Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Конспекты / Презентация по казахскому языку на тему "Сұраулы сөйлем"

Презентация по казахскому языку на тему "Сұраулы сөйлем"

  • Другое

Поделитесь материалом с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Сұраулы сөйлем

Сабақтың мақсаты.

1.Білімділік: Оқушыларға сұраулы сөйлем туралы мағлұмат беру 2.Дамытушылық: сөйлемнің түрлерін ажырата білуге дағдыландыру

3.Тәрбиелік: тілді ұлттық мұра ретінде қадірлеуге үйрету.

Сабақтың көрнекілігі: Оқулық ,тірек сызба

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Жаттығу жұмыстарын орындау, өз бетімен жұмыс түсіндіру

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасу

Сыныпты және оқу-құралдарын түгендеу

ІІ Үй тапсырмасын пысықтау

Сөйлемнің түрлерін қатыстырып «Біз батырдың ұрпағымыз»

тақырыбына ойтолғау жаз

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.

Сұраулы сөйлем деп біреу я бірдеме жайында білу мақсатымен сұрай айтылған сөйлемді атаймыз.

Сұраулы сөйлем соңына сұрау белгісі қойылады.

Сұраулы сөйлемнің жасалуы:

сұраулы сөйлемдер сұрау есімдігі қатысуы арқылы айтылады;

сұраулық мағына ма (ме), ба (бе), па (пе) және ше деген сұраулық шылаулардың қатысуы арқылы да білдіріледі;

сұраулық мағына кейде ғой, -ау шылаулары мен болар, шығар, қайтеді деген көмекші сөздердің және ә деген одағайдың қатысуы арқылы беріледі;

сұраулық мағына сұрау дауыс ырғағының өзі арқылы да беріледі.

Сұраулы сөйлем сұрақтың мағынасына қарай : негізгі , жетек, анықтауыш сұрақ болып 3 бөлінеді

ІV. Cабақты меңгерту

19-жаттығу Ауызша

21-жаттығу көшіріп жазып сөйлем мүшесіне талдау

22-жаттығу

V. Сабақты қорытындылау.

20-жаттығу хабарлы сөйлемдерді сұраулы сөйлемге айналдыру


VІ. Үйге тапсырма беру.

23-жаттығу Сұраулы сөйлемдерін көшіріп жазу

VІІ. Бағалау.


Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 07.01.2016
Раздел Другое
Подраздел Конспекты
Просмотров115
Номер материала ДВ-313103
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх