Рабочие листы
к вашим урокам
Скачать
1 слайд
№13 А.Гайдар атындағы орта мектеп КММ. Сыныптан тыс сабақ. 2 –сыныптар Мұғалімі: Жеткергенова Балғын Жеткергенқызы. 2014-2015ж.ж.
2 слайд
Төрт түлік. Сабақтың тақырыбы:
3 слайд
Сабақтың мақсаты: балалардың тілін дамыта отырып, ата - бабамыздан келе жатқан кәсіпке толық мағлұмат беру, төрт түлік малдың пірлерімен оның пайдасына тоқталу, сахналау, сөз құрау, жұмбақ шешу, қызықты есептер шығару арқылы олардың ойлау қабілеттерін, қиялын дамыту, төрт түлік малды қадірлеуге тәрбиелеу болды. Көрнекілігі: төрт түлік малдың және төлдерінің суреттері, төрт түлік пірлері, жайлау суреттері, сүт, қымыз, жүннен тоқылған киімдер. Сабақта қолданылатын әдістер: : түсіндіру, сұрақ - жауап, көрсету, ойын.
4 слайд
Ұйымдастыру кезеңі. 1. Топқа бөлу 2. Жаңа сабақ 3.Жаттығулар 4.Ойын 5. Кері байланыс 6.Бағалау. 7.Қорытынды
5 слайд
Сынып бойынша топқа бөлу. (сурет бойынша) 1-топ Жылқы 2-топ Түйе
6 слайд
3-топ Қой 4-топ Сиыр
7 слайд
8 слайд
«Ой шақыру» Жұмбақ. «Кішкене ғана бойы бар, Айналдырып киген тоны бар» Бұл не? Қойдың төлі не? - Қойдың төлі - қозы
9 слайд
Қой. Қой- төрт түліктің ішіндегі ең момыны. Сондықтан болар қазақ атамыз өсек- аян, қулық- сұмдығы жоқ бір қалыпты, сабырлы адамды «қой аузынан шөп алмайтын момын» деп тегін айтпаған екен. Қой малы сонау ежелден халқымыздың несібелі малы болып есептелген. Балалар ауырып қалған кезде осы қойдың құйрық майымен сылап, ішіп жатады.
10 слайд
Жұмбақ. «Екі айнасы бар, Екі найзасы бар» - Ол не? Сиырдың төлі не? - Сиырдың төлі – бұзау.
11 слайд
Сиыр. Сиыр- Зеңгі баба тұқымы. Ол адамға серік, әрі ақылды, әрі момын жануар. Біздің ішіп- жейтін тағамдарымыздың барлығы осы- сиыр малының өнімі. Мысалы: құрт, ірімшік, айран, май, қатық.
12 слайд
Жұмбақ. «Қамыс құлақ, тостаған тұяқ, Мінсең қанат, сүті дәрі, еті тамақ». - Бұл не? Жылқының төлі не? - Жылқының төлі – құлын.
13 слайд
Жылқы. Жылқы- жер жүзінің бәріне тараған түлік. Жылқы малы өте төзімді. Ол қыста сары аязда далада жайыла береді, өйткені жылқы малы суыққа тоңбайды. Еті де, сүті де өзгеше. Қазы- қарта, жал- жая жылқыдан алынады.
14 слайд
Жұмбақ. «Маң - маң басқан, маң басқан, Шудаларын шаң басқан». Түйенің төлі не? - Түйенің төлі – бота.
15 слайд
Түйе. Түйе- төрт түліктің төресі. Түйенің тигізер пайдасы аз емес. Түйенің сүті- шұбат. Ол әрі сусын, әрі тамақ. Шұбаттың емдік қасиеті күшті. Ішсе сүт, жесе ет, майы да мол. Түйенің сапалы жүні бар.
16 слайд
Жылқы-түлік патшасы. Түйе- түлік төресі. Мал өсірсең, қой өсір. Өнімі оның көл көсір. Малды бақсаң, сиыр бақ. Сүт кетпейді шарадан.
17 слайд
Топтық жұмыс (Әр топ өздеріңнің топтарыңның және ұранын айтыңдар)
18 слайд
Төрт түлік түйе жылқы сиыр Қой, ешкі Ірі қара ұсақ Еті, сүті, терісі, жүні және т.б.
19 слайд
1 кезең. Тыңдалым кезеңі (әр түлікке сипат беру) Тыңдалым кезеңінің тапсырмасы Тиістісін тауып сызықпен қос Қой Май Сиыр Құрт Жылқы Қаймақ Түйе Сүт Шұбат Айран қымыз Ірімшік
20 слайд
Төрт түлікке қатысты мақал-мәтелдер айту
21 слайд
2 -Кезең Оқылым кезеңі (оқулықпен жұмыс тасталып кеткенөлең жолдарын жалғастыру)
22 слайд
Сергіту сәті.
23 слайд
Мал атасы. Қой атасы -Шопаната, Жылқы атасы Қамбарата, Ешкі иесі –Сексеката, Түйе атасы -Ойсылқара, Сиыр иесі -Зеңгібаба
24 слайд
3- кезең жазылым кезеңі (Төрт түлікке қатысты атауларды жазу қой атаулар : қозы, Сиыр атаулары: бұзау, Түйе атаулары: бота, Жылқы атаулары: құлын ,
25 слайд
Түртіп алу (инсерт әдісі) Тыйым сөздер. 1. Қой қырқатын қырықтықты иесіне бос қайтармайды. Жүнге орап береді. 2. Малдың алдынан бос ыдыспен шығуға болмайды. 3. Малға дауыс көтеріп ұрсуға, балағаттап тіл тигізуге болмайды. Иесі өкпелейді. 4. Жас малдың тістерін санамайды. 5. Мал қораның сыртында және ішінде ысқырмайды. 6. Түнде мал санамайды және ешкімге мал бермейді. 7. Малды біреуге сыйлағанда яки сатқанда, ноқта - жүген, бас жібі берілмейді. 8. Жас ботаны бірден көзге түсірмейді. Ол бір ай шымылдықтың не ши қоршаудың ішінде ұсталады.
26 слайд
Венн диаграмма
27 слайд
Кері байланыс (парақша тарату)
28 слайд
«Өрмекші торы» Сабақты қорытындылау. Сұрақ-жауап Малдың аталарын ата? Төрт түлікке нелер жатады? Ірі қара төлдерді ата? Неше дауысты дыбыс бар? Дауыссыз дыбыстарды ата? Сиыр атасы - ...... Жылқының атасын ата? Қой атасы - ..... Түйе атасы-..... Төрт түлік туралы мақал .
29 слайд
Бағалау. Мадақтау Топтың жинаған ұпайы Топтың қорытынды бағасы
30 слайд
Даналық ағашы.
31 слайд
Назарларыңызға рахмет.
Рабочие листы
к вашим урокам
Скачать
6 377 270 материалов в базе
Настоящий материал опубликован пользователем Аюпова Тамара Сейтжановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт
Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.
Удалить материалВаша скидка на курсы
40%Курс повышения квалификации
36 ч. — 144 ч.
Курс повышения квалификации
72/144/180 ч.
Курс повышения квалификации
36 ч. — 180 ч.
Работа с репутацией личного бренда
Математическое описание случайных явлений
Операционная система windows. Операции с файлами и папками
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.