Инфоурок / Иностранные языки / Конспекты / Презентация по казахскому языку на тему "Патриоттық тәрбие беру"

Презентация по казахскому языку на тему "Патриоттық тәрбие беру"

Напоминаем, что в соответствии с профстандартом педагога (утверждён Приказом Минтруда России), если у Вас нет соответствующего преподаваемому предмету образования, то Вам необходимо пройти профессиональную переподготовку по профилю педагогической деятельности. Сделать это Вы можете дистанционно на сайте проекта "Инфоурок" и получить диплом с присвоением квалификации уже через 2 месяца!

Только сейчас действует СКИДКА 50% для всех педагогов на все 111 курсов профессиональной переподготовки! Доступна рассрочка с первым взносом всего 10%, при этом цена курса не увеличивается из-за использования рассрочки!

ВЫБРАТЬ КУРС И ПОДАТЬ ЗАЯВКУ
библиотека
материалов

Тақырыбы: Қазақ тілі мен әдебиеті пәндері арқылы оқушыларды патриоттық сезімге тәрбиелеу.


Республикалық комплекстік программаның негізі 8-ші бағытының бірі қазақстандықтарға патриоттық сезімді қалыптастыру болатын. Онымен қоса жоғары азаматтылық, ұлт аралық бірлік, мемлекеттік рәміздерге құрметпен қарау,Қазақстан Республикасының Конституциясындағы заңдарды мойындау болатын.

Оқушыларды ұлттық мәдениеттілікке тарту, Қазақстан тарихын және салт-дәстүрді оқып үйренуге, қоғамдағы достықты күшейту, бейбітшілік пен бірлікті қалыптастыру арқылы, олардың санасында туған елге деген сезім мақтанышын қалыптастыру.Отанға деген сүйіспеншілік, отбасынан басталады. Өз туған өлкесін сүю, оның тарихын білу қазіргі таңдағы мәселелерін білу болып табылады.

«Білім туралы» Заңда:

«Қазақстан Республикасының тәрбие жүйесінің мақсаты – оқушылардың жеке тұлғалық сапалығы, Қазақстан патриоттылығы, гуманизмі және жалпы адамзаттық құндылықтары негізінде қалыптастыру», - деп жазылған.

Біздің оқу орыс тілінде жүргізілетін сыныптарда қазақ тілі және қазақ әдебиетін үйретуде негізге алатынымыз, біріншіден, тіл үйрету, сөз үйрету, сөйлеп үйрету.

Екіншіден, қазақ тілі тарих, география, орыс әдебиеті, математика, орыс тілі пәндерімен сабақтас болғандықтан көптеген мағлұматтар қазақ тілінде, тіл үйрету мақсатымен аталған пәндерге байланысты айтылады.

Үшіншіден, тәрбиелік мақсатты көздеп қазақ тілі және әдебиетін оқытуда оқушылардың санасында патриоттық, достық, туыстық сезім қалыптастырылады.

Қазақ сыныбында да, орыс сыныбында да қазақ әдебиеті пәні 5-ші сыныптан бастап жүргізілетіндіктен патриоттық тәрбиенің бастауы мақал-мәтелдерден басталады.

Мысалы: Қазақстан Республикасының рәміздерін құрметтеу үшін мынадай мақалдардың мағынасына баса назар аударылады.

  1. Туға тағзым - тарихқа тағзым. (Поклонение знамени - поклонение истории).

  2. Туға құрмет – елге құрмет. (Уважение к знамени – уважение к народу).

Сонымен қатар мақал-мәтелдердің ішіндегі ең көлемдісі «Отан» туралы мақал-мәтел:

Мысалы:

  1. Отансыз адам – ормансыз бұлбұл. (Человек без Родины, что соловей без леса).

  2. Отанға опасыздық еткенің, өз түбіңе өзің жеткенің. (Родину предать, что себя заживо похоронить).

  3. Отанды сүю – отбасынан басталады. (Любовь к Родине, у семейного очага зарождается).

Мақал-мәтелдер арқылы оқушылардың жан-дүниесі, көзқарасы, танымы, адамгершілік қасиеттерін байытатын ұлттық рухани дүниесі байытылады.

Сонымен қатар «Отан», «Туған жер», «Ерлік», «Достық» туралы өлеңдерді оқыту арқылы мазмұнына терең үңіле отырып, сұрақ-жауап әдісі арқылы оқушылардың осы өлеңдерден не түсінгендері сұралады. Қасым Аманжоловтың «Отан», Мұқағали Мақатаевтың «Үш бақытым» т.б ақындардың өлеңдері талданды. Осы өлеңдер арқылы оқушылардың бойында адамгершілік, патриоттық сезімдерді арттыру арқылы өз отанын сүюге және туған елін қорғауға тәрбиелейміз.

6 - 8 сыныптарда батырлар жыры басталады.

Батырлар жыры арқылы оқушыларға Отанын қорғау жолындағы қазақстандық батырладың ерлігін айта келіп, өз елін, жерін сүюге және өз Отанына деген сүйіспеншілігін арттырып, патриоттық сезім ұялату.

Батырлар жыры ұрпақтан-ұрпаққа жатқа айтылу арқылы жеткен. Сондай жырларға жататындар: «Алпамыс батыр», «Қобыланды батыр», «Ер Тарғын», «Қамбар батыр», «Ер Қосай батыр», т.б жырлар арқылы қазақ халқының ғасырлар бойы бастан өткізген әлеуметтік тарихи жағдайы мен тарихи оқиғаларды тарихта болған адамдардың ерлік істерін, елдің ерлік, елдік салтын, әдет-ғұрпын бейнелейді.

Қазақтың батырлары, қазақ елінің өткен тарихындағы ең ардақты ұлдары. Сондықтан да халық оларды сүйеді, батырлығын сүйсіне жырлайды. Батырлар жыры жас ұрпаққа баяғы заманда қандай елеулі оқиғалар болғанын баяндайды.

Сондай-ақ, халықтың әділетті өмір жайындағы арманы көркем сөзбен айтылады. Оқушыларды батырлар жырлары арқылы ерлікке, елжандылыққа, атамекенін ардақтауға баулимыз.

Сонымен қатар, оқушылардың көңілін сабаққа аудару. Сынып тазалығы мен тыныштығын қадағалау. Жауапкершілігімен, төзімділігімен, биік адамгершілік қасиеттерін сақтай отырып, басқаларды да төмендетпейтін қасиеттерімен айқындаймыз.

Мемлекеттің тұрақтылығы мен гүлденуі саяси тұрақтылықты Ата заңның орындалуында, әрбір Қазақстан азаматы осы ойды есте сақтауы керек,- деп ойлаймын.

Осы айтылғандардың нәтижесі ретінде айта кетсем, биылғы жылы оқушыларды патриоттық сезімге,ұлтжандылыққа тәрбиелеу негізінде өткен қалалық, облыстық сайыстарда оқушыларымыз үнемі жүлделі орындарды иемденіп отырды.











Б а я н д а м а


Қазақ тілі мен әдебиеті пәндері арқылы оқушыларды патриоттық сезімге тәрбиелеу

(Педкеңес отырысында)



Мұғалім: Жайбергенова Қ.Ө.












Ақтау,2014ж.


Общая информация

Номер материала: ДВ-414504

Похожие материалы