Рабочие листы
к вашим урокам
Скачать
1 слайд
Сабақтың тақырыбы:
Қазақ шешендік өнерінің
үшінші кезеңі
2 слайд
1-топ 2-топ 3-топ
Төле би
Қазыбек би
Әйтеке би
3 слайд
Сұрақтар:
1.Қазыбек кім?
2.Екі әйел неге келді?
3.Бала кім?
4.Әңгіме не жайлы?
5.Қазыбек не деді?
4 слайд
Қазыбек бидің екі әйелдің дауын шешуі
Қазыбек би беріде елге белгілі болған кезде бір бала үшін дауласып, екі әйел алдына келіп жүгінеді. Әйелдердің бірі:
-Мынау баламды мен есін білмейтін жас күнімде жоғалттым, соны мынау әйел тауып алды ма, әлде ұрлап алды ма, оны білмеймін, әйтеуір, асырап алыпты. Бүгін танып, сұрасам, «өз балам» деп бермейді,-дейді.
Екінші әйел тұрып:
-Бала өзімдікі, өзі таптым. Мынау босқа жармасып тұр,- дейді. Қазыбек екі әйелдің сөздерін тыңдап болып, біраз ойланып отырып қалады. Содан кейін:
-Бірің балаңды жоғалтқаныңды, енді бірің тапқаныңды растап шығарлық мұнда басқа куә жоқ. Сондықтан мынадай билік еткім келеді,-дейді де,
5 слайд
баланың екі қолынан екі әйелге ұстатып қойып, қара балтаны ұстап көтеріп тұрып:
-Екеуіңе бұл баланы қақ бөліп берейін, осыған ризасыңдар ма?-дейді. Сонда балаға ие болып жүрген әйел:
- Біреуге тірі кеткенше, жартысы болса да өзімде қалсын, бөлсең бөл!- деп безеріп тұрып алады. Ал баланы таныған әйел: - Ойбай, биеке-ай! Қайда жүрсе де тірі болсын, шаба көрмеңіз!-деп безек қағады. Сонда барып Қазыбек:
-Бала мына жоғалтқан әйелдікі, өйткені ол баланың тірілігін тілеп тұр, баласын өзіне бер,- деп билік айтады.
6 слайд
19-жаттығу
Үш бидің сөзталасындағы ортақ тақырыпты анықтап, төбе бидің қызметін айтып, ой бөлісу.
7 слайд
Ойды жалғастыр
1-топ:
Білген ерге құн жетпейтін күн болады,
Күнді қанша мақтасаң да түн болады.
8 слайд
Батырдан бақ қайтатын күні болса,
Қанша тауып айтса да мін болады.
9 слайд
2-топ:
Біліп айтқан сөзге құн жетпейді,
Тауып айтқан сөзге шын жетпейді.
10 слайд
Өзің білмесең, білмегендерден үйрен,
Үйренгеннен ештеңең кетпейді.
11 слайд
3-топ:
Бидайдың сабанында дән жоқ,
Жаманның сөзінде мән жоқ.
12 слайд
Ата алмайтын адамға,
Қойша жайылған аң жоқ.
Төле би
13 слайд
Үйге тапсырма: 21-жаттығу
Рабочие листы
к вашим урокам
Скачать
6 610 526 материалов в базе
Настоящий материал опубликован пользователем Шилдебаева Жанар Толешбаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт
Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.
Удалить материалВаша скидка на курсы
40%Курс профессиональной переподготовки
600 ч.
Курс профессиональной переподготовки
300/600 ч.
Курс профессиональной переподготовки
300/600 ч.
Мини-курс
2 ч.
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.