Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Классному руководителю / Презентации / Презентация по казахскому языку на тему "Су-тіршілік көзі"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Классному руководителю

Презентация по казахскому языку на тему "Су-тіршілік көзі"

библиотека
материалов

«Бекітемін»

Қазалы көлік-техникалық колледжі

директорының тәрбие ісі жөніндегі

орынбасары Г. Күзембаева

____________________


Сабақтың тақырыбы: Су – тіршілік көзі

Сабақтың мақсаты: Қазіргі кезде өзекті мәселеге айналып, халықаралық деңгейде әлі де өз шешімін таппай келе жатқан әлемдік экологиялық проблемаға айналған, су мәселесі туралы студенттерге мағлұмат беру.

ХХ ғасыр өнеркәсіптің қарқынды дамуымен және халық санының өсуімен сипатталса, ХХІ ғасырдың басында қоршаған ортаны ластайтын өнеркәсіптің кейбір салалары таза суға, өсімдіктерге және т.б. зиянын тигізе отырып , жылдамдықпен дами бастады. Адамзаттың бүгінгі іс әрекеті , күнделікті тіршілік жерге, ауаға, суға орны толмас жарақаттар салды. Және адамның табиғатқа тоқтаусыз әсер етуі оның өзінің өміріне қауіп төндіреді. Осы тұста бабаларымыз «Су тіршілік көзі» деп бекер айтапаған . Өйткені адам баласының күнделікті тіршілігін сусыз елестету мүмкін емес. Алайда жаратқанның берген несібесін есепсіз , ысыраппен пайдалану адам баласын сумен байланысты жаңа проблемалармен бетпе- бет ұшырасуға әкеп отыр. Солардың бірі- халықты таза әрі сапалы ауыз сумен қамтамассыз ету . Әр түрлі жұқпалы ауруларды басым көпшілігі ауа , тамақ, ауыз су арқылы жұғатынын ескерсек , бұл проблеманың шын мәнінде қаншалықты өзекті екенін байқаймыз . Ал кеңес одағы кезінде Қазақстанның ен даласының бірқатар тұсы түрлі сынақтар алаңына айналғанын , сонымен бір мезгілде қазіргі таңда еліміздегі экологиялық жағдайдың күрделенгенін ойға алсақ , бұл проблема салмағының ауыр екенін аңғарамыз.
Әйтсе де, сыртқы ортаны, суды, ауаны қорғауға заңды түрде шара қолданбайтын бірде-бір мемлекет жоқ. Тіпті теңіз суын қорғау зиянды заттарды шығарудың технологиясын реттеу және қалдықтарды барынша азайту жөнінде халықаралық келісімде жасалған.
Бұл шаралар бұлжытпай іске асыру да керек етеді, себебі ауаның, судың топырақтың ластануы ең ақырғы шегіне жетті. Әсіресе бұл проблема халық өте жиі орналасқан өндірістік аудандарда тым үлкен орын алып отыр. Улы заттар бұл орындардан өзен суларымен, теңіз ағыстары және жел арқылы мындаған километр алшақ орналасқан аймақгарға тарап, жер шарының алыс түпкірлерінс қауіп тудырады. Кейінгі жылдарда ластайтын қалдықтардың кәдімгі түрлеріне жерді радиоактивтік заттардың улау қаупі қосылды. Ал оның зиянды әсерлері жердің тек белгілі аймағымен ғана шектелмейді.
Судың ластануына әсіресе өнеркәсіп қалдықтарының қосылуы аса қауіпті. Қалддықтардың химиялық құрамының әр түрлі болуына сәйкес, олардың тигізер әсеріде әр түрлі. Мысалы, мұнай өңдеуден шыққан қалдықтар су бетін үлкен қабықпен жауып, оттектің алмасуын қиындатады. Үй тұрмысында және өнеркөсіпте өте көп мөлшерде қолданылатын синтетикалық детергенттер деп аталатын жууға қолданылатын заттардың әсері де мұнай қалдықтарымен бір бағыттас.
Сондай-ақ ол судың оттек бойына сіңіру қабілетін төмендетеді және органикалық заттары ыдырататын бактерияларды құртып, балықтарды улайды. Өңдеу кезінде бөлінетін басқа да өнеркәсіп қалдықтары, мысалы, мырыш, мыс, қорғасынның әр түрлі тұздары мен көмірді кокестеу кезінде пайда болатын фенол, цианидтер негіз ретінде әсер етеді. Енді біреулері (қыш-қылдар мен негіздер) судың электролиттік қасиетімен пайдалы және зиянды микроорганизм-дердің ара қатынасын өзгертеді. Бұл заттардың қайсысы болса да суда бұрын болмаған (немесе аз мөлшерде ғана кездесетін) бейтаныс қосындылар. Сондықтан да олардың ыдырауы суда өмір сүретін организмдерге қауіпті.
Суға түскен органикалық заттардың ыдырауы ең алдымен аэробтық (оттекпен тыныс алатын) микроорганизмдердің қаты-суымен жүреді. Бұл ретте көбіне зиянсыз қарапайым заттар тү-зіледі. Әрине бұл процесс органикалық қоспалар белгілі мөлшерде түскенде ғана қалыпты жүретіні белгілі.
Суды ластайтын заттардың көлемі артқан сайын оны ыдыратуға өтс көп мөлшерде оттек жұмсалады. Бұл оттектің судағы концентрациясын азайтады және сондай-ақ, ыдырау процесін оттексіз жүргізетін анаэробтық микроорганизмдердің санының артуына жағдай жасайды. Бүл жағдайда түзілетін заттардың сапасы бөлек. Онда метан, аминдер, күкірт және фосфор улы қосындылары пайда болып, су саси бастайды. Оттектің азаюы мен улы қосындылардың көбеюі бірінші кезекте балықтардың қырылуына, онан кейін су өсімдіктердің силеуіне әкеп соғады. Сөйтіп, бұл тіршілік ортасы су біртіндеп кедейленеді.
Ең ақырында судың ластануының зардаптарын адамның өзі және оның шаруашылық қажеттері тартады. Әзірде тұщы су қорының басты көзі өзен болып есептеледі. Ал оларды органикалық және минералдық қоспалардан тазарту өте қиын және қымбатқа түсетін іс. Осы ретте адамның денсаулығына келетін қауіп мөлшері үлкен. Себебі ең соңғы техникалық жетістіктерге негізделген тазарту системалары да суда кездесетін кейбір зат-тардан толықтай тазартады деп айту қиын.
Судың ластануы өнеркәсіп салаларына да үлкен зиян келтіреді. Онда кейбір химиялық заттардың көп болуы суды сүзу қондырмаларына, химия, қағаз жасау және тамақ өнеркәсіптеріне пайдалануға жарамсыз етеді. Сондықтан да мұндай сулар алдымен қосымша өндеуден өтіп, өнеркәсіпке пайдаланылады да, артынан оған тағы да бірнеше улы заттар (жаңа технология негізінде) қосылып, өзенге жіберіледі.
Тұщы судың ластануы қоғам алдында тұрған үлкен проблема. Оның зардаптарының тіршілік үшін және адамның өз денсаулығы үшін қаншама ауыр жүк екенін түсіндірудің қажеті жоқ. Сондықтан да қазірде барлық елдерде суды тазарту мәсслесі бірінші басты проблема ретінде саналады. Ал қазақ жеріндегі суларды тазарту проблемасы зор роль атқарады.
Өнеркәсіп қалдықтарымен теңіз сулары да қатты ластануда: негізінен алғанда ол әр түрлі қалдықтарды көметін орынға айналған. Әрине, теңізге түсетін заттардың көлемінен теңіздердің көлемі әлде неше есе артық, онда жүретін физикалық және биохимиялық процестердің нәтижесінде бұл заттар тез арада зиянсыз қалыпқа өзгереді деп айта алмаймыз. Бірақ кейбір теңіз аймақтарының, әсіресе, құрлық жағалауларының қайта ластануы үлкеи зиян келтіретіні белгілі.
Мысалы, Солтүстік Америка мен Европаның әйгілі жаға-жайлары (пляждары) жағалауға жақын орналасқан қалалардың қоқсықтармен ластанатыны белгілі болды.
Теңіз суларының ластануы сонымен бірге суда тіршілік ететін организмдердің ара қатнастарын бұзып, зиянды түрлердің көбеюіне жол ашады. Өзеннің құйылар ағысында улы заттардың артуы тұщы суға уылдырық шашуға шығатын балықтардың көтерілуіне кедергі жасайды.
Егер басқа химиялык заттар теңіз суларында біраздан кейін тазаланады деуге болады, ал басқа қалдықтардын, биологиялық жолмен тазалануы мүмкін емес. Өйткені ластанған суларға қосындыларды ыдырататын микроорганизмдер қырылып қалады. Жоғарыда ескерткендей мұнай су бетін үлпек қабықпсн жауып, ауа жібермейді және өте жай ыдырайды. Осы себепті ол барлық мемлекеттерді де ойландыратын ірі мәселеге айналды. Осы уақытта сол үшін танкерлерді жууға жуындыны жағалаудан 50 миль жақынға тегуге тиім салынған. Әйтседе, жағалаулардың ластануы жылдан-жылға артып келсді, себебі мұнай көбіршіктері әдетте толқындармен жағалауға жиналады және кейінгі уақытта мұнай тасымалдау қисапсыз көп мөлшерде өсіп кетті.
Теңіз суларын мұнай қалдықтарымен ластауда негізгі рөлді танкерлер атқарады. Қалдықтар суға кеме резервуарларын жуғанда немесе олар апатқа ұшырағанда қүйылады, әсіресе, ірі танкерлердан күйреуі аса қауіпті. Бұл уақытта суға 200—300 мың тоннадай мұнай өнімдері теңіз суларына ақтарылып, орасан зор алқапқа жайылады. Оның әсері барлық тірі организмдерге бірден қауіпті.
Мұнай қалдықтарынан әсіресе құстар ауыр зардап шегеді. Мұнаймен ластанған суға қонғанда, олардың қауырсындары майланып, жылу ұстайтын және су жұқтырмайтын қасиетін жоғалтады. Осының нәтижесінде тері астына қан үийды да өліп қалады, Судың мұнай мен ластануынан жылына қаншама құстар қырьшатынын есептеп шығу мүмкін емес. Себебі, олардын көбі ашық теңіздердің үстінде қырылып қалады. Мұның қаншалықты қауіпті екенін мынадан көруге болады. Мысалы, 1996 жылы Ньюфаулендте әрбір миль жағалауда 464 каир өліктері табылған. Егер бұл санға осы себептен өлген тағы басқа он бір түрлі құстардың өліктерін қоса есептесе, бұл шама тағы да бірнеше есе өскен болар еді. Осындай жағдай Атлантика мұхтының екі жағалауында жиі кездеседі, себебі оны көптеген құстар қыста қоныс етеді. Теңіз суының мұнай қалдықтарьшен ластануы суда өмір сүретін сүтқоректілерге де үлкен әсср еді. әсіресе, бұл теңіз қамшатының өміріне тікелей қатынасты. Бұл аңның терісі дүние жүзінде жоғары бағаланады. Біздің қазақ жеріңде бұл аң көп мөлшерде кездеседі. Бірақ оны қалай болса, солай аулауға тиым салынған.
Су бетін үлпек жұқа көбікшемен жабатын мұнай қалдықтары микроорганизмдер мен кішірек жәндіктердің де тіршілік негізін, күрт өзгертіп жібереді. Олар түгелдей қырылып қалады.
Теңіз суының мұнай қалдықтары мен былғануы адамға да тікелей қауіпті. Мысалы, осы уақытта асқа пайдаланылатын устрица және моллюскалар денелеріндс рак ауруын туғызатын бензприн сияқты улы заттар жиналатыны белгілі болып отыр. Бұл заттың моллюскалар денесіне қалай жиналатыны туралы биология ғылымдарында белгілі ғылыми деректер осы күнге дейін жоқ.
Бірақ, жорамал ретінде оның моллюскалардың денесіне бензприннің жиналу себебі қоректік заттар арқылы келуі мүмкін. Мысалы, су түбіндегі тұнбада мұнай қалдықтарынан пайда болған көптеген қосылыстар бар екені анықталып отыр. Олармен моллюскалар қоректенуі мүмкін.
Мұнай қалдықтарының зиянды әрекеттерін болдырмайтын қандай шаралар бар? 1954 жылы Лондонда кемелерді жуған суды шектелген жерден тыс төгуге тиым салған халықаралық келісім шарт жасалынады.
Теңіздегі тіршілік иелерінің байырғы қатынасын сақтаудың басты шарты теңізге ешқандай мұнай жуындыларын төкпеу ғана болуы мүмкін.



Топ жетекшісі: Сисенова Зинат Нурлановна
















Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 20.09.2015
Раздел Классному руководителю
Подраздел Презентации
Просмотров374
Номер материала ДA-053746
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх