Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Презентации / Презентация по казахскому языку

Презентация по казахскому языку



  • Другое

Поделитесь материалом с коллегами:

Қазақ жері Пай-пай, пай! Киелі неткен жер! Батырлар Дүрілдeп өткен жер. Тұлпа...
Қазақстан Оңтүстік Шығыс Орталық Батыс Солтүстік -Оңтүстік Қазақстанға – Оңтү...
Тәуелсіз Қазақстан Н.Ә. Назарбаев 1940 жылы 6 шілдеде Алматы облысы,Қаскелең...
Мемлекеттік тіл – қазақ тілі 1989 жылы 22 қыркүйекте қазақ тілі мемлекеттік м...
Мемлекеттік рәміздер Ту Елтаңба Әнұран Қазақстан Республикасының мемлекеттік...
Жандарбек Мәлібеков – Елтаңба авторы, Өзбекстанға еңбегі сіңген сәулетші. Қаз...
Жұмекен Нәжімеденов - көрнекті ақын, Қазақстан Жастар Одағы сыйлығының иегері...
Қазақстан Республикасының валютасы Ұлттық валюта елдің өткенін, бүгінгісін жә...
Ұлы тұлғалар Жақсы музыкант болған. Ол домбыра,қобыз, секілді аспап түрлерін...
Абылай хан 1711 – 1781 ж. Шын аты – Әбілмансұр, әкесі Түркістанда сұлтан. 17...
Әйтеке би Байбекұлы (1683 – 1767) Кіші жүздің аға биі. Жоңғарлармен болған ұр...
Қазақ батырлары Қабанбай батыр Қаракерей Қабанбай - даңқты қолбасшы,батыр. Ая...
Абай Құнанбайұлы Қазақтың ұлы ақыны,сазгер,философ,қазақ жазба әдебиетінің не...
Ыбырай Алтынсарин Қазақтың көрнекті ағартушы – педагогы, жазушы,этнограф,фоль...
Шоқан Уәлиханов Шын аты – Мұхамед-Қанапия.Қазақтың ұлы ғалымы.12 жасында Омб...
Қаныш Сәтбаев Сәтбаев Қаныш Имантайұлы (1899-1964) – аса көрнекті қазақ геоло...
Әміре Қашаубаев Атақты әнші Семей облысы,Дегелең тауының етегінде туған. Өнер...
Күләш Байсейітова СССР халық әртісі,қоғам қайраткері,қазақ опера өнерінің нег...
Әбілхан Қастеев Әйгілі кескіндемеші, график – суретші, қазақ бейнелеу өнеріні...
Шәкен Айманов Қазақтың әйгілі актері,режиссер,Қазақстанның халық әртисі. Туып...
Тоқтар Әубәкіров 1946 жылы Қарағанды облысында туған. Орта мектепті бітірген...
Орынбор Қызылорда Алматы 1920 – 1925 1926- 1929 1929- 1997 Қазақ тарихындағы...
Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем, Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем, Мен о...
Глоссарий Құзыреттілік – білім мен мүмкіндіктің бірігуін, зерттеу еңбегі нәти...
Қолданылған әдебиет 1. Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995 жылы 30 т...
1 из 25

Описание презентации по отдельным слайдам:

№ слайда 1 Қазақ жері Пай-пай, пай! Киелі неткен жер! Батырлар Дүрілдeп өткен жер. Тұлпа
Описание слайда:

Қазақ жері Пай-пай, пай! Киелі неткен жер! Батырлар Дүрілдeп өткен жер. Тұлпарлар төккен тер. Бас иіп, иіскеп топырағын, Тағзым жасамaй өтпендер! (М.Мақатаев) Жер көлемі 2,7 млн. шаршы шақырым. Халқы- 17 миллион 140 ұлт өкілдері тұрады Жер көлемі жөнінен әлемде тоғызыншы орын алды

№ слайда 2 Қазақстан Оңтүстік Шығыс Орталық Батыс Солтүстік -Оңтүстік Қазақстанға – Оңтү
Описание слайда:

Қазақстан Оңтүстік Шығыс Орталық Батыс Солтүстік -Оңтүстік Қазақстанға – Оңтүстік Қазақстан , Қызылорда, Жамбыл, Алматы облыстары жатады.Бұл өлке мақтаға, көкөніске,жеміс-жидекке бай. - Шығыс Қазақстан- Семей және Шығыс Қазақстан өңірін қамтиды. Ол түсті металл және электр өндірумен әйгілі. - Орталық Қазақстан – Сарыарқа деп аталатын аймақ.Сарыарқа – Қазақстандағы түсті металлдардың үлкен қоймасы. Бұл өңірде көмір бар. -Батыс Қазақстан – Еуропа мен Азияның түйіскен жері. Каспий теңізі, Жайық өзені, Маңғыстау шығанағы осы аймақта. Мұнай өндірісі бар. - Солтүстік Қазақстан- астығы мол өлке. Бұл жерде темір, асбест, кен орындары, Екібастұз жылу энергиясын өндіретін өндіріс орындары бар. Көкшетау, Баянауыл сияқты сұлу жерлер де осында.

№ слайда 3 Тәуелсіз Қазақстан Н.Ә. Назарбаев 1940 жылы 6 шілдеде Алматы облысы,Қаскелең
Описание слайда:

Тәуелсіз Қазақстан Н.Ә. Назарбаев 1940 жылы 6 шілдеде Алматы облысы,Қаскелең ауданы Шамалған ауылында дүниеге келген. 1958-1960 жылдары Днепродзержинск техникалық училищесін, 1976 жылы Қарағанды металлургия комбинаты жанындағы жоғары техникалық оқу орнын бітірген. Еңбек жолын 1960 жылы Теміртау қаласындағы “Қазметаллургияқұрылыс” тресінде жұмысшы болып бастады. 1990 жылы сәуір айында республика Жоғары Кеңесі Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Қазақ КСР-нің Президенті етіп сайлады. 1991 жылы 10 желтоқсан күні республика атауын өзгерту туралы заң қабылданып, бұдан былай Қазақстан Республикасы деп аталатын болды. Н.Ә.Назарбаев 1991 жылдың желтоқсан айынан- Қазақстан Республикасының Президенті.

№ слайда 4 Мемлекеттік тіл – қазақ тілі 1989 жылы 22 қыркүйекте қазақ тілі мемлекеттік м
Описание слайда:

Мемлекеттік тіл – қазақ тілі 1989 жылы 22 қыркүйекте қазақ тілі мемлекеттік мәртебе алды. Ата Заңның 7-бабында, “Тіл туралы” Заңның 4 – бабында “Қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі” делінген

№ слайда 5 Мемлекеттік рәміздер Ту Елтаңба Әнұран Қазақстан Республикасының мемлекеттік
Описание слайда:

Мемлекеттік рәміздер Ту Елтаңба Әнұран Қазақстан Республикасының мемлекеттік туының авторы – суретші Шәкен Ниязбеков. Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасының авторлары:Ш. Уәлиханов, Ж. Мәлібеков Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұранының сөзін Ж. Нәжімеденов, Н. Назарбаев жазған. Музыкасы Ш. Қалдаяқовтікі

№ слайда 6 Жандарбек Мәлібеков – Елтаңба авторы, Өзбекстанға еңбегі сіңген сәулетші. Қаз
Описание слайда:

Жандарбек Мәлібеков – Елтаңба авторы, Өзбекстанға еңбегі сіңген сәулетші. Қазір Астанада тұрады Шәкен Ниязбеков - Қазақстанға еңбегі сіңген өнер қайраткері, Қазақстан дизайн өнерінің негізін салушылардың бірі Шот- Аман Уәлиханов – Қазақстанға еңбегі сіңген сәулетші, Республика Мемлекеттік сыйлығының иегері, қоғам қайраткері

№ слайда 7 Жұмекен Нәжімеденов - көрнекті ақын, Қазақстан Жастар Одағы сыйлығының иегері
Описание слайда:

Жұмекен Нәжімеденов - көрнекті ақын, Қазақстан Жастар Одағы сыйлығының иегері. Мәскеудегі М. Горький атындағы Әдебиет институты жанындағы Жоғары курста оқыған Шәмші (Жәмшид) Қалдаяқов Қазақстанның халық әртісі, Қазақстан Жастар Одағы сыйлығының иегері. “Қазақ вальсінің королі” атанған композитор үш жүзге жуық ән шығарды. Н.Ә. Назарбаев- Қазақстан Республикасының Әнұранының авторы, экономика ғылымдарының докторы. Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының академигі

№ слайда 8 Қазақстан Республикасының валютасы Ұлттық валюта елдің өткенін, бүгінгісін жә
Описание слайда:

Қазақстан Республикасының валютасы Ұлттық валюта елдің өткенін, бүгінгісін және болашағын бейнелейді. Ал Теңгенің - Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының тарихы Президенттің 1993 жылғы 15 қарашадағы жарлығынан басталды. 

№ слайда 9 Ұлы тұлғалар Жақсы музыкант болған. Ол домбыра,қобыз, секілді аспап түрлерін
Описание слайда:

Ұлы тұлғалар Жақсы музыкант болған. Ол домбыра,қобыз, секілді аспап түрлерін жасаған Ол түрік,парсы,араб,грек,латын тілдерінде еркін сөйлеп,жаза білген 950 жылы 80 жасында Шам қаласында қайтыс болған Әл-Фараби Ұлы ғалым,энциклопедияшы, философ. 870 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар маңында туған Бағдат, Алеппо, Дамаск қаласында болды Аристотель,Евклид,Прометей еңбектерін оқыды. 150-ден астам ғылыми еңбектері бар. Математика,астрономия, архитектура,медицина ғылымдарын жетік меңгерген

№ слайда 10 Абылай хан 1711 – 1781 ж. Шын аты – Әбілмансұр, әкесі Түркістанда сұлтан. 17
Описание слайда:

Абылай хан 1711 – 1781 ж. Шын аты – Әбілмансұр, әкесі Түркістанда сұлтан. 17 жаста- бірінші шайқас. Бөгенбай, Қабанбай, Райымбек. Шыңғыс ханның тікелей ұрпағы.. Шоқан Уәлиханов – ханның шөбересі. Орта Азия хандықтары, орыс және Қытай мемлекеттері. Батыл қолбасшы, айлалы елші. Үш жүзді біріктірген, ел тәуелсіздігі, дербестігі үшін өмірін сарп еткен. Халық жүрегінде сақталады.

№ слайда 11 Әйтеке би Байбекұлы (1683 – 1767) Кіші жүздің аға биі. Жоңғарлармен болған ұр
Описание слайда:

Әйтеке би Байбекұлы (1683 – 1767) Кіші жүздің аға биі. Жоңғарлармен болған ұрыстарда қол бастаған батыр да болды . Тәуке хан тұсында Қазақ хандығының ел басқару ісіне араласты Қазыбек би Келдібекұлы (1667 – 1764) Орта жүздің аға биі.“Бала биден” “дана би” деген атаққа дейін көтерілді.1710-1711 жылдары бітімшілік міндетпен 3 рет жоңғар хандығына барды. Қазақ пен жоңғар арасындағы дау-жанжалдарды бейбіт жолмен шеше білді Төле би Әлібекұлы (1663 – 1756 ) Ұлы жүздің төбе биі.15-20 жасында билікке араласқан. Орта жүздің аға биі Қазыбек Келдібекұлымен, Кіші жүздің аға биі Әйтеке Байбекұлымен бірге әз Тәукенің басты кеңесшісі болды. Қазақ хандығын нығайтуға, жоңғарға қарсы, күреске белсене араласты.

№ слайда 12 Қазақ батырлары Қабанбай батыр Қаракерей Қабанбай - даңқты қолбасшы,батыр. Ая
Описание слайда:

Қазақ батырлары Қабанбай батыр Қаракерей Қабанбай - даңқты қолбасшы,батыр. Аягөз, Түркістан қорғанысы,Бұланты,Шаған шайқастарына қатысып, Дарабоз атанады. Іле,Балқаш,Қаратал өңірлерін жаудан тазартты Бөгенбай батыр Бөгенбай Ақшаұлы,Қанжығалы Бөгенбай – қазақтың даңқты батыры.Жоңғарларға қарсы 100-ден астам шайқасқа қатысқан. Бұланты,Анырақай, Талқы шайқастарында жауға күйрете соққы берген

№ слайда 13 Абай Құнанбайұлы Қазақтың ұлы ақыны,сазгер,философ,қазақ жазба әдебиетінің не
Описание слайда:

Абай Құнанбайұлы Қазақтың ұлы ақыны,сазгер,философ,қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы және оның алғашқы классигі.Шын аты – Ибраһим.Шығармалары үш жүйемен өрбиді:бірі өз жанынан шығарған төл өлеңдері ;екіншісі – ғақлия (қара сөз) деп аталатын прозасы; үшіншісі-өзге тілдерден аударған өлеңдері.Абай өлеңдері түгел дерлік лирикадан құралады. Табиғат бейнесін,адам портретін жасауға,қылық-қасиеттерін айқын суреттермен көрсетуге өте шебер.Өлеңдерінен қазақ жерінің,сипатының ерекшеліктері көрініп тұрады.Философиялық көзқарастарын да өлеңмен жеткізеді

№ слайда 14 Ыбырай Алтынсарин Қазақтың көрнекті ағартушы – педагогы, жазушы,этнограф,фоль
Описание слайда:

Ыбырай Алтынсарин Қазақтың көрнекті ағартушы – педагогы, жазушы,этнограф,фольклоршы.Қостанай, Торғай,Ырғыз уездерінен екі кластық орыс – қазақ мектептерін ашады.Қолөнер кәсіпшілігі салаларына қажетті мамандар даярлайтын училищелер ашуға көп күш жұмсайды.Қазақ қыздары үшін Торғайда,Ақтобеде мектеп-интернат аштыруының тарихи мәні зор. Оқулықтар авторы. Көркем еңбектері қазақ әдебиетінің қалыптасуына айрықша ықпал етті

№ слайда 15 Шоқан Уәлиханов Шын аты – Мұхамед-Қанапия.Қазақтың ұлы ғалымы.12 жасында Омб
Описание слайда:

Шоқан Уәлиханов Шын аты – Мұхамед-Қанапия.Қазақтың ұлы ғалымы.12 жасында Омбы кадет корпусына қабылданады.Кадет корпусын бітірген соң генерал-губернатор Т.Х.Гасфорттың адьютанты бола жүріп,көптеген сапарларға қатысады. Оңтүстік қазақ жеріне,Ыстықкөлге барған ғылыми экспедицияны басқарды.1856 жылы Құлжа,1859 жылы Қашқария экспедициясына қатысады.1857 жылы Орыс географиялық қоғамына толық мүше болып қабылданады. Ғылыми еңбектері 1862 жылы Германияда,1865 жылы Лондонда басылған.

№ слайда 16 Қаныш Сәтбаев Сәтбаев Қаныш Имантайұлы (1899-1964) – аса көрнекті қазақ геоло
Описание слайда:

Қаныш Сәтбаев Сәтбаев Қаныш Имантайұлы (1899-1964) – аса көрнекті қазақ геологы, қоғам қайраткері, Қазақ КСР Ғылым академиясын ұйымдастырушы және оның тұнғыш президенті, Қазақ КСР академиясының академигі, қазақстандық металлогения мектебінің негізін қалаушы. Туған жері – бұрынғы Семей губерниясының Павлодар уезіндегі Аққелін болысы (қазіргі Павлодар облысының Баянауыл ауданы).640-тан астам ғылыми еңбек жазды. Металлургия мектебінің негізін салушы.Ол Жезқазған рудалы ауданын ашты.

№ слайда 17 Әміре Қашаубаев Атақты әнші Семей облысы,Дегелең тауының етегінде туған. Өнер
Описание слайда:

Әміре Қашаубаев Атақты әнші Семей облысы,Дегелең тауының етегінде туған. Өнер жолын қуады,ел аралып ән салады. 1925 жылы Парижде дүниежүзілік көрмеде ән салады.”Ағаш аяқ”, “Қызыл бидай”,”Жалғыз арша” әндерін орындап, зор абыройға ие болады. ”Париж апталығы” газеті Әміренің сирек кездесетін талант екенін айтады. 1927 жылы Майндағы Франкфуртте музыкалық көрмеде қазақ өнерін әлемге паш етеді

№ слайда 18 Күләш Байсейітова СССР халық әртісі,қоғам қайраткері,қазақ опера өнерінің нег
Описание слайда:

Күләш Байсейітова СССР халық әртісі,қоғам қайраткері,қазақ опера өнерінің негізін салушы. Күләштің шын аты- Гүлбаһрам. 1930 жылы қазақтың тұңғыш драма театрына қабылданды. 1933 жылы музыкалық студияда өнер көрсетеді. “Жалбыр” ,”Абай” , “Біржан – Сара”,“Қыз Жібек “ операларындағы Қадиша, Ажар,Сара,Жібек бейнелері- қазақ өнерінің алтын қоры.

№ слайда 19 Әбілхан Қастеев Әйгілі кескіндемеші, график – суретші, қазақ бейнелеу өнеріні
Описание слайда:

Әбілхан Қастеев Әйгілі кескіндемеші, график – суретші, қазақ бейнелеу өнерінің негізін салушылардың бірі.Н.Т.Хлудов пен И.Бродскийден сабақ алды. “Мектепте”,” Түрксіб”, “Жамбылдың портреті”, “Амангелді сарбаздары”,” Жас Абай” сияқты туындылары дарынды суретшінің өткен мен бүгінді шыншылдықпен бедерлеген көркем шежіре іспеттес

№ слайда 20 Шәкен Айманов Қазақтың әйгілі актері,режиссер,Қазақстанның халық әртисі. Туып
Описание слайда:

Шәкен Айманов Қазақтың әйгілі актері,режиссер,Қазақстанның халық әртисі. Туып-өскен жері – Павлодар облысының Баянауыл ауданы. Ол қойған “Дала қызы”, “Біздің сүйікті дәрігер”,” Атаманның ақыры”,” Атамекен”, “Тақиялы періште” т.б. фильмдері қазақ өнерінің ең үздік табыстары болып есентеледі. Оның қазақ кино өнеріндегі тұңғыш фильмі “Амангелдіден “бастап, “Атаманның ақырына” дейінгі атқарған еңбегі ұшан-теңіз

№ слайда 21 Тоқтар Әубәкіров 1946 жылы Қарағанды облысында туған. Орта мектепті бітірген
Описание слайда:

Тоқтар Әубәкіров 1946 жылы Қарағанды облысында туған. Орта мектепті бітірген соң,Армавирдегі әскери авиация училищесін үздік бітірді.Инженер- ұшқыш мамандығы бойынша қызмет етті. 1988 жылы жаңа авиация техникасын сынақтан өткізу кезінде ерлігі үшін Батыр атағы берілді. 1991 жылы қазан айында Қазақстан – Австрия экипажымен ғарышқа ұшты.Қазақтың тұңғыш ғарышкері

№ слайда 22 Орынбор Қызылорда Алматы 1920 – 1925 1926- 1929 1929- 1997 Қазақ тарихындағы
Описание слайда:

Орынбор Қызылорда Алматы 1920 – 1925 1926- 1929 1929- 1997 Қазақ тарихындағы астаналар Астана 1997жылдан 56 мемлекеттің басшыларының басын қосып, Қазақ елін әлемге паш еткен ЕҚЫҰ Саммиті де осы Астана қаласында 2010 жылдын 1-2 желтоқсанында өтті

№ слайда 23 Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем, Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем, Мен о
Описание слайда:

Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем, Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем, Мен оның қасиетті тілін сүйем, Мен оның құдіретті үнін сүйем, Бар жәндігін сүйемін қыбырлаған, Бәрі маған Отан деп сыбырлаған, Жаным менің кеудемдегі жарып шық та, Бозторғайы бол оның шырылдаған, Отан!Отан! Бәрінен биік екен, Мен оны мәңгілікке сүйіп өтем (М. Мақатаев)

№ слайда 24 Глоссарий Құзыреттілік – білім мен мүмкіндіктің бірігуін, зерттеу еңбегі нәти
Описание слайда:

Глоссарий Құзыреттілік – білім мен мүмкіндіктің бірігуін, зерттеу еңбегі нәтижесін, жеке тұлғаның сапасын, жалпы мәдениет пен істің күрделі мәдени жиынтық түрлерін іске асыра алуын , өзгелерімен қажетті қарым – қатынас жасап, оны сақтай алуын білдіреді. Жоба – проект, латынша алға ұмтылу, даму, яғни бір нәрсені бұзып қайта жасау, жаңа идеялар нұсқасы. Ақпараттық Құзыреттілік – өз бетінше табуға, талдауға, іріктеуге, түсіндіруге және ақпаратты тасымалдауға мүмкіндік береді. Тәрбие – тұлғаның орнын айқындау,объектісі болып табылатын іс-әрекет. Таңдау – шешім қабылдау нәтижесінде сананы кеңейтудің тиімді тәсілі.

№ слайда 25 Қолданылған әдебиет 1. Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995 жылы 30 т
Описание слайда:

Қолданылған әдебиет 1. Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995 жылы 30 тамыз. 2. “Тіл туралы” Заң.1997 жылы 11 шілде. 3. Қазақстан Республикасының “Білім туралы” Заңы,2007 жылы 27 шілде. 4. Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міңдетті білім беру стандарты,2010 жыл. 5. Смағұлова Ғ.Қ. “Қазақ тілі мен әдебиеті мұгалімдерінің құзыреттілігін дамыту”,Қарағанды,2010 жыл. 6. С. Дюсебаев, Г. Байтилеуова қазақ тілі “Мектеп” 2007 жыл 7.Жұматаев Б., Жұмаханов Т. Қазақстан балалар энциклопедиясы “Қазақ хандығы” “Аруна ltd” ЖШС.2006 жыл 8. “Қазақ тілі мен әдебиеті орыс мектебінде” 2006 жыл №3,4


Автор
Дата добавления 19.02.2016
Раздел Другое
Подраздел Презентации
Просмотров120
Номер материала ДВ-470064
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх