Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Дошкольное образование / Другие методич. материалы / Презентация по казахскому языку на тему "Мектеп жасына дейінгі балалардың логикалық ойлауын дамыту жолдары"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Дошкольное образование

Презентация по казахскому языку на тему "Мектеп жасына дейінгі балалардың логикалық ойлауын дамыту жолдары"

библиотека
материалов

"Логикалық тапсырмалар арқылы балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту"


Бүгінгі бөбек – ертеңгі азамат – қоғам иесі. Балғын бөбектерге ең алғаш жол көрсетуші, бағыт беруші – балабақша тәрбиешілері. Өйткені білім мен тәрбие негізі баланың жеке басын қалыптастыру негізі балабақшада қаланады.

Балаларға сандарды айту, түсіндіру, артық, кем, тең қатынастарын анықтауда салыстыру тәсілінің мәнін түсіндіру, сандарды тура және кері санауға жаттықтыру. Ұзындығы мен ені, биіктігі мен жуандығын салыстыру арқылы сөздік қорларын молайтып, математикалық ұғымдарын қалыптастыру. Балабақшадағы балалардың білімін зерттеу тәрбиешінің ең маңызды, негізгі жұмыстарының бірі. Зерттеу жұмыстары баланың оқу жылы басындағы білім деңгейін жыл бойында оны жетілдіруге мүмкіндік береді. Нәтижесінде, топқа тез үйреніп, жыл соңында балалардың ілгерілеуін анықтайды. Зерттеу әр баланың жетістік көрсеткіштерін анықтауға көмектеседі. Зерттеу әдісін таңдау оның мақсатына байланысты. Стандарттан алынған тапсырмаларға сүйеніп, балалардың деңгейін жоғары, орташа, төмен деп аламыз. Әр тоқсан сайын және жыл соңында балалардың білім деңгейін тексере отырып балл қойылады.

- тапсырманы қатесіз өз бетінше орындаған бала
- тапсырманы үлкендердің көмегімен орындаған бала
- тапсырманы қатемен орындаған бала
- тапсырманы орындамаған бала

Балалардың танымдық іс - әрекетін дамыту, олардың құзіреттілігін қалыптастыруда зерттеу жұмыстарының маңызы өте зор. Көптеген зерттеулер балалардың көзқарасын кеңейтуде және қасиеттерінің дамуына әсер етеді. Балалардың ойлау қабілетін дамытуда математика пәнінің алатын орны ерекше. Оның әрбір жұмысы ой белсенділігін қажет етеді. Зерттеу балалардың ойлау қабілетін жетілдіретін жаттығу жұмыстарын жүргізуге көп көңіл бөлу керек. Олар әртүрлі математикалық логикалық есептер, сөзжұмбақтар, математикалық ребустар, жұмбақтар мен жаңылтпаштар, санамақтар. Енді соның ішінде математикалық логикалық есепке тоқталайық.
Бес бұтақты ағашта,
Бұтақ сайын бір алма.
Біреуін бер Маратқа,
Сонда қалмақ неше алма?
(4 алма)
Қазақ ауыз әдебиетінен орын алған ерте заманнан бастап бүгінгі күнге дейін даму, өсу үстінде келе жатқан жанрдың бірі санамақ. Санамақтарды халық негізінен, жас балаға сан үйрету мақсатымен шығарған. Санамақтар арқылы мектеп жасына дейінгі балаларды қоршаған ортадағы дүниені тану мен қатар халқымыздың атадан қалған салт дәстүрін де санау арқылы үйренеді, әрі дүниені таниды. Баланың қисынды ойлауы мен математикалық ойлау қабілетін дамытады. Атау ұйқастырып санау арқылы бала санауды үйренеді, әр санға ұқсас заттарды танып біледі. Қолданып жүрген санамақтарымнан мысал келтірейін.
Саусақтарды салалап,
Кел санайық санамақ.
Бірім – бірлік,
Екім – елік,
Үшім – үскі,
Төртім – түскі,
Бесім – бесік,
Алтым – асық,
Жетім – желке,
Сегізім – серке,
Тоғызым – торқа,
Оным – олжа,
Санамақты санадық
Енді сәл дем алалық.
Санамақтар әртүрлі мағынада болады. Осындай санамақтар арқылы балалардың тілін дамытып, санау қабілетін арттырамын. Санамақтағы әрбір сөзді, атауды есінде сақтаса, олар білімді, жеті атасын білетін, болашағынан үміт күттірер азамат болып өседі деп ойлаймын. Саусақ санау ойыны баланы сан үйренуге қызығушылығын арттырады. Осы санамақтарды бос уақытта, күннін екінші жартысында жаттату арқылы мағыналарына түсінік беремін. Санамақтар балаларға ұлттық нақышта тәрбие жұмыстарын жүргізумен бірге оларды мектепке даярлайды.
Ойын балалардың негізгі іс-әрекеті ретінде психологиялық, анатомиялық-физиологиялық, педагогикалық маңызы зор қызметтер атқарады. Ойын баланың даму құралы, таным көзі, тәрбиелік дамытушылық мәнге ие бола отырып, адамның жеке тұлға ретінде қалыптасуына ықпал етеді. Ойынның тәрбиелік маңызын жоғары бағалай келіп, А.С.Макаренко былай деп жазды: «Бала өмірінде ойынның маңызы зор, ересек адам үшін еңбектің, жұмыстың, қызметтің қандай маңызы болса, нақ сондай маңызы бар. Бала ойында қандай болса, өскен соң жұмыста да көп жағынан сондай болады». Сондықтан келешек қайраткерді тәрбиелеу ең алдымен ойыннан басталады.

  Ойын – баланың қажетті әрекетінің бірі ойынды кіші жастағы балалардың табиғаты керек етеді. Балалардың еңбегі, оқуы ойыннан басталады. Ойын арқылы оқушы білім алуға, оқуға қызықтыра отырып, тұлғалы дамуын қалыптастыруға болады. Жалпы, математика сабағында қолданылатын ойын түрлері оқушылардың математикалық ұғымдарын кеңейтіп, ойлау қабілеттерін арттырып, есептеу дағдыларын шыңдай түсетіні белгілі. Математика сабағында қазақтың ұлттық ойындары қолданылады. Мысалы, «Сақина салу», «Ақсүйек» ойыны белгісіз санды табуға арналған ойын. Ойынға толық сынып қатысады. Кестедегі белгісіз сандардың орнына «ақсүйек» тығылып жатыр. Кім дұрыс шығарса, сол табады. Кім ақсүйекті көп тапса, сол ұтады. Өтілген тақырыптардағы сабақ материалына лайықталған ойын есептерін алып, тек ғана оқушының орындай алатын іс - әрекетімен шектелу жеткіліксіз. Мұндай ойынды ұйымдастырудың және басқарудың сипаты мен жолдары және жолдары және оларды қолданудың тиімді бөліктері жан-жақты ойластырылуы керек. Ойын үрдісінде балалардың білімі тереңдей түседі, осыған дейінгі білімдері мен түсініктері баянды болып жаңа білім игеріледі. Ойын - адамның өміртанымының алғашқы қадамы деп білеміз. Оның басты ерекшелігі баланың ойлау қабілетін жетілдіру болып табылады. Атау ұйқастарын санау арқылы оқушылар сан үйренеді, санға аты ұйқас заттарды  танып біледі. Санамақтар сан үйретеді, әрі дүние танытады, әрі баланың қисынды ойлауы мен математикалық ойлау қабілетін дамытады. Санамақтың түрлері өте көп. Ойында балалар әр нәрсеге жақсы зейін қояды және көбірек есіне сақтайды. Ойын үстінде ол алға қойылған мақсатты шұғыл және оңай жүзеге асырады. Ойын шарттарының өзі баладан заттарға, айналатын көріністер мен сюжетке зейін тоқтатуды талап етеді. Егер бала ойын талабына зейін қойғысы келмесе, ойын шарттарын есте ұстамаса, онда оны құрдастары ойыннан шеттетуі ықтимал.

Ойын - балалардың негізгі іс - әрекетінің бір түрі. Ойын барысында баланың жеке басының қасиеттері қалыптасады. Кіші мектеп жасындағы балаларды көргендерін, байқағандарын, айналасынан естігендерін ойын кезінде қолданалытанын байқау қиын емес. Ойын айналадағы болмысты бейнелейді. Ойын барысында балалар  дүниені тани бастайды, өзінің күш-жігерін жұмсап, сезініп білдіруге мүмкіндік алады, адамдармен араласуға үйренеді.

Бүгінгі күн талабы – баланың оқыл ойын дамыту, ойлау қабілетін жетілдіру, өзіндік іскерлік қасиеттерін қалыптастыру, заман талабына сай ойы жүйрік етіп тәрбиелеу.

Сондықтан да баланың танымын алғашқы күннен бастап дамтыудың, бойында оқыту мен тәрбиелеудің негізін қалыптастырудың құралы – ойын әрекеті, яғни, ойын – баланың жетекші әрекеті. Бірақ, ойын тек қана балаларды қызықтырып,уақыт өткізудің құралы бломай, балаға берілетін білім мен тәрбиенің құнды негізі болуы керек. Яғни, оқыту-тәрбиелеу жұмысын бағдарлама талаптарына сәйкес ойын түрінде ұйымдастыра отырып, баланың логикалық ойлау қабілеттін арттыруға жағдай жасау негізгі міндет. Бала ойын барысында айнала құбылыс сырын танып сезінеді, себеп-салдарлық байланысты және тоәуелділікті анықтауға тырысады. Айналадағы өмір құбылыстарын, ерекшеліктерін байқай отырып, білуге қызығушылығы туындайды, осы сезім оны талпыныстарға жетелейді.  Ойын негізінде ойлай отырып,  тапсырмалары өзінше зерттеп, орындау, өзінше шешім жасау өз ойындағысын айту жағдайларына мүмкіндік туғызылса ғана бала еркін ойлы, өзіне сенімді, ерік-жігерлі, дүние танымы кеңейген, сөйлеу тілі жақсы қалыптасқан, болашаққа қызығушылығы оянған дара тұлға ретінде жан-жақты дами алады.Баланың ақыл-ойының дамуы тек белгілі бір білім көлемін ғана емес, жалпы тәлім-тәрбиелік іс-әрекеттерді игерумен бірге, ойлау, қиялдау, есте сақтау, елестету және т.б. қабілеттерінің; танымдық, іскерлік, шығармашылық қасиеттерінің дамуын қамтиды. «Ойы саяздың, тілі саяз» деген ұлғатты сөз бекер айтылмаған. Ойлау негізі баланың сөйлеу тілін қалыптастырады.

Сәлемдесу.

Арайланып таң атты,
Алтын  сәуле  таратты.
Жарқырайды  күніміз,
Жарқырайды даламыз.
Қайырлы  күн  балалар!
Қайырлы күн  қонақтар
!

Жобаның мақсаты:

     Баланың оқыл ойын дамыту, ойлау қабілетін жетілдіру, өзіндік іскерлік қасиеттерін қалыптастыру, заман талабына сай ойы жүйрік етіп тәрбиелеу.

Жобаның тапсырмалары:

Жұмбақтар, суреттер, ситуациялық тапсырмалар, тест тапсырмалары, ертегі негізіндегі тапсырмалар және санамақтар

Логикалық тапсырмалар оқушының психологиялық және жас ерекшелігіне байланысты  таңдап алынады. Қазіргі педагогтардың пікірінше сөзжұмбақ оқушылардың ойларын ұштайды. Жұмбақтарды шешу ойларын бір жүйеге жүйелейді. Балалардың ойлау қабілеттерін дамытып, өз пікірлерін дәлелдей алуға жетелейді.Жұмбақ шешу шығармашылық үрдіс. Сөзжұмбақты  шешу кезінде оқушыларға сызу қиындық туғызады, сондықтан сөзжұмбақты алдын ала тақтаға  сұрақтарымен қосып жазып қойған дұрыс. Сөзжұмбақты кішкентай қалташалар арқылы жасауға да болады. Қалташаларға салынған кеспе қағаздардың беті өзіңе қарай қаратып жазып, екінші жағына тапсырмалар жазуға болады. Тақырып бойынша құрастырылған  сөзжұмбақты балалармен жеке жұмыс жасағанда да қолдануға болады.      

         Жұмбақтар

Қызықтырып әркімді-ақ

Суда жүзер жылтылдап.

    “Б”әрпінен басталар,

Сол жәндіктің атын тап.    (...............)

 

. Отыз екі мықты.

Қаз-қатар боп шықты

Он алтысы үсті

Он алтысы асты                   (...............)

Математика сабағындағы шығармашылық қабілетін     дамыту.

    Логикалық есеп

 Айгүлдің алдында 3 зат тұр: шелек, доп, қуыршақ. Допты қозғамай қалай шетіне қоюға болады?

 Үстел үстінде төрт алма тұр. Бір алманы алып ортасынан бөліп қайта қойды. Үстел үстінде неше алма болды?

Қоянға, түлкіге, аюға үш түрлі жалауша жасап берді - қызыл, сары, көк. Қояндағы жалауша қызыл емес, түлкідегі қызыл да,көк те емес. Кімнің жалаушасы қандай?

 Бөлмеде 2 орындық түр. Әр қабырғаның жанында бір-бір орындық болуы үшін сол орындықтарды қалай қоюға болады?

Ойлан, тап

Сиқырлы үшбұрыштағы бос орынды толтыр.

Мектеп жасына дейінгі балаларға қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру тақырыбында зерттеу жұмысын жасадым.
Зерттеу барысында қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыруда санды тура санау, санды кері санау, цифрларды тануы, көлем, салыстыру, геометриялық пішіндер, кеңістікті бағдарлау, уақыт ұғымдарын төмендегі тапсырмалар арқылы зерттедім.
1 - тапсырма: 1 - ден 5 - ке дейін тура санау.
1. Суреттегі алмұртты дұрыс санап беру керек.
2. Суреттегі балапандарды сана.
3. Алма ағашының басындағы алманы сана.

2 - тапсырма: 5 - тен 1 - ге дейін кері санау.
1. Ауызша 5 - тен 1 - ге дейін кері сана
2. Суреттегі санды көрсетіп, 5 - тен 1 - ге дейін кері сана.
3. Сан қатарындағы жазылмай қалған санды жаз.

3 - тапсырма: Цифрларды тануы.
1. Суреттегі цифрларды дұрыс көрсетуі керек.
2. Цифрларды ретімен жаз.
3. Суреттегі цифрды ретімен сызықпен сызып қос.

4 - тапсырма: Көлем.
Көлемді сипаттап айта білу үшін мына тапсырманы пайдаландым.
1. Суреттегі нәрсенің көлемі үлкенін тап.
2. Суреттегі заттың қайсысы ауыр.
3. Қайсысы кіші екенін ата.

5 - тапсырма: Шамаларды салыстыру.
1. Қай ағаш биік?
2. Қайсы жануардың бойы қысқа?
3. Суреттегі екі жолдың қайсысы жіңішке?

6 - тапсырма: Геометриялық пішіндер.
1. Заттар қандай геометриялық фигураға ұқсайды? Геометриялық фигураны шаршының ішіне сал.
2. Қай пішін жоқ? Соның суретін сал.
3. Үйшік қандай геометриялық пішіндерден құрастырылған.

7 - тапсырма: Кеңістікті бағдарлау.
1. Не қайда орналасқан?
2. Қыздың оң жағында не бар?
3. Суретте жоғарыда не бар?
4. Қайда жасырынған?

8 - тапсырма: Уақыт.
1. Мынау қай уақыт?
2. Мезгілдердің ішінен күз мезгілін көрсет.
3. Кешкі уақытты көрсет

Оқу іс - әрекетінде көрсетіп, түсіндіріп серуен кезінде бақылау жүргізіп, қоршаған ортадағы заттарды салыстыру арқылы түсінік бердім. Соның нәтижесін тоқсан соңында тапсырма беру арқылы орындаттым.

Барлық тапсырманы орындағаннан кейін тоқсан соңында балалардың балдарын есептеп зерттеу кестесіне салдым. Алынған қорытынды бойынша баланың даму деңгейі және оның мектепке қаншалықты дайын екенін анықтадым.
35 - 40 балл болса баланың деңгейі жоғары. Ол тапсырмаларды жеңіл орындайды. Оның даму деңгейі жасына сай келеді. Бала мектепке баруға дайын.
25 - 30 балл болса баланың деңгейі орташа. Оған көмектесу қажет. Баланың қиын тиген бөлімдерге көңіл аудару керек. Сол бөлімдерге қосымша тағы жұмыс жүргізу керек. Сонда бала жақсы нәтижеге жетеді.
15 - 20 балл болса баланың деңгейі төмен. Бүл көрсеткіш баланың әзірге мектепке дайын еместігін білдіреді. Баламен көбірек жұмыс жүргізуді қажет етеді.
5 - 10 балл болса бұл нәтиже жеткіліксіз, бала мектепке баруға мүлдем дайын емес. Оның даму деңгейі жасына сай келмейді.

І - тоқсанда тобымдағы балалардың жинаған нәтижесі.
Нәтиже
18 бала – жоғары
4 бала – орташа
3 бала – төмен.

Начало формы

















Автор
Дата добавления 14.03.2016
Раздел Дошкольное образование
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров280
Номер материала ДВ-526664
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх