақты дамытқан, тереңдеткен, қазақтың өлең-сөзін жаңа заңғарларға көтерген, жаңа кеңістіктерге алып шыққан жиырмасыншы ғасырдың санаулы саңлақтарының бірі.

«Топтастыру» стратегиясы

hello_html_m193c0910.gif



Оқытушы сөзі:

Мұқағали ақынды –поэзия патшасы десек, ендеше, поэзия патшалығына сапар шегіп көрейік. Міне,патшалықтың алтын қақпасы ашылды. «Райымбек, Райымбек!», «Аққулар ұйықтағанда» сарайының кілті өз қолдарыңдарыңызда. Қазіргі сәттен бастап осы сарайдың сырына үңіліп көрейік.

«Мен бір нәрсеге – поэзияның тіршілікпен бірге, яғни адаммен, табиғатпен бірге өлетініне - кәміл сенемін. Адамзат жаны қатыгез тартса тарта берсін. Қайтсе де бір парасатты адам қалады. Ол – ақын. Ақырғы сөз сонікі»,- деп өзі күнделігінде жазғандай Мұқағали поэзиясы өмірмен бірге жасасып келеді. Ақын жырларын оқи отырып әркім одан өзінің бүгіні мен өткенін, келешегі мен арманын көреді. Көреді де содан сабақ алады.

Біз, алдымен Мұқағалидің «Райымбек, Райымбек!» поэмасына тоқталамыз.

Жеткіз жұртқа бүгіні, өткендерін,
Қысын, күзін, жазы мен көктемдерін.
Жадында тұтсын ұрпақ жасырмай айт,
Ақтабан шұбырынды өткелдерін,
Аруды арам жандар өпкендерін,
Боз інген ботасы өлген бой жаза алмай,
«Елім - ай»
Аруана шөккен жерін.
Өлшесін бүгіні мен өткендерін! – ақын өзінің шығармалары арқылы туған жерінің қадыр - қасиетін, тарихын келешек ұрпаққа ұғындырып кетуге тырысады. Соған мысал ретінде «Райымбек, Райымбек!» поэмасын алуға болады.

Бүгінгі сабақта М. Мақатаевтың «Райымбек, Райымбек!» поэмасымен танысамыз. Ақынның терең оймен жазылған бұл шығармасы жоңғар шапқыншылығы кезінде еліне қорған болған Райымбек батырға арналады. Ақынның Райымбек батыр туралы поэма жазуына түрткі болған өзінің де қазіргі Райымбек ауданында дүниеге келуі, яғни екеуі де бір жердің тумасы.

- Райымбек поэмасының мазмұнын айту (оқушы)


Композияциялық талдау:

Оқиғаның басталуы:
Оқиғаның байланысы:
Оқиғаның өрбуі:
Оқиғаның шиеленісуі:
Оқиғаның шарықтау шегі:
Оқиғаның шешімі:








Түсініксіз сөздермен жұмыс:

І қатар

Жаудан қалған жемтікке жабысқалы

Жемтік –арам өлген малдың өлексесі

Қозыкөш жер қырғыннан ұзағанда

Қозыкөш – онша қашық емес жер; жақын жер

Қаусаттың – ау іргемді қара жауым

Қаусату - әбден ескіру, тозығы жет немесе қартайып, күш-қуатынан айырылу

Тағат етіп тұруға дәрмен қайда

Дәрмен –күш-қуат, шама


ІІ қатар

Жауына зауал төнгізер

Зауал – басына қиын-қыстау күн туды, қауіпті, қатерлі.

Қияннан құйылып кеп, қиратсын бір

Қиян – алыс жер, шалғай, жер түбі

Қанжығаға байланған қыз-келіншек

Қанжыға- бір нәрсе байлау, бөктеру үшін ердің екі жақ қапталының

арт жағына өткізілген жіңішке, ұзын қайыс.

Қауқары жоқ қайран жұрт, қайран халық

Қауқар –әл, күш, қуат

ІІІ қатар

Қиқулаған қалың қол, құйын дерсің

Қиқу – қиқулаған дыбыс, айқай-шу

Жатаған келген Түкенің жалдас күреңі

Күрең – қызыл-қоңыр, қошқылтым түс

Дүйім ел білген дүлдүлдің нағыз бірі еді.

Дүйім – түгел, тұтас, тегіс

Бұралқы боп, жат жерде зарығасың

Бұралқы – иесіз қалған, шеттен келген


- Райымбек туралы тарихи мәлімет (оқушы)


Поэмадағы Райымбек бейнесі

Тарихи деректердегі Райымбек бейнесі




ІІІ. Бекіту. «Талқылау кестесі»


Поэманың авторы:
Поэманың тақырыбы:
Поэманың идеясы:
Оқиға болған жер:
Басты кейіпкерлері:



ІҮ.Қорыту

«Болар бала он бесінде баспын дер»

Оқытушының қорытынды сөзі:

Райымбек батырдың атамекенді жаудан тазартудағы ерліктері-ұрпаққа үлгі боларлықтай ел есінде сақталып қалған.

Оқытушы сөзі:

Енді, Мұқағалидың «Аққулар ұйықтаған» поэмасымен танысамыз.

Мұқағали мұрасы-жалпақ елдің жүрегінде, ой-парасатында, жарық жұлдыздай қараңғы түн қойнауынан құпия сәулесін шашқандай жарқырап нұр беруде.Әр ғасырдың біртуар адамы болады. Мысалы: Абайда-ой, Мағжанда-махаббат, Қасымда-от, Мұқағалида - тазалық басымырақ болады. Табиғат ананың бір бөлшегі болған Мұқағали былай дейді.

                     Табиғат

                     Жанымды алсаң,

                    Алшы менің,

                    Бір түйір жерге түскен, тамшы едім.

                    Мұқағали жоғалса қайтер дейсің.

                   Артымда қалсын жерім,

                   Қалсын елім, - деген  Мұқағали

барлық өлеңіне бойындағы сезімнің ағынымен барып таусыла жазды. Барлық шығармасын соңғы өлеңіндей жазды.

Өйткені, “Мұқағали-бір ғасырда бір рет қана дүниеге келетін қазақ поэзиясының алтын домбырасы дерліктей ірі талант иесі”. Келесі біз сөз еткелі отырған  шығарма “Аққулар ұйықтағанда»- ғажап поэма. Бір түнде, бір деммен, табиғат пен ақын сезімінің үндесуінен туған дүние.

Мұқағали:

Қазақтың қара өлеңі – құдіретім,

Онда бір сұмдық сыр бар естілмеген, – деген болатын.

Бүгін сондай  «Сұмдық сыры бар» жыры  «Аққулар ұйықтағанда» поэмасынан ой толғаймыз. Осы поэма жөнінде Тұманбай Молдағалиев ағаларың былай дейді:

Cендерге де, маған да бұл поэма мұң тарту  етеді.  Бірақ бір бастап оқығаннан кейін тастай алмай соңына дейін бір-ақ оқисың. Бейне бір басқа күй кешесің. Көкірегінде ән ұялап, жырмен тербелесің. Көз алдыңнан Жетімкөлдің ерке аққуы баласы үшін дүниенің тыныштығын, кереметін бұзып, қасиетке оқ атқан ана бейнесін, ең соңында екі бірдей асылынан қасиетінен айырылған сорлы, зарлы ананы көріп, сен де аһ ұрасың.

(Тұманбай Молдағалиев)


Көрініс (оқушылар)

Поэманың үш бөлімінің мазмұнын қысқаша айту (оқушы)

Бөлімдеріне ат қою



«Бес жолды өлең» стратегиясы


«Ақын»


«Өлең»


«Аққу»


Сатылай кешенді талдау


hello_html_6d4de35a.gifhello_html_m27ec854b.gif


Аhello_html_m53a5d0eb.gifhello_html_m2e03db1c.gifвторы


Тhello_html_m51438a26.gifhello_html_2a1b45b8.gifақырыбы

Иhello_html_m528fe6b3.gifhello_html_2a1b45b8.gifдеясы


Шhello_html_6b11c135.gifhello_html_m17b26590.gifумақ


Тhello_html_647fc87c.gifhello_html_m144fe10a.gifармақ


Бhello_html_647fc87c.gifhello_html_m144fe10a.gifунақ


Ұhello_html_41b6db29.gifhello_html_31a668f5.gifйқас


Эhello_html_3b8a6ff7.gifhello_html_39078d33.gifпитет

Кhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m493d3312.gifhello_html_5daa6e72.gifейіптеу

















ІІІ.Бекіту .

Оқытушы сөзі: С.Сейфуллиннің «Аққудың айрылуы» поэмасымен Мұқағалидың «Аққулар ұйықтағанда» поэмасының ұқсастықтары мен айырмашылықтарын салыстырайық.

ВЕНН диаграммасы:

hello_html_16db17fa.gif

ІҮ.Қорыту:

«Егерде мен ақын болсам........»

Оқытушы сөзі:

Күн құшқан айдын көлде жалғыз аққу

Қаңқылдап қанатымен сабалап су,

Таранып қаранады жан-жағына,

Сұлуды тасалама, көк торғын құс!

Өмірді сүюдің ғажайып үлгісін көрсеткен ақын Мұқағали "Аққулар ұйықтағанда" поэмасында ел наным-сенімін қастерлеу, сұлулық үндестігін жыр етсе, "Райымбек, Райымбек!" дастанында ел тарихын, ел басына қатер төнгенде қолына ту алып, жауына қарсы аттанған Райымбек Түкеұлының ерлігін суреттейді.

Бейнетаспа көрсетіледі.

Ақын Ф.Оңғарсынова “Мұқағалидай ақыны бар халық - бақытты халық” деген екен. Олай болса, сыршыл ақынның өміршең шығармасымен танысқан сендер сол бақытты халықтың бақытты ұрпағысыңдар! Енді көңіл сергіту мақсатынды топ оқушысы Әбілпайызова Жібектің орындауында М.Мақатаевтың сөзіне, Бақтығали Жұмалиннің әні «Бақыт деген» әнді тыңдайық.

V. Бағалау.

VІ. Үйге тапсырма :

  • Райымбек батыр туралы тың деректер;

  • «Аққу жанды ақын» (ой-толғау).


Общая информация

Номер материала: ДВ-507980