Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Презентации / Презентация по казахскому языку на тему "Сабит Муканов"

Презентация по казахскому языку на тему "Сабит Муканов"

  • Начальные классы
 Сәбит Мұқанов
Сәбит Мұқанов қазіргі Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданындағы Жаманш...
Сәбит жастайынан Абай Құнанбаевтың шығармаларына қызығып,ізденіп,Абайдай атақ...
 Естелік суреттер...
Сәбит ауылда мұғалім болып,жергілікті ”Совдеп”жұмысына белсене араласады. 192...
 Қазақстан пошталық маркасы 2000 жыл.
Биыл... көктем кезінде... бір күн кешке, Қиял шалқып, әрбір ой түсіп еске, Тү...
1917 жылғы Қазан төңкерісін қазақ халқына келген теңдік‚ бостандық деп танып‚...
С.Мұқановтың әдеби мұрасын сақтап, насихаттауға арналған тарихи-мәдени мекеме...
Сәбит Мұқанов ауыл Мәскеудегі Қызыл профессура институтын бітірген (1935). 19...
Сәбит Мұқанов  1973 жылы дүниеден өтті. Жазушының шығармашылығында да, бүкіл...
1 из 11

Описание презентации по отдельным слайдам:

№ слайда 1  Сәбит Мұқанов
Описание слайда:

Сәбит Мұқанов

№ слайда 2 Сәбит Мұқанов қазіргі Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданындағы Жаманш
Описание слайда:

Сәбит Мұқанов қазіргі Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданындағы Жаманшұбар деген жерде кедей отбасында 13-сәуір (26- сәуір) 1900 жылы туған. Сәбиттің жеті жасқа келгенде әкесі,сегіз жасқа келгенде анасы көз жұмады. Ол жастайынан әке-шеше қамқорын көре алмағандықтан және жетім қалгандықтан ағасы Мұстафаның қолында қалады. Жетімдіктің ауыр қасіретін тартқан Сәбит он жасынан бастап өз бетінше еңбек ете бастайды. Бала Сәбит,жас жүрек...

№ слайда 3 Сәбит жастайынан Абай Құнанбаевтың шығармаларына қызығып,ізденіп,Абайдай атақ
Описание слайда:

Сәбит жастайынан Абай Құнанбаевтың шығармаларына қызығып,ізденіп,Абайдай атақты,ұлы ақын болуды армандаған болатын. Ол 1918жылдың күзінде Омбы қаласындағы мұғалімдер курсна түсіп,онда бір жыл оқиды. Осы жылдары ”Көңілім’’(1917),”Зарығу”(1918),”Жоқшылыққа”(1918) өлеңдерін жазады. Білім ала жүріп,М.Жұмабаевқа хатшылық етті,оның педагогика тарихы курснан оқыған лекцияларын қагазға түсірді. Өзіде алғашқы өлеңдерін Мағжанға оқып беріп,ақындық өнерін шыңдады. Ерте есейген жас Сәбит.

№ слайда 4  Естелік суреттер...
Описание слайда:

Естелік суреттер...

№ слайда 5 Сәбит ауылда мұғалім болып,жергілікті ”Совдеп”жұмысына белсене араласады. 192
Описание слайда:

Сәбит ауылда мұғалім болып,жергілікті ”Совдеп”жұмысына белсене араласады. 1920 жылы Бүкілодақтық Коммунист партиясына мүшелікке өтіп,1921-1922жылдары Петропавл қалалық партия комитетінде істейді.1922-1924 жылдары Оренбургтегі рабфакта оқып,орыс әдебиеті классиктерінің шығармаларымен танысады. Өмірнен сыр шертейін аяңдап...

№ слайда 6  Қазақстан пошталық маркасы 2000 жыл.
Описание слайда:

Қазақстан пошталық маркасы 2000 жыл.

№ слайда 7 Биыл... көктем кезінде... бір күн кешке, Қиял шалқып, әрбір ой түсіп еске, Тү
Описание слайда:

Биыл... көктем кезінде... бір күн кешке, Қиял шалқып, әрбір ой түсіп еске, Түн бойы отырдым мен, шекпек болып Қағазға сөзден сұлу көркем кесте. «Гүл бағындай Отаным» Сәбит Мұқановтың осы өлеңдері мен поэмалары – қазақ совет поэзиясында Маяковский дәстүрін кеңейте түскен және сол дәуірдегі әдебиетіміздің көркемдік амал-құралдарын молайта түскен шығармалар. Шығармашылығы

№ слайда 8 1917 жылғы Қазан төңкерісін қазақ халқына келген теңдік‚ бостандық деп танып‚
Описание слайда:

1917 жылғы Қазан төңкерісін қазақ халқына келген теңдік‚ бостандық деп танып‚ әдебиетке кедейдің жырын жырлай келгендер ішінде коммунистік идеяға берілгендігімен ерекше көзге түскен Сәбит Мұқанұлы тек көркем шығарма жазумен ғана айналыспай, 1920-30 жылдары әдебиеттегі идеялық күреске белсене араласып‚ сын мен әдебиеттану саласында да қалам тартты.  Жазушы қаламынан туған әдеби мұра сан жанрлы, мол көлемді, идеялық-эстетик. мәні жоғары да бағалы. Оның артында қисапсыз мол мұра - 80 мың жолға жуық лирикалық өлең, жиырмаға тарта поэма, бірнеше повесть пен роман, көптеген әңгіме, очерктер, оннан астам пьеса, жоғары оқу орындарына арналған оқулықтар, қазақ ақын-жазушыларының шығармаларын талдайтын монографиялар мен қазақ мәдениетінің тарихы және этнографиясы туралы зерттеу еңбектер‚ т.б. сан-салалы кітаптар қалды Еңбектері

№ слайда 9 С.Мұқановтың әдеби мұрасын сақтап, насихаттауға арналған тарихи-мәдени мекеме
Описание слайда:

С.Мұқановтың әдеби мұрасын сақтап, насихаттауға арналған тарихи-мәдени мекеме. Алматы каласында, Төлебаев көшесі 125/3, С.Мұқановтың өзі 1965-1973жылы тұрған үйінде 1978 жылы 21 қарашада ашылған. Мұражай үйі әдеби және мемориалдық бөлімдерден тұрады. Мұражайдың әдеби бөлімінде жазушының зерттеулері мен сын мақалалары, монографиялары, ҚР ғылым академиясының Ш.Уәлиханов атындағы сыйлық дипломы және тағы басқы құжаттар бар. Оның1922-1935 жылы Ленинградта (қазіргі Санкт-Петербург), Мәскеуде оқыған кезіндегі суреттер мен кұжаттар рет-ретімен орналастырылған. Мұнда Тәттімбет пен Үкілі Ыбырайдың фотосуреттері бар. Суретші Ү.Әжиевтің С.Мұқанов пен орыс жазушысы М.Горькийдің достығын бейнелейтін "М.Горький және С.Мұқанов" атты картинасы да осы залда. Жазушы наградалары - екі Ленин ордені, екі Еңбек Қызыл Ту," Құрмет белгісі" ордендері, КСРО медальдары, сондай-ақ оның Қазақстан Жоғары Кеңесінің депутаттығына бірнеше рет сайланған куәліктері қойылған. Мұражай экспозициясында түрлі қолжазбалар, жазушының поэзиялық, прозалық және әдеби сын шығармаларының басылымдары бар. Жазушының "Сұлушаш" (1928), "Адасқандар" (1931), "Жұмбақ жалау" (1938), "Балуан Шолақ" (1941), "Сырдария" (1948) романдары мен "Шоқан Уәлиханов" (1953), "Қашқар кызы" (1958), "Сәкен Сейфуллин" (1964) атты драмалық шығармалары туралы мол мәліметтер берілген. "Адасқандар" (1931) романының басты кейіпкері - Бүркіт (Сұлтанбек) пен Бәтестің (Бәтима) түпнұсқа суреттері, махаббат хикаясына байланысты көне күнделіктің мұқабасы, Қызылорда қаласындағы сотқа (1927) қоғамдық айыптаушы ретінде қатысқан С.Мұқановтың куәлігі қойылған. Мұқановтың әдеби-мемориялдық мұражайы.

№ слайда 10 Сәбит Мұқанов ауыл Мәскеудегі Қызыл профессура институтын бітірген (1935). 19
Описание слайда:

Сәбит Мұқанов ауыл Мәскеудегі Қызыл профессура институтын бітірген (1935). 1935-36 жылдары «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы, 1936–37, 1943 – 51 жылдары Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы, 1937–41 жылдары ҚазҰПУ-дың проф-ы қызметтерін атқарған. Алғашқы кітабы «Совет өкіметі және қазақ әйелі» (өлеңдер, мақалалар, аудармалар) 1924 жылы жарық көрген. «Бай баласы» (1928), «Мөлдір махаббат» (1931), «Теміртас» (1935) романдары Қазақстандағы таптық күрес мәселелеріне арналған. «Ботагөз» (1938), «Сырдария» (1947 – 48) романдарында қазақ халқының тарихы суреттелген. «Өмір мектебі» автобиографиялық трилогиясына (1949 – 64) Қазақ КСР Абай атындағы Мемлекеттік сыйлығы берілген. «Аққан жұлдыз» шығармасы (1967 – 70) қазақтың ағартушы-ғалымы Ш.Уәлихановтың өмірі мен шығармашылығына арналған. Абай атындағы мемлекеттік сыйлығы, Ш.Уәлиханов атындағы сыйлығы (1967), Қазақстан мемлекеттік сыйлығының (1967) иегері. 2 мәрте Ленин, 2 мәрте Еңбек Қызыл Ту, т.б. ордендермен, медальдармен марапатталған Қысқаша биография

№ слайда 11 Сәбит Мұқанов  1973 жылы дүниеден өтті. Жазушының шығармашылығында да, бүкіл
Описание слайда:

Сәбит Мұқанов  1973 жылы дүниеден өтті. Жазушының шығармашылығында да, бүкіл қазақ прозасында да белгілі белес рмашылық өмірін түгел дерлік қамтыған «Өмір мектебі» трилогиясы шын мәніндегі халық шежіресі болатын. Ол халықтың арасынан шыққан халықтың сүйікті жазушысы болды. Сәбит Мұқанов әрбір қазақ үшін естен кетпес тұлға болып қалады. Қорытынды

Автор
Дата добавления 21.01.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Презентации
Просмотров349
Номер материала ДВ-364125
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх