Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Другое / Презентации / Презентация по казахскому языку и литературе на тему "Ходжа Ахмет Яссауи"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Другое

Презентация по казахскому языку и литературе на тему "Ходжа Ахмет Яссауи"

библиотека
материалов
1389, 1391, 1394 және 1395 жылдардағы қантөгіс ұрыстарда Әмір Темір Алтын Ор...
Қожа Ахмет Ясауи кесенесі — аса үлкен порталды күмбезді құрылыс. Оның ені —...
Ол порталы оңтүстік-шығысқа, ал бүйір беттері тиісінше оңтүстік-батыс пен сол...
Кітапхана мен Ақсарай бөлмелері көлденең аркалармен жабылған. Төбені осылайша...
Ӏрге бөлігі қашалған тас тақталармен дәнекерленген. Кесененің үш қабырғасының...
Кесененің солтүстік-шығыс бетінде Ӏлияс хан ойығының үстіндегі фриз соңында...
Орталық зал — қазандық төбесі жалаң қабат күмбезбен көмкерілген төртбұрышты б...
Бүкіл құрылыстың мағыналық кіндігі — әулиенің көрханасы болып табылады. Бұл —...
Ол мойындығында 16 терезесі бар, шағындау қос қабат күмбезді сопақшалау келге...
1864 ж. Черняев бастаған Ресей әскерлері Түркістан қаласын алған кезде полков...
Қожа Ахмет Йассауи Дүниеге келгені: шамамен1093, кейбір деректерде 1103 жылы...
12 1

Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Описание презентации по отдельным слайдам:

№ слайда 1 1389, 1391, 1394 және 1395 жылдардағы қантөгіс ұрыстарда Әмір Темір Алтын Ор
Описание слайда:

1389, 1391, 1394 және 1395 жылдардағы қантөгіс ұрыстарда Әмір Темір Алтын Орданың өктемдігін жойып, астанасы — Сарай-Беркені өртеп жібереді. Міне, осы жеңістің құрметіне Қожа Ахмет Ясауидің ескі мазарының орнына жаңа, зор кесене орнатуды ұйғарады.

№ слайда 2 Қожа Ахмет Ясауи кесенесі — аса үлкен порталды күмбезді құрылыс. Оның ені —
Описание слайда:

Қожа Ахмет Ясауи кесенесі — аса үлкен порталды күмбезді құрылыс. Оның ені — 46,5 м, ұзындығы — 65 м. Ғимараттың орасан зор порталы (ені — 50 метрге жуық, порталдық аркасының ұзындығы — 18,2 м) және бірнеше күмбезі бар. Оның орталық залының төңірегіне түрлі мақсатқа арналған 35 бөлме салынған. Жамағатхана (мұнда қазан тұруы себепті қазандық деп аталған) күмбезінің ұшар басына дейін есептегендегі ғимараттың биіктігі — 37,5 метр. Сыртқы қабырғалардың қалындығы — 1,8—2 м, қазандық қабырғаларының қалындығы — 3 метр. Жалпы тұрқы симметриялы, жеке бөлшектері — ассиметриялы болып келетін бұл зәулім ғимарат 8 түрлі бөлмелер тобынан тұрады: 1.Қазандық; 2.Үлкен Ақсарай; 3.Кіші Ақсарай; 4.Құдықхана; 5.Кітапхана; 6.Асхана; 7.Көрхана; 8.Мешіт;

№ слайда 3 Ол порталы оңтүстік-шығысқа, ал бүйір беттері тиісінше оңтүстік-батыс пен сол
Описание слайда:

Ол порталы оңтүстік-шығысқа, ал бүйір беттері тиісінше оңтүстік-батыс пен солтүстік-шығысқа қарайтын етіп салынған. Келген адам орталық залға бас порталдың сәнді есігі арқылы кіреді. Қазандық Қазақстан мен Орта Азиядағы кірпіштен өрген күмбездердің ішіндегі ең үлкені, диаметрі 18,3 метрлік күмбезбен көмкерілген. Бұл бөлмеден өткен соң оюмен өрнектелген ағаш есік арқылы Қожа Ахмет Ясауи мүрдесі жатқан бөлмеге кіруге болады. Көрхананың қос қабат күмбезін кейде Мұхаммед Ханафия порталы деп те атайды. Қазандықтан өзге бөлмелерге қарай қос қатарлы сегіз дәліз тарайды. Бұл дәліздер ғимаратты сегіз дара блокқа бөледі. Әр блокта архитектурасы да, пайдаланатын мақсаты да әр қилы бөлмелер бар. Оңтүстік-батыс блокта мешіт орналасқан. Ал оңтүстік- шығыс блокта халимкана бар. Халимканада дүйсенбі мен жұма күндері кедей-кепшік пен дәруіштерге тегін үлестірілетін тағам — халим әзірленетін болған. Солтүстік-шығыс блокта құдықхана, ал солтүстік-батыс блокта Үлкен Ақсарай орналасқан. Оңтүстік-батыс және солтүстік-шығыс жақтарының орта тұсында өзінің архитектуралық тұрқы жағынан біртектес, қабатты залдар — Кіші Ақсарай мен кітапхана бар. Кесенедегі сегіз дәліздің алтауы өтпелі де, екеуі — тұйық. Қожа Ахмет Ясауи кесенесі тек зират болумен шектелмей, мешіт-медреселік қызметтерді де атқарған. Түрлі мақсаттағы бөлмелердің басын осылайша біріктіру өз заманының тамаша үлгісі болып табылады.

№ слайда 4 Кітапхана мен Ақсарай бөлмелері көлденең аркалармен жабылған. Төбені осылайша
Описание слайда:

Кітапхана мен Ақсарай бөлмелері көлденең аркалармен жабылған. Төбені осылайша жабу түрлі пошымдағы күмбездерге, тұрқы шаңырақ тәрізді иықтар мен жаппаларға негіз болып тұр. Бұл жаппаларда көтеруші аркалардың өзара қиылысу элементтері Орталық Азия архитектурасында сол кезге дейін кездеспеген елеулі жаңалық болып табылады. Негізгі бөлмелер — қазандықта, көрхана мен мешітте қос қабатты арқалар жоқ, олардың әрқайсысының қабырғаларынан төрт- төрттен ойықшалар жасалған. Күмбездердің ішкі беті алуан тұрпаттағы сталакиттермен көмкерілген. Бұлар арша ағашынан жасалған білезіктермен бекітілген. Кесененің сырт қабырғаларының көмкерілуі үш бөлікке жіктеледі.

№ слайда 5 Ӏрге бөлігі қашалған тас тақталармен дәнекерленген. Кесененің үш қабырғасының
Описание слайда:

Ӏрге бөлігі қашалған тас тақталармен дәнекерленген. Кесененің үш қабырғасының үстіңгі жағымен өтетін эпиграфтық фризде Құраннан алынған сөздер жазылған. Эпиграфтық фриздің жазулары терракоталық фонда құйма кірпіштермен өрнектелген. Фриздің биіктігі — 2,37 м. Жазулар көгілдір қышпен өрнектеліп, қара көк түсті кірпіш¬термен көлеңке түсірілген. Ғимараттың солтүстік бетіндегі екі бұрыштың екеуінде циллиндр түріндегі діңгектер бар. Бұл діңгектерге де куфа қарпымен жазылған жазулар мен ою- өрнектер түсірілген. Жазулардың арасынан "Алла", "Мұхаммед", "О, жарылқаушы", "Билік Аллада", "Алла менің әміршім" деген секілді, т.б. сөздерді оқуға болады

№ слайда 6 Кесененің солтүстік-шығыс бетінде Ӏлияс хан ойығының үстіндегі фриз соңында
Описание слайда:

Кесененің солтүстік-шығыс бетінде Ӏлияс хан ойығының үстіндегі фриз соңында "Шираздық Қожа Хасан" деген сөз және "һиджраның 800 жылы" деп жазылған. Көрхананың қатпарлы күмбезінің жоғары жақтауы мен алты бұрышты тақтайшада куфалық стильмен шираздық мозаикашы Шемс Әбд әл-Уақабтың есімі жазылған. Ол күмбездің қатпарлы қабырғаларына өрнектер жасаған шебер еді. Бас порталдың екі жағы биік мұнарамен жиектелген зәулім аркасы бар. Оның ені — 50 метрге, ішінің ұзындығы — 18,2 метрге, биіктігі — 37,5 метрге тең. Порталдың салынып бітпей қалған қос қанаты үстінен арка үш бұрыш тәрізденіп көрінеді. Әмір Темірдің кезінде бас порталдың тек нұсқасы ғана бар-ды, оның құрылысын 1583—98 ж. Бұхарды билеген Абдолла хан аяқтады. Абдолла хан заманындағы жөндеу жұмыстарына арналған ағаш діңгектер бүгінге дейін сақталған. XIX ғасырда Қоқан билігі тұсында мұнаралар мен порталға қарабайыр корғану орындары салынып, қам кесекпен қоршалып, кесене қамалға айналдырылған.

№ слайда 7 Орталық зал — қазандық төбесі жалаң қабат күмбезбен көмкерілген төртбұрышты б
Описание слайда:

Орталық зал — қазандық төбесі жалаң қабат күмбезбен көмкерілген төртбұрышты бөлме. Қазандық күмбезі сегіз қырлы, діңгек үстіндегі желкенге табан тірейді. Қазандық күмбезінің ішкі жағы — 18,2 метрге , сырты — 20,5 метрге тең. Қазандық көрхана және мешіт кабырғаларының теменгі жағы алты бұрышты көгілдір тақтайлардан тұратын биіктігі — 1,5 метрлік майолика тыстамамен қапталып, мозаикалық өрнектермен әшекейленген. Әрі мозаикалық бедермен көлеңкелендірілген. Ал еденге жанасар тұста бетіне өсімдік өрнегі салынып, тастан қашалған белдеушелер жүргізілген. Қоладан соғылып, алтын, күміс жалатылған есік тұтқалары мен алты шырағдан да халық өнерінің лағыл-маржандарының қатарына жатады. Бұларда да оны жасаушы исфаһандық шебер Тадж әд-Дин Изеддиннің есімі жазылған. Қола шырағдандағы жазулар һиджраның 799 жылы 20 рамазанында жасалғандығын көрсетеді.

№ слайда 8 Бүкіл құрылыстың мағыналық кіндігі — әулиенің көрханасы болып табылады. Бұл —
Описание слайда:

Бүкіл құрылыстың мағыналық кіндігі — әулиенің көрханасы болып табылады. Бұл — қабырғаларының ұзындығы — 7,15 метрлік төртбұрышты бөлме. Қабырғаларында сталактиттермен әшекейленген тайыздау ойықтары бар. Көрхананың төбесі қос қабатты күмбезбен көмкерілген. Ішкі күмбезі — құрылыстық, сыртқы күмбезі — көркемдік міндет атқарады. Көрхана күмбезі бұрыш-бұрыштағы төрт білікке тіреліп, биік мойындықпен көтерілген. Сыртқы күмбезі қатпарлы. Бұл қатпарлар өсімдік өрнекті пішіндес мозаикамен қапталған. Солтүстік портал қабырғаларының көркемдігі көрген жанды таң қалдырады. Үш ширектік діңгекшелері алты қырлы тақталармен қапталған, көгілдір түсті бояулармен айшықталған. Көрхананың дәл ортасында Қожа Ахмет Ясауидің сағана-құлпытасы орнатылған. Ол жасыл түсті яшмадан жасалған, ернеуіне нәзік өрнектер салынған. Қазандық пен көрханадағы Сафар шебер өрнектеп жасалған ағаш есіктер көркемдігімен көз жауын алады. Көрхана есігінің ою-өрнектері сүйекпен ерекше нақышталған. Есік жұқа темірмен қақталып, оған алтынмен жазулар түсірілген. Есіктің үстіндегі тас тақтайға көрхана Әмір Темірдің бұйрығымен тұрғызылғандығы жайында жазылған. Кесененің мешіті де аса бір тамаша архитектуралық құрылыс.

№ слайда 9 Ол мойындығында 16 терезесі бар, шағындау қос қабат күмбезді сопақшалау келге
Описание слайда:

Ол мойындығында 16 терезесі бар, шағындау қос қабат күмбезді сопақшалау келген зал. Оған қазандық бөлмесінен Жолбарыс хан дәлізі арқылы өтуге болады. Мешіттің батыс жақ кабырғасына Меккедегі Қағба сияқтандырып 3,5x2,5 метрлік мозаикалық михраб орнатылған. Михраб мешітке ерекше көрік беріп тұр. Оның беті мозаикамен және өсімдік суретімен әшекейленген. Михраб — жебе ұшты арқасы бар ойық. Бұл ойық көгілдір түсті мозаикамен көркемделген, тік бұрышты сәндік белдеумен қоршалған, оған ақ әріптермен Құран сөздері жазылған. Әр жерден әсемдік үшін жалатылған алтынның сілемі көзге шалынады. Кесененің оңтүстік-батыс жағында діншілдердің ораза ұстауына және Құдайға құлшылық етуіне арналған жер асты мінажатханалары Қожа Ахмет Ясауидің көзі тірі кезінде жасалып, қайта жаңғыртылған. XVI ғасырда мешітке іргелес қосалқы бөлмелер тұрғызылған. Бұлар: батыс беткейдегі дәрет алатын тахаратхана мен Үлкен Ақсарайдың солтүстік- шығысындағы "балхи" тәсіліндегі иықпен көмкерілген жер асты зираты. XVI ғасырдан кесененің жекелеген бөлмелеріне әйгілі адамдардың сүйектері қойыла бастады. Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде және оның төңірегінде Жолбарыс хан, Есім хан, Абылай хан, Әмір Темірдің шөбересі Бабыр хан, Қаз дауысты Қазыбек би, Жәнібек батыр, т.б. белгілі адамдар жерленген.

№ слайда 10 1864 ж. Черняев бастаған Ресей әскерлері Түркістан қаласын алған кезде полков
Описание слайда:

1864 ж. Черняев бастаған Ресей әскерлері Түркістан қаласын алған кезде полковник Веревкин қала қорғаушылары бас сауғалаған Қожа Ахмет Ясауи кесенесін зеңбірекпен атқылады. Оның снарядтары кесенені 11 жерден опырып кетті. 1871—72 жылдары А. Кун 7 дана фотосуретті "Түркістан" альбомын құрастырды. Бұл әлем жұртшылығының пікірін Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне бұруға белгілі дәрежеде әсер етті. Соның нәтижесінде Ресей өкімет орындары Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне көңіл бөле бастады. 1884 ж. патша үкіметі кесенені жөндеуге 15 мың сом қаржы бөлді. XIX ғасырдың соңына қарай ғалымдар Қожа Ахмет Ясауи кесенесі— эпиграфикасын зерттеуге ден қоя бастады.

№ слайда 11 Қожа Ахмет Йассауи Дүниеге келгені: шамамен1093, кейбір деректерде 1103 жылы
Описание слайда:

Қожа Ахмет Йассауи Дүниеге келгені: шамамен1093, кейбір деректерде 1103 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Сайрам ауданы Қайтыс болғаны: 1166 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан Мансабы:Ақын, Пәлсапашы түркі халықтарының, соның ішінде қазақ халқының, байырғы мәдениетінің тарихында айрықша орыны бар ұлы ақын, пәлсапашы.

№ слайда 12
Описание слайда:


Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 21.02.2016
Раздел Другое
Подраздел Презентации
Просмотров371
Номер материала ДВ-473676
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх