Инфоурок Другое ПрезентацииПрезентация по казахскому языку

Презентация по казахскому языку

Скачать материал
Скачать материал "Презентация по казахскому языку"

Получите профессию

Экскурсовод (гид)

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист по корпоративной культуре

Описание презентации по отдельным слайдам:

  • Құсбегі құсты қалай баулиды?

    1 слайд

    Құсбегі құсты қалай баулиды?

  • Нағыз қазақ жігітінің қазынаға қосқан бір серігі қыран бүркітті ата-бабаларым...

    2 слайд

    Нағыз қазақ жігітінің қазынаға қосқан бір серігі қыран бүркітті ата-бабаларымыз текті құс деп бағалаған. Ата-бабаларымыз бүркітті қадірлейтіндігі соншалықты, ол өлсе, иесі оны қауырсын, мамығы, құйрығы, басы, тұяғымен, кейде «бітеу» немесе жара сойып, үй төріне қанатын кере іліп қоятын болған. Бұл «бүркіттен пәле-жала қашады» деген нанымнан туса керек. Бүркіттің мамығын жастыққа салып жатса, басты пәледен сақтайды деседі. Құстың саусағын, тырнақтарын тұмар ретінде қолданған.
    Құсбегілік хандар мен төре, билердің, сал-серілердің қолы бос кездегі ермегі болса, тұрмыстық жағдайы нашар отбасылардың күнкөріс көзі болыпты. Жаугершілік, аштық-жұт жылдары қолға үйретілген құстармен тұтас ауылын асыраған құсбегілер де болыпты.

  • 3 слайд

  • Қазақ жұртының күнкөріс кәсібі болған аңшылық, хан - төрелердің, би-шешендерд...

    4 слайд

    Қазақ жұртының күнкөріс кәсібі болған аңшылық, хан - төрелердің, би-шешендердің, сал - серілердің көңілін  аулап, сейіл құрғызар, сән - салтанатын асырар ақсүйек өнері болғаны аян. Бұл ретте Жошы ханның айналасында  3 мың қыран, Абылай хан  - 500 бүркіт,  300 қаршыға мен сұңқар ұстағаны, Ақсақ Темір мен Алтын Орданың ханы Тоқтамыстың бүркіттің бір жұмыртқасына бола, жауласқандары жайында деректер бар.

  • Елімізде бүркіттің жеті түр мекендейді екен. Олар ұясын еліміздің оңтүстігінд...

    5 слайд

    Елімізде бүркіттің жеті түр мекендейді екен. Олар ұясын еліміздің оңтүстігіндегі адам аяғы баспаған мұзарт шыңдар мен қия жартастарға, ормандарда кездесетін бүркіттер алыс түкпірлердегі кәрі ағаштың ұшар басына салады. Бүркіт сақ келеді, адам көзіне түспеуге тырысады екен. Күз мезгілінде балапандары есейген уақытта ұясымен топтанып ұшып, шырқау биіктерде самғайды.

  • Бір қызығы, оның бір мәрте жұмыртқа салған ұясын үрім-бұтағы таусылғанша пайд...

    6 слайд

    Бір қызығы, оның бір мәрте жұмыртқа салған ұясын үрім-бұтағы таусылғанша пайдаланады екен. Түрі де ұя салған тасына байланысты, яғни тас қара болса, бүркіттің түрі қара, қызыл болса, қызыл реңді болып келеді екен.
    Бүркітті негізінен екі жолмен ұстайды. Түзден ұсталған құсты қолға үйрету үшін кемінде бір-екі жыл керек. Ұрғашы бүркіттің ішіндегі жұмыртқасы шіріп, өліп кетсе, еркек бүркіт құсадан өлуі мүмкін. Сондықтан бүркітті қанаты қатпаған сары ауыз балапан кезінде ұядан алып, баулыған дұрыс. Бауырын жазбаған ақүрпек балапан қолға тез көндігеді екен. Балапанды алған соң оған балақбау тағып, томаға кигізеді. Ең алдымен бала бүркітке шырға тартқызады. Үш-төрт қадам әрі барып, аяқбаудың ұшынан ұстап тұрып биялайлы қолындағы етке «кел, кел» деп шақырып үйретеді. Бұдан кейін түлкінің бас терісінің, не қоян терісінің ішіне кішкене ет немесе өкпеге қант сеуіп тығып қою қажет. Сонан соң оны ұзын жіп жалғап сүйрете қашып, бүркітті соған түсіреді. Мұны далбай тастап, шырға тарту дейді. Далбайдан соң тірі аңдарды шырғалап, балапанды енді соған түсіреді. Оны «тірілеу» деп атайды. Тірілеуден кейін құс қайыруға келеді. Қайыруға келген құс әбден үйренген құс болып есептеледі.

  • Бүркіт күніне бір килограмдай жем жей алатын, жемсіз жарты ай жүре алатын өте...

    7 слайд

    Бүркіт күніне бір килограмдай жем жей алатын, жемсіз жарты ай жүре алатын өте төзімді құс. Жанары адам көзінен 5-7 есе өткір және ол күн нұрына тіке қарай алатын жалғыз жаратылыс иесі. Ол аспанда қалықтап жүріп бір жарым-екі шақырымнан да көлемі бір қарыстай жәндікті көре алатын ерекше қабілетке ие.

    Бүркіт ұзақ, 30-50 жыл, тіптен одан да көп жасайды. Онымен 15-20 жыл аң аулауға болады. Дегенмен, жыл өткен сайын қайраты қайтып, әлсірей береді. Қайраты таусылған бүркіт биік тау жартасты, құзға барып өзін-өзі төменге тастап өледі екен…

  • Бүркітшінің сөздігі
«Биялай» — ірі қара малдың иленбеген терісінен тігілген қ...

    8 слайд

    Бүркітшінің сөздігі
    «Биялай» — ірі қара малдың иленбеген терісінен тігілген қолғап. Оның ішінде киізден жасалған қолғап тағы да болады. Қолғап тек оң қолға арналып тігіледі. Ол бүркіттің өткір тырнақтарына шыдамды, қолды жараламайтындай болып жасалады.
    «Томаға» — жұмсақ әсем былғарыдан жасалған бүркіттің басына кигізіп, көзін жауып қоятын қалпақша. Бүркіттің көзі ашық тұрса, көзіне көрінген мақұлыққа талпынып, тыныш отыра алмайтын болады. Сол себепті бүркіттің басына томаға кигізіп қояды. Томаға бүркіттің басына дәл етіліп тігіледі, не тар, не кең болмауы тиіс. Томаға әртүрлі зергерлік заттармен әшекейленгендіктен, өте қымбат заттардың қатарына жатады.
    «Тұғыр» — бүркіттің қонып отыратын орны. Ол әртүрлі ағаштардың иіліп өскен түбірінен кесіліп алынады. Оларды өңдеп, мәніне келтіріп, бүркіт қонып отыратын жеріне кигіз шегеленеді. Қыран құс отыратын тұғырға шығыршық қағып, бау байлауға ыңғайлы етеді. Тұғырдың бірнеше түрлері болады.
    «Балдақ» қолға алынған құсты тіреуге арналып жасалады. Бүркітті аң аулауға алып шыққанда бүркіттің салмағынан қол тез талып кетеді. Сондықтан да қол талмау үшін қолдың астына балдақты тіреп қояды. Өйткені балдақтың үстіңгі жағында білек тұратын ыңғайлы ашасы болады. Балдақтың төменгі жағына тесік жасап, оған қайыс өткізіп, ердің қасына байлап қоятындай етіп жасайды. Балдақтың төменгі жағы ердің қасына мықтап бекітіледі. Балдақ негізінен сүйегі мықты ағаштардан жасалады. Оның бірнеше түрлері болады.
    «Жемқалта» — кішкентай ғана төртбұрышты дорба. Оған бүркітті қолға үйрету үшін біраз жас ет салып қояды. Дорба киізден тігіледі, сыртқы жағын мықты материалмен қаптайды.

  • «Аяққап» — арнаулы, кішкентай қолғап саусақтарына аңдарды ұстаған кезінде ола...

    9 слайд

    «Аяққап» — арнаулы, кішкентай қолғап саусақтарына аңдарды ұстаған кезінде олар бүркіттің аяғын шайнап тастамау үшін қолданылады. Ол мықты темірден жасалынады.
    «Жезтұяқ» — металдан жасалған тырнақ протез.
    «Сүзу» — шұғалардан есіліп жасалынатын жіптер. Жабайы жыртқыш құстарды қолға үйреткен кезде құс аспанға шарықтап ұшып кетпеу үшін пайдаланылады. Бұл құстардың аспанға жоғары көтеріліп ұшпауын реттеп тұруға қажетті нәрсе.
    «Ырғақ» — жабайы құстарды қолға үйретуге қажетті зат. Жабайы құстарды ұстап алғанда қолға бірден тез үйреніп кетпейді. Ырғақ сол үшін керек. Ол үшін ағашты кесіп алып, оның екі басына арқан байлап әдейі орнатылған діңгектердің арасына байлап қояды. Ырғаққа қонақтаған бүркіт үнемі ырғалып қозғалып тұрады. Бүркіт жығылып қалмайын деп үнемі салмаған реттеп, ұйқы көрмей тұрып алады. Ұйықтайын десе, ырғақ тербеліп кетіп, бүркіт жығылып қала жаздайды. Осылайша әбден шаршаған құс қолға тез үйреніп кетеді.
    «Түтік» құстың өңеші арқылы ішіне әртүрлі сұйық зат құю үшін пайдаланылады. Құс ауырған кезде дәрі беріп емдеу үшін арнаулы түтік қолданылады. Ол жіңішке ағаштардан немесе құстың асықты жілігінен жасалады. Түтік жасау үшін ағаштың өзегін алып тастайды. Сыртын мұқият түрде өңдейді.

  • 10 слайд

  • Құстың иісін кетіру: Түз құсының иісі болады. Қолға үйрету үшін осы түз иісін...

    11 слайд

    Құстың иісін кетіру: Түз құсының иісі болады. Қолға үйрету үшін осы түз иісін кетіру керек. Ол үшін құсты суға тоғытуға болады немесе көңге аунатады. Кейде құстың денесін сабындап жуатын да әдіс бар.
    Құстың ұйқысын алу немесе ырғаққа отырғызу: Түз тағысын тез жуасыту үшін оның ұйқысын алады. Ол үшін ырғаққа отырғызады. Ырғақ деп, екі діңгек ағашқа керіліп байланған арқанды айтады. Арқанның дәл ортасына білек ағаш орнатып, оған томағасын кигізіп асау құсты отырғызады да, арқанда ырғап тербетеді. Көзі байланып ырғақта тербетілген құстың ұйқысы қашады, есі шығады, шаршап құлайды. Тіпті бұрынғы түз тағылық өмірін ұмытады.
    Атқа алып жүріп үйрету: Құсты қолға толық үйрету үшін атқа алып жүру керек. Егер де көнбей қырсықтық танытса, құсты балдаққа мінгізіп (құс отыратын оң қолдың тіреу ағашы) атпен шапқылайды. Аттың шабысы шаршатқан құс өзінен-өзі жуасиды.
    Шақыруға үйрету: Құсты ашықтырып барып шақыруға үйретеді. Ол үшін аңның сан етін тәтті бүркіп жегізіп үйретеді. Оны бір-екі жұлғызып, дәмін таттырып алып, алыстан көрсетіп шақырады. Дәндеген құс өзі ұшып келетін болады. Тәжірибелі құсбегілер бүркітін көкке самғатып жіберіп, қажет кезінде ат үстінде жүріп-ақ шақырып ала береді.
    Шырғаға үйрету: Аң терісінен жасалған шырғаны ұзын жіпке байлап, сүйрейді. Шырғамен бірге жемде болады. Шырғаға алғаш түскен құсқа жемнен ауыз тигізіп дәндетеді. Кейде үлкен аңның терісін ұсақ аң жабулап қоя береді. Сөйтіп, құсты үлкен аңды алуға баулиды.

  • Бүркіт ұзақ, 30-50 жыл, тіптен одан да көп жасайды. Онымен 15-20 жыл аң аулау...

    12 слайд

    Бүркіт ұзақ, 30-50 жыл, тіптен одан да көп жасайды. Онымен 15-20 жыл аң аулауға болады. Дегенмен, жыл өткен сайын қайраты қайтып, әлсірей береді. Қайраты таусылған бүркіт биік тау жартасты, құзға барып өзін-өзі төменге тастап өледі екен…

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 625 820 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 30.03.2016 1543
    • PPTX 1.9 мбайт
    • 16 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Умарова Назгуль Сейпатталовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Умарова Назгуль Сейпатталовна
    Умарова Назгуль Сейпатталовна
    • На сайте: 8 лет и 5 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 25919
    • Всего материалов: 9

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой