Артикуляция на казахском языке подойдет логопедам, которые работают с детьми и взрослыми, имеющими нарушения речи. Логопеды помогают развивать четкость произношения, улучшать дикцию и устранять речевые дефекты. Специалисты, владеющие казахским языком, смогут эффективно работать с носителями языка, учитывая их культурные и языковые особенности. Также, артикуляционные упражнения на казахском языке будут полезны для логопедов, чтобы помочь своим клиентам лучше овладеть родным языком и повысить уверенность в общении.
Курс повышения квалификации
Курс профессиональной переподготовки
Курс повышения квалификации
Курс профессиональной переподготовки
1 слайд
Сабақтың тақырыбы
Алғашқы ғылыми фантастикалық фильм
Оқу мақсаттары
7.2.4.1 Идеясы ұқсас публицистикалық және көркем әдебиет стиліндегі мәтіндердің тақырыбы, құрылымы, мақсатты аудиториясы, тілдік ерекшелігін салыстыра талдау;
7.4.5.1 Сөйлем соңында және сөйлем ішінде қойылатын тыныс белгілерін (даралаушы және ерекшелеуші) дұрыс қолдану.
2 слайд
Оқу бағдарламасында қарастырылған оқу мақсатына сәйкес сабақтың мақсаты
Барлық оқушылар орындай алады: Публицистикалық және көркем әдебиет стиліндегі мәтіндерді түсініп оқиды. Айтылу мақсатына қарай сөйлемде қолданылатын тыныс белгілерді біледі.
Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Публицистикалық және көркем әдебиет стиліндегі мәтіндерді түсінеді, тілдік ерекшеліктерді анықтауға, сөйлем соңында және сөйлем ішіндегі тыныс белгілерді қоюға талпынады.
Кейбір оқушылар орындай алады: Идеясы ұқсас публицистикалық және көркем әдебиет стиліндегі мәтіндердің тақырыбы, құрылымы, мақсатты аудиториясы, тілдік ерекшелігін салыстыра талдайды. Сөйлем соңында және сөйлем ішінде қойылатын тыныс белгілерін (даралаушы және ерекшелеуші) мәтінде дұрыс қолданады.
3 слайд
белгіленген мақсаттарға жету деңгейін бағамдау үшін мына бағалау критерийлерін қолданамын
7.2.4.1
Мәтіндердің стилін, тақырыбын анықтайды;
Құрылымы мен аудиториясын ажыратады;
Тілдік ерекшелігін салыстырады.
7.4.5.1
Сөйлем соңында және сөйлем ішінде қойылатын тыныс белгілерінің қойылу тәртібін ескереді;
Сөйлемдерде дұрыс қолданады.
4 слайд
Сабақтың бастапқы кезеңінде оқушылар зейінін шоғырландыру үшін сәлемдесемін, түгелдеймін. Ынтымақтастық атмосферсын орнатамын. Сабаққа деген қызығушылығын оятып, тақырыпты болжау үшін «Суреттер сөйлейді» әдісін қолдамын.
5 слайд
оқушылардың қажетті білім, білік-дағдыларды игеруін қамтамасыз ету, оқылым 4 мақсатына жету үшін төмендегі тапсырмаларды ұсындым.
1-тапсырма. Екі мәтінді салыстырып тақырыбын, құрылымын, мақсатты аудиториясын, олардың тілі мен стилінің формасын, ұқсастығын және айырмашылығын сараптаңыз.
Публицистикалық жанр
1902 жылдың 2 мамырында Францияда «Айға сапар» атты әлемдегі алғашқы ғылыми-фантастикалық фильм жарық көрген. 21 минуттық фильмді Жюль Верн шығармасының желісі бойынша режиссер Жорж Мельес түсірген. Кинематография тарихына арналған энциклопедияларда актер әрі режиссер Жорж Мельестің аты «алтын әріптермен» жазылған. Себебі ол кинофантастика деген жанрдың пайда болуына түрткі болған. «Марс - первый контакт» атты алғашқы қазақстандық ғылыми-фантастикалық фильм түсірілмек. Фильм режиссері – қазақстандық танымал режиссер Қалила Омаровтың ұлы Мұхтар Омаров. Ол Марс туралы фильм түсіру идеясын осыдан бірнеше жыл бұрын ойластырғанын айтады. Сосын бізде неге осындай ғылыми-фантастикалық фильм жоқ деген ой келді. Осыдан кейін дәл осы жанрда фильм түсіру идеясы келді. Әрі біз ғарыш елі саналамыз. Бізде «Байқоңыр» бар. Сол ғарыш айлағын пайдалана отырып, кино түсіру керек»,-дейді жас режиссер. Қазақстандық фильмнің сюжеті бойынша, оқиға 2114 жылы адамзат Жердің бар байлығын тауысқан кезеңде Алматыда өрбиді. 10 адамнан тұратын экспедиция Қызыл планетаға аттанады. Олар бұл планетаға «NAN 2100» атты Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің құрметіне қойылған ғарыш кемесімен ұшады.
6 слайд
Көркем әдебиет
Биолог Туранов, сіз өз пікіріңізді кесіп айтсаңызшы, қараптан қарап отырып дағдарып қалдық қой. Осылай отыра береміз бе, жоқ әлде тысқа шығып өлеміз бе? «Байқоңыр-12» космос кемесінің командирі Елшібек Оразов креслода шалқалап жатқан биологқа осылайша шүйілді. Туранов көзін тарс жұмып сулық жатыр. Оның қалың ой арпалысында жатқанын сезу онша қиын емес-ті. Ол ақырын жыбырлап көзін ашты да, кеудесін көтеріп отырды. «Байқоңырдың» барлық экипажы мұны қаумалап тұр. Туранов алпамса денелі кең маңдай командир Оразовты, әншейінде талшыбығым деп әзілдейтін кеме дәрігері Мәриям Темірболатованы, конструктор-механик байсалды мінез Осиповты көз жүгірте шолып өтті. Бәрінің де жанарында бұлыңғыр үміт ізі. «Байқоңыр» болса космос әлемінің бір белгісіз түкпіріндегі әлдеқандай жұмбақ сырлы сарғыш планетаның тұтқыны...
7 слайд
Оқылым бойынша оқу мақсатына жету үшін төмендегі тапсырмаларды бердім. Осы тапсырмалар бойынша орындаған жұмысы деңгейін сипаттайтын дескриптор ұсындым.
«Т кестесі» арқылы тілдік құралды ажырату. Мәтіннен көркем әдебиет стиліндегі сөйлем болса «Ішке» деген бағанға, публицистикалық стиль болса «Сыртқа» деген бағанға бөліп жазыңдар.
ВЕНН ДИАГРАММАСЫ
КӨРКЕМ ӘДЕБИЕТ СТИЛІ ҰҚСАСТЫҒЫ ПУБЛИЦИСТИКАЛЫҚ
СТИЛЬ
ДЕСКРИПТОР
Стиль түрін анықтайды;
Мәтіндерді салыстырады;
Тілдік ерекшеліктерді анықтайды;
Мәтіндердің негізгі идеясын анықтайды.
ҚБ «Баскетбол» әдісі арқылы өзара бағалау.
8 слайд
ӘТН 5 мақсатына жету үшін келесі тапсырманы беремін және оны орындау деңгейінің дескрипторын ұсынамын.
2- тапсырма
Мәтінді мұқият оқып, тыныс белгілерін қойып шығыңыз.
Дескриптор
Сөйлемдерді ажыратады;
Сөйлем соңында және сөйлем ішінде тыныс белгілерді дұрыс қояды;
ҚБ «Жұдырық-алақан» әдісі арқылы өзін- өзі бағалау.
9 слайд
Сабақты қорытындылау кезеңінде оқу мақсаты мен «Алғашқы ғылыми фантастикалық фильм» тақырыбын ескеріп, келесі тапсырманы бердім.
3- тапсырма «Қиял арманға жетелейді» тақырыбында эссе жазыңыз. Мазмұн тұтастығын ескеріңіз, құрылымын сақтаңыз, тыныс белгілерді дұрыс қолданыңыз.
ДЕСКРИПТОР
Көркем әдебиет стилі, құрылымын сақтап жазады;
Мақсатты аудиториясын ескереді;
Сөйлем соңында және сөйлем ішінде тыныс белгілерді дұрыс қояды.
ҚБ мұғалім тарапынан кері байланыс.
10 слайд
Оқушылардың жеке қажеттіліктерін ескере отырып, қолдау көрсету мақсатында келесідей САРАЛАУ тапсырмаларын бердім.
Қабілетті оқушылармен жұмыс
«Егер де ...» әдісі бойынша оқушы мақсатты аудиториясы сыныптастарына публицистикалық және көркем әдебиет стилінің ерекшелігін ескере отырып мақала немесе ойтолғау жазу. Сөйлем соңында және сөйлем ішінде қойылатын тыныс белгілерін (даралаушы және ерекшелеуші) дұрыс қолдану.
Қолдау көрсетуді қажет ететін оқушылармен жұмыс:
Сөйлем соңында және сөйлем ішінде қойылатын тыныс белгілерді дұрыс қолдануға қолдау көрсету мақсатында семантикалық картамен жұмыс жасау.
11 слайд
Оқушылардың білім деңгейін тексеру ғана емес, сонымен қатар ынталандыру, қолдау үшін ауызша кері байланыс пен «Баскетбол», «Жұдырық-алақан» әдісі арқылы қалыптастырушы бағалауды сабақтың өн бойында жүргіземін.
Ашық алақан көрсеткендер- сабақты
толық түсінгендер.
Үш саусақты жоғары көтергендер –
әлі де толықтыруды қажет ететіндер.
Жұдырығын көтергендер – сабақты түсінбегендер.
12 слайд
Жалпы қорыта айтқанда, ықшам сабақты өте келе жаңартылған оқу бағдарламасының оқу мақсаттарына сүйеніп бағалау критерийлері, тапсырма мен дескрипторды сабақта тиімді қолданысқа енгізсе, баланың танымдық белсенділігін арттыруға, өз бетінше білім алуға, шығармашылығын қалыптастыруға ықпал ететіндігін байқаймыз. Ал қалыптастырушы бағалау оқудың қызықты, жеңіл өуге, ұжымда бірлесіп жұмыс жасауға, түсінбегенін қысылмай сұрауға, сабақтың өн бойында кері байланыс арқылы мұғалімнен қолдау алуға, алған білімін жетілдіруге үйретеді. Яғни, оқушы өз ой-пікірін ашық еркін айтады, бір-бірін тыңдауға үйренеді сыныпта ынтымақтастық атмосферасы қалыптасады. Курс барысында осы Бағдарлама жан-жақты дамыған, болашағы айқын, бағдары анық, бәсекеге қабілетті рухани бай тұлға қалыптастыра алатынына көзім жетті.
Рабочие листы
к вашим урокам
Скачать
7 350 643 материала в базе
Настоящий материал опубликован пользователем Айдосова Шынар Тасбековна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт
Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.
Удалить материалВам будут доступны для скачивания все 328 412 материалов из нашего маркетплейса.
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.