Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / Презентация по казахскому языку на тему "сабақ талдау"

Презентация по казахскому языку на тему "сабақ талдау"


  • Другое

Поделитесь материалом с коллегами:

Аудандық семинарға қош келдіңіздер!
«Сабаққа педагогикалық талдау жасаудың теориялық негіздері, мазмұны, түпкі н...
Мақсаты: «Мектеп басшыларының сабаққа педагогикалық талдау жасаудың теориялы...
МЕКТЕП БАСШЫСЫ! Сабақты барынша жан-жақты зерттеп біл- ол сенің мұғалімді кү...
ІС НӘТИЖЕСІ ОНЫҢ БАСТАУЫНА БАЙЛАНЫСТЫ! Сабақты бастарда оқушылар назарын дұр...
I - КЕЗЕҢНІҢ АЛГОРИТМДІ ТАЛДАУЫ. 1.Мұғалімнің сыныпқа кірген бетіндегі психо...
5.Бұл кездегі педагогтың қимылын оқушылар сезімімен байланыстырып көріңіз. 6....
10. Мұғалім қолданған педагогикалық әрекет бұл кезеңнің дидактикалық міндетін...
КІРСЕҢ –ТЕКСЕР, Тексермесең -сұрама! II- КЕЗЕҢ. Үй тапсырмасын орындалуын те...
3. Үй тапсырмасының орындалуын тексерудің барысында мұғалім оқушыларға ортақ...
8.Бұл кезеңде қол жеткен нақтылы нәтиже сабақтың келесі кезеңіне қаншалықты ә...
ІІІ - КЕЗЕҢ Оқушы білімін жан-жақты тексеру Кезеңді талдаудың алгоритмі. Бұл...
5. Оқушы жауабы мен оны педагогтың әділ бағалауы және жауап беруші үшін де,...
8. Мұғалімнің оқушы жауабындағы қателерге қалай қарайтынын байқаңыз. Оның бі...
Мынадай педагогикалық ақиқатты ұмытпаңыз: Ақылды жауап, ақылды сұраққа ғана б...
ОҚУШЫЛАР БІЛІМІН ТЕКСЕРУ БАҚЫЛАУ МАҚСАТЫМЕН ҒАНА ЕМЕС ОҚЫТУ МАҚСАТЫН ДА КӨЗД...
Ең маңыздысы – оқушылардың мақсатты саналы түсінуін қамтамасыз ету, оларды со...
Кезеңді талдауға әдістемелік нұсқау *Кезеңді талдаудың түйіні, кезеңдегі дид...
* Бұл кезеңді талдау сипатының ерекшелігін оның нақтылы нәтижесін келесі кез...
- Не оқытылады? Жаңа тақырып бойынша білім қайда қажет болады? Жаңа материалд...
“Оқу үрдісін білімнің белгілі көлемін ғана үйрететіндей етіп құру керек. Біл...
Кезеңді талдау алгортмі: Оқу материалының мемлекеттік бағдарламаға сәйкестігі...
7. Кезеңдегі жұмыстың тебіреністігін, жан-жақтылығын, тығыздығын бағалау. 8....
12. Осы кезеңге тән жаңа материалды ұғындыру әдісінің оқушылардың танымдық әр...
Сабақтың бұл кезеңінің мәні мұғалімнің оқу материалын баяндауында емес, педа...
VI - Кезең Оқушылардың жаңа оқу материалын түсінгендігінің алғаш тексерілуі...
Кезеңді талдау алгоритмі: Сабақтың өткен кезеңнің жаңа материалды игеруге тиг...
5. Мұғалім оқушыларды жаңа материалды түсінгендігіндегі олқылықтарды түзетуд...
Білімді саналы игерудің белгілері: Білімдер арасындағы байланыстардың сипаты...
VII - Кезең Жаңа білімді пысықтау Кезеңді талдаудың алгоритмі: Сабақтың алдын...
4. Пысықтау амалына талдау жасаңыз. Ол оқыған материалды, негізгі фактілерді...
Сабақ талдау жасаушыға бұл кезең өте маңызды, өйткені мұнда мұғалімнің де, о...
Жаңа білімді пысықтаудың мүмкін амалдары. Баяндалған тақырыптың барлық мәселе...
Бірінші ереже: үйге тапсырма берілуі үшін арнаулы уақыт берілуі тиіс, ол уақ...
Үшінші ереже: үй тапсырмасы оқушыларға әбден түсінікті болуына қол жеткізген...
Кезеңге талдау жасаудың алгоритмі. Мұғалім үйге тапсырма берерде өткен ескі...
6. Мұғалім үй тапсырмасының түрлерімен формаларын көбейтіп, оларға оқушылары...
Мектеп басшылары сабаққа педагогикалық талдау жасау үшін нені білу керек. Қаз...
3. Педагогикалық жүйелі көзқарас болмайынша педагогикалық мәнді талдау жасау...
Мектеп басшысы! Сабақты барынша жан-жақты зерттеп біл – ол сенің мұғалімді кү...
Қорытынды Сабақтың талдау түрлері: 1.Толық талдау 2.Психологиялық талдау 3.Қ...
САБАҚТЫҢ ТАЛДАУ КЕСТЕСІ /үлгі/ С.К У АҚЫТЫ Д. М КД.М М О. М М О.Ә Т.Ә.Ұ.Н Н....
Қысқартылған сөздердің түсініктемесі С.К – сабақтың кезеңі Уақыты Д.М. – дид...
 Назар қойып тыңдағандарыңызға РАХМЕТ!
1 из 46

Описание презентации по отдельным слайдам:

№ слайда 1 Аудандық семинарға қош келдіңіздер!
Описание слайда:

Аудандық семинарға қош келдіңіздер!

№ слайда 2 «Сабаққа педагогикалық талдау жасаудың теориялық негіздері, мазмұны, түпкі н
Описание слайда:

«Сабаққа педагогикалық талдау жасаудың теориялық негіздері, мазмұны, түпкі нәтижесі. » Тақырыбы:

№ слайда 3 Мақсаты: «Мектеп басшыларының сабаққа педагогикалық талдау жасаудың теориялы
Описание слайда:

Мақсаты: «Мектеп басшыларының сабаққа педагогикалық талдау жасаудың теориялық негіздерімен таныстыру, педагогикалық оқу-тәрбие үрдісінде тиімді пайдалану, оның түпкі нәтижесіне жету жолдарын үйрету »

№ слайда 4 МЕКТЕП БАСШЫСЫ! Сабақты барынша жан-жақты зерттеп біл- ол сенің мұғалімді кү
Описание слайда:

МЕКТЕП БАСШЫСЫ! Сабақты барынша жан-жақты зерттеп біл- ол сенің мұғалімді күнде үйрететін әдетің. Кім жақсы білсе, сол ғана жақсы оқыта алады.

№ слайда 5 ІС НӘТИЖЕСІ ОНЫҢ БАСТАУЫНА БАЙЛАНЫСТЫ! Сабақты бастарда оқушылар назарын дұр
Описание слайда:

ІС НӘТИЖЕСІ ОНЫҢ БАСТАУЫНА БАЙЛАНЫСТЫ! Сабақты бастарда оқушылар назарын дұрыс ұйымдастыру,үзілістің соңы мен сабақ арасын айқындай ашып, оқу пәніне жедел шұғылданатын психологиялық жаңа ахуал туғызу мұғалім біліктілігінің ең маңыздысы.

№ слайда 6 I - КЕЗЕҢНІҢ АЛГОРИТМДІ ТАЛДАУЫ. 1.Мұғалімнің сыныпқа кірген бетіндегі психо
Описание слайда:

I - КЕЗЕҢНІҢ АЛГОРИТМДІ ТАЛДАУЫ. 1.Мұғалімнің сыныпқа кірген бетіндегі психологиялық ахуалын анықтаңыз. 2.Оның сыныппен сәлемдесуі педагогикалық және психологиялық тұрғыдан қаншалықты орынды болды. 3. Мұғалімнің сәлемдесуін оқушылардың қалай қабылдағанымен салыстырыңыз. 4.Мұғалім сабаққа келмеген оқушыларды қалай тексергенін, бұл шақты оқушыларды белгілі бір адамгершілікке тәрбиелеу мақсатында пайдалана алғанына талдау жасаңыз.

№ слайда 7 5.Бұл кездегі педагогтың қимылын оқушылар сезімімен байланыстырып көріңіз. 6.
Описание слайда:

5.Бұл кездегі педагогтың қимылын оқушылар сезімімен байланыстырып көріңіз. 6.Мұғалім оқушылардың сабаққа дайындығын қалай тексергеніне назар аударуын көріңіз. 7.Мұғалім сыныптың сабаққа дайындығын тексеруінің қаншалықты педагогикалық талапқа сай екендігін анықтаңыз. 8.Мұғалім оқушылар назарын өзіне қалайша аударғанын байқаңыз. 9.Сабақ барысында бір кезеңнен екінші кезеңге көшу үшін оқушылардың жедел ауысуына шұғылдануына, келесі еңбегін жоспарлай білуіне т.б. Мұғалім қаншалықты ықпал жасағанын біліңіз.

№ слайда 8 10. Мұғалім қолданған педагогикалық әрекет бұл кезеңнің дидактикалық міндетін
Описание слайда:

10. Мұғалім қолданған педагогикалық әрекет бұл кезеңнің дидактикалық міндетіне сай келген – келмегенін анықтаңыз. 11. Кезеңнің түпкілікті нақты нәтижесін анықтап оның келесі кезеңге пәні бүкіл сабақ бойына қаншалықты әсер еткенін біліңіз. I-кезең нәтижесіне жетудің шарттары: 1.Мұғалімнің талапкерлігі, ұстамдылығы, жинақылығы. 2. Педагогтың айқын көрінген еркіндігі, көп сөзді еместігі. 3. Оқушыларға назары, сабаққа кедергісіз тікелей сеніммен кірісе білуі.

№ слайда 9 КІРСЕҢ –ТЕКСЕР, Тексермесең -сұрама! II- КЕЗЕҢ. Үй тапсырмасын орындалуын те
Описание слайда:

КІРСЕҢ –ТЕКСЕР, Тексермесең -сұрама! II- КЕЗЕҢ. Үй тапсырмасын орындалуын тексеру. Кезеңді тексеру алгоритмі: 1.1-кезеңнің нақтылы нәтижесі үй тапсырмасын орындауды тексеруді жүргізуге және оның түпкілікті нәтижесіне қаншалықты әсер тигізгенін біл. 2.Үй тапсырмасының орындалуын тексеруге қанша оқушы қамтылғанын анықта.

№ слайда 10
Описание слайда:

№ слайда 11
Описание слайда:

№ слайда 12 3. Үй тапсырмасының орындалуын тексерудің барысында мұғалім оқушыларға ортақ
Описание слайда:

3. Үй тапсырмасының орындалуын тексерудің барысында мұғалім оқушыларға ортақ қателерді және олардың себептерін көрсетті ме немесе тексеріс әншейін жүргізілді ме. 4. Ашылған қателерді жөндеу, олардың бүкіл сыныптың үй тапсырмасын саналы да дұрыс орындалуын көз жеткізу , жіберілу себептерінің жою жөніндегі мұғалім қолданған шаралар ықпалды ма. 5. Үй тапсырмасының орындалуын тексеру әдісі үйге берілген тапсырма мазмұнына, оның мақсатына сай келетіндігін, осы кезеңдегі оқушылар жұмысын ұйымдастыру амалдарына үйлесімділігін анықта. 6. Оқушылардың үй тапсырмасын орындау сипаты оның сыныпта тексерілуімен байланысын ашыңыз. 7.Бұл кезеңде оқушыларды жаң аматериалды оқуға еркін дайындау барысына талдау жасаңыз.

№ слайда 13 8.Бұл кезеңде қол жеткен нақтылы нәтиже сабақтың келесі кезеңіне қаншалықты ә
Описание слайда:

8.Бұл кезеңде қол жеткен нақтылы нәтиже сабақтың келесі кезеңіне қаншалықты әсер еткенін біліңіз. 9.Сыныптағы әрбір оқушының үй тапсырмасын орындағанын күнде ұдайы тексеріп отыру. Үй тапсырмасын орындау әдісін ұдайы түсіндіріп отыру қажет екенін ұмытпаңыз. ІІ - КЕЗЕҢНІҢ НАҚТЫ НӘТИЖЕСІ: 1.Үй тапсырмасын күн сайын жауапкершілікпен орындап отыру оқушының жетістікпен оқуының кепілі болады. 2.Сонымен бірге оқушыны күнделікті еңбекті жоспарлы түрде, ықыласты жүргізуге дағдыландырып, мақсатына жету үшін табандылыққа тәрбиелеп, тәртібін қалыптастырады.

№ слайда 14 ІІІ - КЕЗЕҢ Оқушы білімін жан-жақты тексеру Кезеңді талдаудың алгоритмі. Бұл
Описание слайда:

ІІІ - КЕЗЕҢ Оқушы білімін жан-жақты тексеру Кезеңді талдаудың алгоритмі. Бұл кезеңнің дидактикалық міндеттерін шешу үшін мұғалім өткен кезеңнің нақты нәтижесін қаншалықты дұрыс қолданғанын белгілеңіз. Байланысқа шығыңыз: мұғалім сұрағының қисындылық сапасы, оның оқушы жауабының сапалығына әсері. Мұғалім сұрағы оқытудың, тәрбиелеудің және дамытудың жалпы бағытына, оқушы мүмкіндігіне сай келетіндігін анықтаңыз. Мұғалім сұрақтары талдап отырған оқу материалының ерекшелігіне, оның мән-мазмұнына сәйкес келуін біліңіз.

№ слайда 15 5. Оқушы жауабы мен оны педагогтың әділ бағалауы және жауап беруші үшін де,
Описание слайда:

5. Оқушы жауабы мен оны педагогтың әділ бағалауы және жауап беруші үшін де, бүкіл сынып үшін де бағаны түсіндіру арасындағы байланысты байқаңыз. 6. Сұрау барысында мұғалімнің оқушыға деген тілектестік ниеті, оқушыны ынталандыру, жауаптың сапалығын көтеру әрекетін талдап көріңіз. 7. Тақтаға шақырылған оқушымен дара жұмыстың бүкіл сыныпқа әсерлігі қалай, мұғалімнің жеке оқушымен айналуының топтап немесе жалпылай жұмыс ұйымдастыруының дәл осы уақытқа тиімділігі қандай

№ слайда 16 8. Мұғалімнің оқушы жауабындағы қателерге қалай қарайтынын байқаңыз. Оның бі
Описание слайда:

8. Мұғалімнің оқушы жауабындағы қателерге қалай қарайтынын байқаңыз. Оның бірнеше түрі болуы мүмкін: қателікті ескертеді, бірақ бәріде ретімен келеді; оқушы біліміндегі қателікті айтып, оларды түзету жолдарын көрсетеді, оқушы біліміндегі қателерді айтып олардың себептерін ашады, оған сыныптың назарын аударады, ондайларды болдырмайтын жолдарын көрсетеді. 9. Осы кезеңнің дидактикалық міндеттерді шешуге қаншалықты сәйкес екендігіне қорытынды жасалады, сабақтың үш брдей мақсатына жету үшін қосқан үлесі талданады, сабақтың келесі кезеңіне – жаңа материалды игеруге оқушыларды қаншалықты даярлығы көрсетіледі.

№ слайда 17 Мынадай педагогикалық ақиқатты ұмытпаңыз: Ақылды жауап, ақылды сұраққа ғана б
Описание слайда:

Мынадай педагогикалық ақиқатты ұмытпаңыз: Ақылды жауап, ақылды сұраққа ғана беріледі, дұрыс жауап, дұрыс қойлыған сұраққа ғана айтылады. Сұраққа деген 3 талап: 1. Сұрақ мазмұнды болуы тиіс, яғни белгілі бір ойды қозғауы керек. 2. Жүйелі болуы тиіс, яғни өзара ішкі байланысы болуы керек. 3. Сұрақ нысаналы сипатта қойылуы тиіс, яғни сабақтың дидактикалық мақсатына үйлесімді болуы керек.

№ слайда 18 ОҚУШЫЛАР БІЛІМІН ТЕКСЕРУ БАҚЫЛАУ МАҚСАТЫМЕН ҒАНА ЕМЕС ОҚЫТУ МАҚСАТЫН ДА КӨЗД
Описание слайда:

ОҚУШЫЛАР БІЛІМІН ТЕКСЕРУ БАҚЫЛАУ МАҚСАТЫМЕН ҒАНА ЕМЕС ОҚЫТУ МАҚСАТЫН ДА КӨЗДЕЙДІ, ТЕКСЕРУДІҢ ӨЗІ ДЕ БЕЛГІЛІ ДӘРЕЖЕДЕ ОҚЫТУДЫ, ҮЙРЕТУДІ КӨЗДЕЙДІ. Күтілетін нәтиже Барлық оқушыларды ұжымдық танымға жұмылдыру, соның нәтижесінде бүкіл сыныптың білімі жетіле түседі. Ал оқушылардың бір бөлігінің білімі тиянақталады. Кезеңдегі іс-әрекетті талдаудың түпкілікті мақсаты осында жатыр.

№ слайда 19 Ең маңыздысы – оқушылардың мақсатты саналы түсінуін қамтамасыз ету, оларды со
Описание слайда:

Ең маңыздысы – оқушылардың мақсатты саналы түсінуін қамтамасыз ету, оларды сол мақсатқа жетуге қызықтыру, мақсатының маңызын оқушыларға аша көрсету. Оқушы сабақ үстіндегі өз еңбегін нысанасын түсінбесе, мұғалімге оны бақылау қиынға түседі. Оқушылар үшін оқу деген көбіне формальды көрінеді, өйткені тапсырманы орындау “мұғалімге ғана керекті” дүние сияқты. Мұғалім тапсырмасының мән-жайын түсінбеген оқушы оны орындауға қауқарсыз келеді, ойланып толғанбайды, ынта-ықылас көрсетпейді. IV - Кезең. Жаңа оқу материалын белсене де саналы игеруге дайындық.

№ слайда 20 Кезеңді талдауға әдістемелік нұсқау *Кезеңді талдаудың түйіні, кезеңдегі дид
Описание слайда:

Кезеңді талдауға әдістемелік нұсқау *Кезеңді талдаудың түйіні, кезеңдегі дидактикалық міндетке сабақтың дидактикалық мақсатына, жаңа білімді игеру үшін келесі кезеңнің дидактикалық міндетімен байланысын анықтауға бағытталуы тиіс. *Мұғалімнің жаңа материалды игеруге бүкіл сыныпты қаншалықты бағдарлай білетіндігіне, оны оқып үйренудің себептерін дәл де анық аша білетіндігіне, жаңа материалды бойға сіңіруге бүкіл сыныпты жұмылдыра білетіндігіне көңіл аударған жөн.

№ слайда 21 * Бұл кезеңді талдау сипатының ерекшелігін оның нақтылы нәтижесін келесі кез
Описание слайда:

* Бұл кезеңді талдау сипатының ерекшелігін оның нақтылы нәтижесін келесі кезеңнен көруге болады. *Бұл кезеңнің көрсеткіштері мынадай: сабақтың жаңа тақырыбына қызығу. Оған ұйымшылдықпен кірісу, оқушылардың танымға деген ынталылығы нысалылығы және оның пайдалылығын түсіну. Кезеңнің барысында оқушылардың мақсатқа жету үшін жасаған іс-әрекеттерін талдау, сабақ мақсатына жету жұмысы, материалдық маңызын түсіну. *Бұл кезеңде сабаққа қойылатын осындай талаптармен қатар сабақтың келесі кезеңінде оқытатын материалды тиянақты ұғынуға жасалған мүмкіндіктер, жаңа білімді игеру үшін келесі кезеңнің міндеттеріне дайындық жасау.

№ слайда 22 - Не оқытылады? Жаңа тақырып бойынша білім қайда қажет болады? Жаңа материалд
Описание слайда:

- Не оқытылады? Жаңа тақырып бойынша білім қайда қажет болады? Жаңа материалды тиянақты игеру үшін не істеу крек? Кезеңнің жауап беретін сұрақтары:

№ слайда 23 “Оқу үрдісін білімнің белгілі көлемін ғана үйрететіндей етіп құру керек. Біл
Описание слайда:

“Оқу үрдісін білімнің белгілі көлемін ғана үйрететіндей етіп құру керек. Білімді оқушылардың өз күшімен алуына сүйенбеген сабақ оларды жасынан бастап қасықты қолына бермей тамақтандырғандай, болмақ. Өмір дебестікті талап етеді: бала өз бетімен тамақтана біліп қоймай, тамақты да өз бетімен таба білуі керек. ” V – Кезең. Жаңа білімді игеру.

№ слайда 24 Кезеңді талдау алгортмі: Оқу материалының мемлекеттік бағдарламаға сәйкестігі
Описание слайда:

Кезеңді талдау алгортмі: Оқу материалының мемлекеттік бағдарламаға сәйкестігін анықтау. Оқу бағдарламарының тиісті ережелерінің іске асырылуын анықтау. Мұғалімнің сабақ мазмұнынан неғұрлы маңыздыларын, негізгі идеяларды, ұғымдарды бөле көрсете білуін, оларға оқушылар назарын аудара білетіндігін анықтау. Түсіндіретін материалдың ғылымилығын, түсініктілігін, негіздемелігін талдау. Оқу материалының тәрбиелік, дамытушылық құндылығын анықтау. Оқу материалының өмірмен байланысының барлығын /немесе жоқтығын/ анықтау.

№ слайда 25 7. Кезеңдегі жұмыстың тебіреністігін, жан-жақтылығын, тығыздығын бағалау. 8.
Описание слайда:

7. Кезеңдегі жұмыстың тебіреністігін, жан-жақтылығын, тығыздығын бағалау. 8. Таным белсенділігін тудыратын талпынысқа ынталандыру мазмұнын анықтау. 9. Мұғалім сабақтың дүниетанымдық негізгі идеясын қаншалықты айқын да, білгірлікпен аша білетіндігін, оның әділеттілігіне оқушылардың көзін жеткізе алатындығын анықтау. 10. Оқу материалының мазмұны мен оны оқыту методикасы арасындағы байланысына талдау жасау, бұл байланыстағы басты орын мазмұнға берілетіндігіне көңіл бөлу. 11. Осы оқу материалының көмегімен сабақтың дидактикалық мақсатына жетуі үшін қолданылған әдістің тиімділігін анықтау.

№ слайда 26 12. Осы кезеңге тән жаңа материалды ұғындыру әдісінің оқушылардың танымдық әр
Описание слайда:

12. Осы кезеңге тән жаңа материалды ұғындыру әдісінің оқушылардың танымдық әрекетін ұйымдастыруға қаншалықты әсерлі болғанын анықтау, өйткені даралай оқыту, фронтальді, ұжымдық оқыту қашан да өз амалдарымен айшықты келеді. 13. Мұғалімнің осы кезеңде қолданған оқыту амалдары оқушылардың ойлау әрекетін белсендіру талаптарына сай келетіндігін анықтау. 14. Мұғалімнің таным қалыптастырып, оның нәтижелеріне қол жеткізу әрекеттерін анықтау. 15. Өткен кезеңде оқушыларды жаңа материалды сапалы игеруге дайындау үшін дидактикалық міндеттер қаншалықты орындалғанын /орындалмағанын/, даярланған /немесе керісінше даярламағанын/ анықтау. 16. Бұл кезеңнің дидактикалық міндетін оның нақтылы нәтижелерімен салыстыру /бұл көбіне сабақтың соңғы екі кезеңінде анықталады/.

№ слайда 27 Сабақтың бұл кезеңінің мәні мұғалімнің оқу материалын баяндауында емес, педа
Описание слайда:

Сабақтың бұл кезеңінің мәні мұғалімнің оқу материалын баяндауында емес, педагогтың басшылығымен, білімінің түрлі арналарын, оған деген түрлі әдістерді падалана отырып, оқушылардың белсенділігін арттыру. ЕСІҢІЗДЕ БОЛСЫН!

№ слайда 28 VI - Кезең Оқушылардың жаңа оқу материалын түсінгендігінің алғаш тексерілуі
Описание слайда:

VI - Кезең Оқушылардың жаңа оқу материалын түсінгендігінің алғаш тексерілуі Жеке бастың білімді саналы игеруі олардың байланысын білуі, алынған жолдарын білуі, дәлелдей білуі, олардың қалыптасу байланысымен механизмін білуі, қалыптасуын білумен барып айқындалады.

№ слайда 29 Кезеңді талдау алгоритмі: Сабақтың өткен кезеңнің жаңа материалды игеруге тиг
Описание слайда:

Кезеңді талдау алгоритмі: Сабақтың өткен кезеңнің жаңа материалды игеруге тигізген әсерін нақтылы нәтижесіне қарай талдау. Осы кезеңдегі сабақтың келесі кезеңдегі қорытындысына қандай нақтылы нәтижеге жеткізетінін айқындау. Мұғалім оқушы түсінігін анықтау үшін құбылыстар арасындағы байланыстарды, игерілген білім негіздерін, олардың салаларын білетіндігін қаншалық айқындайтынын білу. Оқушылардың сөйлеу мәнеріне көңіл бөлу, білімін топтастырып, жүйеге келтіре ала ма, алған білімін әр жағынан топшылап шығарымды ойлана, дәстүрлі емес амалдармен баяндай білуіне көңіл бөлу.

№ слайда 30 5. Мұғалім оқушыларды жаңа материалды түсінгендігіндегі олқылықтарды түзетуд
Описание слайда:

5. Мұғалім оқушыларды жаңа материалды түсінгендігіндегі олқылықтарды түзетудегі жұмысын бағалау. 6. Мұғалімнің оқушыларға қойған сұрақтарының сипатына ерекше көңіл бөлу. Егер бұл сұрақтар ойдағы материалды жай ғана қайталаса, онда ол кезеңнің дидактикалық міндетіне қайшы келгенінің белгісі 7. Оқушылар әрекетін ұйымдастыру әдістерінің кезеңнің дидактикалык міндетіне сәйкестігін талдау.

№ слайда 31 Білімді саналы игерудің белгілері: Білімдер арасындағы байланыстардың сипаты
Описание слайда:

Білімді саналы игерудің белгілері: Білімдер арасындағы байланыстардың сипатын /қатар өрбуін немесе тіл тіркестігін/ білу. Байланыстардың мәнді мәнсіздерін айыра білу Бұл байланыстардың механизмін және көрінісін түсіну. Игерген білімнің негізін білу. /олардың дәлелденетіндігін/ Білім алудың амалдарын білу. Алған білімдерді қолданатын салалар мен амалдарын білу. Қолдану амалдарының негізінде жатқан принциптерді білу.

№ слайда 32 VII - Кезең Жаңа білімді пысықтау Кезеңді талдаудың алгоритмі: Сабақтың алдын
Описание слайда:

VII - Кезең Жаңа білімді пысықтау Кезеңді талдаудың алгоритмі: Сабақтың алдынғы екі кезеңіндегі нақтылы нәтижелерге қарай жаңа нәтижелерді айқындау, өйткені білім сапасы материалды өткеннен кейінгі пысықтауға байланысты болады. Мынадай байланыстылық айқындалсын: білімнің сапалы игерілуі – олардың есте сақталуы. Оқытылмақ материалыд еркін де жан-жақты түсінікті болуы оны пысықтау барысында оқып отырған құбылыстың мәні тереңірек ашылса, оқушылар оның жаңа қырымен сырын аша алса, жаңа тақырыптағы себеп-салдарды жетігірек білсе осыларғы байланысты болмақ. Мұғалім берілген білім, біліктерді оқытылып отырған мәселелерді пысықтау методикасымен байланыстыра ма, оқушының келесі сабақта беретін жауабы, кезекті тексерісте оның білімін тексерумен жанастырыла ма.

№ слайда 33 4. Пысықтау амалына талдау жасаңыз. Ол оқыған материалды, негізгі фактілерді
Описание слайда:

4. Пысықтау амалына талдау жасаңыз. Ол оқыған материалды, негізгі фактілерді есте сақтау ғана ма? Мүмкін оқушы алған білімін әр қырынан қолданып, теориялық та, практикалық та міндеттерді шешу үшін фактілер мен идеяларды жанастыра білетін құбылыстар ұсынылған ба? 5. Мұғалім пысықтау барысында оқушының ойлану әрекетін дамытуға ынтыландыра алатындығын айқындау. 6. Мұғалім пысықтау барысында оқушы білімінің айқындап, тиянақты болуына қол жеткізуі қалай? 7. Мұғалім оқушы білімінің актуальді жолдарын көрсете ме? 8. Пысықтау формаларына, оның әр түрлілігіне және тиімділігіне көңіл бөлінісін.

№ слайда 34 Сабақ талдау жасаушыға бұл кезең өте маңызды, өйткені мұнда мұғалімнің де, о
Описание слайда:

Сабақ талдау жасаушыға бұл кезең өте маңызды, өйткені мұнда мұғалімнің де, оқушының да еңбегінің нітижелігі айқынырақ көрініс береді, сабақ барысында сіңірілген бүкіл еңбектің қорытындысы осында көрінеді. ЕСІҢІЗДЕ БОЛСЫН!

№ слайда 35 Жаңа білімді пысықтаудың мүмкін амалдары. Баяндалған тақырыптың барлық мәселе
Описание слайда:

Жаңа білімді пысықтаудың мүмкін амалдары. Баяндалған тақырыптың барлық мәселелері бойынша әңгіме. Тақырыптың түйінді мәселелері бойынша ғана әңгіме. Оқулықтан тақырыпқа сәйкес мақаланы оқу. Сұраққа жаңа құрылымды беру. Оқылған ереже және тұжырымдар бойынша оқушылардың өздеріне мысалдар келтіру. Пысықтауды картиналар, кестелер т.б. көрсете жүргізу. Мұндайда оқушылардан қарау, салыстыру, керектілерін бөле көрсету талап етіледі. Оқу киносын көрсете отырып пысықтау Алған білім, біліктерді іс жүзінде пайдалануды қажет ететін есептер шығартып жаттықтыру.

№ слайда 36 Бірінші ереже: үйге тапсырма берілуі үшін арнаулы уақыт берілуі тиіс, ол уақ
Описание слайда:

Бірінші ереже: үйге тапсырма берілуі үшін арнаулы уақыт берілуі тиіс, ол уақыт сол тапсырмаларды орындауға жеткілікті болуы керек. Екінші ереже: тапсырма бүкіл сынып зер салғанда берілуі тиіс. Оқушылар сабақтың бұл кезеңін басқа кезеңдерден де кем емес қарап, өздерінің үйде орындайтын жұмысын оңайлататын жұмыс деп ұғынуы тиіс. VIII - Кезең. Үй тапсырмасы туралы хабар Үйге тапсырма беру әдістемесінің ережелері.

№ слайда 37 Үшінші ереже: үй тапсырмасы оқушыларға әбден түсінікті болуына қол жеткізген
Описание слайда:

Үшінші ереже: үй тапсырмасы оқушыларға әбден түсінікті болуына қол жеткізген жөн /атап айтқандай жұмыстарды орындау керек/. Төртінші ереже: үйге тапсырма берерде оқушыларға нені орындау керектігін ғана айтып қоймай оны қалай орындайтындарын түсіндіру керек. Оқушылар үй тапсырмасын орындаудың әдістемесін білгені жөн. Төрт ережені есте сақтаңыз – олар кезеңдереге талдау үшін негізгі талаптар

№ слайда 38 Кезеңге талдау жасаудың алгоритмі. Мұғалім үйге тапсырма берерде өткен ескі
Описание слайда:

Кезеңге талдау жасаудың алгоритмі. Мұғалім үйге тапсырма берерде өткен ескі кезеңдегі нақтылы жағдайларды ескерді ме: алғашқы сұрауларды пысықтау және тиянақтау. Уй тапсырмасының көлемін байқаңыз. Үй тапсырмасы кезеңнің бірыңғай дидактикалық үш міндетіне сай келетіндігіне назар аударыңыз. Үйге тапсырма беру әдістемесі, ол кезеңнің дидактикалық міндетіне сай келе ме? Кезең міндетін жүзеге асыруда оқушыларға жеке дара көзқарас және олардың үй тапсырмасын орындау міндетті ме деген психологиялық түсінігіне көңіл бөліңіз.

№ слайда 39 6. Мұғалім үй тапсырмасының түрлерімен формаларын көбейтіп, оларға оқушылары
Описание слайда:

6. Мұғалім үй тапсырмасының түрлерімен формаларын көбейтіп, оларға оқушыларын қызықтыра ала ма. 7. Үй тапсырмасының сипаты қандай: шығарымды ма, көтермелі ме. 8. Сабақтың бүкіл барысы және оның дамуы үй тапсырмасын міндетті түрде орындауға оқушыларды дайындай алды ма.

№ слайда 40 Мектеп басшылары сабаққа педагогикалық талдау жасау үшін нені білу керек. Қаз
Описание слайда:

Мектеп басшылары сабаққа педагогикалық талдау жасау үшін нені білу керек. Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңнамаларын, мемлекеттік стандарт талаптарын,оқыту бағдарламасын т.б. сонымен қатар тиянақты әдістемелік базасы болуы керек. Мектепті басқару жұмысында мектепішілік басшылықпен бақылау жұмысының принциптерін, әдіс-тәсілдерін, адамгершілік қадір-қасиет сақтай отырып, психологиялық, педагогикалық жұмыстарды жүйелі түрде қолдана алса ғана тиімді болмақ.

№ слайда 41 3. Педагогикалық жүйелі көзқарас болмайынша педагогикалық мәнді талдау жасау
Описание слайда:

3. Педагогикалық жүйелі көзқарас болмайынша педагогикалық мәнді талдау жасау мүмкін емес. Сабақта – күрделі динамикалық жүйе болып табылады, ол күрделі үрдісті әділ талдап, дұрыс шешім қабылдау үшін ережелер тізбегін, талдау жүйесін біртіндеп игеріп, толық қалыптастыру қажет. 4. Тәрбиелеу және оқыту теориясының жетекші мәселелерін жетік біліп қана қоймай, оның практикалық заңдылықтарын, тәрбие мен оқытудың дидактикалық принциптерін білуі керек, және олардан туындайтын талаптарды да ескерген жөн. Сабақтың педагогикалық талдануы аталған талаптарға сай жүргізілсе ғана ол мұғалім үшін педагогикалық шеберліктің тиімді мектебі болмақ.

№ слайда 42 Мектеп басшысы! Сабақты барынша жан-жақты зерттеп біл – ол сенің мұғалімді кү
Описание слайда:

Мектеп басшысы! Сабақты барынша жан-жақты зерттеп біл – ол сенің мұғалімді күнде үйрететін әдетің. Кім жақсы білсе, сол ғана жақсы оқыта алады. 5. Мектеп басшылары жалпы және жас шамасына қарайға психологиядан жетік хабардар болуы керек. 6. Мектеп басшысы түрлі пәндердің сабағына қатыса отырып, оларға талдау жасағанда әрқайсысының дараәдісімен, бағдарламасымен, оқу жоспарымен таныс болуы тиіс

№ слайда 43 Қорытынды Сабақтың талдау түрлері: 1.Толық талдау 2.Психологиялық талдау 3.Қ
Описание слайда:

Қорытынды Сабақтың талдау түрлері: 1.Толық талдау 2.Психологиялық талдау 3.Қысқаша талдау 4.Құрылымдық талдау 5.Жүйелеп талдау 6.Дидактикалық талдау

№ слайда 44 САБАҚТЫҢ ТАЛДАУ КЕСТЕСІ /үлгі/ С.К У АҚЫТЫ Д. М КД.М М О. М М О.Ә Т.Ә.Ұ.Н Н.
Описание слайда:

САБАҚТЫҢ ТАЛДАУ КЕСТЕСІ /үлгі/ С.К У АҚЫТЫ Д. М КД.М М О. М М О.Ә Т.Ә.Ұ.Н Н.Н О.ММ - Д.М О.Ә - Д.М Т.Ә.Ұ.Н -Д.М О.Ә - О.ММ О.Ә. - Т.Ә.Ұ.Н Н.Н -Д.М Д.М -Д.М Д.М - С.Б.Ү.Д.М Д.А.Ш -С.Б. Ү Д.М Т. А.Ш -С.Б. Ү Д.М С. Қ. М Б Е

№ слайда 45 Қысқартылған сөздердің түсініктемесі С.К – сабақтың кезеңі Уақыты Д.М. – дид
Описание слайда:

Қысқартылған сөздердің түсініктемесі С.К – сабақтың кезеңі Уақыты Д.М. – дидактикалық мақсаты К.Д.М.М – кезеңнің дидактикалық мақсатының мазмұны О.М.М – оқу материалының мазмұны О.Ә – оқыту әдісі Т.Ә.Ұ.Н –танымдылық әрекетінің ұйымдастыру нұсқасы Н.Н – нақты нәтиже О.М.М – Д.М – оқу материалының мазмұны – дидактикалық мақсаты О.Ә –Д.М- оқыту әдісі- дидактикалық мақсаты Т.Ә.Ұ.Н –Д.М -танымдылық әрекетінің ұйымдастыру нұсқасы - дидактикалық мақсаты О.Ә – О.М.М - оқыту әдісі- оқу материалының мазмұны О.Ә –Т.Ә.Ұ.Н- оқыту әдісі - танымдылық әрекетінің ұйымдастыру нұсқасы Н.Н – Д.М. -нақты нәтиже- дидактикалық мақсаты Д.М. –Д.М- дидактикалық мақсат – дидактикалық міндет Д.М. – С.Б.Ү.Д.М- дидактикалық міндет-сабақтың біріңғай үш дидактикалық мақсаты Д.А.Ш- С.Б.Ү.Д.М- дамытушы аспектінің шешімі-сабақтың біріңғай үш дидактикалық мақсаты Т.А.Ш - С.Б.Ү.Д.М- тәрбиелік аспектінің шешімі -дамытушы аспектінің шешімі-сабақтың біріңғай үш дидактикалық мақсаты С.Қ.М.Б.Е – сабаққа қатысу мақсату бойынша ескертулер

№ слайда 46  Назар қойып тыңдағандарыңызға РАХМЕТ!
Описание слайда:

Назар қойып тыңдағандарыңызға РАХМЕТ!


Автор
Дата добавления 04.02.2016
Раздел Другое
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров144
Номер материала ДВ-413794
Получить свидетельство о публикации


Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх