Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / Презентация по казахский язык и литературу "Ақтан Керейұлының өмірі мен шығармашылығы " (10 класс)
Обращаем Ваше внимание: Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии (2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации).

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Законы экологии», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

ПРИЁМ ЗАЯВОК ТОЛЬКО ДО 21 ОКТЯБРЯ!

Конкурс "Законы экологии"

Презентация по казахский язык и литературу "Ақтан Керейұлының өмірі мен шығармашылығы " (10 класс)

Такого ещё не было!
Скидка 70% на курсы повышения квалификации

Количество мест со скидкой ограничено!
Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок"

(Лицензия на осуществление образовательной деятельности № 5201 выдана ООО "Инфоурок" 20 мая 2016 г. бессрочно).


Список курсов, на которые распространяется скидка 70%:

Курсы повышения квалификации (144 часа, 1800 рублей):

Курсы повышения квалификации (108 часов, 1500 рублей):

Курсы повышения квалификации (72 часа, 1200 рублей):
библиотека
материалов

1 Т.Әлиев атындағы орта мектеп











Тақырыбы: Ақтан Керейұлының

өмірі мен шығармашылығы





Пәні : Әдебиет

Сыныбы: 10-сынып

Мұғалімі: Н. Ақмолдаева



















Жаңаөзен-2016ж




Тақырыбы: Ақтан Керейұлының өмірі мен

шығармашылығы

Мақсаты: 1. Маңғыстау әдебиетінің көрнекті өкілдерінің бірі

Ақтан Керейұлының өмірі мен шығармашылығы туралы

түсінік беру.

2. Ақтан Керейұлының “Аяғына тас түссе”,

Қарылықтың белгісі” “Мамығын төккен қаз бен қу”,

Біріншіден не жаман” өлеңдерін оқыту, ақын

шығарамашылығы туралы білімдерін дамыту.

3. Ақын шығармаларын оқыта отырып оқушыларды адамдық

қасиетке үндеу, адалдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Лекция сабақ

Әдісі: Аралас әдіс

Көрнекілігі: Ақын шығармалары, баспасөз материалдары.

Жаңа сабақ: Ақтан Керейұлының өмірі мен шығармашылығы


Лекция сабақ

Ақтан Керейұлы

(1850-1912)

Ақтан Сағыз өзені бойында қазіргі Ақтөбе облысы Байғанин ауданында туып, сол алқаптағы Шынбұлақ деген жерде дүние салған. Ақтан өлеңдері-терме, толғаулар, ерлік дастандар. Ел арасына кең тараған тойбастарларының негізінде адамгершілік, ізгілік идеялары жатады. Ақынның «Аяғына қан түссе», «Қарылықтың белгісі», «Мамығын төккен қаз бен қу», «Біріншіден не жаман», термелері мақал-мәтелдік, ақыл-нақылдық ғибрат сөздерге бай. «Аққулар көркем көрінер», «Заман жайында», «Тыңдасаңыз сөзімді» т.б толғауларында Ақтан өмір туралы мәнді ойлар түйеді. Өмір өтпелі, бұл дүниеден батыр да, бай да, тәкаппар да, зергер де, шешен де өткен. Өмір сәні-адамдық қасиет, адалдық, алуан өнер. Негізінен Ақтанның ақындық даңқы ерлік толғауларымен шыққан. Ол Абыл, Махамбет, Нұрымдар жырлаған ерлік дастандардың бір қатары ел арасына Ақтан арқылы тараған. Ақтан өз дәуіріндегі әлеуметтік оқиғаларға орай толғаған ерлік салтты ардақтай жырлайды. Тебірене толғайды. Жыраудың өлең жырлары ойнақы ойлы, бейнелі болып келеді. Жырау өзі туралы былай толғайды.

Қалағандарың сөз болса,

Мен жырлауға құмармын

Шұбалаң құйрық шабармын

Шапқан аттай саулаймын

Жанған оттай қаулаймын.

Не қылғанмен дер күнім ,

Бұлдыраған даудаймын.



Екі атысқан жау болса,

Арасында панамын.

Мен-ақбуыр кер жорға,

Әдемі басқан аяғын.

Қарасаң аяғың жеткісіз,

Жылмиып жатқан даламын.

Артар атқа жеткісіз,

Ұзын бауыр саламын.

Жоғарыдан аққан жайықпын,

Теңізге құйған аяғын

Күн шығыстың күшті желімен,

Ылайлатып ағамын,

Сөйлемеймін мен неге,

Қашаннан да мен өзім,

Заржақ туған балаын.

Сөйлесем сөзді табамын,

Сөйлей-сөйлей аламын.

Көпшілік сөйле дегенде,

Кідірмеймін жел сөзге,

Кеудемдегі білгенді,

Алдыңа төгіп саламын.

Сөйлей-сөйлей берейін,

Сөз жүйесін көрейін

Әрі-бері сөйлесем,

Бұ да өзім өзімнің мерейім

Сөз дегенің бұйым ба?

Сөйлегені қиын ба?!

Талай-талай сөйледім,

Сатырлаған жиында,

Көпті көріп, көп нәрсені ойға түйген ақын өмірдің түрлі жағдайлары туралы сөз толғайды. Таңдаумысын жақсылыққа үндейді, жамандықтан жирендірмек болады. Мына бір термесінде не жаман?-деген сұраққа былай деп жауап береді.

Біріншіден не жаман?

-Білімсіз болған ұл жаман,

Екіншіден не жаман?

-Ананың тілін алмаған

Үшіншіден не жаман?

-Үш жерінен буғызып

Көрге салған сол жаман.

Төртіншіден не жаман?

-Төресін әділ білмеген

Парақор болған би жаман.

Бесіншіден не жаман?

-Бес уақыт оқитын намазың

Қаза болса сол жаман.

Алтыншыдан не жаман?

-Алғашқы алған әйелің

Көп ішінде күңкілдеп

Тіл алмаған сол жаман.

Жетіншіден не жаман?

-Жеткіншектен оқ тиіп,

Жетпей қалсан сол жаман.

Сегізіншіден не жаман?

-Серке сынды ат мініп,

Сергелдең болған сол жаман.

Тоғызыншыдан не жаман?

-Торғайдай болған бір басың

Топқа түскен сол жаман.

Оныншыдан не жаман?

-Оймақ ауыз,қиғаш қас,

Бір перзенттің жоғынан,

Мұңлық болған сол жаман.

(209бет «Заман-ай»)

Енді бір өлеңдерінде ақын ел қамын ойлар азаматтарды аңсайды. Олар жетім,жесірді жебесе, елдің қамын ойлап, әділдікпен ел басақарса деп үміт етеді. Бұл арманын мына өлең шумағынан көруге болады.

Ер жігіт елін меңгерсе,

Жетімдерге жан берсе,

Алдынан тектес жөнделсе

Әділдігін ел көрсе ,

Бұл-азаматтың реті

Дәптермен жұмыс. «Не жаман?» өлеңін дәптерлеріне жаздырып , талдату.

Сабақты бекіту:

Жеке оқушымен жұмыс. «Ерлік жырынан» үзінді талдау

Карточка №1 Дүние пәни болғалы

Не өтпеді заман-ай?!

Неше ерлер өтпеді,

Егескен жерден ар алған,

Қазақ, Алшын,Байұлы,

Сегіз арыс Адайдан

Рет-рет ер итті,

Қарғытқан атын қамалдан,

Найза ұстаған Адайда

Ер өткен жоқ Шабайдан.

Үзінді де кім туралы айтқан,өлең қандай тақырыпта жазылған?


Карточка№2 Мына үзіндіде кім деген батырлар жырланған,үзіндіден

түсінгеніңді әңгімеле.

Бердаулет пен Жоламан,

Ер жұрияты шабаздан

Солардан ерлік көргелі

Хал-ауқат етіп біз жүрміз

Өлмесең бұрын қазаңнан.


Карточка№3Ер Шабай тұқымы Берен батыр туралы мына үзіндіден не

білдің?

Ер Шабайдың тұқымы

Берен батыр сазарған.

Он екі болыс үстінен

Хакім болып қараған

Еріккен нөкер аламан,

Әлке сынды хандарды,

Табармыз деп даладан,

Болмаса Шәкар қаладан

Өлтіріп ханын шіренген ,

Артын құнсыз жіберген

Осал деп ісін кім айтар.


Карточка№4 мына өлең шумағында ақын Адайдың қай батырларын

жырлаған?

Өрден шыққан батырлар

Атақозы, Бердібек

Ерлік қылған белгілеп,

Есен,Сүгір, Шабайды

Шотан,Қармыс, Қанайды

Туысында елеген бұларды.

Айтпаған екен кімді деп.

Қайсы бірін айтайын

Ертеде өткен атақты

Асыл ердің орны көп.

Карточка№5

...Қала өртеп, аяз өлтірген,

Иса, Досан бұл шықты

Адай деген ауылдан.

Құтылды Иса жазадан

Досан өлді қазадан- деген үзіндідегі Досан батыр туралы не білесің?


Үйге: Ақтан Керейұлының өмірімен шығармашылығы.





















Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 25 октября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru

Общая информация

Номер материала: ДВ-386844

Похожие материалы