Инфоурок Другое Другие методич. материалыПрезентация по казахскому языку "Компьютер-сынып"

Презентация по казахскому языку "Компьютер-сынып"

Скачать материал

Тақырыбы:               Компьютер досың ба әлде жауың ба?

Мақсаты:                      Оқушылардың уақытты үнемді пайдаланып, компьютерді тек өз уақытымен пайдалануға дағдыландыру,  ғылым-білімге жетелей отырып, өз денсаулығын сақтап, салауатты өмірге тәрбиелеу.

Көрнекілігі:      Буклет, компьютер, ұялы телефон, планшеттер макеті,  балалар салғсан суреттер топтамасы.

                              Сабақ барысы:

I.Ұйымдастыру.

II. Кіріспе сөз.

III. Негізгі бөлім.

IY.Пысықтау.

Y.Қорытынды.

YI.Үйге тапсырма.

I. Ұйымдастыру.

 (Оқушылардың көңіл-күйін көтеретін шаттық шеңберін өткізу).

               Қуанамын мен де, (өзін көрсетеді)

               Қуанасың сен де, (жанындағы баланы көрсетеді)

               Қуанайық достарым, (бір-бірінің қолдарын ұстайды)

               Арайлап атқан күнге! (қолдарын жоғары көтереді)

II. Кіріспе сөз. Құрметті оқушылар, қоғамның қарқынды дамуы көбіне оның білімі мен мәдениетінен анықталады. XXI ғасырды ақпараттандыру ғасыры дейміз. Соған орай,  біз бүгінгі заман ағымына сай ақпараттық мәдениетті сауатты адам болуымыз керек.  Ол үшін  ақпаратты алумен қатар компьтерді қалай падалану керетігін өте есте сақтауымыз қажет екен. Бүгінгі тәрбие сағатын нағыз ұлт жанашыры, тәуелсіз елдің құрбандарын ақтап шыққан белгілі қоғам қайраткері, ақын  М.Шахановтың «Компьютер басты жарты адам»  атты өлеңінен үзінді айтып бастайын:

Біз қаншама жас өскінді аттандырдық шет елге,

Білім алып келсін дедік,

Жер, ел танып келсін дедік.

Бірақ осы ізгі үмітті жалаң білім өтер ме?

Зұлымдық та білім  - қызға ғашық болып сүйісті,

Кім тежемек, кім қайтармақ бұл пенделік күйісті?

Жалғыз жол бар:  білім әркез рухани байлыққа

Терең тамыр жіберуге тиісті.

Қайтсек екен, монитор көз, компьютер бас жас талап,

Білім + Рух болуы үшін ажырамас қос қанат?

Қай кезде де білім – күшің әрі нұрлы жетегің

Білімнің де адамзатқа зияны бар екенін

Кім ойлапты, құдайым-ау, егер ұры қаншама,

Зор білімін қару етсе жан сала,

Бейқам елге оның «сыйлар» азабы да соншама...

     Міне, ақын ағамыздың осы пайдасы мен қаншама «азап сыйлайтын» бүгінгі қаһармандарымызға сөз кезегін берейік.

III. Негізгі бөлім:

1.Компьютердің пайдалы және қауіпті жақтары.

2.Ұялы телефон оның пайдасы мен зияны.

3. Планшет. Көптеген балалардың қолынан планшетті жиі көреміз. Жастайынан  планшетке тәуелді болған дұрыс па?

4. Интернет. Пайдалы және пайдасыз жақтарын ата

 

 

 

 

 

                                                                                                   

Р/с

Сұрақтар

Жауабы

1

Компьютерде жұмыс істеу мүмкіндіктерің бар ма?

 

2

Компьютерлік клубтарға жиі барасыз ба?

 

3

Бір күнде қанша сағат компьютердің алдында отырасыз?

 

4

Компьютерде немен айналысасыз?

 

5

Компьютерде жұмыс істеуді басқа жұмыстармен ұштастырасыңдар ма?

 

6

Компьютерде жұмыс жасауда қанша уақыт аралығында үзіліс жасайсыңдар?

 

7

Үйіңізде компьютер бар ма?

 

8

Арнаулы компьютер үстөліңіз бар ма?

 

9

Арнаулы компьютер орындығыңыз бар ма?

 

10

Жарық саулелері компьютерге қай жақтан түседі?

 

11

Компьютерде жұмыс істеген кезде көзіңіздің, басыңыздың ауырғаны байқала ма?

 

 

IY. Пысықтау. Мұғалім сөзі.

1) Оқушыларға сөз ( өлеңдер оқылады).

2) Оқушылардың салған суреттерін сөйлету.

3) Ән

Y.Қорытынды.

1.Мұғалім сөзі.

Жаһанданып қоғамың жаңарғасын,
Өміріңнің өзгертті бар арнасын.
Компьютер
 алдынан бір шықпайсың,
Ғаламторға телмірген замандасым.

Амалдарды ұмытсаң бар қайырлы,
Ғаламтордан аласың қандай үлгі.
Таңға дейін
 маужырап отырасың,
Маниторға ұрғанша
 маңдайыңды.

Уақыт тауып сырласып,мұң шағатын,
Достарыңның оқисың мұнша хатын.
Құдайды ойлап,бірақ та бір тәуліктің,
Құлшылыққа қимайсың бір сағатын.

Танымың тар қапасқа қамалмасын,
Аллаға иіу керек адам басын.
Босқа өткізіп,өлтірген уақытыңды,
Өкінішті,қайтарып ала алмасың.

2. Компьютермен жұмыс істеу үшін 14 кеңес.

YI.Үйге тапсырма.

     Калифорниялық бір ер кісі Online (қосулы тұрған)-қызметтер үшін өзінің бар тапқан ақшасын құрбан еткен. Онысымен қоймай өзі отырған қара шаңырақты да осы компьютердің  жолында рәсуә етіпті. Үй-жайсыз қалып, күнкөріс қамын жасамақ болып, ұрлық жасап жатқан жерінде ұсталып қалады.  Сол кездегі әлгі бәтшәғардың айтқаны: ”Мен үшін компьютерде отыру үйімнің болғанынан да артығырақ.  Мен компьютер арқылы  көп достар таптым. ”депті.

1.Сенің көзқарасың қалай?

2.  Ойтолғау. «Компьютер дос па, жау ма»

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Астана қаласы

№63 мектеп-гимназия

 

 

 

 

 

 

 

 

Сынып сағатының тақырыбы:  

Компьютер досың ба әлде жауың ба?

 

6 «А» сынып

 

Сынып жетекшісі: Бигожина Б.О.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2017 ж.

                                                     

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Презентация по казахскому языку "Компьютер-сынып""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Специалист сварочного производства

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 528 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 21.02.2017 782
    • DOCX 26.8 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Бигожина Бахина Олжабаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Бигожина Бахина Олжабаевна
    Бигожина Бахина Олжабаевна
    • На сайте: 8 лет
    • Подписчики: 1
    • Всего просмотров: 7267
    • Всего материалов: 8

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой