Инфоурок / Другое / Презентации / Презентация по казахсий язык и литературы на тему "Сын "есімнің жасалуы"
Обращаем Ваше внимание, что в соответствии с Федеральным законом N 273-ФЗ «Об образовании в Российской Федерации» в организациях, осуществляющих образовательную деятельность, организовывается обучение и воспитание обучающихся с ОВЗ как совместно с другими обучающимися, так и в отдельных классах или группах.

Педагогическая деятельность в соответствии с новым ФГОС требует от учителя наличия системы специальных знаний в области анатомии, физиологии, специальной психологии, дефектологии и социальной работы.

Только сейчас Вы можете пройти дистанционное обучение прямо на сайте "Инфоурок" со скидкой 40% по курсу повышения квалификации "Организация работы с обучающимися с ограниченными возможностями здоровья (ОВЗ)" (72 часа). По окончании курса Вы получите печатное удостоверение о повышении квалификации установленного образца (доставка удостоверения бесплатна).

Автор курса: Логинова Наталья Геннадьевна, кандидат педагогических наук, учитель высшей категории. Начало обучения новой группы: 27 сентября.

Подать заявку на этот курс    Смотреть список всех 216 курсов со скидкой 40%

Презентация по казахсий язык и литературы на тему "Сын "есімнің жасалуы"

библиотека
материалов



Рухани келісім-бейбітшілік кепілі

Жаңа кезендегі білім берудің өзекті мәселелерінің бірі-жас ұрпаққа рухани тәрбие беру. Рухани тәрбие ол адамзат баласының бойында болуға тиісті ұғым. Рухани-бұл адамның бойындағы тазалық. Ал рухани дәстүр-бұл кез-келген құдай сөзіне жақындыққа жол ашу деп білемін. Қазақ халқының тәрбиеге тұнған мақал-мәтелін алып қарасақ та, түбі құран аяттары мен пайғамбар хадистеріне тіркеледі. Өйткені адамзаттық тәлім-тәрбиенің иллаһи бастауы исламда жатыр. Ұрпағымыз осы рухани келісім әрқашан бірлік екеніне сенсе деймін. Бірлік бар жерде, тірлік те бар. Әрқашан бірлік тұрақты болып қала бермек. Өз діңімізді сыйлайық, құрметтейік. Біз рухани келісім-бірлік екендігін жақсы білеміз. Өз туған жерімізде рухани мәдениеттің не екеніне түсіне бермейтін жандар бар. Негізгі мәдениет-имандылық, адамгершілік деп түсінемін. Өзіміздің дінімізді, тілімізді білмеу – ол сауатсыздық. Әдептілік, этика, эстетика, жайлы көп түсіндірсек, сонда ғана жас жеткіншектерімізді адамгершілікке, имандыққа тәрбиелей аламыз. Рухани келісім-бірлік арқылы шешілетініне көз жеткізе алады. Мәдениеттілік, имандалық, адамгершілік, ибалық, адалдық барлығы осы рухани келісімге жатады. Адам баласы өмірде осы айтылған нәрселердің барлығын бойына сіңіре білсе, ол нағыз иманды адам болып саналады. Рухани келісім күні – татуласу күні, барлық этностар мен конфессия өкілдерінің, әртүрлі саяси және діни сенімдер жақтаушыларының өзара түсіністігі, сонымен қатар рақымшылық және жақынына көмек көрсету күні. Қазақстан әлемдегі саяси тұрақтылығы бекем елдердің бірі. Біздің елімізде сан ұлттың өкілі татулық пен достықтың буынын бекітіп, әлемдік дамудың көшбасшысы болуға ұмтылып келеді. Ұмтылу жолы өте ауыр. Қанына, бойына, санасына мықты рухты күшті сіңірген қазақ еліне бұл зілді болмауы тиіс. Осы тұрғыда мемлекеттің бірден-бір алға қойып мақтанар айнасы – этносаралық татуластық. Жер шарының картасына көз салсақ, қазақ жерінің ұлан байтақ атырапты алып жатқанын көреміз. Қазақ елінің көңілі де дәл сондай, кең, дархан. Соның арқасында, Қазақстан жерінде 130-дан аса ұлт өкілдері татулықта өмір сүріп келеді. Бізбен көршілес кей елдердегі, тіпті алыстағы көптеген мемлекеттер өз ішінде дау-дамай туғызып, жанжалдасып, қанды шайқасқа дейін баратындары жайлы құлағымыз естіп, көзіміз көрген. Соларға біздің «Жұмылғанда жұдырық, ашылғанда алақан» болып отырғанымыз үлкен сабақ болып жатқан шығар деген ой түйіп, «осы күнімізге де шүкір, тәуба»,-деп қоямын.Киелі қазақ шаңырағына уық болып қадалған өзге этнос өкілдері «Қазақстан – достық пен татулықтың шынайы мекені» дегенді ұранға айналдырған. Ұлтаралық татулықты нығайтуға Қазақстанда тұрып жатқан әр ұлттың өкілі келешек ұрпағымыз үшін этносаралық достықтың, конфессияаралық түсіністіктің қаймағы бұзылмауына еңбек етіп, атсалысады. Елбасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстандағы тұрақтылықты сақтаудың алғы шарты ретінде бірінші экономиканы өркендетудің қажеттілігін алға қойған. Сол себепті, «Алдымен экономикаға» қағидасын ұстана отырып, экономиканың әр саласында білек сызбана қызмет істеп жүрген барлық этностың басын қосып, Қазақстан халқы Ассамблеясын құруы – өзге халықтарға үлгі-өнеге бола білді.Қазақстан халқы Ассамблеясының міндеті – достықты нығайту ғана емес, оған қоса әр ұлттың тілін, тарихын, мәдениетін, салт-дәстүрін сақтап, қоғамдағы тұрақтылықты нығайту бағытында түрлі іс-шаралар өткізу болып табылады. Елбасымыздың толеранттылық ұстанымына сәйкес өзге ұлт өкілдері де қазақ тілін, тарыхын, мәдениетін, дәстүрін жете білуі керек. Дегенмен, олар өз ұлтының құндылықтырын еркін меңгеріп өсіп келеді. Қиын-қыстау заманда қазақ елін паналап, қамқорлығын, жақсылығын, кеңпейілдігін, адамгершілігін, қонақжайлылығын көрген өзге этнос өкілдері қазақ халқын жоғары бағалап, құрметтейді. Өзге ұлт өкілдері қоныстаған аймақтарда, сол ұлттың тілінде балабақша, мектеп көптеген ұйымдар өз міндеттерін атқарады. Өз тілдерінде еркін сөйлеп, өз ойларымен биік шыңдарды бағындырып жүргендері де бар. Бұл қазақ елінің жомарттығының айқын дәлелі. 2012 жылғы 14 ақпанда Қазақстан халқына жолдаған Жолдауында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев: «Жаһандану дәуірі көп ұлтты мемлекеттер дәуірі. Бұл – әлемдік үрдіс. Еліміздің дамуына барша ұлт бірге үлес қосты. Ендеше, Тәуелсіз қазақ елінің азаматтарын алалауға, бауырластығын бұзуға ешкімнің хақысы жоқ. Барлық ұлт өкілдерімен тіл табысып, тату-тәтті, бейбітшілік пен келісімде өмір сүру – барша қазақтың басты қағидасы болуы шарт.»-деп айтып өткен.Тәуелсіз елімізде, этносаралық татулықтың, достықтың, кенфессияаралық бірліктің де берік негізі қаланды. Ендігі біздің мақсатымыз – елдегі тұрақтылықты сақтап, экономикалық өркендеуді дамыта отырып, өз Отанымыздың ертеңгі кемелді келешегі үшін, баянды болашағы үшін адал қызмет ету. «Қазақстан – біртұтас жер, біртұтас халық, біртұтас болашақ. Мен барша қазақстандықтарды ұлтаралық және конфессияаралық келісімді одан әрі нығайтуға шақырамын. Жай сөз емес, сана сілкінтер салмақты сөз. Құндылықтарды қалай қастерлеу қажеттілігін пайымдайтын парасатты пікір. Оңың мен солыңды танытатын, барыңды бағалататын, қасиетің мен киеңді қадірлейтін орнықты ой. Осы ойды ары қарай өрбітетін болсақ, Елбасының ерен еңбегі мен сарабдал саясаты Қазақстанды дүниежүзіне бейбітшіліктің бастауы, тұрақтылықтың талбесігі, тыныштықтың тұтқасы һәм конфессияаралық келісімнің ордасы ретінде танытып отырғанына тағы бір мәрте көз жеткіземіз. Тұңғыш Президентіміз ұлттар мен ұлыстарды ұйымдастырып, елімізде дінаралық диалогтың жарқын үлгісін қалыптастырды. Қазақстандағы этносаралық толеранттылықты әлемге әйгілі етті. Дүние дүрлігіп тұрған тұста бізді қақтығыстар мен кикілжіңдерден аман алып шықты. Өз кезегінде бұқара халық Нұрсұлтан Назарбаевтың барлық бастамаларын қолдап отырды Қолдап қана қойған жоқ, сенім білдіріп, соңынан ерді. «Елбасы – біреу, халық – тіреу» деген ұғым пайда болды. Елбасы айтқандай, Қазақстанды тегі басқа болғанымен теңдігі бір, қаны бөлек болғанмен жаны бір ұлттар мен ұлыстар мекен етіп отыр. Олар көк Тудың астында бірігіп, туған жердің абыройын асқақтатқысы келеді. Мәңгілік халық, мәңгілік елорда және мәңгілік мемлекет болуды мұрат тұтады. Бірлік, төзімділік және ұлтаралық келісім сынды құндылықтар Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап-ақ ел дамуының бастауы болды. Киелі қазақ жерін мекен еткен халықтың көркейюі, этносаралық бейбітшілік пен келісім – біздің басты байлығымыз. Ол барша қазақстандықтардың ақыл-парасаттымен, еркімен, қажырлы еңбегімен және сенімімен сақталып, еселенеді. Күрделі міндеттерді шешудің негізгі бірлікте екендігін жадымыздан еш шығармай, достық пен келісім арқылы ғана Қазақстанды биік белестерді бағындыратын еңселі мемлекетке айналдыра аламыз.Еліміздің болашағы-жастарымызды иманды болуға тәрбиелеу, өз қолымызда екенін ұмытпайық. Алдағы уақытта діни сауаттылықтарын арттыруымыз қажет.Жастарымыз әдет – ғұрпымызды, салт-дәстүрімізді бойларына сіңіре алса, олар ақыл саналарымен түсіне білсе, еш уақытта адаспаймыз.Қорыта айтқанда: Ислам дініміз бар жерде рухани келісім де, бірлік те, тұрақтылық та болады. Біз өз тілімізді , дінімізді құрметтейік. Рухани бірлікке өз сенімімізді білдірейік. Жас ұрпағымызды жаман ағымдармен уламай, исламға деген сенім құрметтерін арттырайық. Рухани мәдениеттілікті жетік түсіндіре алайық . Жас ұрпақтың тағдыры өз қолымызда екені анық. Оларды тәрбиелеу де өз қолымызда, сондықтан ұрпақ тәрбиесіне бей-жай қарамайық , оларды еліміздің тізгінін ұстар азамат етіп тәрбиелеу біздің қолымызда екенін ұмытпайық.Өз ойымды сиясы кеппеген мына өлең жолдарыммен аяқтағым келеді:

Достық пен татулықтың бұл мекені

Жаһандану дәуірі ғой ел ертеңі

Жұмылған жұдырықтай биік еңселі

Дамыған елдердің біз боламыз ең теңі

Елбасымыз біреу біздің көшбасшы

Отыз елдің қатарына қазақ елін қоспақшы

Еліміздің болашағы біздер ғой

Басқа елдер қазақ елін- мықты ел деп тоспақшы

Елбасының арқасында кемелдендік өрледік

Басқа ұлттың кеудесінен итермедік кел дедік

Неміс орыс украин деп бөлмедік

Ұмтылдық құлшыныспен жігерленіп ұрандап





Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 27 сентября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru

Общая информация

Номер материала: ДВ-525362

Похожие материалы

2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации. Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии.

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Законы экологии», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

Конкурс "Законы экологии"