Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Директору, завучу / Другие методич. материалы / Презентация по казахскому языку на тему "9 мая"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Директору, завучу

Презентация по казахскому языку на тему "9 мая"

библиотека
материалов

Зилькенов Саниял Оразбайұлы

Көктөбе жалпы орта білім беретін мектептің

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі








Тақырыбы:

«Отты жылдар шежіресі»

/Ұлы Жеңістің 70 жылдығына/



C:\Users\учитель\Desktop\картинки на день победы\1406960509_zheniske-70-zhyl-copy.jpg





Көктөбе - 2015 жыл



Түсінік хат

Президент Н.Ә.Назарбаев қазақстандық отансүйгіштікке тәрбиелеуді бүгінгі күннің маңызды міндеті ретінде алға қойып отыр. Тарих пәнінің тәрбиелеушілік мүмкіндігі өте мол. Өйткені ол бүкіл адам баласының ғасырлар бойы жинаған тәрбиесін баяндайды.Тарих пәні небір тамаша тарихи фактілерді, оқиғаларды, құбылыстарды, жеке тарихи қайраткерлердің халық үшін жасаған қызметін баяндайды, осылардың бәрі олардың жүрегіне, сезіміне күшті әсер етеді, адамгершілігі жоғары, өз елін, отанын сүйетін, саналы азамат болып қалыптасуына үлес қосады.

Бүгінгі таңдағыҚазақстан жағдайында ұлттық патриоттық сезімін қалыптастырудың, адамгершілікке негізделген ұлт аралық береке –бірлікті, ынтымақтастықты, бейбітшілікті нығайтудың маңызы зор. Осыған байланысты сабақтан тыс өткізілетін іс- шаралар патриоттық сезімді оятуға,отансүйгіштікке, ерлікке, адамдыққа, елін , жерін қорғауға, шыншылдыққа тәрбиелейді.Мысалы, қазақ хандығының 550 жылдығына "Абылай хан- қолбасшы, мемлекет қайраткері" атты тақырыпта тарихи- танымдық сабақ, "Отты жылдар шежіресі" атты тақырыпта сахналық қойылым.

Патриоттық сезім тұлғаның тектілігімен туындап, тәрбие арқылы өсіп жетіліп, патриоттық сана түрінде қалыптасады. Ұлттық патриотизм жеке адамның белгілі бір ұлтқа тән екендігін түсініп сезінуі, өз ұлтының қасиеттерін бойына сіңіруі және оны қастерлеп қадір тұтып, қорғап, сақтауға дайын болуы.

Халқы үшін тәуелсіздік жолында өмірлерін сарп еткен, ел аузында есімдері аңызға айналған батырларымыздың ерлігі мағыналы да, мәнді тарих беттерінен орын алып қала бермек.

Ерлік ешқашан есеппен жасалмайды, ол елім деп соққан жүректің әмірімен, тамырда атойлаған қанның жалынымен дүниеге келеді. Сондықтан да оның ғұмыры мәңгілік.

Күтілетін нәтиже:Оқушылардың Ұлы Отан соғысы жайлы түсініктерін кеңейте отырып, жеңістің оңайлықпен келмегеніне көздерін жеткізу.

Отанға деген шексіз махаббатқа, сүйіспеншілікке тәрбиелеу, достық, бірлік, ынтымақтастық, жауапкершілік сезімдерін ұялату.Өткені мен бүгінін таразыға сала алатын, келешегінің сабағын ертеңіне бағдар еткен рухтағы асқақ, жандары таза жастарды тәрбиелеу.








«Отты жылдар шежіресі»

(сахналық қойылым)

Ұлы Жеңістің 70 жылдығына



Мақсаты:

1.Ұлы Жеңісті дәріптеу, өз Отанын, елін, жерін сүю, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру, Отанын, туған елін қорғай білуге тәрбиелеу.

2. Қазіргі өркениетке ұмтылған, қоғам талабына сәйкес өз пікір- көзқарасы, эстетикалық талғамы бар білімді, зерделі, рухани салт- дәстүрімізге жетік, ұлттық- патриоттық сезімі бай жеке тұлғаны қалыптастыру.

3.Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен ата- бабаларымыздың ерлік істерін қастерлеп құрметтеу, рухын көтеру, үлгі- өнеге тұту.

Көрнекілігі:Слайд, Мәңгі алаудың, Рейхстагтың макеті жасалып, гүл шоқтары қойылады, пулемет, автомат, мылтықтар, әсем безендірілген «Ерлігің – мәңгі есімде!» тақырыбы бойынша плакат ілінген.

1- жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті қонақтар мен ұстаздар, оқушылар!

Ұлы Отан соғысында құрбан болған аталарымыз бен әкелеріміздің ,мәңгі жас болып жадымызда сақталған жауынгерлер мен офицерлер рухына, бейбіт кезеңде дүниеден өткен ардагерлер аруағына, бүгінде ортамызда жүрген Ұлы Отан соғысының ардагерлерінің құрметіне арналады.

І бөлім. «Бейбіт өмір»

2-Жүргізуші: Мамыражай ауыл өмірі. Ауыл жастары мектеп бітіру кешінде қыдырыстап жүр. (Сахнада 15 шақты қыз бен жігіт)

1 оқушы: Оу, қыздар, жігіттер бұл не тұрыс? Көңілімізді көтеріп би билейік.

2 оқушы: Дұрыс айтасың, билесек билейік. (Ән басталып, би билей бастайды, осы кезде ән аяқтала бергенде ауа райы бұзылып, күн күркірейді. Радиодан дауыс естіледі).

Радиодан:Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! Сөйлеп тұрған Москва! 1941 жылы 22 маусымда фашистік Германия тұтқиылдан соғыс жариялап, елімізге басып кірді.

(Осы дауыс естіліп тұрғанда аң- таң болған жастар тұрып қалады, ауыл адамдары жинала бастайды. Сахнада адамдар тып- тыныш бола қалады).

1 оқушы: «Соғыс, соғыс» дейді, естідіңдер ме?

2 оқушы: Сұмдық- ай, соғыс дей ме? Енді қайттік? Күніміз не болар екен?

(Жылап- сықтау басталады)

3 қыз: Қойыңдар, жамандық шақырмаңдар! Ел шетіне жау тисе, арқа сүйер азаматтар бар емес пе?!

4 азамат: Ат басына күн туса,

Ауыздықпен су ішер.

Ер басына күн туса,

Етігімен су кешер,- деген бар емес пе?! Жыламаңдар! Көз жастарыңды тиыңдар!

Әжесі:(Әжесі баласын сүйіп келініне қарап)

Оралсын аман жеріне,

Көріссін туған елімен.

Үлкен үйден дәм татса,

Кешікпей дейді келеді.

Келін:(қалтаға салынған топырақты берген келіні)

Кебін киген өледі,

Кебенек киген келеді.

Үлкен үйден дәм татса,

Кешікпей дейді келеді.

(Жарының соңынан жылап қалады. Әскери музыка ойнап тұрады)

5 азамат: "Отан үшін отқа түс, күймейсің" деген дана халқымыз. ел қорғауға ер намысымен аттанған біздің алдымызда үлкен бел жатыр.

6 азамат: Туған елдің келешегін сақтауға біз міндеттіміз! Ендеше, Отан үшін аттанайық!

Радиодан :Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! Отанымызды жау қапыда басты. Ел үшін, жер үшін барлық азаматтар Отан қорғауға аттаныңыздар!

Барлығы: (әскери коммисарият)Отан үшін аттанайық! ("Священная война" музыкасының фонында әскер сабы өтеді. Мылтық, миномет, снаряд дауыстары естіліп жатады.)

1- жүргізуші: Тепсе екпіні тау құлатқан,

Алған демі дауылдатқан.

Батыр қазақ, шапшаң баптан,

Аттан жауға, аттан, аттан!

2- жүргізуші: 1941 жылы 22 маусымда ер азаматтар асығыс соғысқа аттанды.

2- бөлім. "Отан үшін отқа түс"

1- жүргізуші: Отанын қорғауда қазақстандықтар ерен ерлігімен танылды. Мәскеу үшін болған шайқаста қазақстандық 28 батыр жауынгердің ерлігі ерекше.

2- жүргізуші: 1941 жылдың 16 қарашасы немістер Москваға Волокалам бағытында ұрысқа шықты.

(Шағындау келген бөлмеде қабырғадағы картаға мұқият генерал қарап тұрады).

Генерал: Қап! Мына фашист иттің тікендей қадалып тұрғанын қарашы! Соқыр ішектей созылып тұрғанын нағылеттің!

(Осы кезде Бауыржан кіреді)

Бауыржан: Бұйрығыңыз бойынша келіп тұрмын, жолдас генерал!

Генерал: бері жақындаңыз, капитан Момышұлы! білген адамға карта- жердің айнасы. Көрмеген жерді карта арқылы танып, оның жол- жобасын, ой- шұңқырын, орман- даласын картадан ғана көріп отырмыз.

Бауыржан: Иә, жолдас генерал." Карта- білмегенге сенімді жетекші" деген сөз бар ғой.

Генерал: Дұрыс, ал енді жақындап қараңыз.Көріп тұрсыз, мына бармақтың таңбасындай қара белгі Демянск деген қала, жау қол астындағы жер, яғни дұшпанның армиясы. Мына жыбырлап шашылып картаның бетіндегі секпілге ұқсап жатқан 90 шақты деревняның барлығы дұшпан қолында. Осы жерлерді, бір сөзбен айтқанда Москваны дұшпанның шеңгелінен азат етіп, жерін босатып алу Сіздің полкке міндеттеліп отыр, капитан Момышұлы!

Бауыржан: Түсінікті, жолдас генерал! Дұшпан осал емес, мықты жау. Құр бопсалауға ол көне қоймас. Бірақ олар қанша мықты болса да, біздің жауынгерлер олардан ыға қоймас.

Генерал: Аһ, соғыс, соғыс! майдан, қырғын, арпалыс, қылшылдаған аяз, қасарысқан дұшпан. Осының барлығына шыдау керек.

Бауыржан: Тізе бүгіп тірі жүргеннен,

Тік тұрып өлген артық емес пе?!

Шыдаймыз, жеңеміз жауды!

Генерал: Капитан Момышұлы, сізге батальоныңызбен бірге Москва түбін жаудан азат етуді бұйырамын.

Бауыржан: Құп болады, жолдас генерал!

(Бауыржан жанында 2-3 жауынгері бар)

Бауыржан: -Әй, жігіттер, қазақ қазақ болғалы талай- талай қамаудан өткен. Талай шабуыл- жорықтарды басынан кешірген. Халық басына күн туғанда, қалың қауымды бастайтын ері болмаса, ел не болмақ? Халқымыз мұнда бізді қонаққа жіберген жоқ. майданға, халық бақытын қорғауға жіберді. Жігіттер, істеріңе адал болыңдар. Отан үшін, отқа түс, күймейсің. Өлсек шейітпіз, халық үшін қазамыз. Ал біріміз осалдық істесек- опасыздық жасағанымыз. Өлсек те ел намысы дегенді ұмытпайық.

Жауынгер: Бауыржан, дұрыс айтасың. Міндет те, кім екеніміз де, бұл жерге не үшін келгеніміз де түсінікті. Халқымызға, ел- жұртымызға, қазақ баласы деген атымызға қара таңба салмайық.

Диктор: Қызыл армия Москва түбінде гитлерлік басқыншыларды алғаш рет жеңді. Бұл шайқаста Бауыржан Момышұлы басқарған батальон ерліктің тамаша үлгісін көрсетіп, жауды ойсырата жеңді. Фашистердің қауырт соғыс жоспары күйреді.

3- бөлім "Ленинград қоршауы"

1-Жүргізуші: 1941 жылдың қыркүйек айы. (Қайғылы музыка. Жараланған солдаттар, медбикелер, мылтығын тазалаған солдаттар Осы кезде бір солдат кіріп, листовка таратады. Жаралы солдат орнынан тұрған кезде екі жолдасы сүйемелдейді).

Қазақ жігіті: ел дегенде езіліп, жұрт дегенде жұмылып отырған қайран елім- ай! Жау қолында қалмасын деп жүрегімізге жалын тастап отырған Жамбыл бабамның бізге арнаған жыр жолдарын тыңдайықшы. (Екі жағындағы жігіт кетеді).(Өлең оқылып тұрғанда экраннан қоршауда қалған Ленинград көріністері көрсетіледі.)

(Жамбыл бейнесінде киінген ақсақал ортаға шығып, "Ленинградтық өренім" өлеңін оқиды).

Ленинградтық өренім,

Мақтанышым сен едің!

Нева өзенін сүйкімді,

Бұлағымдай көремін.

Жасағам жоқ өмірді,

Жау сойқанын көргелі.

Төккенім жоқ терімді,

Шер қылғалы кеудені.

Жасалған жоқ салтанат,

Жаудың болуға ермегі.

Жауда қалып Ленинград,

Жаралған жоқ көнгелі!

Қазақстан жерінен,

Тұтанғандай ел кегі,

Жолды кернеп қол кетті,

Сендерге дем бергелі.

Нева алабын құрыңдар,

Ленинградтың ерлері.

Ұрпаққа үлгі болыңдар,

Заманымның өрнегі.

Диктор: Жамбылдың ленинградтықтарға арнап жазған «Ленинградтық өренім» жыры фашистердің қоршауындағы қаһарман қала халқына, оны қорғаушыларға үлкен рухани дем берді.

Сахна сыртынан: Қала тұрғындары тәулігіне 200 грамм, кейіннен 150 грамм нанды талғау етті. Ленинградты қорғаушыларға туысқан республикалардың барлығы тылдан көмектесті.

2-Жүргізуші: Ленинградты қорғаушылар 16 ай, яғни 900 күн аштық азапқа шыдап, қаланы жау езгісінен сақтап қалды.

1-жүргізуші: 1 млн. 200 мыңға тарта қазақстандықтар осы бір тажалға қарсы тұруда үлкен ерлік көрсетіп жан қиды. Солардың бірі «Шығыстың қос жұлдызы» атанған Әлия мен Мәншүк.

Әлия: Мен 18-ге толдым. Бірақ өзімді ересек адамдай сезінемін. Себебі, Ленинград балаларының өлімін, жолдастарымның төгілген қанын өз көзіммен көрдім. Енді фашист жыртқыштарын аулауға өзім шықтым.

(Әлияға қарсы 5 фашист әскері келе жатады

Әлия кектене: бұл бесеуін ленинград үшін, жолдастарым, туған жерім үшін о дүниеге аттандырамын. (Атады. Мылтық дауысы естіледі).

2-Жүргізуші:

Оқты қардай боратты,

Белді бекем буынып.

Қыршын кетті ол өмірден,

Дәл 19 жасында,

Шықпайды естен, көңілден.

1-Жүргізуші: Осынау сұрапыл соғыста майдан даласында жанкешті ғұмыр кешкен батыр жүректі қазақ қызы болды.Небары 20 жасар қазақ қызы – Мәншүк.

(Мәншүк, жанында 2 жауынгер окопта пулеметімен дүшпанның атыс ұясын бұзып жіберді)

Генерал дүрбімен атыс алаңын бақылап тұр.

Генерал: Жарайсың, пулемет бөлімшесінің командирі. Қараңдар, жолдастар, өзінің бөлімшесін қалай жақмы бастап барады, өзі кіп- кішкентай екен.

Подполковник: Жолдас генерал, сөіз қазір көріп тұрған бөлімшені қыз бастап барады. Ол- пулемет бөлімшесінің командирі, аға сержант Мәншүк Маметова.

Генерал: Солай ма? Оны кейін маған таныстырарсың.

Подполковник: Бөлімшелер бойынша сапқа тұрыңдар!

(Барлығы сапқа тұрады) Саулығыңызды тілейміз, жолдас генерал!(хормен)

Генерал: Жарайсыңдар, жолдастар! Нағыз шайқастағыдай дәл қимыл жасадыңдар! Барлық жауынгерлер мен командирлерге алғыс жариялаймын!

Хормен: Отанға адал қызмет етеміз!

Генерал: шабуыл кезінде пулеметшілер бөлімшесінің командирі, аға сержант Мәметова өз пулеметін дұрыс пайдаланды. Ол жаудың атыс ұяларын дәл көрсетіп, оқ атуға бұйрықты дәлме- дәл беріп отырды. Пулеметшілер пулеметінің күш- қуатын толығымен пайдаланды. Жолдас Мәметова, бері келіңіз.

Мәншүк: Жолдас генерал, аға сержант Мәметова алдыңызда!

Генерал: (қыздың қолын қысып) Рахмет саған, қазақ халқының қызы, сен жақсы пулеметші екенсің!

Мәншүк: Отаныма адал қызмет етемін!

Генерал: Жасың нешеде әрі сен майданға қалай тап болып жүрсің?

Мәншүк: Жиырма жастамын, жолдас генерал, майданға өз еркіммен келдім. Ал өзім Алматы қаласындағы Медицина институтында оқығанмын.

Генерал: Ал пулемет ісін қай жерде үйреніп жүрсің?

Мәншүк: Осы соғыста.

Генерал: Шайқастарда болдың ба?

Мәншүк: Дәл солай, жолдас генерал!

Генерал: Алдағы шайқастарда саған табыс тілеймін, - деп қолын қайта қысты. Мәншүк қатарға барып тұрды.

Ортаға Әлия мен Мәншүктің рөлін ойнаған екі қыз шығады:

Әлия: Біз сендердей жаңа ашылған гүл едік,

Жерге бақыт, елге бақыт тіледік.

Отан- ана отқа күйіп жанғанда,

Біздер ме едік үй бағатын тірі өлік.

Отан- ана жылағанда шерленіп,

Тапжылмаған шөгеді екен жерге бұлт.

Қара бұлтты қақ жарайық дедік те,

Қолымызға қару алдық ерленіп.

Әлия мен Мәншүк: Бірақ ерте, тым ертерек жандық біз,

Жанарлардан моншақ болып тамдық біз.

Қолымыздан осы болды келгені,

Біздей ерте солмау үшін барлық қыз!

2-Жүргізуші: Ұлы жеңісті жақындата түсу үшін жау тылында ел кегін, ер намысын қорғаған партизан жасақтарында 3000- нан астам жерлестеріміз айқасқан еді. Олар 1,5 миллион қарсыластар әскерін жойған, тұтқынға алған Олардың ішінде 65 генерал болыпты.

  • жүргізуші: 1944жылдың күзінде немістер шегініп бара жатты да, соңын ойрандап кетуге тырысты. Украина жерінде «Белая Таня» деп аталатын лагердегі тұтқындарды жылдам құтқару міндеті тұрды.

Командир: Жолдас, Қайсенов, Сізге кәсіби партизан ретінде үлкен жауапты іс жүктеп тұрмыз. Ол «Белая Таня» лагеріндегі тұтқындарды азат ету міндеті.

Қ.Қайсенов: Құп болады, жолдас командир!

Жүргізуші: Ол өзі іріктеп алған топтың жартысын тұтқындарша, жартысын неміс әскерінше киіндірді.

Бұлар лагерге келгенде, күзетшілер оларды тұтқындардың кезекті тобын әкелген өз адамдары екен деп, қақпаны ашып жіберді. Осылайша тұтқындағы 700 адамды өлімнен арашалап қалды.

2-жүргізуші: Қасым Қайсенов- жазушы, жауынгер. 3- дәрежелі Богдан Хмельницкий, 2 рет 1-дәрежелі Отан соғысы ордендерімен, көптеген медалдармен, сондай- ақ «Чехословакия партизаны» орденімен, есімі жазылған қарумен марапатталған

  • 4 бөлім «Тыл»

1-жүргізуші: 1942 жыл. Қазақстаннан 18 вагон қыз- жігіт Кузбасс шахтасына бет алды. (Пойыз дауысы естіледі). Солардың ішінде 16 жасар Күміс Күзембаева да бар еді. (сахнада жұмыс киімін киген 5 қыз сменаға асығып бара жатады.)

Жамал: Қыздар, а, қыздар, бүгінгі жұмыс тым ауыр болған сықылды.

Күміс: иә, шынында да қатты шаршаппын.

Күлпаш: Қойыңдар, қыздар. Бойымызда жастық жалын, қажымайтын қайратымыз тұрғанда шаршау деген ұят емес пе?

Айгүл: Дұрыс айтасың, Күлпаш. Бойымыздағы күш- қайратымыздың барлығы халық үшін. Отан үшін! Біздің Кеңес елінің азаматтары қан майданда қасық қаны қалғанша жаумен арпалысып жүргенде біз халыққа дем беруіміз керек емес пе?!

Қанша қиындық болса да шыдам мен төзімді жолдас қылайық, қыздар!

(Сырттан бір қыз жүгіріп кіреді. Қолында хат)

Нағима: Күміс, Күміс, билеу сенің кезегің. Міне, саған хат келді. Ал, биле.

Күміс: шын ба, Күләш? (Жүрегін ұстап) Осы хатты көптен күтіп жүр едім.

Нағима: Шын, шын, мінеки оқы.

(Күміс хатты алып шетке шығып, жеке оқиды. Сағыныш сазындағы музыка ойнап тұрады) («Землянка»).

Күміс: Айналайын, ағатайым! Саржалдың сар белдерінен ескен самал желдей болған мына сағыныш хаты елімнен жырақта жүрген менің жаныма үлкен демеу болды. Сүйіктім дәулетбек қазір Латвия жерінде жаумен соғысып жүр екен. Оны да осы хат арқылы біліп тұрмын. Шіркін, сұм соғыс аяқталып, туған жермен, елмен аман- есен қауышатын күн тезірек туса еакен! Дәулетбек те соғыстан аман қайтса ғой!

(«Соғыстан қайтқан солдаттар» әнінің аясында әскер қатары саппен өтеді.)

2-жүргізуші:1944 жылы бас қолбасшының жоспарымен жаудың негізгі топтары талқандалып, жыл аяғына дейін Кеңес Одағының бүкіл аумағы неміс бақыншыларынан азат етілді. Майдан шебі Германия шекарасына жақындады.

5 бөлім. Берлинде.

Жауынгер:Қошқарбаев ,сені батальон командирі шақырады.

Васильченко: Жауынгерлік тапсырма бар.

Қошқарбаев: Тыңдап тұрмын.

Васильченко: Анау үйді көремісің? Ол- Рейхстаг. соның үстіне ту тігу керек. Мына жігіттер де саған ереді. Оқпен сүйемелдеп тұрамыз.

Қошқарбаев: Құп болады.

(Қатардағы жауынгер Григорий Булатовпен бірге Кениплац алаңы арқылы Рақымжан асығыс аты- жөндерін жазып, ал төменіректе "674" полктің нөмірі қойылған қызыл туды алып, ішіне тығып алады)

Ол терезеден секіріп түсіп, снаряд ойып кеткен шұңқырға жетеді. Гүрс етіп снаряд жарылады. (Музыкамен снаряд дауысы шығады.) Олар Рейхстагқа дейін жүре берді. Осы кезде ракета атылып, белгі берілді.

Қошқарбаев: Григорий кезек енді келді. Ал, жөнелдік.(Екеуі жылжып жүріп терезеге жетеді. Екінші қабаттың балконы сияқты. Қойнынан жалауды шығарды).

Қошқарбаев: Мін иығыма! Байла!

Олар рейхстаг төбесінде желбіреп тұрған өз туларын көріп, ерекше сезімге бөленеді.

1-жүргізуші: 30 сәуір, 14 сағат 25 минутта рейхстаг төбесіне ту тіккен сержанттар Егоров пен Кантария қатарында жас қазақ Рақымжан Қошқарбаев та бар еді.

6 бөлім. Жеңіс

(Радиодан дауыс естіледі)

Радио: Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар!Сөйлеп тұрған Москва! 1945 жылы 8 мамырда Берлин маңындағы Карлехорст қаласында Германияның қарулы күштері одақтастары алдында сөзсіз тізе бүгу жөнінде Актіге қол қойды. 9- мамыр -Жеңіс күні! Біздің халқымыздың Ұлы Отан соғысындағы қаһармандық ерлігі жеңіспен аяқталды. Бұл Жеңіс 27 миллионнан астам жерлестеріміздің қанымен, тірілердің табан ет, маңдай терімен келді. Соғыста ерлікпен қаза тапқан қыршын жастарымыздың қаһармандық рухы ұрпақтан- ұрпаққа мәңгі өнеге.

2-жүргізуші: Иә, бұл жеңіс оңайлықпен келген жоқ! Ұлы Отан соғысына Қазақстаннан 1 млн. 200 мың адам аттанып, олардың 630 мыңы майдан даласынан оралған жоқ. Соғыстағы ерлігі үшін 500-ге жуық жауынгер Кеңес Одағының Батыры атағына ие болды. Олардың ішінде Талғат Бигельдинов, Төлеген Тоқтаров, Бауыржан Момышұлы, Рақымжан Қошқарбаев, Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова, Нүркен Әбдіров, Сұлтан Баймағамбетов сияқты аты аңызға айналған ағаларымыз бен әкелерімізді, апаларымызды тарих бетіне "Батыр" деп жазып кетті.

1-жүргізуші: Біздің Қазақстанда соғыс өрті шарпымаған шаңырақ кем де кем. Жауға қарсы атылған он оқтың тоғызы Қазақстанда жасалды. Осы қан майданда мерт болған ерлердің рухына, бүгін арамызда асқар таудай болып жүрген аталарымызға басымызды иіп тағзым етейік. Олардың ерлік істерін ешкім де, ешқашанда да ұмытпауға тиіс.

2-жүргізуші: Бүгінгі күн- осынау қуаныш үшін өмірлерін қиған боздақтарды еске алу күні!

1-жүргізуші: Дәл осынау жадыраңқы жай күні,

Болса дағы қай ғасырдың қай жылы.

Ұлы Отаным басын иіп бір минут,

Есіне алмақ сол бір апат қайғыны.

(1 минут үнсіздік. Ұлы Отан туралы ән естіледі)

Оқушы: Жалғызынан айырылыпты Аналар,

Әкесінен айырыпты баланы.

Бірақ біздер өздеріңнің арқаңда,

Көрген жоқпыз сол бір қырғын дауылды.

Қамықпаған қиындықтың түгінен,

Өздеріңе жинап қырдың гүлінен.

Бүгінгі ұрпақ- бақытты ұрпақ атынан,

Құттықтаймыз Ұлы Жеңіс күнімен!

("Жеңіс күні" әні орындалып, сахнаға кішкентай балалар шығып,соғыс ардагерлеріне гүл шоқтарын тапсырады. Мәңгі алауға гүл шоқтарын қою.)



Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1. М. Қозыбаев. Жауды шаптым ту байлап. Алматы, 1993 жыл

2. Совет Одағының Ұлы Отан соғысы. Қысқаша тарих. А..1972 ж.

3. Ұлы Отан соғысы 1941-1945ж. Энциклопедия. М, 1985ж

4. Г.А.Куманцев. 1941-1945ж қысқаша тарихы, құжаттар, фотосуреттер.1982ж

5.Қазақстан тарихы, әдістемелік журнал. 2008ж№1,2014ж№5. 2006ж№4.2013№11.

6. Великие подвиги Советского нарда. М.1985г.





Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Краткое описание документа:

Зилькенов Саниял Оразбайұлы

Көктөбе жалпы орта білім беретін мектептің

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Тақырыбы:

«Отты жылдар шежіресі»

/Ұлы Жеңістің 70 жылдығына/

Көктөбе - 2015 жыл

Түсінік хат

Президент Н.Ә.Назарбаев қазақстандық отансүйгіштікке тәрбиелеуді бүгінгі күннің маңызды міндеті ретінде алға қойып отыр. Тарих пәнінің тәрбиелеушілік мүмкіндігі өте мол. Өйткені ол бүкіл адам баласының ғасырлар бойы жинаған тәрбиесін баяндайды.Тарих пәнінебір тамаша тарихи фактілерді, оқиғаларды, құбылыстарды, жеке тарихи қайраткерлердің халық үшін жасаған қызметін баяндайды, осылардың бәрі олардың жүрегіне, сезіміне күшті әсер етеді, адамгершілігі жоғары, өз елін, отанын сүйетін, саналы азамат болып қалыптасуына үлес қосады.

Бүгінгі таңдағыҚазақстан жағдайында ұлттық патриоттық сезімін қалыптастырудың, адамгершілікке негізделген ұлт аралық береке –бірлікті, ынтымақтастықты, бейбітшілікті нығайтудың маңызы зор. Осыған байланысты сабақтан тыс өткізілетін іс- шаралар патриоттық сезімді оятуға,отансүйгіштікке, ерлікке, адамдыққа, елін , жерін қорғауға, шыншылдыққа тәрбиелейді.Мысалы, қазақ хандығының 550 жылдығына "Абылай хан- қолбасшы, мемлекет қайраткері" атты тақырыпта тарихи- танымдық сабақ,"Отты жылдар шежіресі" атты тақырыпта сахналыққойылым.

Патриоттық сезім тұлғаның тектілігімен туындап, тәрбие арқылы өсіп жетіліп, патриоттық сана түрінде қалыптасады. Ұлттық патриотизм жеке адамның белгілі бір ұлтқа тән екендігін түсініп сезінуі, өз ұлтының қасиеттерін бойына сіңіруі және оны қастерлеп қадір тұтып, қорғап, сақтауға дайын болуы.

Халқы үшін тәуелсіздік жолында өмірлерін сарп еткен, ел аузында есімдері аңызға айналған батырларымыздың ерлігі мағыналы да, мәнді тарих беттерінен орын алып қала бермек.

Ерлік ешқашан есеппен жасалмайды, ол елім деп соққан жүректің әмірімен, тамырда атойлаған қанның жалынымен дүниеге келеді. Сондықтан да оның ғұмыры мәңгілік.

Күтілетін нәтиже:Оқушылардың Ұлы Отан соғысы жайлы түсініктерін кеңейте отырып, жеңістің оңайлықпен келмегеніне көздерін жеткізу.

Отанға деген шексіз махаббатқа, сүйіспеншілікке тәрбиелеу, достық, бірлік, ынтымақтастық, жауапкершілік сезімдерін ұялату.Өткені мен бүгінін таразыға сала алатын, келешегінің сабағын ертеңіне бағдар еткен рухтағы асқақ, жандары таза жастарды тәрбиелеу.

«Отты жылдар шежіресі»

(сахналық қойылым)

Ұлы Жеңістің 70 жылдығына

Мақсаты:

1.Ұлы Жеңісті дәріптеу, өз Отанын, елін, жерін сүю, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру, Отанын, туған елін қорғай білуге тәрбиелеу.

2. Қазіргі өркениетке ұмтылған, қоғам талабына сәйкес өз пікір- көзқарасы, эстетикалық талғамы бар білімді, зерделі, рухани салт- дәстүрімізге жетік, ұлттық- патриоттық сезімі бай жеке тұлғаны қалыптастыру.

3.Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен ата- бабаларымыздың ерлік істерін қастерлеп құрметтеу, рухын көтеру, үлгі- өнеге тұту.

Көрнекілігі:Слайд, Мәңгі алаудың, Рейхстагтың макеті жасалып, гүл шоқтары қойылады, пулемет, автомат, мылтықтар, әсем безендірілген «Ерлігің – мәңгі есімде!» тақырыбы бойынша плакат ілінген.

1- жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті қонақтар мен ұстаздар, оқушылар!

Ұлы Отан соғысында құрбан болған аталарымыз бен әкелеріміздің ,мәңгі жас болып жадымызда сақталған жауынгерлер мен офицерлер рухына, бейбіт кезеңде дүниеден өткен ардагерлер аруағына, бүгінде ортамызда жүрген Ұлы Отан соғысының ардагерлерінің құрметіне арналады.

І бөлім. «Бейбіт өмір»

2-Жүргізуші: Мамыражай ауыл өмірі. Ауыл жастары мектеп бітіру кешінде қыдырыстап жүр. (Сахнада 15 шақты қыз бен жігіт)

1 оқушы: Оу, қыздар, жігіттер бұл не тұрыс? Көңілімізді көтеріп би билейік.

2 оқушы: Дұрыс айтасың, билесек билейік. (Ән басталып, би билей бастайды, осы кезде ән аяқтала бергенде ауа райы бұзылып, күн күркірейді. Радиодан дауыс естіледі).

Радиодан:Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! Сөйлеп тұрған Москва! 1941 жылы 22 маусымда фашистік Германия тұтқиылдан соғыс жариялап, елімізге басып кірді.

(Осы дауыс естіліп тұрғанда аң- таң болған жастар тұрып қалады, ауыл адамдары жинала бастайды. Сахнада адамдар тып- тыныш бола қалады).

1 оқушы: «Соғыс, соғыс» дейді, естідіңдер ме?

2 оқушы: Сұмдық- ай, соғыс дей ме? Енді қайттік? Күніміз не болар екен?

(Жылап- сықтау басталады)

3 қыз: Қойыңдар, жамандық шақырмаңдар! Ел шетіне жау тисе, арқа сүйер азаматтар бар емес пе?!

4 азамат: Ат басына күн туса,

Ауыздықпен су ішер.

Ер басына күн туса,

Етігімен су кешер,- деген бар емес пе?! Жыламаңдар! Көз жастарыңды тиыңдар!

Әжесі:(Әжесі баласын сүйіп келініне қарап)

Оралсын аман жеріне,

Көріссін туған елімен.

Үлкен үйден дәм татса,

Кешікпей дейді келеді.

Келін:(қалтаға салынған топырақты берген келіні)

Кебін кигенөледі,

Кебенек киген келеді.

Үлкен үйден дәм татса,

Кешікпей дейді келеді.

(Жарының соңынан жылап қалады. Әскери музыка ойнап тұрады)

5 азамат:"Отан үшін отқа түс, күймейсің" деген дана халқымыз. ел қорғауға ер намысымен аттанған біздіңалдымызда үлкен бел жатыр.

6 азамат: Туған елдің келешегін сақтауға біз міндеттіміз! Ендеше, Отан үшін аттанайық!

Радиодан :Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! Отанымызды жау қапыда басты. Ел үшін, жер үшін барлық азаматтар Отан қорғауға аттаныңыздар!

Барлығы: (әскери коммисарият)Отан үшін аттанайық! ("Священная война" музыкасының фонында әскер сабы өтеді. Мылтық, миномет, снаряд дауыстары естіліпжатады.)

1- жүргізуші: Тепсе екпіні тау құлатқан,

Алған демі дауылдатқан.

Батыр қазақ, шапшаң баптан,

Аттан жауға, аттан, аттан!

2- жүргізуші: 1941 жылы 22 маусымда ер азаматтар асығыс соғысқа аттанды.

2- бөлім. "Отан үшін отқа түс"

1- жүргізуші: Отанын қорғауда қазақстандықтар ерен ерлігімен танылды. Мәскеу үшін болған шайқаста қазақстандық 28 батыр жауынгердің ерлігі ерекше.

2- жүргізуші: 1941 жылдың 16 қарашасы немістер Москваға Волокалам бағытында ұрысқа шықты.

(Шағындау келген бөлмеде қабырғадағы картаға мұқият генерал қарап тұрады).

Генерал: Қап! Мына фашист иттің тікендей қадалып тұрғанын қарашы! Соқыр ішектей созылып тұрғанын нағылеттің!

(Осы кезде Бауыржан кіреді)

Бауыржан: Бұйрығыңыз бойынша келіп тұрмын, жолдас генерал!

Генерал: бері жақындаңыз, капитан Момышұлы! білген адамға карта- жердің айнасы. Көрмеген жерді карта арқылы танып, оныңжол- жобасын, ой- шұңқырын, орман- даласын картадан ғана көріп отырмыз.

Бауыржан: Иә, жолдас генерал." Карта- білмегенге сенімді жетекші" деген сөз бар ғой.

Генерал: Дұрыс, ал енді жақындап қараңыз.Көріп тұрсыз, мына бармақтың таңбасындай қара белгі Демянск деген қала, жау қол астындағы жер, яғни дұшпанның армиясы. Мына жыбырлап шашылып картаның бетіндегі секпілге ұқсап жатқан 90 шақты деревняның барлығы дұшпан қолында. Осы жерлерді, бір сөзбен айтқанда Москваны дұшпанның шеңгелінен азат етіп, жерін босатып алу Сіздің полкке міндеттеліп отыр, капитан Момышұлы!

Бауыржан: Түсінікті, жолдас генерал! Дұшпан осал емес, мықты жау. Құр бопсалауға ол көне қоймас. Бірақ олар қанша мықты болса да, біздің жауынгерлер олардан ыға қоймас.

Генерал: Аһ, соғыс, соғыс! майдан, қырғын, арпалыс, қылшылдаған аяз, қасарысқан дұшпан. Осының барлығына шыдау керек.

Бауыржан: Тізе бүгіп тірі жүргеннен,

Тік тұрып өлген артық емес пе?!

Шыдаймыз, жеңеміз жауды!

Генерал: Капитан Момышұлы, сізге батальоныңызбен бірге Москва түбін жаудан азат етуді бұйырамын.

Бауыржан: Құп болады, жолдас генерал!

(Бауыржан жанында 2-3 жауынгері бар)

Бауыржан: -Әй, жігіттер, қазақ қазақ болғалы талай- талай қамаудан өткен.Талай шабуыл- жорықтарды басынан кешірген. Халық басына күн туғанда, қалың қауымды бастайтын ері болмаса, ел не болмақ? Халқымыз мұнда бізді қонаққа жіберген жоқ. майданға, халық бақытын қорғауға жіберді. Жігіттер, істеріңе адал болыңдар. Отан үшін, отқа түс, күймейсің. Өлсек шейітпіз, халық үшін қазамыз. Ал біріміз осалдық істесек- опасыздық жасағанымыз. Өлсек те ел намысы дегенді ұмытпайық.

Жауынгер: Бауыржан, дұрыс айтасың. Міндет те, кім екеніміз де, бұл жерге не үшін келгеніміз де түсінікті. Халқымызға, ел- жұртымызға, қазақ баласы деген атымызға қара таңба салмайық.

Диктор: Қызыл армия Москва түбінде гитлерлік басқыншыларды алғаш рет жеңді. Бұл шайқаста Бауыржан Момышұлы басқарған батальон ерліктің тамаша үлгісін көрсетіп, жауды ойсырата жеңді. Фашистердің қауырт соғыс жоспары күйреді.

3- бөлім "Ленинград қоршауы"

1-Жүргізуші: 1941 жылдың қыркүйек айы. (Қайғылы музыка. Жараланған солдаттар, медбикелер, мылтығын тазалаған солдаттар Осы кезде бір солдат кіріп, листовка таратады. Жаралы солдат орнынан тұрған кезде екі жолдасы сүйемелдейді).

Қазақ жігіті: ел дегенде езіліп, жұрт дегенде жұмылып отырған қайран елім- ай! Жау қолында қалмасын деп жүрегімізге жалын тастап отырған Жамбыл бабамның бізге арнаған жыр жолдарын тыңдайықшы. (Екі жағындағы жігіт кетеді).(Өлең оқылып тұрғанда экраннан қоршауда қалған Ленинград көріністері көрсетіледі.)

(Жамбыл бейнесінде киінген ақсақал ортаға шығып, "Ленинградтық өренім" өлеңін оқиды).

Ленинградтық өренім,

Мақтанышым сен едің!

Нева өзенін сүйкімді,

Бұлағымдай көремін.

Жасағам жоқ өмірді,

Жау сойқанын көргелі.

Төккенім жоқ терімді,

Шер қылғалы кеудені.

Жасалған жоқ салтанат,

Жаудың болуға ермегі.

Жауда қалып Ленинград,

Жаралған жоқ көнгелі!

Қазақстан жерінен,

Тұтанғандай ел кегі,

Жолды кернеп қол кетті,

Сендерге дем бергелі.

Нева алабын құрыңдар,

Ленинградтың ерлері.

Ұрпаққа үлгі болыңдар,

Заманымның өрнегі.

Диктор: Жамбылдың ленинградтықтарға арнап жазған «Ленинградтық өренім» жыры фашистердің қоршауындағы қаһарман қала халқына, оны қорғаушыларға үлкен рухани дем берді.

Сахна сыртынан: Қала тұрғындары тәулігіне 200 грамм, кейіннен 150 грамм нанды талғау етті. Ленинградты қорғаушыларға туысқан республикалардың барлығы тылдан көмектесті.

2-Жүргізуші: Ленинградты қорғаушылар 16 ай, яғни 900 күн аштық азапқа шыдап, қаланы жау езгісінен сақтап қалды.

1-жүргізуші: 1 млн. 200 мыңға тарта қазақстандықтар осы бір тажалға қарсы тұруда үлкен ерлік көрсетіп жан қиды. Солардың бірі «Шығыстың қос жұлдызы» атанған Әлия мен Мәншүк.

Әлия: Мен 18-ге толдым. Бірақ өзімді ересек адамдай сезінемін. Себебі, Ленинград балаларының өлімін, жолдастарымның төгілген қанын өз көзіммен көрдім. Енді фашист жыртқыштарын аулауға өзім шықтым.

(Әлияға қарсы 5 фашист әскері келе жатады

Әлия кектене: бұл бесеуін ленинград үшін, жолдастарым, туған жерім үшін о дүниеге аттандырамын. (Атады. Мылтық дауысы естіледі).

2-Жүргізуші:

Оқты қардай боратты,

Белді бекем буынып.

Қыршын кетті ол өмірден,

Дәл 19 жасында,

Шықпайды естен, көңілден.

1-Жүргізуші: Осынау сұрапыл соғыста майдан даласында жанкешті ғұмыр кешкен батыр жүректі қазақ қызы болды.Небары 20 жасар қазақ қызы – Мәншүк.

(Мәншүк, жанында 2 жауынгер окопта пулеметімен дүшпанның атыс ұясын бұзып жіберді)

Генерал дүрбімен атыс алаңын бақылап тұр.

Генерал: Жарайсың, пулемет бөлімшесінің командирі. Қараңдар, жолдастар, өзінің бөлімшесін қалай жақмы бастап барады, өзі кіп- кішкентай екен.

Подполковник: Жолдас генерал, сөіз қазір көріп тұрған бөлімшені қыз бастап барады. Ол- пулемет бөлімшесінің командирі, аға сержант Мәншүк Маметова.

Генерал: Солай ма? Оны кейін маған таныстырарсың.

Подполковник: Бөлімшелер бойынша сапқа тұрыңдар!

(Барлығы сапқа тұрады) Саулығыңызды тілейміз, жолдас генерал!(хормен)

Генерал: Жарайсыңдар, жолдастар! Нағыз шайқастағыдай дәл қимыл жасадыңдар! Барлық жауынгерлер мен командирлерге алғыс жариялаймын!

Хормен:Отанға адал қызмет етеміз!

Генерал: шабуыл кезінде пулеметшілер бөлімшесінің командирі, аға сержант Мәметова өз пулеметін дұрыс пайдаланды. Ол жаудың атыс ұяларын дәл көрсетіп, оқ атуға бұйрықты дәлме- дәл беріп отырды. Пулеметшілер пулеметінің күш- қуатын толығымен пайдаланды. Жолдас Мәметова, бері келіңіз.

Мәншүк: Жолдас генерал, аға сержант Мәметова алдыңызда!

Генерал: (қыздың қолын қысып) Рахмет саған, қазақ халқының қызы, сен жақсы пулеметші екенсің!

Мәншүк: Отаныма адал қызмет етемін!

Генерал: Жасың нешеде әрі сен майданға қалай тап болып жүрсің?

Мәншүк: Жиырма жастамын, жолдас генерал, майданға өз еркіммен келдім. Ал өзім Алматы қаласындағы Медицина институтында оқығанмын.

Генерал: Ал пулемет ісін қай жерде үйреніп жүрсің?

Мәншүк: Осы соғыста.

Генерал: Шайқастардаболдың ба?

Мәншүк: Дәл солай, жолдас генерал!

Генерал: Алдағы шайқастарда саған табыс тілеймін, - деп қолын қайта қысты. Мәншүк қатарға барып тұрды.

Ортаға Әлия мен Мәншүктің рөлін ойнаған екі қыз шығады:

Әлия: Біз сендердей жаңа ашылған гүл едік,

Жерге бақыт, елге бақыт тіледік.

Отан- ана отқа күйіп жанғанда,

Біздер ме едік үй бағатын тірі өлік.

Отан- ана жылағанда шерленіп,

Тапжылмаған шөгеді екен жерге бұлт.

Қара бұлтты қақ жарайық дедік те,

Қолымызға қару алдық ерленіп.

Әлия мен Мәншүк: Бірақ ерте, тым ертерек жандық біз,

Жанарлардан моншақ болып тамдық біз.

Қолымыздан осы болды келгені,

Біздей ерте солмау үшін барлық қыз!

2-Жүргізуші: Ұлы жеңісті жақындата түсу үшін жау тылында ел кегін, ер намысын қорғаған партизан жасақтарында 3000- нан астам жерлестеріміз айқасқан еді. Олар 1,5 миллион қарсыластар әскерін жойған, тұтқынға алған Олардың ішінде 65 генерал болыпты.

жүргізуші: 1944жылдың күзінде немістер шегініп бара жатты да, соңын ойрандап кетуге тырысты. Украина жерінде «БелаяТаня» деп аталатын лагердегі тұтқындарды жылдам құтқару міндеті тұрды.

Командир: Жолдас, Қайсенов, Сізге кәсіби партизан ретінде үлкен жауапты іс жүктеп тұрмыз. Ол «Белая Таня» лагеріндегі тұтқындарды азат ету міндеті.

Қ.Қайсенов: Құп болады, жолдас командир!

Жүргізуші: Ол өзі іріктеп алған топтың жартысын тұтқындарша, жартысын неміс әскерінше киіндірді.

Бұлар лагерге келгенде, күзетшілер оларды тұтқындардың кезекті тобын әкелген өз адамдары екен деп, қақпаны ашып жіберді. Осылайша тұтқындағы 700 адамды өлімнен арашалап қалды.

2-жүргізуші: Қасым Қайсенов- жазушы, жауынгер. 3- дәрежелі Богдан Хмельницкий, 2 рет 1-дәрежелі Отан соғысы ордендерімен, көптеген медалдармен, сондай- ақ «Чехословакия партизаны» орденімен, есімі жазылған қарумен марапатталған

4 бөлім «Тыл»

1-жүргізуші: 1942 жыл. Қазақстаннан 18 вагон қыз- жігіт Кузбасс шахтасына бет алды. (Пойыз дауысы естіледі). Солардың ішінде 16 жасарКүміс Күзембаева да бар еді. (сахнада жұмыс киімін киген 5 қыз сменаға асығып бара жатады.)

Жамал: Қыздар, а, қыздар, бүгінгі жұмыс тым ауыр болған сықылды.

Күміс: иә, шынында да қатты шаршаппын.

Күлпаш: Қойыңдар, қыздар. Бойымызда жастық жалын, қажымайтын қайратымыз тұрғанда шаршау деген ұят емес пе?

Айгүл: Дұрыс айтасың, Күлпаш. Бойымыздағы күш- қайратымыздың барлығы халық үшін. Отан үшін! Біздің Кеңес елінің азаматтары қан майданда қасық қаны қалғанша жаумен арпалысып жүргенде біз халыққа дем беруіміз керек емес пе?!

Қанша қиындық болса да шыдам мен төзімді жолдас қылайық, қыздар!

(Сырттан бір қыз жүгіріп кіреді. Қолында хат)

Нағима: Күміс, Күміс, билеу сенің кезегің. Міне, саған хат келді. Ал, биле.

Күміс: шын ба, Күләш? (Жүрегін ұстап) Осы хатты көптен күтіп жүр едім.

Нағима: Шын, шын, мінеки оқы.

(Күміс хатты алып шетке шығып, жеке оқиды. Сағыныш сазындағы музыка ойнап тұрады) («Землянка»).

Күміс: Айналайын, ағатайым! Саржалдың сар белдерінен ескен самал желдей болғанмына сағыныш хаты елімнен жырақта жүрген менің жаныма үлкен демеу болды. Сүйіктім дәулетбек қазір Латвия жерінде жаумен соғысып жүр екен. Оны да осы хат арқылы біліп тұрмын. Шіркін, сұм соғыс аяқталып, туған жермен, елмен аман- есен қауышатын күн тезірек туса еакен! Дәулетбек те соғыстан аман қайтсағой!

(«Соғыстан қайтқан солдаттар» әнінің аясында әскер қатары саппен өтеді.)

2-жүргізуші:1944 жылы бас қолбасшының жоспарымен жаудың негізгі топтары талқандалып, жыл аяғына дейін Кеңес Одағының бүкіл аумағы неміс бақыншыларынан азат етілді. Майдан шебі Германия шекарасына жақындады.

5 бөлім. Берлинде.

Жауынгер:Қошқарбаев ,сені батальон командирі шақырады.

Васильченко:Жауынгерлік тапсырма бар.

Қошқарбаев: Тыңдап тұрмын.

Васильченко: Анау үйді көремісің? Ол- Рейхстаг. соның үстіне ту тігу керек. Мына жігіттер де саған ереді. Оқпен сүйемелдеп тұрамыз.

Қошқарбаев: Құп болады.

(Қатардағы жауынгер Григорий Булатовпен бірге Кениплац алаңы арқылыРақымжанасығыс аты- жөндерін жазып, ал төменіректе "674" полктің нөмірі қойылған қызыл туды алып, ішіне тығып алады)

Ол терезеден секіріп түсіп, снаряд ойып кеткен шұңқырға жетеді. Гүрс етіп снаряд жарылады. (Музыкамен снаряд дауысы шығады.) Олар Рейхстагқа дейін жүре берді. Осы кезде ракета атылып, белгі берілді.

Қошқарбаев: Григорий кезек енді келді. Ал, жөнелдік.(Екеуі жылжып жүріп терезеге жетеді. Екінші қабаттың балконы сияқты. Қойнынан жалауды шығарды).

Қошқарбаев: Міниығыма! Байла!

Олар рейхстаг төбесінде желбіреп тұрған өз туларын көріп, ерекше сезімге бөленеді.

1-жүргізуші: 30 сәуір, 14 сағат 25 минутта рейхстаг төбесіне ту тіккен сержанттар Егоров пен Кантария қатарында жас қазақ Рақымжан Қошқарбаев та бар еді.

6 бөлім. Жеңіс

(Радиодан дауыс естіледі)

Радио: Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар!Сөйлеп тұрған Москва! 1945 жылы 8 мамырда Берлин маңындағы Карлехорст қаласында Германияның қарулы күштері одақтастары алдында сөзсіз тізе бүгу жөнінде Актіге қол қойды. 9- мамыр -Жеңіс күні! Біздің халқымыздың Ұлы Отан соғысындағы қаһармандық ерлігі жеңіспен аяқталды. Бұл Жеңіс 27 миллионнан астам жерлестеріміздің қанымен, тірілердің табан ет, маңдай терімен келді. Соғыста ерлікпен қаза тапқан қыршын жастарымыздың қаһармандық рухы ұрпақтан- ұрпаққа мәңгі өнеге.

2-жүргізуші: Иә, бұл жеңіс оңайлықпен келген жоқ! Ұлы Отан соғысына Қазақстаннан 1 млн. 200 мың адам аттанып, олардың 630 мыңы майдан даласынан оралған жоқ. Соғыстағы ерлігі үшін 500-ге жуық жауынгер Кеңес Одағының Батыры атағына ие болды. Олардың ішінде Талғат Бигельдинов, Төлеген Тоқтаров, Бауыржан Момышұлы, Рақымжан Қошқарбаев, Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова, Нүркен Әбдіров, Сұлтан Баймағамбетов сияқты аты аңызға айналған ағаларымыз бен әкелерімізді, апаларымызды тарих бетіне "Батыр" деп жазып кетті.

1-жүргізуші: Біздің Қазақстанда соғыс өрті шарпымаған шаңырақ кем де кем. Жауға қарсы атылған он оқтың тоғызы Қазақстанда жасалды. Осы қан майданда мерт болған ерлердің рухына, бүгін арамызда асқар таудай болыпжүрген аталарымызға басымызды иіп тағзым етейік. Олардың ерлік істерін ешкім де, ешқашанда да ұмытпауға тиіс.

2-жүргізуші: Бүгінгі күн- осынау қуаныш үшін өмірлерін қиған боздақтарды еске алу күні!

1-жүргізуші: Дәл осынау жадыраңқы жай күні,

Болса дағы қай ғасырдың қай жылы.

Ұлы Отаным басын иіп бір минут,

Есіне алмақ сол бір апат қайғыны.

(1 минут үнсіздік. Ұлы Отан туралы ән естіледі)

Оқушы: Жалғызынан айырылыпты Аналар,

Әкесінен айырыпты баланы.

Бірақ біздер өздеріңнің арқаңда,

Көрген жоқпыз сол бір қырғын дауылды.

Қамықпаған қиындықтың түгінен,

Өздеріңе жинапқырдың гүлінен.

Бүгінгі ұрпақ- бақытты ұрпақ атынан,

Құттықтаймыз Ұлы Жеңіс күнімен!

("Жеңіс күні" әні орындалып, сахнаға кішкентай балаларшығып,соғыс ардагерлеріне гүл шоқтарын тапсырады. Мәңгі алауға гүл шоқтарын қою.)

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1. М. Қозыбаев. Жауды шаптым ту байлап. Алматы, 1993 жыл

2. Совет Одағының Ұлы Отан соғысы. Қысқаша тарих. А..1972 ж.

3. Ұлы Отан соғысы 1941-1945ж. Энциклопедия. М, 1985ж

4. Г.А.Куманцев. 1941-1945ж қысқаша тарихы, құжаттар, фотосуреттер.1982ж

5.Қазақстан тарихы, әдістемелік журнал. 2008ж№1,2014ж№5. 2006ж№4.2013№11.

6. Великие подвиги Советского нарда. М.1985г.

Автор
Дата добавления 06.05.2015
Раздел Директору, завучу
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров382
Номер материала 267635
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх