Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Иностранные языки / Презентации / Презентация по казахскому языку на тему "Алтын күз" 4 класс

Презентация по казахскому языку на тему "Алтын күз" 4 класс


  • Иностранные языки

Поделитесь материалом с коллегами:

Тексерілді:

Оқу ісінің меңгерушісі:



«ҚАЗАҚ ТІЛІ»

Пәні бойынша сабақ жоспары.



Уақыты:______________ Сынып______________

Сабактың тақырыбы: Алтын күз.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға жаңа сабақты түсіндіру арқылы жаңа сөздермен таныстыру, өткен сабақтарды байланыстыру арқылы алған білімдерін пысықтау.

Дамытушылық: Логикалық ойлау қабілеттерін, ауызекі сөйлеу мәдениетін дамыту. Сауатты жазуға, дұрыс сөйлеуге, өз бетімен жұмыс істеуге үйрету. Қазақ тіліне қызығушылығын арттыру.

Тәрбиелік: Қазақстандық ұлтжандылыққа, отансүйгіштікке, табиғатты қорғауға тәрбиелеу.

Сабақ түрі: жаңа сабақты түсіндіру.

Оқыту әдісі: түсіндіру, әңгіме, сұрақ – жауап.

Көрнектіліктері: суреттер, сызбалар, тематикалық жинақтар, жеміс – жидектердің макеттері.

Пәнаралық байланыс: тіршіліктану, қазақ әдебиеті, орыс тілі.

Сабақтың барысы: 1) Ұйымдастыру кезеңі:

  • Сәлеметсіздер ме , балалар!

  • Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұранын орындаймыз.

  • Жарайсыңдар, балалар, отырыңдар!

А. Сыныпты ұйымдастыру:

- Балалар қазір қандай сабақ?

- Біз қазақ тілі сабағында не істейміз?

- Қазақ тілі сабағы нешінші сабақ?

- Бүгін аптаның қай күні?

- Бүгін нещесі? Сбақта кім жоқ?

- Бүгін ауа райы қандай?

ЖАҢА САБАҚ: Ал, балалар бүгінгі жаңа сабақтың тақырыбы «Алтын күз» деп аталады.

Сары алтындай сары күз,

Қамбадағы дәніміз.

Шелек-шеле балымыз,

Ағыл – тегіл ағымыз.

Жаздай күткен бәріміз

Сары алтындай сары күз.

Алтын ұя мектепте

Сабақ бастар шағымыз. М. Әлімбай. Бүгінгі сабақта біз сендермен жыл мезгілдерінің тамаша бір мезгілі күз мезгілі туралы әңгімелесеміз . Кітаптарыыздың 36 бетін ашып дәптерлерімізге бүгінгі күнді жазамыз. Жаңа тақырыпты бастамас бұрын тақтадағы жаңа сөздермен танысайқ және де оларды қазақша – орысша оқып. Сөздік дәптерлерімізге жазып аламыз.

Күз келді – пришла осень

Молшылық – богатство

Жаңбыр жауады – идет дождь

Жапырақтар сарғаяды – листья пожелтели

Салқын – прохладно

Құстар – птицы

Суық жел – прохладный ветер

Ауа райы – погода

Жеміс жидектер – ягоды

Көкөністер – овощи

Кәнеки балалар осы жаңа сөздермен сөйлем құрастырайық. Күз келді. Жаңбыр жиі-жиі жауады. Жапырақтар сарғайып жерге түсіп жатыр.

СУРЕТПЕН ЖҰМЫС: Балалар мына тақтадағы сызбаға, суреттерге көңіл аударайықшы. Суреттер мен сызбалар арқылы күз туралы әңгімелесейік.

1)Қазір жылдың қай мезгілі?

2) Күзде неше ай бар?

3) Күзде ауа райы қандай болады?

4) Құстар қай жаққа ұшып кетеді?

5) Күзде жаңбыр жауа ма?

6) Күзде не піседі?

7) Күз қандай жыл мезгілі?

МӘТІНМЕН ЖҰМЫС: Кітабымыздың 36 бетінде мәтінде оқып, орысшаға аударамыз.

Балалар, сөйлемде сөздер бір-бірімен грамматикалық байланыста қолданылады. Сол байланыстың негізінде сөйлемдегі сөздердің белгілі орын тәртібі болады. Сөздердің орын тәртібі сөйлем мүшелері ыңғайында былай болады.

  1. Бастауыш баяндауыштан бұрын тұрады.

  2. Толықтауыш өзінің толықтайтын сөзінен анықтауыш сөзінен, анықтауыщ өзінің анықтайтын сөзінен, пысықтауыш өзінің пысықтайтын сөзінен бұрын тұрады. Мысалы: Жаңбыр жиі-жиі жауады.

БАСТАУЫШ ПЫСЫҚТАУЫШ БАЯНДАУЫШ

АНЫҚТАУЫШ

ТОЛЫҚТАУЫШ



ЖАЗБАША ЖҰМЫС: 3-тапсырманы орындау.

Сөйлемдерді дұрыс құраңдар.



СЕРГІТУ ЖҰМЫСЫ: Өрік, алма, шие, алша.

Жидек, жүзім піседі

Қауын, қарбыз, қияр, сәбіз.

Дүкендерге түседі.

Бөбектерім, айтыңдаршы

Бұл қай кезде болады?



«ЖЕМІСТЕР МЕН КӨКӨНІСТЕР» ойыны.

-Ал, балалар, шаршаған боларсыңдар ойын ойнайық.

Ойынның шарты: жемістер мен көкөністерді ажырату.

Жемістерді ағашқа жинап, көкөністерді себетке жинаймыз , осылайша біз жемістер мен көкөністердің аттарын есімізге түсіреміз.



ҚОРЫТЫНДЫ БӨЛІМ: Сонымен балалар қорыта келгенде балалар сендер бұл мезгілді ұнатасыңдар ма? Күз қандай жыл мезгілі?



ҮЙГЕ ТАПСЫРМА: 38 бет «Алтын күз» өлеңді жаттау.

































КММ « №1 Шонжы орта мектебі»













Ашық сабақ

Тақырыбы: « Алтын күз»















Сынып: 4 «б»

Мұғалім: Турсунова Н.Т.






2016ж

Директору НПО центра

« Генофонд Евразии»

А. Сарсенову

от учителя КГУ

«Чунджинская средняя школа№1»

Турсуновой Назиры Турсунбековны



Анкета – заявка

на Республиканский конкурс « Лучший современный урок»

Ф.И.О. Турсунова Назира Турсунбековна

Регион: Алматинская область Уйгурский район Село Чунджа

Место работы: сш№1

Стаж работы: 12лет

Предмет: казахский язык и литература

Тема урока: Бақыт кілті- еңбекте

Должность: учитель

Категория: ІІ

е-маil: tursunova.nazira@bk.ru

номер телефона : 87021682900






Автор
Дата добавления 16.11.2016
Раздел Иностранные языки
Подраздел Презентации
Просмотров23
Номер материала ДБ-357932
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх